Л.Ержанова әлеуметтік педагог, Қарағанды облысы, Ақтоғай  ауданы, Тасарал жалпы білім беретін орта мектеп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына қол қойғалы бері...

Л.Ержанова
әлеуметтік педагог,
Қарағанды облысы, Ақтоғай  ауданы,
Тасарал жалпы білім беретін орта мектеп

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына қол қойғалы бері мұғалімдер мәртебесі асқақтай түсті. Сонымен қатар, білім министрі заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мәлімдеді. Соған орай қаншама жылдардан бері мұғалімдердің күткен арманы орындалып, ұстаздар құқығы кеңейтілді. Бәрінен бұрын қосымша жұмыстардан босатты. Еңбекақылары біртіндеп көбейтілетін болды. Ендігі жерде мұғалім беделінің асқақтауы олардың өздеріне байланысты.
Бәрімізге белгілі, XIX ғасырдың екінші жартысында педагогикаға және қоғамдық тәрбиеге деген сұраныс күшейе түсті. Біріншіден, оған жастарға қоса ересектерді де тәрбиелеу мәселесі ене бастаған еді. Екіншіден, әлеуметтік жүйедегі нормаларға бағынбайтын барлық жас ерекшелігіне қарамай өкілдерді бейімдеу мен қайта тәрбиелеу қажеттігі туды. Әлеуметтік педагогиканың қалыптасуына түрткі болған объективті сұраныстардың тууына Еуропа мен Америкадағы әлеуметтік-мәдени про-цестердің ықпалы күшті болды. Ол жерлерде индустрияландыру күшімен халық ауылдық жерлерден қалаға ағыла бастады. Халық жаңа жағдайға бейімделе алмай, толыққанды отбасын құру қиындады.
Соның салдарынан қылмыс, әдепсіздік еселеніп, қаңғыбастар мен кедейлер көбейді. Еуропадағы урбандалу мен ұлттық мемлекеттің қалыптасуы, солтүстік Америкада америкалық ұлттың қалыптасу процестері тұрғындардың барлық әлеуметтік топтар мен жас ерекшелігі топтары өкілдеріне ортақ құндылықтар насихатталып, мойындатылуын талап етті.
Бұдан шығатын қорытынды, егер ата-аналар өз балаларын дұрыс оқытып, тәрбиелеп, мектеп мұғалімдерінің тірегі бола білсе, мұғалімдерді қолдап отырса, мұғалім беделі жоғары болатындығы күмәнсіз.
Басты міндет – педагог қызметіне қойылатын талапты күшейту. Олай болса, әрбір мұғалім өзіне қойылған талапқа сай өзінің жауапкершілігін күшейту, яғни өз арының алдында, қоғамның алдында, өз елі алдында өз мамандығына жан тазалығы — ұждан керек екенін ұмытпауы тиіс. Оқушылардың бойында жан тазалығы — ұжданды сіңіру, қай педагогтың да басты міндеті.
Дәстүрлі тәрбиеші тәрбие мен моральдың жеке-дара насихатшысы болудан қалған кезеңде туындаған вакуумды толтыру мақсатында педагогика ғылымы әлеуметтік педагогиканың алғышартын жасай бастады. Бастапқыда, әлеуметтік педагогикаға дұрыс анықтама берілмеді. Неміс ғалымдары Герман Ноль мен Гертруда Боймер: әлеуметтік педагогиканың зерттеу пәні – «қамқорсыз қалған ба-лаларға әлеуметтік көмек көрсету және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу», – деген болатын, ал Пауль Наторп әлеуметтік педагогика пәнін қоғамның тәрбиелік күштерін халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында біріктіру мәселесін зерттейді деп дұрыс көрсеткен.
Педагогика ғылымы секілді әлеуметтік педагогика да ізгілікті ғылымдармен байланыста дамып, жеке өзіне ғана тән «әлеуметтік іс-әрекет», «әлеуметтік білім беру» және «әлеуметтік тәрбие» сияқты салалардан тұрады.
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет кәсіптік жұмыстардың бір түрі ретінде баланы әлеуметтендіруге көмектесіп, әлеуметтік мәдени тәжірибелерді меңгеруге қолайлы жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл іс-әрекет әлеуметік педагог тарапынан әртүрлі оқу мекемелерінде, ұйымдарда, қауымдастықтарда, кәсіпо-рындар мен шеберханаларда, жеке тұл-ғамен де жүргізіледі.
Бұл орайда «Педагог мәртебесі туралы» Заң мұғалімдерге серпіліс әкелді. Мұғалімнің құқы арнайы заңмен қорғалатын болды деген ақпарат мұғалімнің қоғам алдындағы еңсесін бір көтеріп тастағаны анық. Ал заңда көрсетілген мұғалімнің құқығы «Білім туралы заңда», «Еңбек кодексінде», т.б. заңдарда да бұрыннан бар болатын. «Педагог мәртебесі туралы» Заң да осы заңдар қатарында жатып қалмауы үшін мұғалім өз құқығын заңмен қорғай білуі маңызды. Ол үшін мұғалім мектептегі басты тұлғаға айналып, мұғалімнің оқушыға сапалы білім беруіне барлық жағдай жасалынуға тиіс.
Жалпы педагогикалық іс-әрекет жеке тұлғаның әртүрлі тосын жағдайларға ұшырап қалғанда одан шығуына көмектесу, сүйемелдеу мақсатында ұйымдастырылады.
Қазіргідей адам мен қоршаған ортаның, адам мен қоғамның арасында қарама-қайшылықтар үдеп, адамдардың психикасына әсер ететін теріс көріністер орын алып отырған кезде әлеуметтік тәлім-тәрбиенің маңызы зор. Ауыр күйзеліске ұшыраған жетім-жесірге, мүгедекке, қараусыз қалған жандарға, кедейшілік пен қайыршылыққа душар болғандарға, әртүрлі туа біткен не техногенді, экологиялық апаттарға үшыраған адамдарға қолдау көрсетіп, көмек беруде әлеуметтік педагог мен әлеуметтік қызметкер жұмысының өзіндік маңызы өте зор.
Бір сөзбен айтқанда, педагогика болашақ мамандар мен педагогтардың алдына мынадай мақсаттарды қояды:
• таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалық білімдерді меңгеру;
• әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу жолдарын қарастыру;
• баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге баулу;
• баланың ізгілікті сенімдерін ояту, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;
• тосын жағдайлардан өз алдына шығуға ұмтылу, тура шешім табуға, тартынбай іс-қимылға кірісуге үйрету;
• қоршаған ортаның әсерін талдай білу және әлеуметтендіру «құрбандығы», шығындары туралы түсінік беру және көмектесе білуге үйрету.
Баланы адамгершілікке, ізгілікке, қам-қор болуға үйрету жеке өз мүддесін, талабын қанағаттандыруға баулу, қабілеттерін дамытуына ынтасын ояту мақсатын көздейді. Тосын жағдайларға ұшыраған, көмекке мүқтаж адамдарға көңіл бөлу, олардың мәселелерін шешуге қол ұшын созып, ізгілікті қарым-қатынас орната білу қазіргі өтпелі заманда аса қажет.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруда педагогиканың атқаратын іс-әрекетінің өзіндік орны бар:
• қалпына келтіру және тәрбиелеуді жүзеге асыру;
• әлеуметтік құқықтық мәлімет пен білім беру;
• әлеуметтік қатарға қосу (реабилитациялау).
Тәрбиелеу қызметі баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатысу
Әлеуметтік құқықтық қызметі балаға мемлекеттік туа біткен не болмаса тосын жағдайлардан мүгедек болып қалған немесе созылмалы ауруларға ұшыраған, ақыл есі кем, дамымай қалған кемтар балаларға көмек беру, күтпеген жағдайлардан шығып кетуге жәрдемдесу болып табылады.
Мұғалімнің мәртебесін шынайы анықтайтын фактор – оқушының мұғалімнен алған білімі. Білім са-ласындағы реформалар осыған басымдық бергенде ғана мұғалімнің шынайы мәртебесі анықталады. Қазір жалпы орта білім сапасы мұғалімнің оқушыны тоқсандық бағалауына негізделген статистикалық мәліметпен өлшенеді. Бірақ бұл жерде субъективті әртүрлі әсерлер болғандықтан оны нақты шынайы мәліметке жатқызуға келмейді. Дегенмен, мұғалімнің қазіргі жағдайы бұрынғыдан көп жақсарды деп айтуға болады.
Балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортаның ерекшеліктерін зерттеу, талдау, бұрынғы өмір тәжірибелерін, танып-білу, ұлттық мұра, отбасы салт-дәстүрлеріне мән беру іс шараларын ұйымдастыру – әлеуметтік педагогтың ең басты міндеті. Баланы білмей, ұғынып түсінбей тұрып, оған көмектесу қателіктерге ұрындырады.
Ресейде әлеуметтік педагогиканың пайда болуы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 20-жылдарында ғана мектептің өмірмен және әлеуметтік ортамен байланысын ұйымдастыру және жүзеге асыру түрінде дами бастады.
Алдымен, педагогиканың зерттеу ұстанымдары туралы сөз қорғау керек. Себебі ұстаным дегеніміз – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда табан тірейтін, басшылыққа алатын негіз.
Тәуелсіз еліміздегі бүгінгі мектептің басты міндеті – оқушыны оқуға, ойлануға, болашақ тағдырын жете танып, білуге үйрету екені айқын. Қазіргі таңда мұғалімнің мәртебесіне ¬рухани жағынан, Заң жүзінде де ерекше көңіл бөлінуде. Әрі мұғалімге жүктелген талап та жоғары. Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін маманға өркениетті елдер аса құрметпен қарайды. Мұндай көзқарасқа біз де қол жеткіздік. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанда мұғалімге деген құрмет жыл сайын артып келеді деп сенімді жауап бере аламын. Сөзімнің дәлелі – күшіне енген «Педагог мәртебесі туралы» Заң.
Соған орай айтарымыз, біз тілге тиек етіп отырған педагогиканың үш негізгі ұстанымы бар:
1) жұмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;
2) қоршаған ортаның мэдениетін, басқа да ерекшеліктерін есте ұстау;
3) ізеттілік қарым қатынас орнату, ықпал ету.
Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымың басшылыққа алуда педагог баланың туа біткен табиғи ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді. Бұл ұстаным туралы алғаш пікір айтқан белгілі чех педагогі Ян Амос Коменский болатын. Ол әйгілі «Ұлы дидактика» деген еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеуді, оның психикалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру керектігін белгілеген.
Француз философы Жан-Жак Руссо өзінің әйгілі «Еркін тәрбие» теориясында: «Баланы еркін тәрбиелеу керек, оған қысым көрсетпей, болмысындағы табиғи қабілеттерін дамытуға жағдай жасау керек», – деген. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін тәрбиелеушілер мынадай ережелерді есте сақтайды.
• баланың жас ерекшеліктерін ескеру;
• баланың дара және жыныстық ерек-шеліктерін ескеру;
• баланың бойында ашық байқалған қабілеттерін ескеру. Өздігімен және жетекшілік арқылы қалыптасатын тұстарын ескеру.
Сонымен педагог мамандығы иелерінің бүгінгі мәртебесі қандай? Бұл сұрақтың жауабы – «Педагог мәртебесі туралы» Заң. Ұстаздардың құқығы, беделі, әлеуметтік жағдайы заңмен бекітіліп, үлкен құрмет көрсетілген соң, оларға қойылатын кәсіби талап та арта түседі.
Ал әлемдік тәжірибеге сүйенсек, баланы қоршаған орта, мәдениетпен байланыста, дамуы ұзақ жылдардан бері жинақталған білімді, қалыптасқан мәдениетті өздестіру арқылы жүзеге асатынын алғашқы болып Адольф Дистерверг атап көрсеткен болатын. А. Дистерверг баланың дамуы туған жері, ол туған заман, қоршаған орта, ол туған халықтың жинақтаған мәдениетін меңгеру арқылы іске асатынын айтқан еді.
Орыс педагогі К.Д. Ушинский баланы білімді, мәдениетті адам етіп тәрбиелеу үшін оны жазуға, оқуға, есептеуге және ана тілінде оқып сөйлеуге, салт-дәстүрін бойына сіңіріп өсуіне жетелеу керек екендігін «Родное слово» деген оқу кітабында жан-жақты қарастырған.
XIX ғасырдың екінші жартысында «неміс мұғалімдерінің әкесі» Адольф дистерверг кәмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылық болдырмау мақсатында қараусыз кеткен балалармен жүргізілетін педагогикалық іс-әрекетті бойын көрсету үшін «әлеуметтік педагогика» сөз тіркесін ұсынған. XIX ғасырдың басында неміс философы П. Наторп ел арасында мәдениет пен ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында қоғамдық тәрбиелеу күшін материалдық идеясын ұсынды, ол қоғамды жалпы білімдендіруге дінге шақырылып, осы идеяны іске асыру үшін тәрбиелеу факторын, яғни «азаматтық одағын» құруға шақырды. Бұл іс-әрекетті ол әлеуметтік педагогика деп атады яғни ағарту ғасырында, қоғамның естиярлық ой тұжырымдаған, ол ой бойынша оқыту мен тәрбиелеу қоғам дамуында опертикалық фактор болып табылады, ал адам дамытудың мақсаты болуы тиіс. Әр адам өз ісінің үлкен ауқымын сезініп, планеталық түйсік қалыптасуын, өзінің бүкіл адамзат өркениетінің болашағына жауапкершілігін түсіну міндеті қойылды. Әлеуметтік тәрбиенің теориясы мен тәжірбиесін бұлай түсінуге сәйкес оны «әлеуметтік жұмысқа қабілеттілік» деп хабарлайды.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында педагогтің -ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді. Заңда педагогтің әдебі, кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары, педагогті материалдық және материалдық емес қамтамасыз ету, т.б. мәселелер қамтылған.
Педагогика әрқашан адамды түз-ету мен оның еркін ынталандыру жұмыстарын жасап отыруы керек. О. Больнов адам тіршілігі мен оның тәр-биелік мүмкіндіктерінің тұрақсыздық проблемасын көтeрді. Оның тұжырымы бойынша адам тіршілігінің айнымас бір қасиеті тоқыраулар, олар адамның қалыптасқан өмірін бұзғанымен, өмірінің жаңару мен тазару көзі болып та- былады. Тәрбие адамға әлеуметтік жағдайларды түсінуге, тоқыраудың жаңарту сипатын алуға көмектеседі, әлеуметтік қиындықтарды жеңуге ішкі күш береді. Тоқырау жағдайлары адам өміріне тән қасиет, олардан қашудың да қажеті жоқ. Тәрбие адамға «ұйқыдан» оянып белсенді іске көшуге көмектесуі керек. Кеңес заманында педагогикалық жұмыстар ортақ жалпы мемлекеттік жүйе болып халықтың барлық саласын қамтыды. Елде сауатсыздық пен қаңғыбастықты жою, жалпы орта білім беруді енгізу сияқты әлеуметтік-педагогикалық міндеттер шешілді. Қазіргі жағдайда әлеуметтік-педагогикалық теория мен тәжірибеге деген қажеттілік жойылған жоқ, керісінше қажеттілік күшейді, себебі бір жағынан қоғам мен жеке адамның өмірінде әлеуметтік факторлардың рөлі күшейді, екінші жағынан әлеуметтік көмекке зәру балалар мен ересектердің саны өсті, әсіресе әлеуметтік-педагогикалық көмек қажет адамдар өсті. Осының барлығы оқыту мен тәрбие беру саласында жұмыстың белсенуін талап етеді.
Осыған орай министр Асхат Аймағамбетовтің бүгінгі таңда жасап жатқан реформаларын кемел келешекке жетудің бастамасы десек болады. Соған орай министрімізге ұстаздардың көбі дән риза. Кездестіріп қалған қай мұғалімнен сұрасаңыз да қазіргі өзгерістер жайлы жылы пікірлер айтатыны сөзсіз. Ескі айдың бітіп, жаңа айдың басталатын шағын қазақ «өліара» дейді екен. Қазіргі қазақстандық педагогтардың шынайы мәртебесі – осындай.
Бұл күнде педагогика атауының объектісі болып тек адамның жастық шағы ғана емес, оның осы уақытқа дейінгі өмірі табылады. «Әлеуметтену» терминін американдық психолог Т. Парсонс адам өз өмірінің өту барысын, өмірде және қоғамда алған білімі, әлеуметтік қабілеттері мен білімдердің дамуы, барлық мәдениетінің интернациялануының про-
цесстерін сипаттау үшін ұсынған болатын. Әлеуметтік-педагогикалық теория мен практиканың объектісі болып адам табылса, ал оның құралы болып әлеуметті дамуы мен орналасуының педагогикалық аспектісі болып табылады. Әлеуметтік педагогикада әлеуметтік жүйені бөледі. Онда тиісті әлеуметтік педагогикалық көріністің дамуын немесе әлеуметтік педагогикалық мақсатқа жету үшін әлеуметтік педагогтың қалыптасқан іс-қимылының, тәрбиеші мен тәрбие алушының бірге іс-әрекет жасауын түсінеді. Кез-келген әлеуметтік-педагогикалық процесс оның даму этаптарын қосады.
Ал бізде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді. Заңда педагогтің әдебі, кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары, педагогті материалдық және материалдық емес қамтамасыз ету, т.б. мәселелер қамтылған.
Сол себепті біз педагогикалық жүйенің мазмұнын кез-келген сипаты әлеуметтік көрінісінің дамуы, біртұтас адамның әлеуметтік дамуы ретінде қарастырып көрелік. Мұндай процесті төмендегідей құруға болады:
1. Әлеуметтік педагогикалық жүйе белгілі бір көріністің дамуы іспеттес (біртұтас адамды, тұлғаның сапасы және т.б.);
2. Этаптар
3. Әлеуметтік педагогикалық көрініс-тің дамуы;
4. Қызмет ету шарттары;
5. Субъектінің немесе объектінің болуы;
6. Дамуды қамтамасыз ететін меха-низмнің болуы;
7. Көріністін обтимальды даму қа-жет-тіліктеріне осы әлеуметтік педа-гогикалық жүйенің жылжу шарттарының сәйкестігі;
8. Ортаның сәйкестігі, әлеуметтік факторлар.
Сонымен, әлеумет, әлеуметтік педагогика, әлеуметтік тәрбие беру және әлеуметтік оқытудың тұтастығы ретінде нәтижесі болып, әрбір жеке тұлғаның немесе адамдар тобының қол жеткен деңгейлерімен сипатталатындығына көз жеткіздік. Алайда осы айтқандарымыздың барлығын білімді ұлт қалыптастырудың алғышарттары десе де болады.
Ал нақтылы іс-шара тұрғысына келсек, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол өткен жылы қойған болатын. Соған орай 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы. Аталған жобаның шеңберінде зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілінің дамуына жағдай жасау, жастар үшін жаңа ашу секілді мәселелер қарастырылған.
Педагогтардың басты міндеттерінің бірі – баланың ана тілінің жүйесі мен заңдылықтарын игеруіне, сол игерілген білім мен дағдыларын өзін қоршаған өмірдегі ұғымдар негізінде ойлау икемділіктерін арттырып, күнделікті қарым-қатынаста түрлі жағдайларға орай пайдалана білу шеберліктерін қалыптастыру. Бұл әрекетке баланың сөздік қоры негіз болады, ал сөздік қорды жетілдіру жұмыстары бірнеше маңызды мәселені шешеді. Олар: оқушылардың өз ойын тілдік қатынаста тиісті сөздермен емін-еркін жеткізу;
оқулықта берілген тілдік материалдарды түсініп оқу;
сөздерді орынды қолданып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру; оқушының сөз байлығының дамуы;
Соған орай қазіргі кезде бала саны көп мектептерде екі психологтан, ал бала саны аз мектептерде бір психологтан бар. Қиын оқушылармен психологтар айналысады деп оларға ысырып тастауға әсте болмайды, сабақ беретін әрбір педагог психолог болуға талпынуы тиіс.
Алайда оқушылардың сөздік қорын байыту арнаулы түрде зерттелмеді, сөздік қорды дамыта оқытудың әдістемесі жасалмады. Негізгі мақсаты – бастауыш мектеп оқулықтарына берілетін тілдік материалдарды ғылыми тұрғыдан сұрыптап, бала тілінің дамуы, меңгерілген лексикасының сандық және сапалық ерекшеліктерін ескеру. Сол сияқты оқып үйренуге арналған минимум сөздіктерге тілімізде жиі кездесетін және мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білу. Мұндай жұмыстар тілдік таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, тілдік қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық бірліктің негізгісі мәтін құру арқылы жүргізіледі.
Дей тұрғанмен мәтінді толығырақ тануда мәтін мен сөйлемдер арақатынасын анықтап алудың өте маңызы зор. Себебі біршама ғалымдар мәтінді бір ғана (жай немесе күрделі) сөйлемнен тұрады деп санайды. Бұнымен келісуге болмайды. Тек бір ғана сөйлемнен мәтін құралуы мүмкін емес. Сондықтан мәтін құру мен сөйлем түзу заңдылықтарын бір-бірінен ажырата білу қажет.
1) Сөйлем дайын формулаға сәйкес құрылады да, мәтін жалпы ұстаным бойынша құрылады;
2) Сөйлемнің негізгі белгісі оның грамматикалық құрылымында болса, мәтінде мағыналық құрылымында;
3) Сөйлемді грамматикалық жағы-
нан құрғанда қатаң ұстанымға негізделсе, мәтінді мағыналық жағынан ұйымдастыру, яғни сөз таптарының ішкі байланысы еркін ұстанымға негізделеді. Солай бола тұра қашықтан оқыту кезінде көп жайттың беті ашылды.
Қашықтан оқу мұғалімдердің шынайы мәртебесін анықтап берді десе де болады. Балаға білім беру, үйрету ата-аналарға үлкен салмақ түсіріп жатыр. Экранның арғы бетінде отырған балаларға сапалы білім беру жолында менің әріптестерім аянып қалып жатқан жоқ. Жасы да, жасамысы да жаңа технологияларды тез игеріп, әртүрлі платформаларда сабақ жүргізуге бейімделіп кетті.
Жалпы заңға жүгінсек, бейініне сәйкес келмейтін педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдарға, сондай-ақ педагогикалық білімі жоқ, бірақ даярлықтың тиісті бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі мен біліктілігі бар адамдарға тиісті педагогикалық қайта даярлаудан өткеннен кейін педагог ретінде кәсіби қызметпен айналысу құқығы беріледі.
Қалай десек те білікті педагог мәтін құрамындағы сөйлемдердің өзара байланысуын аңғарту арқылы бастауыш мектеп оқушыларына жүйелі ойдың дамуын, өрістеуін байқатуға болады.
Сондықтан балаларға арналған мәтін құрамындағы сөйлемдердің өзара байланысу ерекшелігін, сөйлемдердің ұзындығын өзара қатар келген екі сөйлемнің қалай байланысып тұрғанын анықтауға үйретудің маңызы зор. Себебі бұлар мәтіндік ішкі байланыс арқылы жүзеге асады. Ол бір сөздің екінші сөйлемде қайталануы немесе бір түбірлі сөздер арқылы жасалады. Бірінші сөйлемде келесі сөйлемде айтылатын ойдың элементі, екінші сөйлемде үшінші бір сөйлемде берілетін ойдың элементі жүреді. Сөйтіп мәтін айтылатын ой қашан біткенше бұл тізбек өзара байланысып, жалғаса береді.
Егер «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарына сүйенсек, педагогикалық және кәсіби білімі бар, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, оның ішінде қосымша білім беруді ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру қызметін ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын, еңбек саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген кәсіптік стандартгарда көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін адамдардың педагог мәртебесі болады.
Бастауыш сынып оқушыларына мәтін құрамындағы сөйлемдер байланысының жасалу жолдары жайлы түсінік беру арқылы балаларды жас ерекшелігіне, сынып-сыныбына қарай жүйелі ойлауға, мінез-құлқын ұлттық психика негізінде тәрбиелеуге болады. Мұның бәрі мәтіндегі сөздерді ой елегінен өткізу, пайымдау арқылы жүзеге асады.
Жалпы ұлттық жоба осыған дейін де айтқанымыздай 4 бағыттан тұрады. Ол мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, техникалық және кәсіптік білім, сондай-ақ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды. Жобаның мақсаты- жас ұрпаққа сапалы білім беруді көздейді. Сонымен қатар, ұлттық жобаны іске асыру мектептердің инфрақұрылымын жақсартуға, мек-тептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ана тілінің тазалығы мен сөздердің дұрыс қолданылуына үлкен мән бере келіп, сөздік қорын дамытудағы түсіндірмелі оқу әдісінің маңыздылығын көрсетті. Ал А. Байтұрсынов тіл мәдениетіне, тілдің қисынды болуына мән бере келіп, айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтатынына назар аудартты. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керектігін ескертті. Ол үшін айтушы сөйлейтін сөзін жақсы қолдана білуі тиіс деген талап қояды. С.Жиенбаев оқушының сөз байлығын молайту үшін: оқушының сөйлеу сапасын арттыратын; ойлағанын дәлелдеп, жүйелеп айтуға дағдыландыратын; дұрыс жазуға үйрететін жұмыстар жүргізу керек деп есептеді. Шамғали Сарыбаев оқушылардың тілін дамытуды, оның ішінде сөздік қорды арттыруды грамматиканы оқыту мен байланыстыра жүргізуды қуаттаса, Ғ.Бегалиев сөз мағыналарын игерту әдіс-тәсілдеріне мән берді.
Ал «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған.
Бұл тұрғыда министр А.Аймағамбетов «Педагог мәртебесі» туралы Заңның педагог мәртебесін орындау бойынша осы ымырасыз ұстанымды біз алдағы уақытта да ұстанатын боламыз», — деген болатын.
Педагог мәртебесіне көлеңке түсірмеу басты міндет болса да оқушының сөздігін байыту деген – оның сөздігінің сандық өсуі ғана емес, ұғым көлемін кеңітетін сапалық өзгеруі, сөз мағыналарын нақтылай түсуі, белгілі сөздің жаңа мағыналарымен таныс болу, сонымен қатар сөзді орынды, жатық қолдану.
Қазақ тілін оқытуда тіл туралы білім берумен бірге оқушыны тілдік қарым-қатынасқа даярлау міндеті қойылды. Ол: баланың тілін дамыта оқыту, сөздік қорын молайту; сөз, сөйлем, мәтіннің мағынасы, ұғымы, ойы, және мазмұны арқылы оқушылардың бойында ұлттық танымды қалыптастыру.
Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен, оқыту үдерісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігі мен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту, жазу әрекетімен байланысты болады.
Сондықтан қатысымдық икемділік пен жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғни тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастыру болып табылады. Тіл білімінде әдетте сөзді екі тұрғыдан, сөйлеу үдерісі және сөздің құрылысы тұрғысынан қарастырады.
Бұл орайда қай педагог та ескерер жайт, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы 5 тапсырмадан, 15 көрсеткіштен және 26 іс-шарадан тұрады. Жоба Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған.
Сондықтан да білікті педагог қандай да бір тілді меңгеру үшін алдымен сол тілдің қажетті сөздік қорын игеру керектігін айтады.
Қазақ тілін оқытудағы басты мақсаттарының бірі – тілді оқушының қарым-қатынаста дұрыс қолдану құралына айналдыру. Мұндай мақсатқа жету үшін оқушыларда сөйлеу дағдысы болуы керек. Оқушының сөйлеу дағдысы оның сөздік қорының болуына, грамматикалық бірліктерді бір-бірімен байланыстыра алуына және оны сөйлемде, мәтінде дұрыс қолдана білу дағдылары мен икемділіктеріне байланысты.
Бұл – тіл ғылымының түрлі салалары өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Сондықтан оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстары басты тұлға ретінде сөзді алып, оның грамматикалық көрсеткіштері негізге алынады.
Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын қысқарту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын құру және басқа да мәселелер қарастырылған. Жобаның басты мақсаты — барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған.
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұ-
мабаев оқулықтарда баланың өз бетімен сөйлеуіне мүмкіндік беру үшін ондағы материал бала ұғымына сәйкес болу керек екендігін айтқан. Оқулықтағы берілетін материалдар балаға, баланы қоршаған ортаға, өмірдегі бала түсіне алатын құбылыстарға жақын, жеңілден ауырға қарай берілуге тиісті, өйткені бала ана тілін меңгеру үдерісінде алдымен өз заттары, өзін қоршаған орта туралы пайымдауы қалыптасуы арқасында оған сөйлеуге деген қажеттілік пайда болып, сөйлеу тілі қарапайым сөйлеуден күрделілікке қарай дамиды. Осыған орай оқулықтағы тақырыптар, оларға сәйкес болуға тиісті.
Соған байланысты педагогтарға заң аясында адал еңбегі және өзінің кәсіптік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін ұйымның ішкі тәртіп қағидаларында көзделген көтермелеулер қолданылады. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы халықаралық олимпиадалардың, кон-
курстардың және спорттық жа-рыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйы-мының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.
Сол биіктен көрінген педагогтар оқулықтың оқушыға түсініктілігі, сапасы оның құрамындағы сөйлемдер ұзындықтарына байланысты болып келетіндігін түсіндіре алады. Сондықтан мәтіндегі сөйлемдер ұзындығына қатысты мәселелерін лингвостатистикалық әдісті қолдана шешу ғылыми шындық десек те болады.
Балаларға білім беруде, сөздерді өз тәжірибесінде қолдана білуге жаттықтыру сөздің тіліміздегі қолдану нормасына сай негізделеді. Тілдің ауыс мағынасы, метонимия, метафора, синекдохалық, синонимдік, омонимдік және антонимдік мәнде қолдану мен бейнелегіштік (троптар), стильдік эксперимент талдау т.б әдістері арқылы жүргізу тиімді болып табылады. Тіл байлығын дамытуға байланысты жұмыстардың формалары мен әдіс-тәсілдерін үш топқа бөліп қарастыруға болады: 1) айнала қоршаған ортамен таныстыру; 2) мүлде таныс емес немесе мағынасы күңгірт сөздерді, сөз тіркестерді үйренуге ықыласын аудару, жаңа сөздер және сөз тіркестерімен таныстыру; 3) білетін және игерген сөздері мен сөз тіркестерінің қолданылуындағы стильдік реңдерін меңгерту тәрбиешілердің алдына қойылған үлкен міндет болып табылады.
Бала айналасындағы заттармен, ойыншықтармен, туған-туыс бауырларымен, үй жануарларымен, құстармен, жабайы аңдармен, құрал-жабдықтармен, жол жүру ережелерімен, тамақтану әдебімен, жуынуға керекті заттармен, бірте-бірте танысады. Өсе келе үйренген, танып-білген түйсіктерін іс жүзінде пайдаланып, қалыптасады.
Педагогтардың осы орайда атқарған еңбектерін ескере келе аталмыш заң мұғалімдердің өміріне оң өзгеріс әкелді. Бірінші, жаппай қағазбастылықтан құтқарды. Енді болмайтын бір құжат үшін аудан мен облыстан сабылып келетін комиссияның жолы кесілді. Екінші, еңбекақы мәселесі шешілді. Үшінші, ашқанның алақанында, жұмғанның жұдырығанда жүретін дәурен өтті. Сондықтан қай педагог та өз мамандығын мақтан етуі тиіс.

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *