ІШКІ ТУРИЗМ: МӘСЕЛЕ, МІНДЕТ, МҮМКІНДІК
13.06.2024 0 268
Жанна ИМАНҚҰЛ,
«Жалын» журналының қызметкері, «Ақпарат саласының үздігі» иегері
Қазақстандағы туризм индустрия-сының дамуы жыл сайын өзекті болып келеді, өйткені ол экономиканың басқа салаларына ынталандырушы әсер етеді, кез келген деңгейдегі инвестиция көздерін тартады және ынталандырады, жұмыс орындарының айтарлықтай санын құрады, салық базасын арттырады, елдің мәдени-тарихи әлеуетін, сондай-ақ этносаралық және мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал етеді.
Мемлекет тарапынан ішкі туризмді дамытуға айтарлықтай қолдау берілуде. Дегенмен, кейбір сарапшылар ішкі туризм нарығына қолдаудың жеткіліксіз екендігін атап өтеді. Сонымен қатар, соңғы жылдары отандық туризмді және туристік салада жұмыс істейтін компанияларды субсидиялау бағдарламалары жүзеге асырылып, бұл салаға жаңаша серпін беріп, дамуды ілгерілетуде. Сондай-ақ турооператорларды мемлекеттік қаржылық қолдау туристік индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жаңа ұлттық туристік өнімдерді қалыптастыру, ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету, жаңа жұмыс орындарын құру және тың жобаларды іске асыру мүмкіндігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралардан жақсы нәтижелер күтуге болады. Туроператорлар өздеріне бөлінген қаражатты халықаралық көрмелерді ілгерілетуге және оларға қатысуға, шетелдік әріптестермен серіктестік қарым-қатынасты арттыруға және туристерді Қазақстанға тарту үшін келісімдер жасауға пайдалана алады. Қазақстан Туристік Ассоциациясы (ҚТА) тарапынан жасалатын жоспарлар тізіміне мемлекет тарапынан берілетін қол-дауларды орынды жұмсай отырып, сенім деңгейін арттыруға күш салу да кіреді.
Сонымен қатар ҚТА базасында «Гидтер мен гид-аудармашыларды» дайындықтан өткізу секциясы туристік қызмет көрсету сапасын арттыру және сала мамандарын біріктіру мақсатында құрылған.
Экскурсия жетекшілері мен гидтарды дайындау, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, экскур-сиялық іс-әрекетті жүйелеу сынды міндеттерді орындау үшін тұрақты жұмыстарды жүзеге асырады. Мысалы: гидтер курстарын өткізу, осы саладағы мамандарды аттестациялау, секция мүшелеріне ақпараттық турлар өткізу, Қазақстан Республикасының сертификатталған гидтер тізімдігін жасау, тарихи-мәдени және табиғи мұра мәселелері бойынша ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу, көлік және жаяу экскурсиялардың маршруттық схемаларын әзірлеу, жаңа экскурсиялық маршруттар бойынша жалпы нұсқаулықтарды әзірлеу.
Қазақстанның логистикалық-көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ белсенді демалыс аймақтарын дамытуға және туристік маршруттарды дамытуға мүмкіндігі зор. Сонымен қатар, әуе билеттерінің қолжетімділігі және туристік нысандарға қатысты нақты жағдайлар, инфрақұрылымның жай-күйі, көрсетілетін сервис деңгейі шынайы бағалауды қажет етеді.
Дегенмен жылдан жылға ішкі туризм көрсеткіштері артып келеді. Жыл сайын 1,5-1,7 млн-ға дейін көрсеткіштер жоғарылауда. Яғни алдағы уақытта ішкі туризм көрсеткіші 10 млн адамнан асатыны болжануда. ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі соңғы уақытта елімізде демалыс орындарының саны артқанын мәлімдеген. Мәлімет бойынша, еліміздегі қонақүйлер саны 4 мыңға жақындады. Олар бір мезетте 203 мыңнан астам демалушыны қабылдай алады. Туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бойынша туристік нысандарды салуға және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға бизнес шығындарын ішінара өтеу жобасы жүргізіліп, оң нәтиже беруде. Туристік объектілерді салу және қайта жаңарту үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге оның шығындарының 10 пайызы өтеледі. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын (қонақ үйлер, жанар-жағармай құю станциялары, сауда және азық-түлік нүктелері және 8 және одан да көп орындық туристік автобустарды сатып алу үшін 25 пайыздық өтемақы енгізілді. Дәл осындай сома тау шаңғысы курорттары үшін құрал-жабдықтарды сатып алу шығындарын өтейді. Санитарлық тораптарды ұстау да субсидияланады.
Ішкі туризмді дамытудағы оң үрдістердің сақталуына көптеген факторлар әсер етеді:
Қазақстанның бай өлкесі, тарихи және маңызды нысандар, соның ішінде жаһандық деңгейде біздің елімізге келген кезде адамдардың мүдделері мен қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алатын мәдени мұрасы бар;
Танымал шетелдік курорттарға бару қиындықтарын ескере отырып, ел азаматтарының ішкі туристік өнімдер мен қызметтерге сұранысы артып келеді.
Туризмде төмендегідей бағыттарды дамыту келешегі зор болып саналады: іс-шаралық және спорттық туризм, гастрономиялық фестивальдер, шағын кәсіпкерлік іс-шаралар, медициналық туризм, агро және экотуризм, ғарыштық туризм, круиздік туризм. Онлайн қызметтерінің жоғары деңгейі, сатуды автоматтандыру және контактісіз қызмет көрсету, т.б. Ірі қалалардың тұрғындары демалыс күндерін жеке көлікпен, достарымен немесе отбасымен сапарға шығуды қалайды, бұл сапардың орны мен жиілігін өзгерту және жаңа тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Саяхат пен іскерлікті біріктіру айтарлықтай артуы – қашықтан жұмыс
істеуге көшу тенденциясы пайда болғалы артып жатыр. Туристерге қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ұзақ уақыт саяхаттап, үйден тыс жерде жұмыс істеуге мүмкіндік жасау қажет.
Демалыс орнын таңдаған кезде қазіргі заман туристерін логистикалық қолжетімділік деңгейі, телекоммуникациялар, аумақтардың байланысы, азық-түлік сауда нүктелерінің болуы, жалға беру және қызметтердің қолжетімділігі қызықтырады. Саяхаттың ең үлкен құндылығының не екенін түсіну, бәсекеге қабілетті туристік өнімді жасау және күтілетін қызметті ұйымдастыру маңызды. Туристік қызметтерді алға жылжыту кезінде өңір аумағының тарихи құндылығын жеткізу, табиғи-климаттық әлеуетін, көліктік қолжетімділікті және шы-ғындардың құнын толық көрсету қа-жет; тұру мен тамақтануды ұсыну, сайттағы іс-шаралардың қолжетімді болуы да маңызды. Сондай-ақ барлық саяхатшылардың көзқарастарын, олардың қызмет көрсету сапасына қана-ғаттануын бағалау, кеңес алу және тәжірибе алмасу үшін әлеуметтік желілерде саяхатшылар үшін чаттар құру, жалпы мәселелерді шешуге туристерді тарту да туризм саласын бәсекеге қабілетті етеді.
Тұрақты өңірлік даму тұжырым-дамасы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, атмосфераға зиян-ды шығарындыларды азайту, ресурс-тардың барлық түрлерін ұтымды пайдалану, қалдықтарды кәдеге жарату, жасыл экономикаға көшу, шағын және орта бизнесті экологиялық проблемаларды бірлесіп шешуге шақыру, смарт технологияларды дамытуға инвестиция салу; туристерді қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғауға тарту іс-шаралары да қосымша жүргенде ғана туризм алға дами алады.
Туризм әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан және жо-ғары ақы төленетін салаларының бірі болып табылады, бірақ географиялық орналасуы немесе саяси жағдай сияқты
бірқатар себептерге байланысты бар-лық елдер туристік секторды сақтап, дамыта алмайды. Қазіргі уақытта елі-мізде шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер легі бар.
Туризмнің дамып келе жатқанына қарамастан, кейбір мәселелер шешілсе, туризм жаңа деңгейге көтеріледі. Ең маңыздыларын қарастырайық.
- Көлік мәселесі.
Ел ішінде әуе қатынасының баға-сы тым жоғары болуы. Көптеген азамат-тарымыздың қымбат жол шығынынан тұратын демалысты сатып алуға мүмкіндігі жоқ, бұл бағаларға қараған-да тіпті шетелдерге шығудың қолайлы шарттары бар. Сондықтан туристер басқа елге сапар шегеді. Түркия, Мысыр, Таиланд сияқты туризмді дамытқан елдерге чартерлік рейспен қоса толық туризм пакетін сатып алуға болады.
Бірақ, әрине, арзан бағадағы теміржол қатынастары бар. Бірақ біздің еліміздің кең байтақ өлкесі мен өңірлердің бір-бірінен қашықтығын ескерсек, жолға шығыстан батысқа дейін бір бағытқа ғана 3-4 тәулік уақыт кетеді. Тіпті сонша уақыт кетсе де, жазғы демалыс айларында көпшілік билет таппай қиналады.
Бұл жағдайда автомагистральдармен жолға шығуға мәжбүр болады. Ал автожолдардың көпшілігінің сапасы әлі күнге жақсара қойған жоқ. Мәселе мемлекеттік мекемелер тарапынан өт-кізілетін жиындарда жиі айтылады. Алматы-Өскемен, Астана-Балқаш-Алматы, Қызылорда-Жезқазған бағыт-тарындағы жол жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтау – осы өңірлердің курорттық аймақтарына туристерді көбірек тартуға басты себеп болар еді.
- Инвесторлардың туризм саласына қызығушылығының төмендігі.
Біздің еліміздің жағдайында қал-талы азаматтар үшін қонақүйден гөрі ірі қалаларда тұрғын үй кешенін салуға қаржы құйып, шығынды тезірек өтеу тиімді.
- Қызмет көрсету деңгейінің төмендігі мен қымбаттығы.
Елімізде қызмет көрсету саласы енді ғана стандарттармен жұмыс істей бастады. Туризм қызметкерлерінің қонақтарды қабылдауға, тәжірибе ал-масуға, ізгі ниет пен қонақжайлылық танытуға дайындығын, сондай-ақ туристер тарапынан да өздері баратын өңірлердегі жергілікті халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпына құрметпен қарауын қамтиды.
Бұрын туристік салада үлкен пайда табуға мүдделілік жоқ еді, негізгі көрсеткіш жоспардың орындалуы және мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру болды. Осылайша, туризм қонақүйді толтыруға және тұтынушыларды тартуға қызығушылық танытпады. Міне, сондықтан да техникалық қызмет көрсетуге аса көңіл бөлінбеген, бақылау да болмаған. Қазіргі уақытта қонақүй иелері өз жеке бизнесінің жоғары табыс табуы үшін клиенттерді тартуға өте жоғары қызығушылық та-нытуда, олар қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуда. Дегенмен, нарықтағы демалыс бағасы жаппай бара алуға ар-налмаған, тым жоғары болып тұрғаны да ашық жайт.
Мемлекетіміздің әлемдегі дамыған елдер сияқты туризм арқылы эконо-миканы көтеруге мүмкіндігі зор. Көп-теген дамыған елдерде ішкі туризмнен түсетін пайда кірістің шамамен 30-50% құрайды. Мемлекеттiк және жеке қорлардың көмегiмен елдегі тұрмысы төмен азаматтары үшiн әлеу-меттiк туризмдi дамытуға болар едi. Сонда Қазақстандағы туристік фир-малар оқушыларға, студенттерге, зей-неткерлерге туристік жолдамалар сата алатын еді. Әлеуметтік жеңілдіктерді қалпына келтіру және несие беру шарттарын жақсарту туризмді дамы-туға септігін тигізеді.
Тағы бір маңызды мәселе – спорттық туризмді дамыту. Спорттық туризмнің дамуы, ішкі туризмнің мәртебесін сөзсіз көтерері анық. Туризм еліміздің экономикасын дамы-
ту үшін өте маңызды, ол үшін туристік инфрақұрылымдарды дамыту, көрсетілетін қызметтердің сапасын арт-тыру және отандық туристік жерлерді ел ішінде және шетелде тиімді жарнамалау бойынша жұмыс жүргізу қажет.
Қорытындылай келе, ішкі туризм күрделі, көп қырлы құбылыс, оның дамуы әлемдегі тұрақтылықтан бастап ел азаматтарының өзін-өзі тануына дейінгі көптеген факторлардың жиын-тығына байланысты деуге болады.
Тоқталған мәселелер мен міндеттер толық жүзеге асырылса, жақын арада әлемнің түкпір-түкпірінен табиғи ресурстарға бай, бірегей елімізге туристер легі ағылады деп сенеміз.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.