Телевизиялық бейнеөңдеудің тілі мен мазмұндық стилі Телевизиялық бейнеөңдеудің тілі мен мазмұндық стилі
Молдахан Кәріпбайұлы, тележурналист, ғалым-педагог   Әдеби көркем дүниенің тілі шұрайлы, мағыналық сипаты терең. Алайда бейнеөңдеуде әрбір динамикалық көрініс пен әр бейнекадр ойға жетелеп, сөйлеп... Телевизиялық бейнеөңдеудің тілі мен мазмұндық стилі

Молдахан Кәріпбайұлы,
тележурналист, ғалым-педагог

 

Әдеби көркем дүниенің тілі шұрайлы, мағыналық сипаты терең. Алайда бейнеөңдеуде әрбір динамикалық көрініс пен әр бейнекадр ойға жетелеп, сөйлеп тұрады. Оның көрерменмен қатынасын танытатын идеялық көркем тілі де сол бір-бірімен байланысып жатқан бейнекөріністік тақырыппен ұш-тастығында. Ой мен мәтіндік баяндаудың ұтымдылығын танытатын көрініс айғақты дәлел болып табылады. Сондықтан тақырыпқа бірден ойыссақ:
– бірінші; бейнеөңдеуде бейнекадр мен мәтіннің иллюзиялық тартымдылығы арнайы эффек-тілермен айшықталады.
– екіншіден; режиссерлық тіл мен экран тілінің көркемділігін арттыруда өңдеудің классикалық бағдарламаларын табу көзделеді.
– үшіншіден; бейнеөңдеудің композициялық құрылымын жетіл-діру басшылыққа алынады.
– төртіншіден; әрбір эле-менттің құндылығын көркемдеу тәсілін пайдалана отырып, көрерменмен тікелей ақпараттық қатынасқа түсу. Демек, бейне-кадрдың әрекеттестігін баяндайтын әлеуметтік бейнетүстің құрылымы болады. Ол – теле-тұжырымның конфигурациясы, бейнеобьектімен етене байланысты, түрлі мәліметтерді қамтитын, телебөлшектің мәнді айқындаушы құралы болып есептелетін тірегі – бейнемәтін. Оймәтін жазылғанда бейнемәтін заңдылығын тудырса, көрермен аудиториясына ұсынылғанда телемәтін сипатына ие болады. Ендеше;
– Телемәтін – телемәтіннің ақпа-
раттық психологиялық құндылығы – оқиға мен дауыстың байланыс компоненті болып есеп-телетіндігінде.
– Телемәтін – оқиға мен нақ-тылықтың жазбаша фигурасы.
– Телемәтін – құбылыс пен ақ-пардың іс-әрекетін танытатын бірлестік.
– Телемәтін – өз кезегінде бейнедыбыс. Оқиға желісінің дыбыс-тық тұрақты тіркесі.
Демек, Телевизиялық бейнеөң-деудің тұтастығы деген – кез келген бейнесюжеттегі бейнезаттың, бейнекадрдың мәтін мен дыбыстық қозғалыстың құрамдас бөлшегінің бірлігі. Осыған орай телемәтіннің кейбір түрлері мен ерекшелігіне назар аударып, төмендегіше бөліп қарастыра аламыз.
– Бірінші; ақпараттық мәтін – күнделікті әлеуметтік өмір ағы-мындағы экономикалық, саяси, мәдени, жалпы коммуникациялық кеңістіктегі қоғамдық ахуалдың бейнесөз графикасы. Сондықтан, телеарнадағы ақпарат тарату уақыты қоғамның маңызды кезеңін қамтиды. Яғни, әлеуметтік құбылыстың, материалдық және рухани тенденциялардың мотиві болып есептеледі.
– Екінші; прогмматикалық мә-тін – жасырын, құпия ойлардың сипатын дәуірлеу, кезеңдеу арқылы дауыс ырғағымен мінездеу көркемдеу, суреттеу тәсілімен жүзеге асырылады.
Яғни, ғалымның ой тоқта-
мындағы «кезеңсөз» прогм-
матикалық мәтінге тән екендігін айтқымыз келеді. Демек, прогм-матикалық мәтін белгілі бір дәуірдің әлеуметтік ұғымдары мен психологиялық құбылысын, сондай-ақ идеялық сипаты мен принципті құрылымын, деректі оқиғалары мен мәдени байланыстарын, саяси фактілерін, заңды және моралдық көзқарастарын, инновация және технологиялар құрылымын, тағы басқа да ғылыми концепциялы жүйелерін кезең кезеңімен бейнемәтіндік «кезеңсөз» ерекшелігімен қарас-тырады.
Соған лайықты да салмақты мәтінсөздің ерекше дыбыстық формасы анықталады. Заманның көркем бейнеобраз туындысынан, бейнефилософиялық ұғым тудырып, телеобьективтілікпен, дербес бейнекадр қозғалысымен рухани және материалдық қалпын ақиқат фонымен, тіпті жанама қимыл әрекетімен (режиссерлық қойылым мағынасында) бейнетанудан ойтануға дейін таратып, зерделейді. Осы тұрғыда жетекші көркем құрал рөліндегі мәтін дыбысталғанда эстетикалық фон туындайды. Осы факторлар көрермендерді «ақиқат пен аңызға» жетелеп отырады. Бұл телетуынды немесе телехабар технологиясының негізгі шығармашылық танымын арттырары сөзсіз. Олай болса;
Мәтін – журналистің, яғни шы-ғармашылық өнердегі автордың өзіндік қолтаңбасы.
Мәтін – оқылғанда әртүрлі дыбыстық, дауыстық формаларға ұшырап отырады.
Мәтін – жазу үлгісіндегі ақ-параттық сөз тіркестері. Жазу деген – өнер, тәрбие, үлгі өнеге, үгіт-насихат, тәжірибесі мен тә-лімгерлігі тең жарасқан тамаша графикалық ою-өрнек. Жазу – сөз өнерінен туындайды. Телеақпарат үлгісінде мәтін жазу бейнекадр қозғалысына бағындырылып, композициялық мәнермен бүтін-деледі.
Мәтін – құбылтып сөйлеудің үндестігімен тұтастанады. Оның психологиялық теориясы көрермен не тыңдарман санасына жүйеленіп түсіп, зерделеніп жатады. Осы ретте, Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңіне жүгінбеске болмас.
«Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған;
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас»,-деген жолдардың ақиқаты – тілмен буылған сөз құдіретінің шексіздігіне күмән жоқ. Өрнекті сөзді кестелі жазу үлгісімен өрімдеп, мәнерлеп оқысақ керемет дыбыс пайда болады. Сонда жазу мен дыбыстық қатынастың үндестігі дауысталғанда эсте-тикалық сезім, әлеуметтік таным тудырады. Бұл жәйт – бейнекадр сыртындағы өлеңсөздерде, дәйек-
сөздерде, дәуірсөздерде, заман-сөздерде, шешенсөздерде жиі ұшырасады. Сондай-ақ тікелей телетуынды барысында да басымдыққа ие болуы шарт.
Бұдан шығатын қорытынды ой сабақтастығы – бүгінгі рухани дамуымыздың сипаты кешегі күндердің табиғи жалғасы және сол кезеңдер жасаған мәдени құндылықтардың жаңаша өріс алуына жетелейді. Бұл сана мен ой жүйесіндегі рухани бастаулардың негізгі бірлестігі әрі тарихи дүниелердің дәуірлеуін таныта отырып, оның сан алуан сырларынан ақпарат береді.
Кез келген телехабардың мәтін-
делуі оның дыбыстық формасына тікелей тәуелді. Себебі, көрермендер тарапынан аңға-рылып жататын кереғар пікірлерді біржақты сараптауға болмайды. Телехабардың тақырыбы мен мазмұны, дыбыстық жіктелуі сәйкестендірілмейінше оның әлеу-меттік сипатында қайшылық тудыратын кемшіліктер көрініп тұрады деген сөз. Яғни,телехабардың берілу формасы әрқилы болға-нымен, ол жүйелі эстетикалық талаптарға сай бірлігін сақтамаса, қызығушылық пен сұраныс азайып, қарама қарсылық ұлғая береді.
Сапасыздық қайталана берген сайын,телехабар танымдық құрылымынан айырылып, теле-
көрермендер мен хабарға қа-тысушылардың белсенділігі төмендейді. Демек, телехабар әзір-леу процессіндегі енжарлық телеарна имиджінің құлдырау факторына айналады.
Әсілі, көрермен көпшілік пен телестудияға шақырылған қонақ-
тардың рухани немесе материалдық, инновациялық дү-ниеге деген көзқарасын өзгерту үшін тұрмыстық мәдениет пен әлеуметтік қоғамдастығына көп
мән берілуі тиіс. Адамдарды әртараптандырып жібермей, «жұ-
мыла көтерген жүк жеңіл» кейпінде ұжымдаса алатындай, идеологиялық бағыт ұста-натындай иірімге тарту абзал. Көрермендердің эстетикалық ой қозғалысы, логикалық бейне-көріністермен сабақтасып, сана кеңістігінде самалдасып жатса телешығармашылықтың поэ-
тикалық өрісі ашыла бермек. Осы мәндес телемәтіндегі сөзбаян – өйбейненің өзегіне айналып, көрерменнің ішкі рухани интеллектісі тұтастанады. Яғни, интеллект – рухани тұтастық деген ұғымды білдіреді.
Телехабар – даУыс пен дыбыстың психологиялық аспектісі

Дыбыс ертеден келе жатқан құбылыс. Жаратылыс әлемінде дыбыссыз дүние жоқ. Тіпті тылсым тыныштықта адам құлағында дыбыс тұрады. Бірақ, оның естілуі әрқилы. Күнделікті тіршіліктегі шудың өзін біз дыбыс арқылы ажыратамыз,танимыз. Сонда дауыс пен дыбыстың айырмашылығы неде? – деген сұрақ туындайды. Дейтұрғанмен, аталмыш ұғымдардың бір-біріне ұқсастығы мен ортақ қасиеті елеңдеушілік тудыратынын ескерер болсақ, бұл мәселені төмендегіше қарас-тырамыз;
– біріншіден; дыбыс – өмірдің табиғи кескіні.
– екіншіден; дыбыс қоғамдық орта қозғалысы.
– үшіншіден; дауысты өзгертуге болады.
– төртіншіден; дауысты муль-
тимедиялық элеметтермен құрас-тыру мүмкіндігі бар.
– бесіншіден; дауыс пен дыбыс адам санасына әсер ететін энергиялық А +В витамині тәрізді жұптасқан белгілер.
– алтыншыдан; дауыс пен ды-
быстың ерекшелігі оның табиғи жаратылыстығында және есті-луінде.
Дыбыс болмаған жерде тір шілік жоқ, дүние беймәлім. Дыбыс – қозғалыс пен тіршілік белгісі. Ал дауыс әріптерден құрастырылып, сөз бен сөйлемнің сапалық сипатына енері анық. Дыбыс пен дауыс түсінісу, тілдесу құралы. Сондықтан:
– біріншіден; дауыспен, дыбыспен образдау, суреттеу – өнер.
– екіншіден; дауыспен көркем-деу кескіні жасалады.
– үшіншіден; дыбыс пен дауыстан ырғық пайда болады.
– төртіншіден; Дауыс пен дыбыстың ортақтастығын өңдеуге болады. Мәселен, жіңішкертіп, ұзартып, қысқартып,тағы басқа эксклюзивті технологиямен ың-ғайға келтіріп жұмсартылады.Сол себепті де дауыс пен дыбыстың түпкі қасиеті – табиғи өнер.
Ал өнерде дауыс пен дыбыстың жұптасуынан графикалық түсінік туындап, әуен, үн және мәтіндік сабақтастық пайда болады. Расында өмірде іс-әрекет пен қозғалыс біткеннің бәрі дыбыс құрамдастығынан пайда болады. Соның негізінде мынандай тұрақты шешімнің тұтастығына қол жеткізе аламыз:
– біріншіден; ой ұшқырлығы.
– екіншіден; мәтінді жедел жазу.
–үшіншіден; сөздік қор.
–төртіншіден; сөйлемді құрас-тыру сауаттылығы.
–бесіншіден; қорытындылай бі-лу талабы жүзеге асырылады.
Демек, дауыс пен дыбыс, ой мен сөз біркелкі жұптасып, жұмырланып, сөйлеу мәдениетінің тұтастығын құрайды. Дыбыс пен дауыстың белсенділігінен ауқымды көркем образ толғанысының туындау жолдары пайда болып, (аудиотрек) психологиялық тербеліс категориясы пайымдалады. Дауыс естілу арқылы дыбыстық формаға айналады да адамдардың эмоциялық сезім толқынына әсер етеді. Мәселен, әншінің дауысына таңданыс тудыру, түрлі дыбыстық фонға айналған дауыс пен дыбыстың сабақтастығынан туындаған көркем құбылыстарға еліктеу сүйсіну эмоциясын қозғайды. Яғни, кез келген әуеннің графикалық иірімдері мейлі жағымсыз, не жағымды болсын физиологиялық қабылдау процесін тудырады.
Ал жазу мен ой сабақтастығынан туындайтын сөйлемнің, адамның ішкі физиологиялық ақпараттық әрекеттестігін қамтуындағы құрам-дастықты қалай пішіндейміз. Яғни, осындай дискурстық элементтерді саралай отырып, мынандай қорытындыға тоқталамыз:
– біріншіден; дұрыс ойдың жетегімен тақырып таңдаймыз.
– екіншіден; түсінікті де шымыр жазудың нәтижесінде мазмұнды ашамыз.
– үшіншіден; айшықты дауыспен оқу арқылы санаға сіңіреміз.
– төртіншіден; мәнерлі айту әдебімен шешендікті игереміз.
– бесіншіден; сөз бен дыбыс қайтуы жоқ процесс. Сондықтан, ой мәртебесін сақтау үшін сөздің нақтылығы мен сөйлемнің көзқарас тудыратын мақсаткерлігі айшықты дыбысталуымен идеологиялық сипат алады.
Сөз адамның ұлттық рухани ортақ қазынасы болғандықтан, тыңдарман мен көрерменнің, оқырманның ішкі әлеміне әсері мол. Яғни, дауысталып оқылатын мәтін мен айтылатын сөзді қабылдау психологиялық механизм. Бұл үздіксіз процесс. Оқу мен айтудың, сөйлеу мен баяндаудың барысында көпшілік тарапынан сауалдар пайда болады. Мұны рухани үндестік, телесөзгер мен тыңдаушы арасындағы дыбыстық қатынас дейміз. Демек, бұдан ойлау қызметі туындап, болжамдар мен ұсыныстар түседі. Айту мен сөйлеу, сөйлесім мен тыңдалым әрқырлы болғанымен бірте-бірте өрбіп, қоғамдық деңгейге, әлеуметтік мәселеге көтеріледі.
Сондықтан да сөйлемнің ыр-ғақты дауысталуынан, әсерлі дыбысталуынан эстетикалық, се-
зімдік, интеллектуалдылық, рухани, мәдени пікірлер пайда болады. Демек, әр сөйлемнің құрамындағы сөздердің дыбыстық өлшемі, дауысталу гипотезасы, қоршаған ортаны тануға, қабылдауға, білуге, анықтауға деген құштарлықты оятады.
Сөз қадірі – өнер қадірі. Сол себепті дыбыс пен дауыс егіз компонетті. Ал, оны компьютерде өңдеу мен әрлеу экпрессивті реакция тудырып, тыңдарман мен көрерменге тез ықпал жасап, ықылас-құмарын арттырады. Кейбір жағдайда эстетикалық се-
зім тудыратын дауыстың эмо-ционалдығы нысанаға (обьект) тікелей жылдамдығынан үнсіздік әкелуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Мұндай жағдайда сөйлеушінің тосылуы заңдылық. Ойсыздықтан сақтану, қателесуден сақтану, қате сөйлеп, дағдарысқа түспес үшін ойланып сөйлеу әдептілікке жатады. Тосылып барып, толқып сөйлетіндер кей жағдайда ашығын айтады. Мысалы, күннің көзі мен адамның жанары мөлдір. Сол мөлдірліктен жарық дүниенің шындығын көресің. Осы тәріздес ортаға түскен ортақ ойдан, бір ақиқаттың түсі анықтала түседі. Ол үнсіздіктен туындайтын ой таралымы.
Демек, телеарнадағы студияға шақырылған қонақтың немесе телесөзгердің тосылуын үнсіздік дейміз. Үнсіздік дегеніміз – ой мен уақыттың бірлігін құрайтын сюжет болып есептеледі. Яғни, үнсіздік үзілісінде ой процесі жүреді. Мәселен бір кездері КТК телеарнасынан берілетін «Кто возьмет миллион?» теледуман хабарынан осыны анық аңғардық.
Себебі, дыбыстық, бейнелік сипаттар күшейіп, адамның көз алдына жанды сурет пен қимыл іс-әрекет елестейді. Содан барып нақты деректерді, шынайылықты көркем обьектіге, образдарға жақындатады да сендіруге тырыса сөйлейді. Дауысында ерекшелік, ұмтылыс ырғағы аңғарылып, үміт пен қуаныш немесе өкініш пен әттеген-ай жаңғырыққа айналады. Сөйтіп, күрделі тығырықтан шығып, еркін байланысқа жол ашылады. Мұны дауыс пен дыбыстың, ой мен сөйлемнің дискурсы деуімізге болады.
Нәтижесінде біз құбылыс пен үнсіздікті қиялдан бөліп алып, ой жетегімен шынайылыққа әке-леміз. Бұл радиохабар дайындауда, телеөнім шығармашылығында кездесетін үлкен католог, яғни, үйлесім болып табылады. Алайда, кез келген телерадиохабар компьютермен жазылып өңделеді. Мұны техникалық көркем бас-қарылым дейміз. Бірақ, компьютер құрал болып есптеледі. Ол мотивтік сызықтардан тұрады. Эпизодтардың тіркесін жасайды. Ал, шынайылық пен шындық өмір құбылыстарынан, дауыс пен дыбыстың қатынасынан өрбиді.
Мәселен, дыбысты есту арқылы елеңдейсің, құлақ түресің, ал адамның дауысына мән беріп, оның биологиялық гармондығына назар аударасың. Себебі, сөйлегенде дауыс бөгетке ұшырап, құбылып шығады.
Бұл кезде адамның ауыз қуы-сында химиялық зат алмасулар процесі жүреді. Және әріптердің қосындысынан сөйлем дыбыстық температураға ұшырайды. Айта-лық:
–адам тоңғанда – қалтырап;
–қорыққанда – дірілдеп;
–ұялғанда естілер -естілмес шығады. Демек, дауыстың сұйық-тық моллекуласы ауыз қуысындағы химиялық элементпен де тікелей байланысты. Мысалы адамның:
–түкірігі шашырап;
– жөткірініп;
–тұншығып;
– ауызы құрғап дыбыстық ке-дергілерге ұшырайды.
Әсілі дыбыс пен дауыстың ырғақтылығы көкейге қонып, телекөрерменнің, тыңдаушының санасына қозғау салары сөзсіз. Демек, сөздің ырғақтылығы сөй-лемнің толық қабылдануына ғана емес оның маңыздылығына да әсері зор. Жай ғана айтыла салған сөз бен ырғағы басым сөйлемге дауыстың зорайтқыш, құбылту элементтерін пайдаланып, нота-лық қалыпқа ыңғайластырсаң оның әуезділігі басым, естілуі әлдеқайда айқын көрінеді. Мұны телеарнадағы ақпараттық жанрға тән әрі көңілашар, шоу бағдарламаларының сұранысы деп бағалаймыз.
Сөйлем мен сөздің ырғақ-тылығы энергиялық құрамдастық қысыммен сыртқа естілгенде түрлене бастайды. Сондықтан да орынсыз сөз қадірін қашырып, көп сөйлеген телерадиохабар айта-
шысының даусы булығып, өз-гелерге озық үлгі бола алмайды. Ойын орнықты, нақты, сөйлемге сәуле түсіріп, ерекше дем беріп сөйлегенде дауыс ырғағы мен сөз тіркестері мөлдіреп түседі. Демді толық ішке тартқанда дауыс өкпе қысымымен ауыз қуыстарынан өтеді Бұл мезетте айташы сөйлемнің дыбыстық қатынасын диафрагммалық ретке келтіріп, алуан толқынды реңді дауыс орнықтырады, яғни, жағымды үн, жайлы отырыс, жылы ықылас қалыптасады.
Техникалық үрдісте диафрагмма түр мен түстің, жарық пен сәуленің теңдік анықтауышы. Айталық, бейнетүсірілімде бейне-камераның бейнеорнықтыру, бей-неіздеушісі ретінде нысананың дәлдік сипатын ашады. Ал, сөйлеу дағдысында диафрагмма тыныс жолдарының қызметін оңтайлап, дауыстық фонның құбылысын автоматты басшылыққа алады. Мұнда адамның кеуде қуысындағы ағзаларды пайдаланудың меха-никалық формасын меңгеруге икемделеміз. Себебі, дауыс, сөз бен сөйлем – дем алу мен дем шығару механизмдерінен пайда болады. Ал, тыныс алу – тыныс ағзалары арқылы өтетін атмосфералық ауа. Телехабар немесе радиохабар әзірлеуде айташы не телесөзгер яғни, хабардың жүргізушісі сөйлегенде дыбыс пен ауа қосарланып шығады. Яғни, сөйлем әріптер мен дыбыс құрамының вокализмі.
Демек, ойдың айшықтылығын, дауыс пен дыбыстың табиғилығын – еріндік пен езуліктен пайда болған әріптердің жұптастығынан, сәулетті дауыстың ырғағынан, құбылмалы фонынан табамыз.
Мәселен, «Қазақстан» телеар-насының кейінгі күндеріне көз жүгіртсек, журналист қызметкері Дана Нұржігіттің «Дара жол» телехабарының студиялық бір шығарылымына тоқталайық
Хабардың негізгі кейіпкері – Жүрсін Ерман «айтыс халықтың жүрегінен орын алды» дегенде журналист – Дана Нұржігіт іле -шала «олай болса экранға назар аударайық», – деп көрермен көпшіліктің назарын Нұртілеу Иманғалиевтің бейнесұхбатына аударады.
«Күнделікті бір әңгімемізде Жүрсіннің, «Бақытжамал екеуіміз бала-шағамызды тәрбиелейміз деп жүріп, бір-бірімізді тәрбиелеппіз» деген сөзі бар еді, рас па, Жүрсін?!», – дегенде кейіпкеріміз күліп, басын изеді. Ой әрекетін құбылтуда сөз бен сөйлемнің қабысуы мағына тудырып қана қоймайды, мазмұндық бояуын да құлпырта түседі. Нұртілеудің ойын биік мақсатта ұстап тұрған құпия эмоция, ой бірлігінен тараған дауыстың қоюланып, дыбыстық әсермен астасуында.
Әлбетте, телесөзгердің өзін еркін ұстауы, сөз саптауы сауалдасумен ғана емес, әңгімелесе білу кәсібилігімен ұштасып жатты. «Жетпісінші жылдардағы қоңыр үнді сағындық», — деп Жүрсіннің зайыбы Бақытжамалды да студиялық сахнаға әдеппен көтерді. Тамаша эстетикалық көрініс,тартымды сипатымен өріле береді. «Жүрсін Ерман десе көрерменнің есіне айтыс түседі», – дейді хабардың жүргізушісі Дана Нұржігіт.
Демек, қалың жұртшылықтың қалауын тапқан Жүрсіннің дара жолын Дана да тап басып отыр. Сөз бен ойдың даралығы да тұлғаланып, телеобраздылық туындысымен кәнігі журналистің кәсіби биігін танытып, көрермен халықтың да қызығушылығын тудырды.
Қайбір жылдары «Хабар» арна-сының бас продюссері Ринат Кертаевтың 7 күн ақпараттық ап-талық сараптамасы шығып тұрды.
Қоғамдық индустриялды — инновациялық құрылымдардың бюджеттік қаражат бағдарламасын және стратегиялық даму ресур-
старын инфографикалық негіз-де дәлме-дәл деректермен қарас-тырып беруді мақсат етті. Ірі инновациялық маңызы бар жоба-лардың құрылыстық нысандарын әлеуметтік экономикалық тұрғыдан талдау жасады. Нәтижесінде телесөзгердің кәсіби деңгейі мен қабілет дарыны көрерменін тапты.
Демек, қорыта айтқанда қоғам-
дық даму стратегиясының не-гізін құрайтын процесс – адам-
дардың әлеуметтік қарым қаты-насындағы әлеуеттік идеялар мә-дениетінің жиынтығын насихаттау, идеологиялық тұрғыдан да телеайналым өнімінен табылмақ.
Қайсыбір телеақпар мен телесюжет, телехабар мен тележиынтық шығармашылықтарының негізгі арқауы, көрермендермен сырлас, пікірлес, ұғымдас болуы, қоғамдағы моралдық талаптардан туындайды деген сөз.
Олай болса, қайшылық тудыратын қиғаш қылықтар мен оғаш пікірлердің жетегінде қалып, ой-қамаққа түскен кейбірлердің санасына тұздық, сабасына мұздық құйятын да, рухани күш қуат сәулесін себезгілейтін де теледиология мен көзбе көз бейнелогиялық орта – телевизия.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *