ШӘКІРТТЕРДІҢ  САБОНИМГЕ АЛҒЫСЫ ШӘКІРТТЕРДІҢ  САБОНИМГЕ АЛҒЫСЫ
Адель Жандильдинова, 2000 жылы Ақмола облысы Ерейментау қаласында туған. Қазіргі таңда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 3 курс студенті (Сабоним – корей халқының жекпе-жек спорты... ШӘКІРТТЕРДІҢ  САБОНИМГЕ АЛҒЫСЫ

Адель Жандильдинова,
2000 жылы Ақмола облысы Ерейментау қаласында туған. Қазіргі таңда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 3 курс студенті

(Сабоним – корей халқының жекпе-жек спорты таэквондоны
үйретуші бапкер)

2 обл

       «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі спорт деп есептеймін. Спорттың түрі көп, дегенмен, ішінде жаныма жақыны «Таэквондо». Таэквондо – шығыс күрестеріне негізделген, корей халқының ұлттық спорты болып табылады.
Бүгін осы спорттың қыр-сырын үйретіп, менің махаббатымды ашқан, спортқа баулыған мақтан тұтарлық бапкерім жөнінде сөз қозғағым келіп отыр. Біз бапкерімізді «Сабоним» деп атаймыз. Ол кісінің есімі – Пак Сергей Николаевич. Сабоним 1979 жылы қаңтар айының алтыншы жұлдызында дүниеге келген. Студенттік шағында бапкеріне көмектесе жүріп, бірталай тәжірибе жинап, спорт әлеміне қадам басқан. Ол кісі бапкерлікті 1998 жылы негізгі қызмет ретінде алған болатын.
22 жыл көлемінде бар уақытын Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ ықшам ауданындағы №129 орта мектептің залында жас буынды жаттықтырумен, спортқа баулумен өткізіп келеді. Ең алғашқы шәкірттері ретінде Розахунов Аким, Гапаров Адилжан, Закарьянов Максат, Орымбасаров Адиль, Егоров Павел, Шарипов Шатлык сынды спортшыларды атауымызға болады. Уақыт өте келе ұстазымның ұстамдылығы мен шәкірттерінің шыдамдылығының арқасында еңбек өз жемісін берді.

1 саб

2000 жылы Розахунов Аким (68 кг) Қазақстан Республикасының Чемпионатында жеңісті ІІІ орынды қанжығасына байласа, Гапаров Адилжан (58кг) Таэквондодан Қазақстан кубогында ІІ орынды иемденді. 2001 жылы Закарьянов Максат күміс медальды кеудесіне тағып, келесі жылы Орымбасаров Адиль екеуі чемпион атағын алды. Небәрі 3 жылдың ішінде шәкірттері бірнеше рет қола, күміс, алтын медальдармен мадақталған болатын. Дегенмен бапкерімнің батылдығы мен байсалдылығын, өз ісіне деген адалдығын жарыстағы көрсеткіштермен өлшеуге болмас…

2саб2
Осы сөзіме дәлел ретінде қазіргі Алматы қаласы Таэквондо Федерациясының президенті Дюсембаев Олжасты айта аламын. Олжас Дюсембаев біздің Сабонимнің түлегі.
Олжас мырзамен кішігірім сұқбат жүргізген болатынбыз. Ол кісінің жүрекжарды алғысы мен естеліктерін назарларыңызға ұсынамыз:
«Анам мені 9 жасымда Сабонимнің спорт секциясына алып келді. Алғашқы кезде ініммен кіші командаға барып жүрдім, бірақ бір жыл өткен соң Сабоним бізді жоғарғы командаға алды. Бұл жақта жаттығу бізге өте қиын, ауырлау болады деп ойладық. Дегенмен Сабоним бізге қатал қараған жоқ.
Көру қабілетім нашар болған-дықтан, спортта жоғарғы жетістіктерге жететіндігіме ешкім сенім білдірмеді. Ең алғашқы жекпе-жекте жылдам нокаутқа түсіп, жеңіліс тапқаннан кейн көбісі бұл спорт түрі маған арналмағандығын айтып жүрді…
Бірақ әкесіз өскен бала анасының қандай қиындықпен кішкентай бүлдіршіндерін тәрбиелеп жатқан-дығын түсінген соң, тек өзін ғана емес, өз жақындары мен туыстарын қорғай білу қажеттігін ұғынды. Мен жаттығуды жалғастыра бердім. Уақыт өте келе бұл спортты, командамды, бапкерімді жақсы көре бастадым. Спортқа деген махаббатым ашылып, өз-өзіме деген сенімділігім арта түсті. Бар уақытымды тек спортқа арнай бастадым. Бірақ мектептегі бағаларым төмендеп, сабаққа көп көңіл бөлмей кеттім. Содан кейін жаттықтырушымыз біздің мектептегі күнделіктерімізді сұратып, бағаларымызды тексеруді әдетке айналдырды. Егер оқу үлгеріміміз нашар болса, ол бізді жаттығуға жібермеді. Ал жаттығу біз үшін ауадай маңызды болды. Тіпті жазғы уақытта барлық балалар демалыс лагерьлеріне кетсе, біздің бар уақытымыз спорт залда өтетін. Күніне 3 рет жаттығатынбыз. Біз шағымданған жоқпыз, керісінше, жаттықтырушы сияқты чемпион, мықты спортшы болуға біздің құлшынысымыз арта түсті. Біз одан үлгі алып өстік. Сабоним біз үшін өнегелі әке, мейірбан аға, жақын дос және мықты жаттықтырушы болды.
Тіпті өздерін бала сезінсін деп бізді компьютерлік клубтарға күндіз де, түнде де апаратын. Кейін уақыт өте келе моншаға бару дәстүрі пайда болды. Айтпақшы, осы күнге дейін біз демалыс күндері жиналып, моншаға барамыз.
Мен команданың ішіндегі жігіттердің барлығына бірдей көмек-тесіп, қамқор болып, қол ұшын созуға дайын тұратынмын. Жігіттермен бәсекелескім келмейтіндіктен, оларға әрдайым жол беруге тырыстым. Жеке өзім қала және республика аралығындағы бірталай жарыстардың жеңімпазы, қола, күміс, алтын медальдардың жүлдегері атандым, чемпион да болдым. Өз жетістіктерім жайлы қысқа ғана қайырсам да, мен үшін «команданың жетістігі-менің жетістігім, менің жетістігім- команданың жетістігі» болатын. Қаланың да, елдің де, мемлекеттің де емес, команданың жеңіске жетуі өте маңызды болды.
Менің ойымша, мен және менің көптеген достарым спорттан ерте кетті, бірақ біздің ұрпақ арасында талантты балалар мен қыздар көп болды.Әрине, барлығы да Құдайдың қалауымен орындалып жатыр. Мен ештеңеге өкінбеймін, өйткені бұл менің өмірімдегі ерекше кезең, мен бұл уақытты ешқашан ұмытпаймын!
Спорт, таэквондо, Сабоним және менің командам маған көп дүниені үйретті, көп нәрсені берді, өмірге басқа көзқараспен қарауға септігін тигізді. Олар менің ғұмырымның алғашқы баспалдақтарынан сүрінбей өтуіме, өмірімнің іргетасын дұрыс қалауыма себепші болды.
Есейіп, үлкен ер-азамат болғаннан кейін маған Алматы қаласының таэквондо Федерациясын басқаруға ұсыныс түсті. Бұл жаңалықты естіген соң, менің екі езуім екі құлағыма жетіп, қуанышымда шек болмады. Бірақ қаламыздың барлық жаттықтырушылары мен спортшыларының алдында үлкен жауапкершілікті сезіндім. Мен Олимпиада чемпионы, Әлем, Азия және түрлі ірі турнирлердің чемпиондары Алматы қаласынан шықса екен деп армандаймын. Осы арманыммен менің балалық арманым орындалатындықтан, мен барлық күш-жігерімді, мүмкіндіктерімді аямаймын. Бұл күннің де ауылы алыс емес… Мен оған толық сенімдімін.
Барлық спортшыларға, олардың ата-аналарыңа және барлық жат-тықтырушыларға мықты денсаулық пен ұзақ өмір, сондай-ақ барлығыңа сәттілік тілеймін!
Алматы қаласында чемпиондар спортта да, өмірде де көп болсын.
Менің өмірімде таэквондо спор-тының алатын орны үлкен. Спортқа байланысты шытырман оқиғалар мен қызықты әңгімелерді айтқым келетіндігі рас. Бірақ олар тым көп. Мұны біртіндеп жасауға үміттенемін. Ең бастысы, спортқа деген махаббатым берік,сенімім мол!»
Сабонимнің арқасында талай спортшылар тек Қазақстанда ғана емес, әлем чемпионаттарында да еліміздің туын желбіретіп жүр. Олардың бірі ретінде мен өзімді айта алар едім. Менің есімім Жандильдинова Адель Асетқызы. Жұрт мақтайтындай жеңістерім көп болмаса да, қазіргі таңда осы спортпен айналасып келе жатқаныма 10 жылдан асты. Спортқа деген махаббатымның беріктігі бапкерімнің арқасында деп білемін. Ол кісі менің болашағыма менен артық сенетін, әрқашан жанымнан табылатын, жеңісте де, жеңілісте де қолдау көрсететін жан.
Сабонимнің маған көп үміт артатынын білемін. Сол үмітті ақтауға мен бар күшімді саламын.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *