Масс медиалық тәсілдер және ақпараттық бизнес коммуникация механизмдері
27.04.2022 0 1 071
Молдахан Кәріпбайұлы,
тележурналист, ғалым-педагог
Масс медиа – күнделікті өмір алаңы. Қоғамда белгілі бір тіршілік қозғалысымен қатар өмір сүретін шынайы да күрделі құбылыс. Ақпаратты жедел тарату мен өндірістік өнімнің экономикалық бәсекелестік сипатына дейін анықтама және нақтылық ақпарын беретін медиалық стандарт жүйесі.
Қоғаманың техникалық даму эволюциясы дүниеге келді. Масс медиа ақпараттарды жеткізу механизмдері. Электронды коммуникациялық құралдардың заманауиылығы жедел және оқылымға және көрсетілімге сараптау мен таразылауға таратылады. Ақпараттың негізгі тұтынушылары халық болғандықтан,ол рухани шикізат есебінде бір мезгілде, бір уақытта уақыт бірлігімен сәйкестендіріліп беріледі. Ол көпшіліктің ыңғай мезгіліне орайластырылады.
Жалпы масс медиа ақпараттық цифрлы өнім ретінде таратыла бастағанда оның негізгі қолдаушысы әрі тұтынушысы ретінде халық қолдауымен іргеленді. Демек, оның сапасы мен ақиқаттылығына баға беріп, қарсылық жасайтын та халық болып табылады. Көпшілік таңдауымен контенттік деңгейге көтерілетін медиа ақпаратшылық дами түседі.
Ғаламдық, жаһандық әлеуметтік, саяси қоғамдық желілердің өзара ықпалдасуы және мүдделестігі ортақ әлеуметтік өмір сипатымен байланыстырылғанда ол шын мәніндегі тұтынушысы бар әрі сұранысқа ие болды. Әр елдің ұлттық идеялық тұтастығы мен әлеуметтік қарым қатынасында құрылымдық ұйымдар мен басқару органдарында белгілі бір дәстүрлі өмір салты мен тарихи заңдылықтары сақталады.
Адамзаттың ойлау жүйесіне өзгеріс енгізетін масс медиалық қарым қатынас қоғамдық эко-номикалық және саяси ұғымдар мен заңдылық, тәртіп және басқа да ортақ әлеуметтік қажеттіліктен туындаған өзгеріс және енгізілген тиісті аумақтық мүддені де қамтиды. Алдын алу, ескерту, ерекшеліктер мен этникалыққұрмет қатынас құндылықтарын қисынды негізде ортақ сәйкес заңнамалық ақпараттармен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Адамзатқа тән ортақ қазына қауіпсіздік. Яғни алапат табиғи құбылыстардан қорғаудың жаһандық тіртібі. Оны қамтамасыз ету түрлі шаралар мен дайындықтардан, әзірліктерден – саяси, әлеуметтік, мәдени байланыстардан тұра-ды. Өндірістік, техникалық, инновациялық бірігушілік пен байланысты, ынтымақтастықты қа-жетсінеді. Бұл жаһандық ортақ мүдде.
Жалпы ақпарат – саяси әлеуметтік ортаның, мәдени және экономикалық қатынастың ғаламдық компьтерлік желісімен кеңістікті қамтитын рухани, моральдық шикізат. Интернет желісі арқылы ақпарат тарату құралдарының қолжетімділігі ұлан ғайыр. Үлкен идеялық мәнге ие болған технлдлгиялық өнімнің артықшылығы тек адамзаттық мүддеге құрылған.
Масс медианың барлық түрі өз көрерменін, оқырманын, тың-даушысын эмоциялық тұрғыдан да тартып әкетеді. Әрқилы, әртарапты ой пікірлерді ортақ мәмілелестікке жұмылдыру мақсатындағы нақ-тылыққа жүгіне отырып, көпшілік халықтың дауысын тыңдау, қабылдау. Соның нәтижесінде масс медиа өзінің халықтық сипатын аша түседі. Пікір қайшылықтарды догматизмдік ережеден сақтау медиа үшін тиімді болғандықтан, іс әрекеттің жиынтығын мазмұндайды. Мұндай жағдайда коммуникациялық ақпарат құралдарының белсенділігі де арта түседі.
Техногенді мәдениетке енген ақпарттық өрлеу үрдісі, қоғамдық қатынастағы құбылыстардың обьек-тивтілігін көрсету мақсатында халықты әлеуметтік жаңару инс-титутының өкілдері ретінде тану зор күш екенін дәлелдеп келеді. Бұл ұзақ процесті керек ететін өзгеріс алдымен сана қозғалысының факторларын қатыстылығын көрсетті. Неге? Себебі, қалыптасу мен дағдылық қасиеттер жиынтығы екінші, үшінші кезектегі проблемалық дүниелерді қабылдауға психологиялық тұр-ғыдан әділ немесе әділетсіз деген мағыналық үдерісті сіңіруге ыңғай білдірді.Осы тұрғыдан келгенде масс медиалық құрылымдар ұшқырлығы үздіксіз идеологиялық сипат танытып келеді. Бұл мәселе нақты деректермен бұқаралық коммуникациялық құралдарында айтылып та, көрсетіліп те, сарапталып та келеді.
Қоғамдық құрылымның түр-леріне қарай және атқару функциясы мен қызмет түрлерінің қаншалықты мемлекеттік, халықтық концепциясының маңыздылығын үнемі қадағалай, сараптай алған медиалық коммуникациялардың кәсіби деңгейі мен тәжірибесі де артады. Табиғи теорияның ортақ қазынасына айналған әлеуметтік жүйелердің масс медиаға арқа сүйеп, қолдау табатыны да оның көпшіліктік сипатын аша түспек. Құрылым түрлерінің басқарылымы мен халықпен бірлік үлес салмағының мақсаты айқындалған сайын, масс медиалық баспалар да, ақпараттық басқа коммуникациялық құралдар да олардың жалпы әлеуметтік экономикалық заңдылқтары мен негізгі атқару функцияларына баса назар аударады.
Бүгінгі таңда ақпарат тарату мен алмасудың негізгі орталық желісі интернет жүйе болғандықтан, коммуникациялық масс медиалар бір арнада қауымдасып, медиаконвенциялық қағида, ұста-нымға жақындасты. Сөйтіп барлық салалық ұйымдардың прогрессивті дамуына, әлемдік демократиялық күштердің бірігуіне, саяси экономикалық, тұжырымдарды белгілі бір тәртіпке сай интеграцияландырды. Осы тұрғыдан қарағанда, еларалық келісімдер мен мәдени іс шаралардың жүзеге асуына, идеялық ұстанымдарды бағалауға ықпал етті. Сондықтан, интернет желінің қуатымен коммуникативті ұтымдылықты арттырды.
Масс медиалық бағдарламалар әлеуметтанушылыққа бейімделеді.
Әлеуметтік мәдени, тарихи қатынастардың ұстанымы мен көпшіліктік таралуын, тал-
дауын, алмасу мен пікір құндылықтарының күрделі аспек-тілерін конверсациялық, яғни,
респонденттік қатынас нәтижесімен мазмұндастырып, нақтылығын, ақиқат қажеттілігін ақпараттық құралдардың көмегімен жалпы-көпшіліктің назарына ұсынады. Оның прогрессивтілігін қоғам-дық сұраныстан аңғарып, әлеуметтілігін арттырады.
Мәдениет – адамдардың әлеу-меттік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері. Адамзаттың рухани дүниесінің азығы болып келе жатқан мәдениеттің әрбір кезеңдердегі дамуы немесе құлдырауы,тарихи оқиға және белгілі бір әлеуметтік, қоғамдық құрылымның өркендеуі мен құбылыстардың пайда болуымен баян етіледі. Мәдениеттің халықаралық мәні,оның ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін функцияларын таныту турасында біршама шолу жасалады да оның негізгі дәстүрлі және халықтық ерекшелігі өмір сүру қажеттелігімен байланыстырылады.
Әрбір қоғамда мәдениеттің белгілі бір орны, беделі және функциялары болады. Айталық, капиталистік мемлекеттерде өнерді идея көтеру, тәрбие беру үшін пайдалана бермейді. Оны көңіл аулау, халықтың назарын саясаттан тайдыру мақсатында дамытады. «Біз қалаймыз ба, қаламаймыз ба, өткен күндер әрқашан бізбен бірге» «Волнение туземцев»-деді Михайл Сергеевич Горбачев. Қандай өкінішті сауатсыздық. «Бұл анықтамаға демогогтар адвокат бола қоймас деген ойдамыз»,-дейді таразылаушы сарапшы.
Масс медианың барлық түрі өз көрерменін, оқырманын, тыңдаушысын эмоциялық тұрғы-дан да тартып әкетеді. Әрқилы, әртарапты ой пікірлерді ортақ мәмілелестікке жұмылдыру мақ-сатындағы нақтылыққа жүгіне отырып, көпшілік халықтың дауысын тыңдау, қабылдау. Соның нәтижесінде масс медиа өзінің халықтық сипатын аша түседі. Пікір қайшылықтарды догматизмдік ережеден сақтау медиа үшін тиімді болғандықтан, іс әрекеттің жиынтығын мазмұндайды. Мұндай жағдайда коммуникациялық ақпарат құралдарының белсенділігі де арта түседі.
Бүгінгі таңдағы масс медианың тұрақты технологиялары практикамен қабысуы тиісті. Осы орайда интернет экономика саласындағы ақпараттарды талдау және қайтарымдылығын тану қарастырылады. Жаңа медиа журналистерге дайын өнімді ғана емес, жалпы процесті көрсетуге, журналистің жеке пікірін танытуға мүмкіндік туғызды. Жоспармен бөлісу, алдын ала материалды жарнамалау, жалпыхалықтық талқыға салу секілді жаңа тетіктер пайда болды.
Жаңағасырлық бизнес коммуникация – бұл заманауи іскерлік байныстың кепілі. Интеграцияланған интернет желінің көмегімен жүзеге асырыла отырып, теориялық тұрғыдан кәсіби маман қалыптастыру. Негізгі әлеуметтік желі құралдарын біріктіре отырып,жаңа ғасырлық жүйе құру. Соның негізінде зерттеу, талдау, сараптау тәжірибесін дамыта отырып, дербес ғылым ретінде орнығу. Бұл жолда коммуникациялық құралдар жиынтығы да орасан рөл атқарады.
Баспасөз және ақпарат құ-ралдарының сан тарау эволюциялық даму жолында көпшіліктік кеңістікте тарату, сараптау, таразылау, қабылдау артықшылығымен ілгерілей отырып, бүгінгі коммуникацияның бизнес түріне жетті. Сөйтіп, түрлендіру мен көркемдеу деңгейінің ар-тықшылығын да алға тартты. Медиа өнімінің әлеуметтілігін қамтамсыз ете отырып, өз аудиториясын әлемдік коммуникациялық сұранымға көтерді.
Нақты принципті мәселеде әлеуметті жұмылдыра білудегі коммуникациялық қатынас өз кезегінде іскерлігін де таныта алады. Заман ағымына сай құбылысты бағамдай отырып, жалпыкөпшіліктік бекініс ұстануда стратегиялық жоспарлардың негізіне сүйене келе, дәлме дәл ұйымдастырудың жолдарын қарастыру мен ажыратудың құрылымын түпкілікті мақсат етеді.
Ақпараттық бизнес коммуникацияның негізгі факторлары
Бизнес коммуникация өзінің атауына лайықты және бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда іс-керлік қатынасы мағынасында қабылданады. Өздігіңнен өркениеттілік үрдістің талаптарына сай әрекет қимыл мен атқарылыр іс жоспарларының құрылымын, басқарылымын ұйымдастыра отырып, маңызды қадамдарға бару.Ол:
–Өзіңді басқара білу;
–Қарым қатынасыңның өзгелерге қажеттілігін ұғыну;
– Не нәрсені мәдениеттілік пен жауапкершілік тұрғысынан игеру;
– Қажетті рухани және ма-териалдық шикізаттарға қол жеткізу;
– Өзгелерді қызықтыра білу; – Зиялылыққа ,өнер білімге, ғылымға құштарлық таныту;
Осы үрдістер ақпараттық коммуникативті бизнестің жолын ашып, іргелендіре түседі.
Бизнес коммуникация үлкен құрылым болғандықтан, жалпы қарым қатынас, тұрмыстық, экономикалық, әлеуметтік инфрақұрылымдарды толығымен қамтиды. Сол тұрғыда, халыққа қызмет етуде ерекше құбылыстарды анықтау мен дәлдікке апаратын әдіс тәсілдердің классикалық үлгілерін пайдаланады. Бизнес коммуникацияда масс медианың коммуникациялық көрнекі құралдарымен қоса инфографикалық, графикалық, диаг-раммалық, сурет, мәтін, сызба, бейнелеу, тағы басқа да үлгілері кәсіби артықшылықпен қолданылады. Мысалы: Көрнекі құралдардың алмасуы салыстырмалы түрде қарастырылып, ақпараттың тиімділігіне мән беріледі. Ақпарат тәсілінде мәтін мен көрнекі құралдың сәйкестілігінің ұқсастығы да коммуникативті ұтымдылықты аңғартады.
Жалпы көрнекі құралдардың қай қайсысы болмасын әлеуметтік мәнге ие. Және оның адамдармен қатынастылығында конверсациялық, яғни, сөйлеу тәсілі, интеллектуалды байланыса білуі, деректер мен мәліметтерді пайымдап, талдай алатын модераторлық шеберлік басқарылымы болады. Келіссөз жүргізудегі тәсілі, адамдарды жақындастыру әдістері әлеуметтік-психологиялық аспектілермен қатар, табиғи танымдылыққа тарта түседі.
Коммуникациялық құрылым-дардың ерекшелігі жұмыс нәтижесімен тығыз байланысты. Заттың, адамның бейнекөрінісіндегі көрермендерді жақындастыратын ерекшеліктер болады. Сіздің мақсатыңыз да сол артықшылықты танытуға бағытталған. Демек, заттың бейнетүсірілімі әртүрлі қырынан таныстырылады. Оны бейнекамераның ракурстық әдіс тәсілмен қолданылуы дейді. Яғни, мәтіндеу мен дыбыстаудың формасымен қатар сәйкестендірілген тұжырымды классикалық бейне-жинақ, көрермендерін де бей жәй қалдырмайды. Қызығушылықтан туындаған ой, сұраныс, қажеттілік айқын байланыстылығымен қорытынды нәтижесін береді.
Алайда, классикалық үлгіні кәсіби тәжірибесі мен теориялық тұжырымы тең қалыптасқын маман бейнеқатарлардың өңделуіне терең мән береді. Себебі, негізгі мақсат игілікті жұмыстың сапасын арттыру.
Ақпараттық бизнес коммуникацияның – стилдік ерекшеліктері
Ақпарат айту бір басқа да оны жеткізу бір басқа. Яғни жеткізу деген тасымалдау мағынасында айтылады да оны айтудан өнер туындайды. Сонда айту өнеріне машықтану, қалыптасу ізденісі өз кезегінде сәттілікке жетелейді. Ал жеткізу -тасымалдау бұл жазу өнерімен символдасып, жазу стилінің академиялық нотасымен жаңғыра береді. Демек, ақпараттық коммуникациялық бизнес жобаның ғылыми алғышарты бұқаралық коммуникациялық қаты-наста да өзіндік орны бар деген сөз.
Кез келген қызмет саласының ортақ синтезі мәдениет болған-дықтан, оның жобалық идеялары айту, жазу, сызу, баяндау,дәлелдеу элементтерінен тұрады. Мұның өзі көпшілікпен, жұртшылықпен ақпараттық бұқаралық қарым қатынас тудырудың өзегі әрі негізгі тәсіл болып табылады.
Сондықтан, адамдардың динамикалық мінезі мен көз-қарас, пікірімен қабаттаса өр-біген ой жігер ақпараттық коммуникацияның ойдағыдай орнығуына мұрындық болады. Соның негізінде белсенділік артып, мәдени, тарихи коммуникациялық қатынастың ғылыми жүйесі ор-нығады. Рухани серпіліс тудыратын көркем идеялық, өркениетті ойлар жаңа механизмдердің жандануына жаңаша тетіктер құрамын әкеледі. Мұндайақпараттық мәдени және жалпыхалықтық интеграциялық процестердің даму ғасыры, әлемдік өзгерістерге жедел қалыптасып, икемделу, жаңару, игілікті игере білу, меңгеру, өмірге енгізіп, пайдалана білу сияқты қағидалар ғасырына айнала бермек.
Ақпарат ғасыры күнделікті айқындылықты, өзгерістер мен жаңалықтарға қырағылық танытуды талап ететін уақыт шеңбері. Қоғамдық қарама қайшылықтардың себебі мен аражігін мәдени тұрғыдан талдап, саралай алатындай деңгей әр азаматтың бойынан табылатын глобальды дәуір.
Әлеуметтік және саяси ерек-шеліктер мен қабылданған ұйғ-арымдарды талдай алатындай білімділік пен біліктілік туындаған заман болғандықтан, оның талап үдесінен шығу да аса жоғары мәртебелі институтционалды азамат болып қалыптасу принципін алға тартты.
Сондықтан, ғаламдық коммуни-кативті дәуірдің ақпараттық кеңістігін саралап, талабына, инно-вациялық және интеграциялық ырқына тез қалыптасу деген сөз – технологиялық үдерістің қарқынын қабылдау дағдысына түсіп, имидждік деңгейден төмендемеу.
Бүгінгі өркениетке тән құбы-лыстың бірі өзгерістердің жедел алмасуы мен орнығуы адамдардың қалыптасуына мұрша келтірмей келеді. Себебі соның табиғи заңдылығы мен ғылыми потенциалдылығына өркениеттілік мінезбен қарау тенденциясын қалыптастыру қажеттілігі туындады.
Массмедиа құралдарының коммуникациялық моделі
Модел – бүгінгінің сөзімен айтқанда жаңару үрдісіндегі модернизация. Жаһанданудың жоғарғы бірдейлендірудегі ғаламдық жалпыландырылуы. Бір заттың моделін жасау үшін қаншама ой, жігер, күш қуат, ілім , білім қажет болса, соншалықты іс әрекеттің нәтижесіндегі практикалық өнім сапасы ұсынылады. Бүгін заманда ондай талаптан ешкім бас тарта алмайды. Ол қазіргі дәуірдің дәстүрлі ата салтындай. Себебі, қоғам, әлеумет, көпшілік, тіпті жеке адам мен адамзат санасының дүмпуі біртұтастана бастады. Демек, бәсекеден туындаған сүргін дамылсыз артықшылықтық тамырын іздейді. Ол: жазу, оқу,сызу, түр мен түстің жарасымы мен ой мен ойдың қабақтасуы. Сондай-ақ идеялық көркем іс әрекет пен фонемалық тартылысытың дағдарысына төтеп беру және өрістендіру талабы бола бермек.
Телевизиялық ақпараттықэлементтердің кәсіби сабақтастығы
Жаһандық тәртіптің ортақ заңдылығы бар. Себебі, бұл жеке адамдық тағдыр емес, жалпыадамзаттық қауымдастық экономика мен саяси әлеуметтік, мәдени қарым қатынастың ақпарттық ағымындағы бәсеке дәуірі. Сол себепті де түрлі әдіс тәсілдердің кәсібилене түсуі заңдылыққа айналды. Тәжірибе мен технологиялық алмасулар, ақпарттық таралымның әлемдік кеңістікті қамтамасыз етудің негізгі түп қазығына айналды. Коммуникациялық элементтер сондықтан да түрлі ой алмасуларының өнеріне, кәсіби шыңдалудың өзегіне айналды.
Бүгінгі таңда жалпыкөпшіліктік ақпараттық сенімнің көзіне айналған телевизия туралы айырықша тоқталып өтуге болады. Телевизия еркін және ашық та, айқын ақпараттық айдынның айнасына айналды. Соңғы жылдары еліміздің басына төнген ауыртпалықтар мен төтенше жағдайлардың ортасында жүріп, қоян қолтық арпалыстың ыстық суығын қатар тартқан телеарна қызметкерлерінің іс әрекеті батырлыққа парапар болды. Шындығында жанпидалық еңбек пен ерлікке тән еді. Бұл тек ақпараттық бәсеке емес, нағыз ақпараттық айқас, өрт пен өлімнің ортасы еді. Жедел ақпарат таратудың барлық графикалық, нфографикалық,иллюстрациялық, басқа да қысқа әрі жедел де түсінікті тәсілдерімен көпшілік көрермендерді төрткүл дүниемен қауыштырып отырды. Бұл ақиқатында журналистердің, ком-муникациялық ақпарат құрал-дарының заманауи және кәсіби қызметке адалдықтарын танытты.
Ал, телевизия – шынайы көрініс пен қимыл-қозғалыстың динамикалық алаңы болғандықтан, телеөнімнің барлық түріне де жоғары талап қойылады. Себебі, бәсеке мен нарық қатынасындағы телересурстық сұраныс әлдеқайда қатал. Тіпті, онлаин телехабардың өзінде әлеуметтік, қоғамдық өзекті мәселелер қамтылып отырды. Оқиға, құбылыс, қауіп қатер, сын, сақтық шаралары, тиісті де жауапты орындарды қозғап отыру, тағы басқа өткір дүниелер көгілдір экран терезісінен қалыс қалмады. Осындай аумалы төкпелі заманның бейнекөріністік сипатын боямасыз әлемдік ашық алаңның алдына ақиқатымен алып шығу, расында келешек ұрпағымыздың санасында сақталар артықшылықтар болса, одан алар үлгі өнеге әлдеқайда үлкен өмірлік тәжірибеге ұласа бермек.
Телехабардың артықшылығы оның дәстүрлі тақырыбы, сондай-ақ көпшіліктік және қоғамдық, әлеуметтік мазмұны болады. Осы тұрғысынан алып қарағанда оның коммуникациялық қатынастылығы мен сұранысын аңғаруға болады. Әлемдік оқиғадан гөрі елішілік және күрделі мәселелер төңірегіндегі хабарлардың міндетті түрде ақпараттық сипаты бар. Себебі, кез келген бағдарлама түйінді дүниенің төңірегінде сөз қоғайды. Сондықтан оның мезгіл,мекені мен уақыты, тарихи кезеңі болмақ.
Қорытындылай келе, жалпы бүгінгі дәуірдің талабына сай жаңаша ойлана біліп, жаңарудың жолдарын қарастыру үрдісі белең алғандықтан, оның мақсаты әлемдік деңгейге ұмтылу және өз орныңды көрсете білу. Ендігі кезекте ірі категориялық сипаты бар идеялар жинақтап, соны жүзеге асыру формаларын қалыптастыру мақсатына бірлесіп,бірыңғай жүгіне білу. Бұл аралықта коммуникациялық ақпарат құралдырының артықшылығын танып, таразылай отырып, оның интеллектуалды құндылықтарын бағамдау. Соның нәтижесінде көш ілгері қоғалыс жасап, іргелі елдің қатарында тұру.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.