СОЗАҚТЫҢ  ЖАСТАРЫ – СЕРГЕК СОЗАҚТЫҢ  ЖАСТАРЫ – СЕРГЕК
Сабырбек ОЛЖАБАЙ, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі   Жеңіс Төлепбергенов, Созақ ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа... СОЗАҚТЫҢ  ЖАСТАРЫ – СЕРГЕК

Сабырбек ОЛЖАБАЙ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,
ҚР Құрметті журналисі

 

созак

Жеңіс Төлепбергенов,
Созақ ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа Қазақстан-жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты» дей келе елімізді бірге өркендетуге шақырды. Осы ретте жастардың осындай жалпыхалықтық қозғалысына қосар үлесі елеулі. Осыны жете түсінген Түркістан облысы Созақ ауданының жастары еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту, саламатты өмір салтын қалыптастыру, қоғамдық өмірде жастардың белсенділігін арттыруға баса көңіл бөліп келеді.
Бұл ретте аудан жастарының жетекшісі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Жеңіс Бақытжанұлы Төлепбергенов ұйым-дастырушылық, іскерлік қабілетімен көзге түсіп келеді. Олардың атқарған жұмыстарын саралағанда біраз жәйтке қанықтық.
Қазіргі таңда Созақ ауданы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 15517-і құрап отыр. Оның ішінде ер бала – 7893 болса, қыз бала –7624. Бұл аудан халқының 25 % құрайды.
Этникалық құрам көрсеткіші бойынша 14167 – қазақ, 1037-өзбек, 302-орыс, өзге ұлт өкілдері — 11.
Ауданда 35 мектеп бар, 7-11 сынып оқушыларының саны – 6107 құрайды. ОАОО студенттер саны – 1160 болса, ЖОО – 2337 жас білім ал «Жастар ресурстық орталығы» КММ – де 31 маман жұмыс жасайды. Оның ішінде орталықтағы қызметкерлер саны 13, 1 психолог, 1 теолог, 1 заңгер, ауыл округ, кенттердегі қызметкерлер саны 10 және 8 техникалық қызметкер жұмыс атқарады. Орталықта 2 бөлім жұмыс атқарады. Олар: «Талдау және зерттеу» бөлімі мен «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімі. Мекеменің балансында жеке ғимараты мен екі қызметтік көлігі бар.
Шетелде білім алып жатқан жастар – бесеу.
Мемлекеттік жастар саясатын жергілікті жерлерде жүзеге асыру, аудан жастарының қоғамдағы белсенділігін арттыру бойынша жылдың басында жоспар бекітіліп, сол жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша
2021 жылы мемелекет есебінен берілетін грантты алуға ниеттеніп оқығандар саны (583 мың теңге) 80 болса, оның 82-сі 29-жасқа дейінгі жастар. Бұл грантты өз жобаларын қорғап 45 жас ұтып алса, 2022 жылы грантты 5 жас ұтып алды.
2021 жылы «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен келген жастар саны – 40. Оның ішінде бір жолғы көтерме жәрдемақы алған жастар саны – 15 және тұрғын үй сатып алуға несие алған жастардың саны – 24.
Шетелде білім алып жатқан жастар – 5 жас. Шетелде оқитын студенттердің барлығы өз есебінен оқуға түскен жас-тар.
Мемлекеттік жастар саясатын жергілікті жерлерде жүзеге асыру, аудан жастарының қоғамдағы белсенділігін арттыру бойынша жылдың басында жоспар бекітіліп, сол жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Атап айтар болсақ: «Ауыл Геймс» атты ауылда ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық ойындарынан ауыл ойындары жастар арасында.
«Халықаралық бокс» – аудан әкімінің кубогы үшін
Облыстық «Жайдарман» ойындары – аудан әкімінің кубогы үшін
«Музей түні» – мамыр айында;
«Домбыра күні» – шілде айынын бірінші жексенбісі;
«Рәміздер күні» – 4 маусым;
«Ардагерлері ардақтайық!» – 9 мамыр;
«16 тамыз Созақ ауданы жастар күні»;
«Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына» – 15 ақпан;
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай – «Әйел – ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі, қоғамның тірегі» атты семинар, Жас босанған аналарды құттықтау жәнеде Әйелдер қауымына арналған айтулы мерекеде жалғыз басты аналар мен қатар “Созақ сәулет” комуналдық сала қызметкерлері де назардан тыс қалмайды;
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан» оқиғасына қатысқан ардагерлермен кездесу.
2021 жылы ауданда қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында Аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп (келісіммен) тұрақты түрде рейд жұмыстары ұйымдастырылып тұрады. 12 айда аудан бойынша – 288 рейд өткізілген. Аудан орталығында 1 айда – 2 рет, ауыл округ, кенттерде айына — 2рет. (2*12*12 =288). 2022 жылдың басынан аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында Аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп (келісіммен) тұрақты түрде 32 рейд жұмыстары өткізілді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен әр салада түрлі жетістіктері бар жас қазақстандықтар резервке алынып, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды. Мемлекет басшысы «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлау алды бағдарламасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алдына Президенттің жастар кадр резервін қалыптастыру міндетін қойған болатын. Осыған орай, жас қазақстандықтар да қойған талаптардан өтсе, резервке алынып, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды. Аудан бойынша осы жоба бойынша үміткерлерді тіркеу, бағыт-бағдар беру жұмыстары да үздіксіз жүзеге асырылып жатыр.
2022 жылдың 17 наурыз күні аудан әкімі жастармен еркін форматта кездесті. Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жастармен еркін форматта кездесті. Кездесуге білім, мәдениет саласының жастары, жас кәсіпкерлер, ерікті жастар, оқушылар қатысты.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Шолаққорған ауылында бос тұрған үлкен ғимаратты, жастарға қажетті үйірмелер ұйымдастыру үшін ұсынды. Алдағы уақытта аталған ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудан жастарына қажетті үйірмелер мен тіл курстарын ашылады. Жастар тарапынан мектеп оқушылары бос уақытын тиімді өткізетін «Оқушылар сарайын» және балаларға жазғы лагерь салу ісін қолға алуды сұранды. Аудан әкімі аудан жастарының ойында жүрген біршама сұрақтарына жауап беріп, проблемаларының шешілуіне өз үлесін қосатынын айтты. Содай-ақ кездесу барысында жастар, жұмыссыздықты жою, жеңілдетілген грант алу, ауыл шаруашылығы мақсатында жер телімін алып, егін егу мәселелері туралы сауалдарын қойды. «Бүгінгі сіздердің ұсыныс пікірлеріңіздің бәрін назарға алдым. Біздің тарапымыздан кез- келген жоба, жоспарға заң аясында көмек беріледі. Мен сіздерден жастарға байланысты жақсы ұсыныс жобаларды күтемін. Алдағы уақытта жиі бас қосып, түрлі мәселелерді талқылаймыз»,- деді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков. Еркін форматтағы кездесу соңында аудан әкімі жастармен «Атамекен» әнін бірге шырқады.
2022 жылдың 27 сәуір күні Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев ауданымызға ат басын бұрып, жастармен, диқандармен, кәсіпкерлермен және халықпен кездесіп сұрақтарымен ұсыныстарын тыңдады. Кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, мұң-мұқтаждарын тыңдады. 20-ға жуық тұрғын жеке мәселесі бойынша өңір басшысымен кездесті.
2020 жыл – Волонтерлар жылына орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан «Value» волонтерлар ұйымы құрылған болатын. «Value» волонтерлар ұйымында Созақ ауданы бойынша 500-ден аса волонтер жастар бар. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен «Value» волонтерлар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес жыл басынан бері еріктілермен 22 іс шара ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ;
«Жақыныңа жәрдемдес»
«Қарттарым асыл қазынам»
«Барлығы алғыс үшін»
«Біз біргеміз!», «Жастар таза аудан үшін» сондай-ақ «EcoChallenge» тазалық акциялары ұйымдастырылды.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен «Value» волонтерлар ұйымы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, жастарды қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу мақсатында Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы балалар үйіне тұрақты түрде көмек қолын созып, қамқорлық көрсетіп келеді. Атап айтар болсақ, Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен «Value» волонтерлар ұйымының ұйымдастыруымен кәсіпкер жастарды, ел ағаларын тартып Т.Тәжібаев атындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 5 балаға смартфондар, сонымен қатар ас үй жиһазы, ас үй жабдығы, кір кептіргіш, электрлі шәйнек, қысқа толқынды пеш, тәтті тағамдар сыйға тартылды. 2022 жылды тойлау мақсатында ұйымдастырылған жаңа жылдық шыршаға қатысу үшін 20 балаға костюм шалбар алынып берілді. Аладағы уақытта 11 сынып бітіруші түлекке де костюм шалбар жейдесімен және туфли алуға демеушілік жасап отыр.
2021 жылы аудандық бюджет есебінен «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимараты салынып аудан жастарының игілігіне пайдалануға беріліп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мырза келіп ашып берген болатын. «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимаратының қоршауына, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ ғимараты алдынан Стрит воркаут алаңшасы салынып, әсемдік үшін шыршалар мен раушан гүлдер егіліп, «Сырлы Созақ» жарық тақтайшасы жасалынған болатын.
Бүгінде созақтық жастар үлкен серпіліс үстінде. Олар тарихы қалың өлкенің бүгінгіден де жасарып, жайнай білуі жолында түрлі шаралар жоспарлап отыр. Айталық, тарихи орындарға саяхат жасау, ұмытылып бара жатқан осы төңіректің шежіресін жинау, киелі әрі тарихи орындарды қорғау, олар жөнінде деректер жинауды қолға алмақ. Соның ішінде Баба Түкті Шашты Әзиз, Ысқақ баб, Қарабура әулие жөнінде жылнамалар жиналады. Созақ-Қазақтың бірінші астанасы. Осы қала жөнінде де айтылмай келе жатқан әңгіме әлі де жетерлік. 1931 жылғы Созақ көтерілісі – бұл өз алдына бір тарих. Қаратаудың үстінен қарап тұрған Ақбикеш мұнарасы, Келіншектау, Мыңжылқы, Бетпақдала, Таңбалы тас, барлығы ұрпақ санасында жатталуы керек.
Осындай ауқымды жұмыстарды қолға алған созақтық жастар сергектікті серік етіп, жаңа қадамдар жасап келеді.
Созақ ауданы Түркістан облысының солтүстігіндегі ең шалғай орналасқан аудан. Ең алғашқы Қазақ хандығының туы тігілген, Созақ көтерілісі орын алған тарихи өлке. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Созаққа барсаң күйшімін деме» деген сөзі текке айтылмаған. Шертпе күйдің шеберлері Сүгір Әлиев, Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров сынды күйші бабаларымыздың кіндік қаны тамған жер. Өнер жолы атадан балаға мұра болып қала бермек демекші, қазіргі таңда елімізге белгілі өнер жұлдыздарының көп шоғыры шыққан Сырлы өлке жастарының өнерге деген құлшыныстары да өзгеше.
Жалынды жастардың жасампаз, тың иделарға толы жобалары жергілікті әкімшілік тарапынан да үнемі қолдау тауып отырады. Қолдау барда, қоғамның қозғаушы күші жастар қашан да игі істердің басынан табыла берері анық.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *