БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
24.03.2022 0 5 662
Нұрсұлу ӘЛҚОЖАЕВА,
педагогика ғылымдарының кандидаты,
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2017» атағының иегері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында: «Жеке адамның шығармашылық, рухани дене мүмкіндіктерін дамыту адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасауы арқылы интеллектілігін байыту- қазіргі білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі»,- делінген. Соңғы жылдары білім беруді жаңаландырудың негізгі тенденциялары оқытудың гуманизация, гуманитаризация, демократизация, децентрализация, дифференциация, индивидуализациясымен сипатталады.
Білім берудің ұлттық моделінің қалыптасу мен бекітілу процесі белсенді жүруде, оның негізгі идеясы – ұлттық-мәдени негізде тұлға мен қоғам талабына сай өзін-өзі дамытуға қабілетті білім беру мен тәрбие жүйесін құру.
Әрине екеуін бір-бірінен жекелеп бөліп алмағанымызбен тәрбие процесі жекелеген іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады. Жұмыстың мазмүнына сай жоғары мектептегі студент жастардың бойында рухани-адамгершілік қа-сиеттерін сіңіруге бағытталған іс-шараларды қарастырылды.
Елімізде жүріп жатқан терең әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер адамдардың бір-біріне деген көзқарасын өзгертіп, келеңсіз жағдайлардын өрбуіне, рухани қүндылықтардың төмендеуіне әкеп соқтырады. Ал ол өз кезегінде жас ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізуді талап етеді. Бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізу үшін жаңа Қазақстан құру жағдайында рухани және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың маңызы зор. Мемлекетіміз тәуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап, әлемнің бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру үшін жаңа Қазақстан құрудың дербес жолын таңдап алды. Еліміз әлемдік қауымдастыққа зор құрметпен, беделмен кіруі үшін ұрпақ тәрбиесін әрқашанда назардан тыс қалдырмауымыз керек. Себебі, бүгінгі балалар еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті, жаңа уақыттың өктем талаптарына үн қоса алатын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ал ұрпақты тәрбиелеу үшін бәсекеге қабілеттілік шартын анықтау қажет.
Жас ұрпақ тәрбиесі мен әлемдік қауымдастық қойып отырған талаптар арасында және жастардың өзіндік мотивтерінің арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Аталған қайшылықты шешу үшін рухани құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие процесін құруды қажет етеді. Рухани құндылықтар тұлғаның даму өзегі болып табылады. Сонымен катар рухани құндылықтар адамның өмірдегі өз орнын табуға және рухани әлемінің дамуына себепші болатын, тұлғаның жетіле түсуін қамтамасыз ететін, дүниенің күрделі құрылымын түсіндіретін рухани даму өзектері, идеалдары, сонымен бірге адам мен әлеуметтік топтардың тэртібі мен іс-әрекетін қадағалайтын нормативті жүйе болып табылады.
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекқор, иманды азамат тәрбиелеуді азаматтық ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпактын санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Педагогика ғылымында тәрбиені бірнеше бағытқа бөледі, олар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, зерде мәдениеті, рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты, экономикалық, экологиялық талғам, этикалық және отбасындағы мәдениеті дейді. Өзіміз байқағанымыздай, жо-ғарыда аталған тәрбие жүйесімен көптеген ұрпақ тәрбиеленіп келеді. Бірақ бұл тәрбие түрлерінің қарқынды жүргізілетініне қарамастан-ақ жолдан, адал жолдан адасып, азғындаушылыққа ұшырап, жастарымыздың бұзылуы неліктен?
Тұрақсыздық көрсетіп мұз үстінде тұрғандай өмір жолында «тайғанақтап құлап жататыны» қалай? Бұл сұрақтардың жауабы біреу-ақ, ол: рухани тәрбиенің, рухани құндылықтар мен мәдениеттің, ұлттық идеяның жетіспеушілігінен. Жалпы әлемдегі білім берудің даму тенденциясы негізгі төрт жағдайды негізге ала отырып, дамуы тиіс:
— білім берудің қазіргі жағдайын саралау;
— білім беру дамудың алғышартына айналуы;
— оқу-тәрбие ісіне қолдау көрсету;
— ал бұл үшін инновациялық әдісті кеңінен қолдану.
Яғни, парадигмалық өзгерістерге сәйкес оқыту түрін, мазмұнын өзгерту. Бұл тұрғыда оқыту дәстүрлі түрден, инновациялық оқыту әдісіне ауысуы тиіс. Инновациялық әдістер қатарына ең алдымен, белсенді оқыту әдістерін жатқызамыз. Инновация ұғымы жаңашылдық дегенді білдіреді. Инновацияны абсолюттік 99 және ендірудегі инновация деп, екі түрге бөліп қарастыруға болады. Абсолюттік инновация бұл әлемде бірінші рет өндіріліп, қолданысқа ену болса, ендіру жасалған жаңалықты өз базасына, менталитетіне сай пайдалану. Мысалы, біз кредиттік технологияны (1868 жылы Ч.Элиот негізін қалаған) өзіндік тұрғыдан қолданысқа, яғни білім саласына ендірдік. Ал, абсолюттік инновация туралы ойлануымыз қажет.
Бүгінгі таңда абсолюттік инновацияны Жапония, Германия, АҚШ және т.б. мемлекеттер жүзеге асыруда. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, білім алушы білімді дайын күйінде оқытушы түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрлі өнімдер жасауы керек.
Нәтижесінде оқушының дүние-танымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады. Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер белсенді (интерактивті) деп аталып жүр. Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интерактив — ағылшынның «өзара әрекет» деген сөзінен шыққан. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негіз-деле отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын канағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Белсенді оқыту әдістері дэстүрлі оқыту әдістерінен оқу процесінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.
Дегенмен, белсенді оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады. Белсенді оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптары есепке алынып, алғышарттары қанағаттандырылғаны абзал.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, белсенді окытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінін ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Белсенді окытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқу-шылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының юо жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қа-лыптасуын айтуға болады.
Жалпы алғанда, белсенді оқытудың басты шарттары ынтымақтастық пен бәсекелестік. Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:
-дайын білімді қабылдап алу;
-зерттеу барысында жаңалық ашу;
-әртүрлі жағдайда әсерді сезіну;
-синтез арқылы өнім құрастыру немесе өнім жасау.
Белсенді оқыту әдістері оқушыларға рөлдік ойындар арқылы әртүрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әртүрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен, түрлі жағдаяттар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік туындайды.Топтың сандық құрамы оқыту немесе өзара әрекеттестіктің сапасын анықтамайды. «Өзара әрекеттестік» әдісінің өзекті ерекшелігі — ол ашу процесін білдіреді, оның мәні – оқушылардың оқыту дағдыларын өзара әрекеттестік арқылы меңгеруі.
Ең бастысы, мұнда мәселені шешу процесі жауапқа қарағанда маңызды екендігін түсіну қажет. Бұл белсенді әдістің мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту екендігімен байланысты. Белсенді оқыту әдістерін қолданатын мұғалімдер тек ақпарат беретін және өздерінің қатысуынсыз берілген тапсырмаларды білім алушылардың есте сақтауы нашар болады, олар құрдастарының идеяларын пайдалана алмайды деп есептейді. Зерттеулердің «біз қолымызбен істегеннің 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естігеніміздің 10 пайызын ғана есте сақтаймыз»,- деген қорытынды жиі естіледі. Ал тәжірибе — соның дәлелі. Атпен шабу дағдысын меңгеру үшін, оны капай жасау керектігін біреудің түсіндіргені немесе оны кітаптан оқып алу әлі жеткіліксіз. Ол үшін шындығында атқа мініп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебі, іскерлікті практика жүзінде дамыта отырып, біз білгенімізді қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз. Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу. «Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты», дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқыпүйренуге бағытталуы керек. Оқушылардан, шешу үшін кейбір нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелерді неге беретіндігін сұрағанда, олар:
— өзіне деген сенімге тәрбиелейді;
— шешендік өнерін жетілдіреді;
-танымның мәнін түсінуге көмектеседі (яғни, кейде абсолютті шындық болмайтынын);
— сыни ойлау дағдыларын дамытады;
— өз пікіріне деген құқығын түйсінуі артады;
— пікірлердің көптігін түсінесің және т.б. деп жауап берген. Жоғарыда аталғандарды «үйрене білу» деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене білу — қажетті дағды, өйткені ол интеллектуалды тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегі азаматтар үшін қажет. Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты білім алушылардың да екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың дербестігін құраса, екіншісі белсенділігін арттырады. Өзара әрекеттесуге бағытталған процесс барысында бала өзі жасап жатқан ісінің мәніне енеді. Білім алушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсенділік деңгейі жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезінде танымдық белсенділік деңгейі күрт артады. Өзара әрекеттесу процесінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. Өйткені, топтағы білім алушылардың белгілі бір салада ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын.
Танымдық іскерлікті қажетті интеллектуалды дағдылар деңгейіне қарай жіктеуге болады. Тиімді оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегі іскерліктерін практикада қолдануды көздейді, олар:
— фактілерді есте сақтау (аса көп күшті қажет етпейді);
— құбылыстардың мәні мен маңызын түсіну;
— білімдерді дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;
— талдау (бір нәрсені құрамдас бөліктерге бөлу);
— синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшін топтастыру);
— бағалау (бір нәрсенің сапасы туралы пікір бөлісу). Қоғамның дамуы осы аталған іскерліктердің барлығының болуын талап етеді, дегенмен, білімдерді қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.
Қазіргі кезде біздің республикамызда барлық оқу жүйесінің өзгеруі сияқты маңызды мәселелер болып жатыр. ЖОО-ның білім үлгілері біздің өміріміздің қазіргі аспектілерімен тығыз байланыста, өркендеу процестері болып табылады. Алға тартушы тұжырымдамалардың пайда болуы еліміздегі кең таралған тәжірибелер мен білім нарығындағы көшбасшы білім қызметкерімен (АҚШ және Ұлыбритания) танысу. Бұл базада Қазақстандық ұлттық білім беру үлгісінде болашақ нарық экономикасы шарттары ЖОО бітіруші маманына бағытталады, маман алған білімінің тиімділігі бұл экономикаға және геополитикалық шарттарды өз мамандығының жаңа талап шарттарымен бейімдеу. Әрине болашақ маман болып қалыптасу жоғары оқу орны аудиториясында қалыптасады, одан болашак түлектің біліктілік деңгейі анықталады.
Дәстүрлі әдіс студент пен оқытушы арасындағы қарым-қатынасты ұсынады, оқытушы студенттің оқу кызметіне үнемі бақылау жасып отыруы, оқу материалын студенттерге дұрыс меңгертуі керек. Бір сөзбен айтқанда, сабақтың нәтижелілігі оқытушыға байланысты. Дәрістегі оқу материалдарын меңгерту арқылы оқытушы білім алушыларды қосымша ізденіске үйретеді, яғни оқытушы оқу материалын қайта қарап әдістемелік қызмет атқарады. Білім меңгертуге бақылау жасау, бұл оқытудың дерективті түрі болып есептелінеді. Дерективті оқытуда білім деңгейі оқу процесінің мазмұнын ұйымдастыра отырып ақпарат беру үлгісінде жүзеге асады. Бір жақты диалог орнап, ақпараттың көпшілігі оқытушы тарапынан беріледі. Яғни, жаңа ақпараттық және педагогикалық технология негізінде оқыту әдістерін өзгертуге мүмкіндік бар.
Оқытушы рөлін білімді беруші ғана емес, студенттердің өзіндік жеке шығармашылық жұмысының ұйымдастырушы ретінде де көруге болады. Оқытудың интерактивті үлгісі берілген ақпаратты түсіндіруге қол жеткізуге бағытталған. Осы аталған оқыту үлгілерінің ыңғайлы және қолайсыз жақтары бар. Директивті оқыту үлгілерінің негізгі критерийлері нақтылы қорытынды бақылау, сабақтан тыс уақыттағы өзіндік жұмыстарға болжам жасау, жазба жұмысы ретінде қарастырылмайды. Белсенді оқытудың үлгілері: материалды еркін мазмұндауда дисскуссия ұйымдастыру, дэріс санын қысқарту, семинар санын көбейту, топтық тапсырмалардың түрлері, жартыжылдық көлемінде үнемі бақылау жасау, жазбаша жұмыстар орындаумен ерекшеленеді. Қандай да бір үлгіні ұстану — бұл қателік.
Оқу процесінің сапалы және тиімділігіне қол жеткізу үшін оқытудың осы екі үлгісі қатар жүруі тиіс. Сол себепті елімізде жоғары білім жүйесін ұйымдастыру үшін инновациялық оқыту әдістеріне көшу керек. Қазіргі білім беру жүйесі мемлекеттік стандарт пен шынайы мүмкіндіктерге сәйкес болуы да шарт. Жоғары оқу орнында қолдануға болатын оқытудың қазіргі әдістерінің аспектілерін қарастырайық: көкейкесті-мазмұнды әдіс; мәмілелік оқыту; презентация; дисскуссия; кейс-стадия; топтық жұмыс; мимен ойлау әдісі; викториналар; сыни ойлау әдісі; кіші-зерттеулер; жобалау әдісі; іскерлік ойындар; рөлдік ойындар; Insert әдісі (студенттер 10 минутта ассоциативті эссе жазады); және т.б.
Тиімді әдістердің бірі – мәселелік оқыту болып табылады. Оқытудың бұл түрінде дәріс диалогке ұқсас болады. Сабақ беру зерттелушілік процесін туғызады. Бұл әдіс студентті қызықтырады, оқыту процесіне толықтай енгізеді. Ғылымды тануда қайшылықтар шығып, оны шешуде студентке мүмкіндік береді. Оқытудың алғашқы кезеңінде студенттерге мәселелік сүрақ қойылады немесе мәселелік тапсырма беріледі. Мәселені шешу үшін оқытушы материалдағы қарама- қайшылықтарды студенттердің меңгеріп, қабылдауы үшін дайындайды. Мұның тиімділігі жеке мәселелерді студенттердің өзі көрсетеді. Бүл әдістің басты жетістігі оқытушының аудиторияда қойған мәселені студент өзіндік түрғыдан шешуге мүмкіндік алады, яғни оқытушы олардың «өзіндік шешімін» тыңдау мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Мәселелік оқытуды ұйымдастыру, оқытушының күрделі, маңызды дайындығының негізінде ғана жүзеге асады. Сонымен қатар, оқу процесіндегі нақтылы жағдайға құрылған әдісті немесе кейс-стади әдісін маңызды әдістер деп атауымызға болады. Оқу процесіндегі нактылы жағдайға кұрылған әдістер шешуші сәтте нәтиже береді. Бұл әдіс тұрғысында студент өздігінен шешім қабылдауға мәжбүр болады. Нақтылы жағдайға құрылған әдіс XX ғасырдың басында медицина және құкық саласында қолданылған. Кейс-стадия әдісінде, әртүрлі жағдайларды және тапсырмаларды талқылауда студенттер мен оқытушылардың толық қатысуы қадағаланады. Бастысы, бұл әдіс нақты тәжірибелік тапсырмаларды шеше білуге, бағалай білуге, нақты жағдайға талдау жасай білуге үйретеді. Кейс стадия әдісін қолдануда оқытушы:
-кейсті тыңдайды;
— қажетті материалдарды негізгілерін бөліп алады;
— бағдарлама жасайды. (Мұнда студенттің міндеті кейсті және қажетті әдебиеттер тізімін алу, сабаққа дайындалу). Сабақ барысында оқытушы:
-кейсті жолдауды арнайы ұйымдастырады;
— топ-топқа бөледі;
— кейсті талдауды басқарады.
Студент:
— сұрақ қояды;
— әртүрлі шешімнің үлгісін ұсынады;
— шешім қабылдайды;
-жұмыс жөнінде жазбаша есеп береді. Қазіргі таңда компьютер және интернет — ақпараттық жаңа технологиялар ретінде Қазақстанның жоғары оку орындарында білім беруде маңызды рөл атқаруда. Бұл жағдайда казақстандық студенттер жастардың жаңаша танымдық көзқарастары калыптасып, интерактивті әдістерді оқу процесінде қолданады. Оқытудың интерактивті әдістері — студенттерге белсенді білім беруде қолданылады. Инновациялық оқу жұмысы оку процесіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін, жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады.
Бұлар — кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, портфолио сияқты инновациялық технологиялар, оқудағы және тәрбиелеудегі, өмірлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі тренингтер, соның ішінде әлеуметтік тәлімдегі және т.б. жеке-дара жетістіктер.
Инновациялық тәсіл оқу процесіне — тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, қашықтан оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды. Интерактивті ұғымы — өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әнгімелесу, әлдекіммен (адаммен) не болмаса, әлденемен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режимінде жүзеге асырылады. Демек, интерактивті оқыту — бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, онын негізін окытушы мен білім алушының өзара әрекет етуі құрайды. Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі:
-білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуінен;
-күрделі мәселелер өрісінде шеші-летін тапсырмаларды бірі-гіп көтеруден, яғни бірыңғай шығармашылық ке-ңістікке қосылуынан;
— тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушіліктен;
— жақын эмоциялық жағдайларда қалыпты күйге бірге түсуінен;
— тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойда болатын үндес сезімдерді бастан кешуінен тұрады. Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным процесіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды соны түсінуге және рефлексияға мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы — бүл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық және рухани бірігуі.
Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін»,- деген екен. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады. Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде білім алушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ тыңдармандарды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады Педагог өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тән фильтр рөлінен бас тартады және жұмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады. Интерактивті оқыту интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады. Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әртүрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді.
Сонымен, интерактивті оқыту білім беру парадигмаларын іріктеп қолдануға алып келеді. Ұлттық мәдениетті дамыту, тұлға бойында жоғары рухани-адамгершілік сапалар мен ұлттық идея мен патриоттық сезім қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі қоғам мүшелерінің бірігуге бағытталуы тиіс. XIX ғасырда алғаш қалыптасқан В.Гумбольдтың жоғары білім беру концепциясының өзектілігін ескере отырып, әлемнің жетекші университеттерінің іс-әрекетінде ғылыми-зерттеушілікті дамыту оның ішінде ғылыми зерттеу институттары мен зертхана құрылымын кеңейту маңызды. Университеттік білім беру дамуының көлемі жоғары білім алуға деген сол жердің қажеттілігіне тәуелді. Себебі ол материалдық қамсыздану, мемлекеттің ғылыми-техникалық әлеует деңгейі мен оның экономикасының даму жағдайын анықтайды.
Ал университеттік білім берудің даму деңгейі — экономикалық потенциалы мен әскери күшке үлес салмағын беріп отырған мемлекеттік жоғары білім беру жүйесіне қаншалықты рөл беретініне тәуелді. Білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар беретін, жоғары біліктендірілген педагог, психолог, физиолог және тағы басқа мамандардан құралған қызмет құру керек. Олар қатысушылардың икемділіктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын, нышандарын есепке ала отырып, білім беру ары қарай жалғастыруға жол бастайды. Қазақстандық білім беру жүйесінде қазіргі университеттік жағдайында барлық университеттерде оқытудың жоғары деңгейіне өту мақсатты. Біздіңше жоғары білім беруде, әсіресе, ірі университеттерде екінші және үшінші деңгей олардың базасын кеңейтіп, ЖОО-дағы магистрлер мен докторларды дайындауға қарағанда, әлдеқайда жоғары көрсеткіш көрсетер еді. Ендеше, тәрбиенің барлық салалары бір арнаға тоғысуы керек, ол арна – имандылық тәрбиесі.
Қазіргі мектеп жасындағы бала-лардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, тіпті, есірткі қолдану – жасырып жабатын жағдай емес. Қылмыстың ең ауыр түріне баратын жастар да көбейіп отыр. Осылардың арасында қазақ балаларының «үлесі» аз емес. Бұл қиындықтан шығудың жолын табу да педагогтардың алдында тұрған шешімі қиын міндеттердің бірі. Әрине елімізде ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
Рухани мәдениетіміздің тарихына үңіле отырып, болашақ ел басқарар азаматтарымыз бен азаматшаларымызды ұлттық идеология негізінде тәрбиелеп, бағыт беру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұл процеске қоғамтанушы ғалымдар тарихшылар, филологтар, философтар, психологтар мен педагогтар да атсалысуда. Бәрінің мақсаты-тамыры тереңде жатқан ұлттың өзіндік философиялық ой-санасының ерте дәуірлерден күні бүгінге дейінгі тарихына ой жүгірту, оның дамуына өзіндік үлес қосу. Ешбір ұлт өзіндік тұрғыдан ғылым үрдісін меншіктеп «біз бастатқанбыз, біз жалғастырудамыз» дей алмайды.
Ғылым-білімнің дамуы тарихи арнада Месопотамия, Мысыр, Қытай, Үндістан және көне Грек мәдениеттері арасында алма кезек жалғасын тауып, ешбір ұлт пен ұлысқа бөлінбейтіндей түп тамыры өте тереңге дендеген жалпы адамзатқа ортақ құндылыққа айналған. Алайда, соңғы кезге дейін батыстың ғылым мен технология саласындағы үстемдігі бүкіл ғылым мен мәдениеттің бастауы батыс халықтарына тән деген түсінікті қалыптастырып, басқа ықтималдарға ешқандай мән берілмеді. Философия мен тарих көбіне, еуроцентристік көзқараста жазылып, XX ғасырдың басында еуропалықтар бүкіл мәдениет пен философияның «атасы» ретінде көрсетіліп, сол көзқарас адамдар санасына орнығып, әлі күнге дейін бұл біржақты пікір жалғасуда. Дүниежүзілік мәдениет пен білім тарихында мұсылман ғалымдарының аттары ұмыт қалып, нағыз ислам мәдениетінің гүлденіп, шарықтауға жеткен алтын шақтары бүркемеленіп, еуропалықгар орта ғасырларды «қараңғылық кезеңі» деп атаған-ды. Қазіргі таңдағы ғылымның дамуына батыстың қосқан үлесі қаншалықты бүлтартпас шындық болса, батыстың осындай деңгейге көтеріліп, ғылым мен технология саласындағы көптеген жаңалықтарға қол жеткізуінде мұсылман ғалымдарының үлесі өте зор.
Көріп отырғанымыздай өздері мойындағандай орта ғасырларда Еуропаның жағдайы адам айтқысыз күйде болатын. Еуропадағы қасірет пен жабайылықты бұрын-соңды адамзат көрген емес. Ол кезеңде бүкіл Еуропада христиандық әбден бұрмаланып, шіркеу мен патшалар өз мүдделері үшін бірлесіп халықты қанаудың түрлі айла-шарғысын жасап бақты. Инквизиция сотының аяусыздығы арқылы ой бостандығы толығымен мақұрым етілді. Бұл кезеңдерде ғылым шіркеу үшін пұтқатабынушылықпен бірдей еді. Осы дұшпандық 1233 жылы инквизиция сотының құрылуымен ресми деңгейге жетіп, тіпті, кейінгі ғасырларға дейін жалғасты.
XVIII ғасырда шіркеудің қысымы шарықтау шегіне жетіп, Еуропада революциямен аяқталды. Орта ғасырларда батыста діни оқу орындарында көбіне тек христиан ақидасы ғана окытылып, басқа пәндерге мән берілмейтін. Тіпті, латынша да хат танымайтындар көп еді. Осы кезеңдерде діни оқу орындарында грамматика бүкіл ғылымдардың негізі ретінде қарастырылды. II Сильвестр (Герберт (946-1003)) Еуропадағы келер мыңжылдықтың бетбұрысын айқындайтын қозғалыстың бастаушысы болды. Барселонадан Кордоваға барған ол сол жерде арабша үйренді. Ол — исламдык пікірлерге тәнті болып, алғашқы болып осы пікірлерді Еуропаға жайды.
Каталониядағы Риполи монас-тырындағы бай кітапханада жұмыс істеді. Арабша дерек көздерімен және олардың аудармаларымен, математика, астрономияға қатысты шығармалармен танысты. Герберт Папа XII Жан (Jean) мен танысты. Оның ерекше қабілеттілігін байқаған Германия мен Италияның императоры Отто оны кейіннен мұғалім етіп тағайындайды. Жұлдызы жанған Герберт кейінірек папа болып тағайындалады. Оның пікірлері бүкіл Еуропаға тарайды. Осыдан кейін барып дін адамдарының арасында trivium (диалектика мен риторика), quardrivum (арифметика, музыка, геометрия және астрономия) саласында мұғалімдер жетіле бастады. XIII ғасырда Кастилия және Лион патшасы VII Алфонсо (1104-1257) ислами ғылымдармен айналысу үшін Толедода орталық құрды. Бұл кала өзінің көшелері, құрылысы және барлық тұрмыс салаларымен исламның мұрасына ие болып, мыңдаған том кітаптарымен батыстықтарды өзіне қызықтырды. Бұл кезеңде батыстықтардың бар ісі Пиреней тауларын асып өтіп, мұсылмандардың ғылым орталықтарына барып, арабша үйрену болды. Мұсылман ғалымдарының ғылыми мұрасы батыстықтар үшін тағдыр тарту еткен бағасыз сый еді.
Ғылымға сусаған еуропалықтар үшін Испаниядағы ғылым мен мәдениет орталықтарына барып оқу үлкен арманға айналған-ды. Бұл жерлерде білім алып еліне оралғандар өз елдерінің ең білгір адамы саналып, құрметке бөленетін. Ғылым мәдениет орталығы болумен қатар, құпия ілімдердің де орталығы есептелген Андалуссияның Еуропаның бүкіл мекемелері мен қоғамдық саласында ықпалы күшті болды. Кремоналық Герардтың (1114-1187) көп еңбегінің аркасында аударма істері жақсы дамыды. 1160-1230 жылдарда ол Толедо қаласында жетпістен аса кітап аударды. Оның медицинаға байланысты аудармалары өзі қайтыс болғаннан кейін бес ғасыр бойы Еуропадағы медицинаның басты кайнар көзі болды. 1180 жылдарда Ибн Синаның философиялық кітаптары аударылып бітіп, Еуропаға жайыла бастады.
Оның бұл шығармаларының ықпалы күшті болып, одан кейін баска да мұсылман ғалымдарының кітаптары аударыла бастады. Осылайша батыстық ойшылдардың арасында жаңа мұсылман бейнесі қалыптасты. Ислам әлемі – философия мен ғылымның бесігі. Еуропаның жартылай варварлық қоғамнан өндіруші және синтездеуші мәдениет орталығына айналуында XII ғасырдағы арабша аудармалардың ықпалы өте зор болды. Мисе Либиридің айтқанындай, «XV ғасырға дейін арабтардың кітаптарынан пайдаланбаған және оларды аудармаған ешбір еуропалық ғалым болған емес. Олардың қатарында Р Бэкон, Леонардо, А. Магнустар да бар». Батыстағы ғылымның дамуына ықпал жасаған Ибн Сина, әл-Фараби, әлХорезми, Ұлық-бек, Ибн Рушд, Газали, Ибн Халдун, әл-Бируни сынды мұсылман ғылымдарының ғылымға қосқан үлестері зиялы қауымға белгілі. Алайда, біздің қоғамға аса мәлім болмаған, ғылым тарихында өзіндік орны бар басқа да мұсылман ғалымдары көптеп саналады. Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Респуб-ликасының мемлекеттік болмысын қалыптастырудың, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты, үлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі.
Тарих — халықтың зердесі, ол содан сусындап, әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын күш-қуат алады. Халқымыздың ұлттық, мәдени мұраларын ескермеу, оның мән-маңызына көз жібермеу болашақ ұрпақтың ұлттық сана сезімінің қалыптасуына теріс ықпалын тигізері сөзсіз.
Демек, бұдан адам бойында имандылық қасиеттерінің кемуі қоғамдық дағдарысқа алып келетінін аңғаруға болады. Жалпы қоғамдағы кері процестердің барлығы да ұрпақ тәрбиесіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Нәтижесінде болашақ ел иелері – жастар арасында рухани азғындаушылық, жалпы адамзаттық қүндылықтарды бағаламаушылық кеңінен орын алады. Еліміздің егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының, сипаты халықтың рухани, адамгершілік, имандылық көзқарасы, жастар арасындағы білім мен тәрбиеге байланысты. Педагогика ғылымында қазіргі талапқа сай өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті. Соның ішінде жастардың рухани кұндылық туралы білімдерінің, түсініктерінің төменгі дәрежеде екенін аңғартады. Руханилықты көпшілік дінмен байланыстырады, байланысы болғанмен оның басқа да тұстары басым екеніне мән беру керек. Мемлекетіміздің зайырлы, унитарлы, демократиялылығы жалпы алғанда толықтай көрініс бермейді. Зайырлылық бүгінгі таңда дін мен мемлекет саясатының үйлесімділігіне, унитарлық заңдардың бұлжытпай орындалуына, демократиялық сөз, іс- әрекеттің еркіндігін сипаттауы тиіс. Мемлекет саясатынынан дін саясаты немесе керісінше, бір-біріне бастамшылық жасамауы тиіс. Ал заңды белшесінен басып, басына күн туса елін сатып кетіп жатқандар да жоқ емес. Ал, еркіндік деп ойымызға келгенді жасаймыз деген адасқандар да арамыздан кездеседі.
Демократия ол ең алдымен, тәртіп, ол болмаған жағдайда анархияға ұшыраймыз. Негізінен алғанда, барлық нәрсенің шегі болуы тиіс, шексіздік адамдардың өздеріне жамандық алып келеді. Міне, осы шексіздіктің алдын алудың бірі де жастарды рухани құндылықтарды құрметтеуге үйрету.
Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырым-дамасында: «Тәрбиенің түп мақсаты — қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу»,- деп, нарықтық қарым-қатынасқа байланысты жеке тұлғаны тәрбиелеуге мән берілген, жастарды қоғамдық өмірдің өзгеруіне сай тәрбие жүйесін өзгерту екендігіне аса көңіл бөлген.
Әрбір ұлт өзінің ұрпағын мә-дениетке, руханилыққа тәрбиелеуде халықтың өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері жазба мұралар негізге алады.
Олай болса, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жазба мұраларды жинақтап зерделеудің, оның тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде ұрпағымызды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу қажеттігі күнен-күнге арта түсуде. Сонымен білім беру пардигмалары негізінде тұлғаның рухани дүниесін қалыптастырудың төмендегідей тенденциялары айқындалды:
— білім беру парадигмалары білім алушылардың сұранысы, талабы бойынша өзгеріп, дамиды;
— рухани құндылықтарды бағалауға үйрету білім беру парадигмаларының негізгі әлементі болып табылады;
— көпмәдениетті ортағы негізделген ортақ қүндылықтар дүниесі қа-лыптасады;
— өркениетті елдермен қарым-қатынасты руханилық алғашқы орынға ие болады;
— адам әлемдік өркениет жағ-дайындағы жалпыадамзаттық құн-дылықтар қатарындағы көш-басшыға айналады;
— білім беру мен тәрбиелеуде интеллектуалдылыққа қол жетімді болып, адамның рухани сапасына мән беріледі;
— білім беру жүйесінің ортақтасуы біртұтас білім беру кеңістігін құруға алғышарт жасайды.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.