І. Мектепті басқару жүйесінің моделі Жаңа жобалы-құзырлы білім моделіне өту жағдайында мектепті тиімді басқару мəселелері ерекше маңызды болып табылады. Осыған байланысты басқару жүйесінің (БЖ)...

AdobeStock_256229414

І. Мектепті басқару жүйесінің моделі

Жаңа жобалы-құзырлы білім моделіне өту жағдайында мектепті тиімді басқару мəселелері ерекше маңызды болып табылады. Осыған байланысты басқару жүйесінің (БЖ) моделін əзірлеу, педагогикалық қызмет мақсатымен теңбе-тең түсетіндіктен жəне мəселелердің тиімді шешімін қамтамасыз ететіндіктен, осы мақсаттағы жетістікке қарсы əрекет ететіндіктен өзекті болып табылады.
Облыстардан келген мектеп директорының орынбасарларынан алынған сауалнама нəтижесінде жалпы білім беретін орта мектептердің əкімшілік-басқару аппараты жұмыс-тарының сараптамасы мен ғылыми көздерін зерделеу барысында мек-тепішілік басқарудағы кеңінен таралған төмендегідей мəселелерді атап көрсетті: біріншіден: басшылардың басқару қызметіндегі кəсіби дайын еместігі; екіншіден: басқарудың келешегі мен нəтиже бағытының жоқтығы; үшіншіден: тұтастай келешекті нəтиже мен жоспарлау өзара байланыспайтын өзіндік іс-шараларды ұсынатыны; төртіншіден: көпшілік пен мұғалімдерді басқару үрдісіне қызықтыратын қызмет пен басшылар тарапынан өзіндік басшылық жүйесін құруға талпыныстың жоқтығы; бесіншіден: əкімшіліктің қызметі – мəселелердің алдын алумен емес, керісінше, күнделікті мəселелерді шешумен ғана шектелетінін көрсетті.
Біздің түсінігімізше мектепішілік басқару жүйесі – педагогикалық жүйенің (ПЖ) бір саласы жəне əртүрлі деңгейлі басшылардың өзара бірлесіп əрекет етуін ұйымдастыратын құрылым, əдістемелік жүйенің іс-əрекетін қамтамасыз ететін жəне дамытатын бағыт, оқыту технологиясы мен педагогикалық қызмет арқылы БЖ-ны құратын, қарым-қатынас пен басқарудың əдіс-тəсілі болып табылады. Басқару ұйымдастыру мен басқару жүйесінің үйлесімділігін, əдістемелік жүйесі моделінің келісімін, оқыту технологиясы жəне басқару жүйе-сінің моделін қамтамасыз етуі тиіс. БЖ моделдеуде білім беру ұйымдарының өзгешеліктері мен БЖ-да қолданыс табатын күтілетін маңызды ерекшеліктеріне, ішкі жəне сыртқы əлеуметтік ортаға байланысты қайшылықтарды талдауға бағытталуы тиіс.
Тəжірибелік-эксперименттік жəне ғылыми-зерттеу қызметінің ғылыми көздерін зерделеуде бізге БЖ дамытудың негізгі шарттары мəлім болды.
Бірінші шарты – білім беру жүйесіндегі басшы кадрларды оқыту болып табылады. Жалпы білім беретін орта мектептерінің əкімшілік – басқару құрамы қызметін талдап, зерделегенімізде, басқарудың басымдылығы тек бұрынғы тəжірибе негізінде, яғни, тікелей танып – білу мен нұсқаулық негізінің құрғақ үлгісінде ғана құрылатындығы айқындалды. Мұндай басқару келеңсіз жайттарға апарып соғады. Қазіргі заманғы білім жүйесін басқару кəсіби басқарушылықты талап етеді, себебі, мектеп басшыларын оқыту магистратура мен педагогикалық ЖОО-ң арнайы факультеттері арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық жүйе (ПЖ) құра-мының өзара байланыса дамуындағы барлық бағыттылығы басқару жүйесі моделінің тиімділігі екінші шарты болып табылады, егерде олардың бірінің өзгерістері (мысалы, білім мазмұны) басқадай өзгерістерімен (мысалы, ұйымдастыру түрі, əдіс, тəсілдері) жəне басқару шешімімен теңбе-тең қатар жүретін болса. Мектептің ПЖ-н қайта құру əкімшілік құрамының білім беру деңгейіндегі іс-əрекеттің тиянақтылығын, жүйелілігін, ке-шенділігі мен мақсаттылығын болжайтындықтан, білім сапасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін емес, дегенмен, тəжірибе барысы мұндай шарттардың сақтала бермейтінін көрсетті. Басқару жүйесі (БЖ) моделін жобалаудағы үшінші шарты педагогикалық қызметтің мақсаты мен міндетін анықтау қажет. Анықталған мақсатты əртүрлі көздерін талдауды, салыстыру мен қызметтің тамаша нəтижесін көрсететін мақсатын ұсынуды дұрыс деп есептейміз.
Осы жағдайда педагогикалық қызметтің мақсаты – бұл мектеп бітіруші түлектің шынайы бейнесі, оқыту мен тəрбиелеу жəне оқушыны дамыту – мұғалім еңбегінің ең басты нəтижесі. Ал, қалған мақсаттар (жағдай жасау, ұйымдастыру қызметі жəне т.б.) – бұл лауазым сатысының көмекші мақсаттары. Басқару жүйесі моделдеудің төртінші шарты педагогикалық мақсат пен педагогикалық міндеттерге сүйенетін басқарудың басты мақсаты мен міндетін белгілеу болып табылады. Басқарудың мақсаты мен міндетін қалыптастыра отыра, біз “Педагогикалық қызметтің мақсаты мен міндетін жүзеге асыруда не істеу керек?” – деген сұраққа жауап беруіміз керек.
Біздің мектепті басқарудағы көпжылдық еңбегіміз көрсеткендей, басқару жүйесінің мақсаты ойлары мен пікірі бір жерде тоғысар кəсіп иелерінің ұжымын құрумен қорытындыланады. Басшының басты назары, педагогикалық қызметтің басқарылуына, Педагогикалық үрдіске қатысушылардың қарымқатынасына, оларды ортақ мақсатқа біріктіруге, табыстарға ұмтылуына бағытталуы тиіс. Басқарудың басты міндетін анықтай отыра, жекелеген мұғалімдер мен педагогикалық ұжымның нысанасыз жиналысқа айналдыруда нені қамтамасыз ететінін шешу керек. Мектепті басқару жүйесі педагогикалық ұжымының қызметімен, педагогикалық қарым-қатынаспен, педагогикалық жүйе нысаналарының даму үрдісіндегі келесі төмендегідей міндеттерді орындаумен тиімді болып табылады:
1. Мəліметті – қаржылық, ин-теллектуалдық қорды құру жəне тарату (даму жоспарын нақтылау мен құрастыру, басымдылық танытатын түбегейлі міндеттерді шешудің тəсілі мен интеллектуалдық мүмкіндігінің нақты бағыты).
2. Мұғалімдердің ұжымы үшін, оқушылар мен атааналардың ақпараттық кеңістігін құру. Бұл жердегі маңызды жəйт əрбір білім беру ұйымдарында болуға тиісті норматив негізін əзірлеу (əрине, жоғары тұрған органдардың нормативті құжаттары негізінде) жəне құқықтық, адамгершілік пен мəдени нормаларын жүргізу болып табылады.
3. Басқарудың əр деңгейінде сенімді жəне қазіргі кері байланыстың жүйесін құру (директор – педкеңес – ата-аналар – конвент (айрықша заң шығарушы өкілеттігі бар сайланатын органдар), директорлар орынбасарлары жəне қызметтік сенімді өкілдер; кафедра басшылары мен шығармашылық топтар; мұғалімдер, сынып жетекшілері жəне т.б.).
4. Қызметкерлерді оқыту. Курс аясында тыңдаушылардан ЖББО мектептерінің əкімшілік – басқару адамдарының қызметін зерделеу мен бағалауда (соның ішінде жеке мектептердің) дəделденгендей, басшылар өздеріне бұл міндеттерді көкейтесті мəселе деп есептемейді. Сауалнама жүргізілген мектеп директорының орынбасарлары (сауалнамада жауап алғандардың көрсеткіштер көрсетілетін болса оның ішінде 67% пайызы, егерде сауалнама жасырын жүргізілген болса 87%-пайызы) тəжірибелілер мен өздерін жағымды жақтарымен көрсете білетін мұғалімдерді, жастар мен тəжірибесі аздарды оқытумен айналысатындарды қабылдағанды ұнатады. Педагогикалық жүйедегі басқаруды дамытудағы біздің тəжірибеміз дəлелдегендей, мұғалімдерді қайта даярлау курстарын бақылап, реттеп қана қоймай, сонымен қатар Педагогикалық жүйенің ішкі қызметкерлерін оқытуда жүйелі, мақсатты жұмыстар мен жеке жұмыстар, семинарлар, тренингтер, жүргізумен қатар өз бетімен білім алуын бақылап, ТЭЖ мен ҒЗЖ-на міндеттеп қатыстыру керек.
5. Белгісіздікті жою. Бұл міндет бұрын белгіленген мін-деттерді түйіндейді. Тəжірибе көрсеткендей, жүйедегі көптеген жаңылысулар тапсырмаларды дұрыс орындамағандықтан туса, жанжал нұсқауды түсінбегендіктен, ақпараттың бұрмалауынан, уақытылы кері байланыстың болмауынан, ұсынылған педагогикалық қызметтің түрін түсінбеу мен қабылдай алмауы салдарынан жəне т.б. туады. Бұл міндеттің аясында алғашқы жоспарға түзету жүргізіледі, негізгі сұрақтарды шешіп, үнемі түзетіп, білімдік қызметтің нормативті тұғырын нақтылап отыру қажет. Басқару мен педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру – мəдени – білімдік ортаға, жағдайларға, көптеген барлық педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы арқасында қалыптасатын қағидалар мен құнды бағдарларға байланысты.
Мектептің жағдайы – аз зерттелген, өлшеуге де келмейтін құбылыс. Ол мектеп табалдырығынан-ақ, күзетшінің сəлемінен, оқушылар мен мұғалімдердің көзқарасы мен олардың көңіл-күйлерінен сезіледі. Егер мектептің жағдайы өте жоғары деңгейдегі алаңдаушылық пен қызбалық тудыратын болса, онда бірден сезесіз, керісінше, барлық педагогикалық үрдіске қатысушыларға қолайлы, жайлы болатын болса, сапалы ауа секілді сезбейсіз де. Басқару мен менеджмент мəселелері жөніндегі өзіндік тəжірибеге сүйене отыра жəне əдебиеттерді сараптауда мақсатқа сəйкес деп қорытындылайтынымыз: педагогикалық қызметтің мақсатына жету жолындағы жетістіктер тек басқару міндеттерін шешумен ғана шектеліп қана қоймай, қағидалардың жиынтығын ұйымдастыратын педа-гогикалық қызметін, балалар мен ата-ана жəне мұғалімдердің қатынас жүйесін анықтайды.
Егер басқару басымдылық танытатын адамгершілік қағидаларға, ғылыми жəне табиғи үйлесімділік пен жүйелілікке негізделмесе, мектептің дамуы мен жұмыс істеуінің тиімді болуы мүмкін емес.
Б.З.Мильнердің анықтауынша, осындай басымдылық танытатын қағидалар «міндеттер құрылымы мен билікті құруда шешімін талап ететін басты сұрақтарды анықтайды. Олар нақты бекітілген ережелердің дəл жауаптары болып есептелмейді, тек басты сұрақтарды атап көрсетеді жəне басшының іс-əрекетіндегі басты бағытын айқындайды» деді. [1, 36-39, 273-274 Б.]. Басымдылық танытатын қағидалармен қоса, басқарудың да кездейсоқтық, күтпеген жағдай танытатын қағидалары бар.
Ондай қағидаларға, біздің ойымызша, орталықтандыру мен дара басшылықты, өзін-өзі басқаруға көшу мен құқықтық өкілеттілік қағидаларын жəне басқару нормаларына шек қою қажеттілігін жатқызуға болады. Басқару жүйесін тиімді модельдеудің келесі шарты еңбекті көлденең жəне тік бөлу болып табылады.
Білім беру ұйымы айтар-лықтай күрделі ұйым болып табылатындықтан, көлденең бөлу – орынбасарлар өкілеттіліктері арасында жəне əдістемелік бірлестіктер немесе пəндік (кафедра) бөлімшелерінің білім есебінде аттүсті үлестіруі жолдарымен іске асырылады. БЖ-ның құрылымы көлденең өкілеттікті анықтайтын лауазым сатысын белгілеуді талап етеді, яғни «үйлестіру жұмысын тапсырмаларды тікелей орындаудан бөледі». Еңбекті осылай бөлу қажеттілігі, жұмыстың бəрінен жақсы орындай алатындарды анықтап бекітуін қамтамасыз етеді. Қызметтің жоғарыдан төмен қарай мақсатқа сəйкестілігін анықтау, педагогикалық жүйенің нəтижесі мен оқу-тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға байланысты болатынын ұмытпау қажет. Білім беру ұйымында БЖ-сін нəтижелі модельдеудің басқадай бір шарты дəстүрлі де жаңаша жұмыс түрлерін жетілдіруге нық сеніммен қарау болып табылады.
Басқару міндеттерін шешуде алқалық түрлер – соның ішінде педагогикалық, шағын жəне əдіс-
темелік кеңестер, кеңестер, кеңесшілік, жас жəне алдыңғы қатарлы озық педагогикалық тəжірибелі мұғалімдер мектебі, психологиялық-педагогикалық семинарлар, проб-лемалық топтар, диагностикалық топтар, педагогикалық шеберханалар, теориялық семинарлар маңызды рөл атқарады.
Басқару дамуы мен ПЖ қызметі əртүрлі əдістерді ұсынады (қызметтің, үрдістер мен нəтижелердің талдамасы; бірыңғай тəсілдерді жасап шығаруға арналған пікірталастарды талқылау; мақсатқа сəйкес болжау; тұжырымдамалық көрініс; өкілеттік топтар құру; күнтізбелік жоспарлау; дер кезінде оқыту; ұйымдастырылған қайта құру; жоба бойынша басқару; үрдістерді модельдеу, тəртіп пен іс-əрекеттер; теңеу мен салыстыру; өлшеу мен бағалау; сараптама; үрдісті түзету; мотивациялар жүйесін құру жəне т.б.).
Сонымен қатар, өзіндік тəжірибені əзірлеу мен басқару модельдерін мақұлдап жинақтап қорыту, педагогикалық жүйенің біртұтас құрамды бөлігі ретінде, барлық белгіленген шарттардың орындалу қажеттілігі мен олардың кезеңділігін бірізділікті жүзеге асыру екендігін атап көрсетеміз. Жоғарыда қарастырылған шарттарды бірізділікті жүзеге асыру басқаруды жүйеге келтіруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар əкімшілік басқару қызметкерлері құрамының əрекеті тек қана ағымдағы мəселелерді шешумен шектеліп қана қоймай, ұжымды нығайтып біріктіруге жəне оны педагогикалық қызметтің тиімділігіне қосуға бағытталады. Егер басқару жүйеге өзгеретін болса, онда оның қызметі жалпы сипат алады, егер басқарушылық білім беру жүйесіне (ББЖ) немесе оның қызмет ету шартына өзгеретін болса, онда педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы мақсатты жəне кешенді түрде жүргізіледі. Бұндай жағдайда басқару қызметінің мазмұны, бірізділігі мен кезеңділігі ғылыми-негізделіп толықтырылып, БЖ-ның бір ғана құрамды бөлігі болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды жинақтап қорытуда, біз ұсынған басқару жүйесі моделінің сипаты мен негіздемесін сызба түрінде көруге болады (1 сурет).
Олай болса, біз тағы да басқару бағытын əзірлеу мен дамудың түбегейлі жоспарын жүзеге асыруда жəне ПЖ-ның қызмет етуін «сенімді» қамтамасыз етуде, БЖ-ң іс-əрекетті ұйымдастыратынын, түбегейлі мақсатқа жету жетістігін қамтамасыз ететіндігін, бірақ өзі түбегейлі жоспар бола алмайтынын айта кетеміз. Моделдеу мəселесінің ғылыми-тəжірибелік зерттеулері, жалпы білім беретін орта мектептегі БЖ-ның қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, алынған нəтижелердің теориялық негіздемесі, біздің модельдерді басқа да ББЖ-не таратудың талдамасы мен мектеп басшылары қызметін зерделеуде төмендегідей тұжырымдарды анықтады: Біріншіден, қызмет ету аясы, қызмет ету сатысын тек жүйе ғана орындай алатындығын, егер де басқару тек жеке адамның мектепте тəртіпті сақтау əрекеті болып табылатын болса, онда қызмет ету боямаланып, көбіне басқару мекемесіне көрсету үшін жасандылық кейіп танытады;
Екіншіден, педагогикалық қыз-меттің тиімділігі, жетістікке жету мақсатының бағыты басқару жүйесі моделі авторының мектептің нақты ерекшелігін есепке ала отыра бейімделуін болжайды; Үшіншіден, БЖ-ның тиімділігі əсер ету мен өзара іс-қимыл жасаудың түбегейлі жоспарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұл жалпы бірін-бірі толықтырулары қажет; Төртіншіден, мектепте басқару жүйесінің моделін əзірлеудің үлкен ғылыми-тəжірибелік маңызы бар. Дəлел үшін, белгілі қазақстандық ғалым Т.Т.Ғалиевтің пікірінен дəйексөз келтірсек: «Басқару жүйесі моделінің қалыптасу үрдісі мен тəжірибе жүзінде іске асырылуының аз зерттелгендігі тек əдіснамалық негізде ғана көрініс тауып қоймай, сонымен қатар, басқарудың тиімділігінен де көрінеді. Сондықтан тұтастай басқару жүйесінің біріктірілген моделін жобалаудан бастаған тиімді…» [2, 190. Б].

ІІ. WEB – ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ
(ҚОСЫМШАЛАРДЫ) ЖОБАЛАУДЫҢ ТƏСІЛДЕРІ

Интернет желісін ақпаратты тасымалдау ортасы ретінде кеңінен қолдану жəне Internet-технологиялардың дамуы қолданушыларға ақпаратпен тікелей қосылу режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік World Wide Web (“əлемдік өрмек”) технологиясы пайда болды.[5]. Web жүйесіне қосылғаннан кейін əрбір қолданушы желідегі кез келген мəліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады. Бұл, соңғы кезде Webқосымшаларды жасаудың көбеюіне себеп болуда. World Wide Web технологиясы қолданушының ғаламдық желіге қосылуына жəне арнайы утилиталар арқылы ақпаратты қарап шығуға мүмкіндік береді. Дегенмен, мұндай жүйені құру үшін оның жұмысын қамтамасыз ететін қосымша модульдерді жасау қажет болады. Қазіргі кезде таратылған объекттер үлгісіне негізделген клиент-серверлік жүйелер кеңінен қолданылады. Таратылған объекттер технологиясы бойынша құрылған жүйе бір-бірімен əрекеттесетін компоненттер жиынынан тұрады. «Клиент-сервер» архитектурасы желіде өзара əрекеттесуді ұйымдастырудың жалпы қағидаларын анықтайды. Онда сервер – кейбір спецификалық функцияларды (сервистерді) атқарады, ал клиент – осы функциялардың тұтынушылары болады. Таратылған объекттердің үлгісі келесі суретте көрсетілген [4]:

мугалим-1
1-сурет – Таратылған объекттердің үлгісі

Таратылған объекттер технологиясын қолдану объекттібағытталған тəсілдің барлық артықшылықтарын пайдалануға мүмкiндiк бередi. Оларға келесілерді жатқызуға болады: жасау уақытын қысқарту;
— қателіктер санын азайту;
— программалық компоненттерді қайтадан қолдану;
— жүйенің болашақ өзгерісі жеңілдетіледі.
— Бұл жүйенің тағы бір ар-тықшылығы “жіңішке” клиенттерді пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Таратылған жүйеде ақпараттық жүйенің барлық функционалдық логикасын оның серверлік бөлігіне көшіру мүмкіндігі бар.
Бұл кезде клиенттің қосымшалары кішігірім түрде жасалуы мүмкін. Жіңішке клиент сұраныстары тек қана серверде орындалады да қолданушыға нəтиже HTML-құжат түрінде көрсетіледі. Қолданушының жүйелік ресурстары анағұрлым еркін түрде болады, ал функционалдық логика қуатты сервермен (немесе серверлер желісімен) іске асырылады. Жіңішке клиент жұмысы үшін webбраузердің қосылуын қамтамасыз ету жеткілікті жəне Webбраузер терезесінде барлық амалдар орындалады.
Сондықтан Web-браузерді жиі жағдайда «əмбебап клиент» деп те атайды. CGI (Comman Gateway Interface) технологиясының пайда болуымен қолданушының енгізілген ақпаратты өңдеп, нəтижесінде қалыптастырылған HTML-бетті қайтаратын программалармен интерактивті əрекеттесу мүмкіндігі пайда болды жəне мұндай программалардың барлығы мəліметтер базаларын (МБ) қолданады (2-сурет).

мугалим-2
2-cурет. Сервер мен CGI-модулінің əрекеттесу сұлбасы

Клиенттің интернет бетіне қаратпа жасауы http-хаттамасын қолдану арқылы негізінен GET жəне POST тəсілдерімен жасалады. Осылайша, PHP, Perl жəне тағы басқа тілдерге негізделген тəсілдерді қолданғанда қолданушының сұранысын өңдеу жəне нəтижені қалыптастыру CGI программасында жасалады [6]. Web – қосымшалар негізінде жұмыс істейтін программалық қамтаманың (схема) құрылымы келесі суретте көрсетілген (3- сурет).

мугалим-3

3-сурет. Web-қосымшаның жұмыс істеу сұлбасы

Программалық қамтамасыздандыру келесілерден тұрады: жұмыс нəтижелерін экранға шығаруға арналған Web-браузер; мəліметтерді тасымалдау функциясын іске асыратын Webсервер; қосымшада қолданылатын мəліметтерді сақтауға арналған мəліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ). Осылайша, Web-қосымшаның жұмыс істеуі келесідей болады: қолданушы веб-браузер арқылы сайтқа сұраныс береді. Сайт бетіне сұраныс жасаған кезде Web-серверге қаратпа жасалады. Ары қарай программа орындалып МББЖ-мен əрекеттесу жасалады. Web-сервер МББЖ-ға сұраныс жібереді, одан кейін сұраныс орындалады да МББЖ Web-серверге жауап қайтарады. Содан соң Web-сервер интернет беттің мазмұны мен HTMLкодын қалыптастырып қолданушыға жібереді [7, 8]. Web-қосымшалар клиент-серверлік қосымша болғандықтан жүйелік ресурстарды қолдану еншісі маңызды. Жіңішке клиентті қолдану тек қана қалыптастырылған HTML-құжаттарды бейнелеу жəне қолданушымен енгізілген мəліметтерді тасымалдауды білдіреді. Өнімділік қолданылатын программалық құралдарға, МББЖ-ға сұраныстардың қарқындылығына, МББЖ типіне, трансляторға байланысты болады. Жіңішке клиент технологиясын қолданғанда сервердің өнімділігі маңыздырақ, өйткені қосымшаның мəліметтері серверге бағытталған болуы мүмкін.
Сондықтан, веб-қосымшаларды жасау кезінде қолданылатын технологияларға жəне қолданыстағы интернеттехнологияларға анализ жасау нəтижелері ретінде қойылған мақсаттарға жету үшін белгілі технологиялардың комбинациясын қолдану қажет болады. Осыны ескеріп клиентсерверлік əрекеттесудің əртүрлі технологияларын зерттеу қажет. Мысалы, арнайы программалық қамтамасыздандыруды қолданып шапшаңдық сияқты қосымшаның маңызды сипаттамаларының бірі бағаланады. Бұл бағытта əртүрлі сұраныстар тəсілдерін жəне HTTP (GET жəне POST тəсілдері) жəне SOAP қолданбалы деңгей протоколдарын қолданып функционалдың орындалу жылдамдығы зерттелді. Функционалдың орындалу уақытын есептеу үшін браузердің плагині қолданылды.
Жоғарыда айтылғандарды ескеріп интернет-дүкен мысалында веб-технологиялар негізінде интерактивті жүйелерді жасауға арналған программалық кешен жасалады. Қорытынды Басқару жүйесінің моделін əзірлеу басқару жүйені құруға, тиімділігін арттыру мен дамытуға бағытталған. Идеологиялық негіз құзырлы басқару болып табылады – басшы педагогикалық қызметтің мақсатын біледі, стратегияларды анықтауға жəне ғылыми негізделген іс-əрекеттерді жүзеге асыруға дайын. БЖ моделінің технологиялық негізін жасау – жүйені жобалау немесе жүйелі жобалау болып табылады. БЖ-ны дамыту білім сапасының жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді, яғни, педагогикалық іс-əрекеттің мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған сұлба бойынша веб-қосымшаларды құрудың түбегейлі ерекшеліктері алгоритмдік бөлік пен МББЖ-ға, сондай ақ олардың əрекеттесуіне қатысты болуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мильнер Б.З. Теория организации. – М.: ИНФРА-М. 1998. -336 бет.
2. Галлиев Т.Т. Системный подход к интенсификации учебного пооцесса (для технических специальностей вуза). // Диссертация д.п.н. Караганда. 2002. -305 бет.
3. Козлов С. Технологии web-программирования.
4. http://www.javaportal.ru/articles/www/www.html.
5. Булах Е.В. Средства доступа к базам данных на стороне сервера.
6. СеменовЮ.А. Cloud computing.
7. Колисниченко Д.Н. PHP5/6 и MySQL 6. Разработка Web-приложений. – СПб: БХВ-Петербург, 2011. – 528 бет.
8. Будилов В.А. PHP5. СПб.: БХВ-Петербург, 2005. – 240 бет.

Комекова С.О.
педагогика ғылымының магистрі, «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы, ҚР ББЖ ҚБАРИ «Педагогика жəне инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, екінші (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған тренер

Нарсеитова Ф.С.
педагогика ғылымының магистрі, «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы, ҚР ББЖ ҚБАРИ «Тəрбие жəне тұлғаны əлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы екінші (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған тренер

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *