ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОҒАМДА  ӨМІР СҮРУДІҢ МӘНІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОҒАМДА  ӨМІР СҮРУДІҢ МӘНІ
Қайрат БИТЕМИРОВ, Заң ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ажар НАРТАЙ, PhD докторант   Қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі ДНК құрылымын өзгертуге бағытталған зерттеулерді жүргізуге... ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОҒАМДА  ӨМІР СҮРУДІҢ МӘНІ

Қайрат БИТЕМИРОВ,
Заң ғылымының кандидаты,
қауымдастырылған профессор
Ажар НАРТАЙ,
PhD докторант

 

Қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі ДНК құрылымын өзгертуге бағытталған зерттеулерді жүргізуге құқықтық және этикалық тұрғыдан сипаттама беріледі. Генетика мен биомедицина саласындағы негізгі ережелер мен нормаларға талдау жасалынады. ДНК құрылымындағы белгілі бір генді, келесі бір генмен алмастыруға мүмкіндік беретін «өңдеу» әдісінің этикалық-құқықтық мәселелеріне заң тұрғысынан түсіндірме беріледі. Сонымен қатар, медицинаның қарқынды даму жағдайындағы бұл саласын реттеуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілердің жетімсіздігі мен бар нормаларды қолданудың механизмінің реттелмегендігі қарастырылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 1997 ж. 11 қарашада қабылдаған «Адам геномы және адам құқығы туралы» жалпы декларацияда (ары қарай – Адам геномы және адам құқығы туралы жалпы декларация) адам геномын адамзаттың барлық өкілдерінің түп нұсқа бірлестігінің негізі болып табылатын халықтың меншігі ретінде айқындайды.
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» – жолдауында: «Медицинада ауруларды диагнос-
тикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек» – деп генетикалық зерттеулер жүргізудің маңыздылығын атап өткен болатын.
ДНК құрылымын өзгертуге бағыт-талған ең алғашқы ұсынысты Френсис Крик (Лондон) институтының докторы Кэти Ниакан ұсынған болатын. Сәйкесінше бұл ұсыныс 2016 жылдың 1-ші ақпанында Эмбриология және ұрықтандыру басқармасымен қанағаттандырылды.
Соңғы үш жылда ДНК құрылымын өзгерту бойынша үлкен серпіліс жасалды. Жоғарыда аталған технология бойынша ДНК құрылымындағы белгілі бір генді, келесі бір генмен алмастыруға мүмкіндік пайда болды. ДНК құры-лымындағы мұндай өзгертулерді геномды өңдеу деп атаймыз.
Жоғарыда аталған медицинаның жетістігіне адамдардың көзқарасы екі ұшты болуда. Адамдардың бір тобы геномның құрылымын «өңдеудің» болашағына сенімді, және де өңдеу арқылы көптеген аурудың емін табуға болатынын алға тартуды.
Себебі «өңдеу» әдісі арқылы геномнан ауру тудырушы генді алып тастап, орнына сау генді қоюға мүмкіндік туып отыр. Және осы әдіс арқылы адамзат қоғамы: даун, гемофилия, миотониялық дистония, түсті соқырлық және де осы секілді жүздеген ауруларды емдеуге мүмкіндік алады. Адамдардың екінші тобы геномның құрылымына енгізілуі мүмкін мұндай өзгерістің болашағына қорқынышпен қарайды, себебі адам генін алмастыру арқылы біз адамды жасанды түрде жасаймыз, және бұл өзгерістің салдары қалай болатына ешкім де жауап бере алмайды. Наразылықтың тағы бір толқынын дүниеге келетін сәбилерді тапсырыс беру арқылы, ерекше қасиеттерімен дүниеге әкелу мүмкіндігің бар болуы туғызуда. Десек те, мұндай жауапкершілікке ғылыми қауымдастықтың өзі дайын болмай шықты, себебі, қазіргі уақытқа дейін бір геннің өзгерісі қалған тіндерге, ағзаға қалай әсер ететінін болжау қиын.
ДНК құрылымына жасалатын мұндай түзетулер болашақта үлкен салдарларға алып келуі мүмкін.
Ең алдымен мұндай өзгерістер, түзетулер адамды өнім ретінде қабылдауға алып келуі мүмкін.Табиғат қойған шекараның шегінен шыға отырып адамды ары қарай дамыту идеясы ХIХ ғасырда Фридрих Ницшенің «тылсым адам» концепсиясында көрініс тапты, және өз жалғасын ХХ ғасыр трансгуманизм философиясынан тапты.
Бұл салада этикалық-құқықтық проблемалардың дүниетанымдық құрамдас бөлігі айқын көрініс табуда. Адам геномына араласу, оны өңдеу адамның бостандығы деген мыңжылдық түсінікті түбірімен өзгертуде. Ғылымның жаңа заманғы мүмкіндіктері этика мен құқық алдында мұндай тәжірибелердің жасалу мүмкіндігі мен мәртебесі туралы сұрақтар туындатуда.
Геномды өңдеу технологиясы мен клеткалық және репродуктивті технологиялардың бірігуі адамзат қоғамындағы көптеген ауруларды емдеуге орасан зор мүмкіндік береді, сонымен қатар, адамзат ұрпағын қолдан өңдеу арқылы, адамдардың ерекшелігі мен бірегейлігінің жойылу қаупін тудырады. Генетика саласының ары қарай қарқынды дамуына негізгі кедергі бұл мәселелердің құқықтық ретеудің әлсізігінде.
Қазіргі таңда биомедицинаның мұндай тар саласын реттеуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілердің жетімсіздігі мен бар нормаларды қолданудың механизмінің реттелмегені байқалуда. Халықаралық және отандық заңнамалар арнайы биомедициналық технологиялардың нормативті реттелуі мен мұндай қатынас субьектілерінің құқықтық мәртебесіне жеткілікті көңіл бөлмеуде. Мысалы, эмбриондардың құқықтық статусын айқындайтын және реттейтін құқықтық нормалар жоқ, сәйкесінше ғылыми зерттеулер кезінде оны қорғайтын механизмдер реттелмеген.
Десе де, соңғы кездері көптеген заңгерлер медициналық құқыққа көптеп назар аудара бастады. Қазіргі кезеңде адам геномын өз-герту технологисының құқықтық мәселелерімен түрлі коммитеттермен халықаралық қауым-дастықтар, атап айтар болсақ: ЮНЕСКО-ның халықаралық комитеті, Еуропа одағында биоэтика бойынша комитеті айналысуда.
2015 жылдың желтоқсан айында Вашингтонда Дейвид Балтимордың басшылығымен адам геномын өңдеу туралы Халықаралық саммит өтті. Саммит мүшелері, адам геномын өзгертуге бағытталған тәжірибелер жалғасуы керек, бірақ заң тұрғысынан қатаң реттелу керек деген тұжырымға тоқталды.
Дегенмен, жаңа технологиялардың көмегімен, адам геномын өңдеу бойынша үлкен серпіліс жасаған ғалымдар, ескірген және сандық тұрғыдан аз болып келетін актілерге сүйенуге мәжбүр.
Олардың ішінде ең бастылары:
1. 1997 жылы ЮНЕСКО-ның Бас Ассамблеясында қабылданған «Адам геномы және адам құқықтары туралы жалпы Декларация». Бұл биология саласындағы алғашқы кіріспе іспеттес жалпыға бірдей құқықтық акт болып табылады;
2. 1996 жылы Еуро Кеңеске қаты-сушы елдер қабылдаған» биология және медицина жетістіктеріне байланысты адам құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясы: адам құқықтары мен биомедицина туралы Конвенция». Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті адамды клондауға тыйым салатын қосымша хаттаманы мақұлдады.
3. Денсаулық сақтау мақсатында жүргізілетін диагностика және халықты жаппай генетикалық зерттеу проблемалары жөніндегі Еуропа Кеңесінің Министрлер комитетінің № Р. (92) ұсынысы;
4. Медициналық генетиканың эти-калық мәселелеріне арналған «Proposed International Guidelines on Ethical Issues in Medical Genetics and Genetic Services» ДДҰ басшылығы. (1997 жыл).
5. Адам клондауға қатысты ДДҰ мәлімдемесі («Declaration sur le clonage», Rap. №756-CR / 97) (1997 жыл).
Алғашқы екі құжат біз үшін маңызды. «Адам геномы мен адам құқықтары туралы жалпы Декларацияда Адамның геномы адамзаттың игілігі болып табылады» (1-бап).
«Адам геномы мен адам құқықтары туралы жалпы Декларацияның 4-бабында: «адамның геномы табиғи күйінде табыс табу көзі болмауы керек» – деп айтылады.
Жоғарыдағы Декларацияның 5-ба-
бы ақпараттандырылған келісім қағида-
тының мәнін егжей-тегжей-
лі ашып көрсетеді. 5-бапта: «Геноммен байланысты кез-келген емдік немесе диагностикалық манипуляциялар олармен байланысты «қауіп-қатерлерді» және «пайда» алдын ала мұқият бағалағаннан кейін жүргізілуі тиіс делінген [10].
«Адам геномы және адам құқығы туралы» жалпы Декларацияның 13-бабында:
Адамның генін модификациялауға бағытталған араласуларға, тек терапиялық, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарда ғана жол беріледі және мұндай араласу осы адам мұрагерлерінің геномын өзгертуге бағытталмаған жағдайда ғана туындауы мүмкін.
18-бап бойынша:
«Заң «in vitro» эмбриондарында зерттеулер жүргізуге келісім берген жағдайларда, заңда эмбриондарды барабар қорғау көзделуге тиіс»-делінген.
Осы баптардан көрініп тұрғандай, Конвенция барлық мәселелерді жалпы түрде реттейді, нақтылауды және түсіндіруді талап етеді. Ол тек гендік инженерияның дамуының негізгі принциптерін жариялайды, ал маңызды техникалық мәселелердің көпшілігі, мысалы: пациенттің заңды мәртебесі туралы, оны қорғау тәсілдері туралы (әсіресе эмбриондар туралы сөз болса) осы құқықтық актімен реттелмейді.
Осылайша, қазіргі әлемде гендік – инженерлік зерттеулер көп жағдайда қоғамның мүддесін толғандырады, ал зерттеудің этикалық мәселелері ғалымдардың ғылыми қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып отыр. Қазіргі уақытта генетика дамуының пайдасы мен мүмкін болатын жағымсыз әсері туралы пікірталастар өршіп тұр.
Соңғы уақытта қоғамның пікірі генетикалық зерттеулердің пайдалы екендігіне тоқталуда: көптеген адамдар осы бағыттағы зерттеулерді жалғастыру қажет деген ойға бейім келеді, алайда негізгі мақсат адам нәсілінің табиғи қасиеттерін өзгерту емес, ауруларды емдеу болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, адам геномын өңдеудің құқықтық тұрғыда реттелуі өте өзекті мәселе екенін аңғаруға, және қазіргі нормативті-құқықтық актілердің осалдығын байқауға болады.

 

 

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *