Масс медиа алаңындағы ақпараттық үрдіс
08.06.2022 0 854
Молдахан Кәріпбайұлы,
тележурналист, ғалым-педагог
Халықты ақпараттандыру қазіргі уақыт талабы. Ақпарат рухани қажеттілік қана емес, ол білім, тәжірибе. Құбылыс қана емес, қордаланған жөнсіздіктер немесе әлеуметтік қоғамдық құрылымның осал тұстары. Артықшылығы да бар. Дей тұрғанмен, біз ақпараттық қоғам қалыптастырамыз десек, сол қоғамдық ортадағы болып жатқан барлық прогресивті, регресивті жағдайларды елеусіз қалдыра алмаймыз деген сөз.
Әлемдік ақпараттық орта қалыптастыру дегеніміз сұра-ныстың үздіксіз үдерісін сақтайтын тұтастық үрдісі Ақпараттық технологияны пайдалана білу де заман талабымен қатар өрістену әрі өзіңді өзің дамыту болып табылады. Бүгінгі ақпараттық деңгейдің арасалмағы әлемдік деңгеймен өлшенеді. Жұртшылықты ақпарат-тандырудың мақсаты уақыт пен кеңістіктің мылтықсыз майданы. Ақпарат өзара қарым қатынас, ақпараттық орта, ақпараттық қатынас. Демек, ақпараттық мәдениет өркениеттілік мәде-ниетінің бір көрінісі. Идеялық сенім мен іскерлік қабілетке жетелеп, идеологиялық мәдни тұрмыстың мәнін ажыратуға обьективті және логикалық тұрғыдан көзқарас таныту бағыты.
Адамдар ақпарат нәтижесінде рухани және әлеуметтік интеллектуалды қарым қатынас орнатып, кемшілікті ақпараттан емес, ақпаратта көрсетілген жөн-
сіздіктермен күресетіндей білік пен бірлікке қол жеткізуді ойластырса, бүгінгі жаһандану процесіне жұтыла қоймайды.
Сондықтан, ақпарат алмасу дегеніміз адамдардың өміртіршілік қатынасындағы ортақ әлеуметтік, қоғамдық байланыс. Адамзат мұратының үйлесім табуының өзі қазіргі заманның жаһандану үдерісін тудырды. Кәсіби бірлестік және іскерлік пен тәжірибе үйлесімінің ортақтастығы.Бүгінгі таңда заманның жедел өзгермелі кезеңдері анықталып келеді. Мұның өзі адамдардың ақпаратқа, оқиға мен сәт сайынғы өзгермелі дүниеге сенім дағдарысын тудырды.
Жаңалықтардың шынайылы-лығына күмән тудыру факторлары байқала бастады. Неге? Себебі, интернет желідегі толлассыз айтыс тартыс пен тұрақсыздық, бақайластық, жалғандық пен анайылық адамдардың санасына сына түсіріп, ойдың жүйелі сюжеттелуіне кері ықпалын тигізуде. Бұл интернет коммуникациядан бас тарту деген сөз емес. Керісінше желідегі мәдениетсіздікті бұғаттау немесе құқықтық тұрғыдан тәртіпке шақыру деген мағынада түсіндіріледі.
Ашық айту мен өмір қозға-лысындағы алшақтық пайда болды. Көрерменді жаңылыстыру осындай факторлардан туындайды. Кімге сенерін, қайсысына құлақасарын білмеген қауым шешім қабылдап, бағытын түзей алмай қалады. Бұл пікір дағдарысын тудырып қана қоймайды, сонымен қатар бірсыдырғы әлеметтік қоғамдық құрылымның бұзылуына себеп болып, әлеуметтік психологиялық өзгерістердің қалыпты қасиет-терінен алшақтатып, мінез- құлықтың жүйелі сипатын бұзады да санаға селкеу түсіреді. Ал, сана іркілісінен қозғалыс туындайды.
Заман ағымындағы өзекті мәселелердің құрамдастығын ажырату үшін дәстүрлі қалыпта ұзақ аялдауға болмайтынын уақыт өзі дәлелдеп берді. Адамдар өміріндегі экономикалық, қоғамдық, идеоло-гиялық ортаның маңызы зор болғандықтан, жалаң ақпараттық алаңдатушылық психологиялық күйзеліс шақырады. Міне, осындай ырықсыз қарым қатынас, мінез, парасат-пайым, ой-сана, жан дүниелік сезімдер арпалысынан адамдар жайсыздықты сезінеді.
Қазіргі таңдағы ақпарат пен таным түсініктің супероперативтілігі түрлі ұғым тудыратындығын қабылдап қана қоймай, оны қалыптастыру дағдысын тәжіри-белеуді қажетсінеді.
Осындай кері әсерін тигі-зетін ақпарттық дүниелер телекөрермендердің де тұрақты-лығына нұқсан келтіріп келеді. Соған қарамастан телекөрермендер шындықты тек телеарнадан күтеді әрі үнемі соның тұрақты аудиториясына айналады.
Мәселен, КТК телеарнасы осы мәселелер төңірегінде аса ыждаһаттылық танытып, ұдайы ақиқат арнасынан ауытқымайды. Сондықтан да бүгінгі таңда КТК ның көрермені әлдеқайда көп және сенімін де жоғалтқан емес.
Айталық бейнекадрдың белсен-ділігі оның ақиқат көріністілігінде. Дауыс пен дыбыстың үндестігі мен оқиғаның сабақтасып жатуы көрерменге тікелей әсер етіп, оны бір сәтте бірнеше миллион көрермен тамашалайды. Көрерменнің ішкі жан дүниесін, ағзасын қозғап, есінде сақталып та қалады. Мәселен, «Астарлы ақиқат» телехабарын көп жұртшылық қаламаған күннің өзінде көріп отырып пікір қалыптастырады. Бірақ шындыққа келгенде ауырлап кететін көрермендер кері ұғым тудыра отырып, сол телехабардың сараптаушысына айналады.
Телеарнаның мақсаты да сол. Көпшілік көрерменіне ой тастау. Шындығында әрбір көрермен сол хабардың кейіпкері ретінде психологиялық кейіпте отырады. Адам санасын жаңа сипатта рухани қамшымен инвестициялау. Мұнда метрополиялық ұғым жоқ.
Ұлттық сана мен ғұрыптық қолданыстың ауытқушылығын-дағы шындық. Рухты қорғау, тарихи жады мен қадір қасиеттің сақталуындағы ауыр шындықтар. «…ауырмай өледінің» алдын алу. Ұлттық сана мен рухани болмыстың менталитетке қатысты маңыздылығында. Құндылықты қорғаудың тамырын іздестірудегі ауыр күресіндер. Телеарнадағы үнемі ойын күлкі мен ән шеру еліміздің тәуелсіздігі мен мақ-танышын қорғап қала алмайды. «…ыршып жүріп ән салғанның» керіне қарсылықты болу деген осы. Әр нәрсенің негізі мен оның аса құндылығын сақтау соның терең түбірін қазудан басталады.
Бүгіндегі әлемдегі әйгілі телеарна CNN-нің ақпарат айдынында біз біріншіміз деген тұрақты тіркесі бар. Оның сыртында қаншама маңызды ойлар жатыр. Демек, ақпарат тек елдегіні естіп білуден ғана тұрмайды екен. Ақпарат – ол елдің ертеңгі заман-дәуірінің тарихи таңбалары. Осы орайда телеарнаның саяси сарапшылары да белгілі бір ой тұжырымы тұрақты, байсалды мінез бен сөйлеу тәсілін игерген мамандар.
Телеэкрандық тәжірибе жинақ-таған сөз бұйдасын ұстай білген кәнігі кәсібишілер ғана сараптама салмағын ұстап тұра алады. Көркем ойлы, орақ тілді білім мен мәдениетті қатар игерген сұңғыла телесарапшы-журналистердің қолтаңбасы қашанда тарихи тәжірибеге айналған. Қазір телешолушы жоқтың қасы. Арғы алпауыттарға бармай-ақ берісін айтар болсақ, бір кездері «Хабар» телеарнасында Ринат Кертаев байсалды сараптама жасап жүрді. Көңілге қонымды сынды да шынды да таразыға салды.
Ал бүгінде «Қазақстан» телеарнасында «Ашық алаң» теле-хабарының телесөзгері Мақсат Толықбай әр хабарында жаңаша қырынан танылып отырады. Мәселенің мәнісіне тікелей түсіп, кейіпкерлерін тақырыпқа қатысты сауалдармен қамшылап, шындық төріне шақырады.
Бүгінгі уақыт талабына сай адамдардың ақпараттық мәлімет алмасуына, өзара қатынасына, коммуникациялық қолданысты пайдалануға баса назар аударылып отыр. Адамдардың ойлау құрылымы мен қабілетінің артуына, сауаттылықты игеруге, заман ырғағына төселуге, бейімделуге көңіл бөлініп келеді.Ақпараттық ортаға бейімделу заман ағымына қосылу болып табылады. Уақытпен үндесе білу күрделі әлеуметтік дүниелерді, ортақ жәйттерді ойласа шешуге жетелейді. Телеарналық көрсетілімдердің маңыздылығы да осында болмақ. Адамдардың, көрермендердің тарихи танымдық жүйесін қалыптастыру. Рухани және білім мен ғылым бәсекесінде көштен қалмау, адамгершілік ынтымақтастығын нығайту, ел-дің әлеуметтік тұрмысындағы кемшіліктер мен олқылықтардың орнын толтыру, жастар тәр-биесінің маңыздылығына баса назар аудару телеарнадағы бейне көрсетілімдердің тұтастығын қамтамасыз етеді.
Телекөрсетілімдердегі эконо-миканың өндірістік интеграциялық күштерін, жаһандық үлгідегі прагматизмдік мүддемен жеделдету еліміздің тарихи үрдіске енуіне мұрындық болары сөзсіз. Сондай-ақ, моральдық деңгейдің жоғарылауы да түрлі әлеуметтік, тұрмыстық күйзелістен шығудың жолдарын аша түспек.
Қоғамдық орнықтылылыққа бірегейлік таныту, бастапқыда сана артықшылығымен алғышарт жасаса, келе-келе кереғар қиын-шылықтардың күрмеуін тарқату оңайырақ болмақ деген тәжірибе қалыптастыру белгілі бір критериге айналуы тиіс.
Міне, осы мәселе тұрғысында «Қазақстан», «Хабар», «КТК» телеарналары тақырыптық мәселе көтеріп келеді. Бүгінгі таңдағы медиаинтеграциялық қатысымның артықшылығы, ақпараттық алысым мен әлеуметтік, қоғамдық өмірдегі қайшылықтарды жоюдың тәжірибесіне айналып келеді.
Айталық, әлемдік ірі теле-компаниялардың, яғни, «Эй-Би-Си», «Нью-Йорк Таймс», «Юнайтед Пресс интернэшнл», «Си-Эн-Эн», «Эн-Би-Си», «Си-Би-Эс», тағы басқалардың көрермендеріне ық-
палы зор. Теледержавалық дәре-жесінде тұрған бұл арналар көштен қалып,уақыттан айныған емес. Қай кезеңнің де сүреңінде болмасын сүрінбей келе жатқан сүбелі де сүйекті хабарларымен, ақпараттық тәжірибесімен бірнеше миллиондаған көрермендерін жалықтырмаған, қайта ынталандыра түскен телеалпауыттар. Неге? Себебі, ақпараттық деректерді талдау мен сараптау барысымен қатар мәдениет пен білім, өнерді, ғылым мен жетістік жолдарына ойысып отырады. Өйткені, мемлекеттік құрылымдар мен әлеуметтік, қоғамдық нысандардың бірлігі турасындғы ақпараттар мен телехабарлар легі сол елдің қалыптасу, даму, өсіп, өркендеу тарихын таспалап отыр. Демек, коммуникациялық ақпарат құралдарының бүгінгі бейнекөрсетілімдері елдің ертеңгі өміріндегі тарихи тәлім және келешек үшін құндылықтар құжаты болып саналады. Телеарна –тәрбие құралы, идеологиялық күш дейтініміз де сондықтан.
Жаңағасырлық медиакоммуни-кацияның сиқырлы қорабы компьютерлік интернет желі. Бұ-қаралық коммуникациялық құ-ралдарында бұл ерекше маңызға ие болды. Бір мезгілде ақпарат тарату және мәтіндік жол мен бейнекөріністерді сондай-ақ, аудиодыбысты цифрлауға қол жеткізді. Елімізде кейінгі жылдарда ақпараттандырудың дүние-
жүзілік алаңына кірудің, жаңа конвергенциялық интермә-дениеттік принцптерін жетіл-дірдірудің әдістемесі жүзеге асырылды. Оның интеграциялық жолдары қарастырылып, эконо-микалық, мәдени, мейлі саяси әлеуметтік тұрпаттағы ақпараттық өнімдерді болсын бірлестікпен алмасу, топтастыру кеңістігі құрылды. Бұл бұқаралық коммуникацияның аймақтық қана
емес, әлемдік ақпараттық ағынға ілесу, бірегейлену әлеуетін көтерді. Еліміздің материалдық техникалық және әртүрлі құры-
лымдық жүйелерінің ыңғай-
лануына, реттелуіне маңызды ресурс болып енді.
Осыған орай бүгінде әрбір адамкомпьютерлік, өзге де жаңа байланыс құралдарының тілін
меңгере отырып, жеке медиа-
лық өнімдер немесе бейне-көріністік ақпараттық дүниелер жасай алады.
Басқа да графикалық, инфо-графикалық, иллюстрациялық құ-
ралдардың жиынтығын пайдалана отырып, әрлендіру мен түрлендірудің тәсілдерін де игере бастады. Алайда, оның мәдени коммуникациялық өркениеттілігі қаншалықты ғұмырлы, мәселе осында болмақ. Еліміздің өсіп өркендеуіне несімен құнды деген сауалдарға жауап бере алатындай болуы тиіс.
Себебі, оның ақпараттық қа-
рым қатынастылық және ық-палдастық тұтастығы немесе қарама қайшылық сипаты болуы мүмкін. Және мегақоғамдық психологиялық үйлесім табуы мен тұрмыстық қолданысы ұлттық тұрғыдан ұғымға қона ма, сана мәдениетіне сәйкестеле ме, жоқ па. Сол қоғамның дәстүрлі өмір үлгісімен сабақтаса ма? Міне, осы тұрғысында әлеуметтік иммунитетін салыстыра отырып, қолданысқа енгізіп, ғұрыптау насихатымен жүзеге асырылады.
Әрине, бұл тұрғыда журналистік қабілеті бар адамның талпыныс әрекетін қолдау жалпыға бірдей мәселе. Алайда, оның коммуникациялық шығармашылық талабы мен еңбегі, қоғамдық әлеуметтік сана құбылысындағы өзгерістердің пайда болуына, оның жаңаша ілгерілеуі мен тарихи жадыларымен сабақтасуына ұйытқы боларлықтай дүниетанымдық көрінісі орын алуы тиіс.
Жалпы бүгінгі таңдағы коммуникациялық ақпарат құрал-дарының артықшылығы қоғамдық, халықтық, өміртанымдық тың идеялармен жаңаша рең тарта бастаса, ол адамдардың күнделікті тұрмыстық қажетімен өтеледі.
Түптеп келгенде, мәдени, рухани нәтижесі көріне бастағанда моральдық және тұрақты түрде табиғи шешімін тауып, қолданыс атмосферасына сіңеді.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.