Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Сәкен СҰЛТАНХАНОВ, Отырар ауданының әкімі   Цифрларды сөйлетсек, 2023 жыл-дың 6 айында жалпы өңірдің өндірілген өнім көлемі 41 млрд. 034 млн. 875 мың теңгені... Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Сәкен СҰЛТАНХАНОВ,
Отырар ауданының әкімі

 

Цифрларды сөйлетсек, 2023 жыл-дың 6 айында жалпы өңірдің өндірілген өнім көлемі 41 млрд. 034 млн. 875 мың теңгені құрап, 2022 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 12 млрд. 297 млн. 775 мың теңгеге немесе 170,0-% ға артық орындалды (2022 жылдың 6 айы 28 млрд. 737 млн. 100 мың теңге).
Негізгі көрсеткіштер:
— Негізгі капиталға бағытталған ин-вестиция көлемі — 16 млрд. 981 млн. 100 мың теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 176,2% пайызға артты;
— Бөлшек сауда көлемі –1 млрд. 474 млн. 900 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0%;
— Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 9 млрд. 983 млн. 275 мың теңге болып, НКИ 108,2% құраған;
— Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 462 млн. 100 мың теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 537,5%;
— Іске қосылған тұрғын үйлер 8 639 шаршы метр, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,6%;
— Жалпы ауыл шаруашылығы өні-мінің көлемі 9 млрд. 133 млн. 500 мың теңге болып, НКИ 102,8% құраған.
Бюджет
Кірістер бойынша жылдық жоспары 9 млрд 237 млн 789,0 мың теңге болса, Жергілікті кірістер көзінің жылдық жоспары 2 млрд 381 млн 907,0 мың теңге болып бекітілген.
Жартыжылдықта жергілікті кірістер көзінің есепті кезеңге жоспары 1 млрд 244 млн 572,0 мың теңге болса, орындалуы 1 млрд 491 млн 965,0 мың теңге болып, 119,9% немесе 247 млн 463,0 мың теңгеге артық орындалды.
Шығыстар бойынша жалпы жыл-дық жоспар 9 млрд 231 млн 789,0 мың теңгені құрайды. Есепті кезеңге жоспар 3 млрд 350 млн 414,0 мың теңге болса, орындалуы 3 млрд 349 млн 920,6 мың теңге немесе 100,0% орындалып, қалдық 493,4 мың теңгеге кем орындалды.

Ауылшаруашылығы саласы

Отырар ауданының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы саласы болып саналады.
2023 жылы «облыстың 2021-2025 ж.ж. арналған даму бағдарламасы және еңбек өнімділігін арттыру» бағытында ауданымызға 19 көрсеткіш бекітіліп берілген. Аталған көрсеткіштердің қаңтар-маусым айларында егістік жерлерді игеру және бір алқаптан 2-3 өнім алу, тамшылатып суғару, жылыжай салу, қарқынды бау шаруашылығын дамыту жобалары толығымен орындалып отыр, қалған 14 көрсеткіш жыл соңына дейін толық орындалады деп жоспарлануда.
Негізгі көрсеткіштердің орындалуы:
1. Ауыл шаруашылығы көлемінің жоспары 39,1 млрд теңге болса, қаңтар-маусым айларында 7,2 млрд (НКИ 102,7 %) теңге болып, 18,5 пайызды құрады.
Оның ішінде:
— Өсімдік шаруашылығы: 76,3 млн теңге;
— Мал шаруашылығы: 7,1 млрд теңге;
2. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған ивестициялар жоспары 3,7 млрд теңге болса, орындалуы 1,4 млрд теңге (37,8 пайыз).
3. Тамақ өндірісіне салынған ивестициялар жоспары 460 млн теңге, орындалуы 158,2 млн теңге немесе 34,3 пайыз.
4. Жылыжай кешенін салу 4,3 га жоспарланса, орындалуы 100 пайыз.
5. Тамшылатып суғару әдісін ендіруге 220 га жоспарланып, орындалуы 100,0 пайыз.
6. Жаңбырлатып суғару әдісін енгізуге 460 га жоспарланса, орындалуы 280 га, 36,4 пайыз.
7. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту үшін 126 га жер жоспарланса, оның 132 га орындалып, жоспар 105,2 пайызға орындалып отыр.
8. Ауыл шаруашылығы техникаларының 92 бірлігін жаңалау жоспарланса, орындалуы 29 бірлік немесе 31,5 пайыз.

Күзгі жиын-терім науқанына жеңілдетілген жанар-жағармайға жалпы 568 шаруа көлемі 2131,6 тоннаға өтінім беріп, олар тиісті жанар-жағармаймен қамтылды. Жеткізіп беруші оператор ретінде «Ай Дана Транс Oil» ЖШС бекітілген. (шілде-585т, тамыз-585т, қыркүйек-325, қазан-368т, қараша айларына-268,6тонна жанар-жағармай бөлінді).

Кәсіпкерлік саласы

2023 жылдың 6 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер саны 6537, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 6386. Үлесі 97,7% құрайды.
Отырар ауданынының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіру көлемі ІІ-тоқсан қорытындысымен 14 млрд 379 мын теңгені құрады, яғни 2 млрд 279 млн теңгеге артығымен орындалды. (6 айлық жоспар 12 млрд 100 млн.тг)
2023 жылы негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялар көлемінің жылдық жоспары 28 млрд 909 млн теңге болып бекітілген. Оның ішінде, маусым айына бекітілген жоспар 14 млрд. 454 млн.600 мың тг. (НКИ 108,0 %) теңге болса, 6 айдағы орындалуы 16 млрд 981 млн 123 мың.тг (НКИ 170,2%) теңге, яғни 2 млрд 526 млн теңгеге артығымен орындалды.
Үстіміздегі жылы ауданда іске асырылатын жобалар:
1. «Күн электр энергиясын өндіру» бойынша «Arm Wind» ЖШС-і құны 12,5 млрд. теңге болатын құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, нысан осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.
2. «Ет және сүт өнімдерін өндіру» бойынша «Есжанов Отырар» ЖК, құны 200,0 млн. теңге теңге. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 90% аяқталған. Қазіргі уақытта құрал жабдықтарын алуға жұмыс жасауда, жыл соңына дейін іске асырылатын болады.
3. «Шұжық» цехтарын ашу бо-йынша «Нұрсейіт» ЖК, құны 100,0 млн. теңге. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толық 100% аяқталған. Қазіргі уақытта құрал жабдықтарын алуға «Береке» Банкке 100 млн теңгеге құжат тапсырып, қаржысын күтуде. Жыл соңына дейін іске асырылатын болады.
4. «50 адамға арналған қонақүй» жобасы бойынша «Арыстанбаб» ЖШС, жалпы жоба құны 50,0 млн. теңге. Бүгінгі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып, бүгінгі таңда өз жұмысын бастады.
5. «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ» шы-ғару жобасы, «Гүлмайра» ш/қ, құны 150,0 млн. теңге. Қуаттылығы тәулігіне 120 кг ұнтақ шығарады. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай 100% орын-далып толығымен аяқталған. Бүгінгі таңда құрал-жабдықтары әзірленуде.
Президентіміздің тұжырымдамасы негізінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жасқарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы іске (2,5% мөлшердегі несие) асырылуда. Ау-данда Ақтөбе, Балтакөл, Қарғалы және Маяқұм ауыл округітері осы жоба аясында жұмыстар атқаруда.
Қазіргі таңда жобаға енген Ақтөбе ауыл округінен-53, Балтакөл ауыл округінен-80, Қарғалы ауыл
округінен-75 және Маяқұм ауыл округінен-50 азамат ниет білдіріп, қазіргі таңда 25 азамат қаржыландырылған. Құжаттары күнделікті рәсімделуде.

Несиелер бойынша:

2023 жылдың 6 айында аудан бойынша жалпы 48 жобаға 175 млн 600 мың теңге көлемінде несие алынған. Несиелер көктемгі дала жұмыстарына, мал шаруашылығына және т.б бағыттарды қаржыландыруда. Оның ішінде;
1.«Ырыс»микро қаржы ұйымы» арқылы 7 жоба 33 млн.тг.
2.«Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 41 жоба 142 млн. 600 мың тг.

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:
Аудан бойынша Бестам, Жанкел, Ызакөл, Сырдария, Ақкөл елді ме-кендеріне орталықтандырылған ауыз-су жүйесі жүргізілмеген.
Оның ішінде бүгінде Жанкел, Бестам, Ызакөл елді мекендерінде ауызсу жүйесінің құрылысы жүр-гізілуде. Сырдария елді мекеніне жобалық сметалық құжаттама бюд-жет есебінен, Ақкөл елді мекеніне демеушілер есебінен дайындалуда.
Жанкел, Ызакөл елді мекендерінің құрылыстары 2023 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілсе, Бестам елді мекенінің құрылысы 2024 жылға өтпелі.
2025 жылы Ақкөл елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету межеленген. Бүгінде геологиялық іздеу барлау жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленген, қазіргі таңда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық ша-руашылық басқармасы тарапынан ұңғы қазу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу нәтижесімен жеңімпаз мердігер анықталды.
Биылғы жылы аудандағы 5 елді мекендегі, яғни Маяқұм, Аққұм, Отырар, Сарыкөл елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу және бірнеше ауыз су нысандарына насос жиынтықтарын сатып алу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жүргізілуде.

Газбен қамту
Отырар ауданында табиғи газ берілген 12 елді мекендегі 3239 (20759 тұрғын) абоненттің қазіргі таңда қосылғаны- 2150, қамту деңгейі 66,4% құрап отыр.
Жыл соңына дейін 9 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүр-гізіліп, пайдалануға тапсырылады, бұл қосымша 2711 абонент (16 223 халық) қосып, қамту деңгейі 70,5% артады.

Сонымен бірге 2023 жылы аудандық бюджеттен (72,3 млн теңге) 14 нысанға (Қостүйін, Аққұм, Көксарай, Жанкел, Шеңгелді, Ызакөл, Маяқұм, Қостерек, Бестам, Балтакөл, Көлқұдық, Ақкөл, Үштам және аталмыш елді мекендерге жеткізуші газ құбыры) жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.

Автомобиль жолдары
Аудан көлеміндегі автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы – 863,25 шақырым. Оның ішінде: қанағаттанарлық жағдайда 543,93 шқ, 63 %:
• облыстық маңыздағы жолдар – 325,9 шқ; қанағаттанарлық жағдайда 192,3 шқ, 59 %;
• аудандық маңыздағы жолдар -109,65 шқ; қанағаттанарлық жағдайда 90,2 шқ, 82,2 %;
• ішкі көшелер — 427,7 шқ; қа-нағаттанарлық жағдайда 261,5 шқ, 62 %.
2023 жылға республикалық бюджет есебінен (Ауыл – Ел бесігі бағдарламасы) ұзындығы – 19,6 шақырымға ішкі көшеге (см құны – 518,4 млн тг) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы – 24,3 шқ (см құны – 417,9 млн тг) орта жөндеу жұмыстары жоспарланып, нәтижесімен қанағаттанарлық дәре-жедегі жолдардың ұзындығы 305,4 шақырым немесе 72 % құрайды деп күтілуде.

Абаттандыру жұмыстары
Биылғы жылы елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұ-мыстары бойынша 21 нысанға ау-дандық бюджеттен (627,7 млн теңге) қаржы қарастырылып, олар:
— Шәуілдір-Темір автокөлік жолы бойын көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары (71,8 млн теңге);
— Жаңа Шілік ауылындағы «Оты-рар ауданы» кіре беріс қақпаны абат-тандыру (45,1 млн теңге);
— Ш.Қалдаяқов ауылына кіре беріс жол бойын абаттандыру (83,8 млн теңге);
Сонымен бірге 5 елді мекенге (Ақ-
төбе, Аққұм, Қоғам, Ескі Шілік, Ш.Қалдаяқов) балалар ойын алаң-
шасын (126,4 млн теңге), 6 елді мекенге (Арыс, Жаңа Шілік, Талапты, Көлқұдық, Шәуілдір) спорт алаңшалары мен воркаут (188,6 млн теңге), 7 елді мекеннің (Шәуілдір, Ескі Шілік, Қарғалы, Отырар, Көксарай, Көлқұдық, Маяқұм) 8 көшелеріне аяқ жолдар салу (163,7 млн теңге) жұмыстары атқарылуда.

Елді мекендерді жарықтандыру
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамта-масыз ету үшін көшелерді түнгі жарықтандырумен қамту мәселесі маңызды болып келеді.
Ағымдағы жылы Шәуілдір ауы-лындағы саябақтар мен көшелерді сәулеттік жарықтандыру (100,0 млн теңге) жұмыстары басталды.
Сондай-ақ елді мекендерді жа-рықтандаруға бюджеттен (143,1 млн
теңге) қаржы қарастырылып, 6 ел-ді мекендегі (Шәуілдір, Ақкөл, Көксарай, Сарыкөл, Арыс, Шытты) 8 көшенің жарықтандыру және Темір 35/10 электр подстанциясын тиісті материалдармен қамту (35,0 млн теңге) жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс саласы
2023 жылы тұрғын үйлерді пайда-лануға беру жұмыстары 6 айда 8639 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп көрсеткіш жеке сектор есебінен былтырғы жылдың (8590 шаршы метр) есепті кезеңімен салыстырғанда 100,6%-ға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі бойынша 6-айда 3 млрд 462,1 млн. теңгенің (2022 жылы 537,5 млн. теңге) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5,37 есе артық орындалған.
Биылғы жылы республикалық бюд-жет есебінен Шәуілдір ауылындағы жаңа ықшам ауданда газ құбырын жүргізуге 289 млн 066,0 мың теңге, Темір ауылындағы жаңа тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз етуге 236 млн 644,0 мың теңге (түзету 492 781,0 мың теңге) бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында ұлттық қор есебінен бөлінген 200,0 мың теңгеге Ақтөбе, Шойманов ауылдарындағы 150 орындық мәде-ниет үйлерінің құрылыстары бойынша жеңімпаздары анықталып, келісім шарттар түзілді. Тамыз айынан бас-тап құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен облыста «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді.
Жоба шеңберінде Шәуілдір елді мекенінен 600 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізіліп, екі жылда пайдалануға беріледі.
Елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз ету бойынша облыстық бюдет есебінен Шәуілдір ауылының бас жоспарына, аудандық бюджет есебінен Ынталы, Ш.Қалдаяқов, Оты-
рар, Ақкөл, Самырат (Үштам) елді мекендерінің оңайлатылған бас жос-
парларын түзету жұмыстары жүргі-зілуде.

Әлеуметтік сала
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде 2023 жылы 3690 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, 2023 жылдың 6 айында 1990 азамат жұмыспен қамту шараларына жолданды (377 тұрақты, 1 614 уақытша).
Оның ішінде:
• Тұрақты бос жұмыс орындарына 377 азамат жолданды.
• 35 азаматқа мемлекеттік грант берілді;
• Еңбек платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн түрде 77 азамат оқып сертификат алды;
•«Бастау-бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша 447 азамат оқыту курсына қатысты.
• Субсидияланатын жұмыс орын-дарына 1054 азамат жолданды.
Оның ішінде:
• жастар практикасына 72 азамат жолданды;
• әлеуметтік жұмыс орындарына 231 азамат жолданды;
• қоғамдық жұмыс орындарына 682 азамат жолданды;
• алғашқы жұмыс орнына 24 азамат жолданды;
• күміс жас жобасына 45 азамат жолданды;
Мемлекет басшысының 10 мың
тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орын-дарын ашуды қамтамасыз ету бойынша тапсырмасына сәйкес 662 азаматты ауыл округтері бойынша тұрақты жұмыс орындарын ашу жөнінде жоспарлы кесте түзілген. 2023 жылдың 6 айында 291 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданды.
Ұлттық жоба қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері бойынша 19 жобаға 159 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі таңда 5 жобаға 41 азамат жұмыспен қамту шараларына жолданды.
2023 жылдың 6 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 261 отбасы (1630 адам) өтініш білдіріп, есепті мерзімге 58 млн 798,1 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жасқа дейінгі 489 балаларына кепіл-дендірілген әлеуметтік топтамаға 10 млн 427,6 мың теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі бойынша 1 отбасы (11 адам) өтініш білдіріп 72,9 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалды.
Сондай-ақ, «Қамқорлық» бағдар-ламасына есепке алынған 20 отбасыға есепті мерзімге демеушілер есебінен 2 млн 760,0 мың теңгенің қаржылай және заттай көмектері көрсетілді.
Есепті мерзімге халықтың неғұр-лым әлжуаз топтарының өтініштері аудан әкімдігі жанынан құрылған комиссиясында қаралып, 189 азаматқа 16 млн 495,0 мың теңге қаржылай әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілді.
Сонымен бірге, биылғы жылы аудан көлемінде 10 тұрғын үй көп балалы ата-аналарға сатып алынып, 10 отбасы баспаналы болды.
Бұдан бөлек, қазіргі уақытта халықтың осал топтарына 20 тұрғын үйге қаржы бөлініп, сатып алу рә-сімдері жүргізілуде.
Бүгінгі таңда осы атқарылған жұ-мыстардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген азаматтардың жалпы халыққа үлесі 3,1 %;
Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,0% (жоспар-5,1%);
Жастар жұмыссыздық деңгейі 3,8% (жоспар-4,5%) төмендеді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша
Аудан тұрғындарына жалпы 36 емдеу-профилактикалық мекеме қыз-мет көрсетіп, онда 119 дәрігерлер және 385 орта буынды медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды.
2023 жылдың 6 айында денсаулық сақтау мекемелерінде тәуліктік ста-ционарда жалпы 3377 науқас тиісті ем қабылдаған.
Аудан әкімдігі тарапынан денсау-лық саласына жіті көңіл бөлінуде, ағымдағы жылы шалғайдағы елді ме-
кендерге демеушілер есебінен 3 жедел жәрдем көлігі берілді.
Талапты елді мекеніндегі ауылдық амбулаторияның құрылысына биыл облыстық бюджеттен 395,6 млн. теңге бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Аққұм ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Шытты ауылындағы фельдшерлік-акушерлік тірегінің жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Құқық қорғау саласы
2022 жылдың 6 айында аудан бойынша жалпы тіркелген қылмыстар 42 жағдай болса, биыл 35 жағдайға, яғни 16,6 пайызға кеміген.
Оның ішінде:
— жалпы ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 83,3-тен 91,1%;
— онша ауыр емес қылмыстар- 100%;
— бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы- 100%;
— мал ұрлығы қылмысы 0-ден 100%;
— пәтер ұрлығы қылмысы- 100% ашылып, меже орындалған.
— қоғамдық орында жасалған қылмыстар- 42,9% (7-ден 4-ке);
— бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар 58,3% (12-ден 5-ке) төмендеген;
— көшеде жасалған қылмыстар 2-ден 2-ге тұрақталды.
Алайда, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы 11,1% (9-дан 10-ға);
— мал ұрлау қылмысы 166,6% (3-тен 8-ге);
— адам өлтіру қылмысы 100% (0-ден 1-ге);
— тонау қылмысы 100% (0-ден 1-ге);
— мас халде жасалған қылмыстар 25,0100% (4-тен 5-ке);
-топпен жасалған қылмыстар 100% (2-ден 4-ке);
— жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 400% (0-ден 4-ке);
— жол көлік оқиғасы 25,0% (4-тен 5-ке);
— қаза болғандар саны-500% (0-ден 5-ке) өскен.
Бір сөзбен айтқанда, Отырар ауданы өңірінің экономикасы қарыштап даму үстінде. Бұл біздің мемлекетіміз дамуына қосқан үлесіміз

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *