ПАТРИОТ ТҰЛҒА– ЗАМАН ТАЛАБЫ ПАТРИОТ ТҰЛҒА– ЗАМАН ТАЛАБЫ
Жанна Иманқұл, «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері Ұлттық статистика орталығы деректеріне үңілсек, соңғы 10 жылда 360 мың адам шетелдерге қоныс аударған. Түркия,... ПАТРИОТ ТҰЛҒА– ЗАМАН ТАЛАБЫ

Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері

Ұлттық статистика орталығы деректеріне үңілсек, соңғы 10 жылда 360 мың адам шетелдерге қоныс аударған. Түркия, АҚШ, Канада, Германия, Польша мемлекеттері қазақстандықтар көп аттанатын бестікке жатады екен. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 5 мың адам шетелдерге тұрақты тұруға көшкен. Олардың басым көпшілігі – заманауи техникалық мамандық иелері, программистер, IT мамандары мен түрлі сала дәрігерлері. Қарап отырсақ, бұл мамандықтар дәл қазір еліміз үшін өте қажет әрі жетіспей жататын маман иелеріне жатады?
«Бұлай қоныс аударудың себебі неде?» деген заңды сұрақ туындайды. Себеп әрине әртүрлі. Солай бола тұра, сол қоныс аудару себептерін жинақтап әлеуметтік, экономикалық және саяси фактор деп үш топқа жіктеуге болады.
Ең көбі әрине ел ішіндегі жалақымен салыстырғандағы шетелдердегі жоғары жалақы. Тұрмыс жағдайындағы әлеуметтік, экономикалық тығырықтарға тірелген соң, оны шешудің жылдам жолы шетелде жұмыс істеу деген шешімге келген адамдар.
Саяси фактормен көшіп жатқандар мемлекет жүйесімен келіспейтін, сөз, ой еркіндігі шектелген деген тү-сінікпен өзіне ыңғайлы қоғам іздеп, көшуге бел байлаған адамдар тобы.
Түрлі сауалнамалар арқылы статистика орталығы 15-29 жасқа дейінгі жастардың 45 пайызы қалайда шетелге көшіп, өмір сүруді жоспарлауда деген қорытынды жасалған. Әрине, шетел көру, заманауи озық білім мен ғылымды сол елдерде үйреніп келу, тәжірибе алмасу – ел болашағы үшін өте қажет, тіпті жастар үшін міндет десе де болады.
Бірақ, жастар жинайтын сол білім мен білік, рухани, ғылыми қазына ел игілігі үшін қайтарыммен болуы керек-ақ еді. Десек те, соңғы уақытта шетелге білім алуға мемлекет қаржысымен барып, кейін қайтпай қалудың түрлі амал-тәсілдерін тауып жатқандар да жетіп жатыр. Сонда білім-ғылымды меңгерген, дамыған елді көрген, жан-жақты тұлға болып қалыптасқан жастардың бойында патриотизмнің кемшін түсіп жатқаны ма? Патриотизм рухын қазіргі мектеп тіпті балабақша деңгейінен бала бойына сіңіру аздық етіп жатыр ма? Ол үшін қандай бағдарлама керек, нені насихаттап, нені үлгі ету керек? Осы іспетті сұрақтар кез-келген ойлы адамды мазалары анық.
«Патриотизм» түсінігі гректің – «patris» сөзінен шыққан, «атамекен» деген ұғымды білдіреді. «Патриотизм» ұғымының мазмұны Отанына деген махаббат, оған шын берілгендік, оның өткені мен қазіргісі үшін мақтаныш, Отанының мүддесін қорғауға ұмтылыс болып табылатын адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім ретінде түсіндіріледі. «Патриотизм» түсінігі ғылыми әдебиетте туған елге, тілге, дәстүрлерге, өз халқына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті сипаттайды. Қазақстан халқын құрайтын этностардың тарихи тағдырларының ортақтығы, қазақстандықтардың діліндегі ортақ белгілері, олардың республиканың қалыптасқан экономи-калық әлеуетіне қатыстылығы, табиғи ортаның ортақтығы – қазақстандық патриотизмнің іргетасы болып саналады.
Біздің көпұлтты және көпкон-фессиялы қоғам жетістігінің негізі – барлық қоғамды этникалық айыр-машылығынан тыс біріктіретін жаңа қазақстандық патриотизм.
Жаңа қазақстандық патриотизм – Қазақстан Республикасы мен оның жетістіктері үшін мақтаныш, өз еліне пайдалы болу, өзі, өз отбасы, өз Отанының тағдыры үшін жауапкершілік. Білім алушыларда жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу – мектептің тәрбие жүйесінің өзекті міндеті.
«Патриотизм» ұғымымен тығыз «азаматтық» түсінік байланысты. Азаматтық ең алдымен өзінің негізгі әлеуметтік-рөлдік қызметті орындау барысындағы – заңға бағынушылық. Отанға адал қызмет етудегі патриоттық жанқиярлық және Отан мүддесін қорғау, еңбек ету аясы, отбасылық-тұрмыстық, ұлтаралық әрі тұлғааралық қатынастармен қатар, қоғамдық және адамгершілік құндылықтарға бағдарлануы шынайы еркін және адал берілгендігінен көрінетін тұлғаның субъективті қа-сиеттерінің кешені.
Азаматтық және патриоттық тәрбие – бұл оқушы жастарда өз Отанына деген адал сезімін, азаматтық борышын орындау даярлығын қалыптастырудағы мемлекеттік билік органдары мен білім беру ұйымдарының жүйелі және мақсатқа сәйкес қызметі.
Патриотизм – халықтың өз Отанына деген сүйіспеншілігі, ол шын мәнінде біртұтас, табысты және өскелең елге айналуына ықпал етеді.

Патриотизмді заманауи жағдайда ұйымдастыру

Заманауи білім беру қоғам дамуының пәрменді факторына айнала отырып, тұлғаны дамыту міндеттерін шешеді. Бұл жағдайларда патриотизмге тәрбиелеу міндеттерін шешу ісін кейінге қалдыруға болмайтындығы анық. Себебі патриоттық тәрбие Отанының патриоты болатын қасиеттері, позитивті құндылықтары бар, оларды Отан мүддесі үшін мемлекетті нығайтудағы жасампаз процесте көрсетуге қабілетті тұлға қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.
Отанының патриоты қасиеттері бар тұлға қалыптастыру және дамыту бүгінгі таңда педагог үшін өзекті міндет болып табылады. Мектептің тәрбие жүйесінде азаматтық-патриоттық тәрбие жетекші рөл атқарады: азаматтық, патриотизм, толеранттық, еңбексүйгіштік, адамгершілікті қалыптастыру, әлеуметтік маңызды құндылықтарды, адамның бостандығы мен еркіндігін құрметтеуді, Отанына, отбасына, қоршаған табиғатқа деген махаббатын қалыптастыру; танымдық қызығушылықтарын және сұранысын дамыту. Қазіргі күні біртұтас білім беру жүйесінде тұлғаны өмірге даярламай, керісінше өмірге қатыстыруға (яғни тұлғаны әлеуметтендіру) тәрбиелеу ісінде түбегейлі жаңаша көзқарас болып табылады.
Қазақстанның мемлекеттік еге-мендігінің қалыптасуы мен дамуы мемлекетқұрушы этнос – қазақ хал-қының тарихындағы көптеген проблемаларды өзекті етті.
Отанының патриоты болатынитұлға қалыптастыру үшін ел тари-хындағы іргелі оқиғаларды насихаттау өте үлкен рөл атқарады. Сонау сақ-ғұндардан бастап, бүгінге дейінгі атаулы оқиғаларды, хандар мен батырларды, жігерлі жастарды үлгі ету – жас ұрпақтың тарихи жадысын жаңғыртудың ең басты, ең нәтижелі амалы деп бағалауға болады.
Бұл игілікті істі б.з.б. I-мың-жылдықта Орта Азияны, Қазақстан-ның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта мекендеген көсемдерін «Алтын адамға» айналдырған өркениет пен мәдениеті қалыптасқан сақтардың тарихи жалғасы екендігімізден бас-тауға болады.
«Скифтер тайқазан жасап, оған жылқының етін асып, аталарына ас берген. Сол дәстүр қазақтарда бүгінге дейін сақталып келеді. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесінде тұрған тайқазан – сақ дәуірінен бері үзілмей келе жатқан дәстүріміздің белгісі.
Ариант деген патша скифтердің санын білмек болып, “Әрбір скиф бір-бір жебенің ұшын әкелсін!” деп бұйырады. Жиналған жебенің көптігі сонша, патша жебенің ұшындағы жезді балқытып, қазан құяды. Скиф-тердің тайқазанын көзімен көрген Геродот былай деп жазыпты: “Ол қазанды көрмесеңіздер мен суреттеп берейін: оған 600 құман су еркін сыяды, ал скифтердің бұл ыдысының қалыңдығы алты елі”. Сақтар туралы бұл тарихи дерек те жоғарыдағы ойымызды айғақтай түседі.
Қазақ хандары Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бұл ұлы тарихи оқиға білім беру ұйымдарында Отанының патриоты – азаматының қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыру мен дамыту жұмысында маңызды рөл атқарады.
Қазақ этносының ортағасырлық мемлекеті – Қазақ хандығы өмір сүрген дәуір – Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің даму эволюциясының маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Осыған байланысты оның өзара заңды келісілген басты элементтері: мақсаттары, міндеттері және мазмұны, принциптері, әдістері мен құралдары, бағыттары, қол жеткізген нәти-желерден тұратын тәрбие процесінің құрылымында Отанының патриот-азаматының қасиеттері бар тұлға қалыптастыру мен дамыту бойынша мазмұнды іс-шаралар әзірлеу және өткізу қажет.
Осы заманғы тәрбиенің негізгі мақсаты адамда әлеуметтік-құндылықты қасиеттер, көзқарастар, пі-
кірлердің біртұтас кешенін қалыптастыру үшін материалдық, рухани және ұйымдастыру шарттарын жасау екені баршаға мәлім.
Таңдап алынған мақсаттардан тәр-биенің негізгі міндеттері туындайды.
Бұл міндеттер тәрбие мақсаттарын нақтылай түседі және бір жағынан, тәрбие мақсаттары жүйесінің жалпы құрылымындағы жеке жүйеастылар, басқа жағынан, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудегі кейбір аралық мақсаттар ретінде қарастырылады. Қызметтік-уақыттық табиғаттың екі
ұдайылығы тәрбиенің келесі мақсаттарын ең негізгілері ретінде анықтауға болады.
Біріншіден, өмірдің мәнін, әлемдегі өз орнын, өзінің бірегейлігін және құндылықтарын түсіну мәселелерінде тұлғаның философиялық бағдарын және дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.
Екіншіден, оқыту процесінде және алдағы практикалық қызметінде адамға өз міндеттерін орындауы үшін шығармашылық қарым-қатынасты, жауапкершілік пен белсенділікті дарыту.
Үшіншіден, білім алушылардың жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениеті байлығының қалыптасуын және бойында осы құндылықтарға деген қатынасын көрсететін жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін қамтамасыз ету.
Төртіншіден, гуманистік моральдың жалпыадамзаттық нормалары (соның ішінде жақсылық, мейірімділік, жанашырлық, өзара түсіністік, толеранттық және т.б.) мәні мен маңызын ашу және маңызды тұлғалық өлшем ретінде зияткерлікке баулу.
Тәрбиенің тиімділігі мен оның қол жеткізілген нәтижелерінің сипаты көп жағдайда педагогтердің тәрбиенің негізгі заңдары мен заңдылықтарын білуіне және түсінуіне байланысты.
Отанының патриоты қасиеттері бар тұлғаны қалыптастыру және дамыту келесі заңдылықтарға негізделуі тиіс:
1. Тәрбие жұмысы мақсаттары мен міндеттерінің қоғамдағы дүние-танымдық, адамгершілік-эстетика-
лық бағдарлар, мұраттар және ұстанымдармен объективті қажеттіктерде келісілуі.
2. Тұлға дамуына бағдарлану. Тұлғаның жалпымәдени, әлеуметтік-адамгершілікті және кәсіби дамуы неғұрлым үйлесімді болса, адам өз мәдени-гуманистік қызметін іске асыруда соғұрлым еркін және шығар машыл.
3. Тұлғаның жалпыадамзаттық мәдениетпен үйлесімде дамуы тәрбиенің құндылықты негіздеріне байланысты. Тәрбие жалпыадамзаттық құн-дылықтарға негізделуі, сондай-ақ этникалық мәдениетті ескере отырып құрылуы тиіс.
4. Тұлғаның тәрбиесі тәрбиелік сұхбаттар, ғибратты әңгіме және ақыл айту кезінде ғана емес, оны іс-әрекетке қатыстыру процесінен бастап қана Сонымен бірге мұндай әңгімелер мен ақыл-кеңесті педагогтың тәрбиелік ықпал ету құралдары қатарынан шығарып тастауға болмайды.
5. Білім алушы тәрбие субъектісі болған кезде тұлғаның даму процесі оңтайлы сипат алады. Бұл кезде мұғалімдер де, және оқушылар да әрбір адамға дербес тұлға ретінде қарауды болжайтын оқу-тәрбие процесіне тұлғалық қатынас туралы сөз болады.
6. Тәрбие процесінде білім алушы тұлғасына, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының сипатына, оған қойылатын жоғары талаппен үйлесімде адам-гершілік және құрмет таныту қажет.
7. Тұлғаның өзін-өзі дамытуының табыстылығы көп жағдайда тәрбие процесін дербестендіру деңгейіне және оның шығармашылық бағыттылығына байланысты.
8. Тәрбие нәтижелерінің тек тәрбие қызметіне ғана емес, сол сияқты оқытушы тұлғасына, шынайы жағ-дайларға, өскелең ұрпақпен нақты процестер және жағдайларда өзара әрекеттесу сипатына тәуелділігі. Тәр-бие мен оқытудың үйлесуіне зор мән беру керек.
Негізінде қарым-қатынас формалары бар тәрбиенің үш формасы жұмыс істейді. Патриот – азамат тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда тәрбиенің барлық үш формасы қолданылады.
Бірінші топқа шығармашылық оқыту қарым-қатынас формалары – барлық түрдегі шығармашылық сабақтар, оқыту сипатындағы жеке және ұжымдық тапсырмалар жатады.
Екінші топқа шығармашылық ынтымақтастық қарым-қатынас формалары – ұжымдық шығармашылық істер, өмірлік практикалық сипаттағы жеке және ұжымдық тапсырмалар, шығармашылық мерекелер және т.б. жатады.
Үшінші топқа осы қарым-қатынастардың синтетикалық формалары – күнделікті шығармашылық қатынаста болу, әртүрлі шығармашылық кездесулер жатады.

Жас буынды патриоттыққа тәрбиелеу

Қазақ мемлекетіне 550 жылдан асса да, қазақ мемлекеттігінің тарихы тереңде жатыр. Мұның негізін сақтар, үйсіндер, қаңлылар мемлекеттігі, кейінірек – Түрік қағанатының құра-мына кірген тайпалар құрады.
Керей мен Жәнібек ең алғашқы болып қазақ мемлекеттігінің негізін қалады, ол туралы көптеген мұрағат деректері, отандық және шетелдік жылнама жазбалары дәлелдейді. XV ғасырдың екінші жартысында Шыңғыс хан ұрпақтары – Керей және Жәнібек көшпелі өзбектер мемлекетін басқарған Әбілхайыр ханнан бөлініп, халықтың бір бөлігімен Моғолстанға көшіп кетті.
Олар Шу өзені бойындағы Қозы-басы өңірінде (Орталық Қазақстанның оңтүстігі) қоныстанды, бұл оқиға қазақтар мемлекеттігінің басы болды. Сол уақытта «қазақ» ұғымы пайда болды, ол Керей мен Жәнібектің жаңа иелігінің атауын білдірді, ал кейінірек этникалық мағынаға ие болды. Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан соң, 1468 жылдың соңында оның ұрпақтары Керей мен Жәнібек билік құрып отырған жер үшін күресті бас-тады.
Осы күрес нәтижесінде Батыс Жетісу, қазіргі Орталық Қазақстан, Сырдарияның орта ағысының аума-ғы Керей мен Жәнібектің қолында болды. Құрылған бұл мемлекет Қазақ хандығы деп аталды. Қазақ халқы көптеген ғасырлар бойы Алтын Орданың құрамында болды. Біздің ата-бабаларымыздың жеріне, біздің тарихымызға алтынордалық хандардың тікелей қатысы бар. Орталық саяси биліктің түйіні ал-тынордалық, кейіннен қасиетті Ұлытаудың төріндегі қазақ хан-дығының ордасы болды. Қазіргі Түркістан қаласы қазақ жерінің көне астанасы ғана емес, сонымен қатар түркі халықтарының мәдени, саяси және идеологиялық орталығы болды.
Қазақ хандығы дамуының әрбір кезеңінде өзіне тән тағдыршешті сәттері болды. Бірақ, негізінен ұлттың тағдыры жер үшін күресте шешілді, өйткені жауласушы екі жақ үшін ең басты мәселе – жер, еркіндік және тәуелсіздік мәселесі болды. Ежелден қазақ халқы еркіндікті сүйетін халық ретінде белгілі. Біздің мемлекетіміздің тарихында саяси сахнаға Хақназар, Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Кенесары хан сияқты танымал тұлғалар шықты.
Және олардың әрқайсысы өздері билік құрған тарихи кезеңдерде мемлекеттіліктің дамуына өз үлестерін қосты. Қазақ хандығындағы басқару жүйесі бірегей болды. Елді ақ кигізге отырғызып сайлаған хан халықтың атынан басқарды. Билер мен батырлар, сондай-ақ тарих шежірешілері – жыраулар мен жыршылар институттары үлкен рөл атқарды. Қоғамда әлеуметтік қатынастарды ақсақалдар реттеп отырды.
Қазақ даласындағы «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы қазақ мемлекеттігінің құқықтық негіздерінің дамығандығын дәлел-дейді.
Тарихтағы хандық дәуір кезеңдерін әр ханның басқарған тұсымен алып қарасақ, барлығы дерлік тыныштықта өткен жоқ. Сол заманда да жан-жақтан анталаған жау жетіп артылды. Ұлан-байтақ даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, қанша боздақ құрбан болып, бүгінгі бізге аманаттап кетті. Жоңғар шапқыншылығы, кейіннен империялық Ресейдің отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер, Алашорда арыстары, ашаршылық, 37-ның қанды қырғыны… Иә, ұлы даланың тө-сінде небір тарих беттері сусып өтті. Қайсысын ашып қалсақ та, өнеге, ерлік, өрлік еліне деген шексіз сүйіспеншіліктің, патриотизмнің шынар биігін көре аламыз.
Одан кейінгі қасап қырғын – фашизммен болған соғыс, жығылған үстіне жұдырық болып, орны толмас шығын мен күйзеліс алып келді. 27 млн-ға жуық адамның 10 миллионнан астамы – майдан даласында қаза тапты. Қызыл Армияның 18 млн. жуық солдаты мен командирлері жауынгерлік міндеттерін орындауда ауыр жараланды. Кеңес халқының 6 млн-ға жуығы фашистердің тұт-қынында болды, олардың 4 млн-дайы қайтыс болды. Жау тылында 4 млн-ға жуық партизандар және астыртын жұмыс жасаған адамдар қаза болды. Миллиондаған жетімдер мен жесірлер және мүгедектер – соғыстың салдары міне, осындай болды.
Соғыс жылдарында 1710 қала және 70 мыңға жуық селолар мен деревнялар толық қирады. 25 млн-дай адам баспаналарынан айырылып, жеркепелерді, сарайлар мен жертөлелерді паналады.
Фашизммен соғыстағы жеңіске Кеңес Одағы халқының қанымен, теңдессіз ерлігімен, ауыр еңбегімен және орны толмас шығынымен, олардың сарқылмайтын жігерімен және жауды жеңеміз деген сенімімен қол жеткізілді. Жеңістің басты сабағы – жаңа дүниежүзілік соғысқа жол бермеуді түсіну, себебі ол барша адамзатты жер бетінен жойып жібереді. Бұл арада жалғыз жол – бейбітшілікті бірге нығайту ісінде өзара түсіністікке өту.
Барша халықтың опасыз агрессор ойының күйрейтініне деген сенімі Кеңес Одағының тарихтағы халықтар үшін ең зұлмат және қантөгісті болған соғыста жеңісті қамтамасыз етудегі шешуші күш болды.
Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды, ал 499 қазақстандық «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды. Штурмовик-ұшқыштар Т.Я.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және истребитель-ұшқыш С.Д.Луганский бұл атаққа екі мәрте ие болды. Қазақтың үш қызы: Кеңес Одағының Батырлары мерген Әлия Молдағұлова, пулеметші Мәншүк Мәметова және Халық Қа-һарманы ұшқыш – Хиуаз Доспанова – біздің ерекше мақтанышымыз.
Майдан даласындағы барлық ұрыстарда қазақстандықтар ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Москва үшін шайқаста Алматыда құрылған 8-ші гвардиялық панфиловшылар дивизиясы ерлігімен ерекшеленді. Панфиловшы 28 батырдың ерлігі барлығына мәлім: 1941 жылғы 16 қарашада Москва түбіндегі Дубосеково разъезінде жаудың толассыз шабуылына тойтарыс беріп, фашистердің қалаға басып кіруіне жол бермеді. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде ақын Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өрендерім» өлеңімен қала халқына күш-жігер берді. Орыс тіліне ау-дарылған Жамбыл өлеңі жазылған үндеухаттар үй қабырғаларына жапсырылды, радиодан берілді, адамдар оны бейне бір дұғадай қайталай берді. Мыңдаған қазақстандық Сталинград үшін болған ұрыста, Украина, Белоруссия, Балтық жағалауын, Молдавияны азат етуде өз өмірлерін қиды. Олар Польша, Венгрия, Чехословакия, Венаны азат етуде ерлікпен және қаһармандықпен ерекшеленді. Лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Берлин үшін болған ұрыста рейхстагқа Жеңіс туын тіккен алғашқылардың бірі болды.
Соғыс жылдары қазақстандықтар тек майданда ғана емес, сонымен қатар тылда да ерлік жасады. Тылдағылар майдан үшін қару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түлік, киім-кешек және т.б. көп заттармен қамтамасыз ету үшін еңбек етті.
Соғыс кезінде атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорға-сыннан жасалды. Соғыстағы барлық техникаға қазақстандық металдың қатысы болды.
Сол жылдардағы «Правда» газетінде қазақстандықтар туралы: «Қазақтар майданда жақсы соғысуда, тылда олардың әкелері, аналары, әйелдері жақсы еңбек етуде. Қазақстан өз жерінің байлығымен, тауларының қазынасымен қуатты қолдап отыр», – деп жазылыпты.
Өскелең ұрпақты өз Отанына сүйіспеншілік және адалдық рухында тәрбиелеу туралы құнды ойлар қазақтардың ұлттық педагогикасында берілген. «Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы», «Туған жер – алтын бесік», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Туған жердің ауасы да – дауа», «Жер тарихы – ел арихы», «У ішсең – руыңмен», «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді халық даналығы.
Ұлттық педагогиканың ғасырлар бойы жиналған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпында зор әлеует бар. Патриоттық тәрбие беруде Керей, Жәнібек, Әбілхайыр, Абылай, Кенесары сынды қазақ хандарының және Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек және т.б. батырлардың рөлі жоғары.
Мектеп қабырғасында өтілетін әрбір пәнінің патриоттық тәрбие беруде мүмкіндігі зор. Тарих, әде-биет сабақтарында балаларға түрлі эссе, шығарма жазуды, немесе «Қазақ хандары мен батырлары», «Менің өлкемнің ерлері», «Біздің жерлестеріміз Ұлы Отан соғысында» және тағы басқа тақырыптарға түрлі пікірталастар жүргізу арқылы патриоттық рухтың негізін қалауға әбден болады.
Өлкетану жұмыстары – оқушыларға патриоттық тәрбие беретін маңызды көздердің бірі. Өздері тұратын ауыл, аймақ, облыстың түрлі ескерткіштерін, тарихи мұраларын тану арқылы да бала бойында елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімі беки түседі.
Патриот-азаматты тәрбиелеу үшін әлеуметтік-рухани, адамгершілік және мәдени феномен ретінде тарих-та өткен, нақты фактілермен рас-талған шынайы оқиғаларды, нақты тұлғаларды ардақтауды, құрмет-
теуді үйрету керек.
Мектеп қабырғасындағы қай пәннің болмасын оқулығына енетін материалдар білім алушыларда патриоттық сана, өз Отанына адал-дық сезімі қалыптасуына, Отан қорғауда өзінің азаматтық борышы мен конституциялық міндеттерін орындауға даяр болуына ықпал етуі тиіс. Тарихи деректер мазмұнындағы патриотизм феномені ескірмейді, әр дәуірмен бірге жасай береді және бізді болашаққа бастайды. Ол қоғамның әлеуметтік жадында, аға ұрпақтың ісінде, бұқаралық болжалда және біздің замандастарымыздың әрбірінің ой түкпірінде.
Сондықтан мемлекеттік бағдарлама ретінде «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Киелі Қазақстан» т.б. жобалары бостан-босқа кең ауқымда жүргізілмеді. Мемлекеттік деңгейде жүргізілген бұл бағдарламалардың әрқайсысы рухани мұра, ұлттық өзіндік сана, ұлттық мақтанышты қалыптастыруда қуатты құрал бола тұрып, нәтижесінде әрі тәуелсіздікті нығайтудың әмбебап негізі болады.
Бұл бағдарламаларда қазіргі заманғы қазақстандықтың берік құндылықтарын құрайтын мораль да, құқық та, дәстүр де, өнер де, тарих тағылымдары да жинақталған. Мұндай зор ауқымды игілікті жобалар әлі де түрлі форматта, түрлі мазмұнда өз жобасын тауып отыруы қажет.
Өйткені. «ақпарат заманында» сананы жаңғыртып, өткенді еске түсіру арқылы отаншылдықты арттыру, рухани тастүйін берік азаматтарды тәрбиелеу – ел тәуелсіздігінің кепілі.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *