Жеркіндіктің жарасы Жеркіндіктің жарасы
Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. КазГУ-дің журналистика факультетін, ҚР Министрлер кабинеті жанындағы басқару академиясын бітірген. Халықаралық Ақпараттар Академиясының академигі. Қазақстан – Ливия Жамахириясы... Жеркіндіктің жарасы

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. КазГУ-дің журналистика факультетін, ҚР Министрлер кабинеті жанындағы басқару академиясын бітірген. Халықаралық Ақпараттар Академиясының академигі. Қазақстан – Ливия Жамахириясы Достық қоғамы төрағасының орынбасары. Комсомол, кеңес, әкімшілік қызметтерде жауапты қызметтер атқарған. Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданының, Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Құрметті азаматы.

 

Сыр бойын ұйқы-тұйқысын шығарып жататын борпылдақ ақ шаң биыл жуасып қалған. Жында үрме жел де тиылыпты. Иіген сүтке шыққан шөп айналаны басып кетіпті.  Топырақ бетінде шашылып жатқан шіл мен құрдың құмалақтары қою қара, майлы, қыстан қоңды шыққандарын байқатады. Көртышқандар дымқыл топырақты сыртқа шығарып індерінің аузына үйіп кетіпті. Бұл  індет жайлаған үш жылдан кейінгі алғашқы көрініс. Соңғы үш жылда Ресей ғарышқа зымыран ұшырудың арасын сиреткен. Көршімен арадағы соғыс та қолдарын байлаған сыңайлы. Мұның бәрі қазақтың пайдасына кәдеге асып тұр.

Өткен күн бұрынғы өкініштерді жоққа шығара алмайды. Ол неден шығыпеді? Себебі, оның ащы зардабын ұмыту мүмкін де емес. Бұдан ілгерірекғарыш айлағына орналасқан халық арасында қату шу шыққан. Бұл жолғышуды әскерилер өздері бастады.

-Әй, солдаттың ботқасын жеп үйренген мақұлбайлар-ай, көресіні сендерден

көретін болдық ғой, — деді Алпысбай ағамыз есік алдындағы күн көзінде жатқан ыстық тастың үстіне жамбасын төсей жатып. Сол жолы ауылға орталықтан бір топ солдат келді. Араларында өз балаларымыз да бар. Құдды ауыздарына түкіріп қойғандай, бірін-бірі қайталайды, бәтшағарлар.

— Шу шығармаңдар, ракета құлағанмен, май төгілген жоқ. Адам өлімі де, мал

шығыны да жоқ, қазір тексерілу үстінде деп, міңгірлеп бірдеңе айтқан болды

арасындағы шенді офицер. Алқынып, жұлқынып тұр. Оны итім білген бе,бізге оның шындығын дәл бүгін айтпасы анық. Сезікті бұрын секіреді дегендей, бұлардыкі не, мұндай апат екі күннің бірінде болады деп есітуші ек, соған қарағанда бірдеңе болған-ау, сірә? Ауылда әңгіме көп. Жергілікті биліктің адамдары да, беделдіақсақалдардың үйлеріне үй бірінше кіріп жүр. Шамасы, халық көтеріліп кетеме, — деп алаңдайтындай. Несі бар, көтерілуі  әбден мүмкін. Осы араға айқайы өзінен бұрын жететін Алпысбай ақсақал, Арал жақтан құдалықтан келген бойында көрші-көлемді жинай бастады. Бойында бұрыннан бишікештігі бар. Оның осықылығын білетін жұрт тез жинала қойды. Олардың бұл жиналысына үй-үйді аралап келе жатқан әскерилер де келе қалды. Қызу тартыс басталдыда кетті. Иығына төрт жұлдызы бар әскер басшысы, болған оқиғаныайтып түсіндірді. Өзінің әке-шешесінің осы жерде туылғанын, өзінің де осы жерде мектеп бітіргенін де айтты. Жиналғандардың арасында әке-шешесін танитындар бар екен. Ұшу алаңы мен ауылдың арасы екі сағаттық жол. Ауыл жастарының көпшілігі ғарыш айлағына қатынап жұмыс істейді. Олардың бірлі-жарымы осында жиынға да қатысып отыр.

— Шырақтарым-ау, Ресей қызметшілері  күні ертең алтын бесік, ат байлаған ата қазық мекеніміздің шұрық-тесігін шығарып, қалың орманына кетеді ғой,

қақсайтын біздер, үрім-бұтақтарымыз емес пе? Болат, Айболдар бұл жолы үндемей құтылды. Ол байқұстар қайтсін енді, отбасын асырап отыр. Ангардан Байқоңыр ұшу алаңына күн сайын тепловозбен жанатын сұйық отын тасиды. Кеше Болат кезекті ұшырылатынракетаны «площадкаға» сүйретіп апарған. Жергілікті жұрт ұшу алаңын«площадка» деп атайды. Табыстары тәуір, Байқоңырда жәйлі пәтерлері бар,балалары Ресей мектептеріне барады. Тыныштықты Әуелбайдыңкапитан баласы бұзды. Ол да осы жерде туып-өскен, ғарыш айлағында ротакомандирі болып қызмет атқарады. Бұлардың бәрі Ресей азаматтығына өтіпалған. Ашулы халық олардың міңгірлегенін көтерсін бе, жан-жақтан келіпталасын.

— Өй, иықтарына пагон ілген, «интернационалист» немелер. Шенділердің қырсық шалғанда бізге сендерді жұмсағанын көрмейсің бе? Кейімес, таяқтамас деген айласы болар.

-Шырағым, Әуелбайдың баласы, сен сонда біздің сөзімізді тоқ көріпотырмысың? Бұл топырақта бетімізге күле қарап, сыртымыздан мысқылдапкүлетіндер бар. Өй, көргенсіз, сені сонау Новосібірге оқуға жібергенде, ертең ұлтыңа қарсы шық, деп жіберді ме?! Өмірдің қалт-құлт еткен мәстегінемүсәпір күйде қалғың келмесе, бұл сөзіңді қысқарт енді. Әкеден жыртықболып қалып едің, бүгінде жетілдің, жан-жағың үлде мен бүлдеге малынатүсті. Онымен елді ұмытуға бола ма, тәйірі!? Бұрын есітуші едік, жаныңдатүшкірігіңді аңдитын адамдар болады,- деп. Бүгін осы жерде адамның белікөтере алмайтын нәрсені көтеріп отырсың. Одан да осы жерден бір амалын тауып, ыссылай қауып, опық жеп қалмаудың жолын ізде. Екі ұртындашаласы барлардың дымы ішінде жатады. Олар бітімі жаман ағаш сияқтыбүйректен сирақ шығарып, мейрімсіздігін көрсетіп, көсеу болып түртіп, ішек майын майландыруды ғана біледі. Ел іші болғасын әңгіме көп. Жақында өзішімізден бөліп, Арқаның біраз жерін орыстар сұрап отыр екен деген әңгімешықты. Олай болмайды, бабаларымыз аттың жалында, атанның қомында жүріп қорғаған жерімізді жапырақтап бөліп алуына мына қара халықкеліспейді, оған мына тұрған жеті жастағы немерем де қолына қару алыпқарсы шығады. Білеміз, сен ұзақ уақыт Ресейде тұрып келдің, әдірісі жоқадам қауіпті деген рас екен, сенің қазіргі мына тұрысыңның өзі бізге күмәнтудырады. Осында Ресей азаматтығын алған адамдар көп, мен солардыңбәріне көзқарасым дұрыс емес. Алпысбай ағамыз қатты кетті.Ресей билігі әскерилерді қолдау ретінде осы жерде қызметін адалатқарып, отставкаға шыққанда өз аймағының кез келген жерінен оларға тегінпәтер береді. Сондықтан олар басшылық айдаған жерге қарсылықбілдірместен барады. Бұл үлкен күш. Пұшық мұрынның есесі ернінен шығады, деуші еді, әр тұстан күбіркөбейе түсті.

-Ағайын тынышталайық, сабыр сақтайық, деді манадан әңгімеге араласпай

отырған Сарыбек ағамыз, жиналған елді өзіне қаратып. Адамды өз ойыкісендейді, құлды бәрекелді өлтіреді. Мына екі баламыздың бізге қарсышығайын, деген ойы да жоқ болар. Бұлар әскери адамдар, әскерде бұйрық беріледі, ол талқыланбайды. Оларға не тапсырылды, соны орындап отыр, одан да өз пікірімізді білдірейік.

Ей, капитан тыңдап отырсың ба, тыңдасаң, біздің айтқанымызды басшыларыңа айтып бар. Біз өз қарсылықтарымыздан бас тартпаймыз. Бұдан

былай, әскерилер ауыл аралап, ағаш-тас сатқанын қойсын. Ол қайбір тазадейсің, пайдаланудан артылып қалған, ғарыш айлағы шахтасынан қатерлі сәулеалған құрылыс заттары ғой, оны мұнда әкелмесін. Өзіңе ескертерім: -«Жамандама жеріңді – кірер көрің, жамандама еліңді, шығар төрің», — деген сөзбар, енді осы тойғаныңмен қайт. Ендігі айтылар сөздің үкімі жоқ. Бірақ,жазамен марапат ағайынды екенін ұмытпағайсың. Барар жерің бірер сағаттыңширегіне де жетпейтін мына тұрған жер ғой, сөйт, сөйте ғой…

Ел ішінде әңгіме жата ма, айлақтан келгендер түскі талғажауға кеткенде поселкенің 5 кварталында әңгіме гулеп кетті. Әңгіме неден шықты? Кеше күн ақша бұлттың иығынан сығалап тұрғанда ғарыш айлағынан ұшырылған

кеме өзінің көтерілер шегіне жетпей құлаған. Үрейленген ауыл-аймақтерезелерін қымтап, үйлерінен шықпай жатыпты. Артынан ала құйын дауылкөтеріліп жер-жаһанды жайпап өткен. Бұл қалыпты көз үйренген құбылыс. Сол күні мал өрістен қайтпай қалып, бірен-сараңы іш тастаған. Үйдеомалып отыруға Әлекең көнген бе, дауыл сәл басылған соң, ел аяғыбасылмайтын көшенің көлеңкесі ұзарған тұсына келіп, көрінген жандытоқтатып, жанына жинаған.

-2050 жылға дейін мына көгенкөздер біздің тұқымымызға дейін құртатыншығар? Әлекең 2050 деген сөзді еліміздің Ресейдің Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алған мерзімін меңзеп отыр. Көршіміз біздің еліміздің ғарышайлағын бірлесіп қолдану туралы ұсынысына келіспегені былай тұрсын, мүлік салығы үшін талап еткен 2 миллиард рубльдің орнына 220 миллиондоллардың кері талабын алға тартқан. Не керек, Ресей ғарыш айлағынпайдаланғаны үшін жылына 115 миллион доллар төлеуге келіскен. Осылайша басым-зорлық жасаған. Ал өздері ше, ақшаның исі бойларынасіңіп қалған «Роскосмос» қызметі бір ғана «Протон» зымыранымен шетелспутниктерін ұшырудан соңғы ширек ғасырда 10 миллиард доллар пайдатапқан. Жүн-жұрғасы мен уы бізде қалады, пайдасын олар көреді. Олар ғарыш айлағы аспанын Батыс елдеріне жалға беру арқылы да пайда тауыпотыр. Қазір ол сәл саябырсыған. Көршілер арасындағы соғыстан кейінсалынған санкцияның әсерінен азда болса, топырақ қабаты демалып қалды. Дірілді алғашқы болып, ит-құс сезеді, даланың жабайы аң-құстарының бұл маңнан Арқаға көшіп кеткені қашан. Шіл мен саршұнақтың келуінің өзі жер дірілінің азаюынан құт болып отыр.Оны қойыңыз, айлақта болып тұратын апат ше? Ресейдің «өзім дегендеөгіз қара күші» бар. Осыдан ширек ғасыр бұрын еліміз ғарышты бірлесіпигеру жолында «Бәйтерек» мекемесін құрайық деген келісім жасалды. Улыгептилмен ұшатын «Протон» зымыранының орнына экологиялық тұрғыданзалалсыз зымыран тасығышты пайдалануға келісім болды. Біреуге қараған күн оңа ма, ол жоспар кейінге ысырыла берді, ақыры құрдымға кетті. Ресей өзіне қажетсіз мұндай келісімді құртып жібереді, қиналатын біз. Зымырандар ұшырылғанға дейін, ұшырылғаннан кейін де ғарыш кемесінің құлау нүктелерінен топырақ, ауа, өсімдіктер дүниесі, су сынамалары, қыста қарсынамаларын алып зерттеу жасау бойынша келісім де болған. Бірақ, ол Ереже үнемі бақылауға алына бермеді. Қоғамның экологиялық тұрақты дамуын қолайлы деңгейге жеткізу үшін қоршаған ортаға техногендікықпалын азайту жұмыстары да ашық жүргізілмеді.

Соңғы алты жылдазымырандар қисапсыз көп ұшырылған. Олардың ішінде «Протон – М»зымыран тасығышы бірнеше рет құлап, даламызды гептилмен улап кетті.Аймақта ғарыш аппараттары құлайтын жеті жер аумағы бар. Мұндай кездежанбай қалған жанармайлар топырақ қабатына сіңіп кететін көрінеді. Бұлхалықтың білетіні, ал білмегені қаншама?!Мұндайда Әлекең үнсіз қалған емес, айтады, айтқанда да батырыпайтады. Оның сөзін аңдып, айналасынан шықпайтындар көп. Бірақ ол сөзінөзгерткен емес.Бұл өңірде жылдың 365 күнінде топырақты жын қағып тұрады. Бүгін де шаңқай түсте өңірді ақтүтек ала шаң торлап алды. Алакүлік мезгіл ғойдескен. Соңғы ширек ғасыр бұл далада жылдың төрт мезгілін көру арман. Бұл топырақтан жорытқан аң мен ұшқан құстар да безіп кеткен.Өйткені, топырақ беті қарақошқыл май дақтары. Майға былғанып, иістеніп кеткен құрт-құмырсқаны қара торғайлар да теріп жемейді, қасіреттен сескеніп қонбайды да. Өткен ғасырдың 60-шыжылдары жыл мезгіліне қарай табиғат құбылып, түсін өзгертіп тұратын. Қазір соның екі мезгілі ғана қалды. Аймақта қоңыр қос мезгіл — көктем менмәңгілік күз құдандалы болып алған. Жаздың аптап лебі, жер майын бықсытып, топырақ суырған жел үдеуін тоқтатпайды. Қыс көрмегелі қай заман. Қылымықтап түскен қарды құдайдың құтты күні ұры  жел суырып, сусытып Арқаға айдайды, қалғанын күн кеміреді. Адам ағзасы табиғат нәрін сезінбейді, қуатын сіңіре алмайды. Үй бірінше сырқат жандар. Ғарыш айлағында жортқан аң мен құсты да, құрт-құмырсқа іздеп әуеде қалықтаған құсты да көрмейсің.

-Ағайындар, деді Әлекең, тарап жатқан елді іркіп: Жақында аудан әкімінің халықпен кездесуі болады. Сол кездесуде өздеріңді мазалаған мәселелербойынша сұрақтарыңды қойыңдар, ештеңеден қаймықпаңдар, ақыры бастан қаншықты, аянып қалмаңдар. Бұл біздің ұрпағымыздың амандығы үшін керек. Рас, үкімет экологиялық төлем төлеп отыр, оны жоққа шығармаймыз.  Өзге аймақтарға қарағанда, халықтың әжептәуір табысы бар. Бірақ төлем төлейдіекен деп, түйеқұс құсап басымызды құмға тықпаймыз ғой, шындықты дәлелмен айтыңдар. «Жабу астында жал қалады, жал қалмаса,жан қалады» — деген бар, сол кездесуге аяғы саулардың бәрі қатысатын болсын.

Үш күн өткен соң, әкіммен қайта кездесу болды. Халық көп жиналды.Халықтан гөрі әкімдіктің бүкіл қызметкерлері осы жерге көшіп келгендей. Әкім өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алда істелетін жұмыстар туралы есеп берді. Оны тыңдағандар аз болды, әйтеуір, бәрі қалта телефондарыншұқылап отырды. Бір кезде сұрақ берушілердің жарысы басталды. Кезек Әлекеңе де келді. Әбден дайындалған сияқты. Бір жөткерініп алды да:

-Айналайын әкім балам, тура қарауға көзіңді, қайталап айтуға өзіңдіқимай отырмын. Өткен кездесуде бір әңгімені құлағыңа салып едік, оданхабар болмады. Мен түсінемін, ол ұзақ зерттеуді қажет ететін болар. Бірақ, халық оның себебін білгісі келеді. Өткенде Байқоңыр ғарыш айлағындаболған қайғылы оқиға немен аяқталды? Біз сөз етіп отырған жеті боздақтыңбесеуінің соңында қалған 10 жетім мен 5 жесірдің көз жастарының салмағыненді кім көтермек? Ең болмағанда ғарыш айлағында қыршын кеткенжастардың өлімі неден болды, соны білуге қақымыз бар шығар? «Алла пұлсыз жаратады, құнсыз алады»,- деген осы десек те, жұмыс әрекетінің кесірінен болғанөлімге жауап беретін біреулер баршығар? Бұл жолы да дәл қайталанып отыр. Әр нәрсенің жауапкершілігі болу керек. Алды – 41 жаста, кішісі — 23 ақ жаста, ат жалында жалындаған,қайсарлық танытатын өр шағында сары бала мен қара қазанның қамы жолында олар айлақ орнында мезгілсіз қыршынынан қиылды. Артында аңырап ата-ана, жесір мен қаншама сәби жетім қалды. Иллахи, оларелі, туған-туысы барда жетім атанбас. Бірақ олардың көкірегіндегі әкегедеген өмірі шөлі қанбас сағынышын, жүректеріндегі қанша сүйсе де құмарыбасылмас сүйіспеншілігін енді қайтып орната алмасымыз анық. Боздақтардың өлімін сол жолы бүкіл аудан естіді. Атам дегізген өлім бұлжолы ботам дегізді. Жеті бірдей боздақты ақтық сапарға шығарып салғандабүкіл халық ботам-ау, деп егілді. Сол жолы Сырдария жағасындағы тарихиҚазалы қаласының 8 мың тұрғыны өз жерлестерін азалы шерумен шығарыпсалды. Олар Байқоңыр ғарыш айлағының 112-ші алаңында болған апат салдарынан қазаға ұшырады. Халық бейкүнә жастарды мәңгілікке аттандырып, шерден көкірек айырды, көз жастары төгіліп қошайтысты.Боздақтар ата-аналарының рұқсатымен жергілікті жердің басшыларыныңұйымдастыруымен бір ортақ қорымға жерленді. Отбасын асырау мақсатында опат болған қыршындар рухани үндесіп жатсын деген болар, бірінен-бірін айырмаған да дұрыс болған іс десті.

Бұл Байқоңырдағы бірінші апат емес. Байқоңыр ғарыш айлағы әлем назарын тағы да өзіне аудартты. «Тұяқ терлеп, қой күйлеп» тұрған кезде алақұйын дауыл тұрып, сынақ монтаждау комплексінде орналасқан №112-ші ұшу алаңының төбесі «белгісіз себептермен» құлап түсіп, алапат апат болды. Апат кезінде кешеннің шатырын күрделі жөндеуден өткізу қамындажүрген 7 бірдей атпал азамат мерт болды. Ресей сарапшыларының айтуы бойынша оған «үздіксіз соққан қатты дауыл» себеп болды-мыс. Үйінді астында қалған адамдарды іздестіру де желдің әсерінен мүмкін болмай қалған.Ғарыш кемелері тұратын аңғардың жалпы биіктігі 80 метр. Мұншама биіктіктен құлаған тірі пенденің аман қалатынына сенбесек те, ойымыздыңәлденеге күдіктенетінін жасыра алмадық. Жалпы, бұл өңірде жылдың 365күнінің 364 күнінде алай-дүлей жел тұрады. Алайда, оған қарап жатқан елжоқ. Желсіз күні басы ауыратын жергілікті халықты мұндай апатпен үркітеде алмайсың. Себебі, ғарышқа байланысты аса құпия болып ұсталып келгенжәйіттердің өзі жариялылық кезінде белгілі болып қалған. 1960 жылдары керамзит-бетон құрылыс материалдарынан тұрғызылған ірі комплексті әрбір10 жыл сайын жаңалап тұру қажет екен. Ашық аспан астында сүйек-саяғынкүн жеп қойған алып ғимарат иінінің босап қалуын мамандар тексермеген. Сырдың бойы үрген желдің аузында ұйысып жүретін ұлпадай ақ шаңдақ емес пе? Темір-бетонның сүйек саяғына дейін жел жеп қойса керек. Осыдан ширек ғасыр бұрын бұл жерде ғарыш кемесі жинақталып, сынақтан өткізілген. Иә, бұл Байқоңырдағы алғашқы апат емес. 42 жылбұрын осы ғарыш айлағында жойқын апат болған. Бірнеше ондаған адамныңөмірін қиып кеткен сол апат ұзақ уақыт халықтан жасырылып келді.Құрамында КСРО Қорғаныс министрінің орынбасары, Ракета әскерлерініңбас қолбасшысы, артиллерия маршалы Неделин бар сол қайғылы оқиғаданкейінгі бұл үлкен апат болды. Сол тұста апаттан 100-ге жуық адам қазатапқан болатын. Олардың бәрі ғарыш кемесінің көкке көтерілген кезіндеболған алапат жарылыста отқа жанып кеткен болатын.Апаттың айтып келмейтіні рас. Әйтсе де, сақтансаң, сақтармын дегенимани қағиданы ұмытпағанымыз абзал. Өткен-кеткен ғарыш тарихына көзжүгіртсек, КСРО Марсқа сегіз мәрте зымыран ұшыруға талпыныпты. Алайда, оның тең жартысы қол бұлғар жерден апатқа ұшыраған. Айға беттүзеген төрт зымыранның екеуінің желкесі қиылған. Тағы да сол 60-шыжылдары айға жол тартқан зымыранның Жер-Анадан көтерілмей жатып,ішек-қарны ақтарылып, айналасындағы стратегиялық маңызы барнысандарға көп залалын тигізіпті. Мұның бәрі енді ғана белгілі болып отыр.Сол жолы апат алаңына Сыр өңірінің әкімі жедел жеткен. Алайда, олоқиғаның нақты ортасына бірден жіберілмей, тосқауылға тап келген. КезіндеҚызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған ЕркінӘуелбековтің Ленинск қаласының басшысын өзіне шақырып, бірнеше сағатқабылдамай, есік алдында қаңтарып қойғанын еске салуы оның жан ашуыеді. Бәтшағарлар осыны еске алған сияқты. Қарымтасы болар, өйтпесе, орысбола ма? Содан бері ширек ғасыр әскерилер осы жерде тұрақтап келеді.Оларбірі келеді, екіншісі келіп, ойындағысын жасап жатады.Биыл ылғал көп түскенмен, шілдеге аяқ басар тұста күн қайнап кетті. Былтыр халық малына шөп іздеп, арқа мен батыс аймақты кезіп кеткен еді.Алты айда жерге бір тамшы көз жасындай жаңбыр түспеді. Аспанның жаныдаладағы аңға да ауырады. Өмір кімге жеңіл, кімге ауыр? Осы даладан жетіқабат жер астындағы тышқандар да қонысын аударып кеткен. Олар иісалғыш, алдағысын болжағыш мақұлықтар. Жердің жеті қабаты құрғапкеткен. Өткенде көрші үйдің төбесінде байқыздың қонақтап отырғанынкөрсем, бүгін сол үйдің шатырында жетім құстар отырғанын байқадым.Қатарымыз түсіп қалған тістей сиреп қалды. Осы ауылда дастарқанға батақайырар ақсақал қалмады. Жаңағы байқыз отырған үйдің жыл аралатып,төрт бірдей арыстай азаматы дүние салды. Соңдарында әлі ит көйлегінауыстырып үлгірмеген азаматтардың жеті жетімегі қалды. Міне, бүгін кіп-кішкентай шағын ауылда зіңгіттей қос бірдей жігіт мойнына арқан салып,дүниеден бәз кешті. Жыл сайын «киіктің көт жуары» кезінде осы оқиғақайталанады. Оның себебін, сәуір, қазан айлары аралығында айлақтанұшырылатын ауыр кемелер кінәлі деп ойлаймын. Осыны зерттеген адам барма? Неге осы екі айда аппараттар шамадан тыс көп ұшырылады? Бұған Үкіметтік тұрғыда ойлану керек. Көктен жаңбыр таңбауы да осыған келіп тіреледі. Шырағым, қартайған түйе ботасына ереді. Бізден қайран кетті, істіқолдарыңа алыңдар, деп кейіп сөйледі қария.

Әлекеңнің сөзін әкім де, халық та үнсіз, ұйып тыңдады. Оның өткендеқұлағыңа салдым, деген сөзі мынау еді: Байқоңырға Ресейден келетін барлықпоездар жолай Қазалы теміржол бекеті арқылы өтеді. Станция бүкіл БатысҚазақстан аумағындағы көпсалалы өте үлкен бекет. Бұл бекеттен Мәскеубағытынан Орталық Азияның бес республикасына қатынайтын жолаушыларпоезы мен қатар халық шаруашылығына қажетті заттар тасымалданады.Станцияға таяу маңдағы өткізу жолағы он, он екі жол тарамдарынан тұрады. Бірде, Ресейден келген цистерналы ұзын-сонар жүк поезы бірінші жолғавокзал алдына тоқтайды. Жүк поезының адамдар жүріп-тұратын маңға тоқтауға болмайтыны туралы  Ереже бар. Сол жолы осы тәртіп бұзылды. Вокзал алдында тұрған жүк поезының цистернасынан бір тамшы сұйықтықтөгіліп, үлкен жарылыс болды. Дереу төтенше жағдай жарияланып, адамдарқауіпсіз жерге көшірілді. Бекетке таяу маңда орналасқан ғимараттардыңтерезелері шағылып, адамдар естерінен танып қалды. Жұмысшылар үйлеріне жіберіліп, есік-терезелерді қымтап тастау тапсырылды. Болған жағдай құпия сақталды. Осы оқиғадан соң, адамдардың тыныс алу жолдары бітеліп,бүйректің созылмалы сырқаты, бас ауруы меңдеп кетті. Бұл бір тамшы сұйықтықтың әсері. Ал цистерна жарылса ше? Егер ондай жағдайтуындағанда көрші орналасқан үш аудан – Қазалы, Арал, Қармақшы аудандары отқа оранар еді. Құдай сақтап қалды. Арада қаншама жылдар өтседе, оның сыры ашылмады. Сол бір тамшы сұйықтық гексоген уы болғанкөрінеді. Ресейдің көкке көтерілетін ғарыш аппараттарының бәрі улыотынмен ұшады. Протонға қатысты дау тараптар арасында қайта-қайтатуындап, зымыран ұшыруға уақытша тыйым салынды. Әлекеңнің барайтпағы осы еді. Ол оны есіне жақсы сақтаған. Себебі, өзі де станциямаңындағы вагон тексеру мекемесінде жұмыс істеген.Батыр отта піседі. Екі оттың ортасына түсуге болмайды, мұндайда не баскүйеді не аяқ тартылады. Қатер төнетін жебе өз қауырсынынан жасалады.Әлекеңнің нені меңзегені түсінікті. Әкімнің оған жауап бере алмайтыны даанық еді.«Жан қиналса, жақынын іздейді». Әлекеңді ауылда іздеушілер көп.Ақсақал өзін іздеушілерді кеудесінен итермеген. Баласы әйел алса да, қызытұрмысқа шықса да оны іздеп, арнайы алдырып жатады. Бірақ, ол майлы асіштім екен деп райынан қайтпаған. Жүректі ер өз кіндігін өзі кеседі, әділдіккетура қарайды. Әкімдіктен анда-санда келетін қайырымдылық табағына көзінсатпайды, өйткені олардың беретін бір асым күріш-ботқасын өзі де таратыпжүр. Өткенде тасаттық бергенде де сойыстық малын өзі көтерген. Мұндайдажаны кіреді, елді үйіріп, басқосуларда елдік туралы әңгімелер айтады.Тәуелсіздіктің таңы да атты. Жер-жаһан қуырылып қалды. Желдің өтіндетұрған Байқоңырдан орыстар қашып жатты. Ресей әскері етек-жеңінжинастырып, қолына іліккеннің бәрін алып кетіп жатыр екен, деген әңгіметарады. Әлекеңнің тағы тыныштығы бұзылды. Қайтіп қарап жатсын,ертеңіне інілеріне хабар беріп, оларды Көктөбенің атшабарына жинады.Келем деушілердің алдын кеспеді. Күннің кірпігі қызылкүрең тарта бастағанкезден жиналған жұрт шағын төбенің басына сыймай кетті. Хабар кешжеткендер сыйыр түсте бір жетті.

— Ей, жігіттер, бері жақын келіңдер, дауыс үдеткіш жоқ, «жүргісі келмегенқойдың сигісі келеді», неге қашқақтап тұрсыңдар, мұнда жақындаңдар, дедіәудем жерде тұрғандарға қолын сермеп, шақырып.Түнде Байқоңырдағы сенімді азаматтарға хабарласып, ол жақта болыпжатқан жағдайды білдім. Әскерилер өз беттерінше әрекет жасап жатқан көрінеді. Біздің үкімет ойланып болғанша, өз тарапымыздан бізге де әрекет жасау керек. Кеңесүкіметі тарады, әскерилер өз амалдарынша буынып-түйініп отырған көрінеді.Олар кейін қайтса, шекараға жеткізбей жарты жолда амалын тауып бөгеу керек. Қазақтың малының қиын да алып кетуге олардың қақылары жоқ. Анау өзбек, тәжік, түркімен ағайындар көшкен жұртқа қолдарына жекезаттарын ұстатып, қоя беріп жатқан көрінеді. Бізге де солай жасау керек. Бұлжерде тонау керек деген сөз жоқ, бәрін ақылға салыңдар. Егер бұлай істемесек, кешегі сыртымыздан күлгендер, ертең бетімізден тілетін болады.Төсекте жатып ешкім сүрінбейді, сүрінбеңдер. Ертеңгісін аттың ізін, иттің ізіжасырып үлгірмей жатып, жолға шығыңдар. Біздің бұл әрекеттерімізеріктілердің ісі деп біліңдер, әйтеуір ештеңе бүлдірмеңдер. Осы уақытқадейін біз олардың қолын алдық, енді жонын алатын кез келді. Сондықтан, еларасына кісі жүгіртіп, Сексеуілге дейін тексеріп отыруымыз керек. Айлақтағы қазақты түйе үстінен ит қабатын кезден өтіп кеттік, ойланыңдар. Жанқожа батырдың отында піскен жігіттерді жинап, мәміле құрыңдар. Оларға біздің осы топырақтың иесі екенімізді, жапалақтардың бізді үркітеалмайтынын түсіндіріңдер. Ресей әскері осы жерге ту тіккенде уысына қан,кездігіне жан іліп келді. Олар топырағымызға шақырусыз келді, ал біз бұлтопырақта миллион жылдан бері тұрамыз. Біздің ізіміз қардың үстінетүспейді, себебі ол біздікі. Олардың бауын неге босағамызға байлапқоюымыз керек, кетсе, артынан бір уыс топырақ шашатын елдер де бар. Бұдан былай топырағымызды кәпірлерге улатпайтын боламыз.

Сол күнішылбыр қашағанын суға малып алғандай бір топ азаматтар келді. Әңгіменің түпкі мәні анықталды. «Адам күбірін тау естиді, тау күбірінтәңір естиді» деген бар. Айтылған әңгімені Тәңір естіген болуы керек, солкүні көз жанары ояу жігіттердің қарасы көп болды. «Садақаның шелпегіндешер бар, айналайын, ертеңгісін таң шапағы шаңға асылмай тұрып, анауТемірбекті ертіп, еркекқос болып, бірге келерсің»,- деді атқосшы болып жүргенОразбекке. Қарынсау айналма жолдың бәрін қарауылға алыңдар. Анау байдың ауыш баласындай үнемі топырақты көкке шашып жүретін Әбдіразақты да қастарыңа аларсыңдар, деді орнынан тұруға ыңғайлана беріп.

Бәрі Әлекең айтқандай болды. Батыс Қытай, Батыс Еуропа халықаралықжолына еріктілерден үш жерден үш түйінді бақылау қойылды. Көшушілердің қарасы азболды. Әскерилер жақын маңда орналасқан Повольже әскери округына көшіріліпті. Адамнан айла қалған ба? Бақылау-өткізу орындарынан бірағаттық кетті, олардың басым көпшілігі заттарын жүк поездарына күн ілгері тиеп жіберген болып шықты…

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *