ЖАСТАР САЯСАТЫ:  БІЗ АРАЛАСПАЙТЫН САЛА ЖОҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ:  БІЗ АРАЛАСПАЙТЫН САЛА ЖОҚ
Нұрғали ОТАРОВ, Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы    Қазақстан Республикасының Ата Заңына негiзделетін мемлекеттiк жастар саясатына бойынша жобалар Түркістан облысы Сарыағаш ауданында... ЖАСТАР САЯСАТЫ:  БІЗ АРАЛАСПАЙТЫН САЛА ЖОҚ

Нұрғали ОТАРОВ,
Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы

САРЫГАШ-1

   Қазақстан Республикасының Ата Заңына негiзделетін мемлекеттiк жастар саясатына бойынша жобалар Түркістан облысы Сарыағаш ауданында үздіксіз атқарылып келеді. Жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алуы, әлеуметтік орталарға ене алуы, белсенділік танытуы ел болашағының кемел болуының іргетасы деп бағалауға болады. Шынында да, білімпаз, жасампаз, жан-жақты қалыптасқан жас буынсыз ешбір мемлекеттің болашағы баянсыз екенін даусыз ақиқат.
Ауданның ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ 14 қыркүйек 2011 жылы Сарыағаш ауданы әкімдігінің №648 қаулысы негізінде құрылған.
Жастар ресурстық орталығында жалпы 31 штаттық бірлік болып, оның ішінде орталықта 14, қала, кент, ауылдық округтерде 14, 3 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды.
Аудан әкімдігінің 22 маусым 2017 жылғы №163 қаулысы негізінде ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен Сарыағаш ауданында жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан зорлық-зомбылықсыз отбасы» пи-лоттық жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторы» ашылып, қосымша 6 штат бірлігі берілді.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің 30 сәуір 2019 жылғы №180 қаулысы негізінде «Отбасылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру кезеңіне «Татуласу орталығы» ашылып,қосымша 3 штат бірлігімен толықтырылды.

САРЫГАШ-2
Аудан аумағында мемлекеттік жастар саясатына соңғы 3 жылда бөлінген қаржы көлемі:
Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-не жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінген қаржы көлемі:
2020 жыл – 3 027,0 мың теңге
2021 жыл – 1 000,0 мың теңге
2022 жыл – 2 700,0 мың теңге
2015 жылғы 9 ақпан күні елімізде «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға Елбасымыз қол қойып, күшіне енді. Осы заңның 23 бабына сәйкес, ЖРО жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, кон-
сультатциялық сүйемелдеу мен қол-дауды, жастар арасындағы ахуалдың мониторингін және оны талдауды жүзеге асырады.
Қазіргі таңда Сарыағаш ауданында жалпы халық саны – 195 287 болса, оның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар саны – 41311 құрайды. Аудан халқының 21%-ын жастар құрап отыр. Оның ішінде: қала жастары -12378, ауыл жастары-29833, ер бала – 22155, қыз бала – 19156.
Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарымен бекітілген 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 13 бағыт бойынша 738 түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, 40055 жас қамтылды.

САРЫГАШ-3
Атап айтқанда:
І-бағыт: Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту бағыты бойынша ауданда 6 колледж (2-уі мемлекеттік, 4-уі жекеменшік) жастарға білім беріп келеді. 6 арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан студент жастар саны – 4494, жатақхана саны – 5, жатақханада орналасқан студенттер саны – 1095.
Сонымен қатар, «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары-индустрияға» атты әлеуметтік жобасы, «Болашақ», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел» бағдарламаларын Сарыағаш ауданындағы жалпы жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Мобильді жастар орталығы» атты ақпараттық насихаттық топ құрылып, жұмыс кестесі түзілді. Жұмыс кестесіне сәйкес жыл басынан бері қала, кент, ауыл, ауылдық округтердегі жалпы орта мектептердің жоғары сынып оқушыларының, ауыл жастарының қатысуымен 29 рет кездесу ұйымдастырылып, 715 жасқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы аясында 12 жас, ал «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары-индустрияға» атты әлеуметтік жобасы аясында 189 жас білім алуда.
ІІ-бағыт: Денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша аудан жастарын спорттық сайыстарға тарту, нашақорлықпен маскүнемдіктің алдын алу, денсаулықтарын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық, бұқаралық спорт түрлерін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында 2021 жылы 52 рет түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. «Дені сау – ұрпақ елдің келешегі», «Спорт – денсаулық кепілі» атты жастар арасында кіші футболдан, «Жастар салауатты өмірді қолдайды» атты қыздар арасында волейболдан, жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен студенттік лигалар, Street Workout көше спорты түрлерінен ұйымдастырылған жарыстарға 6812 жас қамтылды.
ІІІ-бағыт: Жастарды жұмысқа ынталандыру, жұмыспен қамту және жастарды жұмысқа орналасу үшін жағдайлар жасау бағыты бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберіндегі негізгі бағыттарды түсіндіру және мектеп бітіруші түлектерге іс-қағаз жүргізу, түйіндеме жазу, жұмыс сұхбатынан өтуді үйрету мақсатында «Мобильді жастар орталығының» топ мүшелері барлық қала, кент және ауылдық округтегі жұмыссыз жастармен 26 рет кездесу ұйымдастырылып, 2650 жас қатысты.
Сонымен қатар, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жұ-мысқа орналасуының 2021 жылдың 12 айында орындалу барысы төмендегідей.

Нәтижелі жұмыспен қамту
Ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде жалпы бағдарламаға 16-29 жас аралығында 2748 жас азаматты бағдарламаның бағыттары аясында әлеуметтік қолдау көрсету жоспарланған болса, ағымдағы жылдың 12 айында 3252 жасқа әлеуметтік қолдау көрсетілді.
І-бағыт: Қысқа мерзімді кәсіптік оқу бойынша оқыған жастар
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның бірінші бағытында көрсетілген азаматтардың түрлі санаттарын, соның ішінде мектеп түлектерін, жұмыссыздарды, жастарды, өзін өзі жұмыспен қамтушыларды және қысқартылған жұмыскерлерді жаппай оқытуды ұйымдастыру негізінде 2021 жылдың 12 айында 37 жас қамтылды.
ІІ-бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
Жастардың жаппай кәсіпкерлікпен айналысуы үшін жағдай жасау мақсатында 2021 жылдың 12 айында «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерінде 134 жас білім алды.
ІІІ-бағыт: Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруда атаулы көмек көрсетуді күшейту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағытында 2021 жылдың 12 айында бос және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа 1953 жас жолданды.

Жастар практикасын ұйымдастыру
Білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында жастар практикасы бойынша 2021 жылға жоспар 420 жасты құрады. Ағымдағы жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша 352 азамат жастар практикасынан өтуге жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Жұмыссыздарды, жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын, жұмыстың тоқтап тұруына байланысты азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында ақылы қоғамдық жұмысқа 2021 жылдың 12 айында 584 жас Әлімтау, Қызылжар, Жартытөбе, Ақжар, Дербісек, Тегісшіл, Қапланбек, Құркелес, Дарбаза, Жылға ауылдық округ, Көктерек кенті мен Сарыағаш қаласының әкімшіліктеріне және аудандық полиция бөліміне жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
Ағымдағы жылы шаруа қожа-лықтарына 12 айда 59 жас жол-данған.
ІV-бағыт: Қаржылық, заңгерлік сауаттылықты арттыру және жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жағдай жасау бағыты бойынша «Жас кәсіпкер» бағдарламасының мүмкіндіктерін жастарға түсіндіру мақсатында жыл басынан бері 63 рет насихаттау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жастарды кәсіпкерлікке баулу, жас кәсіпкерлердің кәсібін кеңейтуге ықпал жасау мақсатында Көктерек кентінде орналасқан «Әсем-ай» минералды су зауытына экскурсия, кәсіпкерлікке ниетті жастардың қатысуымен «Tehnologies» ЖШС-інде, жылыжайларда, «Али» кондитерлік цехына шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, жалпы 2520 жас қамтылды.
V-бағыт: Жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесі және рухани әлеуетін дамыту бағыты бойынша ағымдағы жылы аудан тұрғындары соның ішінде жастар мен жас отбасылар арасында «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» бағдарламаларын түсіндіру мақсатында 36 рет насихаттау жұмыстары жүргізілді. Жалпы 1485 жас қамтылды.
VI-бағыт: Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төз-беушілікке тәрбиелеу бағыты жастар мен жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 55 рет қала, кент және ауылдық округтерде кездесулер ұйымдастырылды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүруіне тыйым салу мақсатында 57 рет рейд жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Сарыағаш АПБ-не 636 жасөспірім жеткізіліп, оның ішінде 528 жасөспірімнің ата-анасына әр түрлі әкімшілік хаттамалар түзілді. Сонымен қатар, жасөспірімдерге, мектеп оқушыларына жолда жүру ережесін түсіндіру мақсатында аудандағы білім беру мекемелерінде «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» атты акциялары ұйымдастырылды.
Ауданда пробация есебінде тұрған жастарды қоғамнан тыс қалдырмау, қоғаммен байланысын арттыру мақсатында аудандағы тарихи жерлерге, аудандық мұражайға экскурсиялар және спорттың кіші футбол түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Жалпы шараларға 35 жас қамтылды.
Аталмыш іс-шаралар жоспарының VII-бағыты: Экологиялық мәде-ниетті қалыптастыру, зайырлық және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бағыты бойынша 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, жастарға экологиялық білім беруге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу мақсатында ауданның қала, кент және ауылдық округтерде жастардың қатысуымен «Тазалық иманның жартысы», «Ауыл тазалығы бәрімізге ортақ», «Таза ауыл өзіңнен басталады», «Бұл менің жерім», «Таза болса табиғат, аман болар адамзат», т.б тақырыптарда жалпы 38 рет сенбіліктер, ағаш отырғызу акциялары ұйымдастырылып, 2478 жас қамтылды.
VIII-бағыт: Дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу бағыты бойынша 6 рет аудандық колледждер арасында дебат ұйымдастырылды. «Біздің мақтаныштар» атты жоба аясында ауданның атақты, белсенді азаматтары бірнеше рет әлеуметтік желіде жарияланды. Аталмыш іс-шаралар барысында жалпы 254 жас қамтылды.
IX-бағыт: Мәдени бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету бағыты бойынша 61 іс-шара ұйымдастырылып, шараға 1610 жас қамтылды.
X-бағыт: Аудандағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асы-рудағы деңгейіне талдау жүргізу және бағалау бағытында ағымдағы жылдың наурыз, маусым, қыркүйек айларында қала, кент және ауылдық округтердегі жастар санына мониторинг кестесіне талдау жасалып, жастардың сапалық құрамы анықталған.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құ-ралдарына және интернет желісіндегі жастарға қатысты мақалаларға тұрақты түрде талдау жасалып отырады.
XІ-бағыт: Жастарға психо-логиялық кеңес беру бағыты бойынша аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу, оның зардабын түсіндіре отырып, жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынасындағы жарасымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру, келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың, жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында қала, кент, ауылдық округтердегі ауданның білім беру мекемелерінде «Бүгін бала, ертең ата-ана», «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Отбасы – өмір шуағы», «Қыз – отбасы ұйытқысы», «Адамгершілік құнды қасиет», «Өмір – таңғажайып әлем», «Жанұямның бақыты-менің қолымда», «Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы» тақырыптарында 135 рет кездесулер мен семинар тренингтер өткізілді. Жалпы кездесулер мен семинар тренингтерге 9450 жас қамтылды. Жастар ресурстық орталығына психологтың жеке қабылдауына жыл басынан бері 64 жасқа, оның ішінде 22 жасқа отбасылық кикілжіңге, 17 жасқа ата-анасымен, достары арасындағы келіспеушілік, 25 жасөспірімге жеке басына қатысты психологиялық кеңестер берілді.
Ерте жүктілік фактісі бойынша Сарыағаш аудандық аурухананың ұсынған мәліметтерііне сәйкес, 2021 жылы 70 жасөспірім жүктілік есебінде тұр.
Ерте жүктілік фактісі бойынша тіркелген отбасына талдау жасалып, аталған жасөспірімдердің барлығы ата-аналарының келісімімен отбасын құрғандар екені анықталды.
14-29 жас арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша 2021 жылдың 12 айында 29 жас тіркелсе, оның ішінде 3-і аяқталған, 26-сі оқталған.
XІI-бағыт: Еріктілер қызметін жандандыру бағыты бойынша жос-парға сәйкес Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан «АДАЛ КӨМЕК» клубы құрылды. «Адал көмек» еріктілер клубында студенттерден, оқушылардан, жұмысшы жастардан құралған 293 мүше бар. Сонымен қатар, ағымдағы жылда Құркелес, Қапланбек және Жібек жолы ауылдық округтерінде еріктілер клубы құрылып, еріктілер қатары арта түсті.
Еріктілер қарияларға қамқорлық танытып, «Қайырымдылық жас-тардың қағидасы», «Еріктілер ардагермен бірге», «Ардагерлерді ардақтайық» «Асыл мұра», «Таза әлем» жобалары аясында 112 рет түрлі шаралар жүргізілді. Жалпы 3410 жас қамтылды.
XIIІ-бағыт: ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан хал-қына Жолдауын, стратегия мен бағдарламаларын насихаттау және жүзеге асыру бағыты бойынша жастар арасында, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасының арттыру», «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдаулары тұрақты түрде насихатталуда.
Сондай-ақ, «Асыл мұра» жобасы аясында «Ер-Дәуіт», «Шәймерден ата» және «Иса Ата» киелі орындарына экскурсия ұйымдастырылып, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында әлеуметтік желілер арқылы арнайы посттар жариялануда. Жалпы 59 іс-шара ұйымдастырылып, 4120 жас қамтылды.
Қазіргі таңда Сарыағаш ауданында жалпы халық саны – 195287 болса, оның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар саны — 41311 құрайды. Аудан халқының 21%-ын жастар құрап отыр. Оның ішінде:
• қала жастары – 5884;
• ауыл жастары – 35427;
• ер бала – 22156;
• қыз бала – 19156.
Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы ағымдағы жылға Сарыағаш ауданы әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарын бекітіп, жоспарға сәйкес 11 бағыт бойынша 75 түрлі іс-шаралар ұйым-дастырылып, 2670 жас қамтылды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі жастар арасындағы жұмыссыздық және NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру, кәсіби оқыту және жұмысқа орналастыру, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды, “Ұлттық жоба” аясында мүмкіндіктерді түсіндіру, аудандағы бос жұмыс орындармен таныстыру мақсатында аудан әкімінің орынбасарының бекітуімен мобильді жастарға қызмет көрсету жұмыс кестесі әзірленіп, 42 рет кездесулер өткізу жоспарлануда. Бүгінгі күнге дейін 16 рет кездесулер өтті. Кездесуге мектеп оқушылары, жұмыссыз жастар, ауыл тұрғындары, жас кәсіпкерлер жалпы 1052 жас қамтылды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметін жандандыру мақсатында Дербісек ауылдық округінде орналасқан «Рахманберді құс өсіру шаруа қожалығы», Қызылжар ауылдық округіндегі шұбалшаң биогумус өнідіру шаруа қожалықтары мен жылыжайларға 4 рет экскурсия және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Денсаулықты сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы жастар арасында 2 рет волейбол, 2 рет кіші футболдан, 1 рет үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырылды. Сон-дай-ақ, «Омикрон» індетінің алдын алу бойынша халық арасында індеттен сақтану мақсатында 10 рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 170 жас қамтылды.
Жастар мен жасөспірімдер ара-
сында қылмыс пен құқық-бұзушылықтың алдын алу мақ-сатында ауданда 2 рет кездесулер ұйымдастырылып, жалпы кездесулерге 80 жас қамтылды. Сарыағаш АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторлары, аудандық білім бөлімімен бірге жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмысқа жол бермеу, оқушылардың қылмыс жасауының алдын алу, түнгі мезгілде қоғамдық көпшілік орындар да жүруін қадағалау, Olimpkz, In Bet, Кеnо букмекерлік кеңселеріне және ойын сауық орындарына, жастар көп шоғырланатын жерлерде жасөспірімдердің түнгі уақытта келуіне тыйым салу мақсатында 5 рет түнгі рейдтік іс-шаралар өтті. Рейдтік шара барысында 3 жасөсіпірім анықталып, ескерту жұмыстары жүргізілді.
Жастарға экологиялық білім беру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу мақсатында ауданда жастардың қатысуымен саябақтарда, киелі жерлерде, көше бойларында «Таза әлем» жобасы аясында жалпы 6 рет сенбіліктер ұйымдастырылды.
Этносаралық келісім және діни тағаттылықты нығайту мақсатында этнос өкілдерімен «Алғыс айту» күніне ағаштар отырғызылды. Жастардың жат ағымға еріп кетпеуі үшін түрлі профилактикалық жұмыс-тар жүргізілді.
Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанынан «Адал көмек» клубының ұйымдастыруымен ерікті жастардың қатарын арттыру мақсатында «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, ерікті жастар қатары артты. Ерікті жастардың қатысуымен ауданда жастар арасында отандық кинофильм көрсетіліп, жыл басынан бері ерікті жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін ояту, қоғамға деген қамқорлықтарын арттыру мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасымен Ауған ардагерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай 7 рет кездесулер мен «Қайырымдылық жастардың қағидасы» жобасы аясында 3 рет қарттардың үйіне барып тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, «Асыл мұра» жобасы аясында Әлімтау ауылдық округіндегі «Жабай Тоқсаба әулие» кесенесіне саяхат ұйымдастырылып, жастар киелі орынға тазалық жұмыстарын жүргізді.
Алдағы наурыз айына іс-шаралар жоспары түзіліп, жастар арасында байқаулар, спорттық іс-шаралар мен қатар түрлі акциялар ұйымдастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, жас келіндер байқауы, жайдарман ойындары, 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күніне орай мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында акциялар, 22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына» орай жастар арасында ұлттық спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылды.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *