Қазақ халқының нақтыланған әлеуметтік-тарихи  генеалогиясы Қазақ халқының нақтыланған әлеуметтік-тарихи  генеалогиясы
Оразбек Нұсқабаев, Социология ғылымдарының докторы   Қазіргі әлеуметтік танымда тарих пен генетика ғылымдарының жапсарласа түйісуінен пайда болған ДНҚ-генеалогиялық зерттеулер пәні айтарлықтай рөлге ие. Өйткені... Қазақ халқының нақтыланған әлеуметтік-тарихи  генеалогиясы

Оразбек Нұсқабаев,
Социология ғылымдарының докторы

 

Қазіргі әлеуметтік танымда тарих пен генетика ғылымдарының жапсарласа түйісуінен пайда болған ДНҚ-генеалогиялық зерттеулер пәні айтарлықтай рөлге ие. Өйткені ДНҚ-лық молекулалар тұқым қуушылық ақпаратты сақтаушы әрі ұрпақтан ұрпаққа бұлжытпай көшіріп беруші биологиялық құжат болып саналады. Осыған сайкес ДНҚ-анализдік зерттеулерде жеке бір адамның, не белгілі бір ұлттың, немесе белгілі бір тұтас халықтың шығу тегінің генетикалық негізі гаплотоптың Y-хромосомдық ДНҚ-сын, (Y-ДНҚ), митохондриалдық ДНҚ-сын (мтДНҚ) және аутосомдық түзілімді тексеру арқылы дәйектеледі. Демек, «гаплотоп» (ру) ұғымы бір түптен ( бір атадан) ұрпақтанып, өсіп-өнген топтың туыстық жиынтығын (гаплотипін) құрайды. Өйткені топ мүшелері бір түптен (бір атадан) ұрпақтанған ру мүшелері. Тұқым қуушылық зәузат (генетикалық маркерлер) ер жыныстыларда ДНҚ-ның Y-хромосомасымен бірге әке жағынан (яғни, әкеден балаларына), ал маркерлер мт ДНҚ-шешесі жағынан (шешелерінен балаларына) беріледі. Сөйтіп, еркектер Y-ДНҚ маркерлерін тасушылар болып саналады.
Осы ұстанымға сәйкес түпкі тү-ріктекті жұрттар моңғолоид пішінді C гаплотобының бір тармағы C2-ден бұтақтанған C2c мен C2d-дан және еуреопоид түсті NOP құрама гаплотоптың P-сынан өрбіген Q-дан қайнарланған Q1a, Q1a3, Q1a3a1; R-інен тараған R1,R1a және R1b; N-нен жайылған N1,N1c1,N1b сияқты түп негіздегі тап-таза орталық азиялық гаплотоптардан қайнарланған халық делініп биогенетикалық тұрғыда құжатталады. Бұл гаплотоатар Орталық Азияда бұдан 60-20 мың жыл бұрынғы аралықта дүниеленіп, өмірленген.
Дей тұрғанмен отарлаушы империя билігініңтүріктекті халықтардың пайда болуын ж. с. 6-шы ғасырынан әрі асырмаңдар деген өктем шешімінің шылауында жүрген қайсы бір тарихшылар түріктекті халықтардың ондаған мыңжылдық болмыстық тарихы барын әлі күнге терістеуден жалығар емес.
Демек, мұндайлардың бұрмалан-ған шимайларының өтірігін айғақ-тап,түріктектіхалықтардың шығу тегін,
шынайы болмыстық тарихын ақиқатты термелеудің, насихаттап жүрудің еш-қандай артықтығы жоқ.

Тарым сембелері (мумиялары)
Шығыс Түркістан өңіріндегі Тарым ойпатына енетін Такламакан шөлінен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қадым замандардан қалған бірнеше адам мүрделері қазып алынған. Оны қазып алғандарды мүрделер сүйектерінің денелігі, көз орны тесіктерінің кеңдігі, әсіресе, бас сүйектерінің сарғыш шаштылығы таң қалдырған. Осыған қарай мүрделер туралы әртүрлі «айтылымдар» өрбиді. Бірақ бұл «айтылымдар» көпке созылмай, ұмытылады.
Содан арада 50 жылдан астам уақыт өткенде, яғни 1978-1980 жылдар аралығында қытай археологтары сол өңірдегі Лобнор көлі маңынан 160-тан астам адам мүрделерін қазып алады. Мүрделер өңір аталымына орайластырылып «Тарым сембелері» (мумиялары) деп ұлықталады.
Жерленгендер түздік жұрттарға тән тәсілмен, яғни шалқалай, аяқтарын соза, бастарын шығысқа қарата беріп қабірленген көрінеді. Әрі жергілікті климаттық ерекшеліктер де есепке алынып қабірленгендіктен, адамдар мүрделері еш бұзылмаған. Қабірленген күйлерінде сақталған.
Тіпті үстеріне кигізілген жүн маталардан тоқылған киім-кешектері де, шошақ төбелі бөріктері де, тері етіктері де, үстеріне себілген қылшалар да, қолдарына кигізілген нефрит моншақтары да, жабылғылар да, кеуіп қалған еттері де еш бұзылмаған, сол жерленген күйлерінде сақталған [Ходжаев, 2010. С. 27–28, 31–33, 37, 43, 45, 114 ].
Осыларды көздерімен көрген әрі қазып алынған сембелерге (мумияларға) соматологиялық, одон-тологиялық және краниологиялық зерттеулер жасаған қытайлық археологтар, мүрделердің пошымдары таза еуропеоидтық пішінді деген шешімге келген. Өйткені мүрделердің ұзын бойлылығы, сарғылт шаштылығы, қой көзділігі, сопақша беттілігі, тері түстерінің қоңырқай-қызғылт құба түстілігі сембелердің (мумиялардың) еуразиялық расаға жататындығын айнытпай растамалап берген. Көп ұзамай қазып алынған мүрделер Шыңжан-Ұйғыр өлкесінің орталығы Үрімжі қаласы мұражайына әкелініп, экспонат ретінде көрілімге қойылады. Осы мұражайдан сембелерді (мумияларды) көрген АҚШ-тың Пенсильвания университетінің профессоры В.Мэйер олардан ДНҚ жұқпасын алып, генеалогиялық (тұқымтектік) ақпарат қорын сараптауға рұқсат сұрайды. Өтініші қабыл етіліп, зерттеу жүргізген ол Шығыс Түркістанның Тарым өңірінен қазып алынған сембелердің (мумиялардың) арғы түбі таза Орталық Азиялық қауымдар деп есептелетін аталық P, аналық С зәузаттарынан өрбіген жұрттар екендігін анықтайды.
Осыған қарамастан еуроцентристік көзқарасты ту етіп көтеретін тарихшылар өре түрегеліп, бұл пікір жалған, тарымдықтар осы маңға Еуропадан ауып барған ақ түсті жұрт болған, деп даурықты. Ойға ерік беріп, олардың қазіргі шөлді, ал ертерек замандарда мол сулы, көкорай шалғынды алқап болған Такламаканға қалай көшіп барып қоныс тепкендігі туралы небір қиал-ғажайып шығармалар жазды. Тіпті, қайсыбіреулері тарымдықтар өз қайықтарымен осы маңға жүзіп келіп, қоныстанған скандинавтардың ұрпақтары болатын, дегендей күлкілі болғанымен, өздері шын деп санайтын нанымға ерік берді. Орыс «патриотшылдары» Дон өзені қайнарланған маңнан тарымдықтарды Такламаканға көшіріп апарып қондыра салды.
Дей тұрғанмен ақиқатты ту етіп көтерген ақиқатшыл ғалымдар бұл
жазбалардың бұрысты екенін әшке-релеп, шындықты көпшілікке жет-кізуге ұмтылуда. Өтірікке үйір «жаз-ғыштардың» Орталық Азияда бой көтерген барлық өркениет ошақтарын түзушілер еуропадан осы маңға ауып келіп, қоныстанғандар болған-мыс деген сияқты езбелеулерін дәлелдемесі жоқ ешкімді иландыра алмайтын бос сөзді сандырақ деп түсіндіруде.
Қайдағы Европа! Біздіңше, Орталық Азияны кем дегенде 60 мыңдай жылдан бері қарай моңғолоид пішінді C, C2 аталығынан және 50 мыңдай жылдан бері қарай еурепеоид түсті NOP құрама гаплотобынан ұрпақтанған жұрттар мекендеп келеді. ДНҚ генеалогиялық зерттеу нәтижелеріне қарағанда, мұз дәуірлерінен кейін-ақ бұл қауымдар араласа-құраласа мекендеп, өзара не-
келік қатынастар түзген. Қан ара-ластырған. Мұны осы екі топтың бүгінгі ұрпақтарының ДНҚ-анализдері анықтап беріп отыр. Одан қалса, өңірдің абориген — түріктекті жұрттары арасында жүргізілген соматологиялық, одонтологиялық, дерматоглификалық, серологиялық, краниологиялық зерттеу мәліметтерін палеоантропологиялық зерттеу нәтижелерімен салыстыра сараптаулар да өңір тұрғындарының әу баста еуропеоидтық сипатта болғандығын, олардың монғолоидтық түрге ауыса бастауы, тіпті беріде, орын алғандығын дәйектеп берді.
Демек, «еуропаның қақ ортасында» пайда болған делінетін үндіеуропалықтардың Шыңжаң айма-ғына келіп «қабірленулері» ешқандай да сын көтермейді. Әрі мүмкін де емес. Осыдан-ақ бұл түйіндеменің шикілігі ап-айқын болып білініп тұрған жоқ па! Меніңше, еуропеоидтық расалар бұл өңірлерге еш жақтан да ауып келіп қоныстанбаған. Тарым-дықтар жергілікті аборигендер. Кері-
сінше, «үндіеуропалықтар» деп
жүргендеріміздің өздері де орта-лықазиялық P>R>R1>R1 мен R1b гаплотоптарынан ұрпақтанғандар.
Ол тарих жоғарыда баян етілді. Қайталап жатпаймын (Клесов А. Русские-одна ветка, татары-другая ветка, ствол один. //You Tube. День ТВ. 17 июль 2017 г.).
Демек, Еуразия кеңістігін мекен-деуші ұлттардың қайсы біреуінің өздерін славяндармыз, арий текті «таза еуропалықтармыз» деп шалқақтаулары сын көтермейді. Олар да R1a1 және R1b1 гаплотоптарынан ұрықтанған орталықазиялық «құба өңді» халық-тардан бұтақтанған жұрттар.
Мұндай ақиқатты түйіндемелердің растамалығы Қытайдың Цзилинь
университетінің профессоры Чжоу
басқарған генетиктердің Тарым сем-
белері (мумия) сүйектеріне жүргіз-ген генетикалық анализдерінің нә-
тижелермен де қуаттала түсті.
Зерттеуші топтың 2015 жылғы BMC Bioloy журналында жариялаған есептеріне қарағанда, тарымдық ер жыныстылардың Y-хромосомалық бел-гілері Орталық Азия тұрғындарына тән R1a1a зәузаттық нышандарды көрсеткен. Тарымдақтар өз замандарына тән тұрмыстық қалыпты толық меңгерген жұрт болған. Мал баққан. Сиыр мен ешкі сауып, сүт алған, айран ұйытқан. Одан құрт, ірімшік жасап тұтынған. Түбіттен жылы киім-дер тоқып киінген. Егістен мол өнім жинаған. Бидай, тары, бақшалық өнімдер өсірген. Аң, балық аулаған. Әлгі жазғыштар ауып келтірген еу-ропалықтар, жүзіп келген делінетін викингтер тарымдықтар жерленген
уақыттан көп кейін өмірленген. Өйт-
кені ол замандарда Еуропаның теріс-кейін әлі мұз басып жатқан болатын.

Жылқыны ең алғашқы қолға үйретушілер кімдер болған?

Әрине, ілкі түп негіздегі түріктекті ата жұрттардың бірі – ботайлықтар.
Ботайлықтар, генетиктердің анық-тауы бойынша, таза орталықазиялық R1b гаплотобынан бұтақтанған этнос (жұрт).
Дегенмен ботайлықтардың шығу тегінің түріктекті жұрттардан екендігі еуроцентристік ұстанымды тарихшылар тарапынан терістеледі де жатады.
Сондай терістеулердің бірінде бо-тайлықтар Днепр өзенінің қайнар-лануы маңынан Үндістанға қарай көшкіндеген славян текті арийлердің бірқатарының қазіргі Солтүстік Қа-зақстан өңірінде қоныстанып қал-
ғандарының ұрпақтары болған-мыс, делінеді.
Бұған себеп адамзат өркениетінің кемелденуіне зор үлес қосқан жұрт-тардың бірі – ботайлықтар болып саналады. Өйткені олар жер шарында жылқыны ең алғашқы болып қолға үйетіп мінген, арбаға жегіпжүк тасуға пайдаланған алғыр халық болған.Осыдан болар еуразиялық кеңістікте өмірленуші әрбір халық бо-тайлықтарды өзіне тартып, олармен мақтануды қалап отырады.
Ботай мәдениеті – бұл қазіргі Қазақстанның Тобыл мен Ертіс өзендері аралығындағы Көкшетау қыратының теріскей-батысын қапталдай аққан Иманбұлақ өзені бойында өткен замандардан қалған алғашқы адамдардың мекендері орнынан аршылып алынған көне мәдениет ошағының сілімдері. Қазақ жерінің – әлемдік кеңістікте жылқыны ең алғашқы болып қолға үйреткенін дәйектейтін айшықты ескерткіш.
Аумағы 15 га жерді алып, 200-300-дей үйдің орны нақтыланып, мыңға жуық адамның тұрақтағаны анықталған ірі отырықшылық қоныс орнында жүргізілген қазба жұмыстары ботайлықтардың негізінен жылқы өсіруші жұрт болғандығын айғақтап берді. Қоныстардан табылған остео-логиялық материалдың 99,9%-ын жыл-
қы сүйектері құраған. Жалпы аумақтан 70 мыңдай жылқы қаңқасы қазып алынған.
Оларға, – деп жазды әлемді тәнті
еткен бұл жаңалық туралы «New York Times»газеті, — радиокөміртектікәдіспен жүргізілген зерттеулер,жылқылардың бұдан 6 мыңдай жыл бұрын жаса-ғандығын анықтап берді.
Сонымен қатар зерттеушілер Ботай жылқыларын олардан кейін жасаған моңғол жылқыларымен салыстыра саралағанда араларында айтарлықтай айырмашылықтар барлығын байқаған. Моңғол жылқыларына қарағанда Ботай жылқылары «сымбатты», ірі әрі реңді болып көрінген. Сол уақыттардың өзінде-ақ ботайлықтар жылқыларды ауыздықтай білген. Олар жылқыларды жүгендеген. Мініс және көлік құралы ретінде пайдаланған. Толық қолға үйретіп, керегінше пайдалана білген.
Қазақстандық археолог В.Ф.Зайберт басқарған экспедиция мүшелерінің 1981–1983 жылдар аралығындағы қазбалары нәтижесінде ашылған Ботай қонысы, әзірше еш дау-дамайсыз әлемдегі жылқыны ең алғаш қолға үйреткен ұйық мекен – Қазақстанда болғандығын әлемге паш етті (Зайберт В.Ф. 2009.576 с.).
Дей тұрғанмен, қайсы бір еуро-центристік ұстанымды тарихшылар, жылқыны ең алғашқы қолға үйре-
тушілер жылқыны қазақ жері арқы-лы Еуропадан Үндістанға қарай көшіп бара жатқан славян текті арийлердің Көкшетау маңында тұрақ-тап қалғндарының ұрпақтары бас білдірген-міс дегендей фактісі жоқ бос сөзді езбелеулерін тоқтатар емес.
Мұндай өтірікті айтылымдарға қарсы шыншыл тарихшылар, ж.с.д. 6-шы мыңжылдықта Қаратау қой-науларындағы жартастарға салған суреттерде атқа салт мініп, аң аулап жүрген аңшылардың да барлығын куәлікке мысалдайды. Ал, өздерін еу-ропалықпыз, арий текті халықпыз деп жүргендер осы 6-шы мыңжылдықтан 4 мыңдай жылды шегеріп тастаған уақытта ғана атқа мінуге жаттыға бас-таған көрінеді.
Жабайы жылқының қолға үйретіліп, мініс көлігіне айналдырылуы арғы түп негіздегі түрктекті жұрттардың көшпелі өркениетті туындатып, жаңа жерлерді игерулеріне, жаңа кеңістіктер мен аймақтарды отанына айналдыруға ықпал етті (Бейсенбайұлы, 2015.105-107 б.).
Жабайы жылқының қолға үйретіліп, еңбекке жегілуі еңбек өнімділігін арттырды. Ал, еңбек өнімділігінің артуы ішіп-жемнен, тұтынудан артылып қал-
ған өнімді молықтыра түсті. Жеке меншікті туындатты. Ауыс-түйісті, сауда-саттықты, тауар айналымын өмірге келтірді.
Осындай өмірлік қажеттіліктер күн-
делікті тыныс-тіршілікті, адамдар
арасында пайда бола бастаған тең-сіздікті, дау-дамайды реттеп отыру қажеттілігін күн тәртібіне қойдырды. Тәртіпсіздікті болдырмау шараларын, жөн-жоралғыны заңдастарды. Бағыныштылықты сақтау құралы ре-
тінде басқару жүйесін – мемле-кеттіктің алғашқы нышандарын жүйе-летті.
Жалпы ілкі түріктекті жұрттардың ең алғашқы болып жабайы жылқыны қолға үйретуі, міністікке және еңбек-ке жегуі адамзаттың өркениетті да-муындағы ең бірінші ұлы секіріс ретінде бағаланады.
Олар, – дейді атақ-даңқтары әлем-дік деңгейде танылған ғалымдар (М.Вебер, К.Ясперс, Н.Гумилев, т.б.) – жылқыны бас білдіріп, міністік көлікке және оны өндірістік күш ретінде пайдалана бастағаннан-ақ әлемдік билікті иеленді. Олар ең алғашқылар болып әлемдік деңгейдегі ұлы державалар құрды. Олардың әлемдік деңгейдегі биліктері аралығында орын алған аз-маз үзілістерді есептемегеннің өзінде де бірнеше мыңжылдықтарға созылды.
Ал, олар туындатқан әлемдік кө-лемдегі миграциялық көші-қондық үдерістер қаншама өркениеттердің, мысалы, Шумер, Қытай, Египет, Мидия, Иран, т. б. қалыптасуына себепші болды.
Шыңғысханның шығу тегі – R1b1 гаплотобынан

Шығыс Моңғолияның Табан Толғай аймағы халқы арасында өңірдегі ескілікті қорымда Моңғол империясы дәуірлеп тұрған замандарда өңір билеушісі Оңғұт бегі –Бояохэнің жұбайы Алахай бегімнің /Шыңғысханның қызы/ және оның ұлдары мен қыздары жерленгендігі жиі аңыздалып, айтылып жүретін. Осының анық-қанығын анықтау мақсатында Моңғол ғалымы Лхагвасурен бас-қарған халықаралық археологтар тобы қорымдағы тас белгі қойылған 5 қабірді аршыған. Қабірлерден 7-і адамның қаңқасы қазып алынған.
Қазып алынған адам қаңқаларының 4-і ер, 3-і әйел адамдардыңкі екен-дігі анықталған. Қазып алынған әйелдердің бірінің жасы 40-50 жас аралығында екендігі және бұл әйелдің қабірі жанындағы қабірлерде жерленген 3 ер адам мен бір қыздың анасы екендігі дәйектелген. Ал, қалған екі мүрде Алахай бегімнің күтушісі мен қорғаушысының қаңқалары болып шыққан. Алахай бегім мен оның қызының қол сүйектеріне қыстырылған жүзіктерге, ер адамдардың қару-жарақтарына, сондай-ақ барлығының жандарына қойылған алтынды зат-тарға ойылып салынған әшекейлі Самұрық құс кескіндері, жергілікті халық айтып жүрген аңызды әңгіменің ақиқаттылығын айғақтап берген. Өйт-кені Самұрық кескенді құс таңбасы Шыңғысхан шыққан Алтын ұрықты әулеттің таңбасы болып есептеледі.
2016 жылғы импакт-факторлы «Human Genetics» журналында жария-ланған мақалада дәйектелгендей, Алтын ұрықты әулет ұрпақтарының қаңқа сүйектері гентикалық сүзгіден өткізілген. Одан мыналар анықталған.
Әйел жыныстылардың «таза орта-лықазиялық» делінетін митохондриалды DHK D4 (генетиктер D4h3 гаплотобы бұдан 17 мыңдай жыл бұрын Қиыр Шығыста қанаттанған, деп топшалайды) және CZ (Солтүстік-Шығыс және Орталық Азияға, Солтүстік Аме-
рикаға тараған) зәузаттарынан ұрпақ-танғандар екендігі дәйектелген.
Ал, ер жыныстылардың сүйектерінде бұдан 25-22 мыңдай жыл бұрын Орталық Азияда дүниеленген әрі нақ осы өңірден әлемнің түкпір-түкпіріне таралған делінетін Y-хромосомасының R1b(M343) және R1a(M420) гаплотоптарынан бұтақтанған R1b-M343 (екуінде) және R1a-M17 (біреуінде) барлығының білінуі генетиктердің өздерін таң қалдырған (Лхагвасурен и др. (2016) Молекулярная генеалогия семьи монгольской царицы и ее возможное родство с Чингисханом)
Өйткені осы ашылымға дейінгі жарияланымдарда Шыңғысханның өзі де, ол дүниеленген әрі өз тұқымын Боданшар мұңлықтан бастап тарқататын Алтын ұрықты барлық әулет мүшелері де түгелімен C зәузатынан бастау алатын C3c-M48 гаплотобына жатқызылып келген-ді.
Осыған сүйенген қайсыбір «жазғыштар», тіпті Шыңғысханды да, ол дүниеленген Алтын ұрықты әулетті де «таза еуропалықтар, олар-дың арғы ата-бабалары Еуропадан ауып барып, Моңғол үстіртіне қоныстанған» деп әлемге жар салып, елді шулатып жүр.
Дей тұрғанмен мысалданып отырған генетикалық зерттеуге қара-ғанда, R1b(M343) және R1a(M420) гаплотоптарының Орталық Азияда қанаттанғандығы да, әртүрлі табиғи-климаттық өзгерістерге байланысты жан-жаққа, соның ішінде, әлденеше рет Еуропаға қоныс аударғандығы да ақиқатты шындық сыңайлы.
Өйткені ДНҚ-генеалогия теориясын негіздеушілердің бірі ғалым А.Клесов делелдеп бергендей, халықтардың қоныс аударулары еш уақытта Еуропадан шығысқа қарай емес, тек шығыстан батысқа қарай жүрген. Осындай бір көші-қонда, Yfull компаниясы генетиктері анықтағандай, R1b-M343 зәузатының R1b1a1a-L1433 субклады бұдан 7300 жылдай, R1b1a2-L51 субклады 13500 жылдай бұрын Таяу Шығыс пен Еуропаға қарай жылжыған. Демек, R1b-M343 зәузатынан бұтақтанған гаплотивтік субкладтық құрылымдарды «таза еуропалық» деп дәріптеуге ешқандай да негіз жоқ. R1b-M343 гаплотобы таза орталықазиялық құрылым. R1a-M17 гаплотоптық құрылым туралы да жоғарыда айтылған дәлелдемелерді қайталауға тура келеді. Өйткені R1a-M420 гаплотобы R1b-M343 гапло-тобының сыңары болып есептеледі .
Ал, аталмыш мақалада тұлғаланған Шыңғыс хан қызы мен оның күйеуі туралы мәлімет «Юаньши», 1-цзюань, Патшалар шежіресі I, «Тайцзу» баянында деректелген.
Alagus-tikin-guri (Алақұш-есімі, те-
гін және хури дегендер оның лауазымдық атақтары) билігіндегі жұрт «оңғұт» этнонимді халық болған.
Олар өз ата-тектерін хунгурлардан (хонхэрээдтерден) тарқатып, ше-жірелейді. Шыңғыс хан заманындағы олардың қонысы – Ұлы Қытай қор-ғанының солтүстік-шығыс жағы мен ежелгі хунгурлардың ата мекені саналатын Ордос үстірті болған. Осыған қарай оларға сол замандардағы қы-тайлық Цизинь (шүршіттер құрған патшалық) билігі Ұлы қорғанның сол-
түстік-шығысындағы қақпаларды күзетуді және Ордос өңірін қорғауды міндеттеп тапсырып қойған-ды.

Шыңғыс хан Орталық Қытай ай-мағын (Чжунюань өңірін) жаулауға аттанар алдында оңғұттарға арнаулы елші жіберіп, оларды өздерімен одақтасуға шақырған. Бұл ұсынысты Оңғыт билеушісі Алақұш тегін хури
қабыл алған.
Осыдан ол моңғол әскерлеріне қытай қорғанының солтүстік-шығыс-тағы қақпа есіктерін ашып беріп қана қоймай, оларға өз әскерімен қосылып қытайлық Цизинь билігін күйретуге ат салысқан. Осыны ескерген Шыңғыс хан Алақұш тегін хуриді Орталық Қытай аймағының билеушісі етіп та-ғайындайды.
Дей тұрғанмен моңғол әскері Орталық Қытайдан кетісімен, Алақұш тегін хури мен оның ұлы Буянь Сибаньды қытайлық Цизинь мемлекетінің қашып-пысқан қалдық әскері өлтіріп кетеді. Буянь Сибанның әйелі кіші ұлы Бояохэмен және немересі Чжэньгомен қашып құтылады. Барып болған жайды Шыңғыс ханға баян етеді. Алақұш тегін хуридің моңғолдарға жасаған адал қызметін жоғары бағалаған Шыңғыс хан Бояохэге атасының қыз-метін атқаруды тапсырып, оған қызы Алахай бецзи гунчжуды (Алақай бегімді) ұзатады.
Алахай бецзи гунчжу аса зерек, өте ақылды әрі ерекше өжет болғандықтан күйеуінің елді дұрыс басқаруына өз жәрдемін молынан тигізеді. Тіпті, күйеуінің жаугершілік жорықтарына да қатысады. Дегенмен Бояохэ Алахай бецзи гунчжуден бала көре алған жоқ-ты. Алахай бецзи гунчжу аса кеңпейілділік танытып күйеуіне сіңлілерінің бірін тоқалдыққа алдырып береді. Бояохэ тоқалынан Цзуньбухуа, Айбуха, Чжолибуха деген үш ұл сүйеді. Алахай бецзи гунчжу оларды өз туған балаларындай көріп, бағып-қағып өсіреді (Қазақстан тарихы ту

ралы қытай деректемелері.V-том. 2006. 144-145 б).
Оңғұттарға қатысты бұл баянды жүйелі шежірелеп беріп отырғанымыз мынаған байланысты. Хан зиартындағы Алтын ұрық әулеті ұрпақтарына қатысы бар қабірлерді қазған Лхагвасурен басқарған археологтар тобы қазып алынған Алтын ұрықты әулет мүрделерін митохондриалды аналық ДНҚ-дан қайнарландырады.
Өйткені Алтын ұрықты әулет әу бастан хунгур(ат)тарға жиен, яғни аналары жағынан Хунгур(ат)тардан дүниеленген қауым болатын. Осыны ескеретін таза ниетті генетиктер әу бастан-ақ орталықазиялық түріктекті хунгур(ат)тарды Y-хромосома R1b (R1b-M343) гаплотобына жатқызып, зерделейтін.
Қытайлық тарихшылар әу бастан ата-бабаларының хунгур(ат)тарды да,
солардан бұтақтанған оңғұттарды да Бай-Дада (Ақ татар) деп құрмет тұтқанын әлі күнге естерінен шығармай, сол күйі жазбалайды.
Тіпті қытайлық тарихшылар Оғыз-
Динлиндерді (юечжи) хунгурлар-дан бұтақтанған халық деп есептейді.Оның дәлеліне хунгур/ат/тардан
бөлінгенде хяньюньдердің Шығыс
Түркістанға көшіп барып, қоныс-танғанын тілдеріне тиянақ етеді. Осы аймақта өсіп-өнген барлық жұрттарды (олардың ішінде юечжилерде, тохар
деп аталып жүргендер де бар) хяньюньдерден бұтақтандырып, дүние-лендіреді. Жергілікті барлық абориген халықтарды R1b1 зәузатты жұрт санайды.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *