ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ
19.08.2018 0 8 537
Байжуманов Б.К.,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,
Талдықорған қ.
Әлем тарихында патриоттық тәрбие және әскери патриоттық туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. Әлемдегі өркениеттің дамуындағы ерекшеліктер дінмен, салт-дәстүрлермен, әртүрлі этникалық факторлармен өлшенген.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді. Қазақ әсери педагогикалық негізінде қарастырамыз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі батыс европа мен американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Сондықтан халықтық педагогика негізінде оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы болады деп есептейміз. Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет.
Оқыту үрдісінде халық педагогикасы арқылы оқытудың атамекенге сүйіспеншіліктерін қалыптастырудың деңгейлерімен педагогикалық шарттары айқындалады Халықтық педагогикадағы атамекенге сүйіспеншілікті дамыта отырып біз оқушылардың бойында әскери патриоттық сезімді тәрбиелеуді ұсынамыз.
Жапстарға адамгершілік тәрбиенің педагогикалық мәні мен мазмұны бүгінгі көзқарас бағытында анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілкке тәрбиелеудегі қазақ батырлар жырының мүмкіндіктері негізделеді. Бастауыш мектептің оқу бағдарламалары мен оқулықтарын зерттеп білуде, қазақ батырлар жырын, батырлық ертегілерді оқу-тәрбие процесінде пайдаланып жүрген мұғалімдердің озық тәжрибелеріне талдау жасайды.
Жоғарыдағы жұмыстарды талдай отырып оқушыларға алғашқы әскери дайындық сабақтарында халықтық педагогика негізінде патриоттық тәрбие беру бұрын соңды қарастырылмаған деп анықтадық. Ғылыми зерттеулерді оқып-үйреніп талдауда, педагогикалық тәлім-тәрбиеде, оқушыларға патриоттық тәрбие беру ғылымының теориясын өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді [1].
Біздің ойымызша патриотизмге негізделген тәрбие жұмысын жүргізуде республикамыздың орта мектептерінің проблемасы ерекше мәнге ие болады. Себебі бүгінгі оқушы болашақ маман ретінде қалыптасып, өмірлік ұстанымын айқындап, өркениетті елдер қатарына қосылуда өздерінің үлкен септігін тигізеді.
Өркендеудің құтты қасиеті іспеттес бір ұғым бар. Ол — патриотизм. Әрине, мәселе көп шуылда емес, бүлкілдеген күре тамырды бойлап қуалап, санды- санаға бәтуаны — берекеге айналдыруға көмектесетін сиқырлы сезім жайлы. Ол томағы — тұйыққа емес, салмақты салиқалыққа бастайды, жансызға жан береді. Ортақ иманға айналса, алмайтын қамалы жоқ. Осының бәрін бір ғана патриотизм деген ұлы ұғымға сиғызсақ, уақыттан алыс кетпес едік деп ойлаймыз. өйткені ол өзін жаралған топырақпен өскен ортаға деген ізгі сезімді ғана білдірмейді. Аясы әлдеқайда кең ұғым. Тіршілікте төл табиғи орта ерекшеліктерін тиімді пайдалану, алғы ұрпақтар тәжірибиесі арқылы жинақталып, тарихи зерде кілтіне айналған патриотизмді өркениет мүддесіне қолдана білу де сол тектен. Ең бастысы елдің бірлік, халықтың қасиет — қазыналарын қастерлеу мен ертеңге деген сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы патриотизм. Оның қоғам дамуына айрықша орын алатын құдретті рухани факторға айналуының сыры да осында жатыр [2].
Қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуы жолында білімнің рөлі артып келетіні белгілі. Бәрінен бұрын, бұл оқу курстарын түрлендіру, білім түрлерінің арасында немесе кәсіби тәжірибе мен біліктілігін арттыру арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын кадрлар дайындау жүйесіне қатысты. Ең алдымен, білім жинақтай білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан ең бастысы — оқуға деген оң көзқарастың дамуы. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдістілдері білім алушыларға құбылыстардың себептеріне толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдайлар жасайды. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті.
Мектепте әскери курсында оқушыларды әскери мамандығына кәсіби тұрғыда бағдарлау мақсатында жоспарға сай жүргізілудегі сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технолагиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық қорытындыда өз үлесі бар екенін сезіп қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізгі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді, сөйтіп өзін келесі мәселені талдауға дайындайды. Мектептегі бастауыш әскери дайындық барысында жастар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің даму тарихымен, мінездемесін, ерекшеліктерімен танысады, «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет» туралы т.б.заңдармен, әскери ант пен әскери жарғылардың талаптарын оқып үйреніп, атыс қаруларының үлгілерімен жете танысып, азаматтық қорғанысқа қажетті мәлеметтер мен іс-қимылдарға үйренеді. Мұнымен қатар қыз балалар дәрігерлік- санитарлық іспен айналысады [3].
Отан дегеніміз — халық. Халық дегеніміз — адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау, жанашыр болу — адамгершіліктің белгісі. Ендеше отаншылдық — сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.
Қазақстан Республикасының Президенті «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз — Қазақстандық отансүйгіштікке тєрбиелеу, єрбір азаматтың өзін — өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті нағыз азаматтықты қалыптстыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезініп, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді» делінген .
Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан — анасындай. Отанға деген махабатты өлшеуге болмайды деген болатын. Осы айтылғандар халықтың асыл ойының түйіні мақал – мәтелдерден өзекті орын алған. Мєселен, жас ұрпаққа ел қадірін «өз елің алтын бесігің», «Отан — оттан да ыстық» «туған жерге туыңды тік», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» «Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер» деген асыл сөздермен білдірген. Жастарды кіндік кесіп, кір жуған жері үшін, єлпештеп өсірген елі үшін қасық қаны қалғанша жаумен жағаласа білетін, Отанын шын сүйетін батыр етіп тєрбиелеуді көздеген халық өзінің өлең — жырларынан, аңыз єңгімелерін, мақал — мєтелдерін осы тақырыпқа арнаған. Сондықтан лиро — эпостық, батырлар жырларының басты кейіпкерлері ата — анасы, сүйген жары, туған жері, өскен елі үшін жаумен кескілесе күрес жүргізіп, ерлікпен даңқын шығарған халықтың сүйікті ұл — қыздары болып келеді «Отан үшін отқа түс, күймейсің, арың үшін алыс, өлмейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», деп халық өз ұрпағын отанын сүюге шақырады.
Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дєстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте «Қазақтың ұлттық сана сезімін дамыту — қазақ деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи жєне мєдени байтаққа өз қатысының барын сезіну» — дегені біздің ұстанып отырған пікірлерімізді қуаттай түседі. Көп ұлтты Қазақстан үшін патриоттық сезімнің рухани саладағы тату — тєтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Патриоттық рух — қазақ елінің єлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкүндік беретін бірден — бір күш.
Отансыз адам — қай жерде де бейшара адам. Тіпті миллиардқа малынып, бай боп шетелде жүрсең, сен бєрібір шетелдіксің. Басқа елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол, деп ата — бабамыз өсиет қалдырған болатын. Сондықтан қазақтың баласы қай жерде жүрмесін өз Отанын сүйіп, Отанының тєуелсіздігі мен болашағы үшін қасық қанына дейін аямауы керек. Осы үш қасиет болса, біздің еліміз қалай да өркендейді .
Патриоттық сезім өрге бастайтынын өз ұлтымыздың тарихы да талай дєлелдеп келеді. Кейде шіркін бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан — байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қалай аман сақтаған деп таңданамыз.
Елбасы оған еңселі елдігімізді танытар сүйеніш ретінде қарайды. Оның аясы єдеттегі тарихи ойланым зердесінен кеңірек. Қазақ қоғамының бүгінгі сипаты жєне оның алдында тұрған қазіргі тың тұрпатты міндеттерге сєйкес өріс алған.
Бұрын соңды даму үрдісінде патриотизм ұғымы бізде негізінен біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі.
Сонау Мөде хан, Жәнібек пен Керей, Тєуекел мен Тәуке, Есім мен Қасым, қейінгі Абылай мен Єбілқайыр хандардың тұсындағы ахуал да осындай болатын. Ал қазір елдік мақсаттары көпұлтты қоғам жағдайында шешілу керек. ¤згемен санаспай өзімдікін істеймін деу өркөкіректік болар еді [4].
Әр түрлі себептермен калыптасқан нақты тарихи шындыққа шекеден қарау ешқашан да ел тағдырына деген жанашырлық болып шықпайды. Нағыз жанашырлық қиыннан жол таба білумен бағаланса керек.
Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни наным – сенімдермен тығыз байланысты.
Бүгінгі күнге дейін сақталып, тєуелсіз мемлекетке ие болу дәрежесіне дейін көтеріліп отырған қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Білгеқаған, Тонкөктен бастап жерін, елін, тілін, дінін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы.
Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы–сырнайының үні, асқақтата салған єсем єні, ғашықтық жырлары, шешендік сөз, айтыс өнері, ою — өрнектері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандарды ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ождан жоғары намысқой азамат етіп тєрбиелеп келгені тарихи шындық.
Олай болса тєуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ патриот ұрпағын тєрбиелеуде олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алсақ, ол өте ұтымды болар еді [5].
Жоғарыдағы ой түйіндерінен байқағанымыз, бүгінгі күні бейбітшілік заманда, демократиялық бағыт ұстанған Қазақстанда патриотизмге жаңа көзқарас қалыптастыру мәселесі туындап отыр. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдары әскерден жаппай қашу бүгінде тоқталып Отанды қорғауға деген патриоттық сезім арта түсуде.
Патриоттық сезіммен, рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар .
Оны былай қойғанда әрбір ұлттық экономиканың өз табиғаты, өз даму заңдылықтары бар. Өз тамырынан өршітпесең бұтағын кесіп бұтарлап биіктетуге көне бермейді. Өркендеуге де өзегі қанша өркениетке сүйенгенмен өз тілін білетін өндіргіш күш керек. Бұл әлемдік тәжірибе әбден мойындатқан шындық өз керуенін түзеген мемлекет мұны қалай ескермессің! «Басқа тілдің бєрін біл, өз тіліңді құрметте» — деген ғой.
Қалайда төл теңгеміздің айналымға енуі еліміздің ақ ниетті азаматтарының бәрінің патриоттық рухын бір көтеріп тастаған оқиға болғаны сөзсіз.
Патриоттық рух — қазақ елінің әлемдік өркениет көшіне қосылып, дүние жүзілік қауымдастықтан лайықты орынын алуына мүмкүндік беретін бірден — бір күш. Көп ортасында көзге түсу үшін де кемел болмыс керек. Төл тарихы, мєдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен қадыр-қасиетіңді өзің жақсы білуің мақтаныш ете алуың керек.
Мектептің міндеті оқушыларға саяси және әскери білім бере отырып, Отан сүйгіштік т.б. қасиеттерді дарытып, алған білімдері мен үйренгендерін іс жүзінде іске асыра білуге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі әскери құрылымдарды күшейту арқылы ғана емес, әр азаматымыздың осы жауапты іске тікелей қатысуымен іске асырылатынын әрбір жасөспірім ұл мен қыз жете түсінуі тиіс . Республикамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін әрбір мектеп ұжымы мынадай педагогикалық талаптарды жүзеге асыруы тиіс:
-әскери-патриоттық тәрбиені жалпы мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі бөлімі деп қарастырып, оны басқа тәрбие жұмыстарының түрлерімен тығыз байланыста жүргізу;
-әскери-патриоттық тәрбиені оқушы-лардың жас ерекшеліктеріне, жеке қасиеттері мен ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі әдістерді пайдаланып түрлендіре жүргізу;
-әскери-патриоттық тәрбиені саяси, адамгершілік, еңбексүйгіштік, эстетикалық және дене тәрбиесімен ұштастыра жүргізу;
-әскери-патриоттық тәрбиеде оқушылардың бастамалық, т.б. ұсыныс талап-тілектеріне көңіл бөліп ескеру [6].
Сабақтан тыс уақыттарда жүргізілетін бастауыш әскери дайындық тәрбиесінің түрлері мен әдістері. Бастауыш әскери дайындық пәнінің орта мектептердің бағдарламасына қайта енгізілуі сабақтан тыс уақытта жүргізілетін әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарының кеңінен өрістеуіне ықпал етті. «Қарулы Күштеріміздің 19 жылдығы», биылғы айтулы «Ұлы Жеңістің 66 жылдық» мерейтойлары т.б. мерекелер қарсаңында бұл жұмыстар жаңа қарқынмен, жігермен жүргізілетіні даусыз.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әскери-патриоттық тәрбиенің нәтижелі болуы оның саяси мәні мен қоғамдық пайдалы бағытта болуында, әрі оның әсерлі түрлері мен әдістерін таңдай білуде. Бұл әдістерді таңдау кезінде оқушылардың көзқарастарын, мұғалімдердің дайындығын, материалдық базаны, ақын маңайдағы әскери бөлімдер мен көмек бере алатын кәсіпорындардың болуын есте ұстаған жөн. Ең бастысы, бұл шаралардың тірбиелік мақсаты мен жүгізілу әдісін таңдап алып, дайындық жұмыстарында ересектердің (мұғалімдер, ата-аналар мен шақырылғандар), оқушылардаң алар орнын белгілеу
Әскери-патриоттық жұмыстардың түрлерінің мектептерде көп тарап, жиі пайдаланатындары мыналар: баяндамалар, оқырмандар конференциясы, тақырыптық әңгімелесулер (Қазақстан. Қарулы Күш-терінің әдет-ғұрпы, ерлік жолы, әскери ант, әскери борыш, әскери мамандақтар т.б.), ауызша журналдар, байқаулар, тақырыптық кештер.
Баяндамалар мен әңгімелесулерді бейнетаспалар мен магнитті таспаларға жазылған фрагменттер, әдеби кітаптардан үзінділер келтіре отырып жүргізген абзал. Елеулі күндерге арналып өткізілетін шараларға ата-аналар, мамандар, офицерлер мен жауынгерлер, ардагер ақсақалдарды қатыстыру нұр үстіне нұр болары даусыз.
Әскери-патриоттық жұмыстардың ұмытылып бара жатқан тағы бір түрі облыс, аудан, қала, ауылдық көлемдерде ұйымдастырылатын еңбек, ерлік даңқын дәріптеу орындарына саяхаттар ұйымдастыру.Бұл үшін шығынданып алысқа баруының қажеті шамалы. Осыларды зерттеу, материалдар жинастыру оқушылардың өз жерін, елін-жұртын жете білуге, ата-баба ерлігін мақтан тұтуға тәрбиелейді, әрі өлкетану жұмысымен тығыз байланысты болғандықтан Отан сүйгіштік, туған табиғатқа деген көзқарастың дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Жинақталған материалдар мектеп музейлері мен Даңқ залдарын жасақтауға көп көмек береді [7].
Мұндай саяхаттарды бастап жүретіндер өте тәжірибелі, жауапты мұғалімдер болуы керек. Саяхаттың бағыт-бағдары тақырып таңдауға, әрі экспедиция мүшелерінің дайындығы мен материалдық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты болады.
Осындай бірнеше экспедициядан соң мектеп ішінде музей, бұрыш, зал, т.б. ұйымдастыру мүмкіншілігі туады. Мұндай музейдің, не Даңқ залының болуы мектептегі әскери-патриоттық, тәрбие жұмыстарының басқа да бағыттарын жүргізудің орталығы болумен бірдей. Музей мен Даңқ залының негізгі бағытын айқындайтын ондағы экспонаттар, оның экспозициялық тақырыптық жоспарын қарап, бекітетін мектептің педагогикалық кеңесі болып табылады.
Бұл тұрғыда әр түрлі кездесулер мен батыр аталар мен аналардың өмір жолын дәріптеу, ардагерлер мен соғыс мүгедектеріне ұдайы қамқорлық жасау, әр түрлі әскери тақырыптарға байқаулар өткізу, әскери-спорттық бағыттағы ойындар мен жарыстардың маңызын ұмытпауымыз жөн. Жасөспірімдерді әскер қатарына қызмет атқаруға дайындауда алғашқы әскери дайындық пәнінің шешуші маңызы бар. Сабақтар барысында жүргізілетін әскери-патриоттық тәрбиені, сыныптан тыс жұмыстармен ұштастыра жүргізу керек.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Р.Н. Кенжебаева Халық педагогикасының әдебиет көрінісі. – Алматы, М, 2003. — Б.86.
2. Б. Сүлейменова Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу: п.ғ.к. ғылыми дәрежесін. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты. — Алматы, 2005. — Б. 24.
3. Иманбаева С.Т. Оқушыларға ұлттық дәстүр арқылы ерліке баулудың педагогикалық негіздері: — Алматы, 1997. — Б.189.
4. Қалиев Ж.Н. Халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру: – Астана, 2005.-Б.31.
5. Құнантаева К.Қ. «Қазақстандағы патриоттық білім беру істері» (1917-2000 ж.ж.)-Алматы,2003.
6. Абинова Г. «Білім дамудағы өзекті мәселелер»-Алматы,2003.
7. Р.Н. Бөгенбаева, Е.А. Идрисова . Патриоттық тәрбие және білім берудің қазіргі көкейкесті мәселелері — Алматы, 2001.
Байжуманов Б.К.,
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,
Талдықорған қ.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.