АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЖАСТАР САЯСАТЫ АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЖАСТАР САЯСАТЫ
Жанна ИМАНҚҰЛ «Ақпарат саласының үздігі» иегері      Тұтас алғандағы мемлекеттің тағдыры мен ондағы жастардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Бүгінгі де, болашақ та олардың қалай... АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ЖАСТАР САЯСАТЫ

Жанна ИМАНҚҰЛ
«Ақпарат саласының үздігі» иегері

     Тұтас алғандағы мемлекеттің тағдыры мен ондағы жастардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Бүгінгі де, болашақ та олардың қалай өзара әрекеттесетіндігіне байланысты. Жастарға қатысты ойластырылған саясат, оның өмірлік қарекетін қолдау жөніндегі батыл іс-қимылдар арқылы ғана өскелең ұрпақтың сеніміне ие болуға болады.
Әлемдегі барша елдер сияқты Казақстанды құратын да, дамытатын да –жастар. Қазақстанның түрлі дағдарыстан кейінгі дамуы үшін ең алдымен жастардың білімге, интеллектіге, Отанға және халыққа қызмет етуге деген көзқарасын өзгерту, халықаралық деңгейде бәсекелесе алатын ұлттың интеллект ұйытқысын, білімдар адамдар қауымдастығын құру қажет.
Казақстан – әлемдік коғамдас-тыққа белсене интеграцияланып
отырған жас егемен мемлекет. Республика халқының үштен бірі дерлігі – жастары 30-ға дейінгі жастар. Осы жастардың неше мыңы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім, алып, білікті маман атанып, үлкен өмірге қанаттарын қомдап жатыр.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-де университеттің құрылымдық бөлімшесі болып құрылған Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқарып келеді.
Жастар ісі жөніндегі комитет өз қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Білім жоне гылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін, ҚР «Білім туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын дамыту тұжы-рымдамасын», Абай атындағы ҚазҰПУ тәрбие жүмысының тұ-жырымдамасын, Уииверситет Жар-лығын, Ішкі тәргіп ережелерін, өкімдерін, бұйрықтарын, нор-мативтік қүжаттарын, білім алу-шылардың Этикалық Кодексін басшылыққа алады.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде сапалы біліммен қатар Мемлекеттік жастар саясатының негізінде жүргізілетін патриоттық пен отаншылдықты, әдеп пен этиканы, құқықтық сауаттылық пен салауатты өмірді, еңбекқорлықты насихаттайтын тәрбие жұмыстары оқу үдерісінің маңызды бөлігін құрайды және университеттің стратегиялық даму жолында маңызды орынға ие.
Тәрбие жұмыстарның мақсаты — жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру.
Оқу ордасында студент жастарды біліміне білігі сай, нарықтық кезең өзгерістеріне бейімделе алатын, ұлт тағдыры мен болашағына бей-жай қарамайтын, отансүйгіш және елжанды етіп тәрбиелеу мақсатында «Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тәрбие жұмысының тұжырымдамасы» қабылданды. Сол тұжырымдама негізінде әр оқу жылына арналған тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 17 бағыттан тұратын жылдық жұмыс жоспары әзірленген. Тәрбие жұмысының жоспары университеттегі тәрбие жұмысы жүйесінің стратегиялық құрылымын, басым бағыттары мен мақсатын, іске асырылу тетігі мен мерзімін белгілейді.
Тәрбие жұмысы жоспарының негізгі бағыттары:
• қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие;
• рухани-адамгершілік, эстети-калық тәрбие;
• ұлттық құндылықтарды дә-ріптеу;
• құқықтық тәрбие;
• студенттерге психологиялық кө-мек көрсету;
• студенттердің діни сауатты-лықтарын арттыру және экстре-мизмнің алдын алу
• дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру;
• экономикалық тәрбие;
• экологиялық тәрбие;
• толеранттық мәдениет пен ұл-таралық келісімге тәрбиелеу.
Оқу орнында тәрбие жұмы-сы мынадай деңгейлерде ұйым-дастырылады: университет, институт, кафедра, студенттік топтар мен басқада құрылымдық бөлімшелер деңгейінде.
Университетте тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен басқару Тәрбие істері жөніндегі проректормен және оның қарамағындағы тәрбие жұмысын тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқарамасымен жүзеге асырылады.
Университетте дәстүрлі түр-де жүргізіліп отырылатын Білім күні, Студенттер қатарына қа-былдау, «Студенттік көктем» фестивалі, «әз-Наурыз Абай ауылында» атты мерекелік шарасы, студенттер мен ПОҚ арналған «Денсаулық» спартакиадасы, ЖҚТБ, нашарқорлық пен темекі шегудің алдын алу, жемқорлықпен күреске арналған мазмұнды шаралар студенттердің қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыруда.
Оқу ордасының тәрбие үдерісіндегі инновациялық форма-лардың бірі – ол «Тәрбие жетекшілігі жүйесі». Аталмыш жүйе 2009 жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл жүйенің басты ерекшелігі: жоғары оқу орнында қызмет ететін профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді түгелдей жас-тар тәрбиесі ісіне тарту, қоғамдық маңызды шаруаны бірігіп атқару болып табылады.
Тәрбие жетекшісі – өз тобындағы студенттердің оқу-тәрбие үдері-сіндегі қызығушылықтары мен құқықтарын қорғаушы, тұлғааралық қарым-қатынастарына және сту-денттердің күнделікті өмірін тиімді ұйымдастыруға дұрыс бағдар бе-руші педагог.
Тәрбие жетекшілігі жұмысын үйлестіру үшін университеттік Тәрбие жетекшілер кеңесі құрылған.
Университетте тәрбие жетекшілігі жұмысын жүргізу және басқарудың жүйелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу мақсатында Университеттік Тәрбие жетекшілерінің кеңесі құрылған.
Тәрбие жетекшілігі жүйесін жетілдіру мақсатында бірқатар нормативті құжаттары әзірленіп, қолданысқа енгізілді: Тәрбие жетекшісі туралы Ереже, Тәрбие жетекшісінің журналы, Тәрбие жетекшісіне арналған нұсқаулық, Тәрбие жетекшілері Кеңесінің Ережесі, «Үздік тәрбие жетекшісі» конкурсының ережесі
Тәрбие жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2011 жылдан бастап білікті ғалым-ұстаздардың көмегімен семинар-тренингтер мен мастер-кластар ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын «Үздік тәрбие жетекшісі» конкурсы өткізіледі.
Жоғары оқу орнында ұстаздар мен қызметкерлердің және білім алушылардың адамгершілік-мо-ральдық және кәсіби-этикалық қасиеттерін жетілдіру, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды қалыптасыру мақсатында Студенттер мен магистранттардың Этикалық кодексі, профессор-оқытушылар мен қызметкерлердің Этикалық кодесі қабылданған.
Тәрбие үдресінде жыл сайынғы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын іске асыру мен насихаттауға үлкен мән беріледі. Жолдаудың басымдықтарын түсіндіру бойынша кешенді жоспар әзірленген.
Университетте жастарды толе-ранттылыққа, ұлтаралық келесім мәдениетіне тәрбиелеу, олардың діни сауаттылығын арттыру және экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мақсатында экстремизмге идеологиялық қарсы тұру бойынша жоспар әзірленген, дінтанушы, педагог, психолог ғалымдар құрамынан лекторлық топ құрылып, аталмыш топпен жыл бойы дәрістер циклы ұйымдастырылады.
Көпмәдени ортада студенттерді түрлі этностардың мәдениеті мен өнерін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында университет жанынан 2011 жылы «Бірлік» Студенттік Ассамблеясы құрылды.
Білім ордасында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесі басты назарға ие. Осы орайда, жыл сайын «Құқықтық сауаттылық» онкүндігі ұйымдастырылып отырылады.

Жастар ісі жөніндегі Комитеттің негізгі бағыттары

— Университетте жастар саясатып жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
-Комитеттің және оған қарасты бөлімшелердің жұмысын жоспарлайды және жоспардың орындалуын қадағалайды.
-Жастармен жұмыс жасаудың озық тәжірибелерін зерттеп, жи-нақтап, таратады. Өз қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдірсді.
-Жастар саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар береді.
-Студенттердің нәсіліне, әлеуметтік, діни және тілдік ерекшеліктеріне қарамастан олар-дың теңдігін қамтамасыз етеді.
-Өзін-өзі басқару жүйесінің дамуына және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.
-Университеттің студенттік өзін-өзі басқару жұмысын үйлестіреді.
-Белгіленген тәртіпке сәйкес басқа ЖОО-ның студенттік өзін-өзі басқару органдарымен, жастар ұйымдары жұне құзырлы органдармен, сондай-ақ Жастар ісі жөніндегі комитеттерімен қарым-қатынас орнатады.
-Университеттегі студенттік бір-лестіктер, шығармашылық клубтар, секциялар мен үйірмелердің жұмыстарын үйлестіреді.
-ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларының басым бағыттарын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізеді.
-Мәдени-көпшілік, патриотгық тәрбие, құқық бұзушылықтардың алдып алу және экстремизммен күресу және оны болдырмау, салауатты омір салтын қалыптастыру, толеранттық тәрбие беру және ұлтаралық келісімді қалыптастыру жұмыстары бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
-Дарынды студенттерді анықтау мақсатында байқаулар мен сайыстар ұйымдастырады.
Бүгінгі жастар өмірлік тәжірибе жинақтай отырып ертеңгі күні белсенді жасампаз күшке айналады, сөйтіп өзінің өмірлік даналығын келесі буынға береді. Сондықтан да болашақтағы ересектер — бүгінгі жастар әрбір қоғамның ең бағалы құндылығы болып табылады. Әрбір өміршең дамушы қоғам үшін барлық ұрпақтардың үзілмейтін байланысы, өзара түсіністігі мен өзара әрекеттестігі ерекше маңызды. Коғамның тұрақтылығы мен қазіргі ұрпақтардың болашақ алдындағы жауапкершілігі Абай атын иеленген білім ордасының студент, магистрант, докторанттары үшін университеттің Жастар ісі жөніндегі комитеттің атқарып жатқан істерінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында төмендегідей «Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары» айқындалған.
Қазақстан Республикасының мем-лекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты — жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік-эко-номикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынық-тырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды
халықаралық мәдени, экономи-калық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.
Сонымен қатар, университет қабырғасында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға негіз болып отырған тағы бір құрылым – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім-герлерінен құ-ралған Студенттік ректорат.
Студенттік ректорат кеңесі заманауи озық ойлы, креативті рухта қалыптасқан, ұлттық дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тәрбиені дәріптейтін университеттің белсенді жастарының бірлестігі болып табылады.
Ректорат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ҚазҰПУ-дың Жарғысымен және Студенттік ректорат Ережесін басшылыққа алады.
Ректорат Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры жанынан құрылып, мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын, сол саясатты жетілдіруге үлес қосатын, ағартушылық, танымдық, жасампаздық, әлеуметтік, инновациялық, шығармашылық жобаларды іске асыратын орган, сонымен қатар, ведомствоаралық қарым-қатынастың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарын әзірлейтін жастардың ең жоғарғы өкілді органы болып саналады. Ұсынымдар және басқа да өтінімдер университет Ректорына ұсынылады, алдын ала талдаудан өткізілгеннен кейін қоғамдық (университет деңгейінде) талқылауға салынады.
Жастардың бастамашылдық қыз-меті университеттің барлық басшылары және басқа да жауапты қызметкерлерімен қолдауға алынады. Студенттік ректораттың басты міндеттері:
1) Студенттердің тұлғалық дең-гейін анықтай отырып дарындыларды даралайтын, қасиет-қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін, студент өмірінің құндылықтарын қолдайтын жастар ортасын жүйелі жасақтау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жастар саясаты туралы заңнамалық актілерін іске асыру;
3) Білім алушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту;
4) Білім алушы жастардың отансүйгіштік рухын дамыту;
5) Қоғамның игілігіне білім алушылардың тұлғалық және интеллектуалдық, потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау;
6) Білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына тікелей қатысуына мүмкіндік жасау және заңнамаға қайшы келмейтін басқа да міндеттерін іске асырады.
Студент-ректордың қызметі:
1) Ректораттың кезекті және кезектен тыс отырыстарының уақыты мен мерзімін белгілейді және оған төрағалық етеді;
2) Ректорат мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен-екі бөлігінің талабымен Ректораттың кезектен тыс отырыстарын шақырады;
3) Ректорат жұмысының жоспарын дайындайды, оны бекітуге ұсынады және қызметін басқаруды жүзеге асырады;
4) Ректорат мүшелері арасындағы міндеттері мен жұмыс бағыттарын үйлестіреді;
5) Ректораттың жұмыс жоспары мен отырысының күнтәртібін әзірлейді.
6) Ректорат Төрағасы себепті жағдайлармен қызметтерін атқара алмайтын кезде, оның қызметін (міндетін) орынбасары орындайды.
Университет студент жастарының шығармашылық қабілеттерін дамыту, орындаушылық шеберліктерін шыңдау, жас таланттарға қолдау көрсету мақсатында Тәрбие басқармасы жанынан Мәдениет бө-
лімі ашылып, 2011 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Мәдениет бөлімі жұмысының да негізгі бағыттарына тоқталып өтсек:
-студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу;
-жас таланттардың шығарма-шылығын дамыту;
-университет, қала, республи-калық дәрежедегі көпшілік-мәдени шараларды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және жастардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2003 жылы Жастар ісі жөніндегі комитет құрылған. Комитет өз қызметінде ЖІК туралы Ережені басшылыққа алады.
Олай болса мемлекеттік жастар саясатын негіз ете отырып, Жастар ісі жөніндегі комитет пен Студенттік ректорат тарапынан университет қабырғасында 2021-2022 оқу жылында атқарылып жатқан маңызды іс-шаралардың бірсыпырасына тоқталып өтелік.

«Тіл – татулық тірегі»

2021 жылдың 8 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан халқының тілдері мерекесі және Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» әдеби-музыкалық кеш болып өтті. Іс-шараны ашқан университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов тілдер мерекесінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ол өз сөзінде елімізде өмір сүріп жатқан әр ұлттың өкілдері өз мәдениеті мен әдебиетін дамытуға толық жағдай жасалғанын, ал ана тіліміз елдік пен тәуелсіздіктің, татулық пен бірліктің айғағы екенін сөз етті. Ал Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Қазына Бекпенбетова студенттерді тілдер мерекесімен құттықтап, ұйымдастырушылар жұмысына табыс тіледі.
«Тіл – ұлттың айнасы» деген ұстанымды ұстанған студент-жастарымыз туған тілімізге деген құрметі мен сүйіспеншілігін қазақтың қара домбырасы арқылы күмбірлеген күй тартып, ән шырқап және ақын-жазушыларымыздың өлеңдерін оқи отырып жеткізді. Сонымен қатар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі мен шығармашылығы турасында баяндама жасалды. «Бірлік» Ассамблеясы ұйымының студенттері өздерінің жүрек жарды құттықтауларын ұйғыр, тәжік, орыс тілдерінде жеткізді. Іс-шара барысында сөз алған Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Нағима Ильясова алдағы уақытта кафедра тарапынан осындай игі бастамалар көптеп ұйымдастырылатынын айта келе өнерлі студенттерге шығармашылық табыстар тіледі.
Кеш соңында «Рухани жаң-ғыру» орталығының басшысы Жақауов Мақсат бүгінгі басқосу жастарымыздың достығы мен татулығын арттыратыны сөзсіз екеніне тоқтала келіп, мазмұны терең шараны ұйымдастырған Ассамблея кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Шаһарман мен Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Нағима Ильясова және өнерлі студент қауымға алғыс білдірді.

Халықаралық туризм күні

Халықаралық туризм күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-да Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті және Жаратылыстану және география институтының бірлесіп ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.
Салтанатты шараны әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов ашып, барша қатысушыларды мерекелерімен құттықтады. Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова «Туризм» мамандығының маңыздылығына тоқталып, шара ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.
Шара барысында «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» білім беру бағдарламар бөлімі «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының студенттері Үнді, Грузия, Корей, Түркі елдеріне виртуалды саяхат жасап, аталмыш елдердің мәдениетімен таныстырды. Сонымен қатар, студенттер арасында танымдық викториналар мен ойындар ұйымдастырылды.
Мерекелік шара аясында туризм мамандығының мәртебесін арттыру және кең насихаттау мақсатында «Young nomad»туристік клубының тұсаукесері өтті. Клуб жетекшілері жас педагогтар Ақбота Бекен, Расул Кудебаев, Мадина Серік туристік клубтың алдағы жоспарларымен таныстырды.
Атап айта кететін жайт, аталмыш клуб ашу Мемлекеттік жастар саясатының негізінде университетіміздің Стратегиялық жоспарында белгіленген міндеттердің бірі болып табылады.

Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу

Қазақстан Республикасы Тәуел-
сіздігінің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Медеу ауданы әкімдігімен бірлесіп 2021 жылдың 14 қазаны күні «Желтоқсан — ерлік тарихы» тақырыбына Желтоқсан қаһармандарымен студент жастар арасында кездесу ұйымдастырылды. Бұл жиын 1986 ж. 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналды.
Аталмыш шараның мақсаты студенттерге желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, олардың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, олардың батырлығын насихаттау, желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
Сондай-ақ, жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу, Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.

«Тәуелсіздік-тұғырым» жастар флешмобы

Қазақстан Республикасы Тәуел-сіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай университетінің басшылығы, оқытушы профессорлары мен жастарының қатысуымен «Медеу» мұз айдынында «Тәуелсіздік-тұғырым» жастар флешмобы өткізілді. Шараның басты мақсаты – мемлекеттік меркенің мәртебесін және жастардың азаматтық белсенділіктерін арттыру.
Шараны Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов ашып, жастарды белсенді және өз елінің патриоты болуға шақырды.
Университеттің белсенді жастары Қазақстан туын көкке желбіретіп, мұз айдынында 30 санын жазды. Осылайша олар ел Тәуелсіздігіне деген құрмет сезімдерін жеткізді.
Флешмобты өткізуге қолдау көрсеткен Медеу ауданы әкімдігіне және ауқымда шараға атсалысқан барша белсенді жастардың қатысуымен өткен шара нәтижелі болатыны анық.

«Күшіміз – бірлікте» қайырымдылық акциясы

Қаңтар айының басында елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты университет қабырғасында бірқатар әлеуметтік шаралар қолға алынды. 2022 жылдың 11-14 қаңтар аралығында Тәрбие департаменті «Күшіміз бірлікте» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Қайырымдылық акциясы барысында жатақханада тұратын шетелдік және әлеуметтік қолдауға мұқтаж студенттерге түрлі әлуметтік көмектер көрсетілді.
Университет ректоры Дархан Биляловтың бастамасымен жатақхана тұрғындарына азық-түлік себеттері үлестірілді.
Сонымен қатар, «Damu biznes group» кәсіпкерлер палатасы мен «Rixos» компаниясы тарапынан тұрмыстық тазартқыш заттар мен азық-түліктер табысталды.
Университет ұжымы және студент жастары атынан ректор Дархан Нұрланұлына және «Damu biznes group» кәсіпкерлер палатасына, «Rixos» компаниясына, «Jas Otan» қазіргі «Аманат» партиясының Жастар қанатының қиын-қыстау уақытта көрсеткен қолдауларына студент жастар алғыстарын білдірді.
Еліміз үшін қиын-қыстау кезеңде студент-жастар ЖОО басшыларымен бірге барлық қазақстандықтарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына топтасуға және оның ел тәуелсіздігін нығайту, құқықтық тәртіпті орнату және деструктивті элементтер тарапынан түрлі жағымсыз көріністерге жол бермеу жөніндегі шешімдерін қолдауға шақырды.
Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Ділдәбек Дидарбек: «Қазіргі таңда «Бейбіт Қазақстан», «Тәуелсіз Қазақстан» деген сөздердің мағынасы артып келеді. Бейбіт шеру қылмыскерлердің шабуылымен жалғасады деп ешкім де күдіктенген жоқ. Тәуелсіздік тарихында мұндай жағдай көрмеген Қазақстан халқы есеңгіреп, 2-3 күннің ішінде өмір сүру салтын өзгерткендей. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған Үндеулері мен қабылдаған жедел шешімдері үрейімізді сейілтіп, сенім қалыптастырды. Осы тұста барша Қазақстандықтардың үлкен үміті Президентімізде екені анық. Әрбір ел азаматы ақылға салып бір ойға жинақталғаны қылмыскерлер мен террористтерден ертерек тазаруға өз ықпалын тигізеді. Халық арасында әліде алыпқашпа әңгімелер таратып, қаралаушылардың көп екені көрініп тұр! Ел Президентін, не болмаса әскерді, одан ҰҚШҰ не екенін білмейтіндер дұрыс емес пікір қалдырып жатқанын көріп отырмыз. Бейбіт шеру болса бірсәрі, кешегі өткен ылаң, ұрлық, бассыздық ел қамын ойлағандардың ісі емес!»
Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының 1 курс студенті Әбдікамал Алсын: «Елде болған оқиға бәрімізді қатты алаңдатады. Біз Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған барлық үндеулерін мұқият қадағалаймыз, оның елдің тұрақтылығы мен тәуелсіздігін сақтауға деген ұмтылысын қолдаймыз. Мемлекет басшысы жедел қабылдаған шешімдер елімізді қиын жағдайдан шығаратынына сенімдіміз. Бізге тыныштық, бейбітшілік қажет».
Абай атындағы ҚазҰПУ Студенттік парламент ұйымының мүшесі Әймен Нұрахымова: «Мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін мұқият тыңдадым. Ол елде енгізілген төтенше жағдай өз жемісін бергенін және оның бүкіл аумағында конституциялық құқық белгіленгенін атап өтті. Мен Президентімізді және оның қазіргі саясатын толық қолдаймын. Туған жерімізді, егемендігімізді сақтау үшін арандатушыларға бой алдырмау керек. Мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа толық сенемін.
Елімізде белең алған жаппай тәртіпсіздік пен деструктивті әрекеттерді тоқтатып, жоюға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен нақты шаралар жүзеге асуда. Ал оны тиянақты іске асыруды әрбір жауапты орган өз деңгейінде орындауы шарт. Оған халық қолдау білдіре отырып, қазіргі кезде талап етіліп отырған барлық шараға мұқият болғанын қалаймыз.
Ел басына төнген қиын кезеңде халықтың амандығы — басты міндет. Президентке қолдау білдіріп, мемлекеттігімізді сақтау жолында жауапкершілікті сезіне отырып, жұдырықтай жұмылу маңызды. Осы орайда студент жастарды, ата-аналарды қиын сәтте сабырлы болуға шақырамын. Отанымызға адалдықты сақтау маңызды.
Өкінішке қарай, бейбіт шеруде кейбір белсенділердің, арандатушылардың жауапсыз әрекетінен жүздеген бейбіт тұрғын мен әскерилердің өміріне қауіп төнді. Ел тыныштығы бұзылды. Қазіргі кезде оқу орындарында студенттердің, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жатақхана мен оқу ғимараттары қатаң бақылауға алынды. Биылғы оқу жылының екінші семестрі Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес 24 қаңтардан басталады.
Қиын-қыстау кезеңде бірлігі-міздің, Тәуелсіздігіміздің бекем болуы маңызды. Осы орайда барша қазақстандықтарды, әсіресе жастарды сақтық танытып, ел тұрақтылығын сақтауға атсалысуға шақырамын».
Абай атындағы ҚазҰПУ сту-денттері мемлекет басшылығы қабылдаған шешімдер Алматы мен республиканың басқа қалаларында өмірді қалыпқа келтіретініне сенімді. Ал олар қазір көп нәрсе халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен түсінігіне байланысты екенін түсінеді.

Пікірсайыс: Ддамыған елдердің қатарына кірудің тиімді тетігі

Дүниежүзілік сайлау күні қоғамның санасын демократияландыру үдерісінің қайтымсыздығын қамтамасыз ету, қоғамды сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы хабардар ету, жас сайлаушылар арасында жоғары азаматтық ұстанымды, болашаққа жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі.
Осыған орай, 2022 жылдың 14 ақпан күні университетіміздің ұйымдастыруымен «Атамекен» ИПК мүшелерінің қатысуымен жастардың саяси сауатын дамыту, қоғамдық өмірге белсенділігін арттыру мақсатында «Қазақстан дамыған елдердің қатарына кіргізудің тиімді механизімін ұсынады» тақырыбында пікірсайыс ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара барысында осындай маңызды үдерістегі жастардың рөлі, Қазақстан өркендеп, қуатты заманауи мемлекетке айналуы үшін ел халқының ең белсенді бөлігінің білімі мен күшін қалай тиімді пайдалану туралы пікірлер айтылды.
Үкімет позициясында бақ сынаған «Тұғыр» фракциясының спикерлері Тарих және құқық институтының 3 курс студенттері Мухаметаллиұлы Өркен және Тасқұл Талғат үздік ойын көрсетсе, ал жеңіске жеткен оппазиция позициясында ойнаған «Алаш зиялылары» фракциясының спикерлері Психология және педагогика институтының 1 курс студенті Болатұлы Ерзат және Тарих және құқық институтының 4 курс студенті Әбдіқайымұлы Дінмұхаммед. Жастардың саяси сауатын дамытуға бағытталған аталмыш іс-шаралар алдағы уақыттада өз жалғасын таппақ.

«Жастар кәсіпкерлігі» курсы
бойынша дәріс

2022 жылғы 18 ақпанда университеттің ұйымдастыруымен «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы білім алушыларға «Жастар кәсіпкерлігі» курсы бойынша бірінші дәрісін оқып бастады. Дәріс 11 наурызға дейін жалғасын онлайн және офлайн форматында жүргізіледі.
«Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы жауапкершілі шектеулі серіктестігі оқыту департаменті директоры орынбасары Нұрлыбек Тлеулиев қатысты.
Дәрісті «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының бизнес-тренерлері Гүлбахыт Жолдасбекова, Малик Мұсабеков оқыды.
Шараны Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары Д. Ділдәбек ашып беріп, бизнеспен айналысқысы келетін студент-жастарға сәттілік тіледі.
Дәрісте кәсіпкерліктің мәні, «кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» ұғымдары туралы ақпараттық түсіндірмелер беріліп, студенттерге келесі дәріске бизнес идеяларын дайындап келуін сұрады.
Сонымен қатар, студенттердің сауалдарына жауап берілді.

Ашық есік күні

2022 жылдың 14 наурызында университетімізге Талдықорған қаласынан ЖШС «INNOVERSE TALDYQORGAN» жеке меншік мектебінің оқушылары келді. Университетімізде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Ашық есік күніне университеттің Басқарама төрағасы – ректор Дархан Біләлов ашып, университеттің еліміздің ұлттық жоғары оқу орнының құрамына енетінін, соның ішінде білім мен ғылым беруде көшбасшы университет екенін ескеріп, білім орданың жетістіктері туралы баяндап берді. Болашақ жас мамандарға сәттілік тіледі. Айта кетерлік, университетіміздің жаңа жобасы «Honorus college» туралы ақпарат айтып өтті. Жас түлектердің жаңа жобаға қызығушылығын арттырды.
Модератор Жастар ісі жөніндегі басқарма төрағасы Райымбек Пірәлі жүргізді. Шара соңында жастар ісі жөніндегі басқарама туралы және жастармен университет әр түрлі шаралар және жобалар, қызықты жұмыстар атқаратыны туралы айтып өтті.
Шара барысында әр институттан келген оқытушы-ғалымдар, қызметкерлер түлектерді университетіміздің білім беру бағдарламаларымен, әскери кафедрасымен және өзге де институттар жұмысымен таныстырды. Жас жеткіншектер университетіміздің мамандықтары бойынша, оқуға түсу және оқу талаптары туралы білді. Университеттің студенттік өміріне қызығушылық танытып, көптеген сұрақтарға жауап алды.
Келген қонақтар, ұстаздар, оқушылар назарына институттар бойынша бекітілген мамандықтар, оқу орнының жалпы тыныс-тіршілігі, жетістіктері жайында презентация ұсынылды.
Қорыта келе айтарымыз, қоғамның ілгерілеуі, жаңаруы, реформалардың жүзеге асырылуы, жастарға нақты қажетті білім мен тәрбиені беруден басталады. Жастар проблемаларын болашақ тұрғысынан қарап шешу қажет. Біраз уақыт өте келе жастардың өздері де мемлекетті басқарып, қоғамдық қатынастарды қалыптастырады, сөйтіп өмірдің барлық салаларында ізбасар болады. Қоғам жас ұрпаұ арұылы өзін биологиялыұ тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да ұдайы өсіп-өрбітеді. Бұл үдеріс өздігінен жүрмейді, ол жастар ұрпақтан ұрпаққа неғұрлым білімді, белсенді, денсаулығы мықты, рухани жағынан дамыған жағдайда ғана оң бағытта ілгерілейді. Алайда бұлай болуы үшін оған қам жасап отыру қажет болады.
Жастардың әлеуметтік үде-рістердегі рөлін іргелі тұрғыда қайта ұғынбайынша, жастар феномені жөнінде санада теңкеріс болмайынша адамзат сапалы тұрғыда дами алмайды.
Бұл оңай жұмыс емес. Жастар туралы жалпы адамзатқа ортақ игілік болып табылатын жалпы әлемдік ғылыми ақиқаттарға, сондай-ақ нақты бір қоғамның жастар туралы идеялары мен білімдеріне негізделуі тиіс. Мұндай көзқарас бірталай ақыл-ой жұмсалуын және белгілі бір уақытты талап етеді. Ең маңыздысы бұл мақсатты жұмыс жүргізілуі керек.
Еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы білім ордасында өткен түрлі тақырыптардағы маңызды іс-шараларды сараптай келе, университет бұл бағытта негізгі бағыт-бағдарын айқындап, жоспардан нақты іске көшіп отырғандығына көзіміз жетті.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *