Алматы облысы Іле ауданы Чапай ауылы №10 орта мектебінің  № 10 орта мектептің 2“Б” сынып оқушысы – Аруна Олжасқызы Әшилова Алматы облысы Іле ауданы Чапай ауылы №10 орта мектебінің  № 10 орта мектептің 2“Б” сынып оқушысы – Аруна Олжасқызы Әшилова
Анаға арнау Анашым біздер үшін асыл жансың, Әрдайым қасымыздан табылғайсың. Ардақтап, аялаған жан анашым, Маңдайыма бақыт боп жазылғайсың. Еңбегіңді мен қашанда ақтаймын, Жүрегімде мәңгі... Алматы облысы Іле ауданы Чапай ауылы №10 орта мектебінің  № 10 орта мектептің 2“Б” сынып оқушысы – Аруна Олжасқызы Әшилова

Анаға арнау

Анашым біздер үшін асыл жансың,
Әрдайым қасымыздан табылғайсың.
Ардақтап, аялаған жан анашым,
Маңдайыма бақыт боп жазылғайсың.

Еңбегіңді мен қашанда ақтаймын,
Жүрегімде мәңгі сені сақтаймын.
Бойыма сіңірдің ғой жақсылықты,
Сондықтан да жаман жолды баспаймын.

Сен арқылы көрдім дүние жарығын,
Сен арқылы үйрендім мен барлығын.
Не берсем де аздық етер анашым,
Сыйласам да бар дүние байлығын.

 

 

МЕКТЕП – ЕКІНШІ ҮЙІҢ

Мен «Мектеп-екінші үйің» деген сөзді жиі еститінмін және осы сөзбен толық келісемін. Өйткені біз уақытымыздың көбін мектепте өткіземіз. Мұнда біз өмірге қажетті білім аламыз. Біреулер үшін бұл өз үйі сияқты, біреулерге – достары, ал кейбіреулері сабақ оқуға ғана міндеттіміз деп келеді. Әр мұғалімнің өз сүйікті оқушысы бар, ал оқушыда — өзінің сүйікті ұстазы болады. Менің де, өзім оқитын Қаражал қаласындағы жалпы білім беретін №5 орта мектебінде сүйікті ұстазым бар. Ол ағылшын тілі пәнінің ұстазы -Жақсылықова Талшын. Мен 7-сынып оқушысы Нұрдәулетова Лейла, өз ата-анама осы мектепке білім алуға бергеніне алғысым шексіз. Мен мақтанышпен айта аламын. Біздің мектеп ең керемет мектеп. Мен өзімнің ұстазым жайлы айтсам, Талшын мұғалім – жас маман, ақылды, ұстамды, еңбекқор, сүйкімді. Талшын мұғалім өз мамандығын, өз пәнін жақсы көреді, өзінің білімін бізге жеткізуге асығады. Ол мейірімді, сонымен қатар қатал да бола алады. Қандай да қиын жағдайда шешім табуға тырысады. Сабағына қатысқанда мұғалімнің жағымды көңіл-күйімен сабаққа қалай кіріскеніңді сезбей қаласың. Талшын мұғалім Ұлы Шекспирдің тілін бізге үйретудің ағылшын тілінің халықаралық тілі мәртебесінің маңыздылығын көрсетеді. Ағылшын тілінде жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер жаттаймыз. Мұғалім бізді өте қатты жақсы көреді. Бізді мейірімділік, еңбексүйгіштік, шыншыл және әділ болуға үйретеді. Осындай тұлғалық қасиеттерін өзімен үлгі ретінде қабылдап, болашақта Талшын ұстазым сияқты шәкірттеріме жүрек жылуын сыйлағым келеді.

Қарағанды облысы Қаражал қаласы жалпы білім беретін
№5 орта мектептің 7 сынып оқушысы — Лейла Нұрдәулетова

 

 

Қарағанды қаласы №77 жалпы білім беретін
мектептің 3 «Б» сынып оқушысы — Арыс Жандосұлы

Ата-әже

«Ботақаны» атандым,
Әжем менен атамның.
Арыс атты ұлымын,
Ұланымын Отанның!

Ата Әжеме адалмын,
Тілегі сол балаңның.
Үлкендердің әрқашан,
Тәлімінен нәр алдым.

 

Алматы қаласы Алатау ауданы №169 жалпы
білім беретін мектеп оқушыларының шығармалары

Қыс
Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді.
Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Ағаш жапырақтарынан айрылған, аянышты күйге түскен. Одан самал желдің әсерімен ғажап музыка ойнап тұрғандай дыбыс шығады. Дала – тынық, тып-тыныш. Кешке таман жел күшейіп, боран басталды. Суретші аяз терезеге әсем суретін салды. Осының бәрі көзге ыстық көрінеді.

2 «В» сынып оқушысы Усербай Ботагөз Серікқызы

Өзім туралы

Мен Алтаева Аяла №164 жалпы білім беретін мектептің 2 «В» сыныбында оқимын. Мектепте өтетін жарыс онлайн олимпиадалар орталығы ұйымдастырған жарыстарға қатысып тұрамын.2-сынып оқушылары арасында өткен математика пәнінен республикалық олимпиададан 3-ші дәрежелідиплом алдым.Кішкентай кезімнен өлең айтқанды және билегенді ұнатамын.Мектепте «Гүлзада» би үйірмесіне қатысамын. Онда біз әр ұлттың қазақ,шығыс,үнді билерін билейміз.Болашақта дәрігер болуды армандаймын,ол үшін мен сабақты үздік оқуым керек.

2 «В» сынып оқушысы Алтаева Аяла Әсетқызы

Туған мекенім- мақтанышым
Әр адам өз жерін, елін мақтан етеді. Менің туған жерім, білім алып келе жатқан, өсіп жатқан жерім – Шаңырақ. Бұл мекенде әдемі екі мектеп бой көтерген. Мен №169 мектеп-лицейде оқимын. Алматы іргесіндегі осы мекен өзіме ыстық. Жаңарып, бой түзеген Алатау ауданына да 10 жыл толыпты. Менімен қатар өсіп келе жатқан ауданым мен ауылым менің жүрегімнің төрінде. Ағаштар да бой түзеп жайқала түседі. Өскенде туған ауылым Шаңырағым үшін қызмет еткім келеді.
Айтбай Аружан №169 мектеп-лицейінің
3 «Ж» сынып оқушысы

Менің отбасым

Отбасым менің отаным,
Әкешім жаным қорғаным.
Бауырларым жандарым
Күніміз бізді жылытар,
Айналдым асыл анашым.
2 «В» сынып оқушысы-
Сапарғали Назым Рауанқызы
Аққала

Өзі аппақ ұлпа қар,
Сүйікті де аққала.
Аппақ өзі әдемі,
Қалпағы бар аққала.

2 «В» сынып оқушысы —
Бейсембекова Құралай Талғатқызы

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *