ОТБАСЫЛЫҚ САЯСАТ: ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ ОТБАСЫЛЫҚ САЯСАТ: ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Заң ғылымдарының кандидаты, (PhD), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының профессоры Қайрат Битеміровпен сұхбат.   – Қайрат... ОТБАСЫЛЫҚ САЯСАТ: ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Заң ғылымдарының кандидаты, (PhD), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасының профессоры Қайрат Битеміровпен сұхбат.

 

– Қайрат Тұрлыбайұлы, отбасы – қоғамның іргетасы. Әрбір мемлекеттің әл-ауқаты мен тұрақтылығы тікелей отбасы инстиутының беріктігіне байланысты. Сондықтан отбасылық саясат – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Оның басты мақсаты – отбасының қалыптасуы мен дамуына қолайлы жағдай жасау, ата-ана мен бала құқығын қорғау және демографиялық өсімді ынталандыру екендігі белгілі. Осы тұрғыда кеңірек тоқталсаңыз?

– Заманауи қоғамда отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы көптеген факторларға тәуелді. Олар: экономикалық тұрақтылық; білім беру мен медициналық қызметтердің қолжетімділігі; әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі; рухани және мә-дени құндылықтарды сақтау.
Отбасылық саясат осы бағыттардың барлығын қамтиды. Мемлекет отбасы институтын қолдау арқылы қоғамның демографиялық, әлеуметтік және экономикалық дамуына тікелей ықпал етеді. Демографиялық саясат: көпбалалы отбасыларды қолдау; туу көрсеткішін арттыруға ынталандыру; ана мен баланың денсаулығын қорғау бағдарламалары.
Әлеуметтік қолдау: тұрғын үй-мен қамтамасыз ету; мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға жәр-демақы; ата-аналардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Құқықтық қорғау: отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау;
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу; балалардың құқығын қорғау.
Рухани тәрбие: отбасылық құндылықтарды насихаттау; ата-ананың жауапкершілігін арттыру; ұлттық дәс-түрлер мен мәдениетті сақтау.
Қазақстанда отбасылық саясат мемлекеттік деңгейде қолдауға ие. «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» стратегияларында отбасы мен бала құқығын қорғау басты бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Мемлекет көпбалалы отбасыларды қолдау үшін жәрдемақылар, жеңіл-діктер мен баспана бағдарламаларын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, «Отбасы күні» мерекесін атап өту дәстүрі қалыптасты.
Отбасылық саясат – қоғамның тұрақты дамуының кепілі. Тек мықты отбасы ғана мықты мемлекеттің негізін құрайды. Сондықтан отбасы институтын қолдауға бағытталған кешенді саясат мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болуы тиіс.
Мемлекеттің отбасыға деген қамқорлығы – болашақ ұрпақтың амандығы мен өркендеуіне салынған инвестиция.
Отбасылық құндылықтарды нығай-ту – қоғамның берік негізі. Қазіргі заманда отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайту өзекті мәселелердің бірі. Ғаламдық өзгерістер, урбанизация, технологиялық даму адамдардың қарым-қатынасына да айтарлықтай әсер етуде. Дегенмен, отбасы – кез келген қоғамның іргетасы, оның мызғымас тұтастығының кепілі. Сон-дықтан отбасының маңыздылығын арттыру және оның құндылықтарын нығайту – әрбір азаматтың, тұтас елдің басты міндеттерінің бірі.
Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды әлеуметтік институт. Оның негізінде сүйіспеншілік, сыйластық, мейірімділік, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтар жатыр. Бұл құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, адамның тұлғалық қалып-тасуына әсер етеді. Жақсы тәрбие көрген бала өскенде саналы, адал, жауапкершілікті азамат болып қа-лыптасады.

– Қайрат Тұрлыбайұлы, отбасы тұрақтылығы үшін қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары отбасының беріктігін сақтауға бағытталған. Той, ас, мереке, құда түсу, бесікке салу, тұсаукесер сияқты дәстүрлер адамдарды жақындастырып, бірлік пен ынтымақты нығайтатындығы күмәнсіз. Осы орайда не айтасыз?

– Баланың бойына ұлттық құнды-лықтарды сіңіруде ата-ананың рөлі ерекше. Баламен жиі сөйлесу, оның пікірімен санасу, ортақ істермен айналысу – отбасылық байланысты бекітеді. Қарияларды құрметтеу. Қарттарды қадірлеу – ұлттық тәрбиенің негізі. Аталар мен әжелердің өмірлік тәжірибесі – жас ұрпақ үшін таптырмас мектеп. Сол себепті үлкендерді құрметтеу, олардың ақыл-кеңесіне жүгіну – отбасылық құндылықтарды сақтаудың бір жолы. Тәрбиенің негізі – сүйіспеншілік пен құрмет. Сондықтан отбасында әрбір адам өзін қауіпсіз әрі ба-қытты сезінуі тиіс. Оның негізінде мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты адами қасиеттер жатыр. Ерлі-зайыптылар арасындағы өзара құрмет пен сүйіспеншілік – бала тәрбиесінің ең маңызды бөлігі.
Қазіргі заманда көп адамдар жұмысбастылыққа салынып, отбасымен аз уақыт өткізеді. Бұл байланысты әлсіретіп, түсініспеушілікке әкелуі мүмкін. Сондықтан отбасылық демалыстар, саяхаттар, дастархан басындағы әңгімелер – қарым-қаты-насты нығайтуға септігін тигізеді. Отбасы – қоғамның жүрегі, ал оның құндылықтары – мемлекеттің тұрақтылығы мен болашағының негізі. Бақытты отбасы – бақытты ұрпақтың, ал бақытты ұрпақ – кемел келешектің кепілі. Сондықтан әрбір азамат отбасылық құндылықтарды сақтауға, оларды нығайтуға күш салуы керек. Ұлттық дәстүрлерімізді ұлықтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – ортақ парызымыз.

– Қайрат Тұрлыбайұлы, өзіңіз айтқандай, ана мен баланы қорғау – мемлекеттің ең маңызды әлеуметтік міндеттерінің бірі. Себебі ананың денсаулығы мен баланың әл-ауқаты елдің бола-шағына тікелей әсер етеді. Ана мен бала – қоғамның негізі, ал олардың құқықтарын қорғау – адамгершілік пен өркениеттің көрсеткіші екендігі белгілі. Осы мәселеге кеңірек тоқталсаңыз?

– Аналар мен балалардың ден-саулығы ұлттық даму деңгейін көрсететін маңызды факторлардың бірі. Денсаулығы мықты анадан дені сау ұрпақ дүниеге келеді. Сондықтан медициналық көмек, әлеуметтік қолдау және құқықтық қорғау механизмдері жүйелі түрде дамытылуы қажет. Қазақстан Республикасында ана мен баланы қорғауға арналған бірқатар заңдар мен мемлекеттік бағдарламалар бар. Оларға: “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” заң, «Балалардың құқықтары туралы» заң, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жатады. Сонымен қатар, Қазақстан БҰҰ-ның Балалар құқығы туралы конвенциясын ратификациялаған, бұл мемлекетке белгілі бір халықаралық міндеттемелер жүктейді.
Қазақстанда ана мен баланы қорғау мақсатында:
— ана мен балаға арналған тегін медициналық қызметтер;
— жүкті және босанған аналарға жәрдемақы;
— көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек;
— балабақшалар мен мектептерде тегін тамақтану және басқа да қолдау шаралары қарастырылған.
Ана мен баланы қорғау тек мемлекеттің міндеті емес, бұл қоғамның да ортақ жауапкершілігі. Әрбір азамат ана мен балаға құрметпен қарап, олардың құқықтарын қорғауға атсалысуы қажет. Отбасы институтының беріктігі – ұлт болашағының кепілі. Ана мен баланы қорғау – тек әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ғана емес, ол елдің тұрақты дамуы мен болашағына жасалған инвестиция. Сондықтан мемлекет, қоғам және отбасы бірігіп, аналар мен балаларға барынша қолдау көрсетуі тиіс.

– Қайрат Тұрлыбайұлы, бәрімізге белгілі, ана – жер бетіндегі ең асыл, ең қастерлі тұлға. Ол – өмірдің шырағы, мейірім мен махаббаттың кәусар бұлағы. Дүниеде ананың балаға деген махаббатындай шексіз, мөлдір әрі риясыз сезім жоқ. Адамзат баласы ана алдында мәңгі қарыздар, өйткені ана – өмір сыйлаушы, тәрбие беруші, рухани тірек. Сондықтан отбасы тұрақтылығы үшін ең әуелі анаға қамқорлық жасауға басымдық беру керек шығар?

– Дұрыс айтасыз, қоғамның тірегі – отбасы, ал отбасының жүрегі – ана. Ана тек отбасының ғана емес, бүкіл ұлттың, елдің тәрбиешісі. Ана баланы дүниеге әкеліп қана қоймай, оны өмірге дайындайды, ізгілік пен адалдыққа үйретеді. Ананың берер тәлімі – ұлттың болашағы. Тарихқа көз жүгіртсек, ел басқарған небір кемеңгерлер, батырлар, ғұламалар, ақындар мен жазушылар ананың ақ сүтімен, ананың мейірімімен сусындап өскен. Ана – қоғамдағы барлық кәсіптің негізін қалаушы. Әрбір маман, мейлі ол дәрігер, мұғалім, инженер, өнер адамы болсын, бәрінің артында ананың тәрбиесі, махаббаты, қамқорлығы жатыр. Сондықтан да ананың еңбегін ешбір байлықпен өлшеу мүмкін емес.
Ананың балаға деген махаббаты туған сәттен-ақ көрінеді. Баланың ана құрсағындағы тоғыз ай, тоғыз күндік өмірінен бастап, дүниеге келгеннен кейінгі әрбір сәті ананың қамқорлығымен өтеді. Ана баласын бесіктен бастап тәрбиелеп, әрбір қадамын қадағалап, дұрыс жол көрсетуге тырысады. Қазақ халқында «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Бұл – ананың еңбегі ештеңемен өтелмейтіндігін білдіреді. Ана өз баласына өмір бойы тілекші, қамқоршы, ең жақын жанашыр болып қала береді.
Әрдайым ананы құрметтеген халқымыз төрден орын берген. «Ана сүтін ақтау» – әрбір перзенттің парызы. Көптеген халықтарда да ананың орны ерекше. Мысалы, әр елде Аналар күні тойланады. Бұл – ананың құрметіне жасалған ең үлкен мерекелердің бірі.
Көптеген ақын-жазушылар ананың ұлылығын жырлаған. Қазақ әдебиетінде ананың бейнесін сомдаған шығармалар өте көп. Сәкен Сейфул-лин, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова сынды ақындар ананың мейірімі мен махаббатын өз өлеңдерінде ерекше сипаттаған.
Ана – өмірдің мәні, тіршіліктің шырағы. Анасыз өмірдің ешқандай сәні жоқ. Сондықтан әр адам өз анасын қадірлеп, оған құрмет көрсетуі керек. Асыл аналарды ардақтау – біздің парызымыз. Ананың тілегі – бала бақыты, ал баланың борышы – ана махаббатын ақтау.

– Қайрат Тұрлыбайұлы, өзіңізге мәлім, қазақ халқы ертеден жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ел. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген аталы сөз осыдан қалған. Алайда бүгінгі таңда жетім балалар мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Осы тұрғыда не айтасыз?

– Жетімдік – баланың ата-анасынан айырылуы немесе ата-анасының қарауынсыз қалуы. Бұл жағдай көбіне мынадай себептерден туындайды:
Ата-ананың қайтыс болуы – табиғи немесе басқа да жағдайлардан.
Ата-ананың жауапсыздығы – кей-бір ата-ана баласына дұрыс қамқор бола алмайды немесе өз еркімен одан бас тартады.
Әлеуметтік жағдайлар – кедейлік, ішімдікке салыну, ажырасу, әлеумет-тік жағдайдың төмендігі сияқты мәсе-лелер бала тағдырына кері әсер етеді.
Бүгінде мемлекет жетім балаларды қорғау үшін түрлі бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау шараларын қолға алған. Балалар үйі, арнайы интернаттар мен патронаттық тәрбие жүйесі жұмыс істейді. Дегенмен, отбасында ата-ана мейіріміне бөленіп өскен баланың тағдыры мен балалар үйіндегі баланың жағдайын салыстыру мүмкін емес.
Психологтардың айтуынша, жетім балалар махаббат пен қамқорлық жетіспегендіктен, қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болады. Олар өздерін жалғыз сезінеді, сенімсіздік пайда болады, кейбірі өмірден өз орнын таба алмай жүреді.
Жетім балалар мәселесін шешуде мемлекет қана емес, әрбір аза-маттың жауапкершілігі маңызды. Төмендегідей қадамдар жетім бала-ларға көмектесе алады:

Қамқорлыққа алу – баланы асырап алу немесе патронаттық тәрбиеге алу арқылы оған отбасылық жылулық сыйлауға болады.
Қайырымдылық шаралары – еріктілер мен қайырымдылық қорлары арқылы жетімдерге материалдық, рухани көмек көрсету қажет. Қоғамдық көзқарасты өзгерту – жетім балаларға кемсітушілік емес, қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру маңызды. Жетім бала – тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі. Олардың тағдырына бей-жай қарамау – әрбір саналы азаматтың парызы. Егер әр адам жетім балаларға аз да болса қамқорлық танытса, олар үшін бұл
үлкен үміт пен бақытқа айналар еді.

– Қайрат Тұрлыбайұлы, қай халықтың болмасын рухани тұтастығы мен мемлекеттілігінің беріктігі ұлттық тәрбиесіне байланысты. Ұлттық тәрбие – тек салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтау ғана емес, сонымен қатар, ұлттың дүниетанымын, рухани мұрасын, мәдениетін, тарихын бойға сіңіру, оны келер ұрпаққа аманаттау. Демек ұлттық тәрбие де шаңырақтың шайқалмауына кепіл бола алады ғой?

– Ұлттық тәрбие – бала бойында елжандылық, отансүйгіштік, намыс-шылдық, ар-намыс сияқты қасиеттерді қалыптастыратын негізгі құрал. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өз ұрпағын табиғатпен үйлесімді, қоғаммен жарасымды өмір сүруге баулып, әрбір баланы елінің, жерінің нағыз жанашыры етіп өсіруге тырысқан. Бүгінгі таңда ұлттық тәрбиені жаңғырту – тек қазақ халқы үшін емес, әлемдегі кез келген халық үшін маңызды міндеттердің бірі.
Тіл – ұлттың жаны. Ана тілінде сөйлеп, оның мәнін түсінген адам ғана ұлттық тәрбиенің қадірін терең сезінеді. Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов секілді ойшылдарымыздың еңбектері – ұлттық тәрбиенің сарқылмас қазынасы.
Қазақ халқының салт-дәстүрі – ұлттың болмысын көрсететін рухани қазына. Қазақтың қонақжайлығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі – ұлттық тәрбиенің жарқын көрінісі.

– Қайрат Тұрлыбайұлы, жасыратыны жоқ, діннің отбасы саясатында алатын өзіндік орны бар. Ежелден солай болып келген. Сондықтан жарасымды отбасын қалыптастыру үшін діни құндылықтарды да пайдаланған жөн шығар?

– Ислам діні – қазақ халқының дәстүрлі рухани тірегі. Дін адамды сабырлы, ізетті, әділ болуға үйретеді. Дәстүрлі құндылықтар мен діни тәрбие ұштасқанда ғана қоғамда моральдық тұрақтылық сақталады. Өнер мен мәдениет: қобыз, домбыра, айтыс, жыраулық дәстүр – қазақ халқының рухани құндылықтарының айнасы. Күй мен жыр ұлттық сананы қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

– Қайрат Тұрлыбайұлы, қазақ халқы еңбекті ерекше қадірлеген. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың өзі еңбектің адам өміріндегі маңызын көрсетеді. Сондықтан отбасы ынтымақтастығына еңбектің алар рөліне, әке мәртебесіне, ұлттық тәрбиеге тоқталсаңыз?

– Бүгінде жаһандану ұлттық тәр-биені әлсіретіп, шет тілдері мен батыстық мәдениеттің ықпалы артып барады. Осы ретте қазақи болмысымызды сақтап қалу үшін отбасы, мектеп және қоғам болып ұлттық тәрбиені жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық тәрбие – ұлттың тамыры. Егер біз ұлттық тәрбиені мықты ұстансақ, ертеңгі болашағымыз да жарқын болады. Сондықтан әрбір азамат ұлттық тәрбиені өмір салтына айналдыруы тиіс. Ұрпақ санасында ұлттық рух пен тарихи жадыны сақтап қалу – біздің басты міндетіміз.
Отбасы – қоғамның негізгі ұясы, ал әке – сол ұяның тірегі. Әкенің рөлі тек отбасыны материалдық жағынан қамтамасыз етумен шектелмейді. Ол – бала тәрбиесінде, отбасы құндылықтарын сақтауда, ұлттық рухты қалыптастыруда шешуші тұлға.
Әке – отбасын сыртқы қауіп-қатерден, қиындықтардан қорғаушы. Ол өз отбасының амандығы үшін еңбек етіп, материалдық жағдайын қамтамасыз етуге ұмтылады.
Баланың мінез-құлқы, көзқарасы, өмірге деген ұстанымы көбіне әкенің үлгісі арқылы қалыптасады. Әкенің баламен қарым-қатынасы, оған үйрететін өмірлік сабақтары – болашақ азаматтың тұлғалық дамуының негізгі факторлары.
Әке – тек қатал билеуші емес, мейірімді тәлімгер. Ол отбасы мүшелерін бірлікке, татулыққа шақырып, өзара сыйластықтың үлгісін көрсетуі керек.
Қазақта «Әке – балаға сыншы» деген сөз бар. Әке баласына ата-баба дәстүрін, ұлттық құндылықтарды үйретіп, оны өз тегіне сай азамат етіп өсіруге жауапты.
Қазіргі заманда кейбір отбасыларда әкенің рөлі төмендеп барады. Көпшілік әкелер тұрмыстың қамымен жүріп, бала тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлмей жатады. Бұл – үлкен қателік. Әкенің назарынан тыс өскен бала өмірлік ұстанымдарын қалып-тастыруда қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Балаға тәрбие беруде әке мен ананың рөлі тең дәрежеде болуы керек. Егер ана мейірімділік пен қамқорлықтың символы болса, әке – тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісі. Әке мен бала арасындағы жылы қарым-қатынас, сенімді байланыс – бақытты отбасының негізі.
Әке – отбасының тірегі, қоғамдағы ең маңызды тұлғалардың бірі. Ол тек қамқоршы ғана емес, бала тәрбиесінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан әрбір әке өз міндетін толық түсініп, ұрпағына дұрыс бағыт-бағдар беруі тиіс. «Әке көрген оқ жонар» деген халық даналығын ұмытпайық!
Тәрбие – қоғамның дамуы мен жеке адамның қалыптасуындағы маңызды процесс. Әрбір ұлттың тәр-биелік негіздері оның тарихы мен мәдениетінде жатыр, ал ұлттық дәстүрлер сол тәрбиенің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Ұлттық дәстүрлердің мәні мен мағынасы қазіргі қоғамда тәрбиелік рөлін арттыра түсуде, себебі олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлттың рухани дүниесін сақтап, қалыптастыруда маңызды орын алады.
Ұлттық дәстүрлер – бұл халықтың ғасырлар бойы жинақталған мәдени мұрасы. Олар адамның өмірінде үлкен маңызға ие, өйткені олар адамды моральдық тұрғыдан тәрбиелеп, өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастырады. Әсіресе, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары адамгершілік пен ізгілікке, салт-сананы құрметтеуге, жақындарына қамқор болуға бағыт-талған.
Қазақ халқында отбасы тәрбиесіне үлкен көңіл бөлінген. Ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды алдыңғы орынға қойған. Балаға сыйластық, үлкендерге құрмет көрсету, ата-ананы қадірлеу, ізетті болу секілді қағидалар ұлт-тық тәрбие негіздеріне жатады. От-басындағы тәрбиенің басты ұстанымдары ұрпақтың мінез-құлқын қалыптастыруға, оларды ұлттық сана сезіммен өсіруге бағытталған.
Қазақ халқының қонақжайлылығы ұлттық тәрбиенің басты принциптерінің бірі болып табылады. Қонақ күту – адамның адамгершілік қасиеттерін көрсететін маңызды көрсеткіш. Қонақжайлылық дәстүрі баланы қоршаған ортаға құрметпен қарап, басқаларға қамқор болуға, көмектесуге тәрбиелейді.
Қазақтың ұлттық ойындары (көк-пар, асық ату, тоғызқұмалақ, т.б.) баланы тек физикалық тұрғыдан ғана емес, ақыл-ой тұрғысынан да дамытуға бағытталған. Бұл ойындар ұжымдық іс-әрекетке баулып, жеңіс пен жеңілістің психологиялық әсерін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұлттық өнер мен халық әндері де ұлттық тәрбиеге өзіндік үлес қосады.
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері баланы жан-жақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Шілдехана мен
сүндет тойлары, үйлену тойлары, қыз ұзату, келін түсіру секілді дәстүрлердің әрқайсысы өз ішінде тәрбиелік мәнге ие. Әрбір ғұрып балаға өмірдің мәнін, адамгершілікті, отбасының маңыздылығын түсінуге көмектеседі.
Қазіргі заманда ұлттық дәстүрлердің тәрбиелік мәні айтарлықтай ма-ңызды. Әрине, жаһандану дәуірінде көптеген дәстүрлер мен мәдени құндылықтар өзгеріске ұшырауда, бірақ ұлттық тәрбие мен дәстүрлердің орны толмас маңызын ұмытпауымыз керек. Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау мен жаңғырту – болашақ ұрпақ үшін үлкен міндет.
Бір сөзбен айтқанда, ұлттық дәстүрлер – тәрбие мен білім беру процесінің маңызды негізі. Олар адамгершілік, ізгілік, сыйластық пен сүйіспеншілік сынды қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіруге қызмет етеді. Ұлттың болашағы, ең алдымен, оның мәдени мұрасын, ұлттық дәстүрлерін құрметтеп, сақтай білетін жастарға байланысты.

– Қайрат Тұрлыбайұлы, өзіңіз де білесіз, Отан – әр адамның жүрегінде ерекше орын алатын ұғым. Бұл тек географиялық немесе саяси шекарамен шектелмейді, ол ең алдымен рухани байлық, ұлттық болмыс пен тарихымыздың қалыптасуымен тығыз байланысты. Осы орайда, «Отан – отбасынан басталады» деген сөздер өте терең мағынаға ие. Өйткені, әрбір адам өз отбасынан бастап өмірдегі алғашқы қадамдарын жасайды, әрі өзінің азаматтық, адамгершілік қасиеттерін осы ортада қалыптастырады. Осы мәселеге кеңірек тоқталып өтсеңіз?

– Иә, сауалыңыз орынды. Отбасы – адамның алғашқы тәрбие алатын ортасы. Бала үшін ата-ананың жүрегі мен үйі, олардың айтқан сөздері мен әрекеттері үлкен үлгі болады. Отбасында баланың алғашқы ұлттық құндылықтарды, мәдениетті, дәстүрлерді қабылдауы, оларды құрметтеуі қалыптасады. Әрбір отбасы мүшесінің бір-біріне деген құрметі мен махаббаты, осы арқылы адамдардың арасында сенім мен түсіністік орнайды. Осылайша, отбасы ішіндегі тәрбиелеу процесі ұлттың жалпы рухани жағдайына әсер етеді.
Отбасы – мемлекетіміздің іргетасы. Әрбір отбасы мүшесі еліміздің болашағын қалыптастыруға өзіндік үлесін қосады. Егер әрбір отбасы өз балаларына Отанға деген сүйіспеншілікті, оны қорғау мен да-мытудың маңыздылығын үйретсе, онда елдің болашағы жарқын болмақ. Жас ұрпақтың бойына патриотизмді, елін сүюді, туған жеріне деген құрметті дарыту – отбасындағы басты міндеттердің бірі.
Сонымен қатар, отбасы өз отанымен тығыз байланыста болуы керек. Отан үшін еңбек ету, оның мәдениеті мен өнерін сақтап, дамыту – әрбір азаматтың парызы. Әрбір отбасындағы тәрбие мен бауырмалдық, тыныштық пен бейбітшілік еліміздің өркендеуіне ықпал етеді.
“Отан — отбасынан басталады” деген сөздер тек қана сөз емес, ол біздің өміріміздің негізін құрайтын терең философия. Өз отбасымызды сүйіп, оны құрметтесек, біз Отанымызды да сүйе аламыз. Әрбір адам өз шаңырағында тәрбиеленіп, өсіп-өнсе, ол ұлттың рухани байлығын, мәдениетін сақтауға, Отанның дамуына үлкен үлес қосады. Сондықтан, Отанды сүю, оны құрметтеу, қорғау әрбір отбасыдан басталады.

– Қайрат Тұрлыбайұлы, өзіңізге мәлім, бала тәрбиесінің алғашқы кезеңі оның болашағы үшін маңызды орын алады. Осы кезеңде баланың жеке тұлғасының негізі қаланады. Балабақша осы үдерісте басты рөл атқаратын мекеме болып табылады, себебі ол балаға қоғаммен танысу, әлеуметтік дағдыларды меңгеру, өзін-өзі дамыту мүмкіндігін береді. Осы орайда балабақша тәрбиешілері қандай мәселеге басты назар аударуы қажет деп ойлайсыз?

– Иә, өзіңіз айтқандай, балабақшаға келген бала алғаш рет өз құрдастарымен араласып, бірге ойындар ойнауды, топтық әрекеттерді жүзеге асыруды үйренеді. Бұл оның әлеуметтік ортада дұрыс қарым-қатынас орнатуына, дос табуына ықпал етеді. Балабақшада балалар бірге жұмыс істей отырып, өз пікірлерін айта білу, басқа адамның пікірін тыңдай білу дағдыларын меңгереді.
Балабақша балаларға эмоцио-налдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, оларды өз сезімдерін түсінуге, дұрыс білдіруге үйретеді. Мұнда олар қайғы, қуаныш, ашу сияқты эмоцияларын басқаруды, сондай-ақ өзара қарым-қатынастарда ізгілікті ұстануға үйренеді. Бұл, өз кезегінде, баланың психикалық денсаулығына оң әсер етеді.
Балабақшадағы тәрбие мен оқу жұмыстары балалардың ақыл-ойын дамытып, олардың есте сақтау, логикалық ойлау, шығармашылық қабі-леттерін жетілдіруге бағытталған. Түрлі ойындар, тапсырмалар мен жаттығулар баланың қызығушылықтарын оятып, білімге деген құштарлығын арттырады. Бұл кезеңде балалардың болашақта мектепте оқуына қажетті дағдылар қалыптасады.
Балабақшада баланың жеке қасиеттері мен мінез-құлқы да қалыптасады. Мұнда бала өзіндік ерекшеліктерін танып, басқа балалармен салыстыра отырып, өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі бағалауды үйренеді. Балабақша тәрбиешілері балалардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір баланың дамуына қажетті жағдайлар жасайды.
Балабақшада балаларға отбасылық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жайында білім беріледі. Балалар отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдық, төзімділік сияқты қасиеттерді меңгере отырып, қоғамда өз орындарын таба бастайды. Бұл құн-дылықтар баланың келешектегі өмірінде дұрыс шешімдер қабылдауына ықпал етеді.
Балабақша – баланың өміріндегі маңызды кезең, онда оның тұлғасы қалыптасады, әлеуметтік дағдылары мен
эмоциялық интеллектісі дамиды. Балабақша тәрбиесі балаға әлемді танып-білуге, жақсы азамат болып қалыптасуға мүмкіндік береді. Сон-дықтан балабақшаның рөлі қоғамның болашағын айқындайтын басты фак-торлардың бірі болып табылады.

– Қайрат Тұрлыбайұлы, бала-бақшаны тілге тиек еткен соң мектепке де тоқтала кеткеніңіз жөн шығар?

– Бала тәрбиесінде мектептің рөлі – қоғам мен ұлттың болашағы үшін аса маңызды мәселе. Мектеп – балаға білім мен тәрбие берудің басты мекемесі ғана емес, сонымен қатар адамның тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін орта. Мектептің рөлі кең ауқымды және көпқырлы. Ол тек оқу процесімен шектелмей, баланың дүниетанымын қалыптастырып, моральдық құндылықтарды бойына сіңіруге, әлеуметтік дағдыларды дамы-туға, сондай-ақ ұлттық тәрбие беруге де маңызды қызмет атқарады.
Мектеп – баланың алғаш рет жү-йелі білім алатын орны. Мұнда бала тек ғылыми пәндерді үйреніп қоймай, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндігіне ие болады. Осы білімдер арқылы балалар өмірде өз орнын таба алады, кәсіби бағытын таңдай алады.
Мектеп – әлеуметтік ортаға ену үшін алғашқы қадам. Мұнда бала өз құрбыларымен қарым-қатынас орнатып, топта жұмыс істеу дағдыларын игереді, тұлғааралық байланыстарды үйренеді. Бұл, өз кезегінде, мінез-құлықтың қалыптасуына, жалпы адамгершілік қасиеттердің даму процесіне ықпал етеді.
Мектеп тек білім беріп қана қоймай, балаға өз халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері жайлы мағ-лұмат береді. Осылайша, ұлттық құндылықтарды насихаттап, ұрпақ бойында патриоттық сезім, ұлттық мақтаныш қалыптастырады. Сонымен қатар, моральдық тәрбие беру, баланың адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоғамға пайдалы азамат болуына бағытталған жұмыстар да мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мектепте психологиялық қызметтің болуы балалардың ішкі күй-зелістерін, проблемаларын шешуге ықпал етеді. Бала өсіп келе жатқан кезде, түрлі қиындықтармен бетпе-бет келуі мүмкін, осындай кезеңдерде мұғалімдер мен психологтардың кө-мегі маңызды болады. Мектеп баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына тек біліммен ғана емес, психологиялық қолдаумен де әсер етеді. Мектеп балаларды әлеуметтік өмірге белсенді қатысуға үйретеді. Олар түрлі қоғамдық жұмыстарға, қайырымдылық акцияларына қатысып, өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінуді үйренеді. Бұл өз кезегінде азаматтық сана мен қоғам алдындағы жауапкершілікті арттырады.
Жалпы мектеп – баланың тұлға ретінде қалыптасуына негіз қалаушы маңызды орын. Мұнда алған білім мен тәрбие оны өмірде сәтті жолға қойып, қоғамға пайдалы азамат болып шығуына ықпал етеді. Мектептің рөлі тек академиялық білім берумен ғана шектелмей, балаға тәрбие беру, мінез-құлықты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және қоғамға пайдалы азамат тәрбиелеуде маңызды орын алады.

– Отбасы саясатына қатысты көптеген өзекті мәселелерді кө-тердіңіз. Енді тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқталсаңыз?

– Қорыта айтқанда, отбасы – адамның өміріндегі ең маңызды институттардың бірі. Бұл жай ғана жақын туыстардың жиынтығы емес, үлкен жауапкершілікті талап ететін, адами құндылықтарды қалыптастыратын, адамның рухани дамуына әсер ететін әлеуметтік орта. Отбасы әрбір адам үшін өмір мектебі болып табылады. Оның ішіндегі ең маңызды рөлді ата-ана мен балалар арасындағы байланыс алады.
Отбасы – бұл адамзаттың алғашқы және ең маңызды әлеуметтік бірлігі. Оның негізгі құрылымдық элементтері – ата-ана мен бала. Олар арасындағы қарым-қатынас – тәрбиенің негізі. Отбасы қоғамның негізін қалаушы ұйым болып табылады. Әрбір отбасының жеке тарихы мен тәжірибесі бар, бірақ ортақ мақсат – ұрпақ тәрбиелеу және болашақ ұрпақ үшін дұрыс бағыт беру.
Ата-ана – отбасының тірегі, баланың алғашқы ұстаздары. Олар баланың рухани, физикалық, психологиялық дамуына жауапты. Баланың барлық өмірлік дағдылары мен құндылықтары көбіне ата-ананың көзқарасынан қалыптасады. Ата-ана баласына моральдық құндылықтар мен қоғамға деген жауапкершілікті түсіндіріп, оларды өмірде дұрыс бағытта тәрбиелеуге міндетті. Ата-ананың шынайы қамқорлығы мен махаббаты балаға өзіндік сенімділік пен жауапкершілік сезімін ұялатады.
Бала – болашақ қоғамның құры-лысшысы. Сондықтан да оның тәрбиесі тек отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның да жауапкершілігі болып табылады. Бала тәрбиесі барысында отбасы оған мәдениеттілік, адалдық, еңбекқорлық, адамгершілік сияқты негізгі қасиеттерді дарытады. Ата-ананың берген тәрбие негізінде бала болашақта қоғамда өз орнын табуға, дұрыс шешімдер қабылдауға және адамдармен қарым-қатынас орнатуға үйренеді.
Отбасы – тек ішкі тәрбиенің, әлеуметтік байланыстардың ғана емес, сонымен қатар қоғамның да дамуына ықпал ететін маңызды фактор. Отбасы мүшелерінің арасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен сенім қоғамдағы жалпы тұрақтылықты қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік мәселелердің шешімін табуда отбасының маңызы ерекше. Қиыншылықтар мен қиын кезеңдерде отбасы мүшелерінің бірігуі, қолдау көрсетуі қоғамның тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Отбасы – қоғамның жүрегі, ал ата-ана мен бала – оның тірегі. Әр-бір ұрпақтың тәрбиесі қоғамның болашағына әсер етеді. Отбасындағы дұрыс тәрбие, бірлік пен түсіністік қоғамның нығаюына, дамуына үлкен үлес қосады. Сондықтан да отбасы мәселесіне назар аудару – тек жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға маңызды міндет.

– Өзекжарды сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбаттасқан:
Еркінбек ТҰРҒЫНОВ,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми ізденушісі

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *