Арақ – барлық қылмыстың бастауы Арақ – барлық қылмыстың бастауы
Жанна ИМАНҚҰЛ «Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» Бұдан бес-он жыл бұрын алкогольді ішімдіктерді тұтыну жылына 3 пайызға кеміп отырса, қазір қайта көбейе бастаған.... Арақ – барлық қылмыстың бастауы

Жанна ИМАНҚҰЛ
«Жалын» журналының қызметкері,
«Ақпарат саласының үздігі»

Бұдан бес-он жыл бұрын алкогольді ішімдіктерді тұтыну жылына 3 пайызға кеміп отырса, қазір қайта көбейе бастаған. Еліміз бойынша 126 мың адам ішімдікке тәуелді ретінде тіркеуге алынған. Бұл деректен басқа тіркелмегендердің саны қаншалықты екенін кім білсін? Салауатты өмір салтын құру ұлттық орталығының мәліметі бойынша Қазақстанда адам басына шаққанда жылына 10-12 литр спирт ішіледі екен. Ал БҰҰ осы саладағы зерттеу мәліметтеріне сүйеніп, тұтыну 8 литр спирттен асса халықтың жойылатындығын ескертіп келеді. Сол сияқты, «Аман-саулық» қоғамдық қоры жоғары оқу орындарымен бірлесіп, арнайы салуалнама жүргізген. Оған 18 бен 25 жас аралығындағы 773 студент қатысыпты.
Нәтижесінде, сауалнамаға қатыс-қандардың 38 пайызы ішімдікті алғаш 16 жастан бастап ішіп көрген. 37 пайызы 18 жаста, 20 пайызы 21 жасқа дейін, 5 пайызы 21 жастан асқан соң ішімдікті татып көрген. Алайда, бұл шараға қатысушылардың 5 пайызының жасы 21-ге толмаса да, ішімдікті жиі пайдаланады екен. Сұмдық статистика.
Сондай-ақ қазір ауыр алкогольді ішімдіктердің орнына сыра, шампан, тоник сияқты жеңіл алкогольді ішімдіктерді алкогольсіз сыраның жарнамасы сияқты кеңінен насихаттап жатыр. Нәтижесінде халқымыз ауыр алкогольді ішімдікпен қатар, жеңілін тұтынуды көбейткен екен. Бұған ресми органдар халықтың ауыр алкогольден гөрі жеңіл түріне өтіп жатқанын айтып көңілді орнына түсіргісі келеді. Ал бұл жағдай шын мәнінде алкогольге білдіртпей байлаудың ғана жолы. Бұл түбі халықты геноцидке апаратын қауіпті жол. Себебі адамды алкогольге тәуелді ететін, алкоголизмді жедел дамытушы жеңіл алкогольді ішімдіктер екенін әлем медицинасы дәлелдеген. Оған қоса соңғы екі жылда елімізде алкоголь тұтынудан әйелдер еркектерді басып озғандығы жөнінде ақпарат кеңінен тарады. Жеңіл алкогольді көбінесе тұтынушы әйелдер екенін ескерсек, осы арқылы жеңіл алкогольдің әйелдерді тез алкоголизмге ұшыратып жатқанын бай-қауға болады.
Ішімдік әйел адамның жыныстық қызмет атқару органдарының жұмы-сын тоқтатады. Осының зардабынан әйел бедеулік ауруына ұшырауы ықтимал. Ал жүкті болған жағдайда ішімдік қолданатын әйелдердің болашақ сәбилерінің 40-60 пайызы ақыл-есі кем болып туылуы мүмкін. Тұрақты тұтынған кезде алкоголь әйелдердің бетін домбықтырып, оның табиғи әсемдігін жояды. Көз қарашығының оты кетеді, бет үнемі қызарып тұрады, тырнақтың сынуы, шаштың түсуі жілейді. Әйелге тән гормондар бөлінісі тоқтайды.
Жалпы алкогольдің зияны туралы айтып жатудың өзі артық. Ғалымдар алкогольдің адам санасын тереңінен улайтын наркотиктен де қауіпті екендігін дәлелдеген. Оның себебі санадан тыс әсер етуінде екен. Сондай-ақ алкогольдің құрамында адам ағзасына өте қауіпті этил спирті бар. Бұрынғы кездері медицинада кейбір сәттерде наркоздың орнына спирт қолданылыпты. Бірақ бұның наркоздан да қауіпті зияны анықталып, орнына тек қана наркоз қолданылатын болған екен. Сонда алкогольдің наркотиктен де қауіпті екенін біле тұра қалай пайдаланып жүргенімізді көз алдымызға елестету қиын.
Ғалымдар алкогольге наркотиктің ішіндегі улысы деген баға берген екен. Оның бір мысалы ретінде алкогольмен денесі уланған адамнан туылған балалардың мүгедек болып туылуында. Себебі адамның геніне алкоголь радиацияның деңгейінде әсер етеді екен. Алкогольдің биологиялық зияндылығынан да бұрын адамның ақыл санасын біртіндеп жойып жіберетіндігі қауіпті. Ал алкоголдің зияндылығын ғылыми тұрғыдан ғана емес, қарапайым мысалдармен де айтуға болады. Жол апаттарының көбеюі, түрлі ауру сырқаулардың көбеюі, т.б. бұған мысал бола алады. Себебі осы келеңсіздіктердің барлығының артында алкоголь жасырынып жатқаны шындық.
Алкоголь қазақ халқы үшін нағыз тажалдың өзі. Тек шөптің асылы мен құнарын жеген төрт түліктің еті менсүтінен жасалатын өзі дәрі, өзі қуат тағамдар негізінде қалыптасқан ұлттық геніміз алкогольге мүлде бейім емес. Қазақ халқын батыспен салыстыруға келмейді. «Мыңдаған жылдардан бері ішімдік ішіп келе жатқан еуропалықтар жойылып жатқан жоқ қой» дегендей де пікір айтылып, спирттің пайдасын да санамалайтын топ бар. Еуропалықтардың ағзасында алкогольге қарсы иммуниеті бар, яғни алкогольге қарсы алкогольгидрогиназа деген фермент бөліп шығарады екен. Ал біздің қазақтардың ағзасында алкогольге қарсы мұндай алкогольгидрогиназа деген фермент мүлдем бөліп шығармайды екен. Бұл барлық көшпенді халықтарға тән қасиет екендігі медицина ғылымында дәлелденген.
Көшпенді болған туысқан сібір халықтарының алкогольдің кесірінен жойылып бара жатқандығын көзбен көріп тұрсақ та, селк етпей келе жатырмыз. Ендігі Сібір халықтарының бірқаншасы алкогольді ішімдіктердің себебінен жойылып кеткенін ешкім жасыра алмайды. Кеңес Одағы тұсында қазақтардың алкогольге тәуелділігі шарықтау шегіне жетіп, ұлт ретінде азып-тозып, жоғалып кетуге сәл қалған едік. Бұл тарих. Сондықтан болар халық арасында әзіл де болса зілі бар «орыстар бізге ішімдік ішуді үйретті, бірақ ішу мөлшерін үйретпей кетіпті» дейді. Тарих қайталанып отыратынын ескерген жөн. Алкогольге тәуелділік көптеген ұлттардың түбіне жетті.
Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең – жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискомфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-
құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады.
Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды біржақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.
Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысу» арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді.
Сонымен қатар, ішімдікке қойыл-ған қарсы талаптарды да бұзады. Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінезқұлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады.
Бірте-бірте организм спиртті ішім-дікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң, кінәмшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетеді.

Алкогольге
тәуелділіктің сатылары

Алкоголь ағзада тұрған кезде тірі клеткалар тез жойылады, ткань жаңармайды.
Ішкілікке салыну мынадай дең-
гейлерден тұрады: бірінші кезеңі, физиологиялық тұрғыдан ішім-дікке тәуелділік пайда болады. Сол тәуелділік ақыр аяғында маскүнемдікке әкеп соқтырады. Ағзада бір нәрсенің жеткіліксіздігі байқалады, көңіл-күйдің пәстігі, бас ауруы, бір ыстықты, не бір суықты сезінуі байқалады. Интеллектуалды жағынан жады сыр бере бастайды, психикасының күрт өзгеруі сияқты адам бойында ыңғайсыз жағдайлар орын ала бастайды. Ақыр соңында маскүнемді үнемі ішімдікті қайдан және қалай табу туралы ой қажайды. Үйдегі бар нәрсені сатып, тапқан 5-10 теңгесін «араққа» жұмсайды. Ақыл-есін жоғалтқан кезде өзін қараудан қалып, отбасы туыс-жақындарынан айырылып, далада қаңғып қалады. Осының бәрі отырыс, туған күн, той думан, мерекелерде арақты жиілетуден басталады.
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестерімен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды. Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады.
Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы – бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағанда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзінен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады.
Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір стакан арақ жеткілікті. Бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады.
Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Алькоголь – «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс – қуысына өте тез жайылады да, содан соңғы орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін, не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі. Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады – еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10–15 жылға созылып, үшінші сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады – алкоголь энцефалопатиясына (ми қанайналымының бұзылуы) ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады. Адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.
Ақыл-есінен айырылған адам, өзін бір сәт сергітетін сусынын табу үшін қандай жағдайға, тіпті қылмысқа болсын барады. Біздің қоғам «қылмыскерлермен күресеміз» дейді. Ал бірақ қылмысты қоздыратын басты себеп – алкогольмен күреспейтініміз қызық. Алдымен алкогольді тұтыну жасын жоғарылатса, мысалға адамның ағзасы 21-22 жасқа дейін даму үстінде болады десек, осы жасқа дейін алкогольді тұтынуға, яғни сатуға тыйым салынуы тиіс. Алкогольді ішімдік ішіп алып жасалған кез келген құқық бұзушылық, қылмыс тек айыппұлмен ғана емес, жұмыс орнына да хабарланып, сол жерде де түрлі жолдармен жазалау қажет. Жұмыс орны арқылы жазалау алкогольді ішімдіктерді жөн-жосықсыз ішуді бірден тыяды. 20 градустан жоғары алкогольді ішімдіктерді өндіруге, сатуға тыйым салу керек. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Көптеген дамыған елдер осылай тыйым салған. Алкогольді ішімдіктерді тұтынудың шырқау шыңына шығатын кезі әлі күнге дейін жаңа жыл мейрамы.
Сонымен қатар ауру, қылмыстардың да жоғары көрсеткіш көрсететін кезі. Осы күні айықтырғыштар мен ауруханалар артық адам қабылдауға дайындала бастайды екен. Әрине жаңа жыл шектен тыс насихатталып жатқан кезде, жат мерекені тойлауды тоқтату керек деп ұсыныс айту бекершілік.
Бірақ құрығанда сол жаңа жылды ішімдіксіз қарсы алу туралы үгіт насихат кеңінен жүргізілсе біраз болса да нәтиже бола ма деген үміт. Мерекені тек алкогольмен тойлау керек деп манипуляцияға ұшыраған, уланған санамызды қайта емдеп, барлық жамандықтардың бастауы болған алкогольсіз жаңа жылымызды бастауды әдетке айналдырсақ.
Сондықтан жаңа жыл кезінде алкогольді ішімдіктер сатуға тыйым салынса, одан басқа да түрлі шектеулерді іске асыруға болады. Алкогольге тез тәуелді болатынымызбен қоса, қанында қызуы бар біз сияқты халыққа алкогольдің қызуын қосу күйдіріп өртеп жіберумен тең.
Жалпы елімізде жыл сайын 20-30 миллион литрге жуық арақ-шарап өнімі шығарылады екен.. Мұнымен қоса, ащы судың бағасы да 45-50 пайызға дейін артқан. Алайда, баға шарықтағанымен тұтынушылардың саны азаймай тұр.
Арақ-шарапқа салынып, ақыры уланып, өмірден кетп жатқандар саны қаншама. Қу арақтың кесірінен отбасы, туған-туысынан айырылып, көшенің қаңғыбасына, қол-аяғын үсітіп, томардай домаланып отырған, тепсе темір үзердей қаншама ер-азамат қайыршыға айналып көшеде тізіліп отырады. Шашы дудыраған, тісі қағылған, бет-аузы көгала қойдай әйелдер де өріп жүр. Ұлтымыздың басындағы ауыр індеттің көрінісін күнделікті әркім көріп жүр. Көп көрген сайын адамның көзі үйреніп, қалыпты жайт ретінде қабылданып та кетеді. Қалай болғанда да ел, ұлт қамы үшін әр адамның саулығын жақсартуға, салауатты өмір орнатуға бәріміз де атсалысуымыз керек.
Адамның ақыл-ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақ-тарыңызды айтып берейін», – деген екен.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Сондықтан, енді өсіп келе жатқан жасөспірім жаңа буынды алкоголь тұзағына түсірмеу – баршамыздың міндетіміз.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *