ҰЛЫҚ ҰЛЫС МӘДЕНИЕТІНДЕ АҢ СТИЛІНІҢ БЕЙНЕСІ
20.04.2023 0 1 040
Дилорам Тауасарова,
Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығының ғылыми қызметкері
Қазіргі зерттеушілер Алтын Орда мәдениетін Еуразия мәдениетіндегі ерекше өркениеттік құбылыс ретінде қарастырады. Алғашқыда ерте вар-варлық құрылым ретінде дамып, Қытайдың, кейін мұсылман әлемінің мәдени мұрасын игеріп, бертін келе жаулап алған халықтардың бүкіл мәдени мұрасын иемденді. Кейбір заманауи зерттеушілер Алтын Орда империясының құрылуы әлемдік өркениеттің дамуын айтарлықтай өзгерткен планеталық құбылыс санайды. Тарихта өнердің кез келген түрі белгілі бір дәуір шындығын, оның материалдық, әлеуметтік, адамгершілік мәнін қайта жаңғырту әрекеті болып табылады. Белгілі бір тарихи дәуір оқиғаларын зерттеуде сәулет өнері, әдебиет, қолөнер сияқты кез келген дереккөздер зерттеушілерге баға жетпес көмек көрсетеді. Алтын Орда өнерінің туын-
дылары, сәндік-қолданбалы өнер, сәулет, зергерлік бұйымдары, өткен дәуірдің моральдық және діни идея-ларымен тығыз байланысты, алыс дәуірдің рухани мәдениетін сезінуге мүмкіндік береді. Ортағасырлық дә-уірде орталықтандырылған киелі си-патқа ие мемлекеттік құрылымдарды жинақтаған мәдениет стилі Алтын Ордада белгілі бір қоғамдық – саяси жағдайлардың әсерінен – империялық мәдениет стилі пайда болды. Алтын Орда өзіндік этносаяси және өркениеттік парадигмасы бар империя болғандықтан, оның мәдениеті, оның ішінде сәулет өнері де осы парадигманы көрсетуі заңдылық. Зерттеу объектісі – Алтын Орда дәуірінің атрибуттарына жататын, зооморфтық бейнелері бар археологиялық артефак-
тілер – белдік жиынтықтары, біле-зіктер, моншақтар, маталар, белдік тостағандар болып табылады.
Кез келген сәндік-қолданбалы өнер туындысының негізгі элементі ою-өрнек болып табылады. Ою-өрнектің символикасы алуан түрлі – қарапайым әшекей, бойтұмар, қандай да бір белгі және де жақсы тілектер көрсеткішіне дейін. Ежелгі ою-өрнектер көбінесе діни культтермен байланысты болды, олардың семантикасы монотеистік діндер кезінде де сақталған.
Зерттеушілер ою-өрнекте екі негізгі топты ажыратады: геометриялық және табиғат бейнесі. Табиғи ою-өрнектің ортақ мотивтері теңіз толқындары, аспан денелері, флора, фауна, оның ішінде мифологиялық жаратылыстар және де адам. Географиялық жағынан бұл өрнектер бүкіл Еуразия даласында орналасқан. Алтын Орда дәуіріндегі еуразиялық көшпенділердің этникалық құрамының әркелкі болғанын жер-
леу орындарын қазу кезінде алынған археологиялық дереккөздер дәлел-деді. Ұзақ уақыт бойы «аң стилі» дала халықтарының өнер заттарын безендірудің кең таралған тәсілі болды. Тарихи дәуірлердің ауысуымен осы шеңбер өнімдерінің бейнесі мен семантикасында да өзгерістер болды. Бұл нақты жануарларды бейнелейтін шынайы немесе белгілі бір символды бейнелейтін абстракты әшекейлер болды. Бұл жәдігерлерді зерттеп, жүйелеу Алтын Орданың сәндік-қолданбалы өнерінің қалыптасуына әртүрлі халықтардың мәдени дәс-түрлерінің ықпалының сипатын анықтауда маңызды нәтижелер бере алады.
Ұлы импреия ер азаматтарының киім атрибуттарының негізгі элемент-терінің бірі – белдіктер. Алтын Орда дәуіріндегі көшпелілердің белбеу жиынтығы көп болмаса да, алуан түрлі. Түркі-моңғол батырлық эпосында белбеу әскери киімнің жиі айтылатын бөлшектерінің бірі болып табылады. Олай болса, хакас қаһармандық эпосының кейіпкері Пичен-Арығ жан-жақа шашырап, адасып кеткен халқына: «Белбеусіз киінбе! Арсыз, заңсыз халық болмаңдар!…» деген.
XIII ғасырлардағы ерте Жошы дәуірінде белбеудің – әскери, салтанатты және аңшылық түрлері болған.Алтын Орда торевтикасын зерттеген М.Г. Крамаровский айдаһар бейнеленген әскери «күзетшілер» бел-
беулері XIII ғасырдың 20-40-жылдары Жошылардың бірінші ұрпағымен тараған деген қорытындыға келе-ді. Бұл артефакттар географиясы Днепр, Орта Дон, Кавказ жә-
не Еділ бойы аймақтарымен сипат-талған. Белдіктердің алдыңғы тақтай-шаларында айдаһар бейнелері бар белдіктер де сол мәдени дәстүрге жатады. Белдік қапсырмаларының жалпы түрлері, олардың конструкциялық ерекшеліктері, белдіктегі әшекейлердің таралу жүйесі, артқы тақтайшалардың қабыршақты өрнекпен әшекейленуі біріктіреді. Салтанатты «аңшылық» белбеулерінің алдыңғы тақтайшалары бұғы, гүлденген ағаштар немесе жай ғана өсімдік мотивтерімен сипатталады. Лотос гүлімен бірге бұғы бейнесі бар белдіктер қытай дәстүрі бойынша берекелі және тектілік пен ұзақ өмір тілегін білдіреді. «Аңшылық» белдіктері Қырғызыстанда – Таш-Башат қорымынан, Солтүстік Кавказда – Гашун-Устта табылған және Лондондағы Насер Д. Халилидің жеке коллекциясында сақталған.
Белдіктердің – аңшылық және әскери турлері утилитарлық қызметі бойынша жақын, бірақ қоғамдық өмірдегі орнымен ерекшеленеді.
Айдаһар тәріздес геральдикасы бар әскери белбеу жиынтықтары Алтын Орда мемлекетінің құрылуы мен гүлдену кезеңінде болған. Белдіктердің екінші тобы, атап айтқанда, Гашун-Устта жасалған белдік жиынтығы Цзинь дәуірінің мұрасымен стильдік байланысты көрсетеді. Бұл белбеу жиынтығы Алтын Орданың дербес мемлекет болып бөлініп шыққан кезінен бастау алады. Сонымен қатар, біз дәстүрлердің өзгеруін емес, белбеу жиынтығының екі түрлі функционалдық түрінің параллель болуын көреміз отырмыз.
XIV– XV ғасырдың басындағы белбеу жиынтықтары сәндік әр алуандығымен ерекшеленіп ислам-данған ақсүйектер талғамына көбірек көңіл бөледі. Костюмнің белдік тостағандары сияқты қосымша атри-буттарының дизайнында зооморфтық бейнелер көрініс тапқан.
Зерттеуші М.Г. Крамаровский ерте Жошы кезеңіндегі бұл өнімдердің 2 тобын бөліп көрсетеді.
1-топқа айдаһар бейнесіндегі тұт-
қалары бар алтын және күміс тос-тағандары бар белдіктер. Бұл топтың сәндік үлгісі Қиыр және Таяу Шығыс, Орталық Азияның мәдени әсерімен сипатталады.
2-топқа Ертіс жағасындағы қорым-нан табылған шөміш жатады. Бұл шөміштің сыртқы декорында бұғы мен үйректердің бейнелері бар. Алтын Орда ақсүйектері арасында қарым-қатынастың ерекше әдебін мұқият сақтауға негізделген қатаң тәртіп болды. Мысалы, мерекелі іс-шараларда бағалы металдардан жасалған ыдыс-тарда сусындар ұсынуға ерекше назар беріліп,символдық мәнге ие болды. Сондықтан олар түпнұсқа негізіндегі ою-өрнектер және сюжеттік композициялармен безендірілген. Кейінгі Орда дәуіріндегі «Қырым-Кіші Азия» заттар тобына Белореченск қорғанынан табылған зооморфты бейнелері бар белбеу жиынтығы кіреді. Бұл белбеу жиынтығының декорынан үш белгі жиынтығын байқауға болады:
1)Еуропалық қолөнер дәстүрлері;
2) Далалық бейнелеу дәстүрі;
3) Шығыстық ою-өрнек.
Алтын Ордада болған белбеу жиын-
тықтарын әртүрлі хронологиялық шең-берде қарастыра отырып, ерте Жошы дәуіріндегі белбеу жиынтықтарының сюжеті зооморфтық және өсімдік ою-өрнектерімен, ал соңғы Орда дәуірінде, Орталық Азия элементтері өрнектелген деген қорытындыға келуге болады. Ортаазиялық мәде-ниет элементтері көшпенділер мәде-ниетін исламдық жаңалықтармен алмас-тырылған соң өсімдік ою-өрнекті белбеу жиынтығының басым болуымен сипатталады.
Әшекей бұйым қай дәуірде болмасын өзіндік орны ерекше бұйым ретінде белгілі. Аң стилі Алтын Орда білезіктерінің дизайнында да кездеседі. Қол әшекейлері – білезіктер, сақиналар, сақиналар XIII–XIV ғасыр-лардағы Еуразия көшпелілерінің киі-міне тән бұйым. Арыстан бейнесіндегі зооморфты тұтас емес пластинкалы білезіктер Орта Еділ бойынан, негізінен Еділ Болгариясы, Кама аймағында, Қырымда және Төменгі Еділде табылған. Арыстан бейнелі тұтас білезіктер ХХ ғасырдың басына дейін қолданыста болған. Арыс-тан бейнесі кейінгі Ахеменидтер мен Сасанилік Иранның өнеріне тән және ирандағы металмен жұмыс жасаудың ежелгі тақырыптарымен байланысты.
Сонымен қатар IV-V ғасырлардағы зергерлік бұйымдарында көрініс тапқан. Олар атап айтқанда, гривна мойын алқалары. Орта Азия өнерінде IV-V ғғ. арыстанның тұм-сығының бейнесі биліктің символы болған. Арыстан бейнелі білезіктер қорғаныстық мағынаға ие болған.Арыстан ежелгі шығыс мифологиясымен байланысты жануарлар пантеонында патшалық орынға ие болды, сондықтан өркендеудің, құнарлылықтың, тектіліктің символы ретінде де, әл-ауқаттың символы ретінде де түсіндіруге болады. Бұған Алтын Ордадағы арыстандар бейнеленген білезіктердегі араб жазулары дәлел. Орта Еділ бойындағы Жөкетаудан XIV ғасырға тиесілі арыс-тан бейнелі және «Әлемді Жаратушы қай жерде болса да осы заттың иесіне қамқоршы болсын» деген парсы жазуы түскен екі алтын білезік табылды. Бұл білезіктер түрі мен дизайны жағынан көптеген белгілері бойынша, тас қалыпқа құю технологиясымен байланысты бөлшектері жағынан ұқсас, бірақ олар чеканка техникасымен ерекшеленеді. Орталық Азиядан Дешті Қыпшақ даласының белдеуіне әкелінген айдаһар мотиві, зерттеуші Г.Ф.Валеева-Сулейманованың пікірін-ше, арыстан бейнелі білезіктердің декорына ауысады.
Аң стилі Алтын Орда көшпе-лілерінің киімінің негізгі атрибутикасына жататын металл бұйымдарда ғана емес, сонмен қатар Қытайдан жеткізілген маталарда да кездеседі. Осы тұста Джухта қорғанында табылған екі жібек көйлек, сондай-ақ Маячный қорымынан табылған аңдық және өсімдік өрнектері бар шапан ерекше қызығушылық тудырады. Джухта жауынгерінің ішкі каф-танының ою-өрнегі тығыз өсімдік фонында айдаһар мен қаздың бейнесін қамтыды, ал сыртқы киімде феникс бейнеленген. Айдаһар бейнесі Мысыр, Қытай, Үндістан, Жапония, Греция, Мексика, Шумер өркениеті сияқты ежелгі мемлекеттердің мифологияларында бейнеленген. Бұл мемлекеттерде шаруашылық жасанды суаруға негізделген, сондықтан бұл жерде су культі пайда болып, екі дүние жануарларының бейнелері біріктірілген: жоғарғы әлем құспен, төменгісі жыланмен бейнеленген.Кейбір зерттеушілер Қытайдың Ся тайпасындағы жыланға табыну кейіннен Қытайда өте танымал мифо-
логиялық кейіпкер – айдаһарға табы-нуға айналды деп есептейді. Бір қызығы, айдаһар бейнесінің өзі қарама-қайшы сипаттамаға ие. Айдаһар зұлымдықтың бейнесі болса, сонымен бірге – қазынаның қорғаушысы және жауын-шашын беруші ретінде көрсетілген. Қытайда Лун айдаһары бастапқыда жемісті, суды, аспанды және т.б. сипаттаған, кейінірек күш пен кемелдік мағынасына ие болып, қазіргі Хань әулетінде империялық биліктің символына айналады.
Алтын Орданың маталарындағы айдаһар бейнесі осындай маталардан тігілген киім иесінің этномәдени өзіндік санасын сақтай отырып, империяның ерекше қауымына жататынын білдіреді. Алтын Орда билеушілері бағалы жібек маталарды және киім-кешекті жалақы мен марапат ретінде пайдаланған. Бұл дәстүр қытай билеушілерінен алынған, мысалы, Цзинь сарайының беделді адамдарына патша аңшылығына тиісті жібек матадан тігілген киіммен келуге бұйрық берген. З.В.Доде қаралып отырған жерлеу ескерткішіндегі маталарды зерттей келе, айдаһарды геральдикалық таңба ретінде пайдаланған алайда жеке таңбаға айналдырмағанын, оның бейнесі бар маталар бүкіл империяда танымал болғанын атап өтеді. 1233 жылы моңғолдардың киімдерін сипаттаған қытай саяхатшысы Пэн Дайдың мәліметі жоғарыда келтірілген мәліметтерді дәлелдей алады: «Олардың сыртқы көйлегі бұрын дөрекі матадан және теріден, ал қазір зығыр мен жібектен тігілген. Негізгі таңдалған түс қызыл, күлгін, және жасыл. Маталардағы суреттер – күн, ай, айдаһар және феникс бейнелері». Әлеуметтік мәртебе пайдаланылған материалдардың сапасымен анықталды. Қытай, Шығыс Иран, Орта Азияның шеберханаларында көшпелі ақсүйектерге арнап тігілген қымбат парша, барқыт және жібек маталы киімдер даланың қарапайым халқына қолжетімсіз болды. Түрлі дәрежедегі империяның ақсүйектері мен шенеуніктері тоқылған және кес-теленген символикалық әшекейлері мен бейнелері бар кең қытай және маньчжур киімдерін пайдаланған, әлеуметтік иерархиядағы алатын орнын көрсетеді. Пэн Дайдың замандасы Сюй Тин де сол кездегі алтын орда ақсүйектерімен қытайлықтар киімдеріндегі киімінде феникс бейнеленгенін атап өткен. Қытай өнерінде «феникс» айдаһардан кейінгі екінші маңызды бейне және ең көп таралған кескіндемелік мотивтердің бірі болып саналды. «Феникс» деп аталатын фантастикалық құстар неолит дәуірінен бастап әртүрлі нысандарда пайда болды және мыңдаған жылдар бойы дәстүрлі қытай мәдениетінде сақталған. Адамдардың шығу тегі туралы Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының ежелгі мифтері құсты антропогенез процесінің таптырмас қатысушысы ретінде көрсетеді.Қытайдың Шан халқы арасында құс халықтың арғы тегі болып саналған. Алтын Орда халқы хань елінен көптеген мәдени қабатты өзіне сіңіріп әртүрлі қытай таңбаларын қолданған.Айдаһар мен феникс осылайша, негізгі символ ретінде киімдерде қолдану дәстүрін жалғастырды. Неке одағын бейнелейтін «феникс пен пион» ою-өрнегі де танымал болды. Киім элементтеріндегі айдаһар бейнесі оның иесінің мүліктік жағдайының белгісі болды. Алайда, мұндай сурет гендер туралы ақпарат бермеді, дегенмен қытайлықтардың пікірінше, айдаһар бейнесі ер адамды бейнелейді. Ал бұл мифтік кейіпкердің бейнесі Алтын Ордадағы айналарда да – әйелдердің жеке бұйымдарында да, белдік жиынтықтарында – ер адам
костюмінің атрибуттарында да табыл-ған. Сондықтан айдаһар бейнелі маталар мен атрибуттар Ұлы Жошы көшпелілерінің киімінен иесінің мү-
ліктік жағдайы туралы хабардар етті деп болжауға болады .
Антикалық дәуірдің аң сти-
лі бейнелері синкретизм, мифоло-гиялық негіз, магиялық мазмұн, пұт-
қа табынушылық семантикасымен ерекшеленді. Алтын Орда қалала-рының сәндік-қолданбалы өнерінде негізінен өсімдік, геометриялық және каллиграфиялық ою-өрнектер дамыған, бұл исламның қабылдануымен және дамуымен байланысты болуы мүмкін.Дала көшпелілердің исламдану про-цесі ұзақ және күрделі жүрді. Алтын Орда дәуіріндегі көшпелілердің кейбір жерлеулерінде мұсылмандық та, пұтқа табынушылықтың да заттары болған. Табиғатпен үйлесімдікте көшпелілердің өмірі олардың дүние-танымында пұтқа табынушылық дәуірден бастап оларға жақын және түсінікті аңдық стилді сақтап қалды. Сондықтан да болса керек, көшпелілерге арнап түрлі бұйымдар жасаған қалалық суретшілер оларды безендіруде жануарлар бейнесін пайдаланған. Д.К.Валееваның Алтын Орда қалаларының өнерінде сәнді әшекейлер мен каллиграфияда аң бейнелері «жасырынған» деген пікірімен келіспеуге болмайды; ал көшпелілер өнері аң стилі, өсімдік және геометриялық ою-өрнек элементтері негізі алынған.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.