РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ–ДАМЫҒАН ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ–ДАМЫҒАН ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ
Самат ЕСКАЛИЕВ, Astana IT University профессоры, т.ғ.к.  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына – 3 жыл Ұлттық құндылықтарымызды сақ-тай отырып, санамызды жаңғырту, жадымызды дамыту –... РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ–ДАМЫҒАН ЕЛ БОЛУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ

Самат ЕСКАЛИЕВ,
Astana IT University профессоры, т.ғ.к.

 «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына – 3 жыл

Ұлттық құндылықтарымызды сақ-тай отырып, санамызды жаңғырту, жадымызды дамыту – дүниежүзілік өркениет кеңістігінде жойылып кетпеудің шарты. Осы тұрғыда 2017 жылғы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шыққаны белгілі [1]. Рухани санаға соны серпін әкелген бағдарламалық мақала аясында елеулі істер атқарылып, нақты жобалар жүзеге асты. Бұл бағдарламада таяу жылдардағы міндеттерді саралап көрсеткен кезде жазуымызды біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керектігін, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша 100 оқулық жобасын қолға алу қажеттігін, отаншылдықтың кіндік қаның тамған жерге деген сүйіспеншіліктен басталатынына байланысты «Туған жер» бағдарламасын бастау орындылығын, бүгінгі замандастарымыздың жетіс-тіктерінің тарихына назар аудару мақсатымен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру жөн болатынын айтқаны бұл саладағы нақты істерге түрткі болды.
Осы орайда күні кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді» атты мақаласында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аталған бағдарламасының 3 жыл аралығындағы жүзеге асырылу барысын талдап – сараптайды, маңыздылығына тоқталады[2]. Ғасырлар тезінде жоғалтқанымыздың көп екенін ескерсек, рухани дамып, қоғамдық сананы жаңғыртып, ұлттың идеологиясын өрістетуде 3 жыл көп уақыт емес. Сайып келгенде, халықтың рухани жаңғыруы – мәңгілік жүретін үдеріс. Бүгінгі күні бағдарламаның 6 бағыты бойынша 13 арнайы жоба іске асырылып жатыр. Ұлттық құндылықтарды жүйелеп, салт-дәстүрімізді, руханиятымызды жаңғырту мақсатында атқарылған игі-істер мол.
Осы бағдарламалық мақаласында Елбасы: «Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз де бұған дайын болуымыз керек», деп атап көрсеткен еді. Сол кез келе жатыр. Өмірдің салты өзгереді. Өмірдің салты өзгерсе, адамның қалпы да өзгеруі керек. Бұл арада далалық дара да дана дәстүрлерге берік, соның арқасында небір қиындықтарды еңсеріп келген халқымыз дәстүршілік пен кертартпалықтың аражігін айыра білгені абзал болар еді дейміз. Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар.
Озығынан үйренген, тозығынан жиренген жұрт қана мына жаһандық жанталаста жеңіп шыға алады. Жедел жүріп жатқан жаһанданудың арқасында бізге өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі беріліп отыр.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар-ламалық мақаласының жалғасы ретінде оның жаңа қырларын айқындап, тарихи сананы жаңғыртудың жолдарын көрсетеді [3].
«Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» деп аталатын екі бөлімнен тұратын мақалада Елбасы ұлттық тарихымызды ежелгі заманнан қарастырып, оның тұжырымдамасын нақтылауға шақырады. Бұл күрмеуді шешу үшін тарихымызға ғылымның бүгінгі жетістігі тұрғысынан қарап, бұрынғы еуропоцентристік көзқарастардан арылып, біздің ұлтымыздың арғы даңқты тарихын талдап оқытуға шақырады. Мәдени мұра, Тарих толқынында, Рухани жаңғыру бағдарламалары басталғалы жастарды ұмытылып бара жатқан өз халқымыздың әлемді таң қалдырған рухани және материалдық мәдениетіміздің үл-
гілері қызықтыруда. Осының бар-лығы жастарға эстетикалық және патриоттық тәрбие берудің құралы.
Тарихтың тәрбиелік ролін ерте түсінген елдің бірі – Германия. ХІХ ғасырдың басында бұл саяси жағынан бытыраңқы, шаруашылығы мешеу ел болатын. Аз уақытта саяси топтасып, Еуропаның алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылуы неміс халқының ұлттық санасының оянуына байланысты еді. Ұлттық идеологияның қалыптасуына неміс халқының ұлттық санасының оянуына байланысты еді. Ұлттық идеологияның қалыптасуына бірден-бір әсер еткен фактор әрине неміс тарихшыларының жанқиярлық еңбегінің арқасы еді. Неміс мектептеріндегі ұлттық тарихты оқытуды жолға қою, университеттігі тарихи білімді реформалау іс-шаралары өз жемісін берді. ХІХ ғасырдың орта шенінде немістің тарих ғылымы бүкіл Еуропадағы алдыңғы қатардағы ғылымдар қатарына көтерілді [4]. Сондықтанда тарих пәнінің тәрбие берудегі мүмкіншілігін реттеп отыратын тиімді механизм қажет. Тарих пәнінің бағдарламасы да, оның оқулығы да, бұл пәннен сабақ беретін мұғалім – оқытушылардың біліктілігі, білім деңгейі, ұлттық көзқарасы мемлекеттің қамқорлығында, бақылауында болуы қажет.
Дәстүрлі қазақ қоғамында жас ұрпаққа тәрбие беру процессінде оларға тарихи білім беру негізгі міндет болып есептелді. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген қанатты сөз осы уақытта туса керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі – оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз, білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі бүгінгі күннің өзін бұрынңы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды» деп жазды [5]. Тарихи білімі бар азаматтың мәдениетті, білімді, жан-жақты адам болып өсетіндігі белгілі. Өз халқының тарихын білген жас өскін елін сүйген, халқының қамын ойлаған, жерінің жаңаруы, гүлденуі жолында күрескер болып қалыптасады.
Тарихи білім қоғам мүшесінің азаматтық көзқарасының қалыптасуына әсер етеді. Жаңа жағдайда тарих ғылымының алдындағы мақсаттар мен міндеттер жетерлік. Осы жерде академик М.Қ. Қозыбаевтың: «Тарихшыдардың өз халқың алдын-дағы қарызы белшеден» [6] – деген сөзі еске түседі. Ал тарихшылар қоғам алдындағы қарызын да парызын да толығынан өтері анық.
Елбасының аталған мақаладағы ең басты көңіл бөлген мәселесі – тарихи сананы жаңғырту. Тұңғыш президент оны бірнеше ірі жобалар арқылы дамыту қажет деп санайды. Ол жобаларды төмендегіше көрсетіп берген: Архив – 2025; Ұлы даланың ұлы есімдері; Түркі әлемінің генезисі; Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі; Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы; Тарихтың, кино өнері мен телевизиядағы көрінісі.
Бұл аталған жобалар біздің еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан 2003 жылы жарияланған «Мәдени мұра» бағдарламасының жалғасы болып табылады. Жалпыға бірдей тарихи білімге қол жеткізу мен рухани жаңғыру-тығыз байланыстағы өзара кіріктірілген құндылықтар. Олар қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға зор әсер етуімен ұлттық қауіпсіздігіміздің, бәсекеге қабілетілігіміздің нығаюына үлкен үлес қосады.
Қазір уақытты бос өткізуге, бейғамдыққа салынып, еркінсуге тіпті де болмайды. Бүгінгі жағдай Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап айтқандай, «Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес» екенін тағы да атап өтті. Сайып келгенде, қабылданған «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүйелі түрде жүзеге асыру, қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің жолы.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Егемен Қазақстан. 12 сәуір. 2017 ж.
2. Көшербаев Қ. Ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді. Егемен Қазақстан. 12 сәуір. 2020 ж.
3. Назарбаев Н. Ұлы даланың жеті қыры. Егемен Қазақстан. 21 қараша. 2018 ж.
4. Коммеджер Г.С. Методологические проблемы истории. / В.Н.Сидорцев и др. Под. общ. Ред. В.Н.Сидорцева. – Мн.: «ТетраСистеме» 2006 – с. 139.
5. Назарбаев Н: Тарих толқынында. – М., 1991.-28 б.
6. Қозыбаев М.Қ. Ақиқаттар ақтаңдағы. Алматы 1992

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *