ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС – ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС – ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Жанна Иманқұл, «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері   Шағын және орта бизнесті дамыту кез келген елдің экономикасының негізі болып табылады. Дамыған шағын... ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС – ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері

 

Шағын және орта бизнесті дамыту кез келген елдің экономикасының негізі болып табылады. Дамыған шағын және орта бизнес тұрақты экономикалық және саяси дамудың өзегі болғандықтан мемлекеттің макроэкономикалық жағдайының тұрақтылығына айтарлықтай әсер етеді. Соған орай, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау әрқашан мемлекет саясатының басым тұсы болып табылады.
Ел экономикасының барлық салаларында шағын нарықтық құрылымдардың қалыптасуы экономикалық процестердің жаһандықэкономикалық тенденцияларына сай етеді, өйткені әлемнің барлық елдері шағын кәсіпкерлік саласындағы әртүрлі бейіндегі көптеген шағын кәсіпорындар арқылы даму жолын қалыптас-
тырған.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы инновациялық кәсіпкерліктің ең маңызды бөлігі болғандықтан, оның дамуы экономикаға серпін беруге қолайлы жағдай жасайды: бәсекелестік орта пайда болады; тұтыну секторы кеңейеді; қосымша жұмыс орындары ашылады; нарықты тауарлармен және қызметтермен толтыруға, экспорттық әлеуетті арттыруға, жергілікті шикізатты молынан пайдалануға әкеледі.
Кәсiпкерлiк – Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза табыс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өз меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалардан мүлiктiк жауапкершiлiк ала отырып жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызмет. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен анықталатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары жатады. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қызметкерлерінің орташа саны жүз адамнан аспайтын және орташа жылдық табысы белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүз мың еселенген мөлшерiнен аспайтын кәсiпкерлiкпен айналысатын заңды тұлғалар жатады.
Шағын бизнес әлемнің жоғары дамыған елдерінің экономикасында да маңызды рөл атқарады. Жапония, Батыс Еуропа, АҚШ-та қызметкерлері 20 адамнан аспайтын шағын кәсіпорындардың нарықтағы қарқындылығы басым-дыққа ие. Сонымен қатар үйде отырып кәсіпті ұйымдастыру тенденциясы да жылдам өріс алып, отбасылық бизнестің 200-ден астам түрі қалыптасқан.
Қазіргі таңда дамыған елдердің тәжірибесін табысты қабылдаудамыз, оның себебі ел Үкіметі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруді үнемі назарда ұстап отыруында да жатыр. Мысалы, дамыған елдерде ірі кәсіпкерлік шағын және орта бизнеске қарсы емес. Сол елдердегідей бізде де ірі бірлестіктер шағын және орта бизнесті басып тастамай, керісінше, бірін-бірі толықтыру принципін ұстануға бағыт алуда.
Жалпы, мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау шараларының ішінде салық жүктемесінің төмендігін атап өту керек. Сонымен қатар жер учас-келері, ғимарат т.б. мүліктерді заңдастыру; әкімшілік рәсімдер мен рұқсаттарды жеңілдету; бюро-кратиялық кедергілерден қорғау, несие ресурстарына оңай қол жеткізу және т.б. қолайлы жағдайлар жсау жетілдірілуде.
Кәсіпкерлердің қаржы-несие ресурстарына қолжетімділігін кеңей-ту мәселесінде, несиелендіру мөл-шерлемелерінің төмендегенін атап өткен жөн. Осы мақсаттар үшін құрылған Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнесті дамытуға тікелей несиелік және қаржылық қолдау көрсетеді, қаржыландыру құралдарын, соның ішінде шағын несиелендіруді дамытуды үнемі толықтырып отырады.
Сәйкесінше еліміздегі шағын және орта бизнес мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Жаңа шағын бизнесті қалыптастыру және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстанның әртүрлі аймақтарында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мамандандырылған мекемелері құрылып, дамып ке-леді. Бұл шаралар міндетті түрде жаңа кәсіпорындардың ашылуына әкеледі деп күтілуде. Жүздеген, мыңдаған шағын және орта бизнес субъектілері өз кезегінде ондаған мың жаңа жұмыс орындарын ашады. Тағы маңыздысы, жаңа шағын және орта бизнестің үздіксіз ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін кәсіпкерлік орта құрылады.
Соңғы жылдардағы әлемдік экономиканың күрделі дамуына қарамастан, кәсіпкерлік саласы қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірін белсендірудің негізгі тетіктерінің бірі болып қала береді. Дамыған елдердің табысты тә-жірибесі дәлелдегендей, шағын және орта кәсіпкерлік бәсекеге қа-білеттіліктің өсуіне және экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаудың арқасында әлемдік экономикада шағын бизнес қарқынды дамып келеді. Сингапур, Тайвань, Индонезия сияқты елдердің экономикалық серпілісінің өзі шағын және орта бизнестің дамуымен байланысты болған.
Енді еліміздегі шағын және орта бизнес статитикасына тоқталып өтсек:
2023 жылғы 1 қаңтарда алын-ған дерек бойынша тіркелген Шағын және Орта Бизнес (ШОБ) субъектілерінің саны – 2026,5 мың. Оның ішінде белсенді жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны – 1818,8 мың. 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27%-ға, яғни, 1 431,6 мың бірлікке өскен. Шағын және Орта Бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 4109,7 мың адамды болса, ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 59 221,5 млрд теңгені құраған.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі – 67,9%, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 18,7%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,2%, орта заңды тұлғалардың үлесі – 0,2% болды.
Ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша тіркелген субъектілердің ең көп саны жеке кәсіпкерлер – 1,3 млн бірлік, оның ішінде 1,2 млн бірлік белсенді. Жұмыскерлердің ең көп саны шағын бизнесте – 1,7 млн адам және жеке кәсіпкерлер – 1,7 млн бірлік. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімі 42,1 трлн. теңгені құрады, бұл барлық ШОБ субъектілерінің жалпы өнімінің 71%-ын құрайды.
Тіркелген ШОБ субъектілерінің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің үлесі 89,7% құрады, бұл 5,2% өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Өңірлік контексте ең үлкен үлес Түркістан (98,1%), Қостанай (93,9%) және Қызылорда (93,5%) облыстарына тиесілі. Ең аз үлес Алматы қаласында (82,7%) тіркелді.
Азғантай ғана сандар дерегінен көп нәрсе ұғынуға болады. Мемлекет кәсіпкерлікті қолдау арқылы кәсіпкерлердің ғана экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартып қоймай, нарықтық бәсекеде жұмыс істеуге құлшыныс беріп, қаншама адамның жұмыспен қамтылуына т.б. жағдай жасауда. Шағын жә-
не орта бизнестің бүкіл ел тұр-ғындарының өміріне әсер ете алатынын осыдан-ақ бағамдауға болады.
Осы орайда шағын және орта бизнес секторын тікелей қолдайтын «Даму» мемлекеттік қоры және «Атамекен» ұйымы туралы тоқ-талсақ. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қорының мақсаты Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттік қаржыны пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.
Мемлекеттік даму қоры өз алдына бизнесті эволюциялық масштабтау және кәсіпкерлердің микробизнестерден шағын, орта, содан кейін ірі бизнеске сапалы көшу міндетін қояды. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін «Даму» қоры мемлекеттік бюджеттен ғана емес, халықаралық қаржы институттарының ресурстарын да тартуда.
Қордың қолдау түрлері:
— өңірлер мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарла-малар шеңберінде екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несиелендіру, микрокредиттік ұйым-дар арқылы микронесие беру;
— субсидиялар – банктердің бизнесті дамытуға беретін несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін төмен-дету;
— кепілдік – банктік несиелерді қамтамасыз ету ретінде ішінара ке-пілдік беру;
— Ислам қаржыландыруы – ислам қаржыландыруы қағидаттары бойынша шағын және орта жеке бизнесті қаржыландыру.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы коммерциялық емес ұйым – кәсіпкерлер одағы болып табылады. Шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін білдіруші әрі кәсіпкерлердің Үкіметпен және мемлекеттік органдармен келіссөз жүргізетін күш болып табылады.
Ұйым төмендегідей мақсат-мүдделерді көздейді:
-Кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, кәсіпкерлік қызметтің заңнамалық және басқа да реттеуші бастамаларын қалыптастыру үдерісіне кәсіпкер-лерді кеңінен қамтуды және тартуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуды қолдайды. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы іскер топтардың мүдделерін қорғайды, шет мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарымен байланыстарын кеңейтеді және нығайтады, интеграциялық үдерістер аясында қазақстандық бизнеске қолдау көрсетеді.
Негізгі қызметтері:
— кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау;
— кәсіпкерлік қызметке, өңірлердегі кәсіпкерлік қызмет жағдайына қоғамдық мониторинг жүргізу;
— кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарла-маларына қатысу;
— отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру;
— кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, аттестациялау, техникалық және кәсіптік білімді дамыту;
— шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
— инвестиция тарту және экономиканы әртараптандыру.
Бизнестің қажеттіліктерін ескере отырып, одақ кәсіпкерлерді қолдау шараларын одан әрі дамыту үшін ұқсас функционалдық халықаралық институттармен бір-лесе үнемі зерттеу жүргізе отырып, тәжірибе алмасады.
Қазіргі таңда шағын және орта бизнестің дамуына кедергі кел-тіретін факторлар да баршылық. Ең бастысы – жұмыс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті қаржылық ресурстардың болмауы, кәсіп бастағысы келетіндердің көбі өз қаражатымен іс бастағысы келетіндіктен, несие алмайды. Одан кейін кәсіптің басты талабы –мықты маман, білікті персонал табу да оңай емес. Мамандарды тұрақтандырып ұстау, жетілдіріп отыру т.б. Нарықтағы бәсекеге қарсы тұрып, жаңа идеялар мен тың бастамалар ойлап тауып, іске асыру. Кез келген салада шағын бизнес жаңашыл болған кезде табысты болады. Идеяны жүзеге асыру да қаражатқа барып тіреледі. Сонымен қатар еліміздің аймақтарының экономикалық даму деңгейі әр-түрлі, ол бірқатар факторлармен анықталады: табиғи ресурстардың болуы; өнеркәсіптік даму деңгейі; климаттық жағдайлар; әкімшілік орталықтарға жақындығы және т.б. Осы сияқты барлық факторларды ескере отырып, тәуекелге бел буып, өзіне үлкен жауапкершілік ала алатын жандарға мемлекет тарапынан қолдау үрдісі үзілмегені жөн.
Іске асырылып жатқан және жос-парланған жобаларды мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде өз өндірісіміз дамып, Қазақстанның экспорттық әлеуеті артуда.
Өз кәсі­бін жаңадан бастап немесе кәсіппен айналысып тәжірибе жинақтаған азаматтар да білім-біліктілігін көтеруге, ақпараттық-кеңес­тік қызметтерге деген сұраныстарын, ізденістерін жиі бай-қатып жатады. Кәсіпкерлер тарапынан болып жатқан ынта-ықы-лас, жаңашыл бастама табуға деген ізденімпаздық сөзсіз қуантады.
Бүгінде шағын және орта бизнес секторында 4 миллионнан аса адам жұмыспен қамтылғанын жоғарыда келтіріп өттік. Қарап тұрсақ, бұл аз сан емес. Бұнымен тоқтап қалған жоқ, жыл сайын тізім жаңа кәсіпкерлер легімен толығып, әр салада даму қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға арналған мүмкіндіктерді жіберіп алмай, жан-жақты нақты заңға сүйене отырып басталған кез-келген кәсіп табысты болмақ.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *