Түркістанда тіл жаңаша түлемек
18.09.2018 0 2 131
Еркінбек СЕРІКБАЙ,
«Жалын» журналының қызметкері,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
3-курс докторанты
Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына Жолдауында алда атқарылар жұмыстарды нақты айқындап берді. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.
Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшіру мәселесі бойынша тұрғындар арасында қоғамдық пікір туғызу, талқылау мақсатында желілік кесте әзірленіп, іс-шаралар жоспары бекітіліп жұмыстар жасалынды.
Кестеге сәйкес мемлекеттік органдарда, мекемелерде, жоғары және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жергілікті БАҚ арқылы насихатталды. Іс-шараларға лингвист ғалымдар, профессор-оқытушылар, тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар және басқа да әлеуметтік топтар қатысып, Мемлекет басшысына ұсынылған қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді. Қорытындысы бойынша жинақталған ұсыныстар тиісті орындарға жолданды. Баспасөз беттерінде латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәнін, мақсатын насихаттауға бағытталған мақалалар, сұқбаттар, зерттеу жұмыстары мен ғылыми еңбектер жарияланды.
Үкімет тарапынан латынға көшу жөнінде көп жұмыстар атқарылды. 16 қарашада Премьер Министр Б. Сағынтаевтың төрағалық етуімен латын әліпбиіне байланысты Ұлттық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Нәтижесінде төрт бірдей бағытта жұмыс істейтін топтар айқындалды.
Бірінші – орфографиялық жұмыс тобы. Екінші – әдістемелік жұмыс тобы. Үшінші – терминологиялық топ. Төртінші – сараптамалық-техникалық топ. Бұл топтар өз жұмысын аяқтап болған соң, нақты тапсырмалар жүзеге асатын болады.
Латынға көшу – бүгінгі қазақ қоғамының ең өзекті тақырыптарының біріне айналды. Елді, ұлтты рухани жаңғырту мен болашаққа бастаудың аса маңызды тетіктері де осы тіл мәселесімен тікелей байланысты. Сондықтан қазақ тілін заман талабына сай жаңғыртуымыз керек. Бұл әрбір жаңа дәуір тұсында міндетті түрде болатын құбылыс.
ҚР Президенті 2017 жылғы 26 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойып, 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді. Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуін кезең-кезеңімен қамтамасыз ету, түрлі сала бойынша мамандардың біліктілігін арттыру, кадр мамандары мен іс жүргізушілерді қайта даярлау, әдістемелік құралдар дайындау, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ақысыз оқыту жұмыстары Тілдерді оқыту орталығына үлкен міндеттер жүктейді.Облыс көлемінде Тілдерді оқыту орталықтары жұмыс жасайды.
Осыған орай, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың ауқымдылығына байланысты Тіл-дерді оқыту орталықтарының ғимаратын, материалдық техникалық базасын соңғы үлгідегі заманауи құралдармен жабдықтау қажет. Аталған міндеттер мен тапсырмаларды орындау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылатын болады. Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Мәдениет және тілдер басқармасының келтірген есептеріне сүйенер болсақ, аймақта тіл мен мәдениетке жақсы жағдай жасалғаны көрініп тұр. 736 мәдениет және өнер мекемелері халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Оның iшiнде: 428 кiтапхана, 258 мәдениет үйі мен клуб мекемелері, 25 музей, 1 көркемсурет галереясы, 8 кәсіби театр, 7 саябақ, облыстық филармония, «Оңтүстікфильм» мекемесі, «Оңтүстік-Цирк» мекемесі, «Түркістан сарайы» концерттік мекемесі, көрме орталығы, зообақ бар. 2018 жылдың І тоқсанында 7 облыстық деңгейдегі, жалпы клуб мекемелерінде 2982, кітапханаларда 4851, музейлерде 212 көпшілік іс-шара өткізілген. Барлығы – 8052 іс-шара. Өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда іс-шара саны 6 % артты.
Негізгі іс-шаралар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы және елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы аясында өткізілуде. Есепті мерзімде облыстық «Арай-2018» жас эстрада әншілері мен іс-шара жүргізушілердің байқауы, Қазығұрт ауданында Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз Қазығұрттан басталады!» атты мәдени-көпшілік іс-шарасы, дәстүрлі «Наурыз» ақындар айтысы ұйымдастырылып, өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттау, тұрғындар арасынан сөз өнеріне жақын, тілге шешен азаматтарды іздеп табу мақсатында «Кәнеки, тілім, сөйлеші!» облыстық шешендік өнер байқауы өткізіліп, облыстың аудан, қалаларынан 15 үміткер қатысты.
Жоғарыда аталған бағдарламалық мақала аясында басқармаға қарасты 35 облыстық мәдениет және өнер ұйымдары арнайы жоба бекітіп, тиісті жұмыс атқаруда.
Есепті кезеңде 8 кәсіби театрда 11 жаңа спектакль сахналанып, ағымдағы 523 спектакль қойылып, 94 697 көрермен қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда театрға келушілердің саны 40,8% артты.
Облыстық филармонияда 68 концерт қойылып, 17 121 көрермен қамтылды. 2017 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда көрермен саны 14,4% артты. «Түркістан» сарайында 13 түрлі мәдени іс-шара мен концерттер өткізіліп, 16 900 көрермен қамтылды.
«Оңтүстік-Цирк» мекемесінде 27 қойылым мен іс-шара өткізіліп, 4996 көрермен қамтылып, өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда іс-шаралар саны 4-ке артқан.
Облыс музейлерінде есепті мерзімде 4013 экскурсия, 239 көрме, 212 көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, 134 351 келушілер қамтылды. 1571 дана жаңа экспонаттар жинақталып, жалпы қор 174 430 данаға жетті. Ауданаралық және қалааралық 55 көшпелі көрмелер ұйымдастырылды. 2017 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда музейлерге келушілер саны 89% артты.
Өткен 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында «Мемлекеттік тіл – халықтар достығының дәнекері» атты байқау өтті. Облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы ұйымдастырған шараға өзге ұлт өкілдерінің оқушылары қатысқан.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын көбейту мен мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған шарада жастардың қазақ тілін еркін меңгергендігіне мән берілді. Байқауға қатысқан орыс, өзбек, тәжік тілдерінде білім алатын бітіруші түлектер қазақ тілінде шағын шығарма жазды. Сонымен қатар қатысушылар мемлекеттік тілде өлең түрінде немесе көркемсөз оқу арқылы өзін және өзі оқитын мектебін жұртшылыққа таныстырды. Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Қазақ халқының ұлттық өнерінен, атап айтқанда аңыз, қисса, дастан, көркемсөз, күй, терме және т.б. үзінділер көрсетіп, сайысқа түсті. Ал, қазылар алқасы үміткерлердің білімі мен өнерін бағалау кезінде олардың мемлекеттік тілді меңгеруіне, жазу сауаттылығы мен сөйлеу мәнеріне, қазақ тілі мен әдебиетін білу деңгейіне, сахнада өзін-өзі ұстауы мен шешендік қабілетіне және киім сәніне назар аударды. Байқау нәтижесінде бас жүлдені Төлеби ауданынан қатысқан Диана Исатаева алса, бірінші орын Кентау қаласынан қатысқан Гүлсина Нематоваға бұйырды. Ал, екінші орынды Арыс қаласынан келген Виктория Черкашина, үшінші орынды Отырар ауданынан қатысқан Владислав Клименко жеңп алды. Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Байқаудың қатысушыларына Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының арнайы алғыс хаттары мен дипломдары тапсырылған.
Облыстағы 428 кітапханада 4851 көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Оқырмандар саны 218 683 адамды құрап, 33786 дана жаңа басылымдармен толықтырылып, кітап қоры 7 млн. 235 мың данадан асты. Жалпы кітапханалардың кітап қоры жыл сайын орта есеппен 1,2% артып отыр. Облыс бойынша кітапханалардың электрондық кітап қоры 22 997 дананы құрады. 2017 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда келушілер саны 24,4%, ал оқырмандар саны 2,1% артқан.
2018 жылы басқарма тарапынан 40-тан астам облыстық деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады. «Қазақстанның қасиетті, киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Шымкент қалашығын музей-саябақ, ашық аспан астындағы музей құру бойынша археологиялық жұмыстары ағымдағы жылы жалғасын табатын болады.
Қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілген Ордабасы тауын абаттандыру мақсатында 3 бидің ескерткішін орнатылатын болады. Ұзын ата кесенесінің, Ақсүмбе мұнарасының сараптама жұмыстары жүргізіліп, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Түркістан қаласы бойынша тарихи ескерткіштерді зерделеп, жинақ кітабы шығарылады. Оңтүстіктегі таңбалы тастарды іздеу және археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, «Қазақстанның киелі жерлері» туралы аңыз-әңгімелер жинағы шығарылады.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қасиетті Қазақстан», базалық бағыты бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының киелі жерлер географиясы», «Оңтүстік-тарихи-рухани орындар мекені» жобалары, «Туған ел-туған жер» базалық бағыты бойынша «Біздің көршілер», «Ұлттық киімдер» жобалары, «Төле би» атты 10 сериялы деректі фильмінің, «Ордабасы-бірліктің туы», «Түркістан», «Оқсыз» атты анимациялық фильмдерді шығару және тағы басқа жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылған.
Ал, 2016 жылы тілдерді дамыту саласына бөлінген қаржы – 10428,8 теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 2758,8 мыңға артып отыр.
Мемлекет Басшысы халыққа кезекті Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 80%-ға, 2020 жылға дейін 95%-ға, ағылшын тілін меңгерген үлесі 22-%ға дейін жеткізу міндетін қойды. Республикада бұл көрсеткіш 2015 жылы 76,3% құраса, 2015 жылы облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 90,0%-ды, орыс тілін 61,5%-ы, ағылшын тілін 7,8%-ы меңгерген.
Тапсырмаға сәйкес, барлық аудан, қалаларда мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін тегін оқытатын 14 орталық жұмыс жасайды.
2016 жылдың 1-жартыжылдық қортындысы бойынша облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 91,0%, орыс тілінің үлесін 62,5 ағылшын тілін меңгергендер үлесі 8,0 %-ды құрады. Ал үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген үлесі 10,2%-ды құрады. (Әлеуметтік социологиялық зерттеудің нәтижесінің қортындысы бойынша).
Ономастика бойынша, 2015 жылы ҚР Үкіметі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының батырлары мен бірнеше медальдармен марапатталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін тоқтамнан тыс бірқатар мекемелер мен әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне беру бойынша тапсырма берді. Тапсырмаға сәйкес 6 мектеп пен 24 көшеге Кеңес одағының батырлары мен Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімі берілді. Барлық аудан, қалаларда сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерін реттеу бойынша жұмыс топтары құрылған. Бүгінде облыстағы 473 коммерциялық нысанның заңнамаға сәйкес келмейтіні анықталған. Аудандық, қалалық, облыстық насихат топтарының бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесінде 203 нысанның жарнама мәтіндері ретке келтірілді. Қалған 270 коммерциялық нысанның маңдайша жарнама жазуларының заңға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
Бағдарламалық мақала аясында есепті мерзімде Оңтүстіктің өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары Финляндия, Эстония, Швеция, Түркия Болгария, Босния және Герцеговина елдерінде өнер көрсетті.
«Жаһандық заманауи Қазақстандық мәдениет» бағыты бойынша облы-сымыздың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру мақсатында театрлар мен концерттік ұйымдардың гастрольдік сапарлары жақын және алыс шетелдерде ұйымдастырылатын болады. Облыстың өнерпаздары Францияға, Финляндияға, Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Ресейдің Қазан қаласына, Өзбекстанның Ташкент қаласы және т.б. халықаралық байқау, фестиваль, көрмелерге қатысатын болады.
Қазақстан Республикасында тіл-дерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен аталған бағдарламаның орындалуына бағытталған іс-шаралар жоспарлары бекітіліп кезең-кезеңімен (ІІІ кезең) іске асырылуда.
Бағдарламаның үшінші кезеңін іске асыру мақсатында облыстың 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бағдарламаның бірінші бағыты облыста «мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі» нысаналы индикаторы бойынша 2018 жылдың І тоқсанында 92,4%-ға жетті. Өткен жылдың есепті кезенімен салыстырғанда 1,4 %-ға артты. 2018 жылы тілдерді дамыту саласы бойынша 16 іс-шара және «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден 2000 адамды өткізу жоспарлануда.
Бағдарламаның екінші бағыты – «мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдаланылу аясын кеңейту» мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы (облыста БАҚ-тың жалпы саны – 236) қазақ тіліндегі контентінің үлесі нысаналы индикаторы 2018 жылдың І тоқсанында 62,9% жетті. Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 0,7% артты.
Үшінші бағыт – дамыған тіл мәдениеті — зиялы ұлттың әлеуеті бойынша «облыста тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қана-ғаттанушылық дәрежесі» нысаналы индикаторы 2018 жылдың 3 айында 82,5% құрады, өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда көрсеткіштер 1% артты.
Елбасының идеологиялық тұрғы-дан ескірген, қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 2018 жылдың I тоқсанында, облыстық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, 7 мектептің, 2 елді мекеннің, 50 көше, жалпы 59 ұсыныс қаралды.
Бағдарламаның төртінші бағыты – қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту бойынша ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі ағымдағы жылдың І тоқсанында 15,7% жетті. 2017 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2,2 % артты.
Сондай-ақ, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендер үлесі 2018 жылдың 3 айында 10,6% жетті. Өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда 0,4%-ға артқан.
Архив ісі бойынша Қазіргі уақытта облыстың архив мекемелеріндегі қорлар саны 4669 бірлікті құраса, оның ішінде сақтаудағы құжаттардың саны 1527798-ге жетіп отыр. 2016 жылдың 1-жартыжылдығында 5191 басқару құжаттарының сақтау бірлігі, 60 ғылыми-техникалық іс, 62 фотоқұжат, 151 жеке текті, 6377 жеке құрам құжаттары архивтерге мемлекеттік сақтауға қабылданды.
Облыста 2579 мекеме, ұйым, кәсіпорындар ҚР-ның ұлттық архив қорын толықтыратын мекемелерді, оның ішінде құжаттары мемлекеттік сақтауға өткізілуі тиіс 56 мемлекеттік емес заңды тұлғаларды құрайды, яғни архив осы мекемелердегі іс қағаздарын жүргізу және құжат сақтау жағдайын қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру, құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау, оларды белгіленген тәртіппен реттеу жөнінде ұйымдастыру-әдістемелік жағынан көмектесіп, қадағалайды.
Осыған сәйкес 2016 жылы 1-жартыжылдығында облыс әкім-дігінің жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының 9 отырысы өткізілді. Комиссия отырысында 275 істер номенклатурасы, 92 сараптау комиссиясы туралы ережесі, 55 ведомстволық туралы ереже, 2 тізбе, 1 қысқаша анықтамалық, 6 ереже, 24 лауазымдық нұсқаулық, 264 мекеменің құжаттары ретке келтіріліп – басқарушы құжаттаманың 7512 іс тізімдемесі, жеке құрам бойынша 9242 іс тізімдемесі, 229 фотоқұжаттар тізімдемесі, 111 ғылыми-техникалық құжаттарының, 31 азаматтың жеке текті құжаттарының 294 сақтау бірлігі, оның ішінде 946 құжат, 400 фотоқұжат, 8 бейнеқұжат келісілді, 6078 істен тұратын 4 қор жетілдірілді.
Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану жұмысы қоғамның өткенін шолатын ақпараттарға деген шынайы қажеттілігін есепке ала отырып жүргізілді. 15 ақпараттық хабарламалар жасалынды, облыстық және аудандық БАҚ құралдарында 8 мақала шықты, 10 радиохабар дайындалып, жергілікті «Қазақстан-Шымкент» радиосында радиохабарламалар оқылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік архивтердің оқырман залдары арқылы пайдаланушыларға 9 мыңнан астам құжат беріледі екен.
Есепті мерзімде заңды және жеке тұлғалардан 23192 сұраныстар келіп түсті, оның ішінде тікелей келгені 7198 сұраныс, ал Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы келіп түскені 15812 сұраныс. Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны 15306 сұраныс. Соның ішінде шетелден түскен сұраныстардың саны — 1448. Қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны – 958. (Барлығы қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны 66% пайызды құрайды)
Облыста 20 этномәдени бірлестік жанынан құрылған 11 жексенбілік мектеп жұмыс жасайды. Қазіргі таңда аталған мектептерде 1377 этнос өкілі өз ана тілдерін оқып-үйренуде. Сонымен қатар, облыстағы 1029 жалпы білім беретін мектептің 750-і қазақ тілінде, 9-ы орыс тілінде, 15-і өзбек тілінде, 4-уі тәжік тілінде, 251-і аралас тілде білім береді.
Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің 2018 жылғы Өкімімен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Мемлекет Латын әліпбиіне көшкен тұста, Президент жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Облыс орталығы кезінде салынған ғимараттар мен тарихи-мәдени кешенде болашақта еліміздігі үшінші миллиондар мекендейтін қаланың жарқын болашағы үшін қызмет етеді. Еліміздің рухани астанасы және түркі дүниесінің бесігі бола білген Түркістан қаласы облыстағы тіл мен мәдениеттің жаңаша дамуына серпін болары анық.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.