РЕВОЛЮЦИЯ ҰЛАНДАРЫ
04.12.2024 0 40
Эрилик ЭРИСТИИН,
1892 жылы Якут АКСР Чурапчин ауданы, Шақыр ауылында туған. Якут ақыны және прозашысы.
1924 жылдан КОКП мүшесі. 1938 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі. 1942 жылы Чурапчин ауданы Төлен ауылында қайтыс болды. Якут Жазушылар одағы мен Эрилик Эристиин атындағы қор ауыл тақырыбына жазылған үздік көркем шығармалар үшін жыл сайын оның атындағы әдеби сыйлық тағайындаған.
Жазушының туған жері Шақыр ауылында мұражай үйі бар.
Жалғасы.
Якут тілінен орысшаға аударған – Аита Шапошникова
V тарау
Әбдірқұл көп жыл бойы азап пен қайғы-қасіретті басынан кешірді. Он екі жасқа дейін туған ауылы Тұз-Бұлақта күн сайын аштықпен арпалысып өмір сүрді. Бір-ақ жылдың ішінде ол тұлдыр жетім болып, ауылдың старостасы Мүсірептен өлгенше таяқ жеді, Темірланда қалған-құтқанды азық етті, Орынбор түрмесінде полицияның тергеуі мен қорлықтарын басынан өткерді, теміржол станциясында жалғыз інісінен айрылып, жалғыздықты басынан кешірді, төрт жыл бойы Перовскіде қабырғасы қайысып көпес Арыпходжаевтың бу диірменінде еңбек етіп, онда ұн тозаңында тұншығып өле жаздады. Осының барлығы да Әбдірқұлдың өсіп келе жатқан күшті ағзасын сындыра алмады, қатал өмір оны шыңдай түсті – ол күшті әрі төзімді болып өсті. Бұл әлдекімнің еңбегі емес, табиғаттан берілген мықты денсаулықтың арқасы еді. Өмірде бір нәрседен жолым болды – ол туғаннан-ақ денімнің сау және шымыр болғандығым еді – деп ойлады ол өзі туралы.
Мұндарбектен айрылғалы да сегіз жыл өте шықты және осы сегіз жыл жалғыздықта ол көптеген қиындықтарға төтеп берді. Бауырын іздеп вагондардың астына жасырынып жүріп Ташкентте, Ферғанада, Волга мен Орал қалаларында болды. Іздестіруге төрт жыл кетті, әйтседе Мұндарбек туралы еш хабар болмады. Ақырында күдерін үзіп, Перовскідегі көпес Арыппходжаевтың диірменінен жұмыс тапты. Екі жыл бойы бала тек қана тамақ үшін жұмыс істеді, содан кейін барып қана оған күніне 20 тиын төлей бастады.
Осы уақыт ішінде ол өзі сияқты мыңдаған кедей және жалғызбасты жетім-жесірлерді кездестірген еді. Олардың арасында әр түрлі мінез-құлық иелері мен санқилы тағдырлар бар еді. Әбдірқұл байлар билігі жүріп тұрғанда, қарапайым халыққа әділ заңдар мен ережелердің болмайтынын түсінді, қанаушыларға қарсы күресуге белін бекем буды, ереуілдерге қатысты, қолына қызыл ту ұстап демонстрацияның алдыңғы қатарында жүрді, екі-үш рет қысқа мерзімге түрмеге қамалды. Ол орыс тілін ана тіліндей меңгеріп, орысша оқу мен жазуды үйренді. Жоқ, ол енді бұрынғы басып-жаншылған қазақ жігіт емес еді, ол ең озық тап – пролетариаттың ең үздік өкілдерінің бірі болып қалыптасты.
Сегіз жыл қаңғу мен қажырлы еңбек Әбдірқұлға көп нәрсені үйретті. Дегенмен, ол қаншалықты есейсіп-жетілсе де, ешқашан да аштық сезімінен арыла алмады, әлі де ол бағынышты, қожайындарға тәуелді еді, өз қалауымен өмір сүре алмады.
Биыл ол жиырмаға толып, оны әскерге шақырды. Перовскідегі резервтік ротада үш ай оқығаннан кейін, 1916 жылдың сәуірінде оны Тернополь қаласы маңындағы герман майданына аттандыру туралышешім шығарылды. «Капиталистердің пайда табу, тауарларды өткізудің үздік нарықтарын, жұмыс күші арзан, фабрикалар мен зауыттарға қажетті шикізатты оңай өндіретін, тас көмір, мұнай, алтын, мыс, күміс, темір көп жерлерді басып алу мақсатында бастаған соғыстары кедейлерге қайғы-мұңнан өзге ештеңе де әкелмейді.
Екі жақтан да ондаған миллион жұмысшылар мен шаруалар соғысқа аттанады. Бай таптың мүддесін қорғау жолында қандарын төгеді, денсаулығын жоғалтады, ұрыс алаңдарында қаза табады, тап сол мезетте соғысқа мүдделі, әскери міндеттен босатылған буржуйлар уақыты мен ақшаларын ойын-сауыққа жұмсап жатады, майданға бара қалған күннің өзінде қара халық секілді ажалға басын тікпейді, штабта отырып алып, жауынгерлер үшін қауіпті қылмысты бұйрықтар шығарып отырады», — деген ойлар соғысқа аттанып бара жатқандардың көкейінде тұрды. Олардың барлығы да өздері түсетін әскери бөлімшелерде империалистік соғысты азаматтық соғысқа айналдыру жолында үгіт-насихат жүргізуге уәде берді.
Бұл соғысты бастаушылар алыста, басқа қалаларда тұрады, ал ол турасында өз казармасында Әбдірқұл сөз қозғады. Казармадағы жұрттың бәрі дерлік оны қолдады. Міне, жиырма күннен бері ол соғысқа қарсы белсенді үгіт-насихат жүргізген 120 сарбаздың ішінде түрмеде отыр. Түрмеде отырып та Әбдірқұл күресін тоқтатпай, түрме режиміне қатысты бірнеше талап бен наразылықтарын жазды.
Көп ұзамай Мәскеуден әскери трибунал келді. Бірнеше күн бұрын сот өтті. Әскерге шақырылғандар арасында көтерілген бүлік үшін Әбдірқұл ату жазасына кесіліп, қалғандарына бес жылдан он жылға дейін Енисейге жер аудару жазасы берілді. Трибунал шешіміне наразылық білдірген Перовск, Фергана, Ташкент жұмысшылары ереуіл жариялап, көп адамдардыжиған демонстрациялар ұйымдастырды. Толқулардан қорыққан билік сот шешімін қайта қарап, Орынбаевты Енисей губерниясының Турухан округіне айдау туралы үкім шығарды.
Қалған сотталғандардыңайдау мерзімдерін сегіз және үш-төрт жылға дейін қысқартты. Қалың бұқараны тыныштандыру үшін жасалған шаралардан ешнәрсе де шықпады. Перовскідегі темір жол шеберханасы мен ұн тарту зауыттарының жұмысшылары үш күн жұмысқа шықпай ереуілдетсе, екінші жаяу әскер ротасы күзетуден бас тартты. Жер аударуға кесілгендер аштық жариялап, үш күннен бері тамақ ішпеді. Үш күн бойы барлық жерлерде митингілер мен демонстрациялар өтіп жатты, Ферғана мен Перовскіде төтенше жағдай жарияланды. Қатты қорыққан Перовск қаласының басшысы сотталғандарды жылдам жөнелтуге асықты. Бүгін оларға қаладан кетуге тура келді.
Жасыл даланың үстіндегі көк аспанда шөкімдей де бұлт жоқ, жарқыраған күн астында хош иісті гүлдер мен жеміс ағаштарының көлеңкесіндегі қызыл-жасылды көбелектердің уайымсыз-қайғысызтірлігіне қарап өмірде де соншалықты барлығына бірдей көңілді һәм уайымсыз деуге боларлықтай еді. Орта Азияның табиғаты адамдар әлемінде көптен болмаған тыныштық пен ерекше сұлулыққа малынып тұр еді.
Сотталғандарды алып кетуге тиіс пойыз жөнелту туралы белгіні күтіп станцияда тұрды. Терезелері тұмшаланған вагондар паровозға тіркеліп қойды. Кез келген сәтте жолға аттануға дайын буын жіберіп, қара түтінмен көмкерілген паровоздың маңайына көптеген қарауыл қойылыпты.
Сәлден соң жолда қарулы сарбаздар мен қолдарында жалаң қылыштары бар атты казактар күзеткен тұтқындардың тобы көрінді. Олардың соңынан төбелеріне алқызыл тулар көтерген демонстранттардың шексіз колоннасы жүріп келе жатты. Жүріп келе жатып революциялық әндер шырқайды, олар қаланың барлық фабрикалары мен зауыттарының жұмысшылары еді. Мыңдаған адам шырқаған күрес музыкасы шығарып салушылардың ең соңғы қатарларына дейін қатты естіліп жатты. Сотталғандарды айдап келе жатқан күзетшілер демонстранттар жақындағанға дейін оларды тезірек вагондарға айдап кіргізуге асығуда.
«Тұтқындарды он адамнан жеке вагондарға отырғызу керек!» — деп ұзын шинельді, жылтырақ етік киген мұртты мырза— полиция бастығы күзетшілер тобынан жалаң қылышымен алға шығып, бұйрық берді.
Айдалып бара жатқандар тобында тұрып, Әбдірқұл қалпағын сілки айқай салды:
— Үш күн бойы біз ештеңе жегеніміз жоқ. Бізді патша билігінің әділетсіздігі туралы шындықты айтқанымыз үшін ғана қандықол бандиттердей сүргінге айдауда, біз де адамбыз. Вагондарға отырудан бас тартамыз, алдымен бізге тамақ берсін, тек сонан кейін ғана кіреміз. — «Дұрыс, дұрыс айтасың», — деді оның достары.
Солдаттар сотталғандарды зорлықпен он адамнан партияларға бөле бастады, бірақ олар топталып алып, оған жол бермеді. Осы арада демонстранттар да келіп жетіп, станция лық толып кетті. Жұмысшылар пойызды қоршап алды, керосин құйылған бөшкелерді домалатып, станса аумағында үйілген тастар мен басқа да қалдықтарды тасып, рельстерге баррикада тұрғыза бастағандар да табылды.
Күзетшілер мен қарауылға көмекке келген полиция жасағы көпшілікті істік-қылыштарымен жасқап, кейін шегінуге мәжбүрледі, әйтседе арт жақтағылар алдыңғы лекті ығыстыра пойызға жақындатып тастады. Бірнеше жерде митингілер басталып, шешендердің дауыстары шыға бастады. Арнайы жұмысшы киімін киген, орта бойлы, бет-жүзі батыл бір адам керосин құйылған бөшкеге секіріп шығып, сөзін бастай берді. Даурығысқан, тұтқындарға сәлемдерінжолдап жатқан жұрт үнсіз қалып, құлақтарын түрді.
Шешен батыл-батыл сөйлейді. Ол өзінің не туралы айтып тұрғанына толық есеп беріп, самодержавиелік мемлекеттің тәртіп-жүйесін ашық сынаудан жасқанбады. Оның аузынан сөз емес, жалын төгіліп, мырзалар мен олардың құйыршықтарын аяусыз күйдіріп жатқандай болды. Ашу мен шарасыздықтан полиция бастығы тістерін қайрай қалшылдап, аузын қисайтып, күлкісі келіп тұрған жанның кейпін танытуға тырысты.
Сөйлеуші сөзін аяқтай бастады. Әрбір іркілістен кейінгіду қол соғылып жатты.
— Жұмысшы тап бұдан былай Ресейде ғасырлар бойы үстемдік етіп келген және оны қанға бөктірген мұндай заңсыздықтарға енді төзе алмайды. Қанаушылар енді бізді кеудемізді жау оқтарының астына төсеп беруге мәжбүрлемек, ал өздері осылайша жымысқылықпен жан сауғалап қалмақшы. Жоқ, біз билікті байлардан өз қолымызға алу жолында бір кісідей атсалысамыз және сол жолға басымызды тігеміз! — деп аяқтады ол сөзін. Бірнеше минут бойы жаппай қол шапалақтауреволюциялық әндермен алмасып жатты.
Бақайшағына дейін қаруланған солдаттары бар полиция бастығы көтерілген халыққа қарсы не істерін білмей, перронда арлы-берлі жүре бастады. Оның тұтқындар талабын орындаудан басқа амалы қалмаған еді. Жақын маңдағы буфеттен оның бұйрығы бойынша тамақтар әкелініп, вокзал ғимаратына жеткізілгентұтқындарға тамақ беріле бастады. Демонстранттардың сан жағынан басымдығынан қаймыққан полицияның тұтқындар талабын орындағанын көріп, жұртшылық бұрынғыдан да батылдана түсті.
Шығарып салушылар полицейлерді қарғап-сілеп, балағаттап жатты. Полиция бастығының қаладан қосымша көмек шақырғанын естіп-білген демонстрацияны ұйымдастырушылар да ереуілге шыққан рота сарбаздарынахабаршы жіберді. Жағдай күрделене түсті. Ақырында, сотталғандар тамақтарын жеп болды. Әбдірқұл қоштасу сөзін сөйлеп, негізгі күшті алдағы революцияға сақтауға, қантөгіспен аяқталуы мүмкін жоспарсыз қадамдарға бармауға шақырды.
Ол бүгін айдауға жөнелтілетіндерге еш кедергі келтірілмейтінін, бұл толқудың ешқандай алдын-ала жоспарсыз және қару-жарақсыз стихиялы түрде басталғанын, сондықтан да көпшілікті өлімге бастайтынын айтты. Ондаған революция ісіне адал ең үздік партияластардың бір күндік қақтығыста ажал құшса, ондаеш мағынаның жоқтығын, одан да тірі қалып, самодержавиені құлату жолында партияның басшылығымен жаппай қарулы көтеріліске дайындалудың әлдеқайда пайдалы екенін ескертті; жолдастарының атынан айдауда жүріп те күресті тоқтатпауға, үміт үзбеуге уәде берді.
Сол аралықта стансаға ереуілге шыққан жүз қаралы солдаттар келе қалып, пойызды қоршауға алды, тұтқындарды босатуды талап етті. Әбдірқұл мен оның жолдастары айқайлап, оларды ақылға шақыруға тырысты. Тап сол мезеттебастан-аяқ мұздай қаруланған бірнеше жаяу жасақтарда полицияға көмекке келіп жеткен еді. Күтпеген тосын жағдайдан қорқып-шошыған әйелдер мен бала-шаға тым-тырақай жан-жаққа қашып жатты. Полиция бастығы көпшіліккеәскерлерден жырақ тұруды талап етсе де, демонстранттар оның бұйрығына құлақ аспай, одан да жақындай түсті.
Жағдай екі жақтан да шиеленісе түсті: қақтығыс басталды, үзік-үзік бұйрықтар жетіп жатты, ал ереуілші солдаттар атуға дайындалды. Қылыштарын жалаңдатқан казактар жиналғандарды тарқатуға тырысты, әйтседе адамдар олардан жалтарып, орындарында қала берді.
Полицейлер аспанға оқ ата бастады. Халықтың біраз бөлігі бытырай тарап жатқанда, ішіндегі ержүрек батылдарықайтпастан алға қарай жылжи берді. Сол кезде шыдамы таусылған полиция бастығы демонстранттарға қарсы оқ атуға бұйрық берді. Гүрс етіп мылтық атылып, алғашқы оқ тигендер жерге сұлап түсті. Көтеріліске шыққан ротаның солдаттары да қарап қалмады, олардың тарапынан да оқ атылып, маңайды көк түтін жауып кетті, полицейлер қатары сиреп жатты. Бүкіл станция бойын атылған мылтық гүрсілі, айқай-шу, бұйрық сөздер басып кетті.
Жаралылар мен өліп бара жатқандардың ыңырсыған үндері мен қашып бара жатқандардың дүбірлері өзара бір-бірімен араласып, біртұтас қорқыныштың, жалынып-жалбарынудың үніне айналып кетті. Полиция тарапынан «Максим» пулеметі іске қосылып, үзіліссіз оқ жаудырудан адамдар топ-тобымен құлай бастады. Демонстранттар әскер мен полицияның шабуылына төтеп бере алмай, бет-бетінмен қаша бастады. Атысып жүрген рота солдаттарының біразы жау оғынан жығылса, тірі қалғандары қаруларын тастап, бас сауғалады.
Атыс біршама саябыр тауып, енді жаралылардың ыңырсыған үндері, жақындарынжоғалтқандардың жылап-сықтауы, полицейлердің өктем дауыстары анық естіле бастады. Ауыр жарақат алған жұмысшылар тайғанақ мұзда туған құлындар секілді орындарынан тұра беріп, қайтажығылып жатты. Әлі суып үлгермеген мәйіттер мен жарақат алып, шарасыз басын шайқап жатқан денелерге толы станция алаңның көрінісі тым қорқынышты әрі ақылға сыймастай жантүршігерлік еді. Алыстан қарағанда оқ тигендердің қозғалып жатқан бастары өлексеге қонған құзғын-қарғаларғада тым ұқсап кететін еді.
Әбдірқұл қанша ескертсе де, болар іс болды. Революцияның жеңісі жолындағы күреске дайын, күш-жігері тасып тұрған ондаған жас күштері сәйкес келмейтін дұшпанмен ашық айқаста қаза тапты.
Жеңіске жеткен полиция тұтқындарды вагондарға тиеуге кірісіп те кетті.
Айдалып бара жатқандардың атынан қоштасқандай паровоз соза бір ысқырып жіберді де, доңғалақтарын баяулай бастап, одан ары жылдам-жылдам соқтыра платформа бойымен жүзіп бара жатты, одан соң толық жылдамдығын қосып, ұшы-қиырсыз далаға сіңіп бара жатты. Тіркелген барлық вагондарымен ол көкжиектен шығып ғайып болды да, соңынан созылған көк түтін де көп ұзамай-ақ сейіліп көзден таса болды.
VI тарау
1917 жылғы ақпан төңкерісі Орынбаевты Енисей өзенінің төменгі сағасындағы Турухан округінің Чулково ауылында айдауда ұстап тұрған барлық кедергілердің быт-шытын шығарды. Енді Әбдірқұл қызыл жауынгерлермен бірге Орынбордың батысында орналасқан Бузулук станциясында тұрды.
Босап шығысымен ол Орынборға келген, онда оны ешқандай кандидаттық өтілінсіз-ақ бірден большевиктер партиясының қатарына қабылдады. Чулковода айдауда жүріп ол Андрей Николаевич Киргизданмен кездескен, қыс бойы оның жетекшілігімен тіл және қоғамдық-саяси ғылымдарды игеріп, аз уақыт ішінде бірша саяси білім алып үлгерді. КиргизданСібірге жер аударылған ата-анасын тауып алып, олармен бірге Орынборға көшкен еді. Олар Әбдірқұлмен бірге тағы да тату-тәтті өмір сүре бастады.
Октябрь революциясы жеңіске жеткенге дейін Орынбаев эсер және меньшевиктермен пікірталастарға қатысып жүрді де, ал билік жұмысшы табының қолына өткеннен кейін оны Облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы етіп тағайындады, Орынбор кеңесі пленумының мүшесі болып сайланды. Өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқара жүріп, ол көрнекті партиялық қызметкер болып қалыптасты, пролетариат пен шаруалардың кедей топтары арасында айтарлықтай беделге ие болды. Уақыт өте буырқанған қызу болатын, өмір көктемгі тасқын тұсындағы су сияқты өзгерістерге толы еді, Әбдірқұлды жаңа бір тосын сынақтар күтіп тұрды.
Осыдан екі күн бұрын жалған уәделерге алданған жергілікті бай-кулактардың, молдалардыңжәне қараңғы қазақтардың қолдауымен генерал Дутов кенеттен Орынборға шабуыл жасап, оны басып алады. Қала гарнизоны азын-аулақ атыстан кейін қарсылас күшінің басым екендігіншамалап, Киргизданның басшылығымен Бузулукқа шегінеді. Сол жақтан ол Самара әскери басшылығынан көмек сұрады. Бүгін Бузулукқа көмекке жіберілген 500 қызыл әскер мен герман соғысынан қайтқан 600 жауынгері бар эшелон келуі тиіс болатын – бас-аяғы 1100 адам.
Бузулуктың жұпыны үйшіктері ала-құла киінген, сақалды, винтовкалы жандарға толып кетті, олар Қызыл Армия қатарына енді ғана кірген-ді, сондықтан да олардың формалары әлі нашар болатын. Олардың жандарынан тапталған қасат қарды қақ жарып қызыл атты әскерлердің эскадрондары өтіп бара жатты. Стансаның айналасына түгелдей күзеттер қойылды. Өкпек суық жел даладағы қар бұлттарын қуып әкеліп, рельстерді қармен көмкеріп тастады, теміржол қатынасының үзілу қаупі туды. Әйелдер мен балаларды қоса станцияның барлық тұрғындары, пойыздың кідіруін болдырмау үшін жолдарды қардан тазартуға жіберілді. Желден қорғанышы жоқ жұқа киім кигендері тоңғаннан қайта оралып, жұмыстан үйлеріне қайтып жатты.
Вокзал маңындағы асхананың ең үлкен бөлмесі жараланған жауынгерлерге арналған лазаретке айналды.
Кішкентай бөлмеде Орынбор картасын үстелге жайып тастаған комбат, Киргизданжәне бірнеше командирлер шабуыл туралы әскери кеңес құрып жатты.
Темекінің көк түтіні бірнеше күннен бері жел қақпаған, жылытылмаған үйдің ішін толтырып тұрды. Командирлермен бірге комбатқа қарама-қарсы отырған Орынбаев орнынан тұрып, картаны нұсқай қаланы алу туралы өз жоспарын баяндай бастады:
— Сарай-Таудың шыңына Совет көшесінің бойындағы Әулие Троица шіркеуінің қоңырау мұнарасын нысанаға алыпзеңбірек қою керек. Жаудың бізді Қаракөл алқабынан күтетініне сенімдімін жәнесол жаққа пулемет жасақтарын орналастырады. Меніңше, өз күштерімізді былайша бөліп орналастырған жөн. «Максим» мен екі «Шоша» пулеметімен қаруланған екінші рота Қаракөл алқабындағы жыраларды бойлай өтіп, түрме маңындағы бос алаңқайға шығуы тиіс, сол жерден түрмеге шабуыл жасап, тұтқындарды босату керек.
Оңтүстік жақтан қалаға екі рота шабуылдайды, әрқайсысы бір «Максим» және екі «Кольт» пулеметтерімен күшейтіледі. Бір рота Крегер көшесімен, екіншісі Фонтанная көшесімен жүріп отырып казармаға шығады да, генералдың штабын алуы керек. Дәл сол сәтте солтүстіктегі неғұрлым тиімді позициялардағы екі рота барынша оқ жаудырып, қарсыластың негізгі күштерінің назарын өздеріне аударады. Ал кавалерия, қалай болғанда дашығыс жақтағы жау шебін бұзып өтіп, қалаға кіруі тиіс те, дүрбелең туғызуы керек. Менің айтайын дегенім осы, — деп аяқтады да, орнына отырды.
Командир Киргизданонымен келіскендей басын изеді. Әскери кеңестің басқа да көптеген мүшелері Орынбаев әзірлеген жоспарды қолдады.
— Қосымша күштер келетін уақыт та жақындап қалды. Келе жатқан жолдастарымызға салтанатты кездесу ұйымдастыруымыз қажет. Баршаңыз платформаға өз роталарыңызды тұрғызып, сол жерде митинг ашамыз да, штабтың атынан біздің біреуіміз сәлемдесу сөзін айтуымыз қажет, — деді, Киргиздан қол сағатына қарап.
— Сонымен, жолдастар, бұл туралы кімнің қандай ойы бар? — деп сұрады.
— Бәрі дұрыс! Біз митингіде майданнан қайтып келе жатқан сарбаздарға өз еркімен Қызыл Армия қатарына қосылуға үндеу жасауымыз қажет. 600 адам — бұл ойыншық емес. Бізде оқ-дәрі мен қару-жарақ жеткілікті, сондықтан олар революцияны қорғағысы келетін болса, біздің күшіміз еселеп арта түседі, — деген ұсыныс айтты Әбдірқұл.
Барлығы бірауыздан: «Дұрыс!», «Жөн!», «Жолдас дұрыс айтады!» — деп қолдай жөнелді. Шынында да, дүрбелеңге толы кезеңболатын, қалай десек те, жүз-екі жүздіктың күш артықтық етпес еді. Орынбаев көптеген командирлердің көкейінде тұрған мәселені айтты, шамасы.
— Жиынды штаб атынан Киргизданжолдас ашсын, сонымен қатар ол бүгінгі ахуалжайлы қысқаша мәлімет берсін. Сосын гарнизон атынан келген қонақтарға Орынбаев өз тілегін білдірсін. Содан кейін келген жасақтың командиріне сөз беру керек. Ал, осылардан кейін барып Орынбаев жолдас демобилизацияға шыққандарды біздің тарапқа өтуге шақырады, себебі ол бәрінен де жақсы әрі сенімді сөйлей алады. Сонымен аяқтау керек. Уақыт көп сөзді көтермейді… — деді командирлердің бірі.
Кеңес бұл ұсынысты да мақұлдады. Осы екі арада сырттан паровоздың ысқырған дауысы естілді. Киргиздантерезеге қарап тұрып: «Барыңдар, роталарды жеткізіңдер! Эшелон станцияға кіреберісте».
Бәрі де жауынгерлік дабыл қағылғандай орындарынан тұрып, шыға бастады. Жылжымалы орындықтардың дауыстары естіліп, есік жабылды. Бөлме бос қалды.
Желтоқсанның қаһарлы қара суығы станцияны аралап жүрді. Таңертеңнен бері тынбай соққан боран жолдарда тұрып қалған вагондар мен паровоздарды тікенек қармен қаптап, көшелерді ұйтқытып әлек. Жылдам сырғып бара жатқан ауыр бұлттар арасынан қыстың күңгірт күні бірер секундқа ғанасығалап, қатты аяз құрсаған жүзін жерден қайтадан алыстатып әкетті.
Міне, бар күшімен дөңгелектерін дүркірете, түтінін шығара, ұзынвагондар құрамын сүйретежүйткіген паровозкелді де, платформаның жанына тоқтап, жеңілдегендей буларын босатып қоя берді. Станцияда тұрған паровоздар оған генералмен соғыста жеңілгеніне және Орынбордан қашқанына шағымданғандай, жұқа да созылыңқы ысқырықтарымен белгі беріп жатты. Гарнизон жауынгерлері иықтарына винтовкаларын асынып, қысқа тон, коммунарка бас киімі мен пималарын киіп, саппен адымдап станцияға келді де, эшелон вагондарына қарсы ұзына бойы сапқа тұрғызылды. «Ура!» — деп айқайлады гарнизон командирі, жүздеген дауыстар бір мезгілде: «Ура!» деп қосыла кетті.
Вагон есіктері ашылып, ол жақтан бұзылған илеуден ақтарылған құмырсқаларсекілді бірдей қалпақ пен қысқа тон киген қызыл әскерлерақтарылып жатты. Ұзын шинель киген, көзқарасы қатал, бет-жүзі суық жас командир адымдай басып Киргизданмен Орынбаевқа келді де, қол беріп амандасты. Келген отряд командирлерінің дауыстары естіліп, олар өз роталарын сапқа тұрғыза бастады. Соңғы вагондардан патша армиясының формасын киген солдаттарсекіріп түсті,олардың өз командирлері бар еді, олар да алаңның екінші шетіне сапқа тұрғызылды. Бұлар қарусыз болса да, нағыз жауынгерлер еді, есесіне әскери тәртіпті жоғалтпаған.
Жаңадан келген батальон мен жергілікті гарнизонның музыкалық командалары белгі берілсе болды ойнай жөнелуге дайын күйінде қатар тұрды. Митингіде сөйлейтіндердің бәрі бір вагонның жанына жиналды; қызыләскерлер мен майдангерлер жан-жақтан қатаң саппен ұмтылып, мүмкіндігінше орналасты.
Киргизданвагонның басқышына көтеріліп, жұмысшы табы мен еңбек шаруасының жарқын болашағы үшін күреске өз өмірлерін тіккен жасампаз Қызыл Армияның батыл жауынгерлеріне бет бұрып, салтанатты митингті ашты. Ол қарапайым да түсінікті тілмен қалайша Орынбордың генерал Дутовтың билігіне өткенін, кенеттен кеңестік жұмысшылардың ақгвардияшылардың қолына тұтқынға түсіп қалғанын және қызыл армияшылардың ендігі ең басты міндеті – Орынбордымүмкіндігінше тезірек азат етіп, адамдарды құтқару екенінтүсіндірді.
Жиналғандарды хабардар еткен соң, ол гарнизон атынан тілек білдіру үшін сөзді Орынбавқа берді. Әбдірқұл өзіне тән ділмарлықпен Самарадан қызыләскерлердің көмекке келгендігі туралы толқыныспен айтты да, жеңістің ең алдымен өздеріндей жұмысшылар мен кедей шаруаларға қажет екенін, тізе қосып, генералдың қарақшы армиясын тас-талқан ету керектігін айтты. Жауынгерлер қызыл командирді көздері жасаурап тыңдады, тап сол сәтте оларды ұрысқа шақырса, олар еш ойланбастан еріп жүре беруге дайын еді, Әбдірқұлдың сөздерініңәсерлі болғаны соншалық, олардың жауынгерлік рухын көтерді. Соңғы құттықтау сөздерін Орынбаев оркестрдің «Интернационалды» ойнай бастаған алғашқы аккордтарымен бір мезгілде айтты.
Басқышқа самаралықтардың командирі шықты. Ол жас кеңестік мемлекетті тұншықтырып, халықты тағы да қанағысы келетін контрреволюция туралы сөз қозғады. Текқұтырған жалғыз ит-генералды ғана емес, барлық контрреволюциялық элементтерді жер бетінен темір сыпырғышпен сыпырып тастау керек деп мәлімдеді ол. Самаралық генерал Дутовтың әскерін түбегейлі қырып-жоюға, мұнан кейін қарапайым халықтың қанын төккісі келгендерді тәубесіне келтіруге шақырды, ақыр соңында бейбіт бақытты өмірдің тууын тіледі.
Енді Орынбаевтың әскерден қайтқан сарбаздардыкері шақыратын мезгіліжетті. Қолындағы умаждалған коммунаркасын сілки түсіп, ол неміс майданынан үйге қайтып бара жатқандардың барлығы да жұмысшылар мен шаруалардың балалары екенін айтты. Олар бұрынғы помещиктер мен зауыт иелері көтерген контрреволюцияның Ұлы Октябрь революциясының жеңістерін басып-жаншып, билікті капиталистерге қайтарғанын қалайды ма; олар тағы да бірнеше ғасыр бойы байлардың аяғының астында жаншыла бере ме?
Өзінің үндеу сөзін Әбдірқұл былайша аяқтады: «Қызыл Армия қатарына өз еріктеріңмен кіріңдер, қолға қару алып әлемдік контрреволюцияға қарсы күресейік. Соғыстың нәтижесі, отбасыларыңның тағдыры, барша халықтың тағдыры сендердің қолдарыңда! Сендер өз биліктеріңді, ал сонымен бірге өз мүдделеріңді де қорғап қалуларың керек».
Оркестр тағы да ойнай бастады, мыңдаған жауынгерлер «ура» деген айқайларыменшешенді қолдап кетті.
Майдангерлер не айтарларын білмей, ұзақ үнсіз тұрды. Кенет прапорщик погонын таққан ұзын бойлы сымбатты адам қатардан шығып, сөз сұрады. Мінбер қызметін атқарған басқышқа көтеріліп, ол өздерінің келісімін сұрамай, Германиямен соғысқа қалай күштеп аттандырғаны туралы, көрген қиындықтарыжайлы, көз алдарында жау оқтары, аштық, суық, жұқпалы аурулар алып кеткен миллиондаған адамдар туралы, өздерініңәйтеуір тірі қалғандары туралы әңгімелеп берді.
Ол өздерін ата-аналары, әйелдері мен жас балалары өлімге аттандырғандай соғысқа шығарып салу сәтін есіне алды. Жылдар бойы жасалып, кейін қауқарсыз қарттардың қолына қалдырылған шаруашылық та есіне түсті. «Біз соғыстан шаршадық, біздерді үйімізде күтіп отыр. Біз бейтарап саясатты – ешқандай да соғысушы тарапқа қосылмау саясатын ұстанамыз. Мәскеуде де бізге қызыләскер болу ұсынылған-ды, бірақ біз кез келген билік бізді қанағаттандырады деп бас тарттық», — деп мәлімдеді де, қайтадан сапқа тұрды. Майдангерлерге деген үміт ақталмады.
Сәл кідіріп, қатардағы жауынгер формасындағы биік бойлы мығым қазақ сөз сұрады. Өткір де өзіне сенімді көзқарасымен жиналғандарды шолып шыққан ол зор әуезді дауысымен орысша сөйледі:
— Жолдастар! Қазір нендей күндердің туғанын өздеріңіз білесіздер. Қилы кезеңді жазғыру оңай, ең қиыны — өз тағдырыңды өзің таңдау. Бұл жерде ымыраласу болмау керек: осынау майданда кім жеңсе, билікті сол алады. Әрине, кез келген күрес қантөгіссіз болмайды.
Менің алдымда сөйлеген жолдас кез келген билікте өмір сүруге келісетінін айтты. Ал, айталық, буржуилар жеңсе ше? Сіз бен бізге қайтадан капиталдың құрығына түсуге тура келеді, сонда байлар үш жылдық емес, ондаған жыл соғысуға мүмкіндік алады. Үйді сағынуды, соғыстан шаршауды, балалар мен шаруашылықты еске алуды сылтауратып жұмысшылар билігін қорғаудан бас тарту ұят. Сендер неге байлар мүддесі үшін соғысуға, өзіміз секілдібейкүнә жұмысшы-шаруаларды өлтіруге айдап бара жатқанда осылай деп айта алмадыңдар?!
Әңгіме сендер туралы болып отыр –«соғыстың қажеті жоқ, қорқамыз» деп жылап қоя бердіңдер. Егер шыңдалған, тәжірибелі жауынгерлер – біздер, бәріміздің болашағымыз үшін күресіп жүрген жолдастарға көмектесуден бас тартсақ, онда олар жеңіліп, жаудың оғы мен азаптауынан ғана өліпқоймайды, зор бейнетпен қол жеткізген биліктен де айырылып қалады.
Ондай жағдайда біздің басымыздан да ешкім сипамайды, тағы да дымқыл шахталарға тоғытылып, жермен-жексен болып тапталамыз. Егер кімде-кім заңсыздыққа қарсы бас көтергісі келсе, одайларды дереу кісендеп, каторгаға айдайды, түрменің түбінде шірітеді. Біз осынау әділетсіздікті көре тұрып, бейтарап қалсақ, әрекет етпесек, онда буржуйларға көмектесеміз.
Бүгінгі тартыс капиталистердің пайдасына да, біздің пайдамызға да шешілуі мүмкін. Бейтарап саясат туралы сөздер тек қана біздің қырағылығымызды қалғытады, бұлай деп тек буржуйлардың құйыршықтары ғана айта алады, олар бүгін бейбіт тірлікті жақтайды, ал ертең генерал жағына өтіп алып, біздің қанымызды суша ағызады.
Иә, дәл бүгін біз екінің бірін таңдауымыз қажет:біз кедейлер үшін әділ ұрысқа барамыз немесе өз мұрат-мақсаттарымызды өзгертіп, генерал Дутов тарапына өтеміз.
Жолдастар! Империалистік соғыстың үш жылында бізбен барлық ауыртпалықты бірге көтерген достарымызға сенейік, олармен бірлесіп темір сыпырғышпен жер бетіндегі барлық зұлымдарды сыпырып тастайық! Ғасырлар бойы тізерлеп өмір сүріп келгеніміздей тірі жүргеннен гөрі, генералдың қарақшыларымен қоян-қолтық айқаста өлгеніміз артық.
Совет билігі жасай берсін! Большевиктер партиясы жасасын! Қызыл Армия жасасын!
— Бос сөзге уақыт шығындамайық, қару беріңдер!.. Біз соғысуға келісеміз! — деп түйіндеді ол. Оның сөзі көптеген жүректерге әсер етті. Әскерилердің қатарында толқу күшейе түсті: біреулері қожайындарының ескі қорлықтарын есіне алып көз жасын жасыра сүртсе, ендігі біреулері ауыр күрсінісіп жатты. Шешен сөзін аяқтар-аяқтамастан ондаған адам: «Бізге қару беріңдер, біз төбет-генералға қарсы аттанамыз!» — деп айқай салды.
— Майдангер жолдастар! Қызыл Армия қатарына өз еркімен өткісі келгендер рельстің сол жағындағы алаңқайға сапқа тұрыңыздар. Тап жауларына соққы бергісі келетіндердің саны қанша екенін білгіміз келеді! — деді Киргиздан. Сол сәтте сарбаздар легідуылдап, қазанда қайнап жатқан су тәрізді бұрқ-сарқ етіп толқи жөнелді. Сол жаққа қарай топ-тобымен көшу басталды. Соңғы есептеуден кейін Қызыл әскер полкіне 360 адам келгені белгілі болды. Киргизданжаңа бір тапсырмасын айта бастады:
— Қызыл Армияға қатарына кірген жолдастар, екінші рота командирі Гончаруктың жанына барып, тіркеуден өтіңіздер! Тіркелгеннен кейін штаб сіздерге командир тағайындайды, сіздерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етеді және үйлерге орналастырады.
Еріктілерге Гончарук жолдас келіп, тіркелуге шақырды. Бірнеше қатарға сапқа тұрғызылып, олардың алды-артынан ілескен оркестрдің «Интернационал» әуенімен соңынан еріп кете барды.
Салтанатты митинг жабық деп жарияланып, гарнизон мен Самара отрядының жауынгерлері де үйді-үйлерге тарасты.
— Жолдас, бізбен бірге штабқа жүріңіз! — деп Әбдірқұл майдангерлерді қызылдар жағына көшуге үгіттеген солдатты шақырды. Ол келісе кетіп, қабаттаса еріп жүрді.
— Жолдас, сұрауға бола ма?.. Сіздің фамилияңыз кім? – депӘбдірқұл танысуды өзі бастады.
— Менің фамилиям Орынбаев, — деп жайбарақат жауап берді әңгімелесуші. Әбдірқұл тесіле қалды, ал ол болса таңданғандай салқын көзқарасымен бажайлай қарап тұрды.
—Ал есімің?
— Мұндарбек, — деген даусы естілді жаңа таныстың. Әбдірқұл одан көзін айырмаған күйі орнында тұрып қалды. Бет-жүзі қызарып, аузы құрғап кетті. Әңгімелесуші Әбдірқұлдың қылықтарына біршама таңырқаса да, ештеңе де сезбеген күйі үнсіз тұра берді.
— Достым! Қай ауыл, қай округ, қай губерниядансың, ұлтыңкім? — деп Әбдірқұл тұтқынды тергеген тергеушідей бастырмалата сұрақтың астына алды. Жаңа танысы отрядта әжептеуір қызмет атқарғанымен, соншалықты жеңілтек болып шыққанына көңілі толмаса да, оның сұрақтарына ықылассыз жауап бере бастады:
— Мен қазақпын, Түркістан өлкесінің Тұз-Бұлақ ауылында дүниеге келдім. — Әбдірқұлдың көзі қарауытып, кенеттен көзіне жас келді,өксік тамағынатығылып, талай жеме-жемде селт етпеген өн бойынан әлсіздік сезінгендей болды, жүрегі атқақтап кеудесінен шығып кетердей қатты соғып кетті. Ол бүкіл көшеге айқай салар еді, бірақ нендей жағдайболсада өзінің эмоциясын көрсетпейтін әдетіне басып, ол серігінің жанында бірнеше қадам жасады.
— Сен мені таныдың ба? — деп сұрады Әбдірқұл тыныш қана құмығыңқы үнмен.
— Жоқ, мен сені алғаш рет көріп тұрмын, — деді ол.
— Мен де Тұз-Бұлақтан шыққанмын, мен де Орынбаевпын, ал менің атым Әбдірқұл… — деп айтып үлгерді ол, әңгімелесуші табан астында басқа жанға айналғандай болды: көзі жүгіріп, Әбдірқұлдың бет-жүзіне телміре қарап, оның ішіне еніп кетті, бірдеңе айтқысы келді, еңірей оның мойнына асылғысы келді, бірақ өн-бойынан күш кетіп қалған еді. Ол телміре ескерткіштей үнсіз қатты да қалды.
— Сен… Әбдірқұлсың ғой, солай ма?.. Бұл шының ба? — деп, ақырында тілге келді.
— Бауырым!.. Ия, шыным, мен Әбдірқұлмын… Тұра тұр!.. Сені әлдеқашан-ақ қаза болды деп ойладым ғой. Қарай гөр, бәрібір кездесу бұйырып тұр екен, — деп Әбдірқұлжыламсырай бауырын құшақтап, көзіне жас алды. Мұндарбек те жылап жүр, Әбдірқұлдың қолын қыса ұстап: «Бұл шынымен-ақ сенсің бе, Әбдірқұл!» — деп, оны түйгіштеп қояды.
Ұзақ жылдар бойы бір-бірінің өлі не тірі екеніненбейхабар болып келген бауырлар тірі, дендері сау болғанына қуанудың орнына, тоқтаусыз жылай берді, олар бірге және бөлек болған кездердегі бастарынан өткерген азаптарын дәл қазір осылайша сыртқа шығарып жатқан-ды, сырт көзге мұның барлығы да тым түсініксіз әрі күлкілі көрінер еді. Ешкім де әлдеқашан жоғалтып, көптен күткен кездесу сәті тіпті түске кіруден де қалған бауырын тауып алғанда бей-жай қала алмас еді-ау. Бұл өте ауыр сәт, әйтседе оны түсінуге болар еді.
— Табылдың-ау, әйтеуір!.. — деді Әбдірқұл, бауырын құшағынан шығармаған күйі қатты сүйіп тұрып. Мұндарбек те жеңілдеп қалды: ол қалтасынан орамалын алып, жылаған жүзін сүртті де, біреулер олардың бір минуттық әлсіздік танытқанына еріксіз куә болуы мүмкін екеніне ұялғандай,жан-жағына қарады. Бауырлар тынышталып, қуаныштан енді олардың жүздері бал-бұл жанды. Құшақтасып, олар әрі кетті. Енді оларөткенді естеріне алып, артта қалған қайғы-қасіреттері туралы тоқтамай айта берулері тиіс еді, әйтседе бақыттан бастары айналғандай ауыздарына сөз түспеді.
— Жүр, менің үйіме барайық, сол жерде шай ішіп отырып бірер сағат сөйлесейік. Келісесің бе? Қалай десек те, бұл кездесу ғой! — деп үлкені бірінші болып не айтарын тауып кетті. Біркелкі шинель киген денелері тіп-тік, бір-бірінен айнымайтын, аяқтарын қатар басқан олар штабқа жақындап келді де, бірінен соң бірі үйге кірді.
Штабта Әбдірқұл еш кідірместен Киргизданкабинетіне асыға кіріп, інісін алға итеріп, оның шынтағынан ұстап тұрған күйі:
— Андрей! Сен мына адамды танисың ба?
— Жоқ, есімде жоқ… — деді Киргиздан Мұндарбектің бетіне бажайлай қарап. Қонақ та өзінің бейтаныс кейпін сақтап тұра берді.
— Ай, сен де, бұл сенің асыранды балаң Мұндарбек емес пе!
— Қалай, Мұндарбек?! — деп ол айқайлай орнынан қарғып тұрды да, қонаққа қолын соза берді.
— Бұл Сіз бе, Андрей Николаевич? — деп таң қалды Мұндарбек, оның қолынан ұстап, қатты қыса түсті.
— Қарай гөр, әй, баукеспем-ай! Осы уақытқа дейін сен қайда қарақшылық жасап жүрдің?.. Қарулы, мықты-мықты, қолымды босат, мүлдем қысып жібердің ғой… Қарашы өзін, қалай өсіп кеткенін, мұртты да қоя беріпті, тіпті тану мүмкін емес, — деп күлгенКиргизданМұндарбекке сүйсіне қарады.
Күлкі, таңданысқа толы дауыстар кабинетті толтырып жіберді, қуаныштан мас болғандай шулаған үшеуінен басқа ешкім де жоқ еді.
Бір мезгілде осыншама туыстарын тауып алған Мұндарбек те шешініп, шинелін іліп, маңдайындағы терін сілкіп тастады. Әбдірқұл асханаға жылдам барып келіп, буы бұрқырап, екі иығынан дем алғаншағын мыс самоварды алып келді, ақ нан, краков шұжығын турап, үстелге тәрелкемен май, банкадағы қантты қойып, шай құйды. Үшеулері үстелге отырып алып, әңгіме-дүкен құра басталды.
Мұндарбек соңғы он жылда қалай өмір сүргендерін сұрады. Ағасы төрт жыл бойы ел ішін аралап оны іздегенін, Перовскіге тұрақтап, Арыпходжаев диірменінде жұмыс істегенін, революциялық күрес жолына түскенін, Турухан округіне жер аударылып, Андреймен ұшырасқанын, одан сауаттылық пен марксизмді үйренгенін, ақпан революциясынан кейін елге оралып, Орынборда жұмыс істей бастағанын айтып берді; қысқасы, Бузулуққа қарай мәжбүрлі шегінуге дейінгі өзімен болған оқиғаның барлығын дажайып салды. Одан кейін Киргизданда өзінің басынан кешкен оқиғалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ыстық шай ішіп отырып Мұндарбек олардың бірде-бір сөзін қалт жібермей мұқият тыңдады. Ендігі кезек өзіне келді.
Сол бір қайғылы күні станцияда мынадай жағдай болып еді. Әбдірқұлды өз ойынша ұзақ күткен ол, өзінің жатқан жерінен шығып, бейтаныс жерлерді аралай бастайды. Оның назары дүкеннен шығып, мұның жанынан өте бергенде нанның бір түйірін жұлып алып, лақтырып жіберген адамға түседі. Шыдай алмаған Мұндарбекжалма-жан сол бір түйір нанды іздеуге асықты. «Мен вагондардың маңайындағы нөпіргеқарағам да жоқ, тіміскілей жүріп, көп ұзамай көгеріп кеткеннан қиқымын тауып алдым», — деді де Мұндарбек түнеріп кетті.
Иә, мұның бәрі де әлдеқашан өтіп кетсе де, қайта еске алу тым ауырда қиын еді. Оның даусы дірілдеп кетті, әйтседе, ол өз-өзін ұстай отырып, сөзін жалғастыра берді. Ол тапқанын ұстаған күйі пойызға жетуге асығады. Қас қылғандай, сол мезет пойыз да қозғалып бара жатты. Көзінен жас ыршыған ол қуып жетуге ұмтылады, сол сәтте аяғы тайып кетіп, құлап түседі. Міне, осы бір сурет Әбдірқұлдың дакөз алдына мәңгілікке сақталып қалған еді.
Пойыздан қалып қойған Мұндарбек дегбірінен адасып, арлы-берлі жүгіріп жүрді. Қанша уақыттың өткенін өзі де білмейді, таң себезгілеп атып, күннің алғашқы сәулесі түскен шақта батыс жақтан ұзын вагондар құрамы көрінген еді. Пойыз тоқтады. Ол ойланып жатпастан, әдеттегідей, вагон астындағы жәшікке кіріп алады да, ағасы кеткен жаққа қарай жөнеп береді. Неге екені белгісіз, тап сол кезде ол Әбдірқұл келесі станциядан түседі де, мұны күтеді деп ойлады. Әрине, олай бола қойған жоқ – келесістанциядан ол ағасын таппады.
Оның тағы да бір мүмкіндігі бар еді, енді Мұндарбек Перовскіге қарай жол тартты. Ол бір айға жуық қаланы аралап жүреді, әйтседе іздеу еш нәтиже бере қоймайды. Қорқыныш пен аштықтан азап шеге жүріп, ол бір сәтке де Әбдірқұлмен кездесемін деген үмітін үзбеген еді. Ағасын тауып қалармын деген үміт оны қайтадан арттағы екеуіажырап қалған стансаға да алып келген еді. Ол жақтан Орынборға көшеді, бірақ онда да ағасы жоқ еді. Аштықтан әбден титықтап, өліп бара жатқан баланы бір орыс шаруасы тауып алып, деревняға алып кетеді. Оның кемпірі соқыр екен, шалға соны жетектеп жүретін жолбасшы керек болатын.
Өзінің қандай да бір жылы киімі болғанда, Мұндарбек онымен ешқашан да бармас еді. Қаладан кетіп, мұжықтың үйінде қыстап шығуға тура келеді. Оның азабы мұнымен де біткен жоқ. Жазға салым ол ауылдан ағасын іздеуге қашып кетеді. Орынбор көшелерімен қаңғып келе жатып, Мұндарбек өзі сияқты қаладан қалаға көшіп жүретін бірқаңғыбасты кездестіреді. Ол оған жуырда бауырын жоғалтқан баланы көргенін және оның батысқа қарай кеткенін айтып, алдап жібереді. Бейшара соның сөзіне сеніп, сол бағыттағы пойыздардың біріне отырып кете барады.
Батыстағы барлық қалаларды шарлаған ол тіпті Пензаға дейін барады. Осы уақыт ішінде ол үш рет аштықтан өліп те қала жаздайды. Басы айналып, көздері қарауытып, әл-дәрменсіз жерге құлап қалады. Тек қана қайырымды жандардың садақасының арқасында ғана аман қалып жүрді. Қыс сайын ол мұжықтың қасына оралып, оның соқыр кемпірін ертіп жүрді. Үш жазын нәтижесіз іздестіруге жұмсаған ол соңында Әбдірқұл да шағын стансалардың бірінде өліп қалған шығар деген ойға келіп, табудан күдерін үзеді. Ағасының да мұны іздегеніне еш күмән келтірмеді.
Пензаға келіп, көпес Сомуроковтың шарап зауытына бөтелке жуушы болып жұмысқа орналасқанда ол он бес жаста еді. Ақысы істеген жұмысына қарай кесімді болды, он шөлмекті жуып, заттаңба жапсырғаны үшін ол бір тиын алатын. Осылайша ол күніне он-жиырма тиын тауып жүрді. Екі жылдан кейін ол біршама қуаттанып, толысып, зауыттағы жұмысын тастады да, 1916 жылға дейін тас кеніштерде жұмыс істейді, жер қазумен айналысады.
Ескі жара жазыла қоймайды – осыжылдар ішінде Мұндарбек бір сәтке де ағасынесінен шығармайды. 1916 жылы ол он сегіз жасқа толды. Жасын куәландыратын құжаты болмағандықтан, оны жиырма жасар деп есептеп, солдатқа алып кетеді. Тамбовта төрт ай бойы оларды әскери тәртіпке үйретіп, майданға аттандырады. Ұрыс Персиямен шекара маңында жүріп жатқан еді. Ташты көлінің жанында ауыр шайқас болып, сол жерде ол кеудесінен ауыр жарақат алады. Исфахан қаласындағы госпитальға түседі. Госпитальда жатып Қазан революциясының жеңгені туралы естіп-білді. Көп ұзамай-ақ барлығын да отанға шақырып алды. Кавказ арқылы олар Мәскеуге келеді. Мәскеуден кейін осында келеді.
VII тарау
Қаңтардың қараңғы түні артта қалды; шығыс жақтан найзаның ұшындай жарқыраған жіңішке жолақ көрінді. Қалың тұман қабырғасы генерал Дутовтың соңғы ұясына айналған Орынбор қаласын жан-жағынан тұмшалап, жасырып тұр. Жоқ, атаман жаңа ұяға жұмыртқасын тастап үлгермеді, қаланы күңгірт мазасыздық жаулап алған. Тышқан аңдыған мысықтай генералдың адамдары қарсыластың кез келген жақтан келіп қалуын күтіп, тыныштықта тың тыңдайды.
Бұзылған араның ұясы секілді қаланың іші гулеп тұр. Қар сықырлап, мұз жапқан көпірді жылқылардың тұяқтары тоқылдатып ұрып жатыр. Орынборды қоршай қазылған окоптарда винтовкалардың бастары қылтияды және теңіздей шалқыған кедей бұқараны өз еркіне бағындыруға, оларды тас жағалауға соғылыпқайтқан толқындардай шегіндіруге ұмтылған жандар өз уақыттарын күтуде.
Алдағы шайқастан қорыққан қала тұрғындары әлдеқашан үйлеріне тығылып, подвалдарға жасырынған. «Қашан басталар екен?» деген сауал барлығының да көкейлерінде тұр. Жеңілуден қорқатын және өзінің қарақан басының ғана қамын жейтіндер де жоқ емес. Орынбордың діни бірлестігі генерал Дутовтан 3-4 күннің ішінде тұрғындардан үш шіркеуді жөндеуге қажетті 170 мың алтын рубль көлемінде қаражат сұрап алу туралы өтінішін әлдеқалай болады деп, өртеп жіберді.
Поптар мен көпестердің қыздары осыдан үш-ақ күн бұрын Дутовтың офицерлерімен бірге балдаби билеп жүрмегендей кейіп танытты. Жергілікті байлардың, кулактардың, молдалардың іштерін ала мысық тырнап жатқандай еді. Есесіне еңбекшілер – халықтыңең кедей және қалың бұқарасы Қызыл Армияның алғашқы оқ атуын іштей қуана күтіп жүрген еді.
Шығыс жақтан бекініс қабырғаларының қираған жерлері көрінеді. Бұл бекіністі Пугачев зеңбіректерінің оғы қиратпаған еді, ол түптің-түбінде бәрін де жеңіп тынатын уақыттың салған таңбалары еді. Қала орталығынан бой көтерген шіркеудің темір айқыштары мен алтын жалатылған күмбездер Орынбор өңіріндегі көне мәдениеттіңкөрінісіндей еді.
Қара-Көл алқабының ортасындағыатаманның еңкүшейтілген позицияларына қарама-қарсы Әбдірқұлдың отряды тұрды. Оның бүйірінде кеше ғана Қызыл Армия қатарына қосылған 126 үздік жауынгерден жасақталған Мұндарбектің ротасы орналасқан. Екі жасаққа да жарты сағаттың ішінде жау окоптарына шабуыл жасап, қорғаныс шебін бұзып өту және түрме маңын тұтастай басып алу міндеті қойылды.
Бұның мынадай мәнісі бар болатын – өз әскерінің жеңіліп жатқанын көрген атаман тұтқындардың барлығын атып тастауға бұйрық беруі мүмкін еді. Дутовтың қолына түскен жолдастарын қандай жағдай болса да құтқарып қалу керек еді. Сондықтан да осындай жауапты міндет Орынбаевтарға сеніп тапсырылды…
Барлығы да Сарай-Тау биігінен зеңбіректің атылуын асыға күтіп отырды. Зеңбіректің атылуы Орынборға шабуылдың басталғанын білдіретін еді.
Сарай-Тау төбесінде от ойнап, гүрсіл басталғанда, онымен бір мезгілде жарылыстың толқынымен сықырлаған әйнектердің дауысы естілген кезде таңғы алагеуім әлі толық тарай қойған жоқ-ты. Ол жай ғана найзағай емес, бұл революцияның найзағайы еді.
Ондаған жыл бойыӘулиеТроица шіркеуінің күмбезінде жиналып қалған шаңдыдауыл үрлеп алып кеткендей болды, жер солқылдап, үлкен қоңыраулар аңырап: «Қиямет! Қиямет! Өлтірді!» деп тұрғандай еді. Ал үлкен қоңыраулардың үрейлі дауысынан оянып кеткендей кішкентай қоңыраулар да дүр етісіп, жоғары дауыстарымен қайталай жөнелді.
Қаланың түкпір-түкпірінен шексіз көшкін құлап, сәт сайын жақындап келе жатқан «ура» деген жеңісті үн, қурап тұрған орман ағашының тырсылындай винтовкадан атылған оқ дауысы, оған қосылған пулеметтердің тұншыққан суық үндері батпақтағы шағаланың шулы әніне ұқсады.
Әбдірқұл жалаңаш қылышын жалаңдата сермеп: «Алға, шабуылға… Ура!» — деп айқайлады, жауынгерлер қатары жыра түбінен бой көтеріп, шабуылға ұмтылды. Мұндарбекжақтағы қанатта да атыс күшейіп, екі жақтан да оқ жауып, кімді кім атып жатқанын шамалау мүмкін болмады.
Әбдірқұл көтерген жауынгерлердің қатары сиреп барады, жаралылардың ыңырсыған дауыстары естіледі. Бірақ қызыл қырандарды ештеңемен де қорқытып, кері шегіндіру мүмкін болмады. Жауынгерлер еңіске қарай жүгіріп келіп, Әбдірқұлдың «Жат!» деген командасы бойынша бәрі жата кетті. Пулеметшілер пулеметтерін орнатып үлгерді – атысбасталды. Бір-бірінің дыбыстарын үзе «Максим», «Шоши», «Люсалар» тіл қатып жатты, винтовкалар қостай жөнелді.
Осы аралықта Мұндарбекте өз ротасын шабуылға көтерді. Оның жас, келбетті жүзінде әлдебір қаталдықтың белгісі пайда болды, жау оқтары жүгіріп келе жатқан оның шинелінің етегін ысқыра тесіп өтіп жатты, әйтседе өзі дін аман еді. Атаман әскеріоғынан оның отрядының жауынгерлері бірінен соң бірі оққа ұшып жатты. Ал герман майданында шыныққан жауынгерлерді тоқтату мүмкін емес еді; шабуылға құлшына кіріскен олар окоптарға ұмтылды.
Сарай-Тау төбесінен артиллерия үздіксіз оқ жаудырып жатты. Қалада өрт басталып, Әулие Троица шіркеуінің шатырынан шыққан жалын тілі сумаң-сумаң етіп, күмбездің күңгірт тартқан алтынын жалап-жалап қояды.
Мұндарбектің сарбаздары жүгірген бойы окоптарға жетіп, оларға граната лақтыра бастады. Окоптарда дүрлігу басталды – жауқару-жарақтары мен жаралыларын тастап тым-тырақай қашып жатты. Бастапқыда жаппай қашып жатқандарды тоқтатуға тырысқан офицерлер де артынан сыр беріп, солдаттардың соңдарынан ұмтылды. Екі қызыл жасақ та қалаға кірді, түрме үшін шайқас жүріп жатты.
Снаряд тескенатаман штабының қабырғалары құлап, сынған сылақ пен қызыл кірпіш шаңын аспанға көтерді. Қызыл кавалерия қазірдің өзінде Орынбор көшелерінде ылаң салып, оңды-солды жосылып жүрген Дутовшыларды қылыштарымен шауып жүрді. Ең қорқынышты оқиға түрме ғимаратының жанында болды. Бірте-бірте жылыстап Орынбаевтардың отряды оған жақындап келді. Ақ гвардияшылар да қайтпай ұрыс салып, әрбір қабырға үшін жанталасып жатты, үмітсіздік пен ашу-ыза оларға күш-қуат берді. Бұл тұста түрме қызылармияшылар мен ақтардың – екіоттың ортасында қалған еді; терезелерінде бір де бір бүтін әйнек қалмаған, қабырғаларын оқ шұрық тескен.
Әбдірқұлға оқтың жауып тұрғанына қарамастан, қайтадан шабуыл жасап, түрмені басып алу туралы Мұндарбектен тапсырма келіп түсті. Ол жауынгерлерге қайта шабуылға дайындалуды бұйырды. Өз кезегінде казактар да көздегеннысанды басып алуға дайындала бастады. Қарсы шабуыл басталды. Орыс тұтқынына түсіп, кейінірек Дутовқа қызметке көшкен түрік офицері Хотсин-Бейдің қолбасшылығындағы казактардан бұрын Мұндарбектің жауынгерлері бірінші болып қақпаға кірді.Әбдірқұлдың жасағы да қарап қалмады, жақтастарына көмекке келіп үлгерді. Қызылдардың сан жағынан басымдығын көрген дұшпан, міне,енді бір сәлден соң-ақ олар жеңетіндей сезілді.
—Штыктарыңды сайла! – деп айқай салды жараланған офицер. Казактар бірауыздан штыктарын салып, қызыләскерлерге қарсыұмтылды. Мұндай бетпе-бет шайқастағы нөпірде ату мүмкін емес еді. Орынбаевтардың жауынгерлері де штыкпен қоян-қолтықұрысқа кірісті. Шабуылға шыққандардың ызалы дауыстары, өліп бара жатқандардың ақтық үні, болатпен түйрелген адам денелерінің шықырлай сынуы, қатып қалған қаруды жұлып жатқан сарбаздардың ауыр, қырылдаған тынысы – осының бәрі мидай араласып кетті. Сіресіп қатып қалған қар бір мезгілде қыпқызыл қанға боялды.
Адамдар өлгендердің мәйіті мен жаралылардың денелерін таптап, штыкпен соғысып жатты. Кенет Мұндарбектің алдынан ірі казак бой көтерді. Барын сала ұмтылған ол істікті сілкиалға лақтырды, бірақ қызыл командир бұрылып үлгерді де, қалың сіңірлі мойнын қылышпен ұрып өтті. Қысқа ғана үн шығаруға жараған казак қырқылған шөптей құлап түсті, сол сәтте Мұндарбек бүйірінің шым етіп қатты ауырғанын сезді. Артына қараған ол қайталап істік тыққанша өлтірілген тағы бір казактың ажал құшып құлағанын көрді.
Мұндарбек қорқыныштан әлі арыла алмай тұрғанда: «Командирді өлтірді!.. ЖолдасОрынбаев қаза тапты!» — деген қатты дауыс естілді. Бір сәт үмітсіздік оның көзін қарауытып жіберді: ол жараланған еді, соғыстың нәтижесі де белгісіз, оның үстіне ол тағы да жалғыз ағасынан айрылды. Бірақ дәл осы сәтте әлсіздік таныту – шайқастажеңілу, жолдастарының сенімін алдау және тұтқындарды өлімге байлап беру болар еді.
— Алға, қызыл қырандар, қолма-қол ұрысқа!.. Ура, жолдастар!.. — деп айқай салды да, соңына оның«Ур-ра!»деген ұранын іліп әкеткенқызыләскерлерді ерте қорықпастандұшпанға қарай тұра ұмтылды. Дұшпандар араласып, кейін қаруларын тастай, кейін шегінді. Дутовшылардың қарсылығы басылып, жеңіліс тапты. Екі рет жараланған Хотсин-бей өз отрядының қалдықтарымен бірге қолға түсті. Тұтқындарды қарусыздандырып, бір жерге қамап, оларға күзетші қойды.
Қалада біршама тыныштық орнады, тек ішінара жалғыз-жарым оқ атылып қалады. Бұл қашып кеткен жауларды басып-жаншып жатқан қызыләскерлер еді. Киргизданнан хабаршы келіп, қаланың азат етілгенін, көптеген тұтқындардың қолға түскенін, генералдың бірнеше штабтағынөкерлерімен қашып үлгергенін, бірақ оның соңдарынан қуғыншы жіберілгенін хабарлады.
Мұндарбек түрме қақпаларын сындыруды бұйырды, қажетті жерлерге күзет бекеттерін қойды. Солдаттар өздерін тәртіпке келтіріп, сапқа тұрғызылды. Аязда әлі қатып үлгермеген мәйіттер үлкен алаңға толып кетті, тапталған қар қанға боялды. Санитарлар алаңды аралай жүріп, жаралыларды іріктеп алуда. Мұндарбектің көзі Әбдірқұлдың жансыз денесін абайлап алып келе жатқан екі қызыләскерге түсті. Ағасының басы қан еді.
Қақпалар талқандалып, ауланы Орынбаевтар жасағының сарбаздары басып кетті. Тұтқындар жауынгерлерді қолдай, қолдарындағы қызыл маталарынәйнексіз торлы терезелерден шығарып, бұлғап жатты. Көп ұзамай түрме корпусының есігі де сындырылды. Қарауылда тұрған екі ақ гвардияшы бірден қаруларын тапсырып, қолдарын көтерді. Жауынгерлер жолдастарын азат етуге камераларға қарай ұмтылды. Тұтқындар дәлізге жүгіріп шығып, жауынгерлермен табысып, күліп-жылап гуілдесіп жатты.
Жанындағы әйелді қолынан сүйрепкоридор бойымен келе жатқан ақсақал қарт солдаттардың бетіне үрейлене қарап: «Жолдастар! Менің ұлдарым Андрей Киргиздан мен Әбдірқұл Орынбаевты білесіңдер ме? Олар қызыл командирлер, мүмкін естіген боларсыңдар?».Мұндарбекосынау дәрменсіз қариялардың өзінің асырап алған ата-аналары — Николай Васильевич пен ҚаламбикеКиргизданекенін әрең таныды. Оларға жүгіріп келіп, құшақтап, сүйді де:
— Мен сендердің Мұндарбектеріңмін, мені танисыздар ма? Андрей тірі, ал Әбдірқұл ауыр жарақат алды… Менің баруым керек, мен сіздерді кейін тауып аламын… — деп, әрі қарай кетті. Қарттар шатасып, артынан естеріне түсіріп, қайта сұрады:
— СенМұндарбек?.. Әбдірқұл қаза болды ма?!.. —әйтседе Мұндарбек олардың бұл сөздерін естіген де жоқ.
Взвод командирі Хаченко жолдастышақырып, тұтқындарды тезірек босатуға, олардың орнына қолға түскендерді қамауға бұйрық берді. Бір минуттан соң оның өктем дауысы көше жақтан естіліп жатты. Кіші командирлерге жаралыларды түрме кеңсесіне жеткізу үшін санитарларға жәрдемдесуге бұйрық беріп, ол комиссардан жаралыларға көмек көрсету үшін ауруханадан дәрігерлер мен медбикелерді шақыртуды сұрады.
Енді ғана Мұндарбек барлық шаруаларын реттеп, ағасына жақындауға мүмкіндік алды. Әбдірқұл кеудесінен ауыр жараланып, есінен танып жатырекен. Оны зембілге салып, лазаретке алып барды.
Орынбордың үстіндеалқызыл тулар желбіреп тұрды. Әулие Троица шіркеуі жанып жатты, терезелерден қара түтін бұрқырап, оттың жылдам жалыны темір шатырдың үстіне қарай ойқастап шығып жатты. Тұрғындар біртіндеп қараңғы тасалардан жылыстап шыға бастады, кейде жартылай ашық қалған есіктерден адамдардың үрейлі жүздері сығалап, көшедегі қызыл барлау аттыәскерлерді, жауынгерлер айдап келе жатқан тұтқындар тобын көрісімен қайтадан асығыс жоғалып кетіп жатты.
Сарбаздар, жергілікті өрт сөндіру күзеті мен жұмысшылар отты өшірумен айналысуда. Жұрттың басым бөлігі шіркеу төңірегіне жиналды. Су тасығыштар мұз құрсанған ағаш бөшкелермен үздіксіз су әкелуде. Ер адамдар кезек-кезек сорғыш-насостарды арлы-берлі шайқап, ысылдап брандспойттардан атқылаған сумен өрт шалған ғимараттарды өшіріп әлек. Адамдардың ауызбіршілігі арқасында өртті тез арада-ақ сөндірді.
Қалаға жан бітті. Дутов жауып тастаған кеңестік мекемелер қайта іске қосылды. Барлық жерлерде жиналыстар мен митингілер өткізіліп, онда саяси үгітшілер халыққа атаманды жеңудің маңыздылығын, елдің ауыр ахуалын түсіндіріп айтып жатты. Еңбекшілердің қуанышында шек жоқ, көпшілігі Қызыл Армия қатарына өз еріктерімен жазылуда.
Киргизданның қарттары ұлы мен Мұндарбекті тауып алған штабқа келді. Әлі де есін жия қоймаған Әбдірқұлдың өміріне деген алаңдаушылық болмағанда, осынау жүздесудің қуанышы толық болар еді. Кешке, жұрт аяғы басылған соң, қарттар Мұндарбектен оның басынан өткерген қиындықтарын сұрады, өздерінің айдауда көрген азаптары мен Дутов абақтысында 5 тәулік бойы шеккен қорқынышты қасіреттері туралы баяндап берді.
Генерал қолға түскен 500-ге жуық қызыл әскер мен жұмысшыны түрмеге қамаған еді. Орынборда билік құрған бес күннің ішінде оның пікірінше ең қауіпті қылмыскер деп саналған 47 адам атылады. Қаланың бай-бағланы мен діни қызметкерлер тұтқындардың бәрін де жазаға кесуді талап етті, тіпті генералға сондай өтініш тетүсірді. Атаман Дутов оларға: «Мұндай басбұзарлар менің қолыма түскен екен, енді олар әділ жазадан тірілей құтыла алмайды», — деп жауап берді.
Ол үш офицерден тұратын әскери трибунал комиссиясын құрып, бүгін кешке дейін үкім шығаруды бұйырды. Атаманның тастап кеткен штабынан тұтқындардың тізімі табылды. Оған сәйкес, қалған бес жүз адамның 370-і өлім жазасына кесілген екен. Трибуналдың үкімі соттан кейін дереу орындалуға тиіс болатын. Киргизданның қарттары ең алғашқылардың бірі болып қара тізімге енді. Дутовшылар сауда кооперативтерінің барлық қоймаларын аяусыз тонады. Көпестердің, поптар менкулактардың үлесіне де көптегенбайлық түсті.
Екі кеш қатарынан Әулие Троица шіркеуінде архиерей алғыс дұғасынорындаған еді. «Қызыл оба» Орынбордан мәңгілікке қуылды» деп ойлаған ірі байшыкештер генерал Дутовтың батыл жауынгерлерінің құрметіне бұрын-соңды болмаған бал жасады. Қаланың астаң-кестеңін шығарған атаманның қарақшыларыонымен де қоймады, оның солдаттары аурухана дәріханасына шабуыл жасап, спирттің барлық қорынішіп қоюға дейін барды.
VIII тарау
Бұрынғы аштықтан мүлгіген даланың келбеті енді өзгерген. Ондаған жылдар бойы патша шенеуніктерінің қысымында, құқықсыз жағдайда өмір сүріп келген бұрынғы Түркістан өлкесіндегі өзбектер, түркімендер, қазақтар, қырғыздар мен тәжіктер қазір өздерінің Кеңестік Социалистік Республикаларын құрды, ал қарақалпақтар автономияға ие болды. Орта Азия халықтары барлық кеңес халықтарымен тату-тәтті ортақ отбасын құрды. Орта Азия республикалары қалаларының арасына темір жолдар мен әуе трассалары тартылды. Жыл өткен сайын картада Қарағанды сияқты ірі өндіріс орталықтарының жаңа атаулары пайда бола бастады. Республикалардың шөлейтті шет аймақтарында қуатты зауыттар мен фабрикалар бой көтеріп, жұмыс істей бастады.
Дала ежелден-ақ суға зәру. Патша үкіметі халықтың қайғы-қасіретінен пайда табуды жақсы білді. 1883 жылы ұлы князь Константин Романов су арнасын қазып, соның бойымен Сырдариядан тіршілік көзін шығаруды бұйырады. Отыз жылдан астам уақыт бойы қазақтар мен өзбектер (ол кезде оларды бұратана деп атайтын) қазіргі Мақтаарал ауданында қабырғалары қайысып, қарулы сарбаздардың айдауында жүрді. Сол бір қажырлы еңбектің нәтижесі – тоғызкилометрлік бөренелі канал.
Осы бір жұтым су үшін адамдар мыңдаған жанның өмірін сарп етті, арна салынып жатқанда көптеген балалар төрткүл дүниеге босып кетті. Қазір Мақтаарал ауданында 12 мың гектар мақта плантацияларын суаратын жиырма километрлік бетондалған арна жатыр және оның жанынан үлкен мақта шаруашылығы совхозы бой көтерді. Жыл сайын совхоз мемлекетке ондаған мың тонна мақта өткізеді. Ұжымдастыру Батыс Сібірден бастап Каспий теңізі мен парсы шекарасына дейінгі алып аумақты қамтып жатыр.
Орта Азия күл-қоқыстан да арылды. Алып шексіз даланың бір пұшпағындағы Тұз-Бұлақ ауылына не болды? Ол өзінен Мүсірептің көң үйінділерін шая алды ма? Иә, жуып-шайып тастады… Бұл жерде енді Мүсіреп жоқ. Мұнда ірі колхоз пайда болған. Қара торғайдың ұясы секілді бір-біріне балшықпен сыланған қамыс кепелер де енді жоқ. Сай-Ту өзеніне дейінгі көше бойында терезелері кең, әппақ тас үйлер сап түзеген.
Жетім Орынбаевтарды сегіз алма ұрлауға азғырған Мүсірептің шағын бағы да адамдардың қолымен отырғызылған орасан зор алма орманына айналған. Бұрын тек қана Мүсірептің отарлары мен табындары жайылып жүретін ұшы-қиырсыз кең далада қуатты тракторлар оңды-солды жосып жүр.
Келісті көшелердің бойымен жүк көліктері, жеңіл автокөліктер жүріп жатыр, көгілдір аспанда алыстанкүміс қанатты ұшақ жарқ-жұрқ етеді. Адам баспаған шаң-топырақты жалғыз аяқ жол енді тоғыз торапты тас жолға айналыпты, ал оның жиегімен телеграф және электр сымдары тартылған. Колхоздың үйір-үйір қой, сиыр, түйе, жылқыларытоп-топ болып шұрайлы жайылымдарда еркін жайылып жүр.
Осынаушексіз байлықтың иелері – адамдардыңөздері де түлеп сала берген. Қорқыныштан беттерін тұмшалап алған, сауатсыз да бұйығы әйелдер пәренжілеріншешіп тастап, ашық түсті көйлектер киген. Тұз-Бұлақтың балалары аштық пен ұрып-соғу дегеннің не екенін білмейді де. Олар пионерлік галстукты мақтанышпен тағып, мектепте оқиды, еңбекте ересектерге қол ұшын береді. Жаздың ыстығында қысқы мақталы шалбар, тері қалпақ киіп, киіз жамылған жанды көрсеауыл тұрғындары ондай адамды мазақ етіп, күлер еді, қазір олар жыл маусымына сай киінеді.
Бүгін айтулы күн. Тұз-Бұлақ ауылының тұрғындары Ұлы Қазан революциясының XVII жылдығын және сонымен қабат, Мұндарбек Орынбаев атындағы колхоздың құрылғанына он жыл толуын атап өтуде. Ауыл мерекелік кейіпке енген, қызыл плакаттармен, транспаранттармен безендірілген. Орталық көшеге колхоз мерейтойымен, сондай-ақ, Қазан мерекесімен құттықтаулар жазылған аркалар қойылыпты.
Айнала мұнтаздай таза, бәрі де су жаңа бояуларымен жалт-жұлт етеді, ал үйлердің шатырларында қызыл тулар желбіреп тұр. Қасбетіне Владимир Ильич Ленин мен Иосиф Виссарионович Сталиннің портреттері ілінген клуб алдына биік мінбер орнатылған. Ең көрнекті жерге мемлекетке берілген міндеттемелердің орындалу барысын, совхоздың екпінділерін, табыстың өсу деңгейін баяндайтын қабырға газетінің мерекелік саны ілінген, оның төңірегіне халық жиналып, топырласып тұр.
Газеттің маңайына тек мектеп оқушылары мен жас колхозшылар ғана емес, жасамыс ер-әйелдер, егде жастағы қарттар да жиналған – олардың барлығы да сауатты және аса қызығушылықпен оқуда. Жанға жайлы самал жел ауылды безендірген маталарды баяу қозғайды, әрбір жалауша, әрбірту жоғары көтеріліп, жалынша тербеліп, келе жатқан мерекені асқақтата түседі. Балалардың күлкісінде, қаракөз қыздардың ашық түсті киімдерінде, жігіттердің сәнді жүрісі мен ақсақалдардың сабырлы кейіптерінде – барлығында да қуаныштың табы айқын сезіледі.
Аудандық партияның комитеті жеделхат арқылы Қарақалпақтың Қоңырат қалалық Кеңесінің төрағасы Әбдірқұл Орынбаевты және Н. әскери округінің командирі, екі мәрте Жауынгерлік Қызыл Ту орденінің иегері Мұндарбек Орынбаевты мерекеге шақырыпты. Екі ағайынды бауыр да жауап жеделхаттарында туған ауылдарына келуге келісім беретінін жеткізген. Бүгін таңертеңгі сағат 8-де ұшақ сол атақты қонақтарды жеткізуі тиіс.
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Алыстан жеткен мотор үнін естіген ауыл тұрғындары көшеге шығып кетті. Іштеріндегі ең қырағылары аспандағы елеусіз ғана нүктені көріп үлгерді де: «Әне, ұшып келеді!» — деп айқай салды. Бәрі өзен жағасына қарай жүгірісті. Аудандық партия комитетінің өкілдері де машинаға мініп, ұшақ қонатын жерге келіп жетті.
Бастапқыдағы елеусіз ғана нүкте біртіндеп ұлғая келе, күміс құсқа айналып, төмендей бастады. Ауылдың үстінен үш айналып, қанаттарымен сәлемдескен гидроплан Сай-Ту-ға қарай түсіп, жылдамдығын баяулата су үстімен сырғып бара жатты. Мотордың тым қатты да біркелкі шуы бәсеңдеп, ұшақ жағаға қарай бұрылды, пропеллерін бірнеше рет сілкілеп барып, тоқтады.
Қарсы алушылардың дүркірете қол соққан қошеметімен бауырлар жерге түсті. Аудандық комитеттегі жолдастар алғашқылардың бірі болып олардың қолын қысты, сосынғы кезек колхозшыларғакелді. Қуаныштың алғашқы толқыны басылғаннан кейін қонақтарды көлікке отырғызып, ауылға қарай алып келді.
Трибуна алдындағы алаң демонстранттар мен пионерлердің легімен толды, түрлі-түсті плакаттар, ұрандар, гүл шоқтары көз тартады. Мінберге Орынбаевтар, аудандық комитеттен келген қонақтар, ауыл басшылығы, жекелеген ұйымдардың өкілдері көтерілді.
Колхоз бастауыш партия ұйымының хатшысы Қазанның XVII жылдығы мен колхоздың он жылдық мерейтойына орай салтанатты митингтің ашық екенін жариялап, қысқаша сөз сөйледі. Қарапайым сөздерімен ол төңкеріске дейін бүгінгі Тұз-Бұлақтың қандай болғанын, осыдан 10 жыл бұрын Мұндарбек Орынбаев мұнда алғаш рет кулактардан қорықпай 16 адамнан тұратын ауыл шаруашылығы артелін құрғанын, алдымен артель мүшелерінің өз шаруашылығын кулактардың зиянкес әрекеттерінен қорғауы қаншалықты қиын болғанын баяндап берді.
Баяндамашы сол кездегі аудандық атқару комитетінің төрағасы Әбдірқұл Орынбаевтың кулактар мен олардың құйыршықтарын жоюдағы рөлін атап өтті; колхоз қалай нығайып, аяғына нық тұрғанын және бүгінгі мерейлі күндері мемлекет алдындағы жылдық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындап, ауданда бірінші орынға шыққанын айтты және ұжымның ӨлкелікАтқару Комитетінің сыйлығына ұсынылғаны туралы қуанышты хабарды жеткізді. Содан кейін басқа да шешендер сөз сөйлеп, халық баяндамашылардың барлығын қол шапалақтап құрметпен қарсы алып жатты.
Митинг пен демонстрациядан кейін барлығын дастархан басына шақырды. Аспаздарбар өнерін салыпты, қонақтардың бәріне де орын мен дәмді тағамдар жеткілікті болды. Орынбаевтар мен аудандық комитеттен келген жолдастарды төрге отырғызды. Осы кезде оларға киімдері тозған, арық, қара көзді жасөспірім әбден қажығанбір соқыр шалды қолынан жетектеп алып келді. Ол атасын Орынбаевтардың алдына әкелді, қарт қалпағын шешіп, басын иді де:
— Балаларым, қымбатты жолдастар, сәлеметсіздер ме! Сіздер мені танымауларыңыз да мүмкін. Мен бір кездері сендерді Мүсірепсоққыға жыққанда жолдан тауып алып, қалаға алып кеткен едім. Қараңдаршы, енді міне,бейшара соқыр болып қалдым. Бүгін мереке, адамдардың бәрі көңілді, ал мен үздіксіз жылаумен боламын, — деп шал үнсіз қалды.
— Демек, сіз біздің құтқарушымыз екенсіз ғой? Сізге не болды? Айтыңызшы, — деп Мұндарбек ықыласпен сұрай бастады, ал Әбдірқұл оған аянышпенкөз алмай қарап тұрды.
— Балам! Бұл осыдан 15 жыл бұрын болған жайт. Сол қаскүнем Мүсіреп басмашылар жасағының басшысы болып, өз штабымен осыдан отыз шақырым жердегі біздің ауылға келіп орналасты.
Ол кезде менің ең соңғы үмітім әрі тірегім жалғыз ұлым бар еді. ЖауызМүсіреп оны, оған қоса мені де тұтқынға алды… Біздің бар кінәміз –меніңұлымның өз сорына қарай ауылдық кеңестің төрағасы болғандығы еді… Қарақшылар ұлымды бағанға байлап қойып, арқасынан мылтықтың дүмімен ұра бастады.
Баламдыаяусыз ұрды, үш рет өліп-тірілді. Мені де аямады, басымнан ұрды, штыкпен піскіледі… Осылайша Мүсіреп бізді өлтірмей, кемтар етіп, баяу өлімге тастады. Балам содан кейін өкпе ауруымен ауырып, үшінші жыл дегенде қайтыс болды.
Мүсірептің зорлық-зомбылығынан кейін мен екі ай бойы төсекке таңылдым, сосын көзім көрмей қалды, шамасы штык бір жерімді зақымдаған сыңайлы. Менің ұлымнан бір перзент қалды… Қазір ол он төрт жаста. Онан өзге бұл жарық дүниеде менің ешкімім де жоқ, көзсіз менің шаруашылығым күйреді, соқыр басыммен не істей аламын. Менің азын-аулақ зейнетақыма немереммен бірге өмір сүріп жатырмыз… Немерем жақында мектепке барды. Мен де бүгін онымен бірге осында мерекеге келіп отырмын, — деп шал өзінің көңілсіз әңгімесін аяқтады, қалтыраған қолымен жерді түрткілеп, орнына отырды.
— Сізді қандай күйге түсірген… бұл сұмырай… өмір бойы кедейлердің қанын сорумен келеді! – деп Әбдірқұл ызалана тіл қатты.
— Ия, балаларым, осылай тірлік кешіп жатқан. Ал өздерің қалайсыңдар? Үйлендіңдер ме, балаларың бар ма? Біртіндеп айтыңдаршы. Көру бұйырмаған екен, ең болмаса сендерді тыңдайық.
— Мен, Әбдірқұл, үйленгем, екі ұлым бар. Үлкені 9-да, кішісі 4 жаста. Өзім ҚарақалпақстанныңҚоңырат қаласында жұмыс істеп, сонда тұрамын, — деп жауап берді Әбдірқұл.
— Мен Н. әскери округінде қызмет етемін. Өзімнің бақытты өмірім үшін Кеңес билігіне қарыздармын. Мен Әскери академияны бітірдім. Үш балам бар: екі ұл мен бір қыз. Үлкенім бесте, ортаншым төртте, ал кішісі екіге толды, — деді Мұндарбек өзі туралы.
Түскі ас та аяқталып, қонақтар орындарынан тұрды, жиналысқа баруға жиналды. Жылжымалы орындықтардың даусын естіген қарт та орнынан тұрды. Орынбаевтар өзара әлдене жайлы туралы орысша сөйлесті де, сонан соң Мұндарбек былғары әмияныншығарып, одан жиырма онсомдықтарды алды да:
— Ал, әкей! Бұл жерде екі жүз сом. Ағам екеуміз сізге жүз сомнанұсынғалы отырмыз. Осы ақшаға өзіңізге және немереңізге киім сатып алыңыздар! — деді ол қарт адамға.
— Рахмет сендерге, балаларым! – деп көзі көрмейтінжанның даусы дірілдеп, ағайындыларға алғыс айтты, семіңкіреп,қалтыраған қолдарын алға соза беріп:
— Балаларым, сендерге қол тигізіп, қалайша ержеткендеріңді білуіме бола ма…
Мұндарбек оған қарай еңкейіп, қарт оның кеудесін сипалағанда, қолына екі орден ілінді.
— Мынау не, балам?.. — деп сұрады ол.
— Ордендер…
— Маған айтқан қызыл ордендер ғой, шамасы, солай ғой?!— деп қайта сұрады қарт.
— Иә, солар! — деді Мұндарбек.
— Балаларым, рахмет сендерге! Құдай сендерге әрдайым бақыт берсін! — деп батасын берді соқыр бауырларға.
— Қош бол, әкей! Біз жетімсіреп, қайда барарымызды білмей тұрғанымызда сіз бізді өлімнен құтқардыңыз… Біз мұны ешқашан да ұмытпаймыз, — деп Әбдірқұл қарттың қолын қысты.
Барлығы да орындарынан тұрып, клубқа жиналысқа кетті…
…Революция туған ауылдарынан шаң басқан көне сүрлеумен бастары ауған жаққа кетіп, алда не күтіп тұрғанын білмейтін екі жетімді адам қатарына қосты… Ағайындылардың лайықты өмір сүру жайлы жас күнгі армандары орындалды, бұл жолда олар барлық күш-жігері мен еңбектерін аямаған еді.
Қазақ тіліне аударған –
Мамай АХЕТ,
әдебиеттанушы, ғалым,
филология ғылымдарының кандидаты,
Алматы қаласы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.