БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Туған жер Сенде аштым алғаш дүние есігін, Сен деп білем табиғаттың бесігін. Сенің әсем сұлулығың ғаламда Шақырады «мен мұндалап» осы күн. Мақтан тұтам туған... БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Туған жер

Сенде аштым алғаш дүние есігін,
Сен деп білем табиғаттың бесігін.
Сенің әсем сұлулығың ғаламда
Шақырады «мен мұндалап» осы күн.

Мақтан тұтам туған жерім киелім,
Теңізіңді тау-тасыңды сүйемін.
Алыс кетсем сағынамын өзіңді,
Ғажабыңа мың басымды иемін.

Мұнайлы ауданы
№11 орта мектептің
4 «А» сынып оқушысы
Сариева Шамсиқамар
Жетекшісі: Т.Бустанова
Әке

Әкешім менің асқар тау
Әкеме жетпес ешбір тау.
Әкешім менің ақылшым
Қарқоршым әркез қорғаным.

Әкешімнің ақылы
Ой санамда жатталған.
Шексіз ғой оның мейірімі
Көңілімде сақталған.

Әкеме ұқсап өсемін,
Ер жігіттік қасиетпен.
Мықты азаматы боламын
Қазақ деген халықтың.

Мұнайлы ауданы
№11 орта мектептің
2 «Ә» сынып оқушысы
Есенгали Керемет
Сынып жетекшісі: Муханова Л.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *