ТАҒДЫР (ақын-жазушылардың өмір тарихтары)
10.11.2024 0 27
Ермек ЗӘҢГІРОВ,
ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, журналист
Франция президентін өлтірген жабайы «скиф»
Әрбір қаламгер әдебиетке өзінің талантымен ғана емес, адуынды мінезімен де келеді. 1932 жылы 6 мамырда Ресейден шыққан ақ эмигрант Павел Горгулов Франция президенті Поль Думерді суық қарумен 5 рет оқ атып, өлімші етіп жаралайды. Мемлекет басшысы алған жарақатынан кейін екі күнге жетпей қайтыс болады. Президент өлер алдында есін жиып: «Бұл не үшін? Өйткені мен ештеңе істеген жоқпын!» – деуден әрі аспаған күйі көз жұмады.
Ең қызығы, қылмыскер де оны мойындайды. Бірақ көптеген ресейлік босқындарға баспана берген елдің лидері – 75 жастағы президенттің бұл сөзі оны өлтіруге кедергі болмайды.
Сонымен, бүкіл Француздардың президентіне оқ атқан кім? Ол –кубандық казак, Пол Брэд деген белгісіз бүркеншік атпен әрекет еткен бақытсыз жазушы.
Оған президентке қарулы оқ атуға не түрткі болды?
Павел Горгулов – 1895 жылы 29 маусымда Кубань өлкесі, Лабинская селосында бай казактың отбасында дүниеге келген. Шын мәнінде, оның туған жері мен дүниеге келген кезі де тұманды, ата-анасының да аты-жөні белгісіз. Өйткені ол Кубандық казак әскерінің атаманының арнайы рұқсатымен асыранды бала болған.
Павел Горгулов – Екатеринодар әскери фельдшерлік училищесін бітіргеннен кейін әскерге алынады, содан кейін Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жаулармен ерлікпен шай-қасады. Майдан даласындағы ерлігі үшін екі рет Георгий кресімен марапатталып, жарақатына байланысты әскерден босайды. Революция басталардан бұрын туған жері Лабинскийге оралған ол ауылдық ауруханаға фельдшер болып жұмысқа орналасады.
Большевиктер жүргізген «декоссакизация» саясаты Горгуловты астыртын антисоветтік ұйымға қосылу арқылы өз таңдауын жасауға мәж-бүр етеді. Алайда 1919 жылдың қаңтарында басталған көтеріліс басылып, Павелдің әкесі қайтыс болады, өзі басқа қалаға – Ярославскіге қашып, генерал Ляховтың отрядына қабылданады.
Осылайша ол ақ гвардияшылар қатарына тұрады. Армавир мен Ставропольді алуға қатысады, кейін іш сүзегімен ауырып, бір жылға жуық достарының назарынан тыс қалады. Горгулов 1920 жылдың көктемінде Дондағы Ростовта тарих аренасына қайтадан шығады. Мұнда ол жер-гілікті университеттің медицина факультетінің студенті атанып, әдеби үйірмеге (танылмаған данышпандардан құралған) қосылып, курстасы Мария Погореловамен некелеседі.
Павел – ұзын бойлы, сымбатты, қалың қызыл шашты, қайтпас мінезді адам болады. Оның сымбаты әйелдерге қатты ұнайды, ізінен ылғи сұлулар еріп жүреді. Павел гинеколог мамандығын алуды ұйғарып, медициналық білімін осы саладан таңдайды. Оның бұл таңдауы жыныс мүшесіне деген қызығушылық сезіммен емес, өзіндік мүдделермен астасады.
Оның үстіне таңдаған қалыңды-ғының әкесі өте танымал дәрігер болатын және дер уақытында ол эмиграцияға кетіп үлгеріп, Шығыс Еуропаның София қаласына барып орналасады. Осылайша олар аш-жа-лаңаштарды былай ысырып қойып, «Совдепияны» қиратуға бел буады. Горгуловтар күндердің бір күнінде өздеріне қайын жұртының шетелде өмір сүрулеріне көмектесетініне үлкен үміт артады. Уақыт өте келе ол күн де туады.
Павел мен Мария, сондай-ақ оның бауырларыб елгілі бір жолмен артынып-тартынып Минскіге жетеді. Бірақ бұл жерден таяу арада заңды жолмен құжаттарды рәсімдеу мүмкін болмайды. Ал бүкіл «лагерьмен» жасырын түрде шекарадан өту де мүмкін емес еді. Сондықтан олар шекарадан жасырын жолмен өтуді ойластырады. Бұл тәуекелге бас ұрумен тең болады. Павел өте шыдамсыз адам болатын, сондықтан жақындарын шекара маңына тастап, 1921 жылы қыр-күйекте көтерілісшілер тобымен поляк жағына өтіп кетеді. Бір жылдан кейін әйелі інілері мен әпкелері де елден кетуге мүмкіндік алады, бірақ бұл уақытқа дейін Горгуловтың олармен ешқандай байланысы болмайды.
Польшадан Павел Горгулов Прагаға көшеді, онда Чехословакия үкіметі қабылдаған бағдарламаның арқасында ресейлік эмигранттар жергілікті университеттердің бірінде тегін білім алуға жеңілдіктер ашылады.
Бірде Чехия астанасында Горгулов көше бетіндегі шаштараздың бірінің терезесінен, қайын атасының және енесі Эмилия Нахачилованың порт-ретін көреді. «Жан қысылғанда жақынын табады» – демекші, Павел осылайша жақындарын тауып алады. Пан Нахачилов өзінің бұрыннан күтіп жүрген күйеу баласымен қуанышпен қауышады.
Тағы да студенттік өмір басталады.
Павел дәулетті ата-енесінің қаржы-қаражатына арқа сүйеп, Чарльз универ-ситетінің медициналық факультетінің студенті атанады. Ол оқумен қатар жеңгетайлық жұмыстармен айналысады. Бірақ отбасына бақыр тиын әкелмейді, онысымен қоймай, күмәнді істерге араласады. Оның үстіне, әйелінің ақшасына қол салады. Осыдан соң, отбасында береке қашып, ол өз отбасынан кетіп, үйсіз-күйсіз жандарға барып қосылады. Осы ортада жүріп оның әдебиетке деген аңсары ауа бастайды.
1924 жылы жол кіре тауып, сол кездегі орыс эмиграциясының астанасы Берлинге барып, Павел Брэд деген бүркеншік атпен «Даль» повесін басып шығарады. 1926 жылдың аяғында Горгуловқа белгілі бір материалдық әл-ауқатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін университет дипломы беріледі.
Осы уақиғадан кейін, ол өмірді нөлден бастауды ұйғарады. Алдымен басын босатады. Әйелімен ажырасып, алдымен Моравияның кішкентай Ходонин қаласында, содан кейін көрші Простеевте дәрігерлік тәжірибемен айналысады. Простеевтің бұрынғы мэрі Пан Степковтың қызына ғашық болып, араға уақыт салмай, оған үйленіп алады. Ол оның үшінші әйелі болады, бірақ қайын атасының көмегімен бай клиенттерді қабылдау әрекеті сәтсіздікпен аяқталады. Науқастарға дөрекілік көрсетуі былай тұрсын, оның қойған болжамдары да күмән туғызады. Соңында Горгуловтың арам
ойлары үрей туғызады. Дәрі-дәрмектің орнына ол әйелдерге заңсыз түсік жасатып, болмаған жүктіліктен құтылудың жолдарын жасайды. Осыдан соң ол масқаралықпен әйелімен ажырасуға мәжбүр болады. Павел біраз уақыттан соң, әйелін ұрып-соғып, оның 20 мың ақшасын тартып алып, оған екі шығармасын – «Даль» және «Нан баласы» кітабы мен «Казак Соня» кинороманын шығарады.
Горгулов медициналық құқығынан айрылады, оған пациенттердің бірінің шағымы себеп болады. Медициналық мансабынан айрылған Павел осыдан кейін, саясатпен айналысады.
1929 жылы Прагаға оралған Павел Бүкілресейлік «Шаруа (ауылша-руашылық) халықтық жасылдар партиясы» құрғанын жариялайды. Тіпті партия бағдарламасын брошюра етіп басып шығарады. Онда Горгулов социализмге, капитализмге және монархизмге қарсы соғыс жариялап, оларға патриархалдық ортағасырлық құндылықтарға негізделген «натурализммен» қарсы үн көтереді.
Ресейде жасылдар жеңісінен кейін диктатор – Горгуловтың өзі басқаратын қатаң бір партиялық режим орнатуы керек еді. Қоғамның жетекші күші тазалығы мен табиғатқа жақындығын сақтап қалған шаруа қожалықтары деп жарияланды және олар міндетті түрде орыс пен православие болды.
1930 жылы Горгулов Францияға көшіп, Парижде тұрақтайды.
Ол әлдебір саяси акцияларды ұйымдастыруға тырысады, кейін өз қаражатына шығармаларын қайта басып шығарады, содан кейін ол Шетелдік легионға қосылмақ үшін Африкаға бармақ болады. Төртінші рет 30 жастағы швейцариялық Анна Генгпен некелесіп, оған тағы да жасырын түсік жасатып, кейін Монакоға көшеді.
Дәл сол жерде, үнемі қиындықтардан, орындалмаған амбициялардан және қаржылық ресурстардың өзінің кең табиғатының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуінен шаршаған Горгулов, тіпті өз өмірін қиып, әлемге әйгілі болуды шешу жолдарын іздестіреді. Мұны істеудің ең оңай жолы, басқа атақтарын жасыру болады. Содан кейін оның таңдауы 1931 жылдан кәсіби саясаткер және Радикалды партия жетекшілерінің бірі – Франция президенті Пол Думерге түседі. Ол өте қарапайым президент болатын және күзетшілерсіз жүретін. Географиялық тұрғыдан оған жету басқаларға қарағанда оңай болатын.
Шындығында Горгулов Герострат-тың жолымен жүруді ұйғарды, оның айырмашылығы тарихта өз атын сақ-тап қалу үшін ғибадатхананы емес, адамның көзін жоюды ұйғаруы үлкен қателік болды.
1931 жылы желтоқсанда Горгулов атақты жазушы Купринге: «Мен жалғыз, жабайы скифпін…» деген сөз-дерден тұратын хабарлама жібереді. Бұл жерде Горгулов казак пен қазақты ажырата алмай, өзін «скифпін», деп атауы барып тұрған авантюристік қадам болатын.
Сол күндері ол өзінің «Құпия» шығармасының соңғы басылымын басып шығаруға әзірлеп жатқан болатын. «Скифтердің өмірі» Павел (Пол) Брэд бүркеншік атымен шығарылуға дайын еді. Онымен бірге супер бестселлерлерге айналатын автобиографиялық «Казакские римь» шығармасы да дайын болатын.
Бірде Павел Горгулов газеттердің бірінде қайырымдылық кітап көрме-сінің ашылуы жоспарланып жатқанын біледі. Көрме барысында майдангер жазушылардың мұқтаж ағайындарға жіберетін қолғабыстары туралы да хабарлама болады. Осы хабарламадан соң, Паша көптен ойластырып жүрген ойын жүзеге асыру үшін көрме өтетін орынды зерттеп алады. Көрмеге бес ұлының төртеуі майданда қаза тапқан президент Думер де қатысады. Іздегенге табылған деген осы болса керек.
1932 жылы 5 мамырда Павел Горгулов Парижге келіп, Виктор Кузин мен Гужас көшелерінің қиылысындағы арзан қонақүйге орналасады. Амалын асыру үшін ол қонақүйге бір жезөк-шемен келеді. Бірақ бір-екі сағаттан кейін оны жіберіп, түні бойы қолжазба жазумен айналысады. Кейін оның осы қолжазбасы қылмыстық істі тіркеу кезінде «Президентті өлтірген Павел Горгуловтың естеліктері» деген атпен пайда болады.
Павель «Соломон Ротшильд» қонақ үйінде өткен көрмеге түскі екі жарымда келіп, жазушылардың қолтаңбасы қойылған екі кітап – Клод Фарардтың «Шайқас» және Роберт Букардың «Құпиясыр және соғыстар» кітабын сатып алады.
Бірақ кейін жұртшылық дүр сіл-кініп, көрмені ұйымдастырушылар көшеге шығуға асыға бастайды. Бір-екі минуттан кейін Ұлттық қорғаныс министрі Пьетри, Әділет министрі Пол Рено, жазушылар Клод Фарард, Андре Моуро, Пол Шака, Ролан Доргелеспен бірге залға президент Пол Думер де келеді. Фарардың стендіне тоқтаған президент «Шайқас» шығармасына қолын созады. Сол кезде оның артынан қара көзілдірік пен сұр пальто киген ұзын бойлы адам жақындап келіп, қолын қалтасынан суырып алады…
Бірінші оқ президенттің тамағына тиеді, екіншісі сол қолтығының дәл астынан өтеді. Тағы бір оқ жазушы Фарардың қолына тиеді. Пьетри мен Гихард оқ атушыға бірінші болып шабуыл жасайды. Содан Горгуловтың төңірегінде бір топ адам жиналып, тұрған жерінде оны жұлып жеп қоя жаздайды.
Мұрны сынады, көзін шел басқан қылмыскерді Бости көшесіндегі полиция бөлімшесіне сүйреп апарғанда, ол: «Отаным!» деп қалтасынан өз партиясының туын көтеріп, сүюге тырысады. Горгуловтың басқа қал-тасынан қосалқы тапанша мен үш бума сублимат табылады. Ол қастандықтан кейін өзін улап өлтіруге дайындалған болып шығады.
Полиция бөлімшесіне қамалғанда, «Франция президентін не үшін атып тастадыңыз?» деген сұраққа, Горгулов: «Большевизм – бүкіл әлемді құртып тынды! Франция бүкіл Еуропа сияқты большевиктерді ақшамен қамтамасыз етуде, сөйтіп оларды қолдады! Пре-зидентті өлтіру арқылы мен Франция мен Кеңес Одағының арасында қақ-тығыс тудырғым келді!» Оның бұл жауабы жабайы естіледі. Өйткені, Горгуловтың өзі соңғы фразасымен мұндай қақтығыстың мүмкіндігін жоққа шығарғанын сезбеген еді.
Соған қарамастан, кеңестік және француздық коммунистік баспасөз өз басылымдарында барлық ақ гвардияшылардың «Жабайы айуан-дықтың мәні» туралы көп жазады.Сонымен қатар Думер мырза сияқты, саясаткерлер өздері сепкен дауылды өздері сөндіріп жатқанын да меңзейді.
Ақ эмигранттарға келетін болсақ, олар, әрине, Горгуловтан ақыл-ойынан адасқан ессіз адамды, және одан КГБ агентін көреді. Соңғы нұсқаны дәлелдеу үшін сотқа кубандық казак Иван Астахов шақырылады. Оның айтуынша, сонау 1919 жылы наурызда ол нағыз Павел Горгуловтың мәйітін көргенін, ал Франция президентін атқан адам Еремеевка ауылынан шық-қан қылмыс әлеміне белгілі Алексей Золотарев екенін баяндаған. Тергеу кезінде Астахов өз сөзін қуаттай отырып, Золотаревтің қолында тыртық бар екенін айтады. Айыпталушы бірден жеңін түріп, терісінде тыртық іздерінің жоқ екенін көрсетеді.
Бұл нұсқаны жоққа шығару үшін Ростовтық чекистер Лабинская ауы-лындағы Павел Горгуловтың анасына барып, оған баласы туралы жазылған француз газетін көрсетеді. Онда жарияланған фотосуреттерді әрең таныған, қария ашу шақырып: «Ол суреттегі адамның Пашка!» екенін айтады. Сол жерде «Сәйкестендіру актісі» жасалып, ол тез арада дәлел ретінде іске алыну үшін Парижге жіберіледі.
Сонымен, Франция президенті Думерді өлтірген адамды 1919 жылы қайтыс болған Павел Горгуловтың атымен әрекет ететін кеңестік қауіпсіздік қызметкері, – деп жариялау әрекеті сәтсіз аяқталады. Өз қорғауына алған адамды есі ауысқан жынды, – деп көрсетпек болған адвокаттардың жолы болмайды. Айыпталушы өз ілімінің– натурализм екенін ықыласпен айтуы, оның психиясы ауысқан адамға ұқсамағанын білдіреді.
Сот үкімі – гильотин жасау арқы-лы өлім жазасы болады. Ол ешбір қауесет тудырмай, қылмыстың ауырлығына толық сәйкес келген. Павел Горгуловтың өзі минимум бағдарламасын орындадым деп есептеген. Ол туралы барлық газеттер жазды, ал оның графоманиялық жұмыстары үлкен басылымдарда қайта басылады. Бірінен соң бірі келетін сәттіліктен кейін қайғыға тап болуың ғажап емес. Бұл оқиға солай болды.
1932 жылдың 14 қыркүйегінде стендке көтерілген Горгулов өзін жаңа мессиядай сезінген. Бұған оның өліп бара жатқандағы жолдауы дәлел: «Дос тар! Бұл дүниені тастап бара жатып, мен өзімнің философиялық және діни идеямды өсиет етемін: табиғат маған өсиет еткен натурализм. Бұл идея – әр адамға, әр ұлтқа қолайлы. Менің идеям – әмбебаптық. Менің идеяммен өмір сүріңіздер. Жаным өлгенді жақтайды. Амин. Өмір елшісі Павел Горгулов».
Горгулов өліп бара жатып, Еуропа-ның өзін де, президент Думерді де ұмытатынын білмеді. Басқарылмайтын және нашар дарынды Кубандық казакты Гитлер мен Муссолини дең-гейіндегі батырлар басып қалды. Ал «жабайы скифке» ең жақсысы тарихи шығармалардың жазбаларында орын берілді. Ақылды жан бар күшін құсты жерден көтеруге емес, оны атып құлатуға жұмсайды деген осы болса керек.
ӘЛЕМГЕ СОҒЫЛҒАН ҚОҢЫРАУ
Табиғаттың ерекше сыйы – аян беретін жүректер болады. Сол жүрек өз қалауымен алда не болатынын ескертеді, ал тар жол, тайғақ кешуде дабыл көтереді, адамзатты құтқару әрекетке асықтырады. Қырсыққа мойынсынып көнуге болмайтынды жеңіп шығу жолына шығу үшін күреске түседі.
Әдебиетте апокалиптикалық әңгімелер өте сирек. Оған жазушылардың тәбеті бара бермейді. Аңсар тәбеті ауып тұрмаса да, оған соңғы қалам тартқан жазушы – Саке Комацу. 1973 жылы жарық көрген Сакё Комацудың «Жапонияның суға батуы» ғылыми-фантастикалық романы көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Жанартаудың атқылауы мен тектоникалық белсенді қозғалысқа байланысты жапон архипелагының суға батуы туралы шығарма кезінде үлкен үрей тудырып, адамдардың зәре құтын қашырды. Алайда, роман сәтті шықты. Ол туралы көркем фильм түсіріліп, ол әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Атап айтқанда, Ресейде ол «Айдаһардың өлімі» деп аталды. Алайда уақыт өте келе ол мүлдем естен шығып, ұмыт қалды. Оны тек 2011 жылдың көктемінде – 25 мың адамды жұтқан жер сілкінісі мен цунамиден кейін қайтадан еске түсірді. Ал, дүние кейпі күн санап өзгеріске түсіп жатты…
Айдаһардың ажалы
Бүкіл әлемге қатысты соғылатын қоңыраулар бар. Ол кімге арналып соғылып жатыр деу қажетсіз байлам. Сол қоңыраудың ащы даусы бүгінгі пандемия жағдайында соғылып отыр. Ал Жапонияда ондай қоңырау күн сайын соғылады. Жапондықтар өздерін планетамыздың тұрақты тұрғыны екенін сезіне отырып, оған қарсы жаңа аспектіде іс-қимыл жасау керектігін, онда жеке тұлға ретінде емес, ұжымдық одақтастар тұрғысынан қарайды. Олар: өздерін «менен кейін топан су қаптаса да мейлі» деген өзімшіл тоғышарлықтан, «маған не жоқ, оған үкімет басын ауыртсын, бізден басқа да ойланатындар, біз үшін мәселе шешетіндер жетерлік» дейтін енжарлықтан ада ұстайды.
Бүгінде өрт, су тасқыны және теңіз деңгейінің тасуы бүкіл әлемді елеңдетіп отыр. Қоршаған ортаның бұзылуы, соның салдарынан туындап отырған қақтығыстар мен босқындар саны жаппай қарқын алуда. Демек, адамзат бетпе-бет келіп отырған қиындықты бірлесе отырып, ауыздықтауымыз керек. Сондықтан өмір сүруге жарамды планетаны болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырғымыз келсе, әр адамның әрекеті мен топтық іс-қимылының арасында неліктен алшақтық болатынын түсіну аса маңызды. Бұдан өзге жол жоқ.
Мұндайда, шеткі үй құласа, ортаңғы үй шет болады деген әбестік болар еді. Адамзаттың ар-ұяты биік бөлігі жер бетіндегі барлық адамның тағдыры бір екенін түйсініп, өздерін ол үшін жауапты сезінуі тиіс. Бүгінде виртуалды әлем шынайы өмірдің арақатынасы жоғалып, зат пен бейне, ғылым мен фантастика арасындағы шекара ашық қатынасқа түсіп отыр. Айналаға деген адами қатынастар да виртуалды шындыққа көшіріліп, ол өміріміздің қалыпты көрінісіне айналуда. Белгілі утопист Адам Смит: «алғашқы жол күйреуге апарады, кейінгісі дамуға жетелейді» — депті. Мемлекеттер де, табиғи қоршаған ортада сол сияқты. Қазір бұлардың бәрі көркем шығарма желісіне айналуда. Табиғатта кездейсоқ болып жатқан түрлі табиғи катаклизм қордалана келіп, әлеуметтік Гармония заңын өмірге әкеліп отыр.
Жапон жазушысы Комацу 9 жыл өмірін әлеуметтік Гармония заңына бейімделген роман жазуға жұмсаған. ХХІ ғасырда жазушының кітабы фантастикалық категориядан аналитикалық шығармалар санатына көшкен. Кезінде Комацудың ойынан бойын алшақ ұстаған ғалымдар қазір таяу арада жапон архипелагын не күтіп тұр, деген болжамға басын ауыртуда. Шығарма кванттық механикада физикалық жүйені сипаттайтын Гейзенберг қағидасына арқа сүйеп жазылған. Онда болып жатқан оқиғалар планетаның басқа тектоникалық нүктелеріне сыни тұрғыда қалай әсер етуді ой-елегінен өткізеді.
Автордың ой-тұжырымдары былайша өрбиді: – ХХ ғасырдың екінші жартысында Жапон аралдарында жер сілкінісі белсенділік таныта түседі. Белгілі болғанындай, дәл осы аймақта Тынық мұхитының литосфералық плитасы мантияға бата бастайды. Бұл процестің салдары Жапонияға нағыз апатты қауіп төндіре түседі. Екі жыл ішінде қуатты жер сілкіністерінен, жанартаулардың оянуымен және ол алапат цунамиға айналып, ел аумағы тұтастай суға батады. Тынық мұхиттың терең қабатын зерттеушілердің деректері негізінде құрастырылған компьютерлік модельдер қорқынышты болжамды күшейте түсіп отыр. Күншығыс елінің өмір сүруіне бір жылдан аз уақыт қалды-мыс дегенді алға тартады …
Шынында да, көп ұзамай тектоникалық белсенділік күрт күшейіп, ол «сейсмикалық домино» принципі бойынша жер сілкінісінің шексіз сериясы топырақ қабатының шөгуі мен көтерілуіне әкеліп соқтыруда. Осылайша ең ірі аралдар арасындағы байланыстар үзіледі, барлық жерде өрт шығып, соңы дауылға айналады, азық-түлік, отын мен энергия көзі бітеледі. Айнала қатерлі сипат алып, адам шығыны өсіп, соның әсерінен ондаған миллион адам өлім құшады.
Ықпал ету аймағы кеңейеді. Америкаға, Австралияға және Сібірге эвакуация басталады. Бұл трагедия әлемдік державалардың адамдық, өндірістік, ғылыми-техникалық потенциалды қосқанда «жапон мұрасы» үшін күреске айналып сала береді. Ақыр соңында, 120 миллионға жуық адамның жартысынан көбі құтқарылып, ал архипелаг суға батып кете барады …
Осыдан соң аралдағы барша халықты дүлей қорқыныш билеп алады. Олар ол үшін жазушыны қарғап-сілеп отырған жоқ. Қараспанды төндірсе де халық оның ескертуіне қолдау білдірген.
«Ұлы Шығыс Жапония жер сілкінісінен» кейін бірден жартылай ұмытылған пайғамбар Сакё Комацудың «Айдаһардың өлімі» романы қайтадан танымал бола түсті. Жазушы 2011 жылдың жазында қайтыс болғанға дейін бірнеше рет сұхбат беріп, өзінің оннан астам «апатты пайғамбарлығын» айтып кеткен.
2011 жылғы апат
Қоғам санасын жаңғыртудың негізгі элементтері мен әр жапонның бәсекелестікке қабілеттілік пен прагматизм секілді негіздері ұлттық болмыс, мәдениет, патриотизм салаларын қамтып, халықтың бақыттылыққа ұмтылу факторын қамтиды. Оның астарында не жатыр?
Жалпы алғанда, қоғамдық сананы жетілдіру, әр ел үшін кез келген сәтте маңызды. Адамдар өздерін, өзінің туған қаласын және елін қорғауы керек. Ал мемлекет деңгейін көтеруде адамдар маңызды рөл атқарады. Мұндайда ең басты ресурс адам екені анық. Жазушы Камасу өз шығармасында осы құндылықтарды көтереді. Сол арқылы адам жанына үңілетін гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды, ғалымдардың өздерін зерттейтін ғылымға ұқсатады.
Автор өз ойымен халықты «тұтқын дилеммасына» айналмау жолында ұйымдық мінез-құлықты қалыптастырып, өзара әрекеттесуге және институционалды нормаларды сақтауға үндейді. Қазіргідей күрделі, бір-біріне стратегиялық тұрғыда байланған әлемде ұжымдасу моделін ұстануға шақырады.
«Жаңа ғасырдың ең ауыр апаты » 2011 жылдың 11 наурызында орын алды,-деп жазады жапон баспасөзі. Хонсю аралының шығысында жер сілкінісі болып, жойқын цунами болды. Кейін анықталғандай, ең күшті соққы Тынық мұхитының тұнғиығында 30 шақырым тереңдікте, жағалаудан 70 шақырым жер астында өткен. Бұл жер сілкінісі тарихта Жапониядағы ең үлкен жер сілкінісі ретінде қалды. Бұл соңғы жапон тарихындағы ең қуатты жер сілкінісі болды және ол ең күшті сейсмикалық бақылаулардың бірі болып саналды. Талдау көрсеткендей, алғашқы цунами толқындары Хонсюдің солтүстік-шығыс жағалауын жоюға жарты сағаттай уақыт кеткен. Ал бір сағаттан астам уақыттан кейін, Цендай әуежайының ұшып-қону жолағын су басады. Бір таңқаларлығы, элементтердің соққысына түскендердің барлығын 20 минуттық «өмір сүру шекарасы» ғана бөліп тұрған. Алдын-ала жасалған ескертуден кейін бірден қашып шығуға асыққандар аман қалып, ал бірнеше ондаған минутқа кешіккендер қаза болған. Ғалымдар мен құтқарушылар өмір мен өлім арасындағы бұл шекараны қалай «созуға» болатынын білмей қалған. Құтқару жұмыстарының сансыз компьютерлік модельдері жасалып, эвакуация әдістерінің түрлі жолдары ұсынылған. Бұл оқиғалар 4 жылдан кейін, 2016 жылдың қарашасында Хонсюдің шығыс жағалауында болған күшті жер сілкінісі кезінде кәдеге асқан. Осыдан кейін жапондық құтқару қызметі емтиханды керемет тапсырып, бұрынғы барлық қауіпті аймақтарды эвакуациялап, цунами болуы мүмкін өңірлердің алдын алуын хабарлауды жолға қойған. Осыдан соң зардап шеккендер болмаған.
Жапонияны алда не күтіп тұр?
Шығыс Жапония жер сілкінісінің геофизикасына жасалған талдау көрсеткендей, алдағы екі-үш онжылдықта жапон архипелагы тағы да кем дегенде екі ірі тектоникалық катаклизм күтуде. Олардың біріншісі архипелагтың оңтүстік-батыс жағалауын бойлай созылып жатқан Нанкай қатерлі аумағында болуы ықтимал. Ал екіншісі шығыс елінің астанасында орын алады-мыс. Жапондық геофизиктер адам өліміне және қирауға әкелетін жүзден астам ірі жер сілкіністерін тіркеген. Көптеген жер сілкінісінің эпицентрі Фукусима жағалауында 10-20 шақырым тереңдікте белгісіз бағытта «қаңғып» кететіні алаңдатады. Әсіресе, онда орналасқан жалпақ атом электр станцияларының жағдайы өте күрделі сипатта. Өйткені, 2011 жылғы апат кезінде топырақтың дүмпуі АЭС-ке көп зиян келтірмесе де, ол құтқарушыларға көптеген қиыншылықтар тудырған.
Американдық геофизиктердің айтуынша, Жапонияның Шығысындағы жер сілкінісінен кейін Калифорнияда мұндай катаклизм ықтималдығы кемінде екі есе өскен. Бұл жолы USGS геологтары мен сейсмологтары мәселені зерттеуге түбегейлі басқаша қарады: олар жеке «сыни нүктелердің» ғана емес, жалпы Тынық мұхиты тақтасының сейсмикалық жүйесінің мінез-құлқын зерттеді. Бұл оларға екі жаңа тенденцияны жақсылық пен жамандықты ашуға мүмкіндік берді.
Жақсы жаңалық – магнитудасы 7-ге дейінгі орташа соққылар бұрын ойлағандай әр бес жылда емес, он жылда бір рет болуы керек екен. Нашар жаңалық – ауыр жер сілкінісінің жиілігі, шынымен де ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін. Келесі ширек ғасырда Калифорнияда апаттар 10 пайыз ықтималдықпен болуы мүмкін делініп отыр. Мұндай болжамдар үшін ол өте үлкен көрсеткіш. Алдағы катаклизмнің ең ықтимал үш нүктесі – Мохаве шөлінің шетіндегі Сан Андреас ақауларының оңтүстік бөлігі. Сондай -ақ Хейвард пен Калаверас аймақтары. Қатты жер сілкінісінің ықтималдығы онда ол 20 пайызға жетеді.
Өрт белдеуі
Комацу Сәке өзінің «Айдаһардың өлімі» романын осыдан 55 жыл бұрын, 1966 жылы жазылған орыстың көрнекті жазушы журналисі Глеб Николаевич Голубевтің «Отты белдеу» әңгімесімен танысқаннан кейін бастаған көрінеді. Бұл әңгімеде Глеб Голубев өте батыл гипотеза білдірген. Тынық мұхиты литосфералық пластинасының тербелісі мыңдаған шақырымға жетіп, ол Тынық мұхитының бүкіл белдеуі бойынша тектоникалық процестерді оятады. Бір ғажабы, Америка Құрама Штаттарының Геологиялық қызметінің (USGS) соңғы деректері бұл ұзақ уақытқа созылған болжамды растағанын көрсетіп отыр. Жазушының ой-қиялынан туындаған шығарма осылайша мұхиттың дүлей ашуы мен оның тентек мінезін басуға септігін тигізіп отырған көрінеді.
АҚЫН – АНАСЫНА, КОМПОЗИТОР – ҚЫЗЫНА…
Пушкиннің әлгінде ғана қанқұйлы жазадан құтылған кезі-тін. Сол тұста ақынның бір оқтық болып кетуі де мүмкін еді. Бұл – қоғамға ақын керек емес деген қараңғылау кез болатын. Әйтсе де, билікте ақынды түсінетін жандар бар еді. Ең алғаш оны түсінген Петербургтың генерал-губернаторы, инфантерия генералы Милорадович болыпты.1812 жылғы Отан соғысының батыры Милорадович империядағы өте батыл және әділ шенеунік болатын. Ол қоғамды жайлап алған парақорлармен аяусыз күресіп, елдегі ойын-сауық мекемелерін жабуда және бас бостандығынан айрылғандардың жазасын жеңілдетіп, жазалау мекемелерінің жағдайын жақсартуда айрықша рөл атқарған шенеунік болатын. Губернатор 1820 жылы патшаның дәрменімен жазалау шарасына іліккен ақынды түрмеден босатумен бірге оны Сібірге жер аударылудан аман-есен алып қалу үшін патшаға барып, кешірім алып шығуы ақынды тура келген өлімнен аман қалумен бірдей еді. Сол бір күндері Милорадович Пушкинді өзіне шақырып, тергеу жүргізеді. Ақын түсініктеме жазудың орнына оған бір дәптер өлең жазып береді.Осыдан соң ақынның талантына таңданған генерал Александр І-ге барып, ақынды Сібірге айдалудан аман алып қалады. Пушкиннің Орал қаласына, Астрахань өлкесіне сапар шегуі де осы кез еді.
Буырқанған ақын сәті келсе, өзі көңілі жаққан адамға өлең арнай берген. Бірде ақын нақсүйері Анна Кернге арнап өлең жазады. Оған орыс композиторы Михаил Глинка – Пушкиннің «Есімдегі бір керемет сәт» өлеңіне романс жазады. Жасыратыны жоқ, ақын бұл керемет лириканы өзінің нақсүйері Анна Кернге арнайды, ал, Глинка басқа Керн туралы ойлап, музыкаға сөз қосып – оныЕкатерина Ермолаевнаға, Пушкиннің одасындағы аты аңызға айналған адресаттағы қызға арнайды. Адам сенбейтін қызық дерсің! Олар шындығында анасы мен қызы болатын.
Глинка Кэтрин Кернмен 1839 жылдың көктемінде өмірінің өте қиын бір сәтінде кездеседі…
1835 жылы 31 жастағы композитор жас дворян әйел Мария Петровна Ивановаға үйленеді. Ол оған қолайлы партия болып көрінеді. Қалыңдық әдемілігімен жарқырамаса да, ақшаны ұқыпты пайдалануда ақылдылығымен көрінеді! Бірақ Глинка қатты қателескен еді! Әйел дөрекі, қиқар, долы және азғын болып шығады. Ол түрлі ақымақтық пен қыңырлықтары үшін шексіз ақша талап етіп, күйеуін оңды-солды алдаумен болады.
Әйел – айлақ, еркек – кеме. Бірі күтуге, бірі кезуге жаратылған. Кезбе әйел ком-позитордың көзін байлап, кезбелігін тастамайды. Көзін қысқанмен де, ернін жымқырғанмен де, байламы келсе еріп кете береді. Сезімтал және жұмсақ Глинка
мұндай жағдайды күтпеген еді. Сондықтан олмүмкіндігінше үйде көп болмауға тырысады. Көбіне Смольныйдағы асыл текті
Қыздар институтының шаруашылық бөлімін басқаратын жездесінің үйі композитор-дың екінші үйіне айналады.
Өтірікті көп айтудың азабы – өз өтірігіне өзі сеніп, сол өтірікке өзгені де сендіруге ұмтылу. Долы әйел композитор күйеуін осы өтірікпен тойдырғысы келеді.
Көңіл түкпіріндегіні біліп қоятын сәуегейлер болады. Глинка сондай сәуегейлердің сортынан болмаса да, әйелінің өтірікті су-
дай сапыратынын біледі. 1839 жылы пасха мерекесінде ол әпкесінің үйіне қыдырып барады. Әпкесі бауырының сәтсіз некесі туралы біліп, оның көңілін аулау үшін, оны отбасылық түскі асқа шақырған-ды. Мерекеге орай жайылған дастархан үстінде ол алдымен Екатерина Кернді көреді. Ол сол кезде небәрі 21 жаста болатын. Жастық шақтың өзі оған аса бір сүйкімді әсемділік сыйламаған еді. Сәннен тыс тұрғаны былай тұрсын, тұрқы арық, қараған жанды ерекшеліктерімен баурап алмастай еді.Оның жүзінде тек көздері ғана тартымды болып көрінеді. Әйтсе де, бет-пішіні оның жасына сәйкес келмейтін.
Катя Керн не себептен қайғы жұтты дерсің? Анасы Анна Петровна Полторацкая ерте жастан егде жастағы генерал Ермолаев Кернге тұрмысқа шығыпты. Әдемі және нәзік Анна бұрынғы күйеуінің мінезіне шыдай алмаған. Оның заңды күйе-
уінен туған екі кенже қызы ерте қайтыс болған-ды. Ал үлкені Кэтринді анасы Смольный Асыл қыздар институтына тәр-
биелеуге берген. Осыдан соң ол өз басын күйттеп, күйеуін тастап, басы ауған жаққа кетіп қалған көрінеді.
Катя бала кезінен жетімдіктің азабын тартып өседі. Тағдыр оны анасынан ерте айыруымен қоймай, оған ел қызығатындай тартымды келбетті де бермейді. Институтты бітіргеннен кейін, Смольныйдағы бірге оқыған достарының кейбірі ауқатты, белгілі ортадан шыққан жастарға тұрмысқа шығады. Кейбіреулері императрицаның құрметті қызметшісіне айналады. Ал ерекше
тартымдылығымен де, байлығымен де сұлулығымен де айрықша ерекшеленбеген Катяға одан жалғыз шығу жолы – альма-матерде мұғалім ретінде жұмыс жасау ғана қалады. Басқа таңдау болмағандықтан ол онымен келіседі.
Алайда, 1840 жылдарға қарай, Ресей қоғамында барар бағыты белгісіз әртүрлі қанқу сөздер желдей еседі. Оған төзімі
таусылған көптеген әйелдер қауымы ерлерден моральдық және материалдық дербес тәуелсіздік алу туралы ойлана бастайды. Сол бір күндері, Катя жұмыспен қамтамасыз етілсе де, бұл ортада өзін ақ жағалы мінсіз адам сияқты сезінбейді. Бірақ оның өмірде бақытты болуына бірнеше себеп бар еді.
Сол күні кеш әлетінде Михаил Глинка әпкесінің үйінде өзін көңілді ұстайды. Бұл оның көптен бергі іштегі қатып қалған ше-
рін сыртқа мысқылдап шығаруы еді. Смолныйдың жас мұғалімі оған бірден ұнайды. Сол күні композитор алқаусыз музыка
ойнайды. Төменгі нотада баяу дауысымен мәнерлі ырғақпен ән салады. Кейін композитор сол бір күнді былайша суреттейді: «…менің көзқарасым еріксіз оған ауа берді. Оның тұңғиық мөлдір көздері, ерекше сымбатты фигурасы… және оның бүкіл бо-йына құйылған сүйкімділік пен қасиетті парасаттылықтың ерекшелігі мені өзіне көбірек тарта түсті және тағы да мен түсін-бейтін бірдеңелер болды…».
Кейін ол өз жазбаларында Екатерина Кернді, құпиялап, «Е.К»-деп көрсетеді. «Әсіре қызыл тез оңады», демекші, компо-зитордың ыстық-суығы басылмай жатып, әуелгі әйелімен қарым-қатынасы нашарлай түседі. Мария арадағы жағдайды елеместен, оның Смолныйдағы әпкесіне бұрынғыдан да жиі бара бастайды. Бірде ол менің әпкеме бір келгенінде, неге келгені және не үшін айтқаны есімде жоқ мені неліктен жек көретінін айтады. Бұл енді ту сыртымнан пышақ ұрумен тең еді. Тағы бірде ол мұнысымен қоймай, «Барлық ақындар мен суретшілердің соңы жаман оқиғамен аяқталады. Мысалы, дуэльде өлім құшқан Пушкин сияқты» – деп салады. Мен сол жерде оған бірден жанұшыра үн қатып: «Өзімді Пушкиннен ақылдымын деп санамасам да, әйелім үшін маңдайымды оққа төсемеген болар едім» деп жауап бердім» – дейді. Осыдан соң Мария аузын жауып үн қата алмай өз деміне тұншығып қала жаздайды.
Глинка, әдетте, әйелінің опасыздық ісі туралы бұрыннан білетін. Бірақ дәл 1839 жылы ізгі ниет білдірушілер оған Марияның тұрақты өзге сүйіктісі бар екенін, ол онымен күйеуі сияқты бір көрпенің астында өмір сүретінін хабарлайды. Ал енесінің бұл байланысқа қатты қолдау білдіретіні белгілі болып қалады. Мұны білген композитор әулетін тастап шығып, әйеліне бір жапырақ хат жазып қалдырады. Онда: «Мені үндемеуге итермелейтін себептер, оны Сізбен бөлісуге мәжбүрлеп отыр, бірақ біз оны жанжалсыз және өзара бір-бірімізді айыптамай, істеуіміз керек. Алладан, Сізді тосын апаттардан сақтап қалуын сұраймын. Мен Сіздің тағдырыңызды реттеу үшін, барлық шараларды атқарамын, сондықтан мен Сізге өз табысымның жартысын беремін», делінеді.
Өмірінің қиын кезеңінде жазылған бұл хатты қағазға түсіргенде композитор «Руслан мен Людмила» операсын жазуда жемісті жұмыс жасап жатқан-ды. Дәл осы кезде композитор шын мәнінде Мариямен ажырасуға шешім қабылдайды. Осындайда, неге сүйікті және опасыз әйелмен ажырасып, Катя Кернге ғашық болмасқа? Ештеңе етпес еді. ХІХ ғасырда Ресейде жоғары дворяндардың өкілдері ажырасуды жылдар бойы күтіп жататын. Глинка оны өмір бойы түсінбей кетеді. Тіпті оны ондаған жылдар бойы ала алмай жататындар да болатын. Ажырасуға тек Қасиетті Синод ғана рұқсат бере алатын. Синод некені ажырату ісін қарауды біржола созып жіберуі де мүмкін. Бұл мәселеге көбінесе патшаның жеке өзі араласып, ол өзінің еркімен шешім қабылдай алатын. Патша ғана ерлі-зайыптылардың бірге болуы мен өмір жолдарын бөлек жалғастыруға шешім жасай алатын.
Мысалы, Катяның анасы Анна Керннің өзі күйеуінен ажырасуға батылы жетпеген. Ол оны жай ғана тастап кетті. Және ол күйеуі қайтыс болғаннан кейін ғана сүйіктісіне қосыла алды. Ғашық болғаннан кейін, Глинка Кольцовтың өлеңдеріне «Егер мен сені кездестірсем» романсын жазды.
Композитор әйелінен басын босатып алған соң, анасы Евгения Андреевнамен бірге әпкесінің Смольныйдағы үйіне барып тұрақтайды. Нақтылап айтсақ, Катяға жақын жерге қоныс тебеді. Мұның өзі оны жиі көріп, жанынан табылуға мүмкіндік береді. Глинка мен Керн арасында шын сүйіспеншіліктің орнағанын жасыруға болмас еді.
Содан кейін композитор Пушкиннің «Есімдегі бір керемет сәт» музыкасын жазады. Ақынның өлеңді Керннің анасына жазғанын бәрі білетін. Ал композитор романсты оның қызына арнап жазды. Осылайша бір өлең екі адамға – анасы мен қызына бірдей арналады. Мұндай оқиға бұрын-соңды әдеби-мәдени өмірде болмаған-ды.
Анна Петровна Катяның Глинкамен романтикасын бірден қабылдай қоймады.
Ол өзінің ажырасуға қол жеткізе алмағанына ұзақ дұға еткенін өте жақсы түсінетін. Композитор шіркеу құрметімен болған одақты ресми түрде тарата алмас еді. Себебі, шіркеуден басқа жерде ешкім некеге тұруға рұқсат бермейтін.
Композитордың анасы Евгения Андреевна да осы махаббат одағын қабылдай алмай әуре-сәрсеңге түскені бар. Анасы
баласының жұрт қатарлы бақытқа кенелгенін қалайды. Ол сондай-ақ, баласының ажырасатынына да сенбейді. Анасы ең жақсы жағдайда ажырасу процесі бірнеше жылға созылады деп түсінеді.Сонымен қатар, оған Катяның отбасы ұнамайды. Құдағиы Аннаның соңында жарық сәуле жарқырап тұрмаған-ды. Оның сылқылдап өткен өмірінде шырғалаңға толы романдардан көз тұнатын. Соңғы жылдары ол күйеуінің көзінше, өзінен 20 жас кіші немере ағайынымен бірге тұрған-ды. 1839 жылы Керн сүйіктісінен ұл тапқан болатын. Қалай десек те, Глинка ханым, ұлының өміріне дәл осындай отбасының енгенін қала-майды.
Анна Керн жағдайдың үмітсіздігін түсініп, Глинканы қабылдайды және оған жақсы көзқараспен қарайды. Композитор сол бір күндері өзін ерекше бақытты сезінеді, музыкада ойнап, ән салады, әзіл айтып, ешкімге зиянын келтірмейді. Оның мінезі өте жұмсақ болатын. Бірақ бақыт біз ойлағандай болған ба?
1841 жылы Глинка бастапқы әбжылан әйелімен ажырасу рәсімін бастайды. Бұл уақытта Катяның аяғы ауыр болатын. Бұл Глинканы тездетіп ажырасуға мәжбүр етеді. Композитор ажырасқысы келіп, барлық сот отырыстарына қатысады. Әйелінің сүйік-тісімен жасырын түрде үйленгені туралы хабарға Глинка ерекше қуанады. Бірақ бұл қауесет болып шығады.
Бұл мәселеге әйгілі тиран, өзге біреудің моралының қамқоршысы саналатын патша Николай І-ші араласады. Ол бұрын
тұрмыста болған әйелге үйленуге тырыс-қаны үшін, Глинканың сүйіктісін провинцияға жер аударады. Осыған байланысты композитор ажыраса алмайды. Осыған орай, ол өзінің іштегі баласынан құтылу үшін Катяға мол ақша беруге мәжбүр болады.1842-1844 жылдары олар Петербургте бір-бірін көреді. Бірақ, Глинканың өзі мойындағандай, «бұрынғы поэзия мен бұрынғы муза бұл жолы болмайды».
1844 жылы композитор Ресейден кетіп тынады. Ол туған отанына араға ұзақ жылдар салып оралады.1857 жылы Берлинде суық тиіп, соның салдарынан қайтыс болады.1846 жылы Кернмен барлық байланыстарын үзіп, құмарлығы басылған кезде ғана ажырасып тынады. Екатерина Керн Глинканың өзіне оралмайтынына ұзақ уақыт сенбей жүреді. 1854 жылы ол адвокат Михаил Шокальскийге тұрмысқа шығады. Кейін олардың ұлы Юлий Орыс географиялық қоғамының президенті болады. Композиторды зар қақсатқан Катя 1904 жылы қайтыс болады.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.