Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы №20 мектеп оқушыларының шығармашылығынан Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы №20 мектеп оқушыларының шығармашылығынан
Жанұя Алақаны аялы, Анам бар жаны саялы. Әкем бар менің шыдамды. Еркелетер мені ұдайы. Ағам бар менің саялы, Қамқор мен маған қарайды. Інім бар... Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы №20 мектеп оқушыларының шығармашылығынан

Жанұя

Алақаны аялы,
Анам бар жаны саялы.
Әкем бар менің шыдамды.
Еркелетер мені ұдайы.

Ағам бар менің саялы,
Қамқор мен маған қарайды.
Інім бар менің кішкентай,
Еркелетіп ойнатар.

Жанат СҰЛТАН
2 «К» сынып оқушысы

 

Жеңіс күні

Ардагерлер азайып,
Бара жатыр бұл күнде.
Батырлардың арқасы,
Жүргеніміз марқайып!

Оңайлықпен келмеген,
Біздерге бұл тәтті өмір.
Қадірлейік бауырлар,
Бейбітшілік — шатты күн!

Марат ДАСТАН
2 «К» сынып оқушысы

Көктем

Мен көктемді жақсы көремін. Көктемде жаңа жылды қарсы аламыз. Ұлыстың ұлы күнінде наурыз көже пісіріп, адамдар мәре-сәре болып жатады. Сол күні ренжісіп жүргендер бірімен-бірі амандасса, күнәсі кешіріледі. Міне көктем мезгілінің алғашқы айынан біз қуанышты сәттерді, мерекелерді қарсы аламыз.

Нұрқожа ЕРДОСАЙ
2 «К» сынып оқушысы

 
Анашым

Анашым менің тірегім,
Мен үшін өмір сүресің.
Оқуда озат боламын,
Орыдап ана тілегін.

Жаратқан Алла адамды,
Сүймейді Алла жаманды.
Өлгенше сыйла мәңгілік,
Ақ сүт берген анаңды.

Алма САБЫРОВА
2 «К» сынып оқушысы
Анашым

Қолыма алдым қаламды,
Пір тұтам алтын анамды.
Ақылын айтып үш жастан,
Өсірген менің санамды.

Сайта ҚАДЫЛБЕК
2 «К» сынып оқушысы

Бөлеме

Бөлелерім көп менің,
Бірге өсіп, бір жүрген.
Күн нұрындай құлпырып,
Көктем гүлін бір терген.

Бірге ойнап күлумен,
Тәтті өмір сүремін.
Бөле тату болады,
Оны жақсы білемін.

Айсулу менің бір бөлем,
Бірге оқып, бір жүрген.
Әр күн сайын бірге ойнап,
Қуанышты тең бөлем.

Ақбота ЕРЖАН
2 «К» сынып оқушысы

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *