ЕРКЕ ҚОНЖЫҚ (ертегі) ЕРКЕ ҚОНЖЫҚ (ертегі)
Аяжан ТӨРЕ, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 5 «Г» сынып оқушысы   Аюдың өте ерке әрі жалқау қонжығы бар екен. Анасы су тасиды, кір жуады,... ЕРКЕ ҚОНЖЫҚ (ертегі)

Аяжан ТӨРЕ,
Сүйінбай атындағы №143
мектеп-лицейдің 5 «Г»
сынып оқушысы

 

000000000

Аюдың өте ерке әрі жалқау қонжығы бар екен. Анасы су тасиды, кір жуады, тамақ пісіреді, жемістер өсіреді, ауланы сыпырады. Ал қонжық ағаштың бұтақтарына іліп қойған аспалы төсекте тербетіліп жатады да, қояды. Анасы орманнан теріп әкеп берген жидектерді жейді. Жалқаулығы сонша, тамақты да аузына қасықпен анасы салып, суды да анасы ішкізеді. Тіпті, секіріп, жүгіріп ойнауға да ерiнедi екен. Анасы жұмыстарын бітірген соң, қонжығына ботқа пісіреді. Бірақ, қант бітіп калыпты. Сонда да ботқаны пісіріп, қонжығына береді. Ботқаның бірінші қасығын аузына салған қонжық қасықты лақтырып жіберіп: – Бұл не деген дәмсіз ботқа. Мұны жемеймін. Қанты жок, дым дәмі жоқ! – деп жылап қалады.
Аю конжығына: «Қарның ашып қалады, бүгінше осыны жей тұршы. Таңертең дүкеннен қант сатып алып келіп, тәтті ботқа пісіріп беремін» деп жұбатса да көнбей, жылай береді. Содан қонжығының тілегін орындамак болған аю қараңғы батып кетсе де, қант алып келуге шығады. Бірақ қараңғыда көзі дұрыс көрмей қалып, сайға қарай домалап кетіп, аяғын ауыртып алады.
– Ай, ай, аяғым-ай, енді қонжығыма қантты қалай алып келемін. Мына аяқ тіпті басуға келмейді ғой. Ай, ауырып барады, – деп ыңырсып жатқан аюдың даусын қасқыр естіп қалады.
– Аю, досым, сенбісің? Не болды саған? – деп оны жүре алмай жатқан жерінен тұрғызады. Қолынан демеп, үйіне дейін алып келеді.
Анасының аяғын ауыртып алға-нын көрген қонжық өзінің дұрыс істемегеніне, өте тыс ерке екеніне көзі жетіп, енді ақылды болуға сөз береді. Ерте тұрып, үйдің алдын жинап, отын шауып, су әкеледі. Анасының аяғын таңып береді.
Анасы оған ботқа салып береді. Сонда қонжық: «Анашым, мынау не деген тәтті ботқа!» – деп түк қалдырмай жеп кояды. Аю: «Қонжығым, бұл кеше өзің қанты жоқ, дәмсіз деп жемей қойған ботқаң ғой. Бүгін ерте тұрып көп жұмыс істедің. Сондықтан саған өте дәмді болып сезіліп тұр. Еңбек етіп жеген тамақтың барлығы тәтті болатынын әрдайым есте ұста» деген екен.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *