ТАРИХИ РЕСМИ  СИМВОЛИКАЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕР ТАРИХИ РЕСМИ  СИМВОЛИКАЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕР
Тынышбек ДАЙРАБАЙ, зерттеушi, ғалым (ЖОЛАЙ – КЕТЕБАЙ  БИДЕН АМАН, АЛМАСҚА ДЕЙIН…)   «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының арнайы жобасының бірі – «Заманауи әлемдегі... ТАРИХИ РЕСМИ  СИМВОЛИКАЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕР

Тынышбек ДАЙРАБАЙ,

зерттеушi, ғалым

(ЖОЛАЙ – КЕТЕБАЙ  БИДЕН АМАН, АЛМАСҚА ДЕЙIН…)

 

«Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының арнайы жобасының бірі – «Заманауи әлемдегі Қазақстан мәдениеті» деп бекітілгені қарапайым жайт емес. Жер шарындағы барлық ұлт пен ұлыстарға өз әсерін тигізіп жатқан жаһанданудың қарқынынан көптеген ұлттардың төл мәдениетінің әлсіреуі сезіледі. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи, ұлттық мәдениеттің бай қазынасын ақтара отырып, қайталанбас ерекшеліктерді жан-жақты тануға, зерделеуге мол мүмкіндік туды.
Өзіндік болмысы мен мәдениетін қадірлеп, қастерлей алған ұлт қана өзге елдің мәдениетіне, өнеріне құрметпен қарап, оларға жақындай алады.
Ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін тану арқылы әлем мәдениетін ашуға болады.
Осы ретте бұдан 2-3 ғасыр бұрын ел басқару ісінде қолданылған тарихи ресми символика болып табылатын мөрлер туралы жасалған зерттеу жұмысын назарларыңызға ұсынамыз.

отетилеу мор мор кетебай мор

Ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетіміздің жанашыры, тарихымыз бен дәстүрімізді зерттеген белгілі ұлы ғалым академик марқұм Ақселеу Сейдімбек біз төменде сөз ететін асыл жәдігерлерді алғаш көріп: «Бұл өте құнды, бағалы жәдігерлер! Мұның құндылығы мынада: Біріншіден, бұл ресми символикалық жәдігерлер – әулеттік мөрлер – мемлекеттің өзін-өзі басқаруының үрдісті бір айғағы. Екіншіден, осы айғақ – көшпелілердің мөр жасау дәстүрінің берік көрінісі. Үшіншіден, ел басқарудағы мөр қолданудың парасатты үлгісі.
Жалпы, мөр қолдану үрдісі Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылу уақытымен тұспа тұс келеді. Бұл жәдігерлер – заман айғағы, уақыт куәгерлері» деп үлкен бағасын берген.
Ел аузындағы бұдан 250-300 жыл бұрын өмiр сүрген Жолай-Кетебай хақындағы әңгiмелер бүгiнде аңызға айналған. Сол әңгiмелердiң бiрiнде Жолай және оның баласы Кетебайдың, Әбiлхайыр ханның замандас, үзеңгiлес серiгi болғаны айтылады.
Кiшi жүз ханы болған Әбiлхайыр шешуi қиын мәселелер туындай қалса Арыстанбай Айбасұлымен Жолай Ырысымбет баласын жiбередi екен.
Тiпті олардың енгезердей iрi болғаны жайлы ұрпақтары айтып отыратын.
Олармен бүгiнгi 20-21 ғасырда өмiр сүрiп жатқан ұрпақтарының арасы 2-3 ғасыр алып жатса да, Жолай, Шыбынтай, Кетебайлардың олардан кейiнгi Өтетiлеу, Пiрәлi бидiң баласы Аман, Алмас билердiң (соңғы екеуi ХIХ ғасырдың соңғы, ХХ ғасырдың басында өмiр сүрген) есiмдерi халық аузында айтылып, ақын-жыраулардың өлеңдерiне арқау болған.
Сыр сүлейлерiнiң басы Балқы Базардан бастап, Шораяқтың Омары, Шегебай, дүлдiл ақын Тұрмағамбет Iзтiлеуұлы тағы басқалар арналы жырларын арнаған-ды.
Мысалы Шегебай Бектасұлының (1844-1916) Би батырларды жырлаймын” атты толғауында:
…Өтетiлеу, Кетебай
Пiрәлi, Тампыш, Сарытай,
Қамырдай халқын илеген – деп жазып, аталған билердiң ел билiгiн қолына ұстағанын меңзейдi.
Осындағы есiмдерi аталған, Өтетiлеу мен Пiрәлi Кетебай бидiң баласы мен немересi.
Қазақтың Кіші жүзінің Шөмекей руынан тараған, Жолай аталығынан туған Кетебай би Жолайұлы, Өтетілеу би Кетебайұлы, Пірәлі би Өтетілеуұлы бабаларымыздың араб әліпбимен есімдері жазылған мөрлерді және құжат сақтайтын белдігінің түп нұсқасын, екі-үш ғасырлардан бері, ата-бабаларынан қалған асыл мұра ретінде, осы билердің тікелей ұрпақтары, мөрлерді шаңырақтарында сақтап келеді.
Осы би бабалар жөнінде тарихи кітаптардан және ел аузында айтылып келген аңыздардан анықталуынша:
Жоңғар-қалмақтармен соғыста аты шыққан, арқалы да әруақты батыр Жолай Ырсымбетұлынан бүгінде бір қауым елдің ру тайпасы аталып, Жолай есімі Кіші жүздің шежіресіне енген .
Жолай ұрпақтарының арасында тарихымызға белгілі танымалы билер мен батыр тұлғаларда шыққан. Әбілхайырдың ханшасы Бопай мен Нұралі сұлтанға қатысты «1748 жылдың 20 қарашасында жазылған Ресей барлаушыларының мәліметтерінде: Кіші Орданың бірқатар руларының белді-белгілі адамдарының қатарында Шөмекей – Сөйін руынан тараған Жолай батырды 1748 жылғы 15 қазанында ақ киізге көтеріп, өздеріне хан етіп сайлағаны жазылған».
Кемел тұлға – Кетебай хақында

Кетебай Жолайұлының есiмi Ресей құжаттарында 1800-1803 жылдарда-ақ жазылып, оған қатысты деректер сақталынған. Демек Кетебай шашамен 1720-1722 жылдарда өмiрге келiп, 1813-1815 жыл шамасында өмiрден озса керек.
Қазақстан тарихына қатысты материалдар (1785-1828 ж.ж) атты кiтаптың Москва – Ленинград баспасынан 1940 жылы шыққан IУ томының, 514 бетiнде және бұл деректер “Казахско-русские отношения в ХУIII-ХIХ веках” атты кiтапқа да енген. Ол былайша жазылған: “Сейiн (Желдер) руының 4 бөлiгiнде 6 мың үй халқы бар, керуендердi тонайды, Бұхараны базарлап, сауда-саттық етедi. Басты қол басшылары Кетебай би, Корен батыр, Айтiлес би, Жәрiмбет би деген” бұл сөздер жоғарыда аталған 2 кiтаптың да 514 бетiнде анық жазылған.
Академик Серғали Толыбеков “Кочевое общество казахов в начале ХХ века”, деп аталатын кiтабында: “…Подобным образом казахские бии и батыры управляли родовыми отделениями большого Шомекейскогро рода.
Например, в начале ХIХ века Кетебай бий управлял первичным и многочисленным родом Бекет”.
Ғалым жазғанындай Бекет аталығы өскен-өнген, өсiк ата-лықтардың бiрi. Бүгiнде шамамен 500-600 шаңырақты құрайды.
Сейiн (Желдер) елi жайлы “Сейiн азбай ел азбайды, жусан азбай жер азбайды” деген қанатты сөздер ел аузында қалыптасқан. Орынбор әскери губернаторы князь Г.С.Волконскийдiң арнайы тапсырмасы бойынша 1803-1805 жылдарында үш жүздiң халық саны, тұратын мекенi, баратын базары т.б. деректер жинауды Жаппас руының биi Көбек Шүкiрәлiұлы және
Қазан татары Ғалы Шахмұратовқа жүктейдi. Олар жоғарыдағы 4 би туралы жазған Кетебай би
туралы бiрiншi дерек осы.
Екiншi бiр құжаттан 1810 жылдың 18 қазанында Кетебай бидiң есiмi тағы алдымыздан шықты. Онда Әбiлхайыр ханның немересi Темiр сұлтан және Кетебай би бастаған 1500 жасақтың Дәуқара, Жаңадария бойында Бұхара мен Қоқаннан келе жатқан керуендердi тонағаны айтылған.
Кетебай би туралы соңғы жазба деректi Орынбор өлкесiн 1906-1907 жылдары (табиғатын) зерттеген И.А.Кастанье “Древности киргизской степи и Оренбургского края” атты (1910 ж.) кiтабында Кетебай би және оның мазары хақында мақала жазып, бидiң ұрпақтарының Ақтөбе уезiнде тұратынын айтып өткен.
Кетебай би бабамыз билер кеңесін өткізген ел қамын ойлаған, дәулетін көтеріп Бұқарадан, Хиуа, Самаркандтан шыққан керуендерді баж салығын (мәселен –керуен түсімінең 10 пайызын, яғни 40 түйенің төртеуін дегендей) алып отырған.
Сол керуенге салығын төлетіп бабамыздың мөрі басылған құжаты, Ресей патшасының Орынбор қама-лына дейін ресми жүріп отырған….
Өтетiлеу би Кетебайұлы

Өтетiлеу – Кетебайдың үлкен ұлы және әкесiнiң билiк жолын ұстаған баласы. Өтетiлеу Қарақалпақ, Бұхара, Қоқанд, Хиуа хандықтары арасындағы түрлi келiсiмдерге араласқан би.
1834 жылы Бұхараға сапар шеккен П.И.Демезон мен И.В.Виткевич “Записки о бухарском ханстве” атты еңбектерiнде (жазбаларында) Өтетiлеу би туралы сөздер бар.
Негiзгi мазмұны: «…1824 жылға дейiн хиуалықтар қазақтарды жыл сайын тонап отырды, бiрақ арнайы алым түрi жоқ болатын. Кейiннен тонаушылық шектен шыға бастайды. Сол тұста шөмекейлiктер Хиуа ханына арнайы елшi жiберiп, зекеттi өздерi апарып тұратын болып келiсiлген-дi. Бұл келiсiм 1832 жылға дейiн созылады».
Өтетiлеу би 1832-1833 жылдарда Хиуа ханына жолығып, бұдан былай зекеттi өздерi келiп жинауын ұсынады.
Өтетiлеу атында жер-су аттары бар.
Өтетiлеу шамамен 1789-1790 жылдары туып, 1860-1861 жылында өмiрден озған. Атақты Балқы Базар Төребай биге арнаған көңiлқосында:

…Өтетiлеу, Сарытай,
Мөңке, Қылыш би өттi.
Бес Бозғылдың баласын,
Наһандай өрге сүйреген, – деп Базекең тегiн айтпаса керек.
Ел жадында Өтетiлеу бидiң қыс айларында Арқада қайтыс болып, кейiннен Сырға әкелiнiп Ерсейтмембет әулиенiң қасы-на жерленгенi айтылады.
Ел Өтетілеу биді «Қыдыр көрген қасиетті әділ би туралықты шешеді, бір сөзді екі айтпайды» — деп баға берген.
Пiрәлi би Өтетiлеуұлы

Пiрәлi би – билiкке 1850-1860 жылдарда араласа бастағанын ескерсек, өмiрге 1810-1812 жылдары келiп, 1879-1880 жылдары бақилық сапарға аттанған. Пiрәлi би Жаңадария мен Қызылқұмда көшiп жүрген ауылдастарының 900 жылқы, 300 түйесiн тартып алып кеткен хиуалықтардың бегiне барып, тоналған малдардың қайтаруын талап етедi. Азулы бидiң ұтқыр да өткiр сөздерiне тоқталған хиуалықтар, барымталанған малдарын алдына салып берiптi.
Пiрәлi мен Қожеке батырға қатысты ел әңгiмелерiнде хиуалықтармен бол-ған бiр ұрыста Мырзабайдың баласы Қожеке хиуалықтардың 7-8 адамын өлтiрiп, алым-салық төлемей жiбередi. Осыған кектенген Қожанияз бек бiр жайлауда бөлек отырған Мырзабай қарияны әйелiмен күштеп көшiртiп алдырады. Пiрәлi би бұл оқиғаның соңы қанды қырғынға, бүлiншiлiкке ұлыспауы үшiн бекке барып тақымдасады. Әрi-берi тартыс сөзден кейiн Пiрәлiнiң артында Шөмекей елiнiң және батыр iнiсi Қожекенiң тұрғанын ескердi ме? Бек Мырзабайды босатқан көрiнедi. Жас Қожекенiң сол ұрыстан кейiн батырлығы елге жайылып, батыр атанған деседi.
Пiрәли би хақында ел аузында айтылып жүрген әңгiмелер көп-ақ, ол туралы жазылып қалған деректер де жоқ емес. 1857 жылдың 8 мамырындағы Рысмұхамед бидiң қазақ даласында орын алған көтерiлiстер жайлы Орынбор шекаралық комиссияға берген мәлiметiнде негiзiнен Жанқожа батыр бастаған көтерiлiстiң жайы туралы болған. Онда Жанқожа батыр Шөмекей руының биi Пiрәлiге өтiнiш жасап Бұхараға жiбергенi айтылған. Сондай-ақ осы мәлiмдемеде Пiрәлi би Бұхара әмiрiнен оқ-дәрi, астық сұрап барғанын және Пiрәлi бидiң Бұхарадан оралмағаны жазылған “Казахско-русские отношения в ХУIII-ХIХ веках”, Алматы, 1964, 424 бет. Осы кiтаптың 458 бетiнде, 1859 жылдың 17 қыркүйектегi Орынбор губерналық хатшысының Жанқожа Нұрмухамедов басқарған көтерiлiс жайлы жазбасында; 1856 жылдан Ж.Нұрмухамедов Жаңадария бойында Заңғартөбе маңында өзiнiң жақындары 10 үй және сұлтан Бөрi бастаған 20 шаңырағы тұратынын және олардың Шөмекейдiң көрнектi биi Пiрәлiге хат жазып, кеңеске қатысуын сұрағанын және 1858 жылы шөмекейлердiң Қарасақал руының Дабыл биiнiң 500 жылқысын қайтару мәселесiнде шешудi ойластырғаны құжатта анық көрсетiлген. Жалпы деректердi саралап отырсақ көп нәрсеге көз жеткiзесiз, 1860-1870 жылдарда осы аталықтан Қожекенiң және Пiрәлiнiң Алмас, Аман, Аманбай атты балаларының есiмдерi елге белгiлi болады. Алмас пен Аман Жолай аталығынан шығып, көңiлқосында:
«Беглiгiңiз Рысымбеттен берi қарай,
Тапжылмай жетi атаға келiп тұрған», деп Алмас бидiң Бекет аталығынан берi жетi атаға келгенiнде хабардар ете еткен
Пірәлі би қазақтар ұлт азаттық күрескері Кеңесарының баласы Сыздық сұлтанға Қарашұбар, Боқантауы және Тамдыбұлақ өңі-рінен әскер жинап, Сыздық сұлтанға көмектік ықпал жасаған би Ресей патшалығының Қазақ халқына жасап келе жатқан саясатына мүлде қарсы болып, Ресей патшалығының ұсынған жарым патшалық лауазымынан бас тартқан. Пірәлі би хақында (ел аузында) айтылып жүрген әңгімелелер көп-ақ, ол туралы жазылып қалған деректер де жоқ емес.
“Казакско-русские отношение в XVIII-XIX веках” Алматы 1964 ж. 424-ші бетте жарияланған. Жолай-Кетебай, Өтетiлеу, Пiрәлi билер хақында Балқы Базар, Дүр Оңғар, Шегебай Бектасұлы, Тұрмағамбет ақындардың жыр жинақтарымен қатар, Қазақстан ұлттық, Сыр елi энциклопедиялармен бiрнеше жинақтарға енген.
Кетебай (би) бабамыздың бiр баласы Таңат би болса, оның баласы Арғынбай батыр болған кiсi. Арғынбай батыр жөнiнде дастан жазған есiмi шетелге белгiлi жырау, ғалым, зерттеушi Алмас Алматов Арғынбай батыр дастанын жырлап келедi. Осы Арғынбайдан Төс туады, оның бiр баласының аты Ақмырза. Қарақ өңiрiнде Ақмырза 1881 жылы туып, 1930 жылы Қызыл әскерлердiң қолынан қаза тапқан. Ол 11 жасында Бұхарадағы “Көкелташ медресесiнде оқып, елге келiп, молдалықпен айналысады. 1928-1929 жылдардағы iрi байларды тәркiлеу, мешiттердi жабуға қарсы шығып 1930 жылы Қарақ тауында Кеңес әскерлерiмен ұрыста қаза болған. Ұрпақтарының бiразы атылып, бiрсыпырасы Ауғанға қашқан. Кезiнде “Түрiк иман” атты дiни кiтап та жазған кiсi. Елiмiз Тәуелсiздiк алғаннан берi Ақмырза ахунның ағайын-туыстары мен ұрпақтары Қазақстанға оралуда. Жалпы Жолай-Кетебай және оның ұрпақтарының билiк шешiмдерi, ел басқару iсiнде өзгелерден оқ (бойы озық болғанға ұқсайды.
Дүр Оңғар ақын:
…Тұр екен тойханада iс басқарып,
Түбекбай, Аман, Алмас батыр досым, деп жырлаған. Пiрәлiнiң үлкенi Алмас, Аман ортаншы ұл екен. 1896 жылы болыс Алмас Пiрәлиев 2 атымен өгiзiн ұрлаған Зарқұм Қуанышовты (бұл ұрылардың бастығы әрi би болған кiсi) ауылына кiргiзбей жiберiптi. Мұның өзi қарулы топтың басшысынан Алмас бидiң қаймықпағанын, оның әдiлдiктi сүйетiнiнен хабардар етедi. (бұл дерек Қазақстан мемлекеттiң мұрағатының 213 қорында сақталған).
Кетебай және оның ұрпақтарында аумалы-төкпелi жылдарда көптеген құнды дүниелер жоғалып, немесе қолды болыпты.
Бүгiнгi күндерi Өзбекстан мен Қарақалпақстаннан Темiртау өңiрiнен көшiп келген Кетебай бидiң ұрпақтары бабаларының туғанына 265-270 жыл толғанына орай қауымдасып, үлкен ас бермекшi.
Мен де өз тарапымнан елдiң елдiгiн жасамақ азаматтардың iстерiне сәттiлiк тiлеймiн.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *