Көне түркілік  құндылықтар жалғасы Көне түркілік  құндылықтар жалғасы
Жібек МӘСІМХАН Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаттың 11-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық ғылыми жоба жүлдегері, Қ.Бітібаева атындағы... Көне түркілік  құндылықтар жалғасы

Жібек МӘСІМХАН

Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта
мектеп-интернаттың 11-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық ғылыми жоба жүлдегері, Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың ІІ орын, республикалық гуманитарлық пәндер олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орын иегері

…Түркі атақ-даңқы өшпесін деп,
Мені қаған етіп отырғызған еді.
Ең болмаса бай халыққа отырмадым.
Іші ассыз, сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым.
…Бағым болғандықтан,
Сәті түскендіктен,
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халық тонды,
Кедей халықты бай қылдым
Аз халықты көп қылдым
Тату елге жақсылық қылдым…
Халық қашанда қас үлектен туған қара нардай қатепті ерлердің ел басқарғанын қалайды. Қырғыз, қазақ, түрік, жалпы түбі бір түркі халықтарының тарихы тереңде жатыр. Сонау 552 жылы жужандардан бөлініп шығып, жеке-дара билік құра бастаған түрік қағанаты ішкі талас-тартыстардың әсерінен екіге бөлінді. Соғыстан, талас-тартыстан азып-тозған ел жұрттың жағдайын ел бағына туған Білге қаған өзгертті. Менің ойымша, бүгінгі Қазақстанның Білгесі- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ал олай деуімнің себебі – Елбасының ел бірлігін сақтай білуі.
Түркі халқы атақ-даңқы өшпесін деп Білгені қаған етсе, қазақ тәуелсіздігімізді тұғырлы етсін деп Нұрсұлтан Әбішұлын ел көшін биікке бастар көшбасшы деп таныды.
Ең болмаса бай халыққа отырмадым.
Іші ассыз, сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым, – деп «Күлтегін» жырында Білге қаған болғанға дейінгі халықтың қиын жағдайы сипатталады. Ал Елбасы ел тізгінін қолға алған тұста Қазақстанның жай-күйі қандай еді? Үш жүз жыл бодандықта өмір сүріп, рухани құндылықтарымыз сарқылып, малға бай болсақ та, ғылымға, білімге кедей болдық.
Бағым болғандықтан,
Сәті түскендіктен,
Өлімші халықты тірілттім, – деп Білге қаған ел жағдайын қалыпқа келтіргенін бағының болғанымен байланыстыра келіп мәлімдейді. Елбасы да бағы болғасын ба, таудай талабы болғасын ба елдің жайын әлдеқайда жақсартты. Тіліміздің мәртебесін арттырды, жастарды білімге бағыттады, еліміздің төріне Астананы салдырды. Шүкір, бүгінде өзгелермен терезесі тең, бірлігі жарасқан халықпыз.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» – дейді қазақ. Халық айтса, қалт айтпайды. Тарих беттерінде талай хандық бірліктің жоқтығынан ыдырап, жойылып кетті. Кезінде қазақ хандығының да Ресейдің құрамына кіруіне осы ел бірлігінің жоқтығы себеп болды. Бүгінде қазақ даласын 130-дан астам ұлт өкілдері мекендейді. Ешқандай ұлттың ұлттық құндылықтарына, дініне қол сұғылып, құқығы бұзылмады. Голощекин қолдан жасаған ашаршылықтан, үш қазақта бір мылтық болған Ұлы Отан соғысынан қырылып, саны азайған халық саны жыл санап артуда. «Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көршің артық» дегендей көршілеріміздің барлығымен дерлік татумыз. Алыстағымен де достығымыз берік. Мұның барлығы дерлік Елбасының озық саясатының нәтижесі. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылған Білге қаған:
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым, – деп, өз саясатындағы ең негізгі жетістіктерді тасқа қашап жаздырды. Елбасының да аз халықтың санын арттырып, ел болашағын жақсартуға қосқан үлесі Нұрсұлтан атын тарих беттерінде алтын әріппен қалдыратыны сөзсіз.
Қорытындылай келе, қай уақытта болсын, қай ғасырда болсын елім деген ерлер ел басқарса, елі– тұғырлы, жері – кең, мәдениетке бай, күллі әлем мойындаған халық пен тарихта аты қалған билеуші болары хақ.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *