САҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ – ТҮЙРЕУІШ
24.05.2023 0 1 037
Дилорам Тауасарова,
Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығының ғылыми қызметкері
Қорым кешендері ежелден зерттеушілердің назарын аударған.Жерлеу орындары күнделікті өмір, салт-дәстүр, рәсім, рухани және материалдық мәдениетті, қоғамдық құрылысты және идеологиялық қайта құрудың негізгі ақпарат көзі болып табылады. Сақтар – б.з.б I мыңжылдықта қазіргі Украина, Ресей және Қазақстан аймағында өмір сүрген тайпалар. Сақтар зергерлік бұйымдар мен қару-жарақ жасаудағы шеберлігімен танымал болды, сонымен қатар алтын мен күмістің үлкен қорына ие болған. Сақ зергерлік өнерінің шеберлері зергерлік бұйымдарды қалыптаудан соғуға дейінгі жасау әдіс-тәсілдерді қолданған. Әдістерді игеру барысында әшекей бұйымдардың туындылары пайда бола бастады.Осындай бірегей әшекейлердің бірі – шаш түйреуіштері. Алтыннан жасалған шаш түйреуіштер сақ әйелдерінің ең танымал аксессуары есептелген. Сақ дәуіріндегі алтын шаш түйреуіштер сән-салтанат пен шеберліктің символы есептелген. Бұл бұйым – әйелдердің бірнеше мыңжылдықтар бойы қолданып келе жатқан әшекейі. Тарихта шаш түйреуіштер сүйек, ағаш, металл мен пластикке дейін әртүрлі материалдардан жасалған. Дегенмен, ең сәнді және қымбат түйреуіштер ежелгі сақ дәуірінде жасалып әр түрлі пішіндер мен өлшемдерге ие болды. Барлық шаш түйреуіштер аумақта өндірілген алтыннан жасалған.
Сақ дәуіріндегі алтын шаш түйреуіштердің ең танымал үлгілерінің бірі – бұғы бейнесіндегі әшекей. Бұл шаш түйреуіш сақ билеушісінің бейітінен табылған және біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырларға жатады. Бұғының алтын және күміс бөлшектері бар, бұл оны шынайы және қымбат екендігін көрсетеді. Сақ дәуіріндегі алтын түйреуіштер тек безендіру қызметін атқарып қана қоймай, символдық мәнге де ие болды. Әшекей бұйым дін нышандарымен безендірілген немесе сақтар үшін қасиетті жануарларды бейнелеген. Сондай-ақ, бұл бұйым сыйлық немесе мәртебенің дәлелі ретінде пайдаланылуы мүмкін – неғұрлым үлкен және сәнді болса, оның иесінің мәртебесі соғұрлым жоғары болғанын көр-сеткен.
Қазақстанда біздің дәуірімізге дейінгі 821-548 жылдар шамасында қайтыс болған асыл текті сақ әйелінің жерленген қорымы табылды. Қабір тоналғанымен, ғалымдар одан 200-ге жуық жәдігерді олжалаған, олардың көпшілігі алтын мен әшекей тастардан жасалған зергерлік бұйымдар. Олардың ішінде археологтар басы алтын фольгамен қапталған және жануардың бейнесімен безендірілген миниа-тюралық шаш түйреуіш сондай-ақ қазба теңіз ұлуларының қабыр-шақтарынан жасалған мойын алқа-ларын анықтады.
Шығыс Қазақстан облысындағы Қарықоба қорымында қазба жұ-мыстары кезінде диаметрі шамамен 28 метр болатын №7 қорғанының астынан археологтар тас жәшікті олжалады. Антропологиялық талдау бейіт ішінде ересек әйелдің сүйегі жатқанын көрсетті. Табылған заттардың барлық топтамасының ішінде ерекше назарға ілінген бұйым зақымдалған инесі бар кішкентай шаш түйреуіш, сондай-ақ ұлу қабыршағынан жасалған әшекейлер.
Миниатюралық биметалл темір түйреуіш – ұзындығы 2,4 сантиметр. Оның сабағы жоқ, диаметрі шамамен 0,5-0,8 сантиметр болатын басы қосымша алтын фольгамен жапсырылған. Оның бетінде аң стиліндегі, денесі 180°-қа иілген мүйізді тұяқты жануардың бедерлі бейнесімен безендірілген. Оның негізгі бөлігі темірден жасалған. Археологтардың пікірінше, осы-ған ұқсас заттар Тувадағы сақ дәуіріндегі әйелдер қорымдарында жиі кездеседі. Сақ әйелінің жерленген жерінен табылған түйреуіштер импорттық шикізаттан жасалған жыртқыш жануарлардың бейнесінде болды. Бұл заттардың барлығы ежелгі устрица молюскаларының қабыршағынан жасалған, әшекей құрамы толық тасқа айналмаған бор шөгінділері бар екендігін көрсетті. Ғалымдардың пікірінше бұл шикізат Үнді мұхитының жағалау аймақтарынан келген.Мұндай қабыршақтардан жасалған түйреуіштер сақ жерлерінде бұрын кездеспеген. Сонымен бірге, табылған деректер осы дәуірде Шығыс Қазақстан мен Батыс Сібірде болған біртұтас көркемдік дәстүрдің болғанын атап көрсетеді.Тұяқтылар мен жыртқыштарды бейнелеудегі бұл стильдік құрал біздің дәуірімізге дейінгі 700-300 жылдардағы Қазақстан мен Батыс Сібірдің сақ-сібір өнеріне тән Бұл жәдігерлер Шығыс Қазақстан мен Батыс Сібір арасындағы аймақтық және құрлықішілік сауда және мәдени байланыстарды айғақтайды, оған ұқсас технологиялық дәс-түрлер, бейнелер, композициялар, ою-өрнек мотивтері куә. Қазіргі уақытта сақ дәуірінің алтын шаш түйреуіштері өнер мен тарихтың зерттеу нысаны болып табылады. Бұл артефакттардың көпшілігі дүние жүзіндегі музейлерде сақтаулы және құнды жәдігерлер болып табылады. Олар ежелгі ұсталардың шеберлігінің үлгісі ғана емес,сонымен қатар сақ мәдениетінің байлығы мен сән-салтанатын бейнелейді.
ТАРИХ ТҮЙІНІН ТАРҚАТҚАН ТАРАҚТАР
«Тақсай ханшайымы» «Ұлы Дала Елі» орталығының бірегей жәдігерлерінің бірі. Батыс Қа-зақстан облысы Теректі ауданы Тақсай I кешенінің 6 қорғанын табылған, зерттеу барысында қабірде жаңғақ ағашынан жасалған тарақ бірден өзіне назар аудартқан. Бұл артефакт б.з.д. VI-V ғасырларға жатады. Тарақта жұп атпен тартылған күймедегі арба мен садақшы, сондай-ақ қарсы тұрған майдангер бейнеленген. Қазақстан аумағында б.з.д. V мыңжылдық энеолит дәуіріне жататын сүйектен жасалған тістері қашалған тарақтың ең ерте үлгілері табылған. Ірі жануардың түтікшелі сүйегінен жасалған жартылай сопақша, ұзартылған жеті тісі бар 9,5х4,4 өлшемдегі VIII ғасырға жататын шаш түйрегіш тарақ Шығыс Қазақстандағы «Шілікті» қорымынанда табылған. Екі жақты тістері бар тікбұрышты пішінде ағаштан жасалынып, орталық бөлігінде сюжеттік көрініс бейнеленген ерекше тарақ үлгілері де кездеседі.
Тарақ – археологиялық қазбаларда жиі кездеседі, оларды қазір көптеген музейлерден көруге болады. Әр дәуірде және жер жерде ағаштан, сүйектен, мүйізден жасалған ежелгі әшекей бұйым Францияда Клуни музейінде көпшілік назарына ұсынылған.Тарақтар орта ғасырлардағы негізгі әшекейлердің бірі болды. Піл сүйегі мен алтыннан жасалған тарақтар бағалы саналған.
Алғашқы тарақтың қай жерде және қашан жасалғаны белгісіз, азды-көпті таныс пішіндегі ал-ғашқы тарақтардың бірі Ежелгі Рим аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ол тұтқасы және тарақ тістерінің арасы 0,2 см қашықтықта орналасқан қолмен ойылған сегіз тістері бар пілдің жалпақ сүйегінен жасалған. Сонымен қатар ең көне тарақ Ұлыбританияда табылған. Бұл аксессуар ежелгі кельттердің билігі дәуірі неолит заманына жатқызылды. Ең қымбат тарақ Ресейде сақтаулы: алтыннан жа-салған ұзындығы 12 см болатын сақ қорымынан табылған. Бүгінде бұл Эрмитаждың экспонаты. Ежелгі тарақтардың ең танымалы Швецияда табылған және біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жыл, скандинавиялықтар шаш күтімі үшін ғана емес, сонымен қатар сәндік элемент ретінде де пайдаланған негізгі аксессуарлардың бірі болды. Темір дәуірінің басында б.з.д. 500-400 ж. тарақтар темірден жа-салған, кеңірек және жарты ай тәрізді пішінде. Темір дәуірінің соңында қос тісті тарақтардың пайда болуы байқалады. Мысырда ежелгі мәдениеттің дамуының ең ерте кезеңі б.з.б. IV мыңжылдыққа тиесілі аң стилінде қашалып жасалған әшекейлі тарақтар табылды. Орта ғасырларда заманауи тарақтар бейнесіндегі тарақтар пайда бола бастады.
Ежелгі адамдар шаштарын балық қаңқасымен тараған. Та-рақтарға арналған тағы бір материал тасбақа сауыты мен маржан болды. Ортағасырлық Еуропада тарақ сәнді бұйым болып саналды. Тек ауқатты адамдар шаштарына тастан немесе металдан жасалған тарақтарды әшекей ретінде пайдаланды. Ресейде тарақтар ағаштан жасалған. Әзірге тарақ жасау үшін пайдаланылатын ең жақсы материал бұл қарағай немесе шие ағашы.
Ең алғашқы тарақтар жануар-лардың сүйектерінен және ағаштан жасалса, кейінірек оларды жасау үшін күміс, жез, қалайы, алтын қолданыла бастады.
Әлемнің әртүрлі халықтарының фольклорында мифтік жаратылыстар тарақты пайдаланған. Су перілері мен сиреналар теңіз-шілерді ұзын шаштарын тарақпен тарау арқылы құрығына түсіріп отырған. Бақсылар тарақты пайдалану арқылы сиқыр жасаған. Ал ізгі батырлар зұлым рухтардан құтылу үшін пайдаланған, сонымен қатар қыздар тарақтың көмегімен бал ашқан. Тарақтар сол кездегі мәдениетке тән ою-өрнекпен безен-дірілген. Ежелгі тарақтар палеолитке жататын белгілі мәдениеттердің көпшілігінде кездеседі. Еуропада және көшпелі мәдениеттерде олар жерлеу бұйымдарының негізгі элементі болып табылады.
Тарақтар періштелер мен мифологиялық жануарлар, асыл тас-тар, інжу-маржандар, экзотикалық құстардың қауырсындарымен және шілтермен безендірілген, тарақ иесі неғұрлым құрметті болса, оның тарағы соғұрлым сәнді болған. Жапонияда жас жігіттің өзі тарақ жасап, оны таңдаған сүйіктісіне берген, ал егер қыз онымен шашын түйсе, бұл оның сезімдеріне жауап беруге дайын екенін білдіреді. Шамамен XVII ғасырда жапон әйелдері інжу-маржан және кандзаси жібек гүлдерімен тарақтарын безендіре бастады. Жапонияда самурайлар тарақтарды шашты бекіту үшін ғана емес, сонымен қатар қару ретінде де пайдаланды. Мысалы, кейбір тарақтар лақтыратын пышақ ретінде оңай қызмет ете алады. Испан тарағы – пейнета, XV ғасырларда Еуропада танымал болды. Тарихи пайнета 20 сантиметрді құрауы міндетті биіктік болып табылады. Пішіні тік бұрышты 5-6 тістері бар. Тұрмыстағы әйелдер үшін қара немесе қоңыр, бойжеткен қыздар ақ, кейде фламенко биі үшін қызыл түстер қолданған. Бұл тарақтар қатаң түрде бастың ортаңғы сызық бойымен қадалған – бұл әсіресе тұрмыстағы әйелдерде қатаң сақталған. Ерте орта ғасырларда діни қызметкерлер ғибадат алдында шаштарын тарайтын арнайы литургиялық – христиандық ғибадат нысаны, діни қызметкердің қызмет алдында салтанатты киіну кезінде қолданылатын арнайы безендірілген тарақтар пайда болды. Мұндай заттар күнделікті ғана емес, сонымен қатар қасиетті қызмет атқару барысында пайдаланылды.
Көптеген халықтар тарақ адамды әртүрлі аурулардан сақтайды деп сенген, сондықтан олар мұрагерлікке қалдыру үшін тарақтардың арнайы жиынтық-тарын жасаған. Тарақтың бір иесі болуы керек деген ереже күні бүгінге дейін сақталған. Бұл негізінен гигиеналық талаптарға байланысты. Дегенмен, адам энергетикасы бойынша сарапшылардың пікірінше, энергия теңгерімінің бұзылуын болдырмау мақсатында тарақты басқа біреуге пайдалануға рұқсат бермеу керек.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.