ЕҢБЕК ЛӘЗЗАТЫН СЕЗІНУ — ЗОР БАҚЫТ
12.06.2024 0 149
Гүлнәр ИЗТАЕВА
Еңбек бөлінісі – адамзат қоғамы тіршілігінің аса маңызды шарты.
Альфред Адлер
Әр адам бойында қандай да бір әрекетке табиғи икемділік болады. Бір тақырыпқа қызығушылығы, құштарлығы сол бағыттағы істерді оңай істеткізеді. Тіпті мінезі де сол жұмысты орындауға бейімді болып, ол іс өзіне жұмыс сияқты емес өзінің қалауын істеп жатқандай сезеді.
Басқа біреуге қиын болған іс өзі үшін жеңіл де оңай. Сол бағыттағы тақырыптарды бірден қағып алып, іліп әкетеді. Әрі қарай іздену, сол саланы тереңірек зерттеу өзіне қызықты да тартымды.
Сол себепті жұмыс таңдауда адамға ішкі қалауын таба білген маңызды.
Адам өзін қоғамға керекті сезіну үшін сол қоғамға қандай да бір пайдалы әрекетпен айналысқысы келеді. Басқалар оған сол қызметі үшін ақы төлеуге мүдделі жұмыспен.
Сол себепті жұмысты таңдау ке-зінде бірнеше жайтты ескеру керек.
Әрине, мансапты жалақының көп-тігіне, қызметтің мәртебесіне қарай таңдаса болады.
Яғни назарды қабілетіне емес, қыз-меттің дәрежесіне көбірек көңіл бөлу арқылы таңдау.
Егер осындай ықпалды лауазымға қол жеткізсе адам расымен жоғары жалақыға, басқалардың қолпаштауына ие бола алады.
Тек оның бәрі адамның өзіне емес, қызметіне деген қошемет. Биік лауазым көпшілікке жақсылық жасай алатын мүмкіндік.
Егер дәл сол міндет қолыңнан келіп тұрса ендеше халықтың ықыласына бөленгенің.
Ал егер бұл қызметке қойылатын талаптар өзіңнің жан қалауыңа, табиғи икемділігіңе сай келмесе ендеше дау-дамайдан көзің ашылмас.
Айлығың да көп, мансабың да биік, мәртебең де жоғары, өзіңе жал-паңдағандарға шек жоқ. Қолыңнан да келіп тұрған сияқты. Алдыңда істеп кеткендердің әрекетін қайталап жүрсің. Тек бір нәрсе жетіспейді.
Ол іштегі алай-дүлей, қанағат-сыздық сезім.
Соның орнын толтыру үшін ойыңды басқа нәрсеге бөлесің. Жұрттың қолпаштау, жарбақтаған сөзі арқылы өзіңе деген қанағаттанарлық сезімді тудыруға тырысасың.
Не себепті жан-дүниеңде тыныштық сезім жоқ екенін дұрыс ұға білгеніңде ғой.
Жан-дүниеңді тыныштықтан айырған ол өз қабілетің. Бойыңда асыл қасиет бар еді. Сол ішіңде елеусіз қалып кетті. Оған көңіл бөлмедің, бағалай алмадың.
Ол қабілет басқаға емес, дәл өзіңе берілген ерекше қасиет болатын. Бірақ мына қызметте жан-дүниеңнің қалауына назар аударуға мұрша жоқ.
Күнделікті бітпейтін тырбың әре-кет. Сырт көзге, басқаларға өзіңнен асқан табысты, бақытты жан жоқ сияқты көрінеді.
Тынымсыз бір әрекет істеп жүрсің, ақша үсті-үстіне келіп те жатыр.
Тек ішіңде не болып жатқанын біреу ұқса ғой. Басқа түгелі, өзің де жаныңа үңілуді мүлдем қойдың.
Проблемадан шаршадың. Басқаларға деген жеккөрінішті сезім пайда болды. Біреу жалбақтаса, ендігі біреу жер-жебіріңе жетіп жатады.
Мадақ сөзге де құлақ үйренеді. Дәніге бастайсың. Қолпаштаған сөздерге сене бастайсың.
Ендігі жерде біреу өзіңе сыни сөз айтса оны дұрыс қабылдаудан қаласың. Өзіңді сынап-мінеген адам байлығыңды, мансабыңды қызғанып тұрғандай, бар ойы өзіңнің орныңа жайғасуды көздеп тұрғандай көрінеді.
Ішкі жағдайдан хабарсыз болған-дықтан көпшіліктіңсөздері өзіңе үстіртін, бос әурешілік сияқты кө-рінеді.
Себебі ол ұсыныстарды жүзеге асыру өзіңе мүмкін еместей көрінеді. Өйткені өзіңнің шынайы қабілетің басқада еді.
Оны ұмытқалы қашан. Елеусіз қалғандықтан ішіңнің алай-дүлейін шығарған ол қабілеттің бар екендігін жеткізбек болған жүрек үнін баяғыда жауып тастадың.
Сыртқы ортаның дәріптеген дүние-сіне сай боламын деп ішкі дүниеңмен байланысты үздің.
Бітпейтін шырмауықтың арбауына іліктің. Бұдан шығар жол жоқ, енді тек осы жолмен ғана жүре алатын сияқтысың. Жаңа жолды бастап көруге тым кеш….
Ал егер тума қабілетің осы қызметке қойылатын талаптарға барынша сай келгенінде бәрі де басқаша болар еді ғой. Елдің жағдайын жақсарта алатын шараларды үсті-үстіне істеп, халықтың шынайы марапатына ие болып өмірге келгенің бекер болмас еді. Басқаларға көмектескен өзіңді шаршатып емес, керісінше мәселелерді шеше білгенің өзіңді қуаттандырар еді.
Тек қабілетің басқа нәрседе бол-ғаны-ай.
Егер сол қабілетке зейін қойғаныңда ол расымен өзіңді бақытты етер ме еді?
Өзіңе ұнайтын әрекет көп ақша әкелмейтіндей көрінген еді.
Мансапты жақсы ниетпен таңдадың емес пе? Отбасыңды, жақындарыңды жақсы өмір сүруге жеткіземін деген талап жаман ба еді?
Жұрттың өзіңе қызыққанын қала-ғаның жаман ба?
Адам болғасын алға ұмтылған дұрыс емес пе? Басқаны басып озуға арқылы алға ұмтыласың ғой. Бұл жерде қателік қай жерден кетті?
Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмей дал болсаң өткенге (тарихқа) қарап қорытынды шығарған дұрыс шығар?
Өткенімізде де хан да болды, би де болды; батыр да болды, ойшыл ұстаз да болды; сыншыл жылқышы да болды, шебер ұста да болды, ісмер зергері де болды; әнші де, күйші де болды; ақын да, сері де болды; емшісі де, сынықшысы да болды.
Әрбірінің орны ерекше емес пе еді? Халық тек билеушіні дәріптеді ме? Жоқ, жыршысын да, батырын да бағалай білген еді ғой. Қазір біздер тек Абылай, Жәңгір хандарды айтамыз ба?
Жоқ, найза ұстаған Қабанбай батыр да, Бөгенбай батырдың да орны бөлек. Ханға жөн айтқан Асан-қайғы, Қорқыт сынды данагөйлердің орны бір төбе.
Ел билейтін заң жинағын шығарған Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің аты билеушілердің атынан жиі аталады ғой.
Абай, Шәкәрім, Яссауи сықылды ойшылдар ше? Солардың нақылдарын әлі күнге басшылыққа алып келеді емеспіз бе?
Ахмет, Міржақып, Әлихан сықылды алаш азаматтары ше? Олардың өмір жолын үлгі тұтып келеді емеспіз бе?
Жарайды, бұлардың бәрі қандай да бір қабілеті ерен болған жандар делік.
Ал қарапайым жұрттың бірі ше?
Малдың да, жердің де жәйінен хабардар болған ғой. Киіз үйін де өзі орнатқан, киімін де өздері тігіп, текеметін де өздері тоқыған. Сабынына дейін әжелеріміз дайындаған.
Зергерлік, не ұсталық өнер иелері ше?
Олар байырғы қазақ даласында өркениеттің ізі болғанын дәлелдеп кеткендер емес пе? Қолынан шыққан бұйымы, өнері, ұшқыр ой-қиялының ізі қалды арттарында.
Сақ дәуірінен қалған алтын бұйымдарда зерделенген өнер қазіргі біздің қолымыздан келе ме? Неге осыдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген олар қазіргі білімі артық біздерден артық дүние жасай білген?
Біздің бойымыздағы қабілет олар-дыкінен төмен болғаны ма? Неге? Біздер олардан білімдірек емеспіз бе? Машықтың жемісін көру үшін онымен айналысу керек емес пе?
Біздер ұсталыққа ден қойып, сонымен айналысып жүрміз бе?
Осы заманда Леонардо да Вин-чидің шеберлігін қайталайтын адам шыға алмайтын болғаны ма?
Ал мыңғырған малы болған байлар ше? Бір ауылдың бетке ұстары болып, сол ауылдың мәртебесін көтеріп отырған ғой. Оқуға ынтасы барларды оқытып, көмейінде бұлбұл сайраған әнші-серісінің сән-салтанатын асырып, жылқышыға тұлпарын баптатып сол ауылдың мерейін асыруға жағдай жасаған.
Ауылы әлсіз болса дәулетті жанның абыройына нұсқан келген. Мыңғырған малың болғанын қайтейік ағайынның абыройын жабуға шамаң жетпесе дейтін өткір тілділердің келекесіне қалған.
Малыңа сатып ала алмайтын бай-лық-бедел ол абырой болатын.
Сол үшін ауылдың ауқаттылары молда ұстап, зерделі балаларды оқы-тып, жастарды үйлендіру, құда күту, өлгендерге ас беру сияқты шара-лардың шығынын мойындарына ала білген.
Ақсақалын сыйлап, батырын баптап, ұстасын бағалап, биін қадірлеп өскен ортада жетілген ұрпақ осы сабақтастықты жалғап адами құн-дылықтардың ізін жоғалтпай келді. Имандылық қағидаты тұрмыс-тір-шілігімізге арқау болып, өмір сүру салтымызға айналды. Мың жылғы салт-дәстүрімізді қазіргі заманда да жалғастырып келеміз.
Заманына қарай қазір мамандық-тың, қызметтің түр-түрі бар.
Таңдау еркі өзіңде. Кез келген қызмет басқалар үшін керек. Басқалар сол жұмыстың нәтижесіне мұқтаж.
Бір адам барлық саланы игере алмайды.
Өзіңе тартымды істің тетігін ұс-
тасаң, оны зерттеуге, үйренуге жалықпайсың. Керісінше құлшынысың артып тұрады. Басқалардан гөрі тереңірек меңгеруге ынталысың.
Бастысы өз жұмысыңды қалай бағалап жатқаның. Оған қандай мән бергенің.
Тек жалақысы үшін істеп жүрмін десең өз өміріңді арзан бағалағаның. Болашақта үлкен жобаны жүзеге асырамын деп мақсат қойып, соған қол жеткізуің үшін уақытша ақшасы аз, бірақ тұрақты айлық төлейтін жұмысқа кіруің мүмкін.
Кішкентай жұмыстың да өзіңе берері мол болмақ, егер өз міндетіңе үлкен жауапкершілікпен қарай білсең.
Істеп жатқан жұмысыңның басқа-ларға керектігін ұғына білсең.
Өзіңе қараптан қарап айлық төлеп жатқан жоқ. Мейлі мөлшері мардымсыз болсын. Алайда өзіңе біреу мұқтаж. Жұмысқа алған адам көп жалақы төлеуге әзірге жағдайы көтермейді. Ол өзің сияқты қанағатшыл, еңбектен қашпайтын адамға мұқтаж болып отыр.
Рас, кейбір жұмыс берушінің ада-милық қасиеті төмен болар. Алайда одан ол өзінің ұтылып жатқанын білмейді.
Бастысы өзіңнің қандай бол-ғаның. Өзіңнің өз жұмысыңа жауап-кершілікпен қарай білгенің.
Өмір алма-кезек. Дәл қазір өзің
төменде тұрсың. Бір күні ол шұң-қырдан көтерілесің. Маңыздысы қалай шыққаның, кім болып қалғаның.
Кез келген жағдайдан сабақ алуға болады. Тіпті мінез-құлқы нашар адамның өзінен. Оның сондай тар пейілді, ұрысқақ болуына себеп бар.
Ішіп көшеде құлап жатқан адамды көріп мен де сондай болып қаламын деп ойламайсың ғой.
Сол сияқты басқаның да қателігін көріп өзің де соның жолына түсіп кетпес үшін қандай әрекеттен, сөзден алыс болу керектігін көңіл бөле жүрсең өмірден баға жетпей тәжірибе алғаның.
Тумаған биенің ішіндегі құлыннан тұлпар шығатынын тани білетін жылқышы қазақтың сыншыл қасиетін паш етіп кеткені тәрізді кез келген кәсіп адамның өзін ғана емес, ұлттың да абыройын паш ете білетін қасиетке ие.
Троя фильміндегі Ахиллеске анасы тарихта талай-талай билеушілер болған, бірақ халықтың есінде қа-латындар олар емес, өшпес әрекет, туынды жасағандар дейді.
Егер әрекетіңнің нәтижесі басқа-лардың бойында ризашылық сезімін тудыратын болса, мейлі қандай жұмыс болсын өз өмірің бекер болмағаны ғой. Осы әлем сол бір әрекетіңді керек еткені.
Мейлі тәтті тоқаш пісір, мейлі көшені айнадай етіп жарқыратып қой, мейлі аяқ киімін жөндеп бер, осы әрекеттің бәріне мұқтаж, соны керек ететін жандар бар. Олар өз жұмысың үшін ақшасын төлегенмен қатар, бойларында өзіңе деген ризашылық сезімдері бар.
Көңілің қаламайтын медбикелік жұмысты істеп шаршағанша, өзің ұнататын шөжелерді өсіріп, бау-бақшаңдағы көкөністерге қарап сүй-сініп өмір сүргеніңде әлдеқайда ба-
қыттырақ болмас па едің?
Жер-көкке сыймайтын табиғи дарының болса, кабинетке байланып, жиын-шаралардан қолың босамайтын әкім болғаннан актерлік шеберлігіңе халқың бас ұратын әкімнің жан-дүниесін паш ететін актер болған артық шығар?
Зымырап өте шығатын өмірді бас-қалардың ризашылығына, шынайы ықыласына бөленіп өткізгенге не жетсін.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.