БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
16.10.2018 0 2 612
Әке
Асқар таудай мейірімді әкешім,
Бар көмегін аямайтын,төгетін.
Жақсы көрем мен сізді!
Бақытты ғұмыр кешші,әкем менің.
Аялап мені өсірдің,мәпеледің.
Ешқашан мен сізді ренжітпеймін.
Батаңменен жүремін әрқашан да,
Аман болшы,әкешім жүзді жаса
Қарыздармын әрқашан мен өзіңе,
Тілегі қызыңыздың сізге үнемі.
Мұнайлы ауданы
№1 орта мектеп 4 «Ә» сынып оқушысы
Кикбай Ақдана
Анашым-шуағым
Ақ сүтіңді емізген,
Айналайын ақ анам.
Ботақаным, қозым деп
Еркелеткен жан анам.
Мені аймалап өсірген,
Киім-кешек әперген,
Қарыздармын сондықтан.
Мен өсемін бойжетіп,
Ғылым-білім үйреніп.
Ақ сүтіңді ақтаймын,
Сіздей анам барына
Өмірге алғысым көп менің.
Мұнайлы ауданы
№1 орта мектеп 4 «Ә» сынып оқушысы
Байзақ Айару
Менің әжем
Менің әжем өте сыпайы адам. Оның ренжіп,қабақ түйгенін байқамайсың. Оның әр уақытта айтар кеңесі көп. Үнемі мақалдап сөйлеп отырады. Мен де оның ақыл кеңестерін үнемі есіме сақтап жүруге тырысамын. Әжемнің қолынан келмейтіні жоқ. Әжемнің қолынан құрт жасау,тігін тігу,тоқыма тоқу да келеді. Ал әжемнің балдай тәтті бауырсағының дәмі ерекше. Мен үнемі әжеме өз қолымнан келгенше көмектесіп тұрамын. Ол сырқаттанып қалса көңілін көтеруге тырысамын. Мен әжемді өте қатты жақсы көремін. Оның маған берген тәрбиесінің жемісін көрер кезде алыс емес. Әжем мені мақтан тұтқанын қалаймын.
Мұнайлы ауданы
№1 орта мектеп 4 «Ә» сынып оқушысы
Абдулла Ұлболсын
Сынып жетекшісі: Камшат Қонарбаева
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.