ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ТОЛЫ ТАРИХ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗ  БЕН ДӘСТҮРІМІЗДІҢ КЕПІЛІ ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ТОЛЫ ТАРИХ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗ  БЕН ДӘСТҮРІМІЗДІҢ КЕПІЛІ
Оразбек НҰСҚАБАЕВ, Социология ғылымдарының докторы, профессор Хұн көсемі Аттиланың есімі, оның ерлік пен өнегелікке толы іс-әрекеттері барлық Еуропа халықтарының ауыз және жазба әдебиетінің,музыкасы мен... ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ТОЛЫ ТАРИХ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗ  БЕН ДӘСТҮРІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

Оразбек НҰСҚАБАЕВ,
Социология ғылымдарының
докторы, профессор

Хұн көсемі Аттиланың есімі, оның ерлік пен өнегелікке толы іс-әрекеттері барлық Еуропа халықтарының ауыз және жазба әдебиетінің,музыкасы мен өнерінің ең жағымды кейіпкер ретінде мәңгілікке таңбаланып қалған.

Айталық, немістердің батырлық жырларының ең басты кейіпкері ретінде Аттила туралы эпостық жырлар танылады. Француз театрының атасы, әйгілі ақын, драматург Пьер Корнелдің (1606-1684 ж.) өлеңмен жазылған трагедиясы «Аттила» деп аталады. Бұл шығарма әлі күнге сахыналанып келеді. Ал, «Хұн патшасы Аттила» — 5 актілі романтикалық трагедия Еуропа халықтарына түгелге жуық таныс. Бұл шығарма батыс елдерінде Аттиланың ерлік істерін көрсететін ең үздік, ең құнды туылым ретінде бағаланады. Шығарманың авторы неміс драматургі Вернер Захариас (1768-1823 ж.). Бұл шығарма дүниежүзінің көп тілдеріне аударылған. Шығармада Аттиланың ұлылығы, асқан батырлығы, қатал әрі әділ әміршіл және теңдесі жоқ қолбасшы екендігі дәріптеледі.

Ұлы итальян композиторы Джузеппе Вердидің (1813-1901 ж.) «Аттила» атты операсында Аттиланың күрделі бейнесі сомдалған. Аттила операда Еуропа халқын Рим империясының құлдығынан құтқарушы, дүниедегі ең ірі құлдық қоғамды ыдыратушы, қайтпас қайсар күрескер ретінде тұлғаланады.

Аттила туралы жазылған тарихи еңбектердің ең құндысы ретінде француз тарихшысы Тьерри Амедейдің «Аттила және оның мұрагерлерінің тарихы» атты 2-томдық зерттеуі аталады. Бұл еңбек 1856 жылы Парижде жарық көрген. Ол өзіңе дейінгі Аттила туралы жазылған еңбектерді сараптап, оның тарихта алар орны мен рөлін жан-жақты тұлғаландырған. Сөйтіп, ұлы тарихшы Тьерри Амедей Аттиланы әлем жұртшылығына зор ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясатшы, айлакер дипломат ретінде таныта білген. Ол Аттиланы адамзат тарихында шәнүй Мөде, А. Македонский, Ю. Цезарь және Шыңғысханмен аты қатар аталуға тиісті ұлы тұлға ретінде кейіптейді.

Осыған байланысты мақалада түрк текті халықтардың аты тегі ретінде қабылданатын – хұндардың Еуропаның хақ ортасында орнықтырған мемлекетінің болмысы, оның құрушы ұлы тұлғалардың бірі – Аттила еуропалықтар осы уақыттарға дейін не себепті құрмет тұтып, қадірлейтіндігі тарихыланады.

Қазіргі жыл санаумыздың 93-ші жылы Батыс Хұн қағанатын біріккен қытай, оңтүстік хұн (хұндардың қытайларға тәуелденген бөлігі), сянби және динлин әскерлері талқандады. Жеңіліске ұшыраған Батыс Хұн халқы төрт бөлікке бөлініп кетті. Олардың біршамасы сянбилерге қосылып, олардың қатарын толықтырды. Біршамасы оңтүстік хұндар мен қытайларға тәуелденді. Үшінші бөлігі қазіргі Қазақстан мен Орта Азия өңірінде өз мемлекетін құрды. Олар күшейе келіп қазіргі Ауғанстан, Иран және Үндістан жерінің біраз бөлігін жаулап алып, ірі державалық мемлекетке айналды (ақ ғұндар). Ал, төртінші бөлігі қаша-қаша келіп, Еділ өзенінің бойына дейін жетіп жайғасты. Осы өңірде олар 200 жылдай уақыт тып-тыныш өмірленді. Олардың осы тыныш тұрмыс-тіршілігін Еділ мен Днепр өзені аралығын жайлаған аландар 360 жылы өздері келіп тиісіп, бұзды. Он жылдай уақытқа созылған бұл соғыста хұндар жеңіске жетіп, Еділ мен Дон өзендері аралығындағы ұлан-ғайыр алқапты иеленді.

Дон өзенінен арғы өңірлерде ол замандарда гот патшалығы орналасқан болатын. Бұл патшалыққа осы өңірлерді жайлаған остгот, герул, оногур және т.с.с. халықтар бағынышатылық танытатын.

374 жылы хұндар өз патшалықтарының билеушісі етіп, кінәз Баламирді сайлап алды. Ол көп ұзамай-ақ гот патшалығына қарсы соғыс ашып, оны жаулап алды. Одан әрі қарай жылжыған хұн әскері 378 жылы Рим империясының шекарасына жетті. Еуропалықтар хұндарды «ғұн» деп атамалап кетті.

Хұндар Еуропаның жартысына жуығын жаулап алғаннан кейін аттың басын Кіші Азия бұрды. 397-ші жылға дейін Кіші Азияны олар өздеріне толық бағындырды. Осы жылы олар Рим империясына шабуылды екі жақтан: қазіргі Түрк Республикасы жері мен Балкан түбегі арқылы бастады. Ондаған жылдарға созылған бұл соғыс римдіктердің хұндарға алым-салық төлеп тұруға келісім берумен аяқталды.

400-ші жылы Баламир патша қайтыс болды. Одан кейін хұн билігін оның ұлы Жұлдыз хан, ол қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Қаратун хан, оның орнын оның ұлы Мәншүк хан иеленді. Мәншүк хан тұсында Еуропалық Хұн державасы Орал  тауларынан Днепр өзендері аралығындағы ұлан-ғайыр алқапты иеленді. Хұн тарихында Мәншүк ханның аты өте кемеңгер саясатшы әрі өте алғыр қолбасшы ретінде жазбаланып қалды. Оның артында екі ұлы – Аттила мен Буда қалды. Ел басқару ісіне және соғыс өнеріне олар әкелерінің бауырлары Раудың, Айбарыстың, Оқатардың үйретулерімен жаттықты. Ел билігі Раудың құзырында болды. Сондықтанда болар ол еуропа жерінде хұндардың бірінші құрылған мемлекетінің патшасы ретінде аталымдалады. Рау өте ақылды, ақырындап жүріп, ойланып-толғанып барып шешім қабылдайтын билік иесі болды. Ол Жұлдыз хан тұсында Батысқа қарай басталған жорықты әрі жалғастырды. 422 жылы Рау өте ірі әскер жасақтап, Византияға қарсы соғыс істерін бастады. Оның әскері алдымен Паннония (қазіргі Венгрия) территориясын жаулап алды. 430 жылы хұн әскерінің алды Рейн өзеніне дейін жетті. Осы шамада Рим империясында ірі әскер басылары – Бонифаци мен Аесиус арасында жанжал тұтанып, өзара қырқыста Бонифаци шейт болды. Аесиус Рим сенатының қаһарынан қорқып, хұндарға қашып келіп тығылды. Рау патша оны жылы қарсы алды. Хұндарда қонақта болған жылдарда Аесиус хұндардың соғыс өнеріне әбден жанттықты. Олардың қару-жарақ түрлерімен танысты. Шабуылдау тактикасына қанықты. 434 жылы Рау қайтыс болды. Осы жылы Римге қайта оралған Аесиус екінші рет Рим консулы болып сайланды. Осы жылы жасы 40-қа толған Аттила патша тағын иеленді. Оның ағасы Буда 11 жыл бойы Аттилаға ел басқаруға және әскерді құруға жәрдемдесті. Аттила есімі оған Еділ өзені бойында туылғандықтан берілген болатын. Ол орта бойлы, қақпақ жауырынды, ер төсті, қара шашты тұлға болатын. Аттила жастайынан өткір сөзді, қатал көзқарасты, соғыс өнеріне жетік, сұңғыла саясатшы, айтқанын орындататын алғыр тұлға болып қалыптасқан-ды.

Билікті иеленісімен Аттила рим империясына қарсы жорыққа дайындала бастады. Көп ұзамай-ақ негізгі бөлігін түрктекті бес хунгур, алты хунгур, он хунгур, сары хунгур /хунгурлар/ ж.с.д. 4-ші мыңжылдықтың бірінші ширегінде-ақ Орал таулары бойларынан Қара теңіздің теріскей бетін ала Днепр өзеніне дейін қоныстанып алған-тұғынды/ және субарлар /бұлғарлардың арғы тегі / құраған хұн әскері Батысқа қарай лап қойды. Хұн әскері  қатарында жоғарыда аталған жұрттардан басқа готтар, кепдылер, венедылер, анттар, аландар, сарматтар, роксондар, мордавалар, т.б. болды.

Хұн әскерінің негізгі күші Балкан түбегіне қарай асты. 441-ші жылы хұн әскері Балканды түгелдей өзіне қаратты. 477-ші жылы Шығыс Рим империясының астанасы Константинополь қаласының түбіне жетіп тоқтады. Рим императоры Феодосий ІІ хұндарға бағыныштылықты білдіру үшін елшілік аттандырды. Аттила тек алтынмен алым-салық алып тұруға келісті. Ұлы Рим өз келісімін берді. Сөйтіп арадағы келісім бойынша Рим жыл сайын хұндарға 6000 алтын ақша төлеп тұрмақ болды. Әрі  Дунай өзенінің оңтүстік жағалаулары түгелдей хұн билігіне көшті. Бұл келісім Рим үшін өте қорлықты, әрі ауыр саналды. Бірақ басқалай амал істеуге жол жоқты.

Рим империясы да Хань империясы сияқты хұндарға бағыншты ел басшыларын оларға қарсы айдан салып, өзара қырқыстыруға, іштен ірітуге, сөйтіп күш-қуатын әлсіретуге мүдделенді. Олардың бұл айла-шарғысы көп ұзамай-ақ өз жемісін берді де. Бургунд королі Гундикар хұндарға қарсы шапты. Бірақ оның әскері Аттиланың әкесінің бауыры қолбасшы Оқатар әскерінен оңбай жеңілді. Бургунд королі шейт етілді. Дегенмен ішкі өзара итжығысты күрес тоқтамады. Рим жағынан төленуге тиісті алтын ақшаның берілуі кешіктіріле түсті. Амал жоқ Аттилаға Римге қарсы үлкен соғысты бастауға тура келді.

Ол алдымен әскерін қазіргі неміс және француз жеріне қарай жылжытты. Хұндардың Батыс елдеріне жорығы еуропалықтарды қатты үрейлендірді. Үріккен жұрт тығылар жер таппай жан-жаққа босты. Оларға сан жеткісіз ат тұяғынан көтерілген шаң күллі еуропаны қара түнекке орғандай болып көрінді. Хұн әскері Еуропаны түгелге жуық жаулап салып, мініс аттарын Атлант мұхитына шомылдырды. Одан кері жортып, Каталуан жазығына жетіп тоқтады. Осы арада өздеріне қарсы соғысқалы келе жатқан Рим империясы әскерін күтті.

Каталуан шайқасында 200 мыңдай Хұн әскеріне қарсы 300 мыңға жуық Рим империясы әскері соғысты. Бұл әскерді уақтысында жауларынан қашып келіп, хұн ордасын паналаған Аесиус басқарды. Аттила мен Аесиус арасында Аесиус хұндарға қашып келіп тығылған жылдарды өзара сыйластық қарым-қатынас орныққан болатын. Бірақ бұл сыйластық екі әскердің бір-біріне қарсы соғысуына кедергі бола алмады. Екі армия бір-біріне қарсы жан айаспай соғысты. Тек жеңіске ұмтылды. Бірінші күнгі қырғынды жанталаста Рим әскері кәдімгідей басымдық көрсетті. Дей тұрғанмен екінші күнгі шайқаста Хұн әскері Рим империясының адам саны басым әскерін тас-талқан етіп жеңді. Қария тарих азғантай аумақта осыншама адамның жан айаспай бір-біріне қарсы жұлқысқанын алғаш рет тіркеді. Әлем халқы хұн әскерінің күш-қаутының мықтылығына толық көз жеткізді.

Аттила толық күйреген Рим империясы әскерін қумады. Әскерін 20 күндей дем алдырып, сонан кейін Римге қарай бет түзді. 452-ші жылы Хұн әскері Италияны түгелге жуық ат тұяғына таптатып, Рим қаласының маңына ат басып тіреді.

Астана, халық, сенат және папа бәрі-бәрі қатты үрейде болды. Хұн әскерінің алдына бітімгершілік сұрап Рим папасы Леон өзінің  апостольдық киімін киіп, күлгі дін басыларын және император Валентиннің елшілерін ерітіп шақты. Бәрі тізерлеп тұрып Аттиладан Римді жермен-жексең етіп талқандамауын сұрады. Өйткені ол замандарда Рим күллі батыстық өркениет жетістіктері, мәдениет ескерткіштері жинақталған, әлемде теңдесі жоқ кітапханасы бар көне қала саналатын. Осыны терең түсініп, бағалай білген Хұндар қаланы шаппады. Тек тиісілі, осы уақыттарға дейін Рим империясы төлеуден қашқақтап келген алтын ақшаларын алып, кері қайтты. Осылайша әлемдік өркениет орталығы саналатын Рим қаласы Аттиланың көрегендігінің арқасында жермен-жексең етілмей аман қалды.

Сондықтанда болар, кейінгі еуропалықтар Аттиланы қатты қадірлейді. Ал, венгерлер оны өз бабамыз деп есептейді.

Аттиланың арғы ата-бабаларының Еуропаға жорықтары «халықтардың ұлы қоныс аударуын» туындатқан болса, оның Рим империясына қарсы соғысы Еуропа халқын Рим үстемдігінен азат етті, құл иеленушіліктің жойылуына ықпалын тигізді.

Аттила әскері шайқастарының тарихы оның аса дарынды қолбасшысы болғандығын танытады. 443-ші және 447-448-ші жылдарда Аттила әскері Рим империясының әскерін тас-талқан етіп жеңіп, оны тізге бүктірді. 452 жылы мүмкіндігі бола тұрсада Рим қаласын қиратуға бармады. Жалпы оның жаулап алған қалалар мен мәдениет ескерткіштерін өз әскерлеріне қиратуға жол бермегендігі жөнінде деректер жеткілікті. Тіптен кейбір Батыс Еуропа елдерінің билеушілері Аттилаға балаларын тәрбиелеп, әскерді басқару өнеріне үйретуге жіберіп отырғандығы туралы да жазба деректер баршылық. Аттиланың үлгісі жалпыадамзаттық өркениеті отырықшы халықтар ғана емес, Орталық Азияның көшпелі халықтары да жасағандығына куәлік ете алады.

Аттила билігі тұсында еуропалық хұн державасы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті.

453 жылы Аттила қайтыс болды. Дей тұрғанмен оның еуропалықтарды Рим империясынан азат етудегі орны мен рөлі олардың жүрегінде мәңгілікті сақталып қалды. Сондықтанда болар айбынды хұн көсемі, император әрі ұлы қолбасшысы Аттиланың есімі, оның ерлік істері, адамгершілік қасиеттерге толы ұлылығы барлық Еуропа халықтарының ауыз және жазба әдебиетінің, музыкасы мен өнерінің ең жағымды кейіпкері ретінде мәңгілікті танбаланып қалды. Мысалы немістердің батырлық жырларының ең жағымды кейіпкері ретінде Аттила мен оның ерлік істері жырланады. Ал, француз театрының атасы, әйгілі ақын, драматург Пьер Корнельдің (1606-1684ж.) өлеңмен жазған трагедиясы «Аттила» деп аталады. Бұл шығарма әлі күнге сахаланып келеді. Ал «Ғұн патшасы Аттила» — 5 актілі романтикалық трагедия Еуропа халықтарына түгелге жуық таныс. Бұл шығарма батыс елдерінде Аттиланың ерлік істерін көрсететін ең үздік, ең құнды туылым ретінде бағаланады. Шығарманың авторы неміс драматургі Вернер Захариас (1768-1823ж.). Бұл шығарма дүниежүзінің көп тілдеріне аударылған. Шығармада Аттиланың ұлылығы, асқан батырлығы, қатал әрі әділ әмірші және теңдесі жоқ қолбасшы екендігі дәріптеледі. Ұлы итальян композиторы Джузеппе Вердидің (1813-1901 ж.) «Аттила» атты операсында Аттиланың күрделі бейнесі сомдалған. Аттила операда Еуропа халқын Рим құлдығынан құтқарушы, дүниедегі ең үлкен құлдық қоғамды ыдыратушы, қайтпас қайсар күрескер ретінде тұлғаланады. Ал, Аттила туралы жазылған тарихи еңбектердің ең құндысы ретінде француз тарихшысы Тьерри Амедейдің «Аттила және оның мұрагерлерінің тарихы» атты 2-томдық зерттеуі танылады. Бұл еңбек 1856 жылы Парижде жарық көрген. Ол өзіне дейінгі Аттила туралы жазылған еңбектерді сараптап, оның тарихта алар орны мен рөлін жан-жақты қарастырып, шынайы тұлғасын сомдайды. Сөйтіп, ұлы тарихшы Тьерри Амедей Аттиланы әлем жұртышылығына зор ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген қолбасшы, әккі саясатшы, айлакер дипломат ретінде танытады. Сонымен қатар тарихшы ұлы қолбасшы мұрагерлерінің тарихын да мұқият зерттеп, таразылайды. Ол Аттиланы адамзат тарихында шәнүй Мөде, А. Македонский, Ю. Цезарь және Шыңғысханмен аты қатар аталуға тиісті ұлы тұлға деп есептейді.

Ал, «Аттиланың Галлияға жасаған бірінші жорығы» деп  аталатын авторы белгісіз латын тілінде жазылған көлемді поэмадағы құнды мәліметтер осы күнге дейін Батыс Еуропаның көптеген тарихшыларының ғылыми еңбектерінде негіз қалап келеді.

Поэма қолжазбасы 1777 жылы Бавиера архивінен (Италия) табылған. Қолжазбада Хұн имериясы туралы өте құнды деректер мысалға келтірілген. Сонымен қатар  қолжазбалық  кітапта  Аттиланың  ұлағатты  сөздері  көп  мысалға  келтірілген. Дей тұрғанмен жоғарыда аталған еңбектер орыс тіліне де, Ресейдің бодандығында болған басқа халықтар тіліне де аударылып, басылмаған. Өйткені титімдей ғана тарихы бар үстем халық арғы түрктекті халықтардың өркениеттілік пен жасампадыққа толы тарихы беделімізді түсіреді деп бағалағанды.

 

***

Хан империясына берілген Оңтүстік хұндары ханзулардың  бақылауы  аясында  өмір  сүрді.

Дей тұрғанмен олардың ұлттық-территориялық автономиялық тәуелсіздігі, өздерін-өздері билеу құқықтары заң жүзінде заңдастырылған болатын.

Осыған қарай Оңтүстік хұндардың ел ішілік басқару тетіктері бұрынғы замандардағыдай шаниүлердің қолдарында шоғырланды. Шаниүлердің өз әскері, ел ішілік тәртіпті  сақтап отыратын жасақтары болды.

Демек, Оңтүстік хұндар Хан империясына тек жартылай тәуелділікте болып, оларға бар-жоғы жер және адам басы салығын ғана төлеп тұрды.

Осындай жағдай және соғыссыз тыныш өмір, тоқшылықты заман Оңтүстік  хұндардың санын көбейте түсті.

Осыны байқаған Хан империясының жоғары лауазымды ұлықтары хұндар тарапынан болу мүмкін барымта-тонаудың алдын-алу үшін дайындық жұмыстарына кірісе бастады.

Дей тұрғанмен Кейінгі Хан  династиясының  соңына таман қытайдың өз ішінде аласапыран басталып кетті. Осыған қарай онсызда құрдымға кеткелі тұрған Кейінгі Хан династиясының жағдайы одан әрі тыйтақтай түсті. Ел әлеуметтік және саяси дағдарысқа ұрынды. Ол аз дегендей елде  жауын- шашын азайып, құрғақшылық орын алды. Онсызда  аз    өскен  өнімді  қаптаған шегіртке отап  кетті. Елді  ашаршылық басты. Сауда-саттық құрдымға кетті. Тауар –ақша  айналымы жоққа шықты. Осылайша елді жайлаған жоқшылық пен аштық, ауыр экономикалық күйзеліс халық  наразылығын тудырды. Мұның арты  ірі халық  көтерілісіне  ұласты.

Қытай тарихына  «сары орамалдылар»  жүгенсіздігі деген аталыммен енген бұл көтеріліс ж.с. 184 ж. басталып, ондаған жылдарға созылды.Император көтерілісшілерге қарсы 400 мың адамдық әскерін жөңкілті. Бірақ император әскері сары орамалдылардан оңбай жеңілді. Осыдан болар Кейінгі Хан империясы билігіндегілер амал жоқтықтан  хұндардан көмек сұрауға мәжбүр  болды. Хұндар  сары  орамалдылар  көтерлісін   басып- шаншуға  барынша  ат  салысты.

Сары орамалдылар көтерлісі басып-жаншылғанымен, қытайішілік қайшылық тоқтай қоймады. Керісінше үдей түсті. Елде қым-қиғаш соғыс өрті тұтанды. Бектіктер жерге таласып, бір–бірімен жанжалдасуды үдете  түсті. 189 ж. Қытай генералдарының бірі ел астанасы Лоянды басып алып, императорды тұтқынға алды. Осыған сәйкес  әскербасылар арасында өзара таққа талас ұрыс – керісі  тұтанды. Ит жығысты бұл  ұрыс–керісте олардың әрқайсысы Қытайға тәуелденген Оңтүстік Хұндарды өз жағына  тартуға жан  аянбай  үндеп бақты. Өздерін  қолдап, көмек  қолын созған  хұн  ұлыстарына бар жақсылық жасауға дайын  екендіктерін  білдіріп,  уәдені  аямай  үйіп-төкті.

Осыдан болар Қытайға тәуелденген Оңтүстік хұн ру –тайпалары да тек жатпай өздері таңдаған қытай әскербасыларына көмек қолын созды. Қолдарында дүниесі  барлары азық-түлікпен көмектессе, ал қолдарында ештеңесі жоқтары соғысқа тартылды.   Бұдан хұн ру-тайпалары ұтыссыз қалмады. Қытайдың ішкі аймақтарына ішкерілей еніп, көп жерге ие болып алды.  Әсіресе, Қытайдың нақ ортасына қоныстанған  «Он тоғыз ата  Хұн жұрты» барынша күшейіп алды /Бахаддин Өгел, 1998.345 б./.

Билікке қарсы көтерілгендердің қарқынының жойқандығынан    шарасызданған  император  220 жылы тақтан біржола  бас  тартты. Осылайша  Қытай билігін  ж.с.д. 206 жылдан  ж. с. 220  жылына   дейін  иеленген Хан династиясы  құрдымға  жөнелтілді. Оның орнын   жаңадан  құрылған үш мемлекет – Вэй /220-254 ж./, Шу /221-263 ж./, У /222-260 ж./  мемлекеттері басты. Бұл мемлекеттер 265 жылы біріктіріліп, Батыс  Цзинь  мемлекеті атандырылды.

Солтүстік Қытайдың нақ ортасына қоныстанып алған « Он тоғыз ата хұн жұрты» да қарап жатпады. 290 жылы олар Солтүстік Қытайдағы бүкіл хұн жұртының басын  біріктіріп, Оңтүстік Хұндардың соңғы шаниүлерінің бірі Юйфулоның немересі Лю Юаньды өздеріне Басшы әрі әскерлерінің Бас қолбасшы етіп сайлаттыртып алды.

Қытайға тәулденген Оңтүстік Хұндары тек хұн ру-тайпаларынан құрымдалған  жұрт  қана  емес–ті. Олардың арасында өзге де түздік этностардың адамдары көп  болатын. Осыны ескеретіндіктен болар қытай тарихшылары Оңтүстік Хұндардың  этностық құрылымын саралағанда оларды бес бөлікке  бөліп қарастырады. Олар  мыналар.

  1. Хұндар. 2.Цзелер. Л.Н.Гумилевтің болжамы бойынша бұл этнос тұтқынға түскендерден құрылымдалған қауым. 3. Сянбилер. 4. Дилер.  «Ди»  аталымы  көнеқытай тілінде «ата-бабалық жұрт» дегенді білдіреді. 5.Кяндар /Цяндар/. Моңғолдармен қан араластырған тибеттіктер.

Міне  осы, «қытайлық  хұндар» деп  аталған  жұрт, Қытайды  жайлаған  аласапыранды  пайдаланып,  304 жылы Солтүстік  Қытайда өз биліктерін  орнықтырып  алды. Осыдан  Қытай  екіге – солтүстік  және  оңтүстік  болып бөлініп  кетті. Солтүстік  Қытайда хұндар орнықтырған мемлекет  «Солтүстік  Хан»  мемлекеті деп  атанды.

Мұның себебі хұндардың Солтүстік Қытайда құрған мемлекеті басшысы Лю  Юань ата жағынан соңғы хұн шаниүлерінің бірі Юйфулоның немересі болып  келгенімен,  әжесі  жағынан Хан династиясы билеушілерінің бірінің немересі саналатын. Сондықтан ол билікті иеленуге құқылығы барлығын заңдастырып алу үшін мемлекет аталымын Хан империясының жалғасы ретінде қарастыртып, «Солтүстік Хан» мемлекеті атандырды. Пиньян қаласын мемлекет астанасы етті. Лю Юань 309 жылы Гао – цзу есімімен император деп ресми түрде ұлықталды. Солтүстік Хан мемлекетінің шекарасы Хуайхэ  өзеніне дейін  созылып  жатты /Гумилев, 2003.370-373 б./.

310 жылы Лю Юань қайтыс болды. Тақты балалары иеленді. Солтүстік Хан мемлекеті атын бірнеше  рет өзгерте отырып, 350 жылға дейін Солтүстік Қытайда  билік  құрды.

Бұған қарап Солтүстік Қытайдағы хұндар билігі осымен тоқтаған болар дегендей  ой тумасы анық. Өйткені хұндардың Қытайдағы биліктері әртүрлі патшалықтар аталымдарын иелене отырып, 589 жылға дейін жалғасты. Бірақ ол патшалықтарды орнықтыруға хұндармен қатар, соларға сіңісіп кеткен жоғарыда аталған бес этноспен  қатар өзге де түздік жұрттар ат салысты. Осыдан болар Қытай тарихында Кейінгі Хан династиясы құрдымғы кеткен 220 жылдан 589 жылға дейінгі аралық бөліп-жарылмай тұтас күйінде  «Қытайдың түздіктер /варварлар/ патшалық құрған дәуірлердегі таихы» деп аталып,кемістіле тарихыланып, мазмұндалады.

Варварлық патшалықтарға Солтүстік Хан, Кейінгі Чжао, Алғашқы Лян, Кейінгі Лян, Батыс Лян, Солтүстік Лян, Оңтүстік Лян, Алғашқы Цин, Кейінгі Цин, Батыс Цин, Алғашқы Ян, Кейінгі Ян, Солтүстік Ян, Оңтүстік Ян және Ся мемлекеттері жатқызылады.

Ал, бұл тізімге жоғарыда аталғандармен қатар өмірленген  Жан Вэй, Батыс Шу, Батыс Ян, Дуань, Юйвэнь, Чоучи, Алғашқы Вэй және Дай мемлекеттері енгізілмейді. Не себептен екен белгісіз. Өйткені бұл мемлекеттерді де араларында аз–маз далалықтарды  паналаған қытайлықтар болғанымен, түздік жұрттар орнықтырған  болатын.

386 жылы Қытайдың солтүстігін түгелге жуық иемденген Тобалар  Солтүстік Вэй мемлекетін құрды. Бұл мемлекет 386-534 жылдары аралығында тұрақты, ал одан кейінгі  жылдары арада болған аз-маз үзілістерді есепке алмағанда  Қытайда 907 жылға дейін билік құрды                /Кляшторный, 2005.49 б./.

Осыған қарай осы жерде реті келіп тұрғандықтан, тобалықтар дегендеріміз кімдер, шығу тектері кімдерден, тобалар құрған мемлекеттік құрымымдар Қытайды қандай биіктерге көтерді, тобалар билік еткен замандарда Қытай қандай ауылшаруашылықтық, өндірістік және мәдени жетістіктерге қол жеткізді, қандай халықтарды, қандай аймақтарды жаулап алып, Қытайға қосты, міне осыларды саралай өтелік.

«В  китайских  источниках  называли  тоба  тех,  у  кого  матери  и  отцы  были  из хунов  и  сянби» /Бичучин, 1950. 209 б./.

Хұндар  мен  сянбилердің  қан араластыруынан  пайда болған делінетін бұл этностың «тоба» аталуы бастарында тек төбе шаштарын  қалдырып,  оны өрімдетіп төмен қаратып түсіріп қоятындықтарына қарай қойылған  этноним.Байкал көлі маңынан ауып келіп, Гоби шөлінің оңтүстік етегінде мекендеген осы жұртты Қытайдың Цзинь империясы /265-316 ж.ж./  билігіндегілер Солтүстік Қытайдың нақ ортасында бой көтерген  хұндардың Солтүстік Хан мемлекетіне қарсы соғысу үшін өздеріне одақтастыққа  шақырды. Тобалықтар 312 жылы  Солтүстік Хан мемлекетіне  ауыр соққы берді. Бірақ жеңе алмады.

315 жылы  қытайлар тоба билеушісі Тоба Илуді  Дай аймағының билеушісі етіп тағайындап, оны  Ван/княз/ атандырды. Тобаларды табғаш деп атамалай бастады. Тобалық Дай аймағының соңғы билеушісі Тоба Шэигянның ұлы Тоба Гуй  386 жылы Дай аймағында Солтүстік Вэй мемлекетін орнықтырды. Біртіндеп тобалықтардың қытайлана бастауына қарай тобалық билік тетіктері  қытайлық басқару жүйесіне көшіріле бастады. 494 жылы мемлекет орталығы Лоян қаласына ауыстырылды. Тобалықтардың қытайлана түсуі император Сяо Вэн-дидің билігі тұсында шегіне жетті. Тобалықтар түздік жұрттарға тән барлық салт дәстүрден алыстатылып, түгелге жуық қытайландырыла бастады. Қытайлықтармен аралас некелесулер хұпталды.  Мемлекеттік дін ретінде будда діні қабылданды. Императорлық билік Тобалық делінбей, Юаньдық, яғни қытайлық деп аталымдала бастады.Жер реформасы жүргізілді. Мемлекеттің бос жатқан жерлері шаруаларға тегін бөлініп берілді.Жерге ие болған шаруаларға иеліктеріндегі жерді сатуға тиым салынды. Шаруаларға егін, бау –бақшалық өнімдер, жеміс –жидектік және  тұт ағаштарын көптеп егуге,  жібек құртын  жемдеп, баптауға айрықша пәрмен еттілді. Қант қызылшасы,мақта, чай өнімдерін өсіру үшін арнайы жер тілімдері тегін үлестіріліп берілді. Ел халқы  бостандықты азаматтар және бұқара көпшілік делініп бөлінді. Дей  тұрғанмен Ү1 ғ. 20-сыншы жылдары билік тетіктері босаңси бастады.

Ана, не мына аймақта дегендей, елдің әр тұсында ұрысты-керісті жанжалдар от ала бастады.Бұған себепші болған жағдай Қытай билігіндегі тобалық ақсүйектер жаппай қытайланғанымен, төменгі санаттағы  әскерилер соншалықты қытайлана қоймаған-ды. Міне, осы топ  биліктегі қытайланған ақсүйектеріне жаулық көрсете бастады. Мұның арты әскерилердің билікке қарсы күресіне ұласты.  Бұл ұрыс ондаған жылдарға созылып,патшалық бірнеше майда мемлекеттік құрылымдарға бөлшектеніп кетті. Ақыр соңында  жартылай қытайланған тобалық әскери қолбасшы Ян Цзянь 589 жылы Суй династиясын биліктендірді.Ал,618 жылы тобалық генерал Ли Биннің ұлы Ли Юань Таң    династиясының негізін қалады. Таң империясы /618-907 ж.ж./ император Ли Шименнің билігі тұсында өзінің гүлденіп, өркендеуінің  шыңына жетті /Нұсқабаев,2018. 4-6  б./.

Жоғарыда сараланған тарихи мәліметтерден-ақ Қытайдың орта ғасырларда ауылшаруашылығы, өндірісі және мәдениеті өркендеген әлемдегі ең озық мемлекеттер қатарынан көрінуінде түздік халықтардың, Қытайда солар орнықтырған мемлекеттердің орны айтарлықтай болғандығын байқауға болады. Осыдан-ақ Қытайдың дамуында әр уақыттарда  генераторлық алға сүйреушілік рөлді қытайларға сіңісіп кеткен түздік жұрттар атқарып келгендігіне шүбә келтіруге болмайды

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *