Алматы облысы Қарасай ауданы «Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ оқушыларының шығармашылығынан
17.11.2018 0 3 702
Мен соғысты жек көрем
Мен соғысты жек көрем,
Мен соғысты жек көрем.
Сұрапыл соғыс кезінде
Кім өлмеген, кім өлген?
Әлия, Мәнсия, Төлеген
Кетіп қалды өмірден.
Мен соғысты жек көрем,
Мен соғысты жек көрем.
Сұм соғыстың батыры
Әлия, Мәншүк, Төлеген
Кетсе де бұл өмірден,
Отанымфды сақтап
Қалды өлімнен!
Шамшидин ҰЛЖАРҚЫН
4 «А» сынып оқушысы
Туған жер
Сүйемін туған елімді,
Сүйемін туған жерімді.
Маржандай асыл қасиетің,
Бойыма менің берілді.
Гүлдеріңді сүйемін,
Түндеріңді сүйемін.
Туған жер сенің алдыңда,
Басымды мың иемін.
Анашым
Анашым, сен мені бақтың, қақтың,
Қырсығып, еркелесем, «тілімді» таптың.
«Күнім» деп маған тіл қаттың,
Жыласам мені жұбаттың.
Сағынам сені күнде мен,
Сағынам сені түнде мен.
Қасымда болсаң, анашым,
Қуаныштан гүлденем.
Құлыншағың кешегі,
Азамат боп өсемін.
Қорған болам өзіңе,
Тұрамын осы сөзімде.
Тоғжан ДӘУЛЕТИЯР
4 «А» сынып оқушысы
Ана тілім
Мен әр кез өз тілімді мақтан етем,
Бабамның игі салтын сақтап өтем.
Білем деп өзге тілді ең бірінші
Қалайша өз тілімді аттап өтем.
Бабамның ана тілі мұрасы ғой,
Санамды тербесін тек бір асыл ой.
Жыр жазсам өз тілімде бабаларым
Тек сендер көз алдымда тұрасың ғой.
Самғаған қыран құстың қанатымын,
Тіліммен биіктеп мен дара тұрмын
Дарыған сүтіменен аналардың,
Өлмесін қасиетті ана тілім!
Мөлдір АТАЙ
4 «А» сынып оқушысы
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.