Қазақстан мен Мысыр дәрі-дәрмек шығаратын бірлескен кәсіпорын ашпақ Қазақстан мен Мысыр дәрі-дәрмек шығаратын бірлескен кәсіпорын ашпақ
Қазақстан Мысыр еліне дәрі-дәрмек шығаратын бірлескен кәсіпорын ашуды ұсынды. Бұл туралы бүгін Ақордада Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен өткен келіссөздерден кейін БАҚ-қа жасаған бірлескен... Қазақстан мен Мысыр дәрі-дәрмек шығаратын бірлескен кәсіпорын ашпақ

Қазақстан Мысыр еліне дәрі-дәрмек шығаратын бірлескен кәсіпорын ашуды ұсынды. Бұл туралы бүгін Ақордада Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен өткен келіссөздерден кейін БАҚ-қа жасаған бірлескен мәлімдемеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісіне   сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

«Мысыр астықты ең көп сатып алатын мемлекет, біз ең көп экспорттайтын елміз. Қазақстан астық экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. 2006-2010 жылдары Қазақстан Мысырға бір миллион тоннадан астық жіберіп отырған. Осы бағытты одан әрі өркендетеміз», — дейді Президент.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Мысыр фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр.

«Мысырда фармацевтика саласы өте жақсы дамыған. Біз өзара іс-қимылды осы салада дамытуға мүдделіміз. Елімізде қазірдің өзінде Мысырдың қырыққа жуық дәрі-дәрмегі, 30 шақты медициналық ұйымы тіркелген. Біз Мысыр тарапына елімізде бірлескен дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын ашуды ұсынып отырмыз», — деді Елбасы.

Айта кетейік, Қазақстанға тұңғыш  ресми сапармен Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси келді. Ақордада мемлекет басшылары өзара ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылап, нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жолаушы

Жолаушы

Қыркүйек 30, 2015 0 259

ОРДА

ОРДА

Қыркүйек 30, 2015 0 290

САБАҚТАСТЫҚ САРЫНЫ

САБАҚТАСТЫҚ САРЫНЫ

Қыркүйек 30, 2015 0 317