Үмітің тұрған шақта шамдай жанып… Үмітің тұрған шақта шамдай жанып…
Әбдіғали Асанқожаұлы, 1944 жылы ҚХР, Құлжа аймағына қарасты, Ақтөбе ауылында туған. 1962 жылы атамекенге оралған. Ұзақ жылдар аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі болып қызмет... Үмітің тұрған шақта шамдай жанып…

Әбдіғали Асанқожаұлы,
1944 жылы ҚХР, Құлжа аймағына қарасты, Ақтөбе ауылында туған. 1962 жылы атамекенге оралған. Ұзақ жылдар аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқарған. Өлеңдері «Мәуелі бақтың жемісі», Мезгіл әуендері» атты жинақтарға енген. Алматы облысы Ұйғыр ауданының «Құрметті Азаматы» әрі «Еділ әулеті» шағын шаруақожалығының ардагер диханы.

Қызыл күрең тобылғы
(Баллада)

Сүт көңілім – кілегейлі ақ қаймақ,
Алыс қалған балғын бала шақты ойлап.
Жүргенімде тобылғы еске түседі-ау,
Әкем ылғи жүретұғын ат байлап.

Сағыныштың оты жанып кеудемде,
Атпен бардым бірде әдейі сол жерге.
Ерке күндер өртедіңдер өзекті,
Тұрдым толқып тобылғымды көргенде.

Іштей ғана егілдім-ау, егілдім,
Ойхой, дүние-ай, айтшы қане не білдің?
Көзіме оттай басылғанда тобылғым,
Сағынышын қозғайды екен көңілдің.

Өрттей өңім осы сырды ұқтырды,
Кірпігімде мөлдіреп бір шық тұрды.
Шыдатпайды екен ғой бұл сағыныш,
Жылатпай да қоймайды екен мықтыңды.

Көкейімнен өшпейтін бұл қызыл от,
Жастығымның жайраңдайды жүзі боп.
Балғын шақпен тілдескендей күй кешіп,
Тірі әкемді елестетем, Құдірет.

Онда әкеме жүруші едім мен еріп,
Таңғажайып сезімдерге бөленіп.
Аз күннен соң әкем еккен егіні,
Осы арада жайқалатын көгеріп.

Мен жаңадан үлгіргенде хат танып,
Әке жырын айтқанымда шаттанып,
Ұлым енді ер жетіпті дегендей,
Оралмасқа кетті мәңгі аттанып.

Жас жанымды аяз шалып бір суық,
Қайғырдым да қала бердім күрсініп.
Суық жердей суық болып көрінді-ау,
Сонда маған әкесіз бұл тіршілік.

Көңілімді мұздатқанмен суық күн,
Жанған шамын өшірмедім үміттің.
Не келмейді басына ер жігіттің,
Көп қуаныш, көп қайғымды ұмыттым.

Тізбектеліп өтіп жатқан моншақ күн,
Жастығымды алыстаттың, аңсаттың.
Әкем анау ат байлаған тобылғы
Белгісі боп сөйлеп жатыр сол шақтың.

Ата салтын аялаған ардақты ұл,
Әке рухы – қасиетті әруақ бұл!
Қызыл күрең тобылғы ма, уақыттың үні ме
Түйсігімнің тілі ме әлде сарнап тұр.

-Ей, пенделер, қылығыңа төздім көп,
Не айтар ең, оздым деп пе, тоздым деп.
Қайырымды халық едің, араңда
Қашан, қалай пайда болған безбүйрек?!

-Не сойқан ол арсыз еткен арлыны,
Не кесел ол әрсіз еткен әрліні?
Сай-сүйекті сырқыратты қайтейік,
Қасіретті қара шалдың зарлы үні.

Жетімектің ботадай боп боздауы,
Көкіректің шерлі үнін қозғады.
Осы емес пе боз жорғаның мертігіп,
Осы емес пе боз даламның тозғаны?

Баба дәстүр ізгілікті ең, ізетті ең,
Табаныңнан қандай сұмдық сыз өткен.
Ауырып бір тұрғандайсың сүзекпен,
Ұлттық қадір-қасиетімді қорғайтын,
Намыс – сақшым қайда жүрсің күзеткен?

…Тұрып қаппын, атымды мен тебіндім,
Тергеп мені жатыр екен тобылғым.
Жетегінде қобалжыған көңілдің,
Жағасымен келе жаттым егіннің.

Өсіп-өндік десектағы өркендеп,
Өксік толы сырларымды шертем көп.
Өткен күнін аңсап жүрген еркем деп,
Өртенсең тек сағыныштан өртен деп,
Тасжүрек пен безбүйректен жиіркен деп,
Тобылғымды сөйлетіпті жел тербеп…

Әулие шоқы туралы толғау

Көрегеннің көрікті көркем ісін,
Көркем ісі болашақ ертеңі үшін
Сайра-сайра бұлбұлым ерке құсым.
Елім-айлап еңіреген абыз ердің,
Аңыз ғып айт парасат ертегісін.
Тіршіліктің толғасақ та қайсы әнін,
Ізгілік сыр жағады екен ой шамын.
Төлге бардық көбейтсек деп қой санын,
Әулие деп атайды екен сондағы ел,
Шоқылардың ішіндегі ең бойшаңын.

Әулие аты алғаш маған жұмбақ-ты,
Бағдар сілтеп көрсеткендей шың жақты.
Көңілімнің дүрбісімен қарап ем,
Шежіресі маған былай тіл қатты:

Түнеріп бір кетпегендей көктен бұлт,
Көктегі бұлт секілденген өктемдік.
Өктемдіктің зәразабын көп көрдік,
Бастан талай зұлматты өткердік.
Өткердік те, жек көрдік те кектендік.
Парасаты кемелденген текті ерлік,
Ғажап күнге жеткізер ме деп келдік.
Азат күннің ажарын жіберердей көктем ғып,
Қайғы арманы аралас
қиялдарға көп сендік.

Осындай бір сарында сөйлегендей болады,
Ере бермей ілеске қой дегендей болады.
Төрелердей төрдегі «Ей» дегендей болады.
Періштедей пейілді бейнелердей болады.
Пенделікті бойыңнан жой дегендей болады.

Көргендей ғып айтатын
не ғажайып аңызды,
Былай деді бір күні бір танысым жаны ізгі:
Бұл аңызы ерекше бұл кезеңге маңызды,
Маңыздысын мәнерлеп майын
әбден тамызды.
Асан қайғы атанған аяулы адам кешегі,
Шоқыға кеп осынау аялдаған деседі.
Ой-арманын, болжамын баяндаған деседі,
Қалғып-мүлгіп қараңғы
ел оянбаған деседі.
Оятуға жанын сап аянбаған деседі.
Кемелденіп келешек арман болған азат күн,
Келетіні Алладан аян болған деседі.

Киелі бұл шоқының
бойында бар сұстылық,
Сұстылықта жатқандай ізгілікті іс тұнып.
Әлімжетті қуларға сес көрсетер ышқынып,
Пасықтарға паңдана қарамайды пысқырып.
Жағымпазды жақатпай қарайды оған тіксініп.
Жөн-жосықсыз мақтаулар
мөлдіреген ауаңды
Жіберердей ыс қылып,
Жарқ-жұрқ еткен алтынды
жіберердей мыс қылып,
Жайраңдаған жазыңды жіберердей қыс қылып.
Сұсты көзін қадайды сұрқиялау қылыққа
Сұстылықта жатыпты кереметтей күшті рух.

Бұл рухты шоқымыз,
Қара дала тынысын бағып тұрған тәрізді.
Ізгілікті ой шамын жағып тұрған тәрізді.
Биіктерді армандап,
Қиялының қанатын қағып тұрған тәрізді.
Келешектің келбетін танып тұрған тәрізді.
Тілдің жайы бүгінгі қамықтыған тәрізді.
Жағымпаз бен жантықтар
жалықтырған тәрізді,
Бір нәрседен көңілі қалып тұрған тәрізді.

Сабырлы да салмақты
темір тектес төзіммен,
Бәрін біліп тұрғандай
мөлт-мөлт еткен көзіңнен.
Түкпіріндегі түйсіктің
ғажайып бір сезіммен,
Естігендей боламын әулиелік сөзін мен.

Асан қайғы ақынның қайғылылау өлеңі,
Қосылмаған бастары, бірлігі жоқ ел еді.
Аяқ-қол мен жал-құйрық
жоқтығына қайғырдық,
Жоқ бірлікке ол теңеуі
Жыр боп шыққан жүректен і
штегі шер-шемені.

Жырға қосып күйігін,
Аласартпай биігін.
Жердің іздеп ұйығын,
Қарыздармыз ұлы арманын
айтып өткен адамға.
Оған куә ұлан-ғайыр даламда,
Ұрпақтары өтей алса парызын,
Жан рухымен жай табар ма бабам да.
Асан қайғы бабамыздың арманын,
Асанғожаұлы жеткізе алар ма?
Үмітің тұрған шақта шамдай жанып,
Тәуелсіздік сипаты таңдай жарық.
Даңқымен бара жатқан тауға айналып,
Әулие шоқымыз тұр мәңгі ойланып.

Арал өлмейді

(1989 жылы Мұхтар Шаханов Кеңестер Одағының депутаттығына үміткер болып ауылымызға келгенде арналған өлең)

Хабарың мені қуантқан келеді деген,
Келеді дедім періште өлеңімен.
Әулие сезім, әулетті ой-жырларыңменен,
Сиқырлы нұрға жата ма, қалай, бөленіп әлем?

Жыр айым ба едің жарқырап маңдайға біткен,
Сейхун дарияңнан сусаған далам таңдай жібіткен.
Асылын әркез ардақтай алар қасиетті халқың,
Білесіз ғой сізге қарайтұғынын қандай үмітпен.

Тұлпар тұяқты дүбірлеткенде пәк шабыт қырды,
Айшықты жырың ақиқат сырын асқақ ұқтырды.
Қасыңда сенің мойындай алмаймын басқа мықтыңды.
Тұла бойың түгел парасат тұнған азамат үніңнен,
Сенімім менің мәңгі өлмес патшалық құрды.

Ғашықтық ғаламатындай иесі ең ғаламат жырдың,
Дүниені дүбірлетер дүлдүлім саламат жүргін.
Бұл ауданда да тілеулесің көбін аралап білгін.
Өз тілінде аудандық газетін аңсаған,
Күйін кештік қой көлі жоқ жаралы аққудың.
Бауырмал бауырым, біздерден хабар ап тұрғын.
Хабар ап тұрғын.

Кез келген жүйрік дәл сіздей дара келмейді,
Кез келген адам сіз барған отқа бара бермейді.
Ел-ана, жер-ана жүрегіндегі
Сіздей ұл ғана жараны емдейді.
Қайда жүрсең аман жүр, асыл бауырым,
Сен аманда ақиқат әлемінің
Аралы өлмейді,
Аралы өлмейді,
Аралы өлмейді!!!

Бейбіт күннің ардақтайық әр таңын

Жаралғандай парасатты даңқтан,
Ғалисалам Мұхаммед
дара шыққан халықтан.
Өсиетін Алланың мұсылманға танытқан,
Шапағатымен исламның санамызға
сәуле шашқан жарық таң.
Теңдесі жоқ кең әлем,
Керемет ең не деген.
Таңырқатқан, таңдантқан,
Тәңір неткен шебер ең.

Шетсіз.Шексіз кеңістік.
Жұлдызды әлем, ай күнді.
Алланың аты ең ыстық,
Жаратқан Ием айбынды.

Жаратушы Аллаға,
Ешбір күш жоқ тең келер,
Қарайсың кейде таңдана.
Астамшыл кейбір кеуделер,
Күпірлік етсе пенделер,
Ардақтап Алла есімін
Тәубе етейік шүкірлік.
Кең әлемге кесірін тигізеді күпірлік.
Күпірліктің зардабын,
Тартады екен бүкіл жұрт.

1941 жыл, Гитлер,
Шайтан сезімі билеп,
Түлені оны түртіпті.
Миллиондардың тағдырын,
Талқандапты, құртыпты.
Жастарды да аямай,
Қыршынынан қырқыпты.
Бойын билеп зұлымдық,
Құдайды ол ұмытыпты.
Пір тұтыпты мылтықты,
Зұлымдықты ізгілік,
Жеңетінін жұрт ұқты.
Ізгілікті Құдайдың
Қолдайтынын жұрт ұқты.

Бұл жалғанда құлы болмай құлқынның,
Мәртебесін көтерейік ұлы болып ұлтымның.
Исламның бұл шапағатты шуағы,
Жан дүниеңді жарқыратсын, сілкігін.
Ұзағынан сүйіндіріп баянды етсін халқыма,
Тілін, дінін, салт-дәстүрін ғұрпымның.
Сұңқарым мен тұлпарымның даңқынан,
Айла-амалы озар кейде түлкіңнің.
Құпиялығы, жұмбағы көп бұл дүние шіркіннің.

Бейбіт күннің ардақтайық әр таңын,
Үмітім мен сенімімді бір Аллаға артамын.
Кейбіреулер былай деп те айтады:
«Тұсауы кең Тәңірдің, ұзын дейді арқанын»
Асып кетсең әліңнен,
Ескертеді сол арқанды тартарын.
Тасырлықтың шығарады талқанын,
Есіңе ап қой сен де мұны қалталым.

Ана қадірі

Жететін сонау балғын шақтардан кеп,
Кеудемде тұнып жатқан тәтті арман көп.
Көңілің ақша қардай аяулы анам
Атайтын бүкіл ауылың «Ақмаңлай» деп.

Күн шуақ мейіріммен қараушы едің,
Ол кезде мен балғын ем, балауса едім.
Жылатып кеттің анам анау жылы
Ағызып жарым түнде жанар селін.

Қатпаған қанатымды қанатып оқ,
Кеткендей болды сол түн қара түнек.
Жас жаным аязға бір шалынды ғой,
Шағымда келе жатқан жаңа түлеп.

Түскендей жас бұтағың бірге сынып,
Жүрдім ғой қайғылы бір күн кешіріп.
Мектептен сағынышпен келгенімде,
Көрінді-ау аңырайып үй де суық.

Шалқыған шаттығымдай күн -анам ең,
Өзіңе дұға болсын мынау өлең.
Секілді жетім бота боздағанда,
Көз жасын тұрды төгіп , жылып әлем.
Қамығып қарайтындай мұңлы ай маған,
Мұң-сағыныш боп келер мұндайда анаң.
Қабақта бұлт, кірпікте тамшы тұнып,
Ағыл-тегіл ақ нөсер жырға айналам.

Өмірдің жастай сол бір сырын ұққам,
Ізгілік жыр болар бұл ұлылықтан.
Әлемнің жүрек күні, ана жаны
Пәк мейірім тұрады екен жылылықтан.

Әлиман анама

Жайраңдап өткен жайдарман анам,
Сағынышымызға айналған анам.
Алдамшы мынау фәни жалған-ай,
Мінезіңе сенің қайранда қалам.

Мерекем боп мәз қылған анам,
Жанымызды жаз қылған анам.
Мәңгі сапармен келмеске кетіп,
Сағыныш жырын жаздырған анам.

Ішілмей қалған дәрің тұр анам,
Сары алтын дейді сабыр түбі анам.
Алладан рахым, Пайғамбардан шапағат болып,
Жәннатта болсын жан рухың анам.

Әке

Мол күрсініп жүрсін деп, арманда өт деп,
Тағдыр сынын артқанда жанғам да от боп.
Мөлдір сырым – сағыныш бәйтерегім,
Мен бір шыбық өзіңне қалған көктеп.

Көсілмедің алдымда тарланым боп,
Кетті ме іште айтылмай арманың көп.
Кешір мені артыңда әлі күнге,
Жайқала алмай жүрсем ну-орманың боп.

Алтын анам болсыншы халқым аман,
Арнасымен шабыттың шалқып ағам.
Құдай қолдап, өркенде Жарты бабам,
Жұлдызың боп жанайын жарқыраған.

Әпке

Іздеп барсам, шаттығын шашу еткен,
Бармай қалсам, өкпелі ашуы өктем.
Ақмаңлай анамнан бір аумай қалған,
Сен де өттің ғой өмірден асыл әкпем.

Түлкі бұлаң өмір бұл алдауы көп,
Ұл-қыздарың артыңда қалды-ау жүдеп.
Сағынышын көңілдің сайра жүрек,
Енді менің алдымнан күліп шығып,
Маңдайымнан кім сипар «Әужаным» деп?

Аңқылдаған ақ ниет, ақ көңілім,
Күн анамммен тең еді әкпелігің.
Бейнетпенен беттесіп өтті өмірің,
Ажал деген аузынан көкбөрінің
Арашалай алмады-ау, әттең, інің.

Ауру деген адамды меңдетеді,
Қонбай қойды-ау өзіңе ем де тегі.

Қас-қағымдай жалт еткен жалған дүние-ай,
Жүре тұрса сол әкпем нең кетеді?

Бұл ажалың екен ғой тегі зұлым,
Осы болды менің бір сезінуім.
Ұл-қыздарың жаңадан ер жеткенде,
Кете бардың, көрдіңіз не қызығын?

Жалғыз әкпем маңдайға сыймағаны,
Жүрегімді жүр қазаң қинап әлі.
Қайтіп қиып кеттіңіз Ғабитіңді,
Қайтіп қиып кеттіңіз Динараны?

Қайтейін-ай, қайтейін, бауырмалым,
Аяқ-асты шошытқан ауырғаның.
Медет тұтып кеттің бе Нұрсейітті,
Қуат алып пейілінен Камиланың.

Қиялымды тербеген

Қиял – қыран, ұшады ылғи қияға тынбай,
Домбыра – көңіл, даламнан сазды күй алатындай.
Іс бітірмей өткізген күндерімді кейде,
Сезінем бейне уақытқа деген қиянатымдай.

Асау аттай көнбейтін сабыры ма ешқандай,
Албырттың-ау, көңілім, алысқа алып ұшқандай.
Қиялымды тербеген қызық күндерім менің,
Арман-жырларым сарқылмас сағыныштарымдай.

Ақша бұлттарым көшкен арманым желіндей,
Пәк шабыттарым ба едің жазатын таңдарға ерінбей.
Қиялымды тербеген қызық күндерім менің,
Алыста қалған балғын шақ, балдәуренімдей…

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *