Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының туындылары
13.03.2019 0 3 081
Ана
Анашым анам, аяулы анам,
Жүрек үнің соғады күнім деген.
Таңшуағы атқандай,
Анамен бірге батқандай.
Мөлдірдей көздерің,
мөлдірдей сөздерің,
Анашым ана, аяулы анам,
жан анам.
4 «Г» сынып оқушысы
Қалибай Жансауле Бағдатқызы
АНА
Анашым менің анашым,
Өсіріп, бағып-қағасың.
Бала тілін түсініп,
Бәріне қамқор боласың.
Сізді құрметтеп, сыйлаймын,
Әрқашан ұғып, тыңдаймын.
Бұзықтықты жасамай,
Жақсы қадам жасаймын.
4«Г» сынып оқушысы – Секен Дана
Менің ауылым
Менің ауылым Қаражоқы.Табиғатын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Кең жазық даласына қарасаң көз тоймайды. Әсіресе, кешке таман өрістен қайтқан малдардың яғни сиырдың, қойдың үнін естісең ғажайып сезімде боласың. Балалар кең жазыққа жиналып ойын ойнаймыз. Ойынның арқасында кештің қалай батып кеткенін де білмей қаламыз. Кім ауылды жақсы көрмейді дейсің?! Әжем таңмен таласа тұрып маған сүт пісіріп береді. Сүт ,айран, ірімшік,құрт секілді тағамдар адамға пайдалы дейді. Ауылымды, ата- әжемді сағындым. Тезірек ауылға барғым келеді. Бірақ сабақтан да қалуға болмайды. Мен ауылымды жақсы көремін.
4«Е» сынып оқушысы – Бейсенбек Марғұла Исалықызы
Ұстазым
Менің ұстазым өте мейірімді жан. Көзінен күннің нұрындай сәуле шашылып тұрады. Әрқашан көңілді жүреді. Ішкі жан дүниесі сондай тамаша. Бізге өте жоғары дәрежедегі жаңа үрдістегі білім береді. Маған және менің сыныптастарыма деген қамқорлығы, бізге деген сенімі бәрімізге күш, қуат береді. Осы күнге дейінгі жеткен жетістіктерім алғашқы ұстазымның арқасында деп айта аламын.Мен әрқашанда ұстазымның бойынан ата- анасынан дарыған сыпайылықты, тәрбиені ,ізеттілікті көремін. Сол үшін де ұстазымды дүниеге алып келген тәрбие берген ата- анасына алғыс білдіремін.
4«Е» сынып оқушысы — Кожекова Альбина Абайқызы
Менің әкем
Менің әкемнің аты-Жігер. Ол-әлемдегі ең керемет әке.Әкем ақкөңіл, жүрегі кең,өзі жомарт адам.Мен әкемді ерекше жақсы көремін.Менің бүгінгі күнім мен болашағым үшін аянбай еңбек етіп,отбасын асырап жүр. Кез-келген мәселені ақылмен айтып,қолдау көрсетіп отырады. Мені «Ботам», «Гүлім» деп еркелетеді. Мен әкеммен мақтанамын.Себебі, ол жаман әдеттерге жоламайды. Денсаулығына көп көңіл бөледі.
Көбінесе спортпен шұғылданады.Мен әкемнің ұзақ жасап,балаларының қызығын көрсе екен деп тілеймін. Әкеме төмендегі өлең жолдарын арнаймын.
Әкешім асқар тауым тірегім,
Сен менің екінші бір жүрегім.
Өмірдің мәнін үйреткен,
Ақылшым,қамқор тілекшім.
2 «Л» сынып оқушысы Әнуарова Медина Жігерқызы
Сынып жетекшісі: Батырханова Самал Куанышбаевна
Отан
Отаным Қазақстан!
Сенде туып,
Сенде өскен мен бір балаң.
Кіндік қаным тамған жер,
Отаным мәңгі жасай бер!
Атам менің айтушы еді,
«Отан оттан ыстық»-деп.
Әр сөздерін атамның,
Санама түйіп алдым көп.
Мен де батыр боламын!
Білімім тасып толамын.
Білекпен емес жүрекпен,
Ақылмен жеңіп аламын.
3 «Ж»сынып оқушысы
Сұлтан Рашид
Сынып жетекшісі:
Турсынбекова Гулжанат
Отан
Отан менің жүрегім,
Арқа сүйер тірегім.
Білімімді шыңдаймын,
Жадырап жайнап жүремін.
Туған ел
Туған елім-гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Осы күнге жеткізген,
Халқыма бас иемін!
3 «Ж»сынып оқушысы
Жұман Кәусар
Сынып жетекшісі:
Турсынбекова Гулжанат
Менің Отаным
Менің Отаным – Қазақстан. Мен Қазақстанда туылып, өсіп жатқанымды мақтан етемін. Қазақстанның жері кең, қазба байлығы мол, қалалары өте әсем, көрікті. Сонымен бірге, менің елімнің, шет мемлекеттерден келген қонақтарды тамсандырататын өлкелері көп. Осы өлкелердің сұлулығы келген адамдарды сүйсіндірмей, таңқалдырмай қоймайды.
«Алакөл», «Көлсай», «Әнші құм», «Бозжыра», «Шарын шатқалы», «Жасыбай көлі», «Шерқала тауы» өте керемет жерлер. Бұл жерлер өз табиғатымен өте ерекшеленеді.
Мен елімнің әсем табиғатымен мақтанамын және өз Отанымның патриоты боламын.
4 «М» сыныбының оқушысы –
Қалмурза Медеу
Қасқыр мен қоян
Ертеде аңдар мен құстар өзара сөйлесе алатын заманда қасқыр мен қоян көрші тұрыпты.Күндердің бір күнінде қасқыр қартайып сырқаттанып қалыпты. Үйінде тіске басар азығы да қалмапты. Үйіне де қарауға қауқары болмаған соң үйі тозып құлауға айналыпты. Қоян көршісіне жаны ашып, қасқырды өзінің жылы үйіне қонаққа шақырады.Оған дәмді тағамдар әзірлеп береді.Бірнеше күн қоянның үйінде жатып, әл жинап, күшіне енген қасқыр зұлымдықпен қоянды қуып шығады. Жазықсыз қоян жылай-жылай әр бұтаның түбінде қысты өткізеді.Күн жылыған соң өзіне жаңа үй жасап алады.Күндер өте береді.Келесі жылдың көктемі де келіп жетеді.Қасқыр тұрып жатқан үйді су басып қалады. Далада қалған қасқыр әбден тоңады. Маңындағы көршілері қасқырды үйлеріне кіргізбейді. Амалы құрып қайтадан баяғы қоян көршісіне келеді.
— Қоянжан, мен саған опасыздық жасаған екенмін, кешірші мені үйіңе кіргізші, енді олай опасыздық жасамаймын — деп жылайды.
— Қоян: кешіремін, тек үйіме енді кірмейсің — деп қасқырды кіргізбей қояды. Сол заманнан бері қасқыр қоянды көрсе ашуға булығып қуа жөнелетін болыпты.
2 «А» сынып оқушысы — Ғабидинұлы Бейбарыс
Мен бақытты баламын
Бақыт әр адамда болады. Мысалы, мен бақыттымын. Себебі: менің әкемде, анамда бар. Онымен қоса менің денім сау, қол-аяғым аман.»Бақытты адам» — деп бай адамдарды айтпайды, бақытты адам деп денсаулығы бар, отбасы бүтін адамды айтады. Менің анам маған үнемі айтады: «Бақыт деген байлық емес, бақыт деген денсаулық, ата-анаң, туған бауырларың және өзіңнің туып өскен жерің» — дейді. Менің ең бірінші бақытым денсаулығым, екінші бақытым ата-анам, үшінші бақытым туып өскен жерім, елім және мақтаныштарым, қамқоршыларым екі әпкем. Мен бақыттымын өйткені, мен жарық дүниені көремін, жақсы сөздерді естіп, оқып, көріп білімімді шыңдаудамын. Екі қолыммен еңбектенудемін, өз аяғыммен жүріп баратын жерлерге барудамын.
Мен бақыттымын, өйткені мен Тәуелсіз елде, Тәуелсіз мемлекетте тіршілік етудемін. Менің елімнің туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Туған елімнің табиғаты тамаша, көркем! Біз өз елімізде бақытты өмір сүрудеміз. Ақындар жырлағандай менің бақытым тілім, өз ана тіліңде сөйлеу, білім алу қандай бақыт? Сонымен қатар менің бақытым — Отаным. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» — дегендей өз жеріңнің топырағы да, суы да, құсы да, тіпті қыбырлаған жәндігі де саған бақыт сыйлайды.
2 «М» сынып оқушысы – Дәулетхан Нұрбол
Менің Отаным – Қазақстан
Мен елімді және Елбасын жақсы көремін. Мен өз елімді сүйемін. Өзім Алматы қаласында тұрамын. Қазақстанның елордасы – Астана қаласы. Қазақстанда көптеген пайдалы қазба байлықтарымыз бар.Қазақстан елінің табиғаты өте сұлу,әрі ауасы таза. Мектепте үздік оқып, болашақта дәрігер болуды армандаймын. Мен өз Отанымды әрдайым мақтан тұтамын.
2 «Н» сынып оқушысы
Қалимұрат Медина Серікжанқызы
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын,
Күнде мектепке барамын.
Ұстаздарды тыңдаумен,
Оқуымды оқимын,
жетістікке жетемін.
Мен бақытты баламын,
Күнде мектепке барамын.
Таңертең ерте тұрып ап,
Тәңірге алғыс айтамын.
Жерім менің құт мекен,
Елім менің ән екен.
Әкем-анам бар менің,
Мен бақытты бала екем.
Мен бақытты баламын,
Бақытты өмір сүремін.
Мектебім, ұстаз, жанұям,
Бәрімен бірге боламын.
3 «В» сынып оқушысы
Бекназар Рамина Алимжанқызы
Әсем апайыма
Әсем апай жаны нұрдан жаралған,
Білімінен барлық шәкірт нәр алған.
Құтты болсын Әсем апай туған күніңіз!
Орындалсын барлық тілек арманыңыз.
Атағыңыз асқақ жансыз білеміз,
Еңбегіңізге әрдайым бас иеміз.
Ұлы-ұстаз ,алтын ұстаз бүгінде,
Ұзақ – ғұмыр зор денсаулық тілейміз!
Басқан ізі бақыт болған жанына,
Біткен жансыз қазағымның бағына.
Қуанамыз, шаттанамыз, мақтанып,
Сіздей ғажап алтын адам барына.
Жыр сыйлайық нұр сыйлайық жүрекпен,
Ұстаз жансың ұрпағымен мың еткен.
21 – жас мерей той құтты болсын!
Құттықтаймыз ақ тілек,ақ ниетпен!
2 «Н» сынып оқушысы
Қалижан Мерей Төлегенқызы
Алтын ұя мектебім
Әрбір бала алғаш сауатын ашып, біліммен сусындайтын жер ол – мектеп. Әрине, мен де мектеп табалдырығын аттап, бүгінгі күнде білім алып жатырмын. Менің мектебім жалпы білім беретін мектеп болса да, білімі мен талабы өте мықты. Біздің ұстаздарымыз білімді де білікті өз жұмыстарына тиянақты қарайды. Ұстаздарымыздың білімділігінің арқасында мектебіміздің оқушылары әртүрлі олимпиядалардан жүлделі орындар алуда. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп бекер айтылмағанын осыдан байқауға болады. Ұстаздарымыздың арқасында оқушыларымыз әлі талай жетістіктермен қуантатындығына кәміл сенемін. Еліміздің болашағы біздің қолымызда екенін ұмытпайық!
3 «В» сынып оқушысы
Нұртай Аяна Талғатқызы
Менің сыныбым
Бізге оқулықты алғаш ұстатып, әріптерді танытып, оқытып, жазуды, есеп шығаруды үйреткен алғашқы ұстазымыз — Айгүл Бәзілбайқызы.
Ұстазымыздың сөйлеу мәнері, сабақ берудегі әдіс-тәсілдері, бізге сапалы білім алуға саналы шәкірт болуда қосқан үлесі орасан зор.
Біздің сыныпта 28 оқушы бар. Сынып оқушылары талапты. Бәрі бір-бірімен тату, ұйымшыл. Мен өз сыныбыммен мақтанамын. Сынып жетекшіміз Айгүл апайымызда үнемі бізді мақтайды және бізбен мақтанады.
2 «А» сынып оқушысы
Тұрар Хадиша Ғалымжанқызы
Қыс
Қыс келді. Күн суытты. Кеш ерте бата бастады. Айнала аппақ қар. Ағаштарды да, үйдің төбесін де, айналаны да қар басып тұр. Балалар аулада қар атысып, шанамен сырғанап ойнап жүр. Бәрі қалың киім киген. Олар қардан аққала жасады. Қыс мезгілі тамаша. Қыста жаңа жыл мерекесі болады. Үйде шыршаны сәндеп, Аяз атаны күтеміз. Маған қыс мезгілі қатты ұнайды.
Рахманбек Іңкәр Мурагерқызы
Қүз
Аяулы күз, алтын күз! Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге «Берекелі күз», «Алтын күз» деп баға берген. Кеше біз мектепте «Алтын күз» мерекесін тойладық. Күз мезгілі әрдайым берекелі, ырысты болсын. Берекелі, жомарт алтын күзді, біз әрқашан мақтан тұтамыз.
Мирас Алтынбекұлы
Тамаша қыс!
Қыс – жылдың еңтамаша мезгілі. Жердің бәрі аппақ қар. Ағаштар да аппақ. Сықыр-лаған аяз. Өзенді, көлді мұз қаптаған. Таңертең терезеге қарасаң қыраусалған әдемі суреттерді көресің. Қыста орманның да көрінісі ерекше әдемі. Шыршалар аппақ ұзын тон киген. Аппақ қардан жануарлардың да ізін де көруге болады. Аюлар қыс бойы ұйықтап жатады. Ал қояндар болса, түстерін ақшыл сұр түске өзгертіп алған. Қыста балаларға қызық көп. Шанамен сырғанау, шаңғы тебу, аққала жасау, қардан қорғандар тұрғызу, қар атысу сияқты ойындар ойнаймыз. Қыста мезгілінде мерекелер де көп. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік» мерекесі, «Тұңғыш Президент» күні, және «Жаңа жыл» мерекесі.
Тұрсыналы Ерали Бекзатұлы
Алғашқы ұстазым!
Білікті білімді ұстазым,
Өтеді өзіңмен қыс, жазым!
Қаламды ұстатып, әріпті үйреттің,
Ешқашан біздерге ұрыспай!
Ұстаздың ақылын тыңдаймын.
Ешқашан тәртіпті бұзбаймын!
Білікті білімді боламын,
Ұстазым өзіне ұқсаймын!
Аяулым Жанатқызы
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.