Дүкен үрлеген поэзия көрігі
14.06.2024 0 240
Нұрдәулет АҚЫШ,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы
Дүкен Мәсімханұлы
Әдетте талантты ақын халқы алғаш шыққан кезде жарық көрініп қалады да, өзінің поэзия әлеміндегі өз орбитасын айналып жүріп алады. Сол айналу барысында көптеген туындыларды өмірге әкеліп, ары қарай тәжірибесін орнықтыра, толықтыра беруі, қаламгерлік қолтаңбасын тереңдете түсуі – шығармашылық заңдылық.
Дүкен Мәсімханұлының поэзия әлеміне келгеніне аз уақыт өткен жоқ. Алпыстың асқар белінен асқан ақын-ның көркемсөз әлеміндегі таным-түсінігі де, сезім күйі де, ұстанымы да әбден қалыптасып болған. Ақын – өзіне тән ерекшелігін баяғыда қалыптстырып қойған, енді оған сол шыққан шоқысынан төмен түс десең де, түсе алмайтын деңгейде.
Керісінше, «Қаламыңды ұштап, жоғарылай бер» десең, өлең өрнегін түрлендіріп, жоғарылай түсуі әбден мүмкін.
Ақын қаламынан туындаған жыр жолдары өзіндік сипатқа ие ме, ие болса, несімен ерекшеленеді деген сауал кез-келген ақынға қатысты туындап жатады. Бұндай сұрақ Дүкен шығармашылығын да айналып өте алмайды.
Ең біріншіден, ол – реалист суреткер. Өмір шындығын көркемдік шындықпен өрнектей отырып, кә-дімгі эстетикалық ізденістің үлгісін көрсетуге мүмкіндік табады.
Шамырқанған шілде ыстығын, ми қайнатар ыстықты, апшыны қуырған аптапты суреттеп жазбаған ақындар аз. Өзімізге таныс авторлардың іші-нен С.Мәуленов, Т.Молдағалиев, Ш.Сариев және басқалардың осы та-қырыпты қаузап өткен шумақтарын осал деп айта алмайсың.
Соған қарамастан, осы тақырыпқа Д.Мәсімханұлы да қалам тартыпты. Оның жасаған суретінде өзіндік бір реңк сезіледі. Осы ойдың дәлелі – мына бір шумақтар болса керек-ті:
«Шаншылып түсіп шаңқан нұр
Өртеді жердің өзегін.
Жалындап жанып, тау-тандыр,
Қаңырап қалды өзенің.
Моншадай қайнап атырап,
Ақ жалын шашты аспанға.
Қыртысы жердің қақырап,,
Балқып бір жатты тастар да».
Қарап отырсақ, ақын өзінен бұрын із салған шайырлардың қалқасында қалып қоймаған.
Шанқан нұрдың жердің өзегін өртеуі, атыраптың ақ жалын шашуы, жердің қыртысы қақырап қалуы – оқырманның денесін тітіреткендей қатал суреттер. Осылардың бәрі бірінен кейін бір тұтасып келгенде, ми қайнатқан шіліңгір ыстыққа өзің күйіп бара жатқандай хал кешесің.
«Өмірдің өңі өңкей жыр» (119-б) деп аталатын өлеңінде ақын «Қара өлең», «ақ өлең» деген тіркестерді одан ары қарай дамытып, барлық негізгі бояу түстерінен де өлең жасайды. Көркемдік талаптар шеңберінен алып қарағанда, бұл да – белгілі бір мөлшерде жаңалық деуге келеді.
Ақынның осындай реалистік бағытта сөзден өрнек тоқыған шумақтарының қатары аз емес. «Біраз жылды әйтеуір артқа салып,
Құйғып келем ғұмырдың бөктерінде» – деп толғанатын ақын өлеңдерінің кезекті бір тақырыбы қазіргі өмір тынысына, қоғам мен саясатқа қатысты. Олардың барлығында дерлік алдыңғы қатарға шығатын – мұңаю, налу, іштей тозу сезімдерінің берер әсері жеңіл емес. Бірінен кейін бірі келетін ондай өлеңдерді оқи отырып, жүрек түбіндегі оптимистік рухтың элегияға апарып ұласатынын, үміттің жіңішкере бастағанын аңғарасың.
«Біздер мынандаймыз:
«Азатпыз» деп ауызда ұрандаймыз.
Түні бойы алаңсыз көз іле алмай,
Күні бойы үрейсіз жүре алмаймыз»
(«Біздің қоғам»)
Тозақтан бетер өмірім,
Тірлікті бүйткен ұрайын.
Қырық бір жамау көңілім,
Не жаздым саған, құдайым?
(«Жаратқан ием, жаздым хат»,
«Қандасым деп қарамасын
кім білген,
Қазақшамның жарамасын
кім білген».
(«Таңданыс»)
«Жақсылардың сыйлауымен
таң атты,
Жамандардың қинауымен
күн батты».
(«Таңданыс»)
Осы тармақтарда кездесетін лирикалық кейіпкердің жан дү-ниесіндегі күйзеліс, торығу тек ақынның ғана жеке субьективті сезім-күйі деуге болмайды.
Бұл – қоғамдағы дағдарыстар ке-
зеңіндегі жалпы бұқараның бо-йындағы деградацияның өлеңмен өр-нектелген көрінісі.
«Құзғындар құрылтайы» атты мысал өлеңдегі идеяның да қақпақылдап әкеліп тоғыстыратын тұсы да осы жоғардағы тармақтардағы ойлармен үндес.
Бірақ осылайша торыққан жан-ның көңіліне демеу болатын, үмі-тін ұлғайтуға септігін жигізетін жағдаяттар да жоқ емес. Соның бірі– қазақтың ұлы ақыны, бас ақыны Абай ұлағаты, Абай үні.
«Сайтан-заман адастырса
жолымнан –
Абай үні жиғызады есімді» дейді автор «Абай-қазақ» деген өлеңінде.
Ал «Елес» деп аталатын өлеңіндегі:
«Сені іздедім Тұранның
даласынан,
Сені іздедім тұманның арасынан», – деп келетін риторикалық жолдар бірнеше шумаққа созылған. Жырдың аяғына шығып болғанша автор кімді немесе нені іздеп жүргенін ашып айтпайды. Кәнімшіл оқырман біресе оның іздеп жүргені ару қыз болар десе, енді бірде өзінің қайталанбас балалық шағы шығар дегендей неше түрлі болжам жасап үлгіреді. Осылайша ақынның тыным таппай іздеп жүргені өлеңнің не екендігі соңында ғана белгілі болады.
Ақыр соңында оның күйзелісті үнмен айқайлап сұрайтыны – «Бұл өмірде барсың ба, Демократия?» деген жоталы сұрақ. Бұл да ақынның жеке өзі ойынан туындап жатқан сауал емес, ашынған, аласұрған қарапайым бұқараның көңіл түпкірінен қайнап шыққандай көрінеді.
Д.Мәсімханұлы қаламынан бірне-ше поэма да туған екен. Бірақ «Поэ-ма» деп айдар тағылған кейбірі бұл жанрдың талаптарына толық жауап бере қояды деп айта алмаймыз.
Мәселен, «Жан сыры» (шер толғау) деген шығармасы тек толғау деңгейіндегі ұзақ жыр ғана.
«Тілеуіңді тілейтін ағалардың,
Ақымақтық емес пе күндегені»
Негізігі күндеу, қызғану се-зімдері ақымақтықтан емес, көре алмаушылықтан туындайтыны белгі-лі. Сондықтан осы жолдардағы «ақы-мақтық» сөзін «қызғаныштан» деген сөзбен алмастырғаны дұрыс.
«Көш-керуен» (Лирикалық поэма) Көштің де түр-түрі болатынын поэзия тілімен жүйелеп, саралап берген. Соның ішінде риза болғандықтан, көбірек тоқталатыны – «Нұрлы көш». Өйткені бұл бағдарлы көш қан-дастардың тарихи отынанына оралуын көздейді. Жазылуы қарапайым болса да, туғызатын идеясы, ұсынар ойы көңілден шығатындай ұсынақты.
«Тағдыр» поэмасының прологы көшеде бір әйелді машинаның басып кетуінен басталады.
«Өлген жан елге мәлім
жынды қатын,
Бір ұлтты жалғыз өзі жер қылатын» – дейді жас шофер. Сөйтіп келіп өлгені дұрыс бопты деген келеңсіз пікір айтады.
Ары қарайғы сюжет Көнші деген байдың Елік атты қызының тағдырын өруге құрылған. Атастырылған күйеуі ұрын келе жатып, жол үстінде қаза табады. Асау ат сүйретіп кеткен екен. Екі жағы ұйғарыса келіп, Елікті енді жас қайнсына телімек болады. Ол не бәрі он екі жастағы бүлдіршін екен.
Сөйтіп жүрген уақытта бойжеткенге Ұзақ есімді жігіт ұшырасып қалады. Келісті келген бұл тартымды азаматты Елік те ұнатыпты. Тек ұнатып қана қоймау, құлай ғашық болады. Бұл бір Қытай еліндегі билік үшін таласқан бір аласапыран кезең еді. Ұзақ әскерге алынып, жаңа өкіметтің әскері қатарында соғысқа аттанады.
Бір күні ауылға алпыс банды шабуыл жасап, Ұзақ бір жас жігіт екеуі ауылды қорғап қалу үшін сол жауға қарсы шығады. Тепе-тең емес осы ұрыс та екі боздақ та қаза тапқан екен. Ғашығы үшін жанын беруге даяр Елік бұл жағдайдан кейін жынданып кетіпті. Қалған өмірі осындай аянышты күйде өткен екен. Жаңағы машина басып қаза тапқан әйел сол Елік болып шығады.
Ал «Намыс құдіреті» атты Ертегі дастаны балаларға арналыпты.
Ақынның енді бір топ өлеңдері авторлық ауыз әдебиетінде кездесетін жыраулық үлгімен жазылған.
«Мен Дүкен деген ду едім,
Саф алтынның буы едім.
Маңайы думан, жаны жыр,
Қоғалы көлдің қуы едім»
(«Алтынның буы») деген шу-мақты оқыған кезде есімізге Дулат Бабатайұлының осы тектес жолдары түсетіні сөзсіз. Ежелгі жыраулардың сөздері мен ырғақтарын қайталайтын шумақтар басқа да өлеңдерінде де бар. Олардың қай-қайсысы да – жазба әдебиетінің емес, авторлық ауыз әдебиетінің үлгілеріне келеді. Осы арада авторға еш қиналмастан, жеңіл жолмен кеткендігі және алдыңғы бабаларының ойлары мен шумақтарын сол күйі пайдаланғаны үшін ұрсуға да болар еді. Бірақ осы арада ондай құбылысқа араша түсетін – әдебиеттану ғылымының жаңғырған кейбір ұстанымдары.
Қазіргі әдебиеттануда «Интертекст» деген термин бар. Оның мәні – бір мәтіннің басқа мәтінмен байланысы, мәтін мағынасын автор белгілегендей етіп өзгертетін мән-дердің диалогтық қарым-қатынасы.
Ал реминисценция сөзінің ма-ғынасы бұдан да арығырақ. Оны теоретик ғалымдар – «Айқын емес дәйексөз. Мәтіннің өзінен бұрынғы шығармалардағы құрылымдарды, мо-тивтерді, сөздерді, сөз тіркестерін, белгілі шығарманың атауын, авторын не кейіпкерін шығармасына саналы, не бейсаналы түрде кірістіре отырып, жаңаша жазуға негізделген, көркемдік жүйе элементі» (Г.Сәулембек) деп тұжырымдайды.
Яғни, бұлардан шығатын қо-рытынды – автордың дәл қазір алдына қойып отырған мақсатына орай бұрынғы мәтіндерді пайдалануға болатындығы. Бұрын жазылған тақырыпты немесе жекелеген мә-тіндерді постмодернизм бағытын жақтаушылар қалыпты үрдіс, таби-ғи құбылыс деп санайды. Дәл қазіргі жағдайда авторға ұрса алмай отыр-ғанымыз да сондықтан.
Бірақ жеке өз басым постмодернизм ағым жақтаушылардың түрлі дәйектерін, теориялық бағыттарын толық қолдай алмаймын. Көркем әдебиеттің өзегіне нұқсан тигізетін көлеңкелі құбылыстардың баршасын жақтай беру – әдебиет туралы ұғымға төңкеріс жасау.
Д.Мәсімханұлының өзі де оны қол-
дай қоймайтыны жекелеген тар-мақтарынан байқалады.
«Бүгін рахат, шөңге де өлең,
шөп те өлең,
Талғамдарды талақ етті нарық кеп» – дейді ол «Ақыл айнасы» деген өлеңінде. Айтып отырған ойын теріс дей алмайсың. Сөйтіп отырып, «кемейер оның түрі жоқ» деген жолдағы «кемейер» деген сөздің әдеби нормаға енбегенін, поэзия тәрізді шікәмшіл нәзік жанрдың калька немесе диалект сөздерді қабылдай бермейтінін еске салуға тура келеді. Байқауымызша, контекстегі мағынаға қарайтын болсақ, бұл арада «кемейер» емес, «кемитін» болуы тиіс еді.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.