Алматы қаласы Алатау ауданы №169 жалпы  білім беретін мектеп оқушыларының шығармалары Алматы қаласы Алатау ауданы №169 жалпы  білім беретін мектеп оқушыларының шығармалары
Қыс Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты.... Алматы қаласы Алатау ауданы №169 жалпы  білім беретін мектеп оқушыларының шығармалары

Қыс
Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді.
Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Ағаш жапырақтарынан айрылған, аянышты күйге түскен. Одан самал желдің әсерімен ғажап музыка ойнап тұрғандай дыбыс шығады. Дала – тынық, тып-тыныш. Кешке таман жел күшейіп, боран басталды. Суретші аяз терезеге әсем суретін салды. Осының бәрі көзге ыстық көрінеді.
2 «В» сынып оқушысы Усербай Ботагөз Серікқызы

 

Өзім туралы
Мен Алтаева Аяла №164 жалпы білім беретін мектептің 2 «В» сыныбында оқимын. Мектепте өтетін жарыс онлайн олимпиадалар орталығы ұйымдастырған жарыстарға қатысып тұрамын.2-сынып оқушылары арасында өткен математика пәнінен республикалық олимпиададан 3-ші дәрежелідиплом алдым.Кішкентай кезімнен өлең айтқанды және билегенді ұнатамын.Мектепте «Гүлзада» би үйірмесіне қатысамын. Онда біз әр ұлттың қазақ,шығыс,үнді билерін билейміз.Болашақта дәрігер болуды армандаймын,ол үшін мен сабақты үздік оқуым керек.

2 «В» сынып оқушысы Алтаева Аяла Әсетқызы

 

Туған мекенім- мақтанышым
Әр адам өз жерін, елін мақтан етеді. Менің туған жерім, білім алып келе жатқан, өсіп жатқан жерім – Шаңырақ. Бұл мекенде әдемі екі мектеп бой көтерген. Мен №169 мектеп-лицейде оқимын. Алматы іргесіндегі осы мекен өзіме ыстық. Жаңарып, бой түзеген Алатау ауданына да 10 жыл толыпты. Менімен қатар өсіп келе жатқан ауданым мен ауылым менің жүрегімнің төрінде. Ағаштар да бой түзеп жайқала түседі. Өскенде туған ауылым Шаңырағым үшін қызмет еткім келеді.
Айтбай Аружан №169 мектеп-лицейінің
3 «Ж» сынып оқушысы

 

 

Менің отбасым

Отбасым менің отаным,
Әкешім жаным қорғаным.
Бауырларым жандарым
Күніміз бізді жылытар,
Айналдым асыл анашым.
2 «В» сынып оқушысы-
Сапарғали Назым Рауанқызы

Аққала

Өзі аппақ ұлпа қар,
Сүйікті де аққала.
Аппақ өзі әдемі,
Қалпағы бар аққала.

2 «В» сынып оқушысы —
Бейсембекова Құралай Талғатқызы

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *