№20 Қоянды орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушыларының шығармалары
17.11.2018 0 3 918
Көкенай Жайнагүл
Ана тілім
Ана тілім – менің алтын қазынам,
Талай жылдар сағың сенің тапталған.
Көз жасыңды жүрегіме құйып ап,
Өршеленіп, талай рет ашынған.
Ана тілім – таусылмайтын байлығым,
Саған мәңгі бас иемін, табынам.
Бұлбұл болып бұтағыңа қона ғап,
Әнге салып, тамылжытып шаттанам.
Сыр түйіндеп ана тілдің назынан,
Қуат алып сыбызғының сазынан.
Күлім қағып, мәз боламын балаша,
Атқаныңа тілім үшін нұрлы таң.
Музаппарова Гүлфайруз
ТУҒАН ТІЛІМ
Туған тілім–байлығымсың, бағымсың,
Жұдырықтай жүрегімнің жанысың.
Тіршіліктің нәрін шашып дүниеге,
Туған тілім – шапағаты таңымның.
Туған тілім – қазынасы халқымның,
Сенімен бір тағдыры да салтымның.
Туған тілім – баға жетпес асылым,
Қыбаттырақ нарқынан да алтынның.
Туған тілім – жүрегімде мәңгісің,
Туған тілім – маған керек тынысым.
Егер адам сатса сендей ананы,
Алып қойғын азаматтың бар күшін.
Кенжебаева Аружан
ТІЛІМ МЕНІҢ
Қасиетті, бағалы тілім менің,
Бір өзің бердің маған терең ілім.
Нәрімсің сен, күннен алар шуағымдай,
Ана тілім – бабам тілі, өз тілім!
Басталады анамшымның әлдиінен,
Айтылады жақсы сөз тілектерден.
Ана тілім болмаса тілдесем бе,
Жақын жандар әрі достарменен?
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.