КYШ АТАСЫ КYШ АТАСЫ

КYШ АТАСЫ

20.02.2023 0 816

Бекжан БЕЙСЕНБАЙ, Қажымұқантанушы, Отырар ауданының құрметті азаматы Қажымұқан Мұңайтпасұлы есіміне көлеңке түсірмейік   Биылғы 2023 жылы Қазақтың атын әлемге танытқан саусақпен санарлық Ұлы тұлғалардың... КYШ АТАСЫ

Бекжан БЕЙСЕНБАЙ,
Қажымұқантанушы, Отырар ауданының құрметті азаматы

Қажымұқан Мұңайтпасұлы есіміне көлеңке түсірмейік

 

Биылғы 2023 жылы Қазақтың атын әлемге танытқан саусақпен санарлық Ұлы тұлғалардың бірі де бірегейі, күрестің үш түрінен әлем чемпиондығын бірнеше рет жеңіп алған «қазақ спортының атасы», қазақ жастарының кумирі, қазақ спортшыларының сиынатын пірі – Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 140 жыл, өмірден өткеніне 75 жыл толады.
Ал біздің тарихшылар қазақ халқының мақтанышы осындай Ұлы тұлғаның өмірбаянын дұрыстап жаза да алмай масқара болып жүр.
1947 жылы үнді халқының ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Джавахарлал Неру өзінің қызына жолдаған хатында: «Үстем күш біздің өз тарихымызды оқытпай келді. Өйткені, біз тарихымызды біле бастасақ, күшейе бастайтын едік. Сондықтан отар елдің тарихын отарлаушы елдің тарихшылары жазады…», – деп жан күйзелісін білдірген екен.
Қазір Ресейді 34 жыл билеген неміс қызы Екатерина II айтыпты деген: «Қазақтар өз тарихын білсе әлемді жаулап алады» – деген сөз жұртқа жақсы таныс.
Қазіргі біз оқып жүрген қазақ халқының тарихы Ресей саясат-керлерінің империялистік пиғылы-мен бұрмаланған тарих, жалған тарих. Өткен ғасырдың 1930-1940-шы жылдары қазақтың бар сауатты, білімді қаймағын ұлтшыл, пантюркист, жапон тыңшысы деген сияқты желеумен қырып салып, алфавитті қайта-қайта өзгертіп, бұрыннан қалыптасқан тарихи сананы жойып, еуроцентристік бағытта бұрмаланып жазылған жалған тарих бізде әлі де оқытылып келеді.
Қазақ халқы – Еуразия даласын ат тұяғымен дүбірлеткен, басы барды идірген, тізесі барды бүктірген байырғы грекше Скиф, Массагет, парсыша Сақ, Тур, қытайша Ғұн, Түрк аталған жауынгер тайпалардың заңды ұрпағы.
Біз Бату ханның алдында тізерлеп отырып бас иетін, бар жоғы 300 сарбазымен 700 шведке тосын шабуыл жасап жеңген князін орыстар «Александр Невский» деп дәріптеп, оның атынан батырларына беретін орден шығарғанын білеміз. Ал қазақ халқының тарихында бар жоғы 600 сарбазымен 50 000 жоңғарға тосқауыл құрып, 10 000 жоңғар сарбазын өлтіріп, қалғанын қуып тастап, елімізді жаудан қорғап қалған Салқам Жәңгір бастаған батырларға орден шығармақ түгілі, бұл ерлікті көпшілік біле де бермейді.
Біз соңғы кезде ғана Кутузов бас-қарған Ресей империясының әскерін тас-талқанын шығарып, Москваны басып алған Наполеонның әскерін Москвадан қуып шығып, талқандаған 92 мың қазақ пен 10 мың башқұрт сарбаздары екенін білдік. Оны да орыстар емес, француздар айтты. Ал орыстар мойындауға мәжбүр болды.
Ал күрестің үш түрінен: Еуропада қолданатын французша күрестен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, Америкада қолданатын еркін күрестен иығы жер иіскемеген – абсолютті чемпион, жапондардың жию-житсу күресінің чемпионы Саракики Жиндофудан орыстардың Иван Поддубный бастаған бар палуандары қорқып, шыға алмай тұрғанда, атылып шығып, жараланғанына қарамай жер жастандырған – «Қазақ даласының батыры» – Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірбаяны әлі даулы.
Қажымұқанды зерттеген қаншама ғалымдардың шырылдап қаншама рет жазғанына қарамай Қажымұқанның туған жылы туралы қате дерек әлі өзгертілмеді. Сол сияқты туған жері туралы дау да шешілген жоқ.
Ол аз болса соңғы кезде Қажы-мұқанға қартайған кезде қазақтар қарамай қойып, қиын жағдайда қайтыс болды деген жалған дерек те гулеп барады.
Қазақ халқы Ресей империясының құрамында отар болып тұрғанда, Ресейдің кейбір нәсілшіл чиновник-терінің қарсы болғанына қарамастан, Қажымұқан палуан өзінің қажыр-қайратының арқасында, достарының қолдауымен халықаралық жарыстарға шығып, әлемнің бес құрлығын өзінің күшімен мойындатқан болатын.
Қазақ елі КСРО-ның құрамында тұрғанда, кейбір орыстың ұлтшыл журналистері Қажымұқанды кемсітіп, төмендетпек болғанда, дарынды ғалым Мұратхан Тәнекеев бастаған қазақ интеллигенция өкілдері оларды орнына қойып, кешірім сұратқан болатын.
Ал енді қазақ халқының өз билігі өз қолымызға тиіп, егемендік алғанда, қазақтың өз ішінен шыққан, жүрегін рушылдық, жүзшілдік жаулап алған кейбіреулер қазақ халқының мақтанышы – Қажымұқанды мүйіз-деуді шығарды. Қажымұқанды «палуан емес, циркаш» деп кемсітпек болған кейбір ақымақ, кеудемсоқтарға күйінген Бақтияр Тайжан «Қажы-мұқанды қорлады-ау лауқилар мен көрдемшелер» деп күйіне мақала да жазды.
Тіпті, облыстық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімін басқарып отырған қазақ жігіттің «Неменеге Қажымұқан, Қажымұқан дей бересіңдер, Балуан Шолақты неге айтпайсыңдар?» – деп ежірейгенін де көрдік. «Балуан Шолақты мақтауға Қажымұқанның қандай кедергісі бар. Қазаққа екі, тіпті он палуан болса симай ма?» – дей келіп, Қажымұқан мен Палуан Шолақтың арасалмағын түсіндірдік. «Балуан Шолақ мүмкін Қажымұқаннан да күшті шығар. Бірақ Қазақстаннан сыртқа шыққан жоқ. Ешбір чемпионатқа қатысқан емес. Балуан Шолақтың күрескені туралы ешқандай ресми құжат жоқ. Ал Қажымұқан әлемнің бес құрлығын түгел аралап, бәрін күшімен мойындатқан палуан. Қажымұқанның жеңістері арнайы құжаттарда тіркелген.
Қара күшке келсек Қажымұқанның өзі айтқан семейлік жігіт Қажы-мұқанды күшімен мойындатқан екен. Бірақ оның қара күшінен не пайда? Мал ұрлығынан басқа жақсы ісі жоқ.» Чиновник жігіт енді түсінгендей «Ә-ә-ә» деді. Бірақ, …жоғарыдан тапсырма бар ма ештеңе шешпеді.
Ал Қажымұқанды «қартайған шағында аш болды» дегенді ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры болған Марат Хасанаев жазыпты. Сондағы оның сүйенген негізгі дерегі осы архивтен табылған Қажымұқанның атынан жазылған хаттардың орысша аудармасы ғана екен.
Тура осындай мақаланы Қажы-мұқанның 130 жылдығына арнайы шығарылған «Қажымұқан қағанаты» атты кітапқа арнап, Қажымұқан мәңгілік мекенін тапқан Ордабасылық Қыстаубай Байтуов та жазыпты. Мақаланы «Ақталмаған үміт» деп атапты. Қ.Байтуов керек деректерді алуға көмектескені үшін М.Хасанаевқа «алғыс» айтыпты. Бірақ, «бұрын жазылған жағымсыз мақаланы қайталап жазудың не керегі бар еді?» деген сұрақ көкейімнен кетпей қойды. Қажымұқанды қорлайтын, бар қазақты қорлайтын осындай мақала палуанның мерейтойына арнайы шығып жатқан кітапқа не үшін керек?
Тура осы сарындас мақалалар жетерлік. Тіпті, Шымкентте шығатын «Замана» газетінен, Қажымұқанның ордендерімен салынған әдемі суре-тінің жанына «Ішерге тамақ, киерге киімім жоқ…» деп айқайлатып басқан мақаланы да көрдік.
Бірақ, Қажымұқанның кіндік қа-ны тамған ауылда туылып, кішкен-тайымыздан Қажымұқан туралы қаншама деректерді естіп жүріп, Қажымұқанның бірдеңеден таршылық көргені туралы естімеген едік.
Бір қызығы осы мақалаларды жазған адамдар архивтен алдық дегенмен, хаттардың мазмұны түрліше көрсетіледі.
Біз осының шындығын тексеру үшін Марат Хасанаев басқарған архивте екі ай отырып құжат қарадық. Таң қаларлығы, дәл осы архивте Қажымұқанға 1 шілде 1946 жылдан 500 сом, 1 қазан 1946 жылдан балаларына 200 сом, барлығы 700 сом дербес зейнетақы тағайындалғанын, оны Қажымұқан қайтыс болғанша, балалары есейгенше алғанына толық деректер таптық.
Бұл туралы мақалалар респуб-ликалық газет, журнал, интернет порталдарда жарық көрді:
1) Дербес зейнетақы тағайындалған Қажымұқан қалай аштыққа ұшы-райды? https://e-history.kz/kz/news/show/846/
2) Қажы Мұқанның хаттары https://e-history.kz/kz/library/read/25170/
3) Қажы Мұқан өмірінен трагедия жасау кімге тиімді? https://e-history.kz/kz/news/show/686/
1947 жылдың желтоқсанында КСРО-да ақша реформасы болғанда Қажымұқан Арыстағы банкке қаппен ақша ауыстырғанын бұрыннан білеміз. Сонда мұның бәрін қалай түсінуге болады?
Бұдан да сорақысы, Мая Бекбаева деген шығарған «Тайны и судьбы великих казахов. Хаджимукан Мунайтпасов» деген документті фильм болды. Фильмсымақта көзді бақырайтып қойып, ашықтан-ашық Қажымұқанды қорлайды. Деректері тіпті жалған. Миға сыймайды.
Қазақ халқы Ресейдің отары болып тұрғанда Қажымұқан жеңіп шығады, қазақ елі КСРОның құрамында тұрғанда Қажымұқанды кемсітпек болғандарды басын идіріп, кешірім сұратады. Ал қазақ елі егемендік алдық деп тақиясын аспанға атып жатқанда өз ішімізден шыққандар қазақтың ардақтысын, мақтанышын өстіп қорлап отыра бере ме?
Қазақ «жақсыға әркімнің де бар таласы» дейтін. Бүткіл түркі халықтары пір тұтатын «Қорқыттың алты жерде көрі бар» дейді білетіндер. Бұл түркілердің әлі өз таным-түсінігімен өмір сүрген кезі еді.
Ұлы Абай «қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, тірісінде жамандаудан аманы жоқ» деп күйінген екен. Бұл кезең қазақтардың тұрмыс-түршілігіне орыс саясаты араласа бастаған кез еді.
Ал қазір тірі былай тұрсын, аруақтан да қорықпайтын арсыз қазақтар шықты.
Олардың қаншасы Республика-мыздың билік басында жүр. Олардың іс-әрекетіне қарап елімізге пайдалы іс істемек түгілі, Отанын сатқан опасыз ба не қазақтың қас жауы ма дейсің.
Біз ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басына дарынды жас ғалым, байыпты басшы, халқын, Отанын сүйетін ұлтжанды азамат Дархан Қуандықұлы келгенсін, үшінші рет хат жазып, осы даулы мәселені, фильмді шығарушылар мен оларды қолдайтын ғалымдардың қатысуымен талқылап, бір шешім шығаруын сұрандық.
Министрлік тоғыз рет резолюция шығарып, ақыры 18.10.2022 күні онлайн талқылау өткізуге шешім қабылдады. Талқылауға жауапты болып осы министрліктің теле-радио-каналдардағы ақпараттық жұмыстар басқармасының бас эксперті Балбүбі Ермағанбетқызы бекітілді.
Біз – Қажымұқантанушы Бекжан Бейсенбай, Отырар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев, Отырар әдебиет және өнер бірлестігінің төрағасы Сағындық Қыдыр, Республикалық парламент сенатының депутаты, Ордабасы аудандық мәдениет бөлімінің басшысы, барлығы бес адам Нұрлыбек Жеңісбекұлына фильмнің жалған деректерін әшкерелеп, дәлелдеп беріп, мойындаттық. Нұрлыбек Жеңісбекұлы фильмнің кемшіліктерін толық мойындады. Дәлелдерімізді жазба түрде эл. пошта арқылы қосымша жібердік.
Бұл фильмнің деректерді бұрма-лағанын түсіндіріп, фильм барлық ақпарат көздерінен алынып, интернеттен өшірілуге тиіс екенін мойындатқанбыз.
Министрлік мамандары бұл туралы Хабар агенттігімен сөйлесіп, шешімін бізге хабарлайтын болып келіскенбіз.
Жақында хат келді. Хатта «Келесі 2023 жылы Қажымұқан туралы жаңа фильмді Хабар агенттігі түсіретінін» хабарлапты. Министрліктің жауапты қызметкері Балбүбі Ермағамбетқызы телефон арқылы «Келесі жылы фильмді түсірер кезде міндетті түрде Сізді шақырады. Біз бұны қадағалайтын боламыз, Сізбен хабарласы тұрамыз» дегенді қосып қойды.
Интернетті ашсам Хабар агенттігі өздері салған осы «Тайны и судьбы великих казахов. Кажымукан Мунайтпасов» атты фильмді өшіріпті.
Ал Майя Бекбаева керісінше, ерегісіп осы фильмді тіптен көбейтіп жіберіпті. Интернетті ақтарып отырып мен:
1) «Тайны и судьбы великих казахов». Кажымукан Мунайтпасов 08.01.2017, https://khabar.kz/ru/arkhiv/programmy/item/72412-tajny-i-sudby-velikikh-kazakhov-kazhymukan-munajtpasov Блокировка қойылған «Это видео с ограниченным доступом.»
2) Как умирал Кажымукан? Триумф и трагедия легендарного борца https://www.youtube.com/watch?v=T7Z981GUlrs 111 922 просмотра 10 окт. 2022 г
3) Тайны и судьбы великих казахов| Кажымукан Мунайтпасов -Редкие кадры |каштанов реакция https://www.youtube.com/watch?v=lJGcZYF_pAk дата жоқ. Соңғы жеті күн ішінде салған. 13.10.2022 ж. «Каштанов реакшен»
4) Последние годы жизни Кажымукана Мунайтпасова https://www.youtube.com/watch?v=r3E5HXAJLC4 «Тайны и судьбы великих казахов»№ Қажымукан Мунайтпасов» фильмінің соңғы ең сорақы 13 минутын алып ықшамдай салған. 28 504 просмотра 12 окт. 2022 г.
5) «Тайны и судьбы великих казахов». Кажымукан Мунайтпасов https://ok.ru/video/51402050277 1мин 27 сек 13 апр 2016 1 264 просмотра
6) «Тайны и судьбы великих казахов». Кажымукан Мунайтпасов https://ok.ru/video/381033648404 толық 53 мин 03 сек 2017 ж.
7) «Тайны и судьбы великих казахов». Кажымукан Мунайтпасов https://ok.ru/video/632667312475. Толық 53 мин 03 сек 2016 ж.
8) «Тайны и судьбы великих казахов». Кажымукан Мунайтпасов 2017 жылы салынған https://vk.com/wall-56044750_4559 видео өшірілген.
9) Кажымукан Мунайтпасов — первый казах, ставший чемпионом мира по борьбе и носивший почетное звание «батыр казахского народа». https://www.facebook.com/watch/?v=1890994024496652 1мин 01 сек 2016 ж. аттарымен, осы М.Бекбаева түсірген фильмнен түрлендіріп жасалған жалған зиянды фильмдерді көрдім. Атын өзгертіп қоя салған:
1) «Как умирал Кажымукан? Триумф и трагедия легендарного борца» 111 922 просмотра 10 окт. 2022 г
2) Тайны и судьбы великих казахов | Кажымукан Мунайтпасов 13.10.2022 ж. «Каштанов реакшен»
3) Последние годы жизни Кажымукана Мунайтпасова «Тайны и судьбы великих казахов» Қажымукан Мунайтпасов» фильмінің соңғы ең сорақы 13 минутын алып ықшамдай салған.
Кезінде, Алтын Орда ыдырап, берекесі кеткен кезде осындай өз халқынан безгендер «еркін казак» атанып, тілінен безіп орыс тілін, дінінен безіп християн дінін қабылдап, өмір бойы құлдық (крепостной) деңгейде болған славян орыс халқының княздігі Мәскеу княздігін көтеріп, алып империя дәрежесіне жеткізген болатын.
Бұл әдісті ойлап тапқан еврей Сперанский деген түркі халықтарын терең зерттей келе «Бұларды күшпен жеңіп ала алмайсың. Оларды Сексеуіл тәсілімен жеңу керек. Сексеуілді шапсаң балта кеспейді. Ал өзіне өзін ұрсаң тез сына береді. Сондықтан түркілерді іштей бөлшектеп өздеріне өздерін қарсы қою арқылы жеңу керек» деген екен. Солай істеп, өздерінен бөлініп шыққандарды қамқорлыққа алған болып, өз бауырларына қарсы пайдаланып жеңіп отырған.
Мына Майя Бекбаеваның фильмі осы мақсат үшін түсірілген арандату фильмі. Олар түпті деректерді ашық бұрмалап, кей жерлерде ойдан қоса салып, тіпті қазақтарды ашық қорлауға шейін барған.
М.Бекбаеваның осы фильмінің сценариі 2005 жылы Россияның «Спутник-2000» телекомпаниясы шығарған «Трагедия силача. Иван Поддубный» https://www.youtube.com/watch?v=ol9_pp8TQSc атты документті фильмінің сценариіне өте ұқсас.
Орыстар украиналық казак Иван Поддубныйды қорласа, Бекбаева өз қазағының Қажымұқанын қорлайды.
Бір бірін кемсітетін ағайынды орыс пен украиндардың арасы қазір қырғын соғысқа жетіп, екі халық бірін бірінің қанын суша төгіп жатыр.
Аллам ондайдан сақтасын.
Енді фильмге келейік. Осы М.Бекбаеваның фильмін тексере келе 45 қате таптым. Кей жерлерінде тіпті қате емес әдейі бұрмалап, ашық қорлаған.
1)Бекбаева Қажымұқанды мал қорада өлді дейді. Ал Қажымұқанға үкімет 1945 жылы бес бөлмелі, шиферлі, фундаменті бір метр үй салып бергенін жасырады.
2) Бекбаева жазда 12 тамызда Темірланда қайтыс болған Қажымұқанды «өкпесіне суық тиіп өлді» дейді. Ол оңтүстікте «өкпеге суық тиген» деген диагноз жаз түгілі қыста да болмайтынын білмейді. Қажымұқанның қан қысымынан қайтыс болғанын сол кездегі Темір-ланның бас дәрігері А.Бектаев былай деп жазып кеткен:
«1948 жылдың жазында Қажекең Боралдай өзенінің бойында бие байлап, үй тіктіріп жатты. Сол жерде кенеттен қан қысымынан қайтыс болды. Оны бүкіл аудан жұртшылығы болып зор құрметпен жерледік.
Ахмет Бектаев,
Облыстық аурухананың жоғары категориялы дәрігері, Ұлы Отан соғысының ардагері»
3)Бекбаева тіпті Қажымұқанның отбасын да бұрмалайды. Орыстарша темір кроватта отырған (екі жас қыз?) бен бір жас бала. Сонда екі әйелі Мінай мен Бибіжан қайда, Мінай апаның Ескерместен туған ересек балалары Есбол мен Есалы қайда? Олар Қажымұқан атасынан еш уақытта ажыраған емес.
4) «Соғыстан кейін сүйікті жары Бәтима қайтыс болды. Одан кейін бірнеше рет үйленсе де ол некелері баянсыз болды» дейді. Рас, бұл сөз цирк артисі Жолдасбек Имашевтің аузымен айтылыпты. Бірақ, егер де бұл дұрыс емес десе бермес еді ғой. Қуана-қуана көрсеткеніне қарағанда бұл «Орыс қызынан кейін үш рет қазақ әйел алса да некелері бақытсыз болды» деген оларға ұнаса керек, толық беріпті.
Бұл да өтірік: 1) Бәтима апа мен Қажымұқанның жастық махаббатына күмән жоқ. Бірақ, Қажымұқан кейінгі үш әйеліне үйленгенде де Бәтима апа өлмеген, тірі болатын. Бәтима апа Қажымұқаннан 18 жылдан кейін, 1966 жылы немересі Разияның қолында қайтыс болған. Ал Қажымұқан Ырыстыға үйленгенде қарсы болмай, өздері асырап алған балалары Ғабдолланың қолына барып тұрады.
5) «Қартайғанда қазақтар Қажы-мұқанға қарамай қойды» дейді. Өтірік:
А) Әлімқұл Бүркітбаев «Қажы-мұқан» атты еңбегінде Балтық жағалауы, Латыш елінің атақты палуаны Юхан Тиганенің жазбасын келтіреді: «Орынбордан Троицкіге шейінгі жол бойы үлкен-кіші түгел Қажымұқанның алдынан шығып қарсы алып, қонақ етіп отырды. Орынборда Қажымұқанға кездесіп, қасына еріп келе жатқан Тигане халықтың өз палуанына деген сүйіспеншілігін жазып қалдырған екен. «Мен ұлы мәртебелі дворяндар мен помещиктерге де халық мұндай құрмет көрсетеді десе сенбес едім, – деп жазыпты ол. –Сол жолы Қажымұқан елінің қадірлі ұлы екенін өз көзіммен көрдім. Мынау айта-айта жүретін іс болды».
Б) 1946 жылы Ақтөбеде Қажы-мұқанның үйінде болып жинаған деректері негізінде Әуелбек Қоңыратбаев Қажымұқан туралы «Баһадүр» атты кітабын шығарды.
Осы кітапта Ә.Қоңыратбаев: «Сөйтіп отырғанымызда, бір жылқышы төрт қой, құлынды бес биені айдап әкелді. Палуан далаға шығып:
– Бұл кімнің малы? – деп сұрады.
– Мынау сойысыңыз, батыр, мыналарды сауып ішерсіздер, – деді әлгі жылқышы.
Байқай келсек, бұл «Ақтөбе» кол-хозының беріп жіберген малдары екен» – деп жазады.
В) Қажекеңнің қайраттанған келбеті
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталған соң, 1945 жылдың күзінде елге қайтып оралдым. Мамандығым бойынша (1937 жылы Самарқанд медицина институтын бітірген болатынмын) Темірлан селосындағы учаскелік ауруханаға бас дәрігер болып тағайындалып, қызмет істеп жүргенмін. Бір күні мені сол кездегі Арыс аудандық партия комитетінің бірінші секретары Мырзахан Шораев шақырып, «атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов Шілік Совхозынан Темірланға көшіп келгелі жатқандығын, мен сол кісінің денсаулығын бақылап, қамқорлыққа алуым керектігін» айтты.
Қажымұқанға Темірланның қасын-дағы «Ленин туы» колхозының бауы ішінен арнайы учаске бөлінді. 1946 жылдың жазында Қажекең сол жерге семиясымен көшіп келіп, үй тікті. Атақты палуанға ауылдың үлкен-кішісі күн сайын шұбап келіп сәлем беріп, оны қонаққа шақырысып жатты. Қажекеңнің үйінен адам арылмайды. Бұл колхоз председателі Ертай Тасболатовты біраз толқытты. Өйткені, Қажекеңе келіп сәлем берушілердің көліктері колхоз бауына едәуір зиян келтірді. Кейін оның да жөні табылды.
Г) Файзолла Үрмізұлы «Со-зақ өңірінде» атты естелігінде Қажымұқанның 1947-ші жылдың мамыр айында «Баба Түкті Шашты Әзиз әулиенің басына зиярат етемін» деп әйелі Бибіжан екеуі Созақ ауданына келгенде созақтықтар палуанды жібермей күнде бір ауыл қонаққа шақырып бір ай жүріп қалғанын баяндайды; «Ел аралаған Қажекең бірнеше соғып өткен Құмкент колхозына ай жүріп оралды.»
Отар Жұмахан «Қажымұқанның соңғы сапары» атты мақаласында: «Палуан ауданда айдан аса уақыт болып, елмен, жермен танысты. Аудан қызметкерлері «сізге жапқан шапанымыз» деп 200 метр мата сыйласа, колхоздар алдына 80 қой салып берді» –деп жазыпты.

***
«Мінай апа «…Бірде Созаққа барып өнер көрсетіп, бір қыздың қалыңмалына жететін мал айдап келді. Сол малды ауылдағы жетім-жесір мен мүгедектерге таратып берді. …Бір күні «палуан-ау, жасың болса келді, жаман айтпай жақсы жоқ, өле кетсең де дүние керек емес пе?» деп едім, біраз тұнжырап отырды да: «…Елімде болса – менікі, менде болса – елімдікі! Дүние жинайтын болсам, ендігі алтыннан үй тұрғызар едім. Басқалар тоңып отырғанда, менің тойып отырғаным кімге керек?…» деген-ді» деп жазады шөпшегі Меруерт Ескермес.
6)«Қажымұқан аш болды» дейді. Өтірік:
Бірақ, Қажымұқанның қасында болған, көзімен көрген адамдар Қажымұқанның бір нәрседен таршылық көргені туралы айтқан емес. Керісінше:
А) оның қаншама адамдарға кө-мектескені (мысалға, хатында айтылатын 10-15 отбасы);
Б) үйіне келген қонақты қонақасын жегізбей жібермейтіні;
В) 1944 ж. Отан Қорғау қорына 100 мың сом жіберіп ұшақ жасатқаны;
Г) 1945 жылдың күзінде ұлан-асыр той жасағаны;
Д) сол аш деп жүрген кезеңде (1946 ж) 52 жастағы Бәтима апа мен 41 жастағы Мінай апаның үстінен 22 жасар Бибіжанға үйленгені, одан 1948 жылы Жанаділ атты кенже ұлын сүйгені;
Е) ал 1947 жылы КСРО-да ақша реформасы болғанда банкіге бір қап ақша әкеліп ауыстырғаны айтылатын.
10-15 жанұяға көмектесіп жүрген адам қалайша аш болады?
ҚазССР Әлеуметтік Қамсыздандыру Министрлігінің еңбек зейнетақысын тағайындау комиссиясы Қажымұқанға 1 июль 1946 жылдан өмірлік, ай сайын 500 сом пенсия тағайындаған.
Қажымұқанның пенсиясын 1/X-46 бастап 500 сомнан балаларына қосымша 200 сом қосып, барлығы 700 сомға көбейту туралы 13/1-1947жылы №1 Қаулы қабылданған.
Қажымұқан қайтыс болған тамыз 1948 жылдан 500 сом пенсия тоқтатылған.
Ал Қажымұқанның ұлдары: Айдархан пенсияны 1961 жылдың аяғына дейін, Жанаділ 1970 жылы институт бітіргенге дейін алып тұрған екен.
Ордабасы Ауданы әкімінің
орынбасары Ә.Сәдірмекке

ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫ ТУРАЛЫ

Сіздің ұсыныс-тапсырмаңызға орай,
Қажымұқан Мұңайтпасұлының ауда-нымызға көшіп келген 1946 жылдан дүниеден өткен 1948 жылғы тамызға дейінгі тұрмыстық ахуалын білу мақсатында қарашаңырақтағы келініне, көз көргендеріне жолықтық.
Ескермес Роза: Қажымұқан атамыз «Атақты кісі болғандықтан, жағдайы нашар болған жоқ. Қайта, «Халықтың адамы – халықтың қазынасы» дегендей, ел аралап, өнер көрсетіп тапқан малынан жетім-жесір, жоқ-жұқанаға қарасып отырған», – дейтін Есболған атам.
Ақжігітов Арысбек: Қажекеңнің тарыққанын көргенім жоқ. Көрші тұрдық. Мен екінші баласы Есболмен бірге өстім. Ойнауға үйіне жиі баратынмын. Көбінесе атамыздың тамақтанып отырғанының үстінен шығатынмын. «Мә, балам, ауыз ти, Есболмен құрдассың ғой», – деп, қолындағы жілігін, басқа да жылы-жұмсағын маған ұсынатын. Мемлекет, колхоз жәрдем берді ғой, бермей қалған жоқ. Ол кісі ештеңеден тарыққан жоқ.
Пердебайұлы Жандар: Қажекеңе мемлекет, яғни колхоз жақсы қарасты. Ет десе – етін, шөп десе – шөбін жеткізіп беретін. Қойшылардан қой алдырып беретін. Қоймадан ұны мен шайын бергізетін. Қолында малы болған жоқ. Қайтеді оны?!
Ауылдарды аралап, көрсеткен өнерінен түскен 10-15 қойды айдап әкеліп, қариялармен отырып, күнде біреуін сойғызып жейтін. Колхоздың бауында ақ үй тігіп, үш-төрт қариямен әңгіме-дүкен құрып отыратын. Нұралының бастауында бие байлатып, қымыз ішіп жатты. «Тұрмысы нашар болды» деген – жәй лақап.
Кендірбаева Аққыз: Менің бі-луімше, тұрмысы жақсы тұғын. Жазда Нұралының бастауында алты қанат ақ үй тігіп, сонда жататын. Күйеуім колхоздың бастығы еді, Қажекең үйге жиі келетін. Әңгімесінен үкіметке, колхозға наразы болғанын естіген емеспін.
Осы сұбаттардан кейінгі ой:
Меніңше, Қ.Мұңайтпасұлының 1947 жылдың қаңтарында Қазақ-баев пен Оңдасыновтың атына тұрмысының өте нашарлығы жө-ніндегі арыз жазуының өзіндік себебі бар. Қазақтың «Батыр аңғал келеді» деген нақылына сүйенсек, ол кісіге жанындағылар: «Сіз – әлемге танымал тұлғасыз. Сізге үкімет барлық жағдайыңызды жасап беруге міндетті. Күнімді көре алмай отырмын деген мағынада арызданыңыз», – деп, қайрап салғанына құлақ асқан болуы керек. Басқа ештеңе де емес.
Бақберген Әбілда,
«Ордабасы оттары» газеті редакторының орынбасары.
Бұл туралы мақалалар респуб-ликалық газет, журнал, интернет порталдарда жарық көрді:
1) Дербес зейнетақы тағайындалған Қажымұқан қалай аштыққа ұшы-райды? https://e-history.kz/kz/news/show/846/
2)Қажы Мұқанның хаттары https://e-history.kz/kz/library/read/25170/ өшірілген. Қазіргісі https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8823/
3) Қажы Мұқан өмірінен трагедия жасау кімге тиімді? 2017 жылы жазылған.
https://e-history.kz/kz/news/show/686/
7) 40.00 мин. «Қажымұқанның соншама еңбегіне қарамай, соғыстан кейін билік басындағылар ол туралы ұмытты: Қажымұқанның атын спорт тарихынан өшіргісі келгендей ешқандай назар аудармай, жиындарға шақырмай қойды» дейді.
Тағы да өтірік:
1) Қажымұқанның Отан қорғауға қосқан үлесі ескеріліп, 1945 жылы «Құрмет белгісі» орденімен наг-радталған.
2) а) Соғыс біткеннен кейін Рес-публика басшылары Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінде өткізген жиынға арнайы шақырып, Қажымұқан ұлы Айдарханмен барып, сөз сөйлеген;
б) Алматыда Қазақстан жазушылар одағы өткізген тойға шақырылған;
в) Алматы облысы Жеңіс құрметіне өткізген тойда күресте Қажымұқан бас төреші болған;
г) 1945 жылдың жазында Семейге барып, Абайдың 100 жылдық тойына қатысқан.
д) Жамбыл атаның тойында;
ж) Қызылордада Нартайдың то-йында;
з) Шымкент облысында өткен тойлардан қалдырылмай шақырып отырған.
3) Сол жылы күзде өзі де Отырар, Түркістан, Арыс, Шаян аудан-дарының халқын шақырып, облыстан қанша басшылар қатысқан ұлан асыр той жасаған. Осы тойда Шәуілдір ауданының бірінші хатшысы Жүнісбеков пен Арыс аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Мырзахан Шораевтар тойбасшы болып қызмет көрсеткен.
Тағы да басқа той-жиындардан қалдырылмаған.
Керісінше денесі ауыр, қарт палуанға осы той, жиындарға бару көп қиыншылық туғызған. Оның 1946 жылы Ақтөбеден Темірланға көшуінің өзі осымен байланысты. Ол өзі тұратын Ақтөбеден жиын тойға бару үшін ат арбамен көп қиналып, ұзақ жол жүріп Шымкентке келетін.
Палуанның осы жағдайын ескеріп, Республика басшылары Палуанға «Шымкенттен үй салып береміз, қалаға көшіп келіңіз» деген ұсыныс айтады. Бірақ, палуан «қалада тұра алмайтынын» айтып бас тартады. Сонда Арыс ауданының басшысы «онда қалаға жақын, үлкен жол бойы Темірланға көшіп келіңіз» деген ұсыныс айтқан. Осы ұсыныспен палуан туған ауылы Ақтөбеден, ағайын туыстарынан алыстап, 1946 жылдың жазында Темірланға көшіп келеді.
8) 46.00 мин. «Аш балаларын асырау үшін Палуан бар медальдарын арзан бағаға сатып жіберді» дейді. Жалған. Палуанның медальдарын астыққа айырбастаған жағдайы Ресейде, Омбы обл. Дробышев ауд. «Жаңа жол» колхозында жүргенде болған. «Патшаның қолынан медаль алған» деген жаладан құтылу үшін, «награда қағаздарын өртеп, медальдарын астыққа айырбап жібереді. Онысына қоймай ауыл белсенділері 1929 жылы Қажымұқанды 5-6 ай абақтыға да жаптырады. Шетелдерден алып келен неше түрлі жарнамалары мен суреттері де сол жылдары жоқ болған» «Күш атасы» кітаптың кіріспесінде 6 бет. Ғазизбек Тәшімбаев.
«Өзінің айтуы бойынша, ол төрт рет дүние жүзінің және Европаның чемпионы атанған, 59 шет мемлекетте болып, 48 медаль алған. 1933 жылы Қажекеңе: «Медальдарыңызды тағып келіңіз, суретке түсірейік», – дегенде бізге:
– Медальдың алтыны мен күмісін азық-түліктің тапшы жылдарында «Торгсиніне» апарып ұнға айырбастадым. Ал қолаларын ауылға тастап кеттім. Қартайғанда темірді саудыратып жүру не керек деп ойлап едім. Енді оны қолға түсіру қиын, балалар, – деді.» «Күш атасы» 13 бет. Қазбек Сүлейменов, «Қазақ даласының батыры».
Ал кейін 1937 жылғы НКВДның қудалауынан қашып Ақтөбеге келгенде ешқандай медалі болмаған.
Болған күнде де Оңтүстікте, нағыз қазақы ортада Қажымұқанның медальдарын сатып алуға ешкімнің де жүрегі дауаламас еді.
9)«Бар медалі сатылып таусылып біткен соң Қажымұқан Н.Оңдасыновқа хат жазды» дейді.
Фильмде Қажымұқанның атынан Республика басшыларына жазылған екі хатты қайта-қайта айналдырып көрсетеді. Біріншісі 1945 жылы 25 мамырда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы А.Қазақбаевқа жазылса, екіншісі 1947 жылы 10 қаңтарда Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н. Оңдасында жазылыпты.
Фильмде хатты Қажымұқанның өзіне жазғызып қойыпты. Сондағы мақсаты «Дерек Қажымұқанның өз қолымен жазылған хаттан алынған» деп көрсеткісі келеді. Бұл да жалған: себебі, Қажымұқан сауатсыз болған. Өзі хат жазуы мүмкін емес.
Фильмде хатты орыс тілінде жазып отыр. Бұл да өтірік: себебі, екі хат та оригиналында қазақ тілінде жазылған.
Барлық зерттеушілер менің бі-луімше хаттардың түпнұсқасын көрмеген де.
Олар тек хаттың Қазақбаевтың көмекшілері қазақ тілінен орысшаға аударған аударманы ғана көрген.
Біз осының қаншалықты шын-дыққа жақын екенін тексердік. Себебі, Қажымұқан еш уақытта аш болмаған және өзі хат жазуы мүмкін емес. Себебі, Қажымұқан атамыз сауатсыз болған. Бала кезінде өзін сабаған молданы ұрып жығып қашып кетеді. Содан қайтып оқуға бармаған. (Ә.Бүркітбаев. «Қажымұқан қағанаты 185 бет – Мен хат танымаймын, бұл қағазды Вейландқа жаздырып едім, — Қажымұқан жайбарақат түрде жайын айтты.»
Республикалық мұрағатты ақтарып отырып, Қажымұқанның атынан жазылған 4 хатты таптым. Олардың біреуі латын әрпімен қазақ тілінде, енді біреулері кириллицамен қазақ тілінде, ал бір жерлерде кириллицамен орыс тілінде жазылыпты. Қолтаңбалары әр түрлі.
Бұл, палуанның хаттарын бір адам емес, бірнеше адам жазғанын білдіреді. Кейде тіпті хаттың мазмұнын Қажымұқанның өзі білмеген де секілді. Себебі, хаттарда Қажымұқан айтуы мүмкін емес сөздер де кездеседі.
1945 жылдың 26 маусымындағы хаттың оригиналында былай жазылған:
Фильм бастан аяқ осы кім жазғаны да белгісіз, Қажымұқанның өзі де білмейтін екі хаттың қате аудармаларын басты дерек көзі етіп алып, Қажымұқанның нақты өмірбаянын тіпті де зерттемей, мүмкін әдейі бұрмалап алып, кей жерлерін өздері ойдан қосып шығара салған.
Мысалы:
1) хаттарда медальдарын сатқаны туралы сөз жоқ;
2) Ауырғаны, неден өлгені туралы сөз жоқ;
3) Қазақ әйелдерімен некесі бақыт-сыз болды деген сөз жоқ.
Көріп отырғандарыңыздай, осы фильмсымақтағы:
— «соғыстан кейін басшылар қа-рамай қойды;
— спорттағы оның атын өшіргісі келді;
— жиындарға шақырмай қойды;
— орыс қызы Бәтима өлгенсін ба-қытсыз болды;
— аш, жалаңаш болды;
— бар медальдарын сатты;
— мал ұстауға арналған қорада тұрды;
— осындай қиналған кезде де ешкім қарамай қойды;
— басшылар оның екі хатына да керең болды;
— өкпесіне суық тиіп өлді және тағы басқалардың бәрі ойдан шығарылған «деректер» – бәрі жалған.
Тіпті, осы фильсымақтағы бірінші жары Бәтима апаның қайтыс болған жылы қате.
Қажымұқан жаз жайлауда киіз үйде қайтыс болған. Фильмде қыстауда, кесек үйді көрсетеді.
Қажымұқанды орысша, өмірінде үйінде ұстамаған темір кроватқа таңып қойған.
Қасында қайдан келгені белгісіз екі қыз пайда болған, ал қасынан екі әйелі Мінай апа мен Бибіжан апаны, ересек Есалы мен Есболды көрмейсіз.
Сауатсыз Қажымұқан атаға хат жазғызады.
1947 жылы үкіметтің есебінен бес бөлмелі үй салып бергенін жасырады.
Осыншама жалған деректің бәрін тек қана кім жазғаны белгісіз екі хатқа сүйеніп ойдан шығара берген.
Бұл фильмнің сценариін қазақ қызы М.Бекбаева жазғанына сене алмаймын. Фильмнің сценариін жазғандар қазақ халқына жаны қас, қазақ халқының қас жауы сияқты. М.Бекбаева солардың тапсырмасын орындаған сияқты. Фильмді түсіргендер өз кәсібінің нағыз майталмандары екендігінде сөз жоқ. Нағыз қазақ ұлтшылдары осылай түсірсе ғой. Өкінішке қарай фильмді түсіргендердің мақсаты қазақты қолдау емес, керісінше қазақты қорлау болған сияқты.
Биыл Ұлы палуан Қажымұқанның бақилық болғанына 75 жыл толады. Тірісінде тек қазақ емес, қырғыз, өзбек, татар, түрік халықтары құрметтеп, «мұсылманның бас балуаны» атанған ардақтымызды «бар қазаққа ортақ мақтанышымыз» деп, «болар елдің» азаматтарынша құрметтей алмасақ елдігімізге сын.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *