«Абайды оқы ерінбе»
13.03.2019 0 1 462
Еңбекшіқазақ ауданы, Байтерек ауылы, Әл-Фараби атындағы мектептің
4 «Ә» сынып оқушысы – Аббасова Арайлым. Ұстазы – Есеева Ұлмекен
Ұстазымның осы бір сөзі есімнен шықпайды: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы Абай туралы айтқан сөзі «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтыңеңқасиеттіқазынасы» – дегені. Мен көп ойланып, Абай кітаптарын оқу арқылы мүлде жаңа әлемге енгендей болдым. Абай – халықтың ұлы ұстазы, тәрбиешісі. Әр сөзі ақыл мен нақылға, мақал мен мәтелге толы екен. Біз сыныпта Абай өлеңдерін жаттап, оның әрбір сөздеріне тоқталатын болсақ «Сен де біркірпішдүниеге: кетігін тап та, бар қалан» бұл өлең жолдарында өмірге, білімге және мамандықты адаспай таңдауға айтылған. Абай шығармалары біз өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесіне, олардың еңбекшіл талапшыл, білімді, отансүйгіш, болып өсуіне айрықша көмектеседі. Адамның жан дүниесін байытады. Абай шығармалары жас ұрпақтардың талантын, дарынын ашады. Абайдың шығармаларын ерінбей ізденіп оқуға шақырамын.
Ана
Анашым анам, аяулы анам,
Жүрек үнің соғады күнім деген.
Таңшуағы атқандай,
Анамен бірге батқандай.
Мөлдірдей көздерің,
мөлдірдей сөздерің,
Анашым ана, аяулы анам,
жан анам.
4 «Г» сынып оқушысы
Қалибай Жансауле Бағдатқызы
Aна
Анашым менің анашым,
Өсіріп, бағып-қағасың.
Бала тілін түсініп,
Бәріне қамқор боласың.
Сізді құрметтеп, сыйлаймын,
Әрқашан ұғып, тыңдаймын.
Бұзықтықты жасамай,
Жақсы қадам жасаймын.
4«Г» сынып оқушысы – Секен Дана
Менің ауылым
Менің ауылым Қаражоқы.Табиғатын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Кең жазық даласына қарасаң көз тоймайды. Әсіресе, кешке таман өрістен қайтқан малдардың яғни сиырдың, қойдың үнін естісең ғажайып сезімде боласың. Балалар кең жазыққа жиналып ойын ойнаймыз. Ойынның арқасында кештің қалай батып кеткенін де білмей қаламыз. Кім ауылды жақсы көрмейді дейсің?! Әжем таңмен таласа тұрып маған сүт пісіріп береді. Сүт ,айран, ірімшік,құрт секілді тағамдар адамға пайдалы дейді. Ауылымды, ата- әжемді сағындым. Тезірек ауылға барғым келеді. Бірақ сабақтан да қалуға болмайды. Мен ауылымды жақсы көремін.
4«Е» сынып оқушысы – Бейсенбек Марғұла Исалықызы
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.