Астана – Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы
19.08.2018 0 2 746
Аяла Ұлан
Алматы облысы Райымбек ауданы
Нарынқол ауылы Б.Соқпақбаев атындағы
орта мектептің 11-сынып оқушысы
Ел мен жер тағдырының елеңдетпейтін кезі жоқ. Ертеңге қалдырар, ұрпаққа табыстар мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да – сол ел мен жердің тағдыр таласы. Арғы-бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыыртқалардай жұмақ мекенді таңдауы тегіннен тегін болмаған.
Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентірліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қызығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері болды.
Енді міне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе түгенделіп, жығылған ту қайта желбіреп, жоғалған елдік оралып, құлаған орда қайта бой көтергеніне де себепкер болып отыр. Қалай десекте Астана қазақтың бас қаласы болып, өскелең ұрпақтың жарқыраған жұлдыздай келешігіне өз үлесін қосары сөзсіз. Шынына келер болсам өз басым әлі күнге дейін елімнің ақ ордасын өз көзіммен көрген емеспін. Тек көз алдыма оның әсем көрініс газет-журналдардан оқығаным, теледидардан көргендерім елестейді.
Оның қазіргі сәулет өнерінің үлгелеріне сай бой түзеген биік те сұлу ғимараттары бір кездегі қарапайым облыс орталығын адам танымастай өзгерткені анық.Қала сұлулығы қай адам баласын болмасын тамсандыратынана күмәнім жоқ. Өйткені, кең жазира далада көсіліп жатқан кемел сұлулығымен, күміс көлдерімен Есіл, Нұра секілді қыз бұрымындай тарқатылған өзендерімен өзіне тартады. Сондықтан болар Астана мен үшін әрқашан салтанаттың қаласы, тасы өрге домалап тұрған жандардың мекені болып елестейді. Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың, өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
Өзге қалалардан ерекшеленіп тұрған Астанамыздың кескін-келбеті Европа материгінде орналасқан Париж қаласының дәл өзінде жүргендей сезіндіретін шығар. Парижге барғандар ең алдымен Эйфиль мұнарасын іздесе Астанаға келгендер биіктігі 97 метрге жететін «Астана-Бәйтерек» монументін іздейтін сияқты.
Осының өзі әлем төрінен орын алатындай көрініс, шіркін! Бәрін айт та, бірін айт дегендей барлығынан да бас алаң төріне көз тастаған жан бүкіл тарихы- бірігу тарихы болған халқымыздың өмірінде келісімді билігімен, әділ сөзімен, елінің басына ауырпашылық түскенде шешендігімен алғырлығымен еліне қорған болған, асқан беделге бөленген дана үш би- Әйтеке, Қазыбек, Төле бас қоса отырған сәулетті ескерткіш орнатылыпты. Көшелері де тап-тұйнақтай, қазақ даналарының есімімен аталады.
Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. Келер ұрпақтың да, жастардың да болашағы бір өзіңде! Ал сенің гүлденуің солардың қолында. Келешегің жарқын болсын, халқымның ақ ордасы, көркейіп, биіктерден көріне бергейсің!
Астана – тек біздің ғана емес,дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдың торабындағы Еуразияның, әлемнің сәулетті қаласына айналып отырған ғажайып шаһар. Тәуелсіз Қазақстан 27 жылда әлемнің үздік елдері қатарына қосылса, Астанамыз 20 жылда таңғаларлықтай көрсеткіш көрсетіп,әлемге Қазақстанның қан-дай мықты мемлекет екендігін дәлелдеді. «Елу жылда ел жаңа» демекші, іргетасы қаланғанына елу жыл емес, өте аз уақыт болса да, аққу қанат елордамыз ежелгі Есіл бойында қанатын кеңге жайып, сәулетті де сәнді Ордаға айналды.
Осы Еуразия жүрегіндегі еңселі қала әлем назарында. Жан-жағымыздағы бауырлас елдермен қатар, өзіміз қазіргі уақытта теңескен «мүйізі қарағайдай» ірі мемлекеттер де астанамызға көз тігуде. Діні бірге діндестеріміздің,тілі бірге түркі туыстарымыздың, «Жер» деп аталатын ортақ мекеніміз бір барша мемлекеттердің достықты, татулықты, бірлікті сақтап отыратын елшіліктері бар. «EXPO-2017» көрмесінің елордамызда өткізілгенінің өзі біз үшін, еліміз үшін үлкен жеңіс.
Бір Астананың сұлулығына, мәдениетіне 103 мемлекет дауыс беріп, біздің қаламыз әлемнің ең көрікті де дамушы қаласына айналды. 20 жыл ішінде жай ғана кішкентай қаладан алып арман қалаға айналған бұл шаһарды, мейлі, әлем мойындасын, мойындамасын, Астана – қазақ халқының тарихының жаңа парағы, рухани дүниесінің есігі.
Астана туралы айтатын сөз де, арман да биік шыңды таудан жоғары, байлығымыздай алапат мол… Тек, Тұманбай Молдағалиевтің мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
«Аман бол, қазағымның арыстаны,
Жер соғып қала берсін алысқаны.
Бәрін ал, алам деген биігіңнің
Жарық ал жұлдыздардан алыстағы.
Үмітпен ертеңіне қарады ұл-қыз,
Бір нұрға жаңа толды жанарымыз.
Астана, жаңа Астана, жан Астана
Жерге кеп қона қалған дара жұлдыз.»
Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жат-қан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ.
Келер ұрпақтың да, жастардың да болашағы бір өзіңде! Ал сенің гүлденуің солардың қолында. Келешегің жарқын болсын, халқымның ақ ордасы, көркейіп, биіктерден көріне бергейсің!
Еліктеген әркімге түрің қандай жасанды…
Ханшадай ертедегі,
Шетінен көркем еді,
Жанымды өртеп еді,
Қазақтың арулары.
Даламның еркелері!
Ия, қазақтың қарапайым арулары әр жанның арманы ғой шіркін. Қызын қонақ ретінде силаған қазақ халқы, қыз балаға үлкен құрмет көрсеткен. Айша бибі, Домалақ аналарымыздың аналық махаббаты, Мәншүктей, Әлиядай батыр қыздарымыздың қайсар мінездері, Фариза апамыздың намысы, Баян сұлу, Қыз Жібектердің махаббаты нағыз қазақ қызының бойында бар қасиеттерді көрсететіндей. Осы бір керемет дүниелер қазіргі қазақ қыздарының бойындада кездеседі ме? Жан сұлулығы мен тән сұлулығын ұштастыра білген, ұрпақтарына өнеге бола білген дана апаларымыздың ізімен келеміз бе? Әлде «бір ақ рет берілген өмірді қалауыңша сүріп қал» деп ұрандатқан батысқа еліктейміз бе? Осы орайда менің журналистік шағын зерттеуіме назар салыңыз.
Қыздардың боянуын, кірпік жалғап тырнақ өсіруін, тіпті шаш жалғап пластикалық операцияларға дейін барып жатқанын аз естіп жүрген жоқпыз. Даттаушылар саны көп əрине. Қазақ қызы «бұндай болмаған» деп, «мұсылмандыққа жатпайды, күнə» деп жазғырып жатамыз. Бірақ солай қаралағанымыздан не нəтиже шықты? Бұл «қоғамдық мəселе» деген нәрсе күннен күнге өршімесе кеміген жоқ. Швецариялық психолог Карл Юнгтың «Не нəрсеге көп қарсылассаң, сол нəрсе күшейе түседі» деген сөзі бар.
Тіпті бəрімізге белгілі Мать Тереза да «Мен соғысқа қарсы ұйымдастырылған митингке ешқашан бармаймын, бейбітшілік үшін митинг ұйымдастырғанда ғана шықырыңдар» деген екен. Яғни қандай да бір қоғамдық мəселеге айналып бара жатқан объектімен күресуді бастамас бұрын оның себебін анықтаған, кеудесінен итергеннен гөрі дұрыс жол нұсқаған жөн шығар.
Ал енді тақырыбымызға оралайық:
Бетіңдегі бояуды-ай, ұн жаққандай жасанды,
Жалғап алған сояудай тырнақ қандай жасанды.
Шашқа да шаш жалғай ма, шашың қандай жасанды,
Шығып кеткен маңдайға қасың қандай жасанды.
Ойлап қалдым «маска» деп, макияжың жасанды,
Қабақ бөлек, қас бөлек, татуажың жасанды.
Силиконмен жөнделген кеудең қандай жасанды,
Фотошоппен өңделген бейнең қандай жасанды.
Көкшетаулық Алмас Темірбай ақын да осы тақырыпты қозғаған екен. Сол «жасанды» деп ат беріп отырған қыз-келіншектерімізге назар салып, мына сұрақтарымызға жауап іздеп көрейікші.
●Жалпы қыздар не үшін боянады?
● Сыртқы көрінісі үшін алаңдап жүретін қыздардың ішкі жан дүниесінде не болып жатыр?
● Болашақта «жасандылықтың» қалай алдын аламыз?
Əуелі осы сырт келбетке қатысты қызықты статистика келтіре кетейін. Қыз келіншектер 2 сағат сайын айнаға кем дегенде бір рет қарайды екен, (өзімнен де байқадым) күніне кем дегенде 9 рет сырт көрінісі жайлы алаңдайды екен (мысалы, құрбыларынан сұрайды, айнаға қарайды, ерін далабын жағады, т.б.) 10 əйелдің үшеуі көшеге далап жақпай шыға алмайды екен.
Ал енді жауап іздеп көрейік. Жалпы қыздар не үшін боянады? Өзгені емес өзімізді мысал етейік. Боянып жүрсек сенімді жүреміз. Əдемі болып жүрсек көңілді жүреміз. Өз табиғи сұлулығымызды одан əрі жандандырғанның не айыбы бар? Бірақ сол сұлулық үшін «операция» үстеліне жатып, «батыл» қадамға барып жатқан аруларға не демекпіз?
Тақырыбымызға арқау болған «жасанды» əйелдердің психологиясын тереңінен қазбаламасақ та жалпылай үңіле өтейік. Белгілі психологтар сырт келбетіне шектен тыс мəн беретін аруларды «нарцисстік» ауытқуы бар адамдар қатарына жатқызады екен. Өз өзіне сенімсіз əйелдер макияжсыз көшеге шыға да алмайтын көрінеді. Өзіне сенімсіздік бала кездегі ата ана назарының жетіспеуі, мектептегі шеттетулер, тағы осы сияқты факторлар əсерінен пайда болады екен. Бет əлпетіндегі «кемістік» деп санайтын тұсын жасыру немесе тіпті пластиканың көмегімен өзгерту енгізу — адамды комплекстен арылтпайды. Себебі бұл проблема іште.
Əйгілі Коко Шанель «Боянбайтын əйелдің өз-өзіне деген көзқарасы тым жоғары» — деген екен. Психологтардың пайымдауларына қарасақ: рухани сау адамдар – өзін қандай болса сол қалпында қабылдап, жақсы көретін, бояусыз да өзіне сенімді адамдар дейді. Яғни сырт келбетіне көңілі толмайтын, бояусыз жүре алмаймын дейтін аруларға косметологқа емес əуелі психологқа бару керек деген кеңес керек сияқты.
Мамандардың айтуы бойынша жасанды шаш жалғату — адамға жағымсыз энергия əкеліп, сəтсіздікке себепші болуы мүмкін.
Ойлап қараңызшы, жасанды шаш — не ақшадан тарыққан қыздың сатқан шашы, не бақилық болған кісінің шашы болуы мүмкін. Ойлаудың өзі қорқынышты. Өзімізге де, бюджетімізге де күш түсірмей, табиғат силаған шашымызды күтіп, баптап жүргеніміз дұрыс қой.
Ал енді осының барлығын бойына сіңіріп өсіп келе жатқан жасөспірімдерге қалай жол нұсқаймыз? Қыз өсіріп отырған əр отбасы — қызына жеткілікті түрде көңіл бөлуге міндетті. Оның сырт келбеті қандай болғанына қарамастан өзін жақсы көруді, бағалауды үйрету керек. Баланың көзінше ата-ана бір-бірін немесе бөгде адамдарды сырт келбетіне бола сынамау керек.
Əйгілі спикер Ник Вуичич аяқ — қолсыз болса да өзін қалай жақсы көреді, өмірге қалай құштар. «Осының барлығы үшін ата анамның берген тəрбиесіне алғыс айтамын» -дейді.
Яғни баланы бағалау керек, өзін бағалауды үйрету керек, пікірімен санасу керек. Ішкі «стерженьі» мықты қалыптасқан бала ешқашан жасандылыққа, өзін өзі алдауға бармайды.
Өзімізді табиғат қалай жаратты солай қабылдайық, жақсы көрейік. Өзін жақсы көретін адамды барлығы жақсы көреді. Балаларымызды өзіне сенімді, рухы мықты етіп тəрбиелейік. Сонда келешекте бұл «жасандылықпен» күресудің керегі де болмай қалады. Өзіміздің тек сыртымызды емес, ішкі жан дүниемізді де рухани байытайық.
АРМАН АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Адамзат баласының жануардан қандай айырмашылығы, ерекшелігі бар білесіз бе? Сіз әрине, біз ойлана аламыз, біздің сана-сезімдеріміз әлде қайда дамыған деп жауап берерсіз, мен сізбен толығымен келісемін. Бірақ бізді олардан биіктете алған тағы бір дүние бар, ол — арман. Яғни адам баласы армандай аламыз, алдыға ұмтыла аламыз.. Алдыға мақсат қойып, жоспар құра аламыз. Міне біздің ерекшелігіміз. Арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, ғарышқа жетелейді, алдыға ұмтылдырады.
Алға ұмтылу-өмірдің мақсаты. Әр күніміздегі ісіміз біздің болашағымыз болып табылады. Кішкентайымыздан әрқайсымыз өзімізді болашақта кім болып көргіміз келсе, соған сол бастан-ақ талпына бастаймыз. Ал өсе келе біздің көзқарасымыз бірте-бірте өзгере бастайды. Кешегі бала қиялдың кейбірі қиялдаған жерде қалып қояды.
Осылай біздің мақсат өзгереді. Бірақ бұл жолы біз бұрыңғыдай армандамаймыз. Күдік біздің арманымыздан асып түседі. Өз шамамыз армандауға жетпегендіктен, кейбір жандардан ақыл-кеңес сұраймыз. Бірақ шындығына келгенде өмір өзіміздікі. Осылай жарқын болашақтарын жоғалтып алатындарда кездеседі. Сонда біз неден қорқамыз?
Біз тәуекел жасаудан қорқамыз. Көп еңбекті қажет ететін жұмыстан қорқамыз. Елдің сөзінен қорқамыз. Міне осылардың кесірінен өз арманымыздан да бас тартамыз. Негізі, ең дұрыс жолда қиындықта көптеп кездеседі.
Ойлап қараңызшы, армандау деген қандай керемет еді?! Ал соған жетудің жолы одан асқан керемет. Қол созым жерде тұрмайтын арманға, бір қадам болса да жақындаған сайын, құлшынысың екі еселенеді. Сен екінші қадамыңды да көп ұзатпай жасайсың. Міне осылай өзіңе ең биік болған арманға да жетесің. Қиналған күндер, еңбектенген түндердің жемісін көресің. Яғни, арман — орындалуы үшін жаралған. Ал оның орындалуына ең бірінші сенім керек, сену керек.
Өзіме келер болсам, менде арман өте көп. Әр атқан күнімді өз армандарыма жоспар құрумен бастаймын. Ал оған сәл ғана жақындасам, оған тезірек жетуге одан сайын талпынамын. Маған ең жақыныда өз армандарым. Арманы жоқ адам — сол сөзді айтқан күні-ақ өлген. Ал мен алдымдағы қолын бұлғап шақыратын болашағымнан зор үміт күтемін. Және күн сайын өзіне баурап бара жатқан арманыма жетер күнді асыға күтудемін, өйткені мен оның орындалатынына шүбәсіз сенемін. Мүмкін емес ешнәрсе жоқ. Айға қол созудан, аймен шамалас биіктіктегі армандардан қашпауымыз керек. Жұлдызыма теңеген алыстағы арманым, саған әр күнім сайын қадам жасаудамын. Жетер күннің ауылыда алыс емес. Биік-биік бағындырар белестер күт бізді…
Иiлместi жатсаң да иiп мейлi,
Арман қуу шынымен күйiк кей күн.
Арман – тау ғой, қаншалық жақындасаң,
Сұлбасы да соншалық биiктейдi.
Арманым алға жетелейді. Қиялыма ерік беріп, қиялға самғаймын. Алдымда өмірдің мен білмейтін биік шыңдары, өткел бермес тау суындай тасыған өзендері, ай сәулесі жарқыратқан тұңғиық мөлдір көлдері, алқызыл гүлге толы бел-белестері күтуде. Солардың бәрінен сүрінбей өту арманым болса, соған қазірден өзімді-өзім дайындау білімділік пен саналылығымның биіктігі болмақ.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.