Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы, № 4 орта мектеп оқушыларының жеке шығармашылық жұмыстар Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы, № 4 орта мектеп оқушыларының жеке шығармашылық жұмыстар
ЖҰМБАҚ Барлық тамақ менен өткен, Бас әрпім дауыссыз. Қораз бұл кезде шақырады, Бұл дыбысты алсаңыз. К-дан бастасаң бояумын, Л-дан бастасаң – ешкі төлі. Ш-дан... Алматы облысы, Іле ауданы, Жәпек батыр ауылы, № 4 орта мектеп оқушыларының жеке шығармашылық жұмыстар

ЖҰМБАҚ

Барлық тамақ менен өткен,
Бас әрпім дауыссыз.
Қораз бұл кезде шақырады,
Бұл дыбысты алсаңыз.
К-дан бастасаң бояумын,
Л-дан бастасаң – ешкі төлі.
Ш-дан бастасаң көкпін,
Далада өсетін ….пін. (Көк, лақ, шөп)

Р-дан бастасаң гүл аты,
Т-дан бастаң ол асқар.
К-ден бастасаң әдемісің ең сұлу,
Бөпе кезімде жаттым сонда күн-түні.
Соңғы екі әрпін алсаңдар,
Шыға келем баға боп,
Көтеретін көңілді.
(Бесік, бес)

4 «В» сынып оқушысы
Тасмак Гаухар

МЕТАГРАММА

Т-дан бастасаң көлігің болады,
Ж-дан бастасаң жайлауың болады.
С-дан бастасаң шұңқыр болады,
Бәрін тапсаң миың болады.

ОМОНИМ

Төрт түліктің бірімін,
Тыюдың бір түрімін.
Өзім тисіпе деймін,
Бірақ қызығып жеймін.
(Алма)
Алғашқы буыным
Дауыссыз дыбыстың бірі.
Екінші буыным жәндіктің бір түрі,
Екеуін қоссаң болады түстің бір түрі
(Қара)

Сахитжан Арайлым

Ж-дан егер бастасаң,
Желбіреймін төбеңде.
П-дан егер бастасаң,
Дәмді аспын жегенге.
(Жалау-палау)
Карибай Аяжан

Мені аңдар жей алмас,
Өйткені денем тікенді.
Соңына қоссаң бір әріп,
Сәнді сарай салатын
Шыға келем бір зат боп.
(Кірпі-Кірпіш)

Нұрланқызы Ұлпан
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗЫМ!

Қыр гүліндей құлпырған,
Ұлағатты ұстазым!
Құтты болсын мерекең,
Өзіңмен бірге қыс-жазым!

Білім берген талмаған,
Аяулы менің ұстазым!
Сіз секілді өскенде,
Ұстаз болу арманым!

Бүкіл әлем бас иген,
Ұлы жансың ұстазым.
Оқуға шабыт оятқан,
Таусылмасын қайратың!

2 «Д» сынып оқушысы
Абдуманап Перизат Ерболқызы,
Жетекшісі – Чаимбекова Айдана

МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ

Жақсы көрем, апайым, мен өзіңді,
Қадір тұтам айтылған әр сөзіңізді.
Мерекеңіз сыйласын сізге шаттық,
Қабыл етсін, бір Алла тілегіңді.

Біліміңді қуана қабылдаймын,
Тәрбиеңнен берілген жаңылмаймын.
Адам болу жолында алға басам,
Жалқаулыққа ешқашан салынбаймын.

2 «Д» сынып оқушысы
Кәдірбай Жігер Қайратұлы

ҰСТАЗЫМА

Маған білім үйреткен
Арайлымдай апайым.
Тәрбие мен ақылды,
Үйреткен де апайым.
Арайлымдай апайды,
Құрметтейміз бәріміз.

1 «Д» сынып оқушысы
Жәнібек Ержанұлы,
Сынып жетекшісі –
Жумабаева Арайлым Елтаевна
ОЙЫНШЫҚ

Менде де бар ойыншық,
Сенде де бар ойыншық.
Ойыншықпен ойнап,
Қойып қойғын жинап.

1 «Д» сынып оқушысы
Жарылқап Диана

МЕКТЕП

Мектепке мен де барамын,
Оқып білім аламын.
Апайымды тыңдаймын,
Үздік бала боламын.
1 «Д» сынып оқушысы Тұрсынғазы Абзал Бейбітұлы

АЛАТАУ

Алатау – биік тау боп саналады,
Шыңында оның көп қар сақталады.
Сылдырлаған бұлақтары сыр салады,
Алатаудың бөктерін бұлт алады.

Әдемі табиғаты, таза ауа,
Жасыл желек құлпырған бұл даланы.
Ұшып жүрген құстары ән салады,
Көрік беріп тұрғанда табиғаты.

4 сынып оқушысы
Абатбай Асхат

МЕНІҢ ҰСТАЗЫМ

Ең аяулы есім ғой ұстаз деген,
Ұстазды барлығы да ұлы деген.
Білім беріп өсірген бар мейріммен,
Ардақтысың, шуақ шашқан нұрыңмен.

Күн нұрындай жүзіңмен,
Үйретуден тынбаған.
Білімді боп шықсын деп,
Бар жігерін арнаған.

3 «Ж» Шерназар Бағлан,
сынып жетекшісі –
Кожаканова Насихат

МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫМ

Ұстаз – қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Ұстаз – әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап өсіріп, қанатын қатайтып ұшырады. Адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.
Алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып «Сауат ашу» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым – Бұлбұлқұс апай еді. Бойындағы бар ерік-жігерін аямай, шәкірттерін білім әлеміне қызықтырып, оқытып қана қоймай, өнерге де жанын салып үйретті. Мектепте өтетін барлық шараларға бізді өзі әзірлеп, көркемсөзді дауыс ырғағын келтіріп, мәнерлеп оқуға, би билеп, ән айтуға баулыды.
Бұлбұлқұс апай – өте мейірімді, ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, өнерлі жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны – біз үшін ерекше. «Ұстаздық – ұлы құрмет». Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншіні де, кенші мен дәрігерді де – ұстаз өсіреді. Аналарды қалай ардақтасақ, ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз. Мен алғашқы ұстазымды мәңгі-бақи мақтан тұтамын.

№4 орта мектептің
3 «Е» сынып оқушысы
Арман Абдіжамиұлы,
жетекшісі – Қожаева Алия
МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫМ

Ұстаз – қасиетті, ұлағатты есім. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда, қолымнан жетектеп, партаға әкеп отырғызған, әріп танытып, әлемді танытқан білімді, мейірімді ұстазым еді. Ұстаз – ол нұрын шашып тұратын сәуле. Өйткені, білімді ұстазымыз алғаш әліппені оқытып, қолымызға қаламсап беріп, жазуды, қалай сөйлеу керек, үлкен-кіші адамдарды қалай сыйлау керектігін үйретіп, айналамыздағы табиғатты, жан-жануарларды танытты.
Жақсылық пен жамандықтың не екенін ажырата білуімізді, тәрбиелі болуды үйретті. Ата-анамнан кейінгі жанашыр адам, ол – ұстаз! Ұстаз – оқушының екінші анасы. Ол әр оқушының көңіл-күйін бақылап отырады. Әрбір оқушысына алаңдап отырады. Сыныптағы барлығымыздың жағдайын жасап отырады. Менің алғашқы ұстазым – Төлебекова Алтынай апай. Мен ұстазымды анамдай жақсы көремін.
Ұстазым өте білімді, мейірімді әрдайым анамыздай қамқорлығын жасайды.Ұстазым үнемі жақсы оқып, білімді болып жүруімізді талап етеді. Апайым тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге ән айтады, би билейді. Мектепте өтетін әртүрлі жарыстарға дайындайды.
Мен ән айтуды, билеуді, сурет салуды, мәнерлеп оқуды үйрендім. Үйреніп қана қойған жоқпын, алған білімімді болашақта қолдануға дайын болып келемін. Өз ойымды ашық айта алатын болдым. Мен осы ұстазымның арқасында барлық жарыстардан жүлделі орындар алып жүрдім. Апайымның еңбегі өте зор. Алтынай апайыма арнап өлең жаздым.
Ұстаз – ол жарық сәуле,
Оқушыға нұрын төккен.
Ұстаз – ол жарық жұлдыз,
Оқушыға жол көрсеткен.
Ұстаз – ол мейірімді жан,
Оқушыға мейірімін төккен.
Ұстаз – ол дарынды жан,
Бар білгенін үйреткен.

Ұстазыма әрқашан ризамын. Осындай ұстаздар көп болсын! Ұстазымның үйреткен білімінің арқасында барлығын үйреніп келемін. Менің білімді, үздік оқушы болуым – осы ұстазымның арқасында. Алғашқы ұстазымды ешқашан ұмытпаймын, ұстазыма көп-көп рахметімді айтамын. Менің апайым ең үздік ұстаз. Мен ұстазымды мақтан етемін.

№4 орта мектептің 4-сынып оқушысы Ислам Бақдәулет,

жетекшісі – Төлебекова Алтынай
ӘКЕШІМ

Асқар тауым, әкешім, бәйтерегім,
Ата-ана балаға бар керегің.
Бәйтерегім, әкешім, сен тұрғанда,
Қорқыныш тудырмайды еш кедергі.

Бәйтерегім, әкешім, еркеңмін мен,
Сен бар болсаң, сенемін ертеңіме.
Жаратқанға шүкір етем шын көңілмен,
Денсаулық бере көр деп ата-анама.

Бәйтерегім, әкешім, асқар тауым,
Сен барда елімізге келмес дұшпан.
Сен тұрғанда еркелеймін шаттанамын,
Бәйтерегім, әкем бар деп мақтанамын.

МҰҚАҒАЛИ АТАМА

Түсіңе де кірмейтін сан ақылға,
Біздің елде туылған дара тұлға.
Еске алып қояйықшы шумақ жазып,
Мұқағали атамыздай дана ақынға.

Барлық жырын күллі әлемге арнаған,
Еш бір сөзі орынсыз боп қалмаған.
Көңілдерді өлеңімен тербетіп,
Сөзбен өмір суреттеген талдаған.

Мың жылда бір туылатын ақын едің,
Атың шығып, даңқты болып жатыр елің.
Мақатаев Мұқағали атамыздай,
Келер ме екен елімізге ақын енді?!

2 «а» сынып оқушысы
Ильяс Зере

ҚИЯЛ

Қиял – адамға тән қасиет. Әрбір адамның өзінің қиялы, арманы болады. Қиялдау адамның жас ерекшелігіне де байланысты. Қиялдай алу да өнер болып табылады. Қиял адамның өскен ортасына, ұлттық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты болады. Әр адамның қиялы ерекше. Әрбір қиялда терең мән жатыр. Мысалы: кейбір адамдар ғарышқа ұшсам екен деп армандайды.
Ал кейбіреулері болса, мен археолог болсам екен деп қиялдайды. Қиял өзіңнің бір ойың. Әрбір адамға өзінің қиялы тәтті қиял болады. Тіпті мүлдем қиялдай алмайтын адамдар кездеседі. Ал көп қиялдайтын адамды – қиялшыл адам деп атайды. Ол ерекше сезім, өз ойыңнан туған арман.
Қиял деп бірнәрсені ойлап қана қоймай, оны ары қарай жалғастыруды айтады. Қиял адамға керек нәрсе.
Қиялданғанда бір қиялды бәрі ойламайды. Әр адамның өз қиялы болады. Мысалы: таңертең тұрып, осы күнім керемет өтсе екен деп бір шолып өтеді. Қиялдың әртүрлі болуы білім, тәжірибесіне де байланысты.
Әр адамның қиял ерекшеліктері – оның жеке қызығушылығы мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болады. Мәселен, мен өзімнің қиялыма тоқталып өтсем: мен өскенде суретші болғым келеді, елге танымал болғым келеді. Ең әдемі суреттерді салып, ел-жұртқа, басқа да ұлт өкілдеріне танымал болсам деймін. Ол үшін мен өте жақсы деген бағамен оқып, білімді, білікті маман иесі болуым тиіс. Әрине, ең алғаш қолыма қарындаш, қалам, қағаз ұстағанда да, өте әдемі сурет салдым деп ойламаймын.
Уақыт өте келе, сол суреттерімнен тәжірибе жинап, әдемі сурет сала бастадым. Қазір сурет үйірмесіне түрлі-түрлі жарыстарға қатысып жүрмін. Маған сурет салу ерекше ұнайды. Кейде мен өскенде керемет сурет салып отырғанымды елестетемін. Жалғыз өзім тыныштықта отырып қиялдаймын.
Мен өскенде бұданда әдемі сурет саламын деп ойлаймын. Мен қазіргі қиялым – өскенде орындалатын арман мақсатым сияқты. Қиялдаудың арқасында мен осылай керемет атақты суретші болғым келеді.

2 «а» сынып оқушысы
Жұбанышқызы Ақтілек

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *