ГЕНДЕРОЛОГИЯЛЫҚ  МӘСЕЛЕЛЕР ГЕНДЕРОЛОГИЯЛЫҚ  МӘСЕЛЕЛЕР
Динар НӨКЕТАЕВА, ҚР Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі   Отбасындағы гендерлік тәрбиедегі әкенің рөлі        Мемлекеттік деңгейде маңыз берілген... ГЕНДЕРОЛОГИЯЛЫҚ  МӘСЕЛЕЛЕР

Динар НӨКЕТАЕВА,
ҚР Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі

 

Отбасындағы гендерлік тәрбиедегі әкенің рөлі

       Мемлекеттік деңгейде маңыз берілген гендерлік саясат біздің елімізде 2000 жылдан бастап жүргізіле бастағаны белгілі. Ерлер мен әйелдердің гендерлік тендікке қол жеткізуінің стратегиясы жасалып, оны жүзеге асыру жолында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Оның мақсаты – әйелдер мен еркектердің тең мүмкіндіктерін, олардың қоғам мен өмірдің барлық саласына бірдей қатысуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Десек те, қоғамдағы гендерлік саясат жөніндегі пікір әлі де екіге жарылған қалпында деуге болады. Оны «әйелдің отбасындағы рөліне нұқсан келтірді» деп қарсы тұратындар да, «қабілетті әйелдерге жол ашты» деп қос қолын көтеріп құптайтындар да бар.
Қарсы дау айтушылар «әйелдің бас-
ты міндеті – жар сүйіп, бала бағу» дегенді көлденең тартады. Бірақ, әйелдің үй мен түздің жұмысын қатар атқарып, үлгере білгені, ең алдымен, қыз-келіншектеріміздің өздері үшін керек. Себебі, қазір күн санап қарқынды дамып келе жатқан заман көшіне ілесу өте киын. Баласының қатайып кеткенін күтіп, қоғамдық жұмысты, қызметті екінші кезекке қойған әйелдің сол аралықта көп нәрседен қол үзіп қалуы әбден мүмкін. Әрі анасының көзі ашық, білімді, білікті болуының бала тәрбиесіне де әсері көп.
«Отандық кадрлық әлеуметті тәрбиелеу мен қалыптастыру — жалпы мемлекеттік міндет, әрқайсымыздың парызымыз» – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, отбасы бірлігін көздеп, әйел мен ер-азаматтың үй мен қоғамдағы орнын тепе-тең ұстау әрбір адам баласының өзіндік бір міндеті болуы керек.
Біздің қоғамымыздағы жанғырулар тәуелсіз еліміздің тыныс-тіршілігіне ерекше ыкпал етіп, оның жұмыс мазмұнына да жаңаша бағыт-бағдар мен сипат беріліп келеді. Сондықтан, Қазақстан тәуелсіздігі жылдарындағы мемлекеттік гендерлік саясат әйелдер мен ер азаматтың рөлін теңестіруді көздеп, тарихи ұлттық сана-сезімді және салт-дәстүрді қамти отырып жүзеге асырылуда. Біздің қоғамымызда білімі, қабілеті бар нәзік жанға қызметте өсіп, көрінуі үшін барлық жағдай жасалып, оларды басшылық қызметке қолынан іс келетін әйелдерді тарту – мемлекетті, қоғамды дамыту жолындағы қадам болады. Адамзаттың әрдайым биік ұстайтын қасиеті – тәрбие.
Өмірдің мәні де осы. Төрге өрлеген адамдардың бәрі осыған қарыздар. Тәрбие көрдің бе, тәрбие бере біл. Бұл асыл ұғым.
«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» демекші, ұрпақ тәрбиесі отбасының ғана емес, бүкіл мемлекеттің даму деңгейіндегі маңызды дүние екендігі даусыз. Сондықтан да бұл мәселеге мемлекеттік деңгейдегі көзқарастың болғаны ләзім. Дегенмен бала тәрбиесі – кең ауқымды қаралатын мәселе. Бір жағынан алып қарағанда, баланың бойына бітетін мінезі ең алдымен оның туған тегіне, қанына (геніне) тартатын болса, адам ретінде қалыптасуының бәрі – бесіктегі тәрбиенің еншісінде. Мәселен, түп-тамыры, арғы тегі асыл болғанымен, кейбір азамат тәрбиенің кемшіндігінен бағы ашылмай жатады. Сол секілді атадан оза туатындар да жастайынан сіңірген тағылымды тәрбиенің ықпалымен ұшпаққа шығып жатады. Ал мұндағы тәрбиенің нәріне келсек, бұл, шынымен, «тал бесіктен басталады». Ендеше, тәрбиедегі ең маңызды мәселе бала дүние есігін ашқаннан бастап оған жеткілікті көңіл бөле білуде жатыр.
Дегенмен бүгінгі заманның, яғни ақпараттық ғасырдың әсері ұрпақ тәрбиесіне өз «өрнегін» салып жатыр деп айтуға да болады. Тіпті бұл жайында ойлағанда кейде ұрпақ тәрбиесінде ата-баба салтынан алыстап бара жатқан жоқпыз ба деп те қаламыз. Өйткені көпшілік ата-ананың бала тәрбиесіне қатысты түсінігі де өзгеріп келе жатқан сыңайда. Мәселен, кейбір ата-ана «баламның тамағы тоқ, киімі бүтін болса, қатарынан кем кылмасам» деп, тәрбиеге таяз қарап, қатарынан калдырмаудың қамымен бар уақытын жұмысқа сарп етіп, тәрбиені екінші орынға ысырып алғандаймыз.
Соның нәтижесінде баланы «бағу» мен «қағуда» көп олқылық кетіп жатуы мүмкін деп, ойлаймын. Ата-анадан кейінгі орында тәрбие үшін маңызды рөлді баланың айналасы, мектебі мен араласатын ортасы иеленеді. Дегенмен айналамен араласпас бұрын бала өскен ошағында жақсы атмосферадан нәр алып, қалыптаса білуі керек.
Елбасымыздың «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі бар. Осы орайда Мемлекет басшысы да отбасындагы тәрбиеге аса зор мән беріп келеді. Соның ішінде қоғамдағы ер адамнын орны, әкелердің балаларына көрсетер үлгісі алдыңгы кезекте тұруы керек. Бұл мәселе жан-жақты талқыланып түсіп кеткен әке беделін көтеру сияқты өзекті мақсат көзделген.
«Гендерлік саясат» дегеннің өзі тепе-тең дегенді білдіреді. Сондықтан әйел тәрбие береді, ер азамат бала-шағаны асырауы керек деп бөлініп отыра бермей, ер азаматтың да бала тәрбиесіндегі рөліне аса мән берілгені жөн.
Осы орайда отбасылық тәрбиеге ерекше назар аударылып, соның ішінде әке рөлі де алдыңғы қатарда.
Жасыратыны жоқ, бала тәрбиесі көбіне аналарға жүктеліп, одан әкелер сырт қалып жатады. Енді осы олқылықтың орнын толтыру қажет. Бұл істе ақсақалдар және ардагерлер кеңестерінің әлеуетін барынша пайдалану керек. Қазақстандағы отбасылық саясаттың жүзеге асуына және ұрпақ тәрбиесін жүйелі жүргізуде Әкелер кеңестері үлкен үлес қоспақшы. Кейбір мектептерде Әкелер кеңестері құрылып біраз маңызды шаралар өткізіліп келеді. Жалпы, ұрпак тәрбиесінде мектеп пен отбасына бірдей міндет жүктеледі.
Олар, бейнелеп айтқанда, өскелең жандарды қос қолымен алға жетектеп келеді.
Жасыратыны жоқ, қазір білім ошақтарында ер адамдар тым аз. Сонау жылдары олардың саны әйелдерден кем емес еді.
Демек, бейнеті көп мұғалімдік мамандыққа қызығушылық нашар. Жас жігіттердің дені мұнайшы, заңгер, қаржыгер болуды қалайды. Оқу орнында ұлдар мен қыздар тәрбиесін қатар қалыптастырып, олардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруге тек ғана емес, ер азаматтардың да тәрбиеге назар аударуы тиіс.
Бұрын әке жолын ұлы жалғастыратын еді. Мәселен, шопан таяғын ұлына тапсыратын. Қазір ата ісін ілгері апаратын ұрпақ бар ма? Ауылда трактор айдайтын жас қалмаған. Шетелдік көлікті жүргізуге шебер, бірақ, тракторға жоламайды. Әйтсе де, бұл ұрпақ тәрбиесіне кері әсер етпеуі керек. Қазақта «әкеге қарап ұл өсер» деген бар. Құранда «ана мен бала — еркекке берілген аманат» делінген. Міне, осы қағидаларды ұлдардың санасына қазірден бастап қүйған абзал.
Жалпы, ұрпақ тәрбиесінде біз ашатын жаңалық жоқ. Бәрін де байырғы бабаларымыз айтып кеткен. Солар салған сара соқпақпен жүрсек болғаны. Қазақ халқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өсиеті ерекше. Абайда ұлағатты ұғымдар бар емес пе? Осы дана жан неге асық болуды, неден қашық болуды қадап айтқан жоқ па? Олар казір де маңызы мен мағынасын жойған жоқ. Ежелгі тәрбиеден үлгі алатын болсақ, ерте заманда ұлдар кішкене кезінен-ақ үйге келген қонақтың атын ұстап, оған сырттан-ақ құрмет көрсететін.
Ер адамы жоқ үйге қонақ түспейтін. Бұл да – назарға алатын жәй. Қолға су кұюдың да тәрбиелік мәні бар. Үлкендер алғысын айтады, батасын береді.
Жалпы, баланың тәрбиелілігі оның адаммен амандасуынан танылады. Ата-ана осыған да назар аударуы тиіс. Оны ұсақ-түйек деп санауға болмайды.
Әке отбасында өзінің орнын біліп, өнегесін танытуы, балаға әрдайым үлгі болуы тиіс. Жасөспірімдердің арақка үйір болуы да – үйдегі үлкендерден көргені. Рас, мұның жиіркенішті екендігін түсініп, бойын аулақ салатындары да бар. Бірақ, қайткенде де, баланың көзінше арақ ішу, басқа да огаш қылықтар көрсету – жарасымсыз жай. Содан соң ұлына қалай «сен ішпе» деген сөзді айта алады? Бірақ, оның араласып жүрген қатарлары бар гой. Солардың ішінде кейбірі осындай жат әдетке үйір болуы ықтимал емес пе? Ал, одан өзгелері үйренуі мүмкін. Сондықтан, әрбір әке өз ұлына отансүйгіштік рухта тәрбие беруге ұмтылғаны жөн. Сонда олардың да балалары теріс әрекетке бармайды. Үлкеннің алдын кесіп өтпеу, айтқанын тыңдау, мұқтаж жанға жәрдемдесу, т.б. өнегелі істерімен танылған абзал.
Тілімізде сонымен қатар, ерге қатысты айтылатын мақал-мәтелдерді де бала тәрбиесіне пайдаланып отырса, оның да әсері болары анық. Оның дүниеге келуін, тәрбиесін, жас өспірім шағын, ересек кезін, еңбекке араласу, азаматтық шағын, қария, ата болған кезендерін мақалдар арқылы жеткізуге болады. Ерге қатысты ага-іні деген туыстық атау бар. Ол жас ерекшеліктеріне қарай аталады да, үлкеннің кішіге, кішінің үлкенге деген сыйластығын, қамқорлығын білдіреді: «Аға қорған, іні зордан», «ага адасса, іні із кесер», «Аға бастар, іні қоштар», «Ағасы бардың жағасы бар».
Жалпы қазақ халқы бірінші дүниеге ұл бала келсе, алғашқы ұл болса қ алы қуанған. Оган мол сенім артқан. Үл бала артымда қалар ізім, тұяғым деп білген. «Тай өссе ат тынығады, ұл өссе әке тынығады», «Ата өліп бала қалса мұратына жетеді, бала өліп ата қалса арманы іште кетеді», «Ұлыңның санасы болса, елдің ағасы болар».
Қазақта «қожасы жоқ үй – жетім» деген сөз бар. Ал, үйдің қожасы – еркек. Жастар санасында белсенділікті, қоғамға пайдалы іске жұмылуға тәрбиелеуге, оларды бойкүйездікке бой алдырмайтындай етіп тәрбиелеу. Кім қатарынан кем калғанды жақсы көреді? Асылы, балаға жұдырық ала жүгірмей, тәрбиенің тиімді тұсын пайдаланған абзал секілді.
Сонымен қатар, қазіргі кезде отбасымызбен отырып, теледидар көруден де қалып барамыз. Қатыгездікті, қылмысты насихаттайтын, үрей тудыратын, жарнама мен ақпараттардан арылмай келеміз. Зорлық-зомбылық, атыс-шабыс мультфильмдер, қаптап кетті. Қала берді компьютерлік ойындар, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпарат, ақпараттық және шығармашылық өнімдер көбеймесе азайган жок. Шетелдің арзанқол фильмдерін қыруар қаржы шығарып көрсеткенше, ұрпақ тәрбиесіне септігі тиер жақсы хабарларды таратса деген әрбір ата-ананың арман тілегі де осы. Жалпы, 40-50 жастан аталық ғұмыр басталады. Осы жасқа келгендер немере сүйіп, өзін ата сезінеді.
Міне, осы орайда отбасылық дастарханның мәні зор. Оның шетінде үлкендердің сөзіне құлақ қойып, немерелердің де отырғаны жөн. Бізде көбіне оларды қуып жатады. Сайып келгенде, дастархан – үш ұрпақтың кездесетін алаңы, алтын көпірі. Соны ұмытпаған жөн. Атасы бүгін немерелерін жетелеп жүрсе, ертең қартайғанда олар сол атасын жетелейді. Мынадай мысал әңгіме бар. Бір елде мейрамханада «Атасы үшін немересі төлейді» деген жазу бар екен. Содан бір адам тамақтанып болған соң шығып бара жатады. Мейрамхана қызметкерлері одан ақша төлеуді талап етеді. Сонда әлгі кісі «Мен үшін немерем төлемей ме?» дегенде, оган «Сіз атаңыз үшін төлейсіз» деп жауап беріпті.
Ал кейде немере түгілі баласының да әкесіне кұлақ аспайтын кездері болады. Себебі, «Бала кезімізден батырлар жырын жаттап өстік. Қазіргі балалар Алпамысты, Қобыландыны біле ме екен?» дегенде, «сіздер не көрдіңіздер қазір заман басқа» дейтін бала да бар. Одан әрі мектептің оқулықтарында да жок. Осыдан кейін кімді кінәларыңды білмейсің, қоғамды ма, әлде баланы ма?
Ел қорғайтын жастарымыздың арасында әскери міндетін өтеуден жалтаратындар да бар. Бұл жөнінде атақты Бауыржан Момышұлы «Ерлік – адамға туа біткен қасиет емес, дұрыс жүргізілген әскери тәрбиенің жемісі» деген екен. Демек, ұлдардың тәрбиесі осындай оқу орындарының табалдырығынан басталады.
Жасөспірімдерге жақсы тәрбие беруде оқу орындарының да өзіндік орны бар. Кешегі Ұлы Отан соғысына қатысқан ағаларымыз бен әкелеріміз ортақ ел үшін қан төкті. Міне, бізге осындай үлттық тәрбие керек. Сырым батыр қарадан шығып хан болды. Алғаш хан кеңесін кұрған да сол. Біз жастардың мысын баса береміз, оларға орынсыз тежеу саламыз. Бұл — үлкен қателік. Оларды еркіне жіберіп, батырлық рухта тәрбиелеу керек. Жасқаншақ емес, ерге лайық өр бо-луын қалау қажет.
Дәл қазіргідей ашық коғамда заман талабына сәйкес қоғамдагы ер азаматтар мен арулар әлемі гендерлік саяси көзқараспен қарасақ, теңескендей. Мәселе жыныстардың біреуінің күштілігінде, мықтылығында емес, олардың әртүрлігінде.
Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және оларды шыгармашылықпен қолдана алсақ, барлығымыз, әйелдер де, еркектер де бірдей дәрежеде бакыттырақ болар едік. Олай болса, әкелеріміз айбынды, аналарымыз ұлағатты, ұл-қыздарымыз өнегелі болып, зияткер ұлт қалыптасса – бұл отанымыздың өркениетті даму кепілі.

Отбасында баланы гендерлік әлеуметтендірудегі ата-ананың рөлі

Қазақстан егемендігінің алғашкы күнінен бастап-ақ мемлекеттік саясаттың бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде гендерлік мәселелерді көтерді, жылдан-жылға әлеуметтік-әкономикалық құрылым мен демократиялық институттардың жоғары сатыға көтерілуіне байланысты гендерлік мәселе күннен-күнге өзекті тақырыптардың бірі болып келеді.
Елбасының бастамасымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылды.
Бұл өте маңызды қадам болды және қазіргі кезде тиімді механизмдермен әлеуметтік мақұлдаудан өткен, гендерлік мәселелер жан-жақты зерттеліп, концептуалды негізделіп отыр.
Қоғамды дамытудың өтпелі кезеңінде дәстүрлі құндылықтар бірінші орынға шықты. Этникалық, конфессионалдық, отбасылық және гендерлік құндылықтар, қоғамда болып жатқан өзгерістерге қарамастан, тұрақты болып келеді. Осылайша отбасылық-гендерлік мәселелердің құндылықтары мен процесіне деген ғылыми қызығушылық күннен-күнге артып, қазіргі қоғамда оның таралуы занды және маңызды болуда.
Отбасы, әдетте индивидтің алғаш әлеуметтену институты ретінде қарастырылады. Қазіргі кездегі отбасы – жаңа әлеуметтік-әкономикалық жагдайда өмір сүріп жатқан динамикалық топ бола отырып бір жағынан гендерлік таптаурындарды сақтау мен жалгастықты қамтамасыз етсе, екінші жағынан ол барлық жаңашылдыққа түрткі болады, сонымен қатар отбасындағы ер адам мен әйелдің қазіргі кездегі орны мен рөлі туралы жаңа түсініктер қалыптастырады.
Сондықтан да қазіргі отбасындағы жұбайлық, ата-аналық рөлдер заман талабына байланысты қарқынды өзгеруде. Дей тұрғанмен, бүгінгі уақыт талабына сәйкес гендерлік әлеуметтену өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Адамның гендерлік әлеуметтенуі оның бүкіл өміріне созылады және әр түрлі әлеуметтік топтарда (әлеуметтену институттарында) жүзеге асады. Сол топтардың маңыздыларының бірі – отбасы болып табылады. Бала тұлғасының қалыптасуын отбасының тип, құрамы, құрылымы, бала туылуының реті, ата-аналардың кәсіби рөлдері, жұбайлық және ата-ана мен баланың қарым-қатынас сипаты әсер етеді.
Отбасындағы гендерлік әлеумет-тенудің маңызды агенттері – ата-ананың жеке және гендерлік сипаттары, сонымен қатар жынысына сәйкестілігі мен рөлдік модельдері, туылған бала жынысы, сол жыныстағы баласының қандай болу керектігі туралы ата-ана түсінігі. Ал, енді, ата-ананың баланың психологиялық жынысының қалыптасуына тигізетін әсеріне егжей-тегжейлі зерттеу жүргізейік.
Психологтар бұл жерде ата-ананың бала жынысының қалыптасуына тура және тікелей қатысы барын анықтап алды. Ата-ананың бала жынысына деген қатынасы ол жарық дүниеге келмей тұрғаннан басталады. Ата- ана болашақ туылатын баласының жынысын анықтауға тырысып, оған қатысты көптеген жоспарлар құрады, оған ат таңдайды. болашақта туылатын баланың бейнесін көз алдына елестетеді.
Бала туды. Баланың ата-анасына дүниеге ұл немесе кыз келгенін айтады. Одан әрі баланың отбасында әлеуметтену процесі жүзеге асады. Баланы тәрбиелегенде, ата-ана өзінің ер адам қандай болу керек, кандай болу керек деген түсініктеріне сүйенеді. Бұл түсінік көп адамдарда өте ұқсас.
Яғни, ол – гендерлік таптаурындардан тұрады: кімнің рөлі жоғары және т.б. Американдық зерттеуші Р. Хартли баланың гендерлік рөлін әке немесе анасы төмендегідей негізгі әдістермен калыптастыра алатынын атап өткен:
— белгілі тәсілдер арқылы гендерлік әлеуметтендіру;
— вербальды апелляция;
— бала назарын белгілі объектілерге аударту;
— демонстрация, іс-әрекетпен көр-сету.
Белгілі тәсілдер арқылы гендерлік әлеуметтендіру дегеніміз – ата-ананың баласының сыртқы кимыл-қозғалысына шамадан тыс қам жеуі. Мысалы, әкенің үнемі баласының келбеті мен күшін дәріптеуі.
Вербальды апелляция – бірінші әдісті толықтырады. Әкесі үлының күшін, ептілігін, ер жігіттік қабілетін, өзін ренжіткендерге есесін қайгара алатындығын дәріптеуі, бірак ба-ласының интеллектуалды қабілетін қаншалықты екенін ескермеуі.
Бала назарын белгілі объектілерге аударту, яғни отбасындағы гендерлік таптаурындардың қалыптасуы. Мысалы, ұл балаға конструктор, әр түрлі машиналарды алып беру, ал үй тірлігіне қатысты ойыншықтардың болмауы.
Демонстрация (іс-әрекетпен көрсе-ту) – бұл топта бала үйіндегі әкесіне қарап өседі. Мысалы, әкесі үйде үй жұмысымен айналысса, баладан да соны күтуге болады.
Баланың әлеуметтенуі әлеуметтік ортада белсенділік көрсетуі жан-жақты процестерді қабылдауынан көрінеді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, баланың әлеуметтенуінің бір аспектісі деп жыныстық рөлдерді меңгеру процесі ретінде индивидтердің жыныстық ерекшелігі өздерінің мінез-құлықтарымен жыныстарының сәйкестігіне күмәндануын (яғни баланың 2-3 жасынан бастап киім киісін, мінез-қүлқын өз жынысына сәйкес қалыптасуын) қарастырамыз.
Рөл дегеніміз ол, адамның толық мінез-құлқын анықтамайды, бұл рөлді әрбір адамның қалай қабылдап, қалай орындайтындығына байланысты екен-дігі маңызды.
Жыныстық рөлдерді меңгеру процесі – жынысқа байланысты әлеуметтенудегі рөлдер процесінің құрамдық бөлімі, қарым-қатынас пен әлеуметтік байланыс жасау жүйесінде индивидтердің жағдайы жыныстық рөльдер позициясына айналуы керек. Бұл процесс белгілі болғандай, әлеуметтік тәжірибені индивидтің меңгеруі ғана емес, сонымен бірге бағыттары мен құндылықтарын, жеке қызығушылықтарының белсен-ділікпен бірігуіне алып келеді. Бұл деген, адам тек өзінің мінез-құлқын әлеуметтік нормалармен талаптарын біріктіріп қана қоймай, сонымен бірге, өзінің «Менің» құрайтын рөлді қабылдайды.
Жынысқа байланысты әлеуметтену процесін суреттеу негізінде талдау арқылы жыныстык рөлдерді меңгеру процесін үш сызықтық өлшемге бөле отырып (немесе даму зоналары), жыныстық рөлдер сәйкестігі жүйесінің құрылымдық элементтерін, қалыптасуы мен пайда болу сипаттарын, жыныстық ерекшелігін, жынысқа байланысты рөлдік стереотиптің өңделуін, жыныстық өзгерістің пайда болу жағдайы мен объектісін тандау арқылы сипатталынады. Бұл сызықтық өлшемдердің пайда болу уақыттары сәйкес келмеуі мүмкін, өйткені олардың мазмұны жыныстық әлеуметтенудегі рөлдердің орындалу кезендері өзгеріссіз қалмайды, ол әрқашан толығып, жан-жақты қалыптасып отырады.
Жыныстық рөлдердің сәйкестік ерекшелігінің пайда болуының лсихологиялық механизмін түсін-діруші теориялар қатары қалыптасты.
Соның бірі – сәйкестендіру теориясы – психологиялық талдау негізінде дамыған теория. Бұл теорияға келісуге болады, өйткені жыныстық рөлдерді қабылдау – бұл ішкі, терең процесс, ата-аналарының ерекшелігіне бағыттала отырып, жүзеге асады.
Басында екі жыныстың да балалары анасымен біртұтас ерекшеленеді, өйткені анасы – баласын қоршаған дүниеден ерекше деңгейде махаббатымен, күшімен корғайды. Қыздарда бұл ерекшелік сақталады. Ал, үл балалар өзінің ерте анага деген, жыныстық рөлін өзгертуге тиісті. Әкесі балаларға үлкен мәртебе мен күш иесі ретінде қабылданады, сонымен бірге әйелдерде де ер адамның басымдылығы сезіледі.
Жыныстық рөлдердің дамуынын тағы бір теориясы – жыныстык типтер теориясы. Әлеуметтік зерттеу теориясына бағытталған жеке тұлғаның даму концепциясында психологиядағы мінез-құлық ерекшеліктерін талдау негізінде көрсетеді. Бұл дәстүрлі зерттеу теориясының жиынтығын көрсетеді (жыныстық рөлге сәйкес мінез-кұлықты ынталандыратын, ал сәйкес келмейтінін – жазалау) және зерттеу теориясын бақылау арқылы жүзеге асырады. Бақылау арқылы балалар еліктеуге, әрекеттерін ойластыруға, үлкендерді үлгі тұтып, ұқсауға ұмтылады. Еліктеу мынандай жағдайларда жүзеге асады: біреулер оны ұқсас болу ретінде қабылдайды, біреулер күшті болу деп, ал кейбіреулері достық, қамқорлык жасау деп кабылдайды. Еліктеудің түрлері шексіз көп және олардың әрқайсысының екі жынысқа да қатыстылары бар.
Сондықтан да балалар әр түрлі маскулиндік немесе феминдік мінез-қүлықтар репертуарларының ішінен тандап алады. Бірақ, әдетте, баланың таңдауы көп жағдайда биологиялық жынысына сәйкес болады.
Үшінші теория, жыныска байланысты рөлдік әлеуметтену – өзіндік категорияландыру, когнитивті-гене-тикалық теорияға негізделген. Бұл теория аталған процестің жағымды жақтарын көрсетеді: бала басында жыныстық ерекшелікті елесте отырып қабылдайды, яғни ер адам мен адам болудың не екенін білу, қалай ұл немесе қыз болу керек екендігін өзінше анықтайды, ал содан соң өзінің мінез-құлқын осындай анықталған өлшемге сай сәйкестендіруге ұмтылады.
Тілдік теорияға сәйкес, бала өзіне бағытталған ақпаратты қабылдай отырып, оның жыныстық ерекшелігінің индикаторын сәйкестендіру үшін ерекше образды тандауына әсер етеді.
Жыныстың әр түрлілігі негізінде жыныстық үлгі ұстанымына феминдік және маскулиндік анықтамаға сәйкес баланың күнделікті мәдениеттілікке қатысты кейбір ақпарат ұйымдастыруға жалпы дайындығы жатады.
Бұл теориялар бәсекелестікте емес, бірін-бірі өзара толықтырушы қатынаста, өйткені олар әр жынысқа қатысты әлеуметтенудің түрлі процестерін әр жақты қарастырады.
Қоршаған ортаның әлеуметтік шындықтары балаға әсер етуі, оның өзін-өзі анықтаудағы белсенділігін оятуы әлеуметтендіру теориясының бір тармағы ретінде қарастырылады. Демек бала көз алдындағы әлемді шындықпен қатар жалпы мінездегі «рөлдік бейнелерді» ертегілер арқылы танып, біліп нақты әлеммен өзара әрекетті байланыстыра біледі.
Рөлдердің қалыптасу динамикасын қысқаша қарастырып өтсек. Әлеуметтенудегі жынысқа қатысты әлеуметтік рөлдерді қалыптасу үдерісі баланың өмір тіршілігінің барлық жақтарын толықтай қамтамасыз ете алмайды, осыған сәйкес жеке тұлганың жалпы дамуымен барлық уақытта сәйкес келе бермейді.
Жыныс – баланың тұлғалық дара-лығын қалыптастырып, танытатын категория. Ес білгеннен соң ол өзін басқа адамдар әлемінен бөлмей тұрып, сонымен қатар «Мен» деп өзін атамай тұрып, өзінің ұл немесе қыз екендігін біледі. Өзін басқа балалармен салыстыра отырып, өзінің әлеуметтік рөлін, қызметін үлкендердің түсіндіруімен ұғына бастайды. Мысалы, ер бала – шалбар, ал қыз бала – көйлек киетіндігі, ұл бала машинамен, ал кыз бала қуыршақпен ойнайтындығын біледі.
Бала өзінің енді ғана тілі шығып, сөздік корында «Мен» сөзінің пайда болу уақытына сәйкес өзінің қандай жыныс өкілі екендігін біледі, адамдармен қарым-қатынас жасау барысында кімнің-кім екендігін айырады, үл мен қыздың мінез-құлықтарының әртүрлілігін, сонымен қатар ойын ойнағанда, қандайда бір іс-кимыл жасағанда оларға әр түрлі талаптар қойылатынын түсіне бастайды.
Сонымен мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жыныстық ерекшелігінің қалыптасу динамикасына байланысты үш кезенді бөлуге болады: номинативті жыныс – бала өзінің жынысын атай алады, бірақ неліктен бұлай екенін түсіндіре алмайды, өйткені бала жыныстық айырмашылықтың болуын киім кию үлгісіне, ойын түрлеріне, көп жағдайларда сыртқы белгілеріне қарап біледі.
Бала өздерінің қалауы бойынша әр түрлі ойындарды тандай алады, түрлі қызығушылыққа, мінез-кұлық стиліне бейімделеді. Жыныстық ерекшелікке байланысты қалыптасып қалған әдет, мінез-құлық жүйесінің принциптері алдағы уақытта да сол қалпында жүзеге асады. Сондықтан, 5-6 жастан кейін жынысқа қатысты рөлдік мінез-құлық түрлерін қалыптасқан жүйеден өзгерту қиынға соғады.
7 жастан бастап баланың жынысқа қатысты екінші рөлдік кезеңге өтуі басталып, сонымен катар әр жынысқа қатысты мінез-құлық, іс-әрекеттері өзгереді. Ер балалардың ойындарынан көбіне әдебиеттегі әскери және шытырман оқиғалардағы өздері жақсы көретін батыр кейіпкерлерге бейімделетіндері байқалады. Ұл балалар есейген сайын ер кісілерге тән іс-әрекеттерді істеуге және мінез құлық көрсетуге ұмтылады.
Ал қыз балалар әдебиеттегі және шын өмірдегі «жігіттерді» салыстырып, өнер адамдарына ғашық болып, олардың суреттерін жинай бастайды, сонымен қатар «әйелдердің» жұмысына яғни ас мәзіріне қатысты жұмыстарға араласады.
Ұл бала үшін де, қыз бала үшін де жынысқа байланысты бөлінушілік – өз жынысына қатысты рөлді атқаруда, қарым-қатынас жүйесінде өзін-өзі анықтауда маңызды. Сондай-ақ қарама-қарсы жынысқа деген қызығушылығы туындап, олардың бір-біріне деген ерекше құрмет көрсетулері байқалады.
Жыныстық жетілу барысында бір-бірін ұнату сезімі көрінеді. Ұл бала өз қатарластарына байқатпай, қыздың өзіне көңіл аударуын және басқа қыздардың ішінен бөліп, ерекше көретіндігін қызға білдіреді. Ал қыз бала өз қатарластарына байқатпай, бұл жағдайды түсінуі керек.
Бұл ішкі қарама-қарсы міндеттер сыртқы агрессивті (ұл бала) жүйе арқылы және қорғалушы (қыз бала) әрекетімен шешіледі.
11-12 жастағы бала өз жынысынан ересектерге еліктеп, олармен жақын байланысқа түсуге ұмтылады. Ал өз қатарластарының ортасында бұл жастағы балалар ер мен әйелдің мінез-құлық таптаурындарын өз бойларынан көрсетуге тырысады.
Жасөспірімдік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының калыптасуындагы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның ара-сындағы бұрынғы қатынас бұзылады.
Жасөспірімнің жеке басындагы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді мен бала емеспін дейтін түсінік пайда болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды және ересек болуға, сонымен қатар өзіне ортаның осылай деп карауына ұмтылады. «Ересектік сезімі» деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жасөспірімнің өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектік сезімі әлі қалыптаспаған.
Сонымен гендерлік әлеуметтену қоғамның жалпы әлеуметтік-мәдени құрылымның құрамдас бір бөлігі ретінде әлеуметтану ғылымында ең аз зерттелген тың тақырыптардың бірі.
Қоғамымызда қалыптасқан дәстүрлі отбасы индивидттің ал-ғашқы әлеуметтену институты ретінде қарастырыла отырып, жаңа әлеуметтік-әкономикалық жағдайда өмір сүріп жатқан отбасы жыныстар арасындағы гендерлік таптаурындарды сақтайтын, құнды бағыт-бағдар беретін қажеттілік пен өмірлік жоспарлар негізінде құрылған динамикалық топ. Сондықтан да бүгінгі таңда отбасында еркек пен әйелдің рөлдері мен алатын орны туралы жаңа түсініктер қалыптасты.
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Гендер мәселесін зерделеудегі түйткілдердің
кейбір заманауи тұстары

Гендерлік мәселе қазіргі заманғы руханияттық ойтолғаныстар мен күнделікті тұрмыс кешудің көпжақты қырларына байланысты туындаған қоғамдық-саяси, рухани-мәдени, экономикалық-әлеуметтік саланы тұ-
тастай қамтитын, жалпы ал-ғанда, антропологиялық тұрпатты ізденістер мен түйткілдердің шынайы өмірмәнділік көрінісі болып табылады. Осыған орай, ол өзінің проблемалық алаңы бойынша ғылыми, әрі тұрмыстық, әрі саяси мәні бар шешімін табуға ұмтылатын және нәтижесін талап ететін сұраныстар аясынан табылып отырады. Олай болса, гендерлік мәселе, жалпы алғанда, бір кырынан, адамзатты сан ғасырлар бойы толғандырып келе жатқан күрделі метафизикалық сипатты, екінші бір қырынан алғанда, нактылық пен шешімді, тәжірибе мен істі талап ететін таза эмпирика.
Ер мен әйел қатынасының теңдігі соңғы жылдары ғана ғылыми-көпшіліктің аренасына шыға-рылғанмен, ол ресми емес түрде талқыланған көп жылдық тарихтың куәсі болып есептеледі.
XX ғасырдың аяғынан бастап, бұл теориялық-практикалық дәрежеде сарапталатын тиянақты ұстанымға өтті.
Осыған орай, жалпыадамзаттық және жекелей ұлттық-мемлекеттік деңгейде таразыланатын басты түйткіл ретінде тұрмыстық-мәдени, ғылыми-теориялық қоғамдык сананы камтып келе жатыргандықтан, еліміз де аталған мәселеден тыс қалмай, әлемдік өркениеттену-жаһандану жағдайында өзінің ұстанымдары мен ұстындарын паш етті. Осыған байланысты, отандық ғылыми дискурста бұл соңғы уақыттарда белең алған маңызды түйткілдердің бірі болып орнығып келеді.
Ер мен әйел арасындағы қатынас пен оның теңдігі гуманистік тұрпатты болып келетіндіктен, ол өзінің қарышты ауқымын кеңірек жайып келе жатқан және біршама тартысты болып құрылған шынайы өмірмәнділік құбылыс, әрі теориялық талдаудың кең алаңы. Оны іс-тәжірибеде қолдану үшін әрі қарай зерделеу мен пайымдау, мәселеге тереңірек бойлай ену, біздіңше, бүгінгі таңда мынадай өзекті мәселелерді туғызып келеді.
1. Қоғамдық пікір гендерлік катынастарды таразылау барысында, шындап келгенде, мәселеге ойысу мен талқылау аясында да жыныстык ерекшелік бойынша екіге ажыраған. Көп жағдайда, мәселені талқылап отырған жыныс өкілі басымдыкты өзінің жагына карай бейсаналы-саналы түрде бұрмалаута тырысады және сезімдік тұргыны үнемі араластырып жіберіп отырады. Сондықтан бұл мәселені таразылау мен зерделеудегі ең басты ұстаным – объективтілік.
Бұл бір қарағанда, барлық ғылымға ортақ және өзінен-өзі түсінікті болып келетін жалпылама парадигма. Бірақ мәселе, соны жүзеге асыруда, субьективтіліктің пайда болуы мен іске асып кетуінің өзі – табиғи-биологиялық және бейсаналы-саналы ырықпен шартталып кетеді. Сондықтан, бүгінгі тандағы көп жағдайдағы, теориялық сана, үлкендер және жастар арасында өзіндік бір үйлесімді сұхбаттастықтың жоқтығы, алшақтығы бұл мәселеде өте айқын аңғарылады. Олай болса, қоғамдық бұқаралық пікір мен жастардың көзқарастары да гендерлік мәселелелерді шешуде негізгі тетіктердің бірі болуы тиіс.

Отбасындағы дәстүр мен жаңашылдықтың
жаһандану жағдайындағы мәселелері

 

Отбасы – қоғамның ядросы, ең шағын үлгісі, бастапқы қарапайым образы деген сияқты анықтамалардың әрқайсысы дұрыс. Олар нақтылы бір тұрғыдан алғанда, зерттеу мақсаттарына сәйкес қаралады. Біздің жұмысымызда отбасы өткен мен келешектің арасын жалғастыратын реалды орта есебінде қаралады.
Отбасының ресми құрылымы заңдық нормалар аркылы анықталады. Ондай зандардың қатарына казақ-тардың байырғы Жеті жарғысын да жатқызуға болады. Сол арқылы ертедегі қазақтардың отбасылық қатынастарының басты параметрлерін анықтау қиын емес. Алайда ертеде де, казіргі кезде де отбасылық қарым-қатынастар кезіндегі зандық нормаларға енбеген мәселелер аз емес. Олар сенімдік дүниетанымның негізінде анықталатын жақтары. Ондай жақтарға адамдардың «жалпы адам», «еркек», «әйел», олардың пайда болуы, олардың ара қатынастарындағы нормалар мен құндылықтар және т.б. жатады. Олар әдетте зандық нормаларға жазыла бермейді. Олар сол кездерде өмір сүрген адамдардың санасында ортақ, барлық адамдарға түсінікті болғандықтан ерекше түрде есте сақтала бермейді. Ал ондаған, жүздеген жылдар өткен кезде ондай құндылықтар, нормалар және олар туралы түсініктер өзгереді. Сол кездерде, ертедегі әлеуметтік факторлар кейінгі ұрпақтардың ырым-жоралғылық нормаларына, ділдік тартымдылыққа немесе жатырқауға бейімделеді. Осы бір жақындау мен қашықтаудың аралары мен бағыттайтын факторларға нақтылы бір жер мен кезеңдегі отбасылық тіршітікке әсер ететін немесе етпейтін себептермен байланысты. Байырғы, ғарыштық қарым-қатынастар, факторлар туралы ой киялдан басқа нұсқада сөз болуы мүмкін емес кездерде, яғни нақтылы бір әтникалық ортада бір ұлт (әтнос) өкілінің өзге ұлт тұрғындарына, олардың отбасылық қарым-қатынастарына белгілі бір ықпал етуі мүмкін емес еді.
Қазіргі жаһандану жағдаятты туындатқан факторлардың барлы-ғынын тарихи бастауын берген нәрсе ғылыми жетістіктер екені белгілі. Сол арқылы құрлық пен құрлық арасындағы қарым-қатынастар қалып-
тасты. Құрлықтардағы жаңа жерлердегі кен байлықтарын, табиғат ресурстарын жаппай өндірістерге қосу, оларды байлық көздеріне айналдыру, бір жагынан, ғылыми-техникалық өрлеудін практикалық даму негізіне айналса, екінші жағынан, әлемдік қарым-катынастардың тездеуін, тығыздалуын күшейтті.
Озық, өркениетті деген елдердегі қоғамдық қатынастар бұрын мемлекеттік құрылымы болмаған немесе өзгеше болған елдерге қарулы күштер, арнайы заңнамалық жүйелер, білімдендіру мен техникаландыру сияқты іс-әрекеттер арқылы енгізілді. Жергілікті жерлерде жүздеген, мықдаған жылдар бойына қалыптасқан және сақталған бұрынғы салт-дәстүрлер де жаңа қоғамдық-мемлекеттік катынастардың ықпалына ыңғайланады.
Бұл үдерістің ең басты көзі жергілікті халықтың шет елдерден әкелініп өндірістер арқылы, сауда-саттықтармен енгізілген нәрселер болды. Яғни жергілікті халық сол өндірістерде жұмыс істеуі үшін, басқа да жаңашыл іс-әрекеттерге араласуы үшін ең кем дегенде кәсіпке қажетті жаңа білімдерді меңгеруі қажет болды. Ондай жаңалықтарға кәрілер мен ересектер, білім алу қабілеті қатайып кеткендіктен, көп араласа алмаса, сол тұрғыдандардың жастары, білім алу қабілеттері ең бейім кездерінде, жаңалықтарды игеруге қажетті білімдер мен машықтықты тез меңгереді.
Солардың нәтижесінде жастар, өз елінің қарттарымен салыстырғанда шет елдерден енген өндірістік, басқарушылық, мәдениет сияқты жаңалықтарды үйреніп, соларға тез араласады. Сонымен қоғамдық басқару-атқару істері мен өндірістік-әкономикалык қатынастар арқылы жастар мен қарттар арасында үлкен алшактық туындайды. Бұл келтірілген тарихи-саяси, өндірістік-әкономикалык қатынастарға байланысты ұрпақтар арасындағы айырмашылықтар көп жағынан белгілі нәрселер. Бірақ біздің тақырып тұрғысынан оларды еске алып отырған өз себептеріміз бар.
Біріншіден, кай ұрпақ болса да күнделікті тіршілік камымен қоғамдық қарым-қатынастарда әр түрлі жағ-дайларда болса да отбасы арқылы табысады. Ересек адамдар өмірінің әр тәуліктегі уақытының үштен бірі (орташа 8 сағат немесе онан да көп уақыт) отбасынан сыртта, ал үштен екісі отбасында өтеді (соңғының да жартысындайы ұйықтап-тынығуға кетеді). Бұл айтылғандар тек уақыт тұрғысынан алынған нәрселер. Бұларды нақтылап зерттеу мен талдаулар әлеуметтанулық ғылымнын аса маңызды бір жақтарын (уақыт қоры, балансы, фонды) құрайды. Сол уақыт қорының қандай бөліктері қандай тұрғылыкты жерлерде, қандай ұрпақтар арасында, қандай мақсаттарға пайдалануын дәстүрлілік пен жаңашылдық тұрғыларынан талдауға болады.
Екіншіден, осы уақыт аралық-тарында өтетін қарым-катынастардың, әлеуметтік байланыстарды мазмұн тұрғысынан алар болсақ, онда біздің тақырыптың тұрғысынан ашылатын жаңа бір тереңдік бар – ол жаңалықтар тұрғысынан өзгерістерге ұшыраған уакыт құрылымының отбасының мақсат-мүдделерімен, солардың ішінде дәстүрлілікпен байланысты жақтарын талдау. Осы тұргыдан алғанда, бұрын белгілі бір салт-дәстүрлік жоралғыларды, іс-әрекеттерді даярлауға, атқаруға ұзақ уақыт қажет болған болса, жаңа жағдайларда ол уақыт тез қысқарады. Соған сәйкес сол уақыт кездеріндегі адамнын салт-дәстүрлік рәсімдерді жайбарақат сезіну, сол сезімге берілу арқылы тиянақтылығы сақталатын, ділдік маңыздылығы құнды болып табылатын негіздер өзгерістерге ұшырайды. Яғни ділдік көңіл-күйге берілу уақытының қысқаруы сол әрекеттердің құндылығын азайтады.
Үшіншіден, егер жастардың сана құрылымы жаңа білімдер арқылы қалыптасатын болса және олардың өмір мақсаттары сол білімі мен ата-аналарында болмаған жаңа мамандықтар арқылы орындалатын болса, онда үлкендердің өмір мақсатын салт-дәстүрлердегі күтілімдер арқылы орындалуы мүмкін деген сенімдердің де күші азаяды. Жаңа білім мен жаңа мамандық және солардан келетін реалды нәтижелер дәстүрлілік тұрғысынан жасалатын ырым-жоралғылар арқылы (садақа, құрбандык сияқты) күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады деген сенімнің маңыздылығын әлсіретеді. Яғни бұрын белгілі бір адамнан тыс қастерлі құдірет күштері арқылы келеді, жүзеге асады деген максат ниеттердің орындалуы ендігі жерде білім мен техниканың, мамандық пен кызмет аркылы жүзеге асады. Жоғарыда айтылғандай жағдайларда, отбасының әр түрлі ұрпақтардан тұратындығы аса маңызды рөл атқарады. Яғни аталар мен әжелердің немерелерін жас күнінен тәрбиелеуге араласуы, олардың өз әке-шешелері жұмыста болған кездерде жас балаларға рухани тәрбие беру үлкендердің үлесіне тиеді.
Осы бір жағдаятқа байланысты қазіргі кездерде өте әр түрлі түсініктер бар. Ата-әжелердің жас балаларды тәрбиелеуге тигізетін ықпапы әлі күнге нақтылы зерттеле қоймаған. Оның орнына мектепке дейінгі балаларды бағу мен тәрбиелеу (бөбек-бақша, бала-бақша) ұжымдарының педагогикалық, психологиялық мәселелері аса тиянақты зерттелген. Солардың негізінде тәрбиелеу мен білімдендірудің нақтылы дидактикалық және әдістемелік мәселелері жүйелі, тиімді және беделді жолдармен, құралдармен, ұйымдастырушылық орталықтармен жасалған, жолға қойылған және бекітілген. Олармен салыстырғанда ата-әжелердің немерелерін бағып-қағуы, тәрбиелеуі туралы зерттеулер былай тұрсын, дұрыс және сабырлылықпен айтылған пікірлерді кездестіру, біздіңше, аса қиын. Себебі, мұндай жағдайлар, бір жағынан, табиғи-стихиялы нәрселер деп қаралса, екінші жағынан, жалпы табиғат туралы ғылыми-білім мен техникалық-технологиялық іс-әрекеттердің айқын басымдылықтары жағынан алынғанда және білім беру мен тәрбиелеудің де ғылымға негізделген жүйелерімен салыстырганда, ата-әжелердің тәрбиелеу істері білімсіздіктің негізіне сәйкес (сондықтан дұрыс емес, қателік деген сияқты мағыналарда) каралады. Бұл айтылған жағдаятта адамның мінез- құлықтарының білімдік және ділдік бастауларының байланыстылығы, сәйкестігі, айырмашылықтары, қала берді, қарсылықтары мен қайшылықтары тұрғыларынан қалып-тасатындыгы әлі күнге талданып-түсінілмеген. Бұл мәселе де қазіргі отбасы әлеуметтануының осы кезге дейін дұрыс жолға қойылмаған зерттеулік мәселелері.
Соңғы айтылған мәселелерге байланысты мынандай бір ойды ортага салуга болады. Егер осы кезге дейін педагогика, психология сияқты ғылымдар жас балаларды тәрбиелеу мен оларды білімдендірудің жаңа тео-риялары мен әдіснамаларын мұқият талдаған. Олардың басты тіректері рационалдык пен қисындылық, яғни адам санасының білімділігі болып табылады.
Ал адам ойының, рухани табиғатының ділдік тіркестерге қалай сүйенетіндігі, сол ділдік деңгейде қандай тәлім-тәрбиелер болуы мүмкін екендігі туралы мәселелер ғылым тұрғысынан қазірге дейін айқындалмаған мәселелер. Ал ата-әжелердің немерелерін тәрбиелеу кезіндегі тәрбиелік ыкпалдары негізінен ғылыми білімнен көрі ділдік көңіл-күй, сенімдік түсінік, салт-дәстүрлік ырым-жоралғылардың сөзсіз жоғары құндылықтарына байланысты жүзеге асады. Мұндайда ол ата-әжелердін сол нәрселерді арнайы жасап, орындауларынан да соларды атқару кездеріндегі бет-бейнелері, тиянақты көңіл-күйлері, мінез-құлықтары, сабырлылықтары, жүріс-тұрыстары жас балаларға терең әсер етеді. Ондай нәрселерді жас балалардың өз әкесі мен шешелерінің таң атысымен жұмысына жүгіру, жұмыстан үйге шаршап оралу, от басында жұмыстағы мәселелерді сөз етулері сияқты, адамның, әсіресе жас балалардың ділдік дүниелерінен тыс, қашық жағдайлары балаларға тиімді тәрбие бермейді.
Немесе әке-шешелерінің шексіз-шетсіз, күнделікті тіршілік арбасының дөңгеленген доңғалағының соқпақсыз жолдағы аудармалы-теңселмелі, талас-тартысты, бір күн қуаныш, бір күн күйзеліс, үшінші бір күн сілкініс сияқты жағдаяттары балалардың өмір туралы түсініктерін шым-шытырық, яғни тиянақты ділдік негізі жоқ түрінде қалыптастырады. Дұрысы олардың ділі шытырман көңіл-күйлердің жеңіл және тез өзгеру күйінде болады.
Бұл келешек азаматтың адами табиғатын тиянақты ете алмайды. Ол негіздер тамырлары таяз, көңіл-күйлері тіршіліктің ызғарына төзбей тез қурайтын, екпінді желіне шыдамай тамырынан оңай жұлынатын «қаңбақтық мінез-кұлыққа» айналады. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбиенің педагогикалық-психологиялық негіздерде құрылған дидактикалары мен әдістемелері адамның рухани дүниесінің ділдік тамырларын тереңдетіп нығайта алмайды. Олардың әсері ата-әжелердің мінез-құлықтарының көрнекі, шапа-ғатты-мейірлі көз жанарлары мен емірене-иіскеу мен құшақта тербету кезінде балаға берілетін ішкі дүниенің көңіл қуаты, дүниеге деген сенімдік тұрақтылығын дамытудың «дәстүрлік дидактикалары мен әдістемелеріне» тең келе алмайды. Мұндай ата-әже-отбасы дидактикасы (халық педагогикасының күре тамырлары) жас балалардың саналары ғылыми танымның білімдік-технологиялық, техникалық престері әлі іске қосылмай тұрған кезде баланың қалыптасып қалған мінез-құлықтарының тамырларын өрбітіп үлгіреді.
Осы тұста, ата-әжелері жоқ жас отбасыларда өсетін жас ұрпақтың ділдік дүниесінің жаңашылыққа қан-
шалықты жақын болса, дәс-түрліліктен соншалықты қашық болып тәрбиелетіндігін отбасы әлеу-меттануының арнайы бағыты болуы қажет екенін айтпақпыз.
Отбасындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықтың ара қатынастарын тереңнен жақындататын және тақырыпты сол тұрғыдан жаңаша түсінуге мүмкіндік беретін терең бір
философиялық мәселе бар. Ол «нағыз зат (нәрсе)» деген мәселеге байланысты қаралуы мүмкін. Нағыз адамзатқа тән мәселелер: жалпы әлемнің негізі неден басталады?, адам әлемі қалай пайда болды?, адамның тіршілігі ақырында бұл материалдық дүниеден неге өтеді?, адам өлген соң не болады? деген сияқты ең түбегейлі мәселелер арқылы анықталады.
Бұл мәселе-сұрақтар адамзат пайда болғаннан бергі жерде адам санасының болмысын анықтап келеді. Солар салт-дәстүрлердің, ырым-жоралғылардың, рәміз-рәсімдердің ең құнды бастаулары мен негіздері болып табылады. Солар қазіргі жаһандану жағдайында да, тұтыну заттарына құныққан, заттардыпайдаланудан өзгені өмірдің мәнімен байланыстыру азайған дәуірде де ерекше мән-мағынаған ие болуда. Ол сол затизмдік-тұтынушылықтың шексіздікке ұмтылуы мен соларды қанағаттандыруға қажетті ресурстар жер бетінде шектеулі екендігінен туындайды. Бұл мәселелер қазіргі кезде жеке адамнан гөрі жалпы адамзаттың алдында туындап отырған мәселелер.
Бұл мәселелердің жалпы мағынасы әлемге әйгілі шекспирлік-гамлеттік «Болу немесе болмау» деген дилеммалық мәселеге келіп тіреледі. Осы тұста біз мақаланың басында келтірілген «отбасы – отанның ядросы, ең шағын үлгісі, бастапқы қарапайым образы» деген анықтамаларды біз жоғарыда талданған дәстүрліліктің білімдік/ділдік, адамзат тіршілігінің шексіздік/шектілік тұрғыларынан қарастыру отбасының қазіргі жаһандау мәселелерімен байланысты қарастырудың бір астары, платформасы, тіпті бастауы және түп мақсаты болып табылады.
Қазіргі жаһанданудың жаңашыл-дығы негізінен сана деңгейінде адамзатқа затизм тойымсыздығына қаншалық ынталы, тіпті соны мақсат етуші болса, дәстүрлілік адамды соншалықты қанағатшыл, табиғатты қорғаушы болуға үйретеді, соларды ділдік деңгейде қалыптастыруды мұрат тұтады.
Бұл екі бағытты нығайтатын негіздер мынада. Затизмдік рух әдетте руханияттылык дегенді адамның білгені мен тұтынған заттары тұрғысынан бағалайды. Ал дәстүрлілік руханияттылықка діл-дік рух деңгейінде сенеді, соны қастерлейді. Тұтыну бағалаумен мөлшерленеді, сену қатерлеумен нығайтылады. Мөлшерліктің басы мен аяғы бар. Сенімде шек жок. Бағалау – бәсекелестіктің көзі, қастерлеу – ынтымақтастықтың өзі. Отбасы әлеуметтануы соңғы айтылған мәселелерді қоғамдық қатынастардын жүйесі, әлеуметтік байланыстардың нормалары мен құндылықтары және жеке пенденің азаматтану, тұлғалану үдерістері тұрғыларынан зерттеп, солардың нәтижелерін қазіргі жаһанданудың ауыр, тіпті түзету мүмкіндігіне ауытқып кету кауіптерінен сақтауға бағытталуы керек. Сонда біздің тақырыптың казіргі бастамалары келешек зерттеу салаларының негіздеріне айналу мүмкіндіктері бар.

Дәстүршілдік пен жаңашылдық ұстанымын қазақ отбасында қолданудың ерекшеліктері

Қазіргі әлемдік руханияттық даму мен гендерлік саясат қоғамдағы және жанұядағы, саясаттағы және тұрмыстагы әйелдің орны мен мәртебесі туралы мәселеге келіп ойысатын сатыны бастан өткізіп отыр. Егер де, осы беталыспен қоғамда әйел мүддесі басымдылықка шығарылып, ер мүддесі ескерілмей қалса, онда қайтадан ер адам мәртебесін күшейту туралы мәселе қойылады.
Бұны гендерологияның реттеу-шілік кызметі деп те айтуга болады. Бүгінгі таңда гендерлік саясаттың осындай арнадағы бір қыры – жанұялық қатынастардағы әйел мен ер мәртебесіне келіп тіреліп отыр. Өйткені, көне Қытайдағы Конфуцийшілдік іліміндегі: «Жанұя шағын мемлекет, мемлекет үлкен жанұя» деген нақыл сөздің мазмұны бойынша, саясаттағы гендер келесі кезекте жанұяға келіп көшірілуі де заңды кұбылыс. Бұл ахуалдардан біздің қазақ қоғамы да тыс қалмақ емес. Ал дәстүрлі қоғам деп атап жүрген мемлекеттерде қойылып отырған мәселе жаңашылдық пен дәстүршілдіктің бірлігі арқылы жүзеге асуға қарай бет түзейтіндігі ескерсек, біздің еліміздегі жанұялық қатынастар да осы үлгіні басшылыққа алады. Ендеше, қойылған мәселені сараптамас үшін, алдымен, дәстүршілдік пен жаңашылдық ұстанымына шолу жасап өтпекпіз.
Бұл ғылыми тұрғы диалектикалық логикадағы тарихилық пен логикалық әдісінен бастау алады және оның қоғам дамуы мен гуманитарлык ғылымдарда қолдануға ыңғайластырылған ұстыны болып есептеледі. Ал тәжірибелік тұрғыдан немесе саясаттағы жағымсыздық-жағымдылық бағдар бойынша керітартпалық (консерваторлық) пен өре ұмтылушылық (либералдық) деген қоғамдағы күштерге де үндеседі. Бұл бағыт негізінен, біржақтылықты болдырмау үшін, сыңаржақтылыққа берілмеу үшін, екі шеттің ортасынан орын табу үшін қолданылатын келісімділік бағдар. Демек, философияда – алтын аралық, әлеуметтануда – конвенционализм, саясаттануда – компромисс, әстетикада – үйлесімділік т.б. болып оңды шешімін табуы тиіс бағдар.
Бірақ, бұл жалпы әдіснамалық тұрғы болғандықтан, қоғамдық өмірдегі тәжірибелік жағдаяттарды шешуде оңтайлы болғанмен, мәселенің тереңдеген тұсында күрделене түседі және мынадай түйткілдер тізбегін тудырады: дәстүр мен жаңаны қатар алып жүрудің беріп отырған нәтижелері тек сыртқы, уақытша, амалсыздан болып жатқан жағдайға көбірек жетелей ме, екеуін тең мөлшерде колдану керек пе, егер өзара мүлтіксіз тең болатын болса, онда абсолютті тендікті өлшейтін барометрді қайдан алуға болады, жаңашылдық тұтастай игілікті және оңды болып санала ма, жаңашылдықтың дәстүршілдікке қарама-қарсы жақтары қалай шешімін табады т.б. Міне, осы түйткілдерді, келесі кезекте, жанұядағы отбасы мәселесіне көшіріп қарастыруға болады. Бұл өз кезегінде, өткір мәселелерді бүркеп қойып, одан қашқақтамай, керісінше, ашық пікірталас алаңына шығарып, түйткілдерді төтесінен туындата отырып, шешімін табуы тиіс тәжірибелік нұсқалар ретінде ұсынылуы қажет.
Бір қарағанда, дәстүршілдік пен жаңашылдық тұрғысын отбасындағы әйел мен ер мәртебесіне қолдану өздігінен-ақ түсінікті, оп-оңай нұсқа сияқты болып көрінеді. Бірақ, дәл осы үлгімен өмір шындығымен бетпе-бет келсек, қоғамның ауытқыған тұстарына назар салсақ, бұл диалектикалық ұстанымымыздың нәтижесінің үнемі оңды бола бермейтіндігіне көзіміз жетеді, екінші бір қырынан, бұл ұстанымды қалай пайдаланып отырғандығымызға да байланысты көптеген қайшылықтар туындайды. Демек, жанұядағы әйел мәртебесі бағдарын ұстануда қайсысына көбірек басымдық беруіміз керек, біз тым жаңашылдыққа бет бұрып дәстүршілдікке аз орын қалдырып жүрген жоқпыз ба, әлде керісінше ме, бұл ұстанымның бүгінгі таңда қандай оңды нәтижелері мен кереғар жақтарына кездесіп жүрміз, әлде барлығы өз деңгейінде жүріп жатыр ма деген сияқты сауалдар туындайды.
Бұл сауалдардың қойылуы: қазіргі жанұялық кикілжіңдер мен ажырасулар, жауапкершіліктен қашу, жанұядағы тәрбие, еркекке ұқсаған әйел (маскулинді) мен әйелге ұқсаған еркек (фемининді), отбасындағы бала тәрбиесінің кұлдырауы т.б. ахуалдарға кезіктіріп, осы жаңашылдық пен дәстүршілдіктің арақатынасынан туындап жатқан сыңайлы. Себебі, тарихтағы дәстүрлі қазақ қоғамында бұндай қайшылықтардың көп болмауына байланысты бүгінгі танда өткенге шолу жасаушылар «бұрын ажырасу деген болмайтын еді», «бұрын бұлай емес еді» деген сияқты аңсауларын жасырмайды.
Дәстүршілдік өткеннің осындай үлгісі мен тиімді жақтарын, тарихи тәжірибеміздің құндылықтарын жоймай, сабақтастыру дегенге келіп саяды. Ал жаңашылдық, өткенді емес, жаңаны қабылдауға, «Осы Заман» құндылықтарын бағалауға және оған бет бұруға бағытталады. Бұл тұтастай алғанда, дәстүршілдік және жаңашылдық құндылықтары деп нені атайтындығымызға байланысты. Жанұядағы дәстүршілдік нақты айтқанда, қазақ қоғамында қалыптасып, жетіліп, өркендеп, үстемдік құрған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың әлементтері, мақал-мәтелдер мен тұтас фольклорда көрініс табатын отбасы құндылықтарының ережелері мен өзіндік жүйесі, сонымен қатар, діни канондардағы осы әлеуметтік институтқа қатысты өмірлік ұстанымдардың барлығын құрайтындығы анық. Ал жаңашылдық казіргі адамзат қоғамында болып жатқан өзгерістер мен әр түрлі идеологиялардан құралатын тым күрделі кұбылыс: еуропаландыру, жаһандандыру, қытайландыру, америкаландыру, өркениеттікке ұмтылу т.б. бірлігінен құралады. Дәстүршілдік қағида осы жаңашылдықтың өзін үлттық таным тұрғысынан: жағымды және жағымсыз деп қақ жарып кабылдауды қолдайды. Бірақ, тек ислам дінінде болмаса, бүгінгі үлттық идея бағдарында қайсысы жағымды және қайсысы жағымсыз екендігінің нақты верификациясы көрсетіле бермейді.
Дәстүршілдік пен жаңашылдық ұстанымының отбасындағы қол-данысы да осы жіктелмеген, анықталмаған, нақты көрсетілмеген дихотомиялардан туындайды. Жаңа-шылдық дәстүршілдік жағымсыз деп бағалаған ұстанымдардың кейбірін жағымды деп кабылдаса, керісінше жағдайда, жаңашылдық жағымды деп түсінген құндылықтардың кейбірін дәстүршілдік жағымсыз деп бекітеді. Сәйкесінше, дәс-түршілдік бұны жаңашылдыққа әсіре бетбұрыс деп қабылдаса, жаңашылдық ескішілдікті аңсау деп түсіндіреді. Осыдан, отбасындағы қайшылықты мәселелердің туындауы-
ның феоменологиялық, психоанали-тикалық сияқты әдіснамаларын қолдану кажеттігі туындап шығады.
Бұны феноменологиялық тұр-ғыдан қарастырсақ, санадағы бағдар мәселесі нысанаға айналады. Демек, мәселе, жанұялық қатынастарда нені жаңа, нені дәстүр деп қабылдауымызға тікелей байланысты болып шығады. Бұл алаңда, әрбір жанұя өзіндік бағдарын ұстануға құқықты болғандықтан, бүгінгі қазақ қогамында дәстүршілдікті құрмет тұтып, жаңашылдықты елемейтіндер мен керісінше өмір сүру мәнерін қолдайтындар болып екіге ажыраған бағыт қалыптасып отыр. Ер мен әйел арасындағы жанұялық кикілжіндер де санадағы осы көрініске тікелей байланысты болып шығады. Бүгінгі «орыстілді» де бағалап жүрген әлеуметтік топтар жаңашылдық үстемдігін қаласа, «қазақы тәрбие алған» деп бағаланатын топтар дәстүршілдікті қалайды. Сонымен қатар, тағы бір үшінші топ әсіре исламшылдар жаңашылдықты мүлде қабылдай алмайды, дәстүршілдікті ұлттық құндылықтарды ескермей, исламшылдықпен теңестіріп жібереді де, өздерінің мұсылмандық нұсқаларын қалыптастырып үлгергендей сыңай танытады.
Кейде, жаңашылдық ұстанымын жеке психологиялық мүдделерге пайдалану да кездеседі. Психоаналитикалық тұрғыдан келсек, бір ғана мысал, қыз бала балалық немесе жастық шағындағы ер адамнан көрген әр түрлі қысымшылықтарын есейгенде жарыққа шығаруы ықтимал.
Нақтырақ айтқанда, ер адамға деген өшпенділік бірте-бірте бейсана қатпарларына жинақталып, кейіннен де, өзінің ер адамға деген өшпенділігін бейсаналы түрде жүзеге асырады, ал оның саналы кейпі гендерологиямен және жаңашылдықпен бүркемеленеді де, формасы «жанұядағы феминистік қозғалысқа» айналады. Оған қарсы реакция түрінде «жанұядағы маскулиндік қозғалыс» пайда болады. Осыдан, жаңашылдықтың дәстүршілдікке қарама-қайшы жақтарын анық көрсетіп, жанұялық өмірдегі әрбір сәт бойынша белгілеп қою керектігі туралы ұсыныстар туындайды. Себебі, өмірдің өзі реттейді, ол ырықсыз түрде жүзеге асуы тиіс деп күтіп отырған тәжірибелік алаң қаншама адамдардың тағдырына кесел келтіріп отырғандығын естен шығармауымыз қажет.
Қазақ дүниетанымында «әйел бастаған көш оңбайды», «алтын басты әйелден, бақыр басты еркек» артық деген сияқты мәтелдерден бастап, дүниеге қыз баладан гөрі ұл бала келу қуанышының басымдау болуы сияқты салттар кей сәттерде біз атап жүрген жаңашылдыққа қайшы келеді. Қазіргі гендерлік саясат ұстанып отырған бағыт, ендеше, дәстүрлі қазақ қоғамында жағымсыз құндылықтар ретінде белгіленіп қойылған болатын. Бірақ, ескере кететін түйткіл, әйелді бұндай «кемсітушілік» аналар мен әжелерге қолданыла бермегендіктен, «аналар бейнесі» арқылы олардың мәртебесі асқақтаған.
Мысалы, «Әжелер институты» осындай дәстүршілдікті мойындай келе, бұндай жүйені өздері де насихаттай отырып, қоғамға елеулі ыкпал еткен, ресми емес түрде-ресми түрде болса да, өздерінің көшбасшылық рөлдерін жанұяда, әлеуметтік қатынастарда айқындаған. Әжелер институты есейген шақта өмір тәжірибесін бастан өткізіп, «әйел даналығы» сатысына көтерілгеннен кейін жүзеге асатын реттеушілік құрылым болған.
Бұл – жанұялық қатынастар тұр-ғысынан алғанда, әу баста өз баласы мен немересінің жанұядағы мәртебесін көтермелей түсу үшін құрылған, бірақ белгілі бір деңгейде әділеттілік пен келінге деген қамқорлық сақталған. Бұл да дәстүршілдік, бұл да гендерологиялық ұстаным болып табылады. Олар да кей сәттерде бүгінгі біз жаңашылдық деп қабылдап жүрген нәрселердің кейбіріне карсы шығады және кейбірін колдайды.
Ендеше, заманауи өзгерістер аясындағы барлық жаңа мен ескіні, әсіресе, оның жанұядағы ұстанымдарын верификациялау құқығына ие болған да осы Әжелер болатын. Өйткені, жанұяға қатысты алғанда, жастардың оларды ажыратып алуға, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендіктерін көрсетуге, заманауи құндылықтарды іріктеп пайдалануға құқықтары болмаған, себебі, жас мөлшері мен өмірлік тәжірибенің аздығы оларды адастыруға жетелеуі ықтимал екендігі басты назарда ұсталған.
Ал қазіргі тұста, жаңашылдық пен дәстүршілдіктің қаншалықты деңгейде тең немесе тең емес болуы туралы ахуал бойынша отбасы институты да басқа әлеуметік құрылымдар сияқты тәжірибе алаңына айналуда. Бұл сынақтар отбасындағы кикілжіңдерге, әйел мен ер мәртебесінің нақты анықталмауына алып келеді де, жанұядағы ұрпақтың толыққанды өсіп жетілуі мен дағдарыстары мәселесін туғызады.
Дәстүршілдік пен жаңашылдықтың қайшы келетін тұстарының түп
төркіні: ұлттық идея мен жаһан-дану идеологиясының қазақы құндылықтарымызға сәйкес келмейтін рухани қырларының арасындағы қайшылықтарынан туындайды.
Демек, қазіргі қоғамдағы ұлттық болмысқа қатысты қайшылықты және күрделі мәселелердің түзілісі де осы жаңашылдық пен дәстүршілдік ұстанымның қолда-нылу ерекшеліктерінен, екеуінің арасалмағынан туындап жатқандығы сөзсіз.
Дегенмен, жанұядағы осындай өткір мәселелердің туындауы бір кездерде өзінің жүйесін табуы да ықтимал, әволюция қашанда, ненің «дұрыс», ненің «теріс» екендігін ажыратып та бере алады, бірақ өмірдің өзі көрсетеді, тарих анықтайды деген енжарлық қаншама отбасылық құндылықтардың іргесін оған дейін шайкалтып үлгеруі ықтимал. Демек, қатал тәжірибе алаңының құрбандары бұл жолы да әрбір жеке адамға қатысты алғанда субъектілер тереңнен толғануы тиіс екендігі туралы қорытынды шығарылады. Яғни, ұлттық бағдарымызға сай келмейтін әсірешілдік идеологияның кұрбаны болу – жауапты өмірлік құндылықтардың іргесін шайқалтады деген сөз.

Ажырасу себептері, қайшылықтар, алдын-алудың жолдары

Бүгінгі адамзат қоғамындағы моральдік дағдарыстардың ішіндегі, «ғаламдық рухани мәселелер» деп арнайы атап көрсетуге болатын жағымсыз жағдаяттардың ішіндегі маңызды мәселелердің бірі – жанұялардың ажырасу санының көбеюі және оның біздің елімізге де келіп жетуі. Зерттеушілердің пікірі бойынша, бүгінгі қоғамымызда ажырасу әлеуметтік феномен ретінде қалыпты жағдайға айналып бара жатқандығы да рас. Ендеше, бұл құбылысты бір жақты ғана емес, жан-жақты зерттеп, шығу себептерін тауып, алдын-алу шараларын ұсыну бүгінгі гуманитарлық бағыттағы ғылыми қауымдастықтық әлеуметтік жауапкершіліктерінің бірі десек те болады.
Ажырасуды әлеуметтанулық тұрғыдан ғана емес, философиялық тұрғыдан зерделеу бүгінгі әлеу-
меттік философия мен антро-пологиялық бағдардың нысан-дарының бірі болғандықтан, қоғамдық өмір сұранысының талаптарына келіп тоғысып отыр.
Соңғы кездегі әлеуметтанулық ғылымдардың зерттеулері ажы-расудың туындау себептерінің мынадай қалыпты жағдайларын талдап көрсетеді: жанұядағы екеудің біреуінің ішімдікке салынуы, нашақорлыққа бет бұру, қылмысқа бару сияқты девианттық мінез-құлыққа байланысты кырлар, материалдық жағдай, жыныстық қанағаттанбау, бастапқы қосылардағы күтпеген кездейсоқ жүктілік әсерінен құрылған жанұяның уақыт өте келе, бір-бірінен теріс айналуы, демек, әуелгі ырықсыз отбасын құру, көп жағдайдағы ерінің әйеліне күшпен зорлық көрсетуі, некеге өте жас шағында тұру, бастапқыдағы таныстық мерзімнің тым аздығы, көзге шөп салу, бастапқы махаббат сезімінің жоғалуы т.б.
Ал біз, бұлар көп жағдайда түпсебептер болып табылмайтын-дығын, тек алғышарт немесе сылтау, түрткі ғана екендігін пайымдай келе, оның философиялық түпсебептері мен негіздерін іздеуге тырыстық немесе ажырасудың әлеуметтік-психологиялық қырларымен қатар психофилософиялық себептері бар екендігін зерделедік. Демек, кей жағдайда ажырасушы субьектілер түрткілер мен сылтаулар іздеуге талпынатындығын және оны себеп ретінде атап көрсететіндігін бағамдай аламыз.
Алдымен, ауытқушылық және аморальді құбылыс болып қабылданып қалған ажырасуды «антигумандық» және «гумандыққа қайшы келмейтін» деп атауға болатындай көріністе екіге бөліп қарастыруымызға болады және оның антигумандық бағдарын ғана нысанаға алуды жолға қойғалы отырмыз. Антигумандык өздігінен-ақ түсінікті бағдар. Гумандылыққа қайшы келмейтін ажырасуға мыналарды жатқызуымызға болады: ұрпақ болмаған жағдайда екі тараптың өзара келісімі, ұрпақ-тарының, ата-анасының екі жақты келісімді талап-тілектері бойынша ажырасу, тұтас ел үшін тиімді болып шығатын саяси-әлеуметтік маңызды мәселеге айналған еріксіз ажырасу т.б. Ендеше, біз жоғарыда аталған дәстүрлі ұғымдардан тыс, антигумандық ажырасудың түпсебептеріне барынша үңіліп, оларды былайша сараптай келе, алдын-алудың да бағдарларын көрсетуімізге болады.
Жауапкершілікті сезінбеу мен өмірді байсалды деп түсінбеушілік. Өмір жеңіл-желпі «жетпіс-сексен жылда әйтеуір сүріп тастайтын» шоу емес. Постмодерндік өмірді театрландыру мен прагматистік индивидуализм жаһандану жағдайында біздің сана-сезіміміз бен ділімізге айтарлықтай ықпал етуде.
Сондықтан, бұл тұста ең басты түйін: жанұялық өмірдің өмірмәнділік жауапкершілік екендігін жастардың санасына сіңірумен келіп түйінделеді және бұндай насихаттың өзі ата-ананың жауапкершілігі болып жүктеледі. Бүгінгі күнгі біздің қоғамымыздағы жастар арасындағы суицидтің белең алуының түпсебептерінің бірі де — осы ғаламдық жауапкершіліктерді ұғынбаудан туындап жатады. Осы тұста Ж. Молдабековтың қазіргі заманғы руханияттық мәселелерді толғана келе: «Олай болса, елдің берекесі – ынтымаққа. әр азаматтың еңсесін көтеретін жетістіктерге, үндестік пен ұмтылысты үйлестіретін жауапкершілікке мұқтаж», – деген тұжырымдарының маңыздылығы өз-дігінен-ақ түйінделеді.
Жанұялық өмір – түпмәні ұрпақтар сабақтастығы мен сандық-сапалық дамуды қамтамасыз ету қызметін атқаратын, бүгінгі адамзаттың «бар болуын» әрі қарай жалғастыру үшін тағайындалған обьективті қағида. Жанұялық жауапкершіліктерден қа-шып барып ажырасу – түптің түбінде басқа жазықтықтағы ғаламдық жауапкершіліктерге соқтырады.
Әйел мен ердің жалпылама мінез-құлқының осы отбасы мен ажырасуға қатысты психоаналитикалық талдау-лар нәтижесінің ащы шындығын ашып көрсетіп, көпшілікке паш етуге тиіспіз. Себебі, бүгінгі өркениет аясындағы адамзат әр түрлі әлеуметтік мифтерден, идеологиялардан, сен-дірулерден бойын аулақ ұстауға тырысады, сондықтан бүрынғыша алдамшы өмірмен қанағаттанудың дәуірі де өтіп бара жатыр. Екі жұптың бір-бірін іргелі өмірмәнділік мәселелерде алдаусырату, жалған ақпараттармен сендіру, түптеп келгенде, ажырасуға алып келеді.
Сондықтан, ішкі шынайы мазмұны мен болмысын, алдымен, болашак жұптардың өздері-ақ бүкпесіз түрде баяндаулары қажет, тіпті «айтылмайтын ақиқаттарды» да бір-біріне жариялауы тиіс. Осындай ақиқаттарга қаныққаннан, тіпті оған көндігіп, келіскеннен кейін ғана, жанұя құруға бет бұруы қажет.
Сәйкесінше, біз күн сайын қайталап жүрген демократиядағы саяси жариялылық пен мөлдірлік (прозрачность) тек мемлекеттік деңгейде қалып қоймай, жанұялық өмір аяқталғанша оның өн бойында жалғасын табуы тиіс. Себебі, «мемлекет – үлкен жанұя, жанұя – шағын мемлекет» қағидасын ұмыт қалдырмауымыз қажет.
Ажырасу баланы дискрими-нациялаушылық түсініктерден де туындап жатады. Оған деген жалаң сүйіспеншілік пен қайырымдылық кей жағдайларда, баланың болашақтағы жеке тұлғалығын ескермеумен келіп тоғысады. «Бүгінгі бала – ертеңгі біз, бүгінгі біз – бұрынғы бала» деген қарапайым қағиданы басшылыққа ала отырып, оның ішкі мағынасына үңілген сайын баланы дискриминациялауды жоюға қарай бет түзейтін сана қалыптасады. Баланы бастапқыда тек қана ата-ананың, яғни, өздерінің әмоционалдық қуаттарын қанағаттандыратын биологиялық құрал ретінде түйсіну мен есейгенде, қартайған шағында асырайтын, қолдау көрсететін өзінің болашағының адами «капиталы», «ресурсы», «құралы» деген таптаурын түсініктерді саналы түрде жоюға бет түзеуіміз қажет.
Бала дискриминациясы тек жанұяда ғана емес, қоғамымызда да антигумандық деңгейде орын алуда: тастанды бала, мемлекетіміздегі балаларды шет жұртқа сату, ұрпақтарымызға жасалып жатырған түрлі рухани-саяси тәжірибелер т.б.
Дәстүрлі атастыру түрлерінің де тиімділігін ескермеу. Біз соңғы уақыттарда «өткеннің барлығын тұтастай ескінің артта қалған сарқыншақтары, бүгінгі заман басқа, ол баяғыда солай болған» деген сияқты бағалаулармен ғана шектелеміз, тарихи рухани құндылықтарымыздың ішкі терең мағыналарына үңілгеннің өзінде, оларды өмірде қолданысқа енгізуді ойламаймыз, тек әкспонат, шоу, ойын түрінде ғана жаңғыртып жүрміз. Әдет-ғұрпымызды «бейне бір баска бөтен көне халықтың болмысы» түрінде елестетіп зерттейміз, зерттеудің негізгі мақсаты – бүгінгі өмірде оларды әркім өз жеке басынан бастап қолдану екендігін кей жагдайда ұмыт қалдырамыз.
Сондай көне дәстүрлердің бірі – атастыру. Оның түпкі мәні – жас жұбайлар үшін екі жакқа да «болашақ жұбың кім болса да, сүйсең де-сүймесең де сонымен бірге мәңгі бақи өмір сүресін, ең бастысы, махаббат емес, ұрпақ қалдыру» деген өмірмәнділік философияны санаға сіңірумен келіп тоғысады. Ол өз кезегінде жастардың ажыраспауының кепілі болған, махаббаттың әлеуметтік мифтік қырын ескермеуге келіп табан тіреген. Сондықтан, қазақ халқында сүйіспеншілікке қатысты алғанда жанұя құрудың екі нұсқасы әйгіленген: біріншісі, қалыпты махаббатпен үйлену, екіншісі, махаббатсыз үйлену.
Осыған байланысты, екінші жолды насихаттайтын лиро-әпостық жырлардағы нәтижесіз махаббат бір қарағанда трагедия, екінші бір қырынан алғанда, «махаббатшылдықпен адасу» екендігін ниеттейді. Сондықтан бүгінгі күнгі қосылғандар жастар арасында, уакыт өте келе: «мен махаббатымды таппадым-ау» деген сезім сақталып қалады. Ал атастырудағы халқымыздың астыртын жатқан ой түйіні мынаған келіп саяды: «жастар үйленетін жасқа жеткенде, өздерінің болашақ жұбын өз бетінше дұрыс тандауға ақыл-ой мен таным-талғамы жағынан әлі қабілетсіз болады, ал қабілетті жасқа жеткенде, үйленуге кеш болады». Сондықтан, жастар үшін үйлену, болашақ жұбының қандай адам екендігі т.б. – тәуекел мен жазылып қойылған тағдыр болып тағайындалған және ата-анасының кесімді бұйрығы ретінде ата-салты болып бекітілген. Ал ата-аналары үшін, болашақ келіні немесе күйеу баласының таңдалуы ол тәуекел емес, келешек барынша айқын бағдарлама іспетті. Олай болса, бастапқыдағы «сүйіп қосылу – сүйіп қосылмау» деген дихотомиялық өлшем бұл жерде маңызды болмай шығады және жастардың санасына енгізілмейді немесе мүлде ығыстырылады. Себебі, «сүйіп қосылу мифі» көп жағдайда өзінің оңды нәтижесін беруге кепіл бола алмайды.
Қанағатсыздық. Ол тек материалдық жағдайға ғана қанағаттанбау емес, өзінің жұбына және жалпы өмірге деген қанағатсыздық, өзінен жоғарырақ мәртебеге көтерілгендермен өзін салыстыру және бастапқыдағы өмірдің шаттығын асыра бағалау мен бүкіл өмірді «қызықты шоу» деп танудан т.б. туындап жатады. Осындай адамның өзі біле де, сезе де бермейтін бейсанадағы жалпы қанағатсыздыктардың қандай-да бір қобалжуларға жетелейтіндігі, сайып келгенде, отбасының бұзылуына алып келеді. Егер бұл канағатсыздық сезімі күшейіп кеткен жағдайда, ол психоаналитикалық тұрғыдан зерттейтін және сауықтыратын ауытқуға да айналып кетеді. Әрине, материалдық тұрғыдан қанағатсыздық белгілі бір деңгейде, ізгілікті бағытта жүргізілсе, дәулетті тұрмысқа ұмтылу үшін қажетті сапа. Бірақ бұл жердегі мәселе, жалпы әкзистенциалдық, тіпті онтологиялық деңгейдегі қанағатсыздықта болып отыр, яғни, бұны «жалпы барлық нәрсеге қанағаттанбау синдромы» деп атауымызға да болады. Осы қанағатсыздықтың екінші бір қыры — бастапқыда болашақ жары туралы идеалды модель құрудан туындайды.
Мифологиядағы «асыл ханзада», «сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» немесе «хор қызындай сұлу жар», «он екіде бір гүлі ашылмаған қыз» т.б. сияқты арман-мұраттарды бүгінгі күнгі шындық өмірмен «алмастырып алады». Сайып келгенде, өмірдің шындығының бұндай еместігінен, өзінің идеалы мен нақты жұбының үндеспейтіндігінен екеуінің бір-біріне деген көңілі толмаушылығы мен қанағаттанбау сезімі басталады. Алдын-алу жолы: «өмір деген ертегі емес» деген нақты тұжырыммен шешімін табады және осы бейсанадағы адамның өзіне де аңғарылмай қалатын «идеал қуушылықты» санаға шығарып, түсіндіріп берумен, тіпті әрбір адам өзіне-өзі түсіндірумен де жалғасын табуы тиіс. Ұлттық таным-түсінік бойынша «шүкіршілдік», «алтынның қолда барда қадірі жоқ» қағидалары үстемдік етуі тиіс.
Өмірдегі әркелкілікті жанұялық жұбына да қолдану, яғни, өмірдегі біркелкіліктен, бірсарындылықтан жалығуды жұбынан жалығуға апарып тели салу. Жанүялық жүп жалықтыруга және жалығуға мүлде тиесілі емес кұбылыс, бұдан тыс өмір бойғы тұрақтылық пен әлеуметтік ақиқат. Зерігу, абсурдтылық сияқты XX ғасырдағы батыстық әкзистенциалистік сарындар, адам-заттың өнері арқылы тұрмыс салтына еріксіз түрде енгізіле бастады, бейсаналы болса да қабылдануға мәжбүр болды.
Шындығында, бұл мүлде керісінше, батысша айтсақ, сол өмірдің абсурдтылығына бірден-бір мағына енгізуші «дәрумен» осы – жанұя мен ұрпақ болып табылады. Ал постмодернизмде сол мағына енгізушінің өзін мағынасыздандыру белең алды, бұл да адамзат руханиятына батыстық философия мен мәдениет, өнер мен идеология арқылы бірте-бірте сіңірілді де, бүгінгідей нәтижеге жеткізді. Сондықтан «жанұяның өзі құндылығын жойып бара жатыр» дегенге келіп саятын түсінік қалыптасты.
Бұны шындап келгенде, адамзаттың көбеюі мен дамуына, ер мен әйелдің рухани ынтымақтастығына қарсы өзіне-өзі жасаған «рухани бомбасы» деп түсінген жөн.
Тағдыр мен табиғаттың заңы тағайындаған бірін-бірі толық-тырушылық, бірін-бірі жетілдіруге келіп тоғысатын, табиғи сұрыпталу да көп жағдайда отбасына қатысты болыпкелетіндігін жете ескермеу. Қазақта «тен-теңімен, тезек қабымен» деген қанатты сөз бар, бұл жердегі теңдік, түптеп келгенде, керісінше, «тең еместердің теңдігі», сол «тең еместердің қосылу теңдігі» болып шығады. Осы тұста, генетикадағы мынадай бір зандылық бар екендігін есімізге алайық; егер интеллектісі жоғары екі жұп қосылса, олардың ұрпағының интеллектісі ата-анасынан төмендеу болып туады.
Ендеше, қосылған екі жұп та бірін-бірі тәрбиелеумен, тұлғалығын қалыптастырумен айналысатын андра-
гогикалық рухани өндіріс болып құрылады, сондықтан адамзаттың өркениеті мен дамуы үшін табиғи заңдылықтың шарты да, көп жағдайда, сәйкессіздік пен қосылған жұптардың дүниетанымдарының алшақтығы бойынша жүріп отырады.
Қарапайым ғана бір мысал, бұрынғы кезде, мектепте сабақ үлгерімі жақсы оқушы нашар оқушыны үйрету үшін оларды бірге отырғызатын дәстүр болды. Бұл, әрине, мұғалімнің өзінің жұмысын жеңілдету үшін қолданылған гуммандық тәсіл емес.
Ал қоғамдағы осындай екі жұптардың қосылуы табиғатта «гумандық» сипат алатын сыңайлы және адамзат өркениетіне деген ішкі жауапкершілік болып табылады деп айта аламыз.
Олай болса, қарама-қарсылық-тардың бірлігі тек жыныстық жағынан ғана емес, жұптардың тұтас болмысы, мазмұны жағынан да қүрылуы тиіс. Бірақ ол түпкілікті қарама-қарсылық болмағандықтан, жанұялық жұпты «айырмашылықтардың бірлігі» деп қайтадан оңтайландыра аламыз. Ендеше, жанұялық субьект – эволюциядағы қатал тәжірибе алаңының сынақшысы емес, әлем-
дік қарама-қайшылық зандылығының кажетті, мәнді,маңызды іске асырушысы болып табылады. Яғни, әрбір адам осы табиғи ерікті орындаушылыққа тагайындалған рухани-биологиялық-әлеуметтік жан иесі екендігін терең түйсіну — жанұялық жұпты сақтаудың кепілі болмақ.
Қазақ дүниетанымында және басқа да халықтарда жанұялық жұп құру – өзіндік бір тылсым, өздігінше сакральді, қастерлі құбылыс болып табылатындығын бүгінгі тарихи жадының ұмытуынан. Себебі, адам өндірісіне құрылған отбасы, тек репродуктивті қызмет қана атқаратын әлеуметтік институт емес, ұрпақтардың толыққанды тұлға болып қалыптасуы үшін жауапты және ол өндіріс жұмысының заңды, қажетті жалғасы, тіпті соңғы нәтижесі десе де болады.
Бұл ахуал жанүялық өмір мағынасынан, әзірге нақты шешімін таппаған жалпы өмірдің мәні мәселесіне бәсекелес болуға да құқылы. Нақтырақ айтқанда, жанұялық өмірдің мағынасы жалпы өмірдің мағынасына жуықтайды немесе оған сәйкестеніп кетеді немесе керісінше, жанұялық өмір тұтас өмірге мағына енгізеді. Сондықтан, халқымызда үйлену салттары барынша күрделі және онда тылсым ғүрыптар жиі қолданылған. Мысалы, отқа май қүю, бата мен тілек, ак төсек т.б. Осы қастерлілікті терең түйсінбеу, жанұяны жай ғана жұп құру деп құрғақтай ұғынушылық оның түтастығын сақтамауға жетелейді. Ендеше, жанұяның қасиеттілігін, «шаңырақ», «отбасы» деген сияқты ұғымдардың тіпті діни-астарлы да тылсымдығын түркі-қазақ дүниетанымы тұрғысынан ұғындыру да бұл тұста маңызды іс болып табылады.
Отбасы ұғымы тек екі жұптың бірігуі ғанаемес, ұрпақ жалғастығымен толыға түседі. Осы орайда, Қорқыт ата кітабындағы ханның барша халықты қонаққа шақырып тұрып: «Ұлы барларды ақ үйге кіргізіп, ақ қойдың етін тартыңдар, қызы барларды қызыл үйге кіргізіп қызыл қойдың етін тартыңдар, ал ұлы-қызы жоқтарды қара үйге кіргізіп, қара қойдың етін тартыңдар. Ұлы-қызы жоқтарды біз де қарғаймыз, Тәңірі де қарғайды» деген сөздерінің ішкі терең мағынасын ұғына аламыз және оған «жалпыадамзатқа арналған жоққа шығарылмайтын, мүлтіксіз мәңгілік жолдау» деп баға беруімізге болады.
Ендеше, жанұяның «мәдени-руханиятты-сакральданған институт» дегенге келіп саятын ресми емес «атауын» кері қайтару керек. Осы тұста, құндылық пен сакральділіктің «сирек кездесетіндігі» оның бірден-бір маңызды қасиеті емес, күнделікті құбылыстардың өз мәнін неғұрлым жоғары сапада қайталай алуы ғана басты көрсеткіш болып табылатындығын баса атап өтуіміз керек.
Қорыта айтсақ, тірі жетімдердің бойындағы психологиялық күй-зелістер мен жетіспеушіліктер оларды адамгершілік қасиеттерден алшақтата түседі, ол бейсаналы-саналы түрде обьектісі беймәлім потенциалды реваншист. Осыдан-ақ болашақтағы қоғам субьектілерінің, бауырластықтың психологиялық жылу энергиясы мен мейірімін бас-тан өткізбеген толыққанды емес субьектілердің болмысын, қандай да болмасын зұлымдықтан тайынбайтын, мейірім мен қайырымдылықты маңызды деп санамайтын және өзінің түпкі өшпенділік есебін түгендеуді мақсат тұтатын мінез-құлқын елестетуге болады және бұл жаппай сипат алған жағдайда қаншалықты қауіпті екендігін болжамдаудың өзі қиын. Бұл кезде біз ізгіліктілік-өркениеттілік ретінде ұстанып жүрген мораль, заң, діни құндылықтар, гуманизация қағидалары т.б. әлеуметтік институттар құрғақ схоластикаға, қажетсіз қағаз жүзіндегі шартты догмаларға айналуы ықтимал, тіптен олардың кейбір шарттары айналып бара жатыр десе де болады. Біз осы тектес өткір мәселелерден қашқақтағаннан, оны бүркеп тастаганнан ешнәрсе ұтпаймыз, ол турасын айтқанда, жеке адамға қатысты айтылған «ауруын жасырған өледі» дегеннің әлеуметтенген кейпі, демек, «ауруын жасырған қоғам да өледі».
Сондықтан, келесі кезекте мәселелерді төтесінен қойып, мынадай шешімін табуы тиіс түйткілді сауалдарды топтап ұсына аламыз, яғни, еркін мәселелер алаңын құрастырып, оны пікірталастар кеңістігіне ұсынамыз:
1. Биологиялық-табиғи тұрғы: «Батыс қоғамында жеке өмір сүрулер мен ажырасулар өмір салтына айналғандай, жанұя шындығында, адамзат эво-люциясының бүгінгі кезеңінде өзінің құндылығын түбегейлі жойды ма?», «Бүгінгі адамзат қоғамында ер мен әйелдің ұзақ уақыт бірігіп өмір сүруі шындығында, мүмкін емес жағдайга келіп тіреліп отыр ма?», «ажырасу құбылысының хайуанаттық жұптардың тіршілігіне ұқсас болып келуі табиғи-биологиялық негіздерге сүйенілген әлем заңдылығы болып табыла ма, олай болса, адамның неліктен техника, экономика, экология салаларында бастапқы табиғи қалыптарға оралуы байқалмай отыр?» т.б.
2. Ұлттық-әлеуметтік тұрғы: «қазақ қоғамындағы жанұяның бірлігі мен тұтастығы жағдайында жаңашылдық пен дәстүршілдік қағидасындағы жаңашылдықты қалай түсініп жүрміз, қайсысы үстемірек тұруы тиіс?», «қоғамымызда дін мен салт-дәстүр институты неғұрлым күшейген са-йын, ұлттық тәрбие жанданған сайын ажырасудың саны неліктен соғұрлым артып келе жатқан парадокс қалай шешімін табуы тиіс», «ажырасудың ер тарапынан болғандығы мен әйел тарапынан болғандығын мүлде екі басқа мәселе ретінде бөліп тастап қарастыруымыздың уақыты келіп жетті ме?», «жаппай ажырасу жайлаған қоғамның болашақтағы келбеті қандай болуы мүмкін» т .б .
3.Құқықтық-моральдік тұрғы: «Не-ліктен қазіргі қоғамымыздағы кейінгі буындар арасында ажырасып кетпесе де, бейбіт, тыныштықта, ізгілікті сыйластықта, үйлесімділікте өмір сүріп жатқан жұптар мүлде аз, тіпті жоқ десе де болады», «өзі үшін өз баласын тірі жетім жағдайында қалдыруды құрбан ететін сана адамгершіліктің шектен шыққан түрі ме?», «ажырасуды заңмен мемлекеттік тұрғыдан реттеудің заманы келіп жетті ме?», «Қоғамымыздағы дін, мораль, ағарту, заң сияқты әлеуметтік институттардың топтасқан легі ажырасу беталысына қаншалықты бей-жай қарап отыра алмақ?» т.б.
4. Мистикалық-магиялық тұрғы: «әлемдегі және біздің қоғамымыздағы ажырасудың мистикалық себептеріне қаншалықты деңгейде көңіл аударуымыз қажет: дуалап ажырату, үйлесімді жанұяға көз тию, тіл тию дегендерге көңіл бөлмеу қажет пе, әлде?», «егер, жанұяны магиялық тұрғыдан сақтап қалу рас болса, ол – қара магия, әлде ізеттілік магиясы бола ала ма?», «Ажырасудың көбейе түсуіне қандай-ма бір геоғарыштық, астрономиялық құбылыстар әсер етіп отыр ма?»

Отбасы -тәрбие бастауы

       Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады.
Отбасының басты казығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым- қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауыр-малдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-
дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын қоршаған ортаға және коғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
Ережелер мен салт-дәстүрлер отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі мүмкін.
Отбасы – әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп отырады. Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс-салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелері мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындагы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұргыдан қалай реттеліп отыратынын т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке от-басындағы тәртіп түрлері қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі т.б жатады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілектер, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі отбасындағы тәртіп үлгілері т.б.
Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу барысында отбасы кішігірім топ ретінде қаралады. Бұл тәсіл олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды, некенін бүзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу барысында адамдар арасындагы қарым-қатынастардың қоғамдық ережелер мен тәртіп үлгісімен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет. Отбасын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде 3 негізгі сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау қажет.
1) Топты жалпы сипаттау. Бұған кіретін мәселелер – отбасы тобының мақсаты мен міндеті, отбасының құрылымы мен мүшелері, отбасының өзара іс-әрекетінің сипаттамасы, биліктің құрылымы т.б.
2) Қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан отбасы тобының басқа өзінен үлкен топтармен байланыс, қатынас түрлерінің сипаты. Қоғамдық қатынастардағы отбасының атқаратын қызметі.
3) Отбасының жеке мүшелеріне байланысты мақсаты, міндеті, атқаратын қызметі, олардың өзара іс-әрекеті, кызметі, топтық тәртіп, топтық бақылау т.б. Индивидтің топқа енуі, оның отбасына енуіне қанағаттануы, ондағы тұрақтылық. Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым- қатынастар олардың сезімі мен (махаббат, сыйласу, құрметтеу) салт-ғұрпы, ұрпақтан-ұрпақка берілген тәрбие, ереже т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады, олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу т.б негізінде пайда болады.
Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқық-тық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың негізгі мақсаты – жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.
Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан. Сондықтан әкологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлкында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл-тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған.
Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген.
Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәр-биеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен «суға дәрет сындырма», «көк шөпті жұлма», «отқа түкірме» және т.с.с.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Әдет-ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала бағу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін әкономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де, еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Жер бетіндегі жаксылык, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды» деп өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде қоғамдағы отбасының амандығына, келешек ұрпақ тәрбиесіне баса көңіл аударады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың алдыға қойған басты міндеттерінің ең біріншісі, әйелдердің еліміздегі саяси процестерге кеңінен қатыстырылуын жандандыра түсу қажеттілігін алға қойып отыр. Екінші міндет –әйелдердің экономикалық-әлеуметтік, саяси-мәдени қызметке белсене араласуын қамтамасыз ету. Еңбек орнында әйелдер қашанда неғұрлым әлсіз буын болып қалып отыр.
Себебі: біріншіден, әлі де болса дамымай жатқан өндіріс орындарының жоктығы, сол себептен әйел еңбегіне сұраныстың төмендігі; екіншіден, нарық еңбегіндегі жалпы өнімнің шиеленісуі; үшіншіден, әйелдердің тең жартысына жуығының кәмелетке толмаған балаларының бар болуы. Қанша жұмыссыздық болып тұрса да, әйелдер әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени т.б. қоғамдық жұмыс-тарға белсене қатысуда.
Бүгінгі күні көптеген әйелдер өндірісте, білім, денсаулық салаларында ал, кейбірі жеке кәсіпкерлікпен айналысып жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі қоғамдағы отбасының атқаратын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді әсіресе, демографиялық туу көрсеткішінің төмендеуі, яғни сәбилердің дүниеге келуі азайып, некелік айырылысу көбейіп кетті.
Отбасын құруда оң нәтижеге жету, отбасының ыдырауына жол бермеу – бұл маңызды әлеуметтік мәселе.
Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ыкпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы.
Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке баулу әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.
Сондай-ақ, қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпақұқа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі ерекшелігі олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз. Үлкенді кұрметтеу отбасы мүшелерінің бір- бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.
Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі ретінде қалыптасқан.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *