Жоғары санаттағы білікті ұстаздар саны артпақ Шымкент қаласында қала әкімінің тапсырмасы негізінде, білім саласында бес жылға арналған жүйелі жоспар құрылған. Білім саласы зерделеніп, 72 жаңа...

shymkent-1-960x500

SHymkent

Жоғары санаттағы білікті ұстаздар саны артпақ

Шымкент қаласында қала әкімінің тапсырмасы негізінде, білім саласында бес жылға арналған жүйелі жоспар құрылған. Білім саласы зерделеніп, 72 жаңа мектептің құрылысы жоспарланып отыр.
Бекітілген құжатта үш ауысымды мектептер мәселесін толықтай шешуді және мектебі жоқ елдімекендерге мектеп салу жобасы қаралған. Биыл қаладағы үш ауысымды мектеп саны 19-дан 10-ға кемісе, 2024 жылы бұл мәселе түбегейлі шешімін табады.
Қалада білім сапасын жақсарту мақсатында ең әуелі ұстаздардың біліктілік деңгейін көтеру көзделіп отыр. Қазір білім мекемелерінде жоғары санатты ұстаздар 59,5 пайызды құраса, 2025 жылы 85,9 пайызға артады.
Сонымен қатар, алдағы бес жылда техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуальды оқытудың үлесін арттыру көзделген. Осыған орай, Шымкент қаласын дамыту Жол картасына сәйкес дуальды оқыту бойынша студенттер саны артып, 2021 жылы 11,3%, 2022 жылы 18,1%, 2023 жылы 22,6%, 2024 жылы 27,1%, 2025 жылы 42% дейін көтеру жоспарланып отыр. Дуальды оқыту барысында жұмыс берушілердің сұраныс-талаптарына сай кәсіптік-техникалық мамандар даярланады. Нәтижесінде еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауда тек білім ұйымдары емес, жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігі артады.

Шымкентте күрделі ота сәтті жасалды

Шаһардағы қалалық №2 ауруханада Нұр-Сұлтан қаласынан келген рентгенхирург Евгений Мунның қатысуымен «Остеоартрит кезінде тізе асты артериясының тармақтарын эмболизациялау» тақырыбында ше-берлік сағаты өткізілді.
Тізе буынының ауыр остеоартриті бар науқастарда ауырсынуды тиімді азайту үшін тізе асты артерияның тармақтарын эмболизациялау ұсынылуы мүмкін. Бұл әдісті консервативті емдеуге келмейтін және реконструктивті операцияға мүмкіндігі келмейтін науқастарға ұсынылады.
Тізе асты артерияның тармақтарын эмболизациялау – қабынуды азайту арқылы ауырсынуды және остеоартриттің басқа белгілерін азайту үшін интервенциялық рентгенхирургтармен жүргізетін жаңа тәсіл. Шеберлік сағаты кезінде аурудың әртүрлі сатылары бар 5 науқасқа алғаш рет жаңа әдіспен ота жасалды. Отадан кейін науқастар өздерін жақсы сезінуде және жақын күндері ауруханадан шығады деп күтілуде.
Айта кететіні қалалық №2 ауруханада биыл наурыз айында ми қан айналымының бұзылысы бар науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін инсульт орталығы, рентгенохирургиялық диагностика мен емдеу әдістері бөлімшесі (ангиография) ашылған болатын. Бүгінге дейін онда 220 рентгенхирургиялық ота жасалған.

Инфрақұрылым мәселелерін шешу – күн тәртібінде

Қала тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Абай ауданы келер жылы сапалы электр энергиясымен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Жалпы Абай ауданында 34 елдімекен болса, ондағы тұрғындардың барлығы электр жарығымен қамтылған. Оның ішінде 8 елді мекен сапалы электр энергиясын жеткізуді қажет етеді.
Бұл елдімекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы бюджет есебінен 3,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Нұршуақ, Жаңа-талап, Ынтымақ-2, Батыс, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар елдімекендерінде электр желілері мен бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Келер жылдан бастап Абай ауданының барлық тұрғыны сапалы электр жүйесіне қосылатын болады.
Абай ауданына қарасты Ақтас-2 шағынауданының тұрғындары ауызсуды тасып ішеді. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылы мердігер мекеме «Алтын констракшн» тарапынан құрылыс жұмысы басталған.
Бүгінде ұзындығы 50,9 шақы-рымды құрайтын ауыз су құбырының 87 пайызы орнатылды. Құрылыс жұмысы толығымен қараша айында аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде жыл соңына дейін Ақтас-2 шағын ауданындағы 1222 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады.
Жалпы қала тұрғындарының 95,6 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл 14 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін ауызсуды тасып ішетін 7 елдімекен (Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас) және кестемен берілетін 2 елдімекенде (Жаңаталап, Сауле) бұл мәселе шешілетін болады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98 пайызға өседі.

Индустрияландыру картасына
енген 17 жоба
Қазақстан Республикасының Премъер-министрі А.Маминнің тө-рағалығымен өткен Үкімет отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Эпидемиологиялық ахуал жөнінде хабарлаған еліміздің Денсаулық сақтау министрі А.Цой, Қазақстанда вакцинаның 1-компонентін 7,5 млн-нан астам адам алып, вакцинациялануы тиіс халық санының 75,8 пайызына жеткендігін айтты. 2-компонентпен 6,4 млн-нан астам адам қамтылып, екпе алуы қажет халықтың 64,7 пайызына жеткен. Шымкент қаласында вакцинаның бірінші компонентін 516 625 адам алып, көрсеткіш 96,4 пайызға өсті. Екінші компонент 417 708 адамға салынып, вакцина алуы тиіс контингенттің 77,9 пайызы қамтылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов индустрияландыру картасының іске асырылу барысы жайлы есеп берді. «2021 жылы өңірлер жалпы сомасы 1,23 трлн теңге болатын 128 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. 12 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобалардың ең көбі Шымкент қаласында – 17 жоба, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында – 14 жобадан», – деген министр, осы өңірлерде оң серпін байқалғанын айтты.
Индустрияландыру картасы шең-
берінде қаламызда биыл 17 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның шеңберінде 40 млрд. теңге көлеміндегі инвестиция тартылып, 758 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде биылғы тоғыз айда 5 жоба іске қосылып, 385 жаңа жұмыс орны ашылған. Тартылған инвестиция көлемі 12,6 млрд. теңгені құрайды.
Жыл соңына дейін Қазақстандағы бірегей кәсіпорын – «KazAlPack» аллюминий банкалар өндірісі іске қосылады. Бұл жобаны іске асыруға 23,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Жылдық қуаты 500 млн. қалбыр банка шығаратын кәсіпорын еліміздегі ішкі сұраныстың 65 пайызын қамтамасыз етпек. Энергетика саласындағы республикалық индустрияландыру картасына Шымкент қаласынан 1 жоба енген. «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС-нің метил трет бутил эфирі мен пропилен өндірісі кәсіпорнын құру үшін 25 млрд. теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорын 350 адамды жұмыспен қамтып, жылына 57 мың тонна өнім шығармақ. Кәсіпорын келер жылы іске қосылатын болады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіп экспортын 1,5 есе, еңбек өнімділігін 30 пайызға ұлғайту ды міндеттеді. Индустрияландыру картасының жобаларын уақтылы әрі сапалы іске асыру осы міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

«Атамекен» палатасының съезіне қала әкімі қатысты

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезі өтті. Онлайн-форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жиынға 384 делегат қатысты. Делегаттар қатарында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен жетекші сала басшылары бар.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес ауыл шаруашылығы саласын қаржыландырудың өзекті мәселелері, шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийді жою жайы айтылды. Сонымен қатар, ЕАЭО елдері мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастар, құрылыс материалдары құнының өсуіне байланысты жұмысы тоқтатылған әлеуметтік маңызды объектілер құрылысы мәселелеріне де назар аударылды.

Өрт қауіпсіздігі – басты назарда

Шымкент қаласында халықтың улы газ бен өртке қарсы мәдениетті тұрақтандыру мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтуде. Кезекті профилактикалық іс-шараға Шымкент қаласы ТЖ департаменті басшысы, полковник Мадияр Жақсыбаев қатысып, тұрғындарға үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Мобильді топ Абай ауданы Тельман бөлімшесіндегі жеке тұрғын үй секторларын аралады. Департамент басшысы тұрғындарға жылыту құралдар мен жабдықтарды алдын ала дайындау керектігін еске салды. Әсіресе газ құрылғыларға назар аударып, дұрыс орнатылмаса, қайғылы жағдайға әкелетінін жеткізді.
Мобильді топтың құрамында болған газ шаруашылығының мамандары арнайы аспаптарымен тұрғын үйдегі газ жабдықтарында газдың шығуын тексерді. Осы рейд барысында мамандар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 3 отбасыға газ дабылқаққышын орнатты. Айта кетсек, жыл басынан бері Абай ауданында мұндай құрылғы 22 отбасыға көмек ретінде орнатылған.

Кітап оқуға қызықтырған ұстаз

Шымкент қаласындағы бастауыш сыныбында оқитын бүлдіршіндерді кітап оқуға баулып, сана көкжиегін кеңейту жолында Гүлнұр Оразбекова түрлі жобаларды жүзеге асырып отыр.
Қаладағы №23 мектеп-лицейінде 25 жылдан бері бастауыш сыныбына сабақ беретін Гүлнұр Рысбекқызы біліктігі және ізденімпаздығымен әріп-тестері арасында үлкен абыройға ие.
Ол ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатында ашылған «Ұлттық дүниетаным» экспериментіне қатыс-қан. Бастауыш сыныптарында осы сабақты жүргізіп, ҚР білім беру ісінің үздігі, доцент Аюбай Құралұлымен бірге «Ұлттық дүниетанымды оқыту әдістемесі» әдістемелік құралын жазып шықты.
Ал 2003-2007 жылдары «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі тәжірибелік сынаққа қатысты. Пән эксперименті аясында, өңірлік, республикалық семинарларда сабақ беріп, тәжірибе алмасты. Курсты енгізудегі шеберлігі үшін 2004 жылы «Бөбек» қорының алғыс хатымен марапатталды.
Гүлнұр Рысбекқызы бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға баулу, сабақ оқу кезіндегі кедергілерді жою арқылы ынтасын сақтап қалу үшін мектепте «100 автор, 100 әңгіме» жобасын іске асырды.
– Балаларға арналған кітаптар баршылық. Алайда оның көбі өз оқырманына жетпейді.
Сондықтан оқу бағдарламасында қарастырылмаған 100 автордың 100 әңгімесін жинақтап, оқушының көзқарас көкжиегін кеңейтуге тырыстым. Жобаға оқушыны ата-анасымен қатыстыра отырып, отбасымен кітап оқуға тәрбиелеуді көздедім. Аталған жоба қалалық семинарда тәжірибе ретінде таратылып, өзге әріптестерім ыстық ықыласпен қабылдады, — дейді ұстаз.
Қазіргі таңда ұстаз «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында белсенді жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, оқушыларға заманауи жарнама түрін қолдану мақсатында кітап оқырмандары арасында байқау ұйымдастырды. Үздік шыққан оқырмандар республикалық «25 кітап, 25 ән» байқауында жүлделі орыннан көрінді.

24 сағат режимінде қабылдайтын орталық

Шымкент қаласындағы №2 аурухана базасындағы инсульт орталығы Президент Жолдауы аясындағы тапсырмаларды негізге ала отырып, халыққа тәулік бойы медициналық қызмет көрсетуге көшті. Енді тәуліктің кез келген уақытында инсульт алған науқастарға дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, ота жасай алады. Осылайша медицина мамандары өлім-жітім көрсеткішінің алдын алып, инсульттің салдарынан пайда болатын мүгедектік санын азайтпақ.
Аурухананың бас дәрігері Асқар Рахметалиевтің бастамасымен науқастар түнгі уақытта да ем қабылдауы үшін осындай қолайлы жағдай жасалып отыр. Қалалық №2 аурухана базасынан ковид орталығы ашылып, үш ай бойы емдеу орталығының мамандары қауіпті індетке шалдыққан науқастарды емдеген-ді. Мұнда инфекциялық стационар жұмысын тоқтатып, 17 қыркүйектен бері аурухана қалыпты режимде жұмыс істеуде. Ал аурухана базасындағы инсульт орталығы бірден тәулік бойы жұмыс істеуге көшті.
Айта кетейік, қалалық №2 ауруханада соңғы үлгідегі экспрерт класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды тыныстандыру, цифрлы рентген сынды инсульт ауруын емдеуге қажет аппараттар орнатылған. Заманауи құрылғылармен Литва, Германия, Франция, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей Федерациясында біліктілігін арттырып келген мамандар жұмыс істейді.
24 сағаттық режимдегі инсульт орталығында білікті мамандар 20 науқасқа күрделі ота жасап үлгерді. Оның ішінде 18 науқасқа инсульт, 2 науқасқа жүрек-қан тамырлары бойынша тіліксіз операция жасалды. Хирургиялық ем жасалған науқастардың барлығының да ем қабылдау барысында жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылған.

Зейнеткерлерді сауықтыруға арналған орталық

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы зейнеткерлерді сауықтыруға арналған «Асыл жүрек» орталығының жұмысымен танысты. Онда қызмет алушылармен тілдесіп, қарттар күні мерекесімен құттықтады.
Мемлекет тарапынан ардагерлерге әрқашан қамқорлық көрсетіліп келетінін және көрсетілетін көмектің көлемі жыл сайын артып отырғанын айтқан қала басшысы бұл бағыттағы жұмыстар Президенттің мемлекеттік саясатындағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Шымкенттегі әлеуметтік-меди-циналық «Асыл жүрек» орталығы 2019 жылдың наурыз айында ашылған. Мұнда күніне 4 сағат ақысыз жартылай стационарлық жағдайында медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталық екі ауысымда жұмыс істейді. Бір ауысымда 80 адамға дейін қызмет көрсетеді.
Бұл жерде зейнеткерлерді дәрі-герлік тексеруден басталады. Қарттарға қызмет көрсету үшін жоғары санатты кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Жуырда мекемеде физиотерапия кабинеті ашылып, көпфункционалды «Полимаг» қондырғысы іске қосылды.
Орталықта жыл басынан бері 235 зейнеткер екі ай көлемінде арнаулы әлеуметтік қызмет алды. Алдағы уақытта қалаға қарасты аудандарда орталықтың бөлімшелерін ашу жоспарлануда.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 82 351. Соның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 12, тыл еңбеккерлері – 2848.

Спортпен шұғылданушылар саны артпақ

Шаһарда бұқаралық спортты дамыту, спорт нысандарын қолжетімді ету мақсатында алдағы бес жылда 6 спорт кешені салынады. 2021 жылы бұл мақсатта 2 жоба іске асты. Қалада 2025 жылы спортпен шұғылданушылар санын 33 %-ға жеткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 2021 жылы 31, 2022 жылы 31,5, 2023 жылы 32, 2024 жылы 32,5 және 2025 жылы 33 пайызға жету көзделген.
Биыл жыл соңына дейін шаһарда 6 стрит-воркаут алаңын пайдалануға беру жоспарланған. Межелі жоспар артығымен орындалып, 7 воркаут алаңы халық игілігіне берілді. Сонымен қатар, шаһарда 5 жылда шағынаудандарда 80 спорт секциясын ашу көзделуде. Биыл 37 спорт секциясы ашылды.
Одан бөлек, 73 спорт алаңын ашу жоспарланған болатын. Бүгінде 115 спорт алаңының құрылысы жүргізілуде.

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсаңында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамутдинмен бірге ауданға еңбегі сіңген Шымкент қаласының құрметті азаматтары атанған Мұқан Омаров пен Нұрғали Нұртаевты төл мерекесімен құттықтады.
– Үлкенді сыйлап, оларға құрмет көрсету – ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың орны біз үшін бөлек. Еліміздің өсіп-өркендеу жолында әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, өсірдіңіздер. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Аман жүріңіздер, ұрпақтарыңыздың қуанышына бөлене беріңіздер, — деді аудан әкімі.
Әл-Фараби ауданында 1040 тыл ардагері, екі Ұлы Отан соғысы ардагері, 17 мыңға жуық зейнеткер ардагер бар.

8 жоба таныстырылымы

Шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штаб-тың кезекті отырысы өтті. Жиында жаңа жобалар мен өзекті мәселелер, аудандарда 2021 жылдарға бекітілген инвестициялардың, хаттамалық тап-сырмалардың орындалу барысы талқыланды.
Жиында «Zoom» жүйесі арқылы жеке кәсіпкерлер жаңа жобаларын ұсынды. Құрылыс, сауда, көпқабатты тұрғын үй бағытында, жалпы 8 жоба таныстырылды.
Атап айтқанда, «Асабаев Д.Е» ЖК металл конструкциялар дайындау өндірісі, лак-бояулары, респираторлар кәсіпорны, «Orient Ceramic» компаниясының керамикалық плиталар өндірісі жобасы таныстырылды.
Сондай-ақ, «BAZIS Shymkent» ЖШС, «Ұлы-Орда» ЖШС, «Prestige House» ЖШС көпқабатты тұрғын үй, «Абдиева А» ЖК бизнес орталығын салуға ниетті екенін жеткізді.
Ұсынылған жобалардың ішінде 4 жоба – құрылыс индустриясына қызмет ететін кәсіпорындар. Олар қарқын алған құрылыс саласын отандық өнімдермен толықтырып, Шымкент қаласын құрылыс индустриясы дамыған орталыққа айналуына ықпал етеді.
Қала әкімі барлық жобаларға қолайлы жағдай жасалатынын, жер телімі және инфрақұрылым мәселелері дер кезінде шешілетінін айтып, кәсіпкерлерді инвестиция салуға шақырды.
Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-ииновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндама жасады. Басқарма басшысының айтуынша, жалпы 145 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде оның 137-і орындалса, 8-і орындалу сатысында.
Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 2, энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы тарапынан 6 тапсырма орындалуда.
«Тассай» индустриялық айма-ғында орналасқан «Dentafill kazakhstan» ЖШС дәрі-дәрмек және гигиеналық бұйымдар өндірісі жобасын қажетті газ жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұсыныс енгізілген болатын. Бүгінде «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға табиғи газдың жетіспеушілігі бойынша 2-ші кезеңінің құрылыс жұмыстарына (табиғи газ) жобалау-сметалық құжаттама әзір-ленді. Сонымен қатар, «Тассай» индустриялық аймағы инженерлік инфрақұрылымының құрылысы бойынша техникалық-экономикалық негіздемесіне түзетулер енгізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін жүргізіп, аймақтағы өнеркәсіп нысандарын табиғи газ жүйесімен қамту жоспарлануда. Жалпы хаттамалық тапсырмаларды 1 қарашаға дейін орындау міндеттеліп отыр.

Тұрақты жұмысқа жолдама табысталды

29-30 қыркүйек күндері қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы жастар ресурстық орталығымен бірлесе бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырды. Бұл жолғы жәрмеңке Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарындағы шалғай елді мекендерінде өтті. 2000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынған жәрмеңкеде 478 адам тұрақты жұмысқа жолдама алды.
– Қаламыздың алыс елдіме-кендерінде тұратын тұрғындарға екі күн бойы мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен жұмыспен қамту шараларына тарту жөнінде түсіндірілді. Сонымен бірге, өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз жастарды «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысуға шақырамыз. Дегенмен жәрмеңкеге келіп үлгермеген азаматтар аудандық қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлімшелеріне барып, мамандардан кеңес ала алады, – дейді қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Б.Арқабаев.
Айта кетсек, қала тұрғындары жұмыспен қамту мәселелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының аудандық бөлім-шелеріне жүгіне алады.

Репродукциялық орталықтардың жұмыс нәтижелері

Шымкентте бедеулік бойынша есепте 338 жұп тұр. Оның ішінде 259 себеп әйелдің денсаулығына, 56 себеп ердің денсаулығына қатысты болса, 13 жұп донорлық бағдарламада кезекте тұр. Оларға 2019 жылы – 50, 2020 жылы – 64, ал биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасына сәйкес 403 квота бөлінді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметіне сәйкес, квота алған әйелдер өз қалауларынша еліміздің үш мегаполисінде орналасқан репродукция орталықтарын таңдай алады. Оның ішінде 4 репродукциялық орталық Шымкентте орналасқан. Олардың «Экомед-Шымкент» ЖШС, «Эко-Шымкент орталығы» ЖШС 2 филиалы, «Доктор Тарарака Шымкент орталығы» ЖШС, «Шымкент репродуктивті медицина институты» ЖШС кіреді.
Шымкенттік клиникалар бұл бағытта нәжижелі жұмыс істеуде. Атап айтқанда, «Экомедке» 177 квота бөлінген, оның 22-сі жүкті, 120-сы дайындықта тұр. «Эко–Шымкентке» 129 квота бөлінген, 40 әйел жүкті, 71-і дайындықта. Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасын іске асыру басталды. Оның мақсаты – қосалқы репродуктивтік технологиялардың көмегімен шиеленіскен отбасылық-демографиялық проблемаларды ше-шу.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, осы репродуктивті технологияның нәтижесінде тиімділік 45-60 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш біздің елімізде орта есеппен 15% — дан 42% — ға дейін өскен. Бала туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші (take baby home) 30% деңгейінде. Бұл ең жақсы еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.
Қазақстанда осы жылдан бастап бөлінетін квоталар саны 7000-ға дейін өсті. Бұл квоталарды беру айғақтарды кеңейтуге және оларды алу үшін кезекті едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда елімізде бедеулікпен есепте 11030 әйел тұр. Оның ішінде Шымкентте бедеулікпен есепте 338 жұп тұр. Бұл жөнінде қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов баяндады.
Оның айтуынша, биыл Шымкент қаласына «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 403 квота бөлінді. Әзірге 340 квота пайдаланылған. Биылдан бастап экоға бұрын жүгінбеген және жеке медициналық орталықтарда бақылауда болған бедеулігі бар пациенттерді белсенді түрде анықтауда. ЭКҰ-ға дайындық жүргізетін қалалық перинаталдық орталықтың консультативті-диагностикалық блогы жетекші медициналық ұйым ретінде бекітілді. Онда 2018 жылдан бастап «Бедеулік мәселелері жөніндегі кабинет» жұмыс істейді.
Сондай-ақ, квоталарға кезек ұсынудың ашықтығын және пациенттерді клиникаларға уақтылы жіберуді бақылауды қамтамасыз ету, мониторинг жүргізу мақсатында өңірлік комиссия құрылған.

Тұқымбақ ұлғайтылмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылда еліміздің орман қорында 2 миллиардтан астам, ал елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызуды айтқан болатын. Осы бағытта Шымкент қаласының жасыл алқап көлемін ұлғайту мақсаты қойылды. Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін ағаш-бұта көшеттерін өсіруге арналған орман тұқымбақтарын дамыту қажет.
Шымкент қаласының қала-лық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі тұқымбақ аумағы жыл соңына дейін 2,8 гектардан 8,2 гектарға ұлғайтылатын болады. Сонымен бірге, аталған мекемеге мемлекеттік орман қорынан 752,8 гектар жер учаскесі бекітіліп берілді.
Тұқымбақ жер учаскелерінде қаланың жасыл белдеу көлемін ұлғайту мен қала көшелерін, өндірістік нысандарын көгалдандыруға қажетті ағаш-бұта көшеттерін өсіру көзделуде. Бірінші кезекте тұқымбақтың 8,2 гектарына 19 түрлі ағаш-бұта тұқымдары өңдеп себіледі және 1,7 гектар жерге әртүрлі тал, ағаш, бұталардың 140 мың қаламшасы отырғызылады. Жоба бойынша өсіріліп жатқан ағаш-бұта көшеттерінің саны 1 миллион 770 мыңға жетуі тиіс.
Өткен жылы аталған тұқымбақтағы 2,8 гектар жерге 18 түрлі ағаш-бұтаның 86 220 ағаш тұқымдары егілді. Атап айтқанда қарағаш, үйеңкі, емен, талшын, өрік, бадам, қарамала, шаған және шабдалы, жиде, алмұрт, жайарша, айлант, сакура, катальпа, терек, бүйірген, сәмбі тал.
Сонымен қатар мекеме тарапынан ағымдағы жылы тұқым жинау жұмыстары жүргізілді.

Шымкентте: «Smart» аялдама

Шымкент қаласында ОҚМУ және М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған мектеп жанынан демеушілер есебінен екі «ақылды» аялдама пайдалануға берілді.
Жаңа аялдамада тұрғындардың, жолаушылардың ыңғайлылығы үшін тегін wi-fi, смартфон қуаттағыш көздері, кондиционер, қаланың картасы және маршрут бағыттары көрсетілген электронды тақтайша, бейнебақылау камералары орна-тылған. Жаңа аялдаманың ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мұндай жобалар қала тірішілігіне керек екенін жеткізді.
– Инвестор салып отырған бір аялдаманың құны 8 млн. теңгені құрайды. Өкінішке қарай, қалалық бюджет есебінен мұндай қаржыға аялдамалар сала алмаймыз, бағасы өте қымбат. «Ақылды аялдаманың» ең үлкен артықшылығы – жазда салқын, қыста жылы.
Тағы бір тиімділігі электр жү-йесінің шығындары мен күтіп ұстау, тазалық мәселелері де инвестордың жауапкершілігінде болады, — деді қала әкімінің орынбасары.
Аялдамаларды қауіпсіз ету әрі мүлкін сақтау мақсатында бейнебақылау камералары қалалық полиция департаментінің шұғыл орталығына қосылған. Айта кетейік, жыл соңына дейін жолаушылардың хабы саналатын 8 нүктеге соңғы үлгідегі ақылды аялдамалар салу жоспарланып отыр.

Гүлзар мен саябақтар салынады

Шымкентте қаланы жасыл желекке айналдыру және көгалдандыру жұмыстары ұдайы басты назарда. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Олардың барлығына арнайы қызметкерлер күн сайын ерекше күтім жүргізеді. Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов 30 жылда экология бағытында талай іс тындырылғанын, дегенмен әлі де атқарылатын шаруа көп екенін айтады.
Оның айтуынша, Еуропа елдерінде әр адам басына 24 шаршы метр жасыл желектен келеді екен. Ал еліміздегі Алматыда – 13 шаршы метр, Шымкентте 5-6 шаршы метрді құрайды. Жалпы стандарт бойынша жан басына шаққанда жасыл желек 10 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Сондықтан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің хаттамалық тапсырмасына және шаһарды көгалдандыру мен көріктендіруге байланысты жасалған арнайы бағдарламаға сәйкес 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.
– Қалада 23 орынға гүлзарлар салу жоспарланған. Келер жылы 6 аумақта гүлзар құрылысын жүргізу жоспарда тұр. Шымсити шағынауданынан 47 гектар аумаққа саябақ салынады. Ол көлемі жағынан шаһардағы дендросаябақтан кейінгі екінші үлкен саябақ болады. Биыл «Фиркан сити» сауда–ойын-сауық орталығының маңындағы бұрынғы қоқыс полигонының орнынан салынып жатқан жаңа саябақтың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Және келер жылы 12-шағынауданда 1,6 гектар аумақты құрайтын тағы бір саябақтың құрылысы аяқталады, — деді басқарма басшысы Ғалымжан Ильясов.

«Күміс қалам» поэзиялық кеші өтті

Шымкент қаласында ҚР Тә-уелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты жас ақындар арасында республикалық «Күміс домбыра» айтысы мен «Күміс қалам» поэзиялық кеші өтті.
Жас ақындар арасындағы республикалық «Күміс қалам» поэзиялық кешінің салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, жас ақындар бәйгесіне қатысушыларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерді насихаттау, әдеби үрдісте дарынды жас ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу. Жас таланттар мен оқырмандардың, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның өзара ауыз біршілікте болуын, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Аталмыш байқауға республиканың әр өңірінен 14 пен 29 жасқа дейінгі 30 айтыскер мен 30 жазба ақыны қатысуға ниет білдірген. Іріктеу сынынан өткен 16 айтыскер және 20 жазба ақын байқаудың негізгі кезеңінде бақ сынады.
20 жазба ақынның арасынан іріктеліп, үздік шыққан ақтөбелік Ершат Қайболдин жеңімпаз атанды. Оған арнайы күмістен жасалған қалам мен бағалы сыйлық табысталды. Ал ақтық сынға шыққан Айдана Қайсарбекқызына «Есенғали Раушанов» атындағы арнайы сыйлық берілді. Сонымен қатар, жартылай финалға өткен 4 ақынға «Жәркен Бөдешұлы», «Әбілда Аймақ» атындағы, «Жеңіс Баһадүр», «Әділ Ботпанов» атындағы арнайы сыйлықтар табысталды. Ал қалған 14 ақын қаламақы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Күміс домбыра» иегері анықталды

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас ақындар арасында республикалық «Күміс домбыра» айтысы өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бәйгеде жастар жарқырай көрінді.
Іс-шараның мақсаты – Тәуел-сіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерді насихаттау, жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, шабыттарына қанат бітіру. Төл өнеріміз айтыстың жас буын өкілдері арасында жаңа есімдермен толығуына үлес қосып, дарынды жастарды қолдау.
Аталмыш айтысқа 14 пен 29 жасқа дейінгі 30 айтыскер ақын қатысуға ниет білдіріп, іріктеу нәтижесі бойынша 16 ақын негізгі кезеңде бақтарын сынады. Қатысушыларға белгілі айтыскер ақындар мен елімізге танымал қоғам белсенділері өз бағасын беріп, қазылық етті.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сайыс нәтижесі бойынша Ақмола облысының өкілі Нұрмахан Жақыпбек бас жүлде – «Күміс домбыра» иегері атанды. 16 ақынның ішінен оза шапқан жеңімпаз күмістен жасалған домбыра және бағалы сыйлыққа ие болды.
Айшолпан Төлеутай (Шығыс Қазақстан облысы) І орынға ие болса, Бексұлтан Орынбасаров (Қызылорда облысы) ІІ орын, Мейіржан Жақып (Түркістан облысы) пен Нұрғали Әнапия (Шымкент қаласы) ІІІ орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, «Майлықожа Сұлтанқожаұлы» атындағы арнайы жүлде Бекжан Базарбекке (Алматы қаласы), «Әселхан Қалыбекова» атындағы арнайы жүлде Айым Асылбекқызына (Нұр-Сұлтан қаласы) бұйырды. Барлық жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Өрт сөндірушілер шеберлік сынасты

Шымкентте құтқарушылар күніне орай өрт сөндірушілер арасында көпсайыстық күш сынасу, яғни кроссфиттен сайыс ұйымдастырылды.
Кроссфит — бұл күш пен төзімділікке арналған жаттығулар бағдарламасы. Ал өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұндай жаттығуларды күнделікті жасайды. Өйткені олардың қызметі шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін іс-қимылдардан тұрады.
Құтқарушылардың дайындығын тексеруге бағытталған сайысқа әр өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндірушіден қатысты. Гір тасын және зіл темірді көтеру, доңғалақтарды көтеру, жылжыту, түтікқұбырлармен жауынгерлік қанат жою, оқу-жаттығу мұнарасының 3-қабатына жылжымалы үш иінді сатымен көтерілу, 3-қабаттан құтқару арқанымен өзін-өзі құтқару, жайылған түтікқұбырды сегіздік әдісімен жинау бойынша күш сынасты.
Күнделікті төтенше жағдайларды жою кезінде салмағы ауыр жауынгерлік киімнен бөлек түрлі құралдарды бірге ала жүріп, демалуға мүмкін болмаған ортада қысымдалған ауаны тиімді пайдалана отырып, адамдарды өлімнен құтқару секілді жаттығу өрт сөндірушілері үшін күнтізбеден түскен емес.

Каратэшілер чемпион атанды

Ресей астанасы Мәскеуде каратэден Премьер-лига турнирі мәресіне жетіп, еліміздің спортшылары үш алтын медаль жеңіп алды. Бұл сында Шымкент қаласының спортшылары екі алтын жүлдені ел қоржынына салды.
68+ келі салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева финалда ресейлік Вера Ковалеваны жеңіп, алтын медаль иеленді. Айта кетелік, бұл Софьяның Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы жарысы.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қайсар Алпысбай топ жарды. Ол 60 келі салмақта финалдық сында ресейлік Евгений Плахутиннен басым түсті.

Шымкенттік ұстаз республика бойынша үздік атанды

Мұғалімнің қажырлы еңбегі шәкірттерінің белесінен көрінеді. Шымкенттік мұғалім Шолпан Бегманованың есімін бүгінде ел біьледі. Республикалық «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпазы, Шымкент қаласы №122 Ақжар жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шолпан Бегманова өз саласының үздігі болу 21 жылдық еңбектің жемісі екенін алға тартады.
Шолпан Жолдыбекқызы 1993-1997 жылдары Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» гуманитарлық университеттің тарих факултетін бітіріп, алғашқы еңбек жолын №122 Ақжар жалпы орта мектебіне тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Ол — шәкірттерінің шығармашылығын жетілдіру мен жас ғалымдарды тәрбиелеуді өмірлік ұстаным еткен ұстаз.
Пәнді барынша жаңашылдықпен үйрететін ұстаздың негізгі тәсілі өз жұмысында жобалық қызмет тәсілін қолданады. Соның нәтижесі болар, шәкірттерінің жобалары халықаралық, республикалық конференциялар мен байқауларда жоғары баға алып жүр. Еңбек жолында 50-ден аса оқушыларды республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобағаларға дайындаған. Осы оқушылардың 30-ы жеңімпаз атанған.
Ұстаздың бүгінге дейін жарық көрген ғылыми еңбектері мен авторлық жобаларына Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Сүлейменова рецензия жазып, оң бағасын берген.
Шолпан Бегманова 2019 жылы еліміздің рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов «Құрмет грамотасын» табыстаған. Елдегі білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР педагогтарының «Алтын төсбелгі», педагогикалық қызметте жеткен табыстары үшін «Әл-Фараби» медалі және 2020 жылы Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституцясының – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Қорыта айтқанда, шәкірт тәрбиелеп жүріп өз білімін де шыңдаған мұғалім өскелең ұрпаққа сапалы білім беру жолында бар әлеуетін жұмсауға әзір. Ұстаздар үздік түлектер тәрбиелесе, болашақта мықты маман болып, еліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосары анық.

Қысқа дайындық жіті тексерілді

Шымкентте қысқа дайындық жұмыстары басталып кеткен. Қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов қысқы мезгілге арнайы техникалардың дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС базасына барып, аудан әкімдерімен және мекеме басшылары, жауапты мамандармен жиын өткізді. «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС — Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандарына бекітілген мекеме.
Қала әкімінің орынбасары әр ауданға қажетті техникалардың болуына көз жеткізді. Қар күреуге арналған жол сызықтарында бағыттардың уақыты, техника саны көрсетілмегенін айтып, жолаяқтарды уақтылы тазалау үшін арнайы техника-трактор щеткалардың және қоспаларды шашудың өзіндік бағыттары болуы керектігін ескертті.
Құм мен тұз қоспасының құрамында 1 келі тұз, 3 келі құм болу талабының орындалуын, барлық техникалардың арнаулы лого-жазулармен жабдықталуын, қар шығарған кезде арнайы көліктердің барып-келу сызбасы жасалып, соған сәйкес жұмыс істелуін тапсырды.
Үш ауданда да арнаулы қар жинақтау полигондарының жасалуы, жанармай қоры, жүргізушілер мен жол жұмысшылар саны жеткілікті болуы, қар күреу күректерін ретке келтіру жөнінде нұсқау берді.
Сонымен қатар, М.Айманбетов қысқы маусымда шалғайда орналасқан елдімекендерде де әлеуметтік нысандарға барар жолдардың қардан дер кезінде тазаланып отыруын, оған қажетті техникаларды жабдықтап, көлік бағыттарының уақытын, ара қашықтығын және тиісті қаражат мөлшерін анықтап, өтініш беруді аудан әкімдеріне жүктеді.
Ең басты талап – қар жауған сәтте қала тұрғындары қажетті жерлеріне кептеліссіз жетуіне жағдай жасау, таңғы қызу қозғалыс басталғанға дейін жолдарды қардан дер кезінде тазарту екендігін нықтап айтты.

Түрлі деңгейдегі курстар өтті

Шымкенттегі «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығында түрлі деңгейдегі 266 курс өтті. Онда көпбалалы 80 ана массаж, тігін, кондитерлік, SMM жүргізу ісі бойынша сертификат алды.
Одан бөлек, 100-ден астам әйел құрақ көрпе, дизайнер, қыш-құмыра өнері бойынша өткен шеберлік сыныбына және компьютерлік сауаттылықты арттыру сабағына қатысты.
Бұл курстар — бизнес жоспар құруға, жеке бизнесін ашуға грант немесе микрокредит алуға мүмкіндіктерді көрсету арқылы әлеуметтік жағдайын түзеуге ықпал етеді.
Аталған орталықта балалардың дамуы мен танымдық белсенділігін арттыру бойынша да түрлі курстар ұйымдастырылды. Олар орыс тілі, ағылшын тілі мен математика және логопед курсы, шахмат курсы өтті. Бұл сабақтарға 140-тан астам бала қатысты.

13 көшенің құрылысы үздіксіз жалғасуда

Шымкент қаласы аумағының солтүстік бөлігіндегі Тұран шағын ауданында 13 көшенің құрылысы жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов пен Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков көше құрылысын жүргізуге жұмылдырылған мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жиналыс өткізді.
Кездесуде көшелердің сапасы және тексеру барысында анықталған кемшіліктерді реттеу мәселелері талқыланды.
Биыл № 2, 6, 8, 10, барлығы 4 көше пайдалануға берілмек. «Отау-строй» ЖШС тарапынан №2 көшедегі құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталса, «Строй Жол Сервис» ЖШС № 6 жолдың 92 пайызға жуық жұмысын аяқтаған. Қалған 9 көшенің құрылысы (№1,3,4,5,7,9,11,12,13) келер жылы аяқталады.
М.Айманбетов мердігер мекеме басшыларына құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасы және жұмыстардың мерзімінде атқарылуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

«Рухани жаңғыру» –
ұлт жаңғыруының жаңа белесі

Шымкент қаласында 2021 жылдың тиісті мерзімінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барлығы 281 іс-шара ұйымдастырылды. Оның 85 пайызы оффлайн форматта санитарлық талаптарды сақтай отырып, іске асырылды. Ең маңыздыларын атап өтсек:
– Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Бір ел-бір кі-тап-2021» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы басталды. Жоба аясында поэзия жанры бойынша М.Мақатаевтың «Өмірдастан», Ж.Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Ұ. Есдәулеттің «Киіз кітап», С.Ақсұңқарұлының «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», Т.Таңжарықтың «Түн парақтары», Б.Қанапияновтың «Достояние души» жинақтары таңдалған.
— Шымкентте белгілі жазушы, драматург, Сая Қасымбектің «Жыл кітабы – «Жанталас» атты шығармашылық кеші өтті. Әдеби кешке өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері, оқырмандар және БАҚ өкілдері қатысты.
— «Jastarga-kenes» жобасы аясында Шымкент қаласының мәс-лихат депутаты, жас кәсіпкер, «World Class» фитнес клуб, «Медикер мед» орталығы, «Zangar» сауда орталығы және «Zangar» шипажайы, «Probusiness» кәсіпкерлік орталықтарының директоры Абжанов Тұранмен мотивациялық кездесу, тренинг ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – кәсіппен айналысамын деген жастардың бизнес идеялары мен стартап жобаларын іске асыруға жан-жақты қолдау, жастардың бизнестегі жолын ашып, бағыт-бағдар беруге бағытталған.
— Шымкент қаласында «Smart Hub SILKWAY» IT орталығы құрылып, жұмысын бастады. IT орталық Ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ мамандардың инновациялық идеяларын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. Орталық STEM, семинар залы, «Коворкинг» орталығы, бейне-фото студия, демалыс аймағы, бизнес-инкубатор орындары мен Промбот роботтары және т.б. қосымша техникалармен жабдықталған. Қазіргі таңда IT орталықта «ақылды» жаяу жүргіншілер жолағы, робот құрастыру, 3D модельдеу, анимация жасау, бизнес-тренингтер өткізу, ақылды аялдама, төлем терминалдарын шығару, қаланы көркейтуге арналған оқу курстары жүргізілуде. Орталықты ашудағы негізгі мақсат – жастарды осы салаға бейімдеп, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру, отандық ІТ өнімдері мен жаңа компаниялар ашу.
— Шымкент қаласында Қ.Сыпатаев атындағы № 7 ІТ мектеп-лицейінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын көтеру мақсатында педагог-ұйымдастырушы Сарбаев Қанат Нышанбайұлының ұйымдастыруымен қаламыздағы Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде «Кітап әлеміне саяхат» деп аталатын дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушыларға «Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт» жобасы таныстырылып, кітап оқудың пайдасы жайында кең көлемде әсерлі әңгімелер жүргізілді.
— «Ұшқыр ой алаңы» респуб-ликалық дебаттық турнирдің қалалық кезеңі өтті. Жалпы 100-ден астам қала мектептерінен 40-қа жуық оқушы дебатта өздерінің білімін шыңдады.
— «Ерлік пен батырлық — киелі өлке өнегесі» тақырыбындағы байқауы өтті. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған екі кезеңді қамтитын байқауға он отбасы қатысты. 10 отбасының бекітілген шарттарға сәйкес жіберген жұмыстары бағалаланып, әрбіріне жұмыстарына орай номинациялар белгіленді.
— Шымкент қаласындағы «Shany-raq» отбасын қолдау институты орталығында аналарға арналған тігін курсының шеберханасы ашылды. Жоба «Ана жолы» қайырымдылық қорымен бірлесе жүзеге асырылды. Мұнда қиын жағдайға түскен қыз-келіншектер тігіншілік оқу-курсына тегін қатысады. Олардың арасында ерекше күтімді қажет ететін балалардың анасы мен жұмыссыз көпбалалы аналар бар.
— Көрме орталығында «Зергерлік бұйымдар-2021» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Аталмыш көрмеге Шымкент қаласының зергерлерінің алтын, күміс бұйым-дарымен қатар Тараз және Алматы қаласының да зергерлерінің қолынан шыққан әшекей бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды. Үш күнге созылған көрме-жәрмеңкеде қала қонақтары мен тұрғындары «Ежелгі металлургия», «Қазақтың әшекейлерінің сыры терең» деген тақырыптарда тың мағлұматтарға қанықты.
— 18-21 ақпан аралығында Бела-русьтың Минск қаласында «Книга объединяет людей и страны» XXVIII Минск Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қаласының кітапханашылары да қатысты
Көрмедегі қазақстандық па-вильонның ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Сонымен қатар, көрме барысында Шымкент қаласының күні де өткізілді. Онда шаһарымыздағы авторлардың кітаптарына шолу жүргізілді. Іс-шара барысында Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қазақстандық әде-биет пен мәдениет» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, шымкенттік авторлардың кітаптары орталыққа сыйға берілді.
— Көрме орталығында «Латын әліпбиі – өркениет жолы» онлайн семинары өтті. Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі мен қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы бірлесе «Латын әліпбиі – өркениет жолы» онлайн-семинарын өткізді. Конференция Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудағы 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, латын әліпбиінің маңызын, қажеттілігін барынша түсіндіру, жаңа қазақ жазуын қолданысқа енгізудің негізгі мәселелерін халыққа жеткізуді мақсат етті.
— Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінде «Навои — заман мен халықтарды біріктірген ұлы тұлға» атты ақын, жазушы, ойшыл, мемлекет және қоғам қайраткері Алишер Навоидың 580 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық форум өтті. «Науаи – заман мен халықтарды біріктірген ұлы тұлға» тақырыбындағы форум онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркия елдерінің ғалым, мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасты.
— Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келі-сім» мекемесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «30 жыл – 30 жетістік» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырды. Шара Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің Галереясында қаладағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Фотокөрмеге сурет салумен, фотоколлаж жасаумен және қолөнермен айналысатын қаладағы 6 мектептен 50-ден астам өнер иесі 100-ге жуық туынды, атап айтқанда, еліміздің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктердің көркем бейнелерін ұсынды.
— «Абай» саябағында зиялы қауым өкілдері, ақындар, айтыскерлер, кітапханашылар, оқырмандар және қала тұрғындарының қатысуымен Халық жыршысы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Халық фольклорының феномені» тақырыбында әдеби-музыкалы кеш өтті. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аталып өтуде. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен ұлы ақынның мерейтойын жоғары дәрежеде ұйымдастырып мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында арнайы мемлекеттік комиссия құрылған.
— ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шымкент жастар лигасы» жобасының ашылу салтанаты өтті. Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған спорттық шараға 140 мектептен 536 команда. Үш ай бойы жалғасқан жоба мықтыларды анықтап, түрлі спорт түрлерінен озып шыққан 4 мектептің әрқайсына 20 миллион теңгеден жүлде берілді.
— Шымкентте опера және балет театры ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне «Домалақ ана» операсының премьерасын тарту етті. «Домалақ ана» операсы — Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера. Жаңа қойылым елімізде алғаш рет сахналанды. Тасқын Жармұқамедтің туындысы – егемен еліміз үшін тарихи оқиға, жаңа белес болды. Жаңа қойылымды сахналауға әлемге әйгілі және елімізге танымал өнер майталмандары қатысты.
— 14 наурыз «Көрісу күніне» орай Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының алдында 12 қанатты киіз үй тігілді. Ақ түйенің қарны жарылған күні көпшілік қыстан есен-сау шыққанына қуанып, аналарымыз жеті түрлі дәмнен тілеу көже әзірледі. Қала тұрғындары абзал аналарымыздың ел амандығы мен татулығын тілеп жасаған Тілеу көжесінен бір қазаннан дәм татты.
— Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін!» атты шара өтті. Тұсау кесу сәбидің алғашқы қадамы мен өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалатын ырымы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Шымкент қаласының 2200 жылдық мерекесіне орай, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылды.
— 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні» аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Ұлтық ойын – ұрпақты шыңдайды» атты іс-шара өтті. Шараның мақсаты — қазақ халқының отбасылық тәрбие ғұрыптарын қайта жаңғырту барысында жас баланың ой-өрісін ұлттық ойындар арқылы дамыту әрі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың түрлерін бүгінгі ұрпаққа насихаттау. Шара барысында мектеп оқушыларының қатысуымен «Асық ойындары», «Арқан тартыс», «Алтыбақан», «Асаумәстек», «Мешкей» сынды түрлі ұлттық ойындар өтті. Сайысқа қаладағы №30, №59 №69 мектеп оқушылары, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Халықаралық гумани-тарлық-техникалық университетінің студенттері жалпы 50-ден аса жас қатысты. Нәтижесінде топ жарған жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталып, оларға сыйлықтар табысталды.
— Қалалық көрме орталығында «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйым-дастыруымен «Наурыз тойы – мерекем, салт-дәстүрім – берекем» атты қолөнершілердің шеберлік сабағы өтті.
— Шымкентте дәстүрлі «Тілдарын» байқауы өтті. Жетінші рет ұйымдастырылған білім бәйгесінде студент жастар үш тілде сайысқа түсті. Қатысушылар үш тілде отбасы туралы әңгімелеп, сүйікті шығармаларынан үзінді оқып, мақалдарды, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын талдап берді. Конкурсқа келер алдында «Шымкент — сүйікті қалам» тақырыбында эссе жазды. 40 үміткердің ішінен 18-22 жас аралығындағы 13 қатысушы іріктелген. Төртінші кезеңдегі «Тыңдалым» бойынша қатысушылар берілген 20 минуттың ішінде ҚАЗтест жүйесінің В2 деңгейі бойынша тест тапсырмаларын орындады. Ең соңғы бесінші кезеңде экранда берілген қазақ тіліндегі фразеологизмдердің орысша, ағылшынша баламасын тауып сынға түсті.
— Шымкентте «Наурыз Шымкенттен басталады» онкүндігінің аясында Цитадельде «Тарихқа тағзым күні» Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған Public talc форматында тарихшылармен кездесу өтті. Тарихшылардың зерттеуі бойынша, шаһардың негізі қаланғанына екі мың жылдан асқан. Бұл қала маңындағы қазба жұмыстары кезінде табылған тарихи жәдігерлер негізінде дәлелденген.
— Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» тақырыбында халықаралық ғы-лыми-теориялық конференция өтті. Ұлы ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған жиынды тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Мажитов жүргізді. Конференцияда Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми трактаттарының негізгі принциптері талқыланып, ғылыми жұмыстарын зерттеу бойынша ғылыми жұ-мыстардың бірыңғай дерекқорын құру және оның шығармаларын насихаттау сөз болды. Әбу Насыр әл-Фарабидің бай шығармашылық және ғылыми мұрасына халықтың және жұртшылықтың назарын аудару, ғылыми мұрасын зерттеу, ғалымның ғылыми материалдары бойынша бірыңғай деректер базасын құру мәселесі айтылды.
— Шымкент қаласындағы «Забадам» шағынауданында Қазақстандағы алғашқы «Отбасылық кітапхана» іске қосылды. «Үй үлгісіндегі» жаңа форматтағы кітапхана демеушілер есебінен ашылды. Жұмсалған қаржы 60 млн теңгені құрайды.
2021 жылы қаңтар-маусым айларында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында 200-ге жуық ірі және шағын іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралардың 181-і санитарлық нормаларды сақтай отырып оффлайн форматта өткізілді.
— Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Бір ел-бір кітап-2021» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылды.
— Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта «Ағаш – ел дәулеті, жер сәулеті» атты ағаш көшетін отырғызу шарасы өтті.
— «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай, ел Тəуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №137 жалпы орта білім беретін мектебінде шахматтан шеберлік сағатын ұйымдастырды.
— Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келі-сім» мекемесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «30 жыл – 30 жетістік» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырды. Шара Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің Галереясында қаладағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
— Іс шараның мақсаты оқырман жастарды кітап оқуға деген құштарлығын оятыпЕл Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала әкімінің қолдауымен, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жалпыұлттық жобасы аясында әдеби шығармалар конкурсы өткізілді.
— Шымкент қаласының орта-лықтандырылған балалар кітап-
ханалар жүйесінде №14 кітап-ханасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Ел ертеңін туғызған –Тәуелсіздік» поэзия сағаты өтті.
— Ұлыстың ұлы күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Жүрсіннің жүйріктері, Сәбиттің сәйгүліктері», «Наурыз, гүл көктем, жыл басы» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күнге созылған айтысқа бүкіл республикадан 15 ақын шақырылды.
— Тәуелсіздік — өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды. Қазақстан –кең байтақ әрі тариxы өте тереңде жатқан мемлекет. Қазақтың көптеген ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Бұдан біз ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұдан да ерте айтылып жүргенін, тариxымыздың тым әріде жатқанын білдіреді. Осыған орай,еліміздің қыр-сырларын зерделей келе Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жүзеге аса бастаған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобалары тарих пен жер арасындағы ықпалдастыққа назар аудартты. 2018 жылы Елбасымыздың қаламынан туған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ниеті дұрыс әрбір қазақстандықты мақтаныш сезіміне бөледі, ел мен жердің өткені, тағдыры, келешегі жайлы қалың ойға жетеледі. Осы орайда кітапхананың №13 бөлімшесінде «Ұлы дала – ұлттық тарих тірегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, Қазақ елінің патриоты бола білуге тәрбиелеу.
— 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні мерекесіне «Ертегімен есейемін…» кітапханалық жобасы аясында «Менің сүйікті ертегім» атты онлайн байқаудың қорытындысы №14 балалар кітапханасында өткізілді. Қашықтықтан өткізілген байқауға 18 үміткер қатысып, өздерінің сүйікті ертегілерімен кітапхана парақшасында бөлісті. Байқау ережесіне сай: ертегінің тәрбиелік мәні мен қатысушының ертегіні айту мәнеріне, қаралым және лүпіл санына қарай жүлделі орындар берілді.
— Шымкент қаласы білім бас-қармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы жалпы ұлттық мәдени білім беру» жобасы аясында өткен Әл-Фараби ауданы мектептерінің арасында өткен дебат турнирінде №79 жалпы орта білім беретін мектебінінің «Жастар жалыны» фракциясы «Дебаттық креатив» номинациясына ие болды.
— Шымкентте «Жасыл қала» ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Игі шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, сонымен бірге бірқатар зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Аталған іс-шараны ұйымдастырушы әрі демеушілік көрсетуші – «Мейірім шуағы» қоғамдық қоры болды. 1000 түп ағаш Шымсити шағын ауданында егілді.
— Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйытқы болуымен «Балаларға базарлық» акциясы өтті. Игі шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығы қарсаңында «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қолға алынды. Акцияда қаладағы 4 ауданның 100 отбасы балаларына кітаптар мен жеміс-жидек себеті үлестірілді. Қайырымдылыққа Шымкент қалалық Мәслихатының депутаттары, кәсіпкер, көпбалалы аналар демеушілік көрсетті. Олар: «Жомарт жүрек» республикалық және қалалық жоба жеңімпаздары, іске азаматтар Рәшкүл Оспанәлиева, Айжан Найымбекова және жас депутат, кәсіпкер, көп балалы ана Наргиза Керімбаева басқаратын «MOBIL plus» компаниясының басшылығы мен ерікті жастар және республикалық «Шұғыла кітап» баспа үйі. Балаларға базарлықты әр отбасына жеткізуге атсалысқан Жастар ресурстық орталығының қайырымды волонтері Жазира Асан бастаған жастар.
— «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының бастамасымен Өңірлік жобалық кеңселердің өкілдері арасында онлайн-кездесу ұйымдастырылып, бағдарламаны жүзеге асыру барысы, халықпен байланыс орнатудың сапасын арттыру тақырыптарына арналған тренинг өткізілді. Өңірлік жобалалық кеңселердің басшыларымен кездесу барысында «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Басқарма төрағасының орынбасары Аманбек Төлепбергенов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру және іске асырылып жатқан арнайы жобалар бойынша кері байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.
— Қалалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқу-
шылары арасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында «Жыр алыбы — Жамбыл» атты қалалық жас ақындар байқауы өтті. Оған 20 білім беру ұйымдарынан 59 оқушы қатысты.
— Үшінші мегаполисте 120-дан астам монументалдық туындының авторы Дәурен Әлдековтың 70 жылдығына арналған еске алу жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Көрмеге автордың 60-қа жуық шығармасының фотосуреттері мен
түпнұсқалары қойылды. Сонымен қатар, мүсіншінің өнердегі үзеңгілес достары белгілі суретшілер, мәдениет пен өнер қайраткерлері, ҚР суретшілер одағының мүшелері, Шымкент қалалық суретшілер одағының «TAMYR» шығармашылық тобы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Досты еске алу» көрмесін қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынды.
— ҚР Тұңғыш Президенті-Ел-басының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 4 жылдығына орай, Шымкент қалалық «Рухани жаңғыру» бөлімі «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасы аясында «Төрт құбылаң тең болсын» танымдық – тәрбие сағатын өткізді. Іс шараның мақсаты отбасы құндылықтарын насихаттау. Бұл орайда төрт құбылаға негіз болар 4 санының ерекшелігін, мән мағынасын ашу. Отбасылық құндылықтарға ұстын болар отбасылық дәстүрлер, отбасы мәдениеті мен этикасын насихаттау.
— Қарасөздің қарагері, жазушы Қабдеш Жұмаділовтың 85 жылдық мерейтойын атап, ұлтымыздың рухани қазынасына айналған шығармаларын таныстыру, насихаттау мақсатында Шымкент қаласының ОККЖ-не қарасты 8 кітапхана бөлімшесі «Бастаудың суындай таза туындылар» атты әдеби сағаты өтті.
— Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында Забадам елдімекеніндегі Отбасылық кітапханада «Отбасы – бақыт мекені» атты дөңгелек үстел өткізілді. №13 мектептің оқушылары мен ата – ана Полякова Вера отбасы құндылықтары, жанұядағы қарым – қатынас , сыйластық тақырыбында сөз өрбітті.
— Мектеп оқушылары арасында «Әбіш оқулары» байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаев шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұл-ғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру. «Әбіш оқулары» қалалық байқауына Шымкент қаласының 29 білім беру ұйымдарынан 104 оқушы қатысты.
— Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен үшінші мегаполисте қайырымды істер акциясы жалғасты. Nur Otan партиясының қолдауымен сондай іс-шараның бірі Еңбекші ауданында өтті. Әлеуметтік әлсіз саналатын 500-ден астам отбасыға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық іске Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бәйкен Әшірбаев демеушілік жасады.
— Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Кітапханадағы түн» атты еркін форматтағы әдеби-сазды кеші өтті. Жастар қайта жөндеуден өтіп, ғұлама ғалым, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің есімі беріліп, жаңаша жаңғырған кітапхана тынысымен танысты. Шара барысында жастарға халықаралық Жер күніне арналған қызықты сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестірілді.
— Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аясында Шымкенттік химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі дәстүрлі кітап сыйлау акциясын өткізді. Бұл күні оқушылар жылдағыдай бір-біріне кітап сыйлап, жүрекжарды ак тілектерін арнайды. Биылғы акцияға тек зияткер оқушылар ғана емес, сонымен қатар Шымкент қаласы № 24 C. Ерубаев атындағы ІТ лицей мектебінің оқушылары да қатысты. Акция ережесі бойынша оқушылар алдын-ала сауалнама толтырып, қалаған кітаптарының атауы мен авторын жазды. Одан кейін ұйымдастырушылар сауалнаманы талдап, құпия дос ретінде әр қатысушыға өзінің жұбын таңдап берді. Бір қызығы кітап беруші мен кітапты сыйға алушы бір-бірін білмейді. Алайда бұл оқушылар үшін кедергі болған жоқ, алдын-ала толтырылған сауалнаманың көмегімен оқушылар өздеріне ұнайтын кітаптарды сыйға алды.
— Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде атажұртымен қауышып, арманға қол жеткізген Шымкент қаласының Тассай тұрғын үй алабындағы қандастар жасыл желек орнату ісіне үлес қосты. 258 үйден тұратын үш көшенің тұрғындары Шымкент қаласының әкімі бастаған, «Мейірім шуағы» қайырымдылық қоры мен журналистерден алған ағаш отырғызу челленджін жалғастырды. Қалалық мәслихаттың депутаты А. Алимбек 200 түп берсе, оған қандастар тағы 100 түп жеміс ағаштарын қосты.
— Алматы қаласында 18-25 сәуір аралығында өткен Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан мектеп оқушыларының жарысында шымкенттік топ «үздік команда» марапатын иеленді. Ғылыми жобалар конкурсының мақсаты — ғарыштық бағыттағы факультативтік үйірмелердің жұмыстарын жандандыру, ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімдерді оқып білу және оны тәжірибеде пайдалану, талантты оқушыларды анықтау, олардың мамандық таңдауларына көмектесу. Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жоба жарысы бойынша 7-10 сынып оқушылары ІІ-дәрежелі дипломдарға ие болса, физика және астономия олимпиадасынан Бас жүлде және І орындарды иеленді. Жетекші мұғалімдеріне ҚР Білім және Ғылым министрінің «Алғыс хаты» табысталды.
— Шымкент қалалық мемлекет
тік архивінің директоры А.Амангельдиева М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті басшылығы мен «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы ассамблеясы» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында «Шымкент: мыңжылдықтар тарихы және қазіргі заман» атты рухани жаңғыру апталық форумының шеңберінде «Шымкент тарихы және ххі ғасырдағы даму көкжиегі» ғылыми-практикалық онлайн конференциясына қатысып, «Тәуелсіздік жылдарындағы шымкент қалалық архиві және ххі ғасырдағы даму жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Онда қалалық архивінің даму жолдары мен мен өзекті мәселелерін, Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» және «Архив-2025» бағдарламаларында көрсетілгендей, рухани жаңғыру тақырыбы – ғасырлар бойы қа-лыптасқан ұлттық рухымызды, халқымыздың игі қасиеттерін болашақ ұрпаққа жеткізуге бағыттайтын тарихтың жаңа беттерін ашатын жоба екендігін, архивтің «Архив-2025» жобасын іске асыру мақсатындағы 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар атап өтілді.
— Шымкентте академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Жиында 9 мемлекеттің ғалымдары мен ел профессорлары баяндама оқыды. Конференцияда «Қуатбеков оқуларының» алғашқы басылымы да таныстырылды. Оқу үрдісіндегі ІТ-технология, баламалы энергия, әлеуметтік гуманитарлық мәселелер тақырыбын арқау еткен жиынға жалпы саны 342 мақала келіп түскен. Халықаралық деңгейдегі жиында аталған университеттің химия ғылымдарының кандидаты, профессор Жамалладин Махмудов “Тұқымдарды дезинфекциялау және пестицидтік препараттарды алу технологияларын жасау” тақырыбында баяндама жасады. Бұл бойынша дайындаған жобасын түсіндіріп, қазіргі уақытта осы жобамен Израиль, БАӘ, Ресей, Польша елдерімен екіжақты келісімдер жүргізіліп жатқандығын айтты.
— Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері мен «Ізгілікте жарысайық» қайы-рымдылық қорының кезекті «Кіршіксіз Рамазан» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Еңбекші және Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері асыраушысынан айырылған 86 отбасына барып, жағдайларын сұрап, Рамазан айымен құттықтады. Тәртіп сақшылары атынан арнайы оразаға қажетті азық-түліктер себетін үлестірді.
— М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттік құрама командаларының арасында «Туристік Шымкент» квесті онлайн жарыс өтті. Сайыс «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен «Шымкент: мыңжылдықтар тарихы және қазіргі заман» атты рухани жаңғыру апталық форумы шеңберінде өткізілді. Квест мақсаты- жастардың патриоттық сезімін ояту, мәдени-тарихи мұраны зерттеуге тарту, ішкі туризмді дамыту және туған жерге саяхатты насихаттау. экскурсия жүргізуші дағдыларын меңгерген жастарды анықтап, үлге ету. Ойынға қатысушыларға үшінші мегаполистің тарихи-мәдени және архитектуралық мұрасын және қазіргі мүмкіндіктерін зерттеу талабы қойылды.
— Шаhардағы ескі қалашық ау-мағында «Shymqala» этноауылы ашылып, жұмысын бастады. Қала әкімі М.Әйтенов «Рухани жаңғыру» бағытында қолға алынған этноауылды аралап, ондағы ұлттық қолөнер шеберлерінің бұйымдарымен танысты. Сондай ақ, мегаполисте 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні және «Жасыл қала» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шарада қала әкімі түрлі этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызып, қаланың көркеюіне өз үлесін қосты. Іс-шара соңында БАҚ өкілдеріне сұқбат берген қала әкімі, тұрғындарды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, «Жасыл қала» акциясына белсенді қатысуға шақырды.
— Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 16 білім ошағының ұстаздары мен балалары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ауыр күндерін еске алу мақсатында Даңқ мемориалына экскурсия жасап, “Мәңгілік алау” Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.
— 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Шымкентте игі бастама қолға алынды. Қала аумағында ата-анасының мақтанышына айналған, Шымкент қаласынан әскерге шақырылған үздік сарбаздардың бейнесі билбордтарға ілінді. Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген азаматтардың ісін жастарға үлгі ету мақсатындағы игі бастаманы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті қолға алған.
— Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы белгілі журналист, жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының туғанына 80 жас толуына орай «Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесін өткізді.
— №129 жалпы орта мектебі Қазақстан Республикасы Тәуел-сіздігінің 30 жылдығына орай 7-8 сынып оқушылары арасында «Жаса, Қазақстан» әніне флэшмоб ұйымдастырды.
— Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы болған «Айқап» жур-налының жарық көргеніне – 110 жыл. Осаған орай журналдың тарихынан сыр шертетін арнайы фотокөрме ұйымдастырылды. Шымкенттегі «Студенттер алеясында» өткен шараға тарихшылар, жазушылар, архив қызметкерлері мен студенттер жиналды.
— «Әкелер мектебі» кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес мүшелері оқушыларды алдағы келе жатқан мерекелермен құттықтап, ата-бабаларымыздың жеткен же-тістіктерін мақтан етті. Сондай-ақ, оқушыларға өздерінің әкелік кеңестері мен ақылдарын айтып, жас буынға тәрбие беруде өз үлестерін қосып, әңгіме жүргізді. Кеңес отырысы соңында әкелер оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану мен білім алушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында тоғызқұмалақ пен дойбы ойындарын ойнап тарқады.
— Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Жеңіске құрмет-өшпейтін өнеге» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараға көз мүгедектері қатысты.
— Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында 7 мамыр – Отан Қорғаушылар күніне орай «Ер – елінің қорғаны» атты мерекелік кездесу өтті. Шараға Шымкент қаласы қоғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Мадьяров Ринат, ҚР Қарулы күштер ардагерлері филлиалының төрағасы полковник Оңбаев Серікбай мен төраға орынбасарлары Шәміл Тазудинов, Қуатбек Елубаев, Ауған соғысы ардагерлері Норов Собир, Алиев Есебалы, №80 мектептің жас сарбаз сыныбының жетекшісі, Тәжік-Ауған соғысы ардагері Нұрділлә Пірімбеков қатысты. Кітапхананың «Ақерке» балалар залының ұйым-дастыруымен «Ұлдарға ұлағат» жобасы аясында «Ұл тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» деген тақырыпта әскери медицина полковнигі, зейнеткер Байқозы Абдилаевпен сұхбаттасу сағаты өтті.
— Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы аясында қаладағы «Ақмешіт» орталық мешітінде 500 отбасыға азық-түлік қорабы таратылды. Жалпы, бастама аясында 32 мыңнан аса мұқтаж отбасыға азық-түлік қораптары мен 42 мыңнан астам адамға ауызашар себеті таратылды.
— «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты әдептілік сағаты 14-ші балалар кітапханасында өткізілді. Іс-шараның мақсаты оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
— Шымкент қалалық «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қо-лөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандар 1 ай көлемінде қалалықтарға өздері жасаған жұмыстарын көрсетті.
— Шымкент қаласы Дарын орта-лығының 2021 жылғы іс-шара жоспарына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында ХХІІ республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың негізгі мақсаты жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіру, тілді әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір қасиетін түсіну, кемеңгер Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау болып табылады.
— Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау», яғни үшінші бағытына сәйкес жүзеге асырылған «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының» мұғалімдері оқу-шылармен бұрыннан мәдениет пен руханияттың, ынтымақ пен бірліктің ордасы болған, еліміздің тарихи мақтаныштарының бірі, қаладағы сегіз мың шаршы метр аумақты алып жатқан, «Мәдени мұра» , «Халық – тарих толқынында» бағдарламаларын іске асыру аясында қайта қалыпқа келтірілген тарихи ескерткіш- ескі қалашықта ашылған ашық аспан астындағы көрме мұражайына саяхаттады.
— Шымкентте «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өрттен зардап шеккен Риддер қаласы Лесхоз кентінің тұрғындарына гуманитарлық жүк тиелген 2 көлік жолға шықты. Қала жастарының бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты. Шыңғыс Мұқан белсенді жастарға алғысын білдіріп, аттанатын жол керуеніне сәттілік тіледі. Акцияға кәсіпкерлер де үлес қосты. Олар зардап шеккен отбасыларына қажетті тұрмыстық заттар жіберді.
— «100 жаңа есім» жобасы же-ңімпазының бірі — шымкенттік мұғалім Керімбекова Роза Арша-байқызы. Үш мыңнан аса үміт-кердің арасынан озып шыққанын 30 жылдық тәжірибесімен байланыстырады. Бі-лікті ұстаз Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің мамандарымен жүздесті.
— №129 жалпы орта білім беретін мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5-11 сыныптар арасында «Оқырмандар отбасы» атты байқау өткізілді. Мақсаты: отбасылық құндылықтарды насихаттап, кітап арқылы мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу. Көпшілік және балалар кітапханаларының, өскелең ұрпақты оқу мәдениетіне тәрбиелеу және балалар оқуы мәселесін шешуге ата-аналарды тарту, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани-адамгершілік дамуын-дағы отбасылық құндылықтар мен отбасының беделін көтеруге бағытталған қоғамдық түсінікті қалыптастыру, ата-ана жауапкершілігі, ішкі отбасылық қарым-қатынас сияқты отбасылық тәрбиедегі іс-тәжірибелердің жағымды жақтарын тарату және жас отбасылардың өзара дамуына, шығармашылық қабілетінің ашылуына жағдай жасау.
— Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның бірі Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінде 2021 жылғы мамыр айына арнайы түзілген кестеге сәйкес жалғасып жатыр. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша комиссиясының жұмысшы топ мүшелері тарихшы Гүлнар Жанысбекова және «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева «Түркістан өлкесіндегі саяси қуғын-сүргіннің сипаты мен ерекшеліктері» 1920-1935 жж. аралығы тақырыбында мағлұматтарды зерделеп, материал жинақтауда.
— Шымкент қалалық «Қазақстан халқы ассамблеясы» ұйымдастырған кезекті қайырымдылық іс-шарасы аясында үшінші жүк көлігі Риддер қаласына аттанды. Ассамблея жанындағы түрлі диаспора өкілдері тарапынан жасақталған материалдық көмек құны 11 млн. теңгеге бағаланды. 8 тоннадан астам жүк тиелген көлікте ұн, көкөніс пен жеміс-жидек, азық-түлік тауарлары, сусындар және шаруашылық бұйымдары мен төсек-орын жабдықтары риддерліктерге жөнелтілді.
— Халықаралық музей күніне орай, «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде «Цитадельдегі түн» немесе «Қамал: аңыздар мен құпиялар» атты тіс-шара өтті. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастырумен өткен аспан астындағы көрме ерекше бағдарламасымен көптің көңілінен шықты. Мазмұндық мәні терең, тағылымға толы кеш қамал қақпасынан тұрғындарды «Батырлардың қарсы алуы» рәсімімен басталды. Іс-шара әдеттегіден өте ерекше форматта өтті.
— Шымкентте «Дарын» орта-лығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Ел аумағында бір мезетте ұйымдастырылған марапаттау рәсіміне zoom бағдарламасы арқылы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы қатысып, дарынды оқушыларды құттықтады.
— Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «100 жаңа есім» жобасының ІV маусым қорытындысы бойынша брифинг өтті. Оған республикалық жобаның биылғы жеңімпаздарының бірі — Шымкент қаласы М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Роза Керімбекова қатысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен байқауда 30 азамат қазақстандықтардың ең көп дауысына ие болды. Қатысушылар бағдарламадағы білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, бәсекеге қабілеттілік сияқты, мықты бағыттардың негізінде іріктелді.
— Шымкенттегі Ескі қалашық аумағында ашылған «Shymqala» этноауылында белгілі қолөнер шебері Берік Болатбекұлы Бейісбеков ер тоқым, былғарыдан түрлі бұйымдардың жасалу жолынан шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатта Берік Болатбекұлы былғарыдан түрлі бұйымдарды дайындау әдістері, шығу тарихы, жасалу жолдары, ер-тоқым дайындаудың қыр-сырымен бөлісті. Қаламыздағы ЖОО студенттері, мектеп оқушылары шеберлік сағатқа белсенді қатысып, қолөнер бұйымдарына қызығушылық білдіріп, рухани азық алды.
— Шымкентте тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйым-дастыруымен мемлекеттік қыз-метшілер арасында «Тіл шебері — 2021» байқауы өтті. Шеберлік сайысына 21-35 жас аралығындағы үш тілді жетік меңгерген түрлі сала мамандары қатысты. Карантин талаптарына сәйкес қатысушылар онлайн түрде бақ сынасты. Сайыс шарты бойынша ұлтымыздың ұлы тұлғалары мен әсем жерлері қазақ, орыс және ағылшынша баяндалуы керек. Сондай-ақ, мәтінді аудару және эссе жазу сынағы болды.
— «Shymqala» этноауылында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып» арнайы жобасы аясында «Шебердің қолы ортақ» шеберлік сағаты өтті. «Shymqala» этноауылда зергерлік бұйымдардың жасалу жолы, күмістердің қасиеттері мен түрлерінен Қазақстанның Суретшілер одағының мүшесі, зергер шебері Желдібаев Əшірбек «Шебердің қолы ортақ» атты шеберлік сағатын өткізді. Шараны «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиоларының Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Ерсұлтан Әмірбек мырза жүргізіп, сүбелі сұхбат жасады.
— «Қызыр мұнарасы» аумағы тазартылып абаттандырылды. Жаңа кейіпке енген нысанның жанында Туризм басқармасының, Рухани жаңғыру кеңсесінің бастамасымен тарихшылар, жергілікті тұрғындар, жастар бас қосты. Сайрам жерінде жалпыұлттық маңызға ие, «Киелі жерлер географиясы» арнайы жобасының тізіміне енген тағы алты нысан бар. Сансыз бабтар мекенінде тарихы 8-10 ғасырлардан сыр шертетін кесене, орындар әлі де зерттеп, зерделеуді қажет етеді.
— Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, шымкенттік кәсіпкер Серік Тульбасов қала балаларына 2 спорт алаңшасын сыйлады.
— Шымкентте «құнды құжат» байқауы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйым-дастыруымен қала мектептері оқушыларының арасында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Құнды құжат» байқауы Ұлы Отан соғысына қатысқан сарбаздардың жазған хаттары мен олардың майдандағы фотосуреттерi, күнделiктерi, т.б. құжаттарын жинауға арналды.
— Шет тілі пәндер бірлестігінің оқытушысы Қ.Бекназарованың ұйым-дастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 курс білім алушыларының қатысуымен халықтың өмір тарихы бейнеленген халық шығармашылығының сарқылмас байлығының иесі, халық поэзиясының данышпаны, суырып салма ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Тарихтың мәңгілік тұлғасы – Жамбыл» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
— Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйытқы болуымен «Әл-Фараби жолы» жобасы басталды. Жобаның мақсаты, ғұлама ғалымның жолымен жүріп, оның мұраларымен етене танысу.
— Шымкент қаласындағы Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай «Жусан» операциясы нәтижесінде елге қайтарылған облыс тұрғындарына дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақ-сатында «Тарих пен таным» атты байқауы өтті.
— Елбасының жарлығына сәйкес, 1997 жылдан бері 31 — мамыр күні Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Ал, 2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау ретінде біржолғы ақшалай төлем төленіп келген.
— Биылғы жылы да осы дәстүр бойынша жергілікті мәслихаттың шешіміне сәйкес Шымкенттегі 1306 азаматқа 5 АЕК яғни, 14 585 теңгеден біржолғы қаржылай көмек берілді.
— Шымкент қаласындағы «Қасірет» мемориалды кешенінде 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті. Қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов пен «Nur Otan» Партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева бастаған зиялы қауым және қала тұрғындары алдымен «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Қасірет» мемориалына жиналған қауым нәубет жылдары қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
— 2021 жылы «Балалар әдебиеті» жылы деп жарияланған болатын. Бұл ретте «Балалар әдебиеті» және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Арбат» демалыс аймағында Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасы және «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Farabi offline: парақtimes» кітап жәрмеңкесі өтті.
— Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында ашық есік күні өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына музей мамандары Қазақ елінің тарихындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін, соғыс жылдары мен тәуелсіздікке қол жеткізу барысындағы саяси оқиғалардың құрбандарының тарихы, өмірі туралы мәліметтер беріп, өзге елдердің архиві, мұражайымен байланыстар туралы баяндады.
— Тәуелсіздіктің 30 жылдығында 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шарада 1-3 жас аралығындағы балалардың тұсауын қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, Шымкент қаласының құрметті азаматы Ө.Мелдеханов, қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Түркістан» сарайының директоры С.Майғазиев пен қолөнер шебері Болат Бейісбеков, Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры У.Әбдірайымов, айтыскер ақын А.Леубаева сынды елге сыйлы, белгілі азаматтар кесті. Балалар күніне орай ұйымдастырылған шарада «Жеті қазына» атты интеллектуалды ойын-сауық ұйымдастырылды. Мұнда балалар төрт топқа бөлініп, «Тәуелсіздік» саябағында көмбеге жасырылған 7 қазынаны іздейді. Ал, этноауылда «асық», «теппе», «асау мәстек» ойнап, «садақ ату», «ат ерттеуден» жарысып, қазақ хандарына шолу жасап, тоғызқұмалақтан есеп шығарудан сайыс өтті. Ал, өскелең қыздар құрақ құраудан жарысты. Сайыс соңында балаларға арнайы сыйлықтар таратылды.
— 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы шеңберінде «30 игі іс» акциясы және партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Балалар біздің болашағымыз» шарасы өтті. «Nur Otan»партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген қайырымдылық шараға Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, ҮЕҰ өкілдері мен №3 Шымкент қалалық балалар үйінің тәрбиленушілері қатысты.
— Жастар ресурстық орталығының қолдауымен 1-маусым балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ – бақытты аспан астында» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Қайы-рымдылық іс-шараға қаламыздың «Жігер» қоғамдық бірлестігінің бүлдір-шіндері қонақ болды.
— 1 маусым күні Жастар ресурстық орталығы мен “Mobil plus көмек” қайырымдылық қоры бірлесіп 12-16 жас аралығында жасөспірімдердің арасында «Шымкент жастар қаласы» жас суретшілер көрмесінің «Әлем балалар көзімен» тақырыбында сурет салу байқауы өтті.
— Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай «Біздің Ту, Біздің Ел таңба, Біздің Әнұран» мерекелік жастар акциясы өтті. Жастардың қатысуымен патриоттық шеру ұйымдастырылып, қоғамдық көліктерде, саябақтарда әнұранды қосылып шырқап, аялдамалар мен қоғамдық көліктерде Елтаңба мен Ту пішінінде құттықтау қағаздары жабыстырып қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шеруге Маслихат депутаттары мен фракция мүшелері, Jas Otan жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді студенттері, волонтерлер мен қала тұрғындары қатысты.
— Шымкент қаласының 2200 жыл-дығы аясында «Ұлттық мәдениет мәйегі-Шымкент» атты тарихи кеші өткізілді. Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы «Хакім Абай» музейінде Шымкент қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапхансымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қала күніне орай Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналып «Ұлттық мәдениет мәйегі-Шымкент» атты тарихи кеші өткізілді. Іс-шараға жазушы, шежіреші, тарихшы Момбек Әбдәкімұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қайрат Анарбай, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Оралбаева Зауре, фантаст жазушы Сарманбай Исақ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Театр және эстрадалық шығар Замашылық» кафедрасының оқытушы магистрі Қонысбаева Аққу Абумутәлифқызы және кітапхана, музей қызметкерлері мен қала жастары қатысты.
— «Ақмешіттің» іргесінен ашық спорт алаңшасының құрылысы басталды. Бос жатқан төрт жер телімінің біреуі Абай ауданы әкімі аппаратының тапсырысымен игілікті іс жүзеге асуда. «Шымкент қайырымды қала» қорының демеушілігімен салынып жатқан алаңда волейбол, баскетбол, футбол ойындарын ойнауға болатын алаңша workout орнатылады.
— Шымкент қалалық арнайы кітапханасында айтыскер ақын, Республикалық айтыстарда өз өнерін тарту етіп, көрерменнің көңілінен шығып жүрген Маржан Есжанованың 50 жасқа толуына орай «Тәтті өлеңін тарту етер алашқа» атты ақынмен кездесу кеші болып өтті. Кеште Маржан Есжанова айтыстағы қызықты оқиғалармен бөлісіп, өнерін көпшілікке паш етті.
— «Жас Отан» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен : «Реаблитациялық орталығы 2» емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Дәрігерлерді ардақтайық!» жал-пыұлттық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – ел аумағында жұқпалы індеттің таралуы кезінде қас қақпай жұмыла қызмет еткен, өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс айту, қолдау көрсету. Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер дәрігерлерге арнап иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған 50-ден аса денсаулық себеттерін дайындады.
— Шымкентте жазушы Бақтыгүл Ауданованың «Ай толғатып жатқанда» кітабының және сазгер Арайлым Саттарованың «Ән болып төгіл, назды үнім» атты кітаптарының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер кешіне ақын-жазушылар, зиялы қауым қатысты. Олардың қатарында ҚР-ның Мәдениет қайраткері Байғали Есеналиев, қазақ әдебиетінің маңдайына біткен жарық жұлдызы, ақын Төлеген Айбергеновтың қызы Салтанат Айбергенова, Әзірбайжан авторлар қоғамының төрағасы Исмаил Маматкаримов, сазгер Құралай Сәтмұхамбетова, ақын Гүлнәр Өмірбек, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы болды.
— Шымкент қаласында Тә-уелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» аясында мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті. Биыл қала бойынша 11-сыныпты 9 973 түлек, 9-сыныпты 16 877 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 11-сынып бітірушілерінің 491-і «Алтын белгі» иегері атанса, 437 түлек «Үздік аттестат» иеленді.
— Шымкентте көпбалалы аналарға кәсіби кеңес берілді. Жиынға қалалық тұрғын үй басқармасы, білім басқармасы және денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «Shanyraq» орталығында көпбалалы аналарға кәсіби кеңес берілді, оған қалалық тұрғын үй басқармасы, білім басқармасы және денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты. Мамандар көпбалалы аналардың сұрақтары мен өтініштері бойынша кеңестер беріп, заң аясында шешу жолдарын қарастырды.
— Шымкентте демеушілердің қол-дауымен екі спорт алаңы ашылды. Жаңа нысанның үлкен спорт алаңы, жасанды жабыны, жарықтандыруы және жоғары қоршауы бар. Шымкентте балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жаппай спортты дамыту мақсатында көптеген жаңа нысандар пайдалануға берілуде. Қалада екі жаңа балалар спорт алаңы салтанатты түрде ашылды. Көше алаңының құрылысы Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылды. Жаңа нысанның үлкен спорт алаңы, жасанды жабыны, жарықтандыруы және жоғары қоршауы бар. Онда балаларға баскетбол, волейбол, футбол, теннис ойнауға барлық жағдай жасалған.
— 14 – маусым дүниежүзілік донорлар күні. Атаулы датаға орай Шымкентте қала тұрғындары мен белсенді жастардың қатысуымен қан тапсыру донорлық акциясы өтті. Шараның мақсаты – қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп-қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға септігін тигізе алатынын кеңінен түсіндіру болып табылады.
— Жазушы, шежіреші, профес-сор Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері Момбек Әбдіәкімұлының төл туындысы «Шымкент қаласының тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ұйымдастырылған жиынды Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Асқар Әлихан ашып, жүргізіп отырды. Басқосуға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшім Жанысбекұлы және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысып, жарық көрген кітап туралы өз ой-пікірлерін бөлісті.
— Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, 19 маусым – Қала күніне орай қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Шуағын төккен шымқала» атты өлкетану кеші болды. Шара барысында жастарға Қазақстанның көне қалаларының бірі Шымкенттің тарихы туралы толық мәліметтер беріліп, кеңінен насихатталды.
Өлкетану кешінің негізгі мақсаты- жасөспірімдерге қала туралы деректерді таныстыру арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырумен қатар, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру. Рухани кешке — ақын, халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмек, ақын Дәркен Танабаев қатысты.
— Шымкентте «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына -30 кітап» атты әдеби сағат өтті. Іс- шараның мақсаты Президент ұсынған — 30 әлем және қазақстандық авторлардың кітаптарын оқуға шақыру, қазақ әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу.
— Шымкентте «Жас құтқарушылар» сайысы өтті. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Тәуел-сіздіктің 30 жылдығына орай арнайы жас құтқарушы клубтары арасында сайыс ұйымдастырды. Оған қарым-қабілеттерін және барынша дайындықтарын көрсете білген әр мектептен 8 команда іріктеп алынған. Додаға қатысушылар түрлі кедергілерді бағындырып, өрт сөндіру қағидаларын көрсетті. Кіл мықтылары арнайы марапатқа ие болды.
— «shanyraq» орталығында әкелер бас қосты «Shanyraq» орталығы балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған әкелермен тығыз жұмыс істеп, әкелерге құқықтық, психологиялық көмек беріп келеді. Шымкент қаласында «Shanyraq» орталығында Халықаралық әкелер күніне орай «Менің тату отбасым» атты іс-шара Аталған шараға Еңбекші аудандық сотының судьясы, Әкелер алқасының төрағасы Еркін Отарбаев, «Отбасы банк» АҚ менеджерлері, перзенттерін өзі тәрбиелеп отырған әкелер балаларымен, «Мерейлі отбасы» республикалық байқауына үміткер Ауданбаевтар отбасы қатысты.
— «Шырайлы Шымқалам» атты ән кеші өтті. Іс-шараның мақсаты – жас өнерпаздарды анықтау. Шымкент қалсында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жəне қала күні қарсаңында өткен «Шырайлы Шымқалам» атты мерекелік ән кешін Шымкент қаласының ішкі саясат жəне жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Әл-Фараби ауданы мамандары ұйымдастырды. Кешке қаламыздың тұрғындары мен қонақтары қатысты.
— Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры және ұлттық әдебиет» дөңгелек үстел» өтті. Әдеби жиын барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне Шымкенттен жаңадан бес адам қабылданды. Қаламгерлерге арнайы мүшелік куәлік тапсырылды. Жаңадан қатарға қосылғандар — жазушы Зылиха Жантасова, ақындар Дәркен Танабай, Дәурен Айманбет, Әлімжан Әлішер, Айдарбекова Салтанат, Арайлым Мұратәлиева, Сүндет Сейітов болды. ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұ. Есдәулет пен орынбасары, ақын Б. Беделхан қатысқан басқосуда Шымкент қаласының қаламгерлер қауымының әдеби жаңалықтарымен, бүгінгі жағдайы және жетістіктері туралы бөлісті. Сонымен қатар қаламызда әдебиеттің даму көкжиегі, руханиятымыздың жаңғыруы, әде-биеттегі бүгінгі жас толқынның аяқ алысы әңгімеге арқау болды.
— «Мерекеңмен, Шымқала!» Түр-
кістан сарайының төрінде өткен мерекелік шара айрықша сән-салтанатпен өрілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарасаңында тойланып жатқан шымшаһардың күніне орай ұйымдастырылған мерекелік жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Шаһар басшысы жерлестерін атаулы күнмен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.
Еліміздегі үшінші мегаполистің кешегісі мен бүгінгісін бағамдады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов мерекелік жиында қала тұрғындарын бүгінгі мерекемен құттықтап, шаһар үшін елеулі еңбегі сіңген азаматтарға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» марапатын табыстады.
— Шымкент қаласында Абай кі-
тапханасы жаңартылды. Қала басшылығы қайта жаңғыртудан өткен Абай атындағы қалалық орталық кітапханасының ашылу салтанатына қатысты. 19 маусым – қала күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросының директоры К.Пикат та арнайы келді. Қала әкімі және мәслихат хатшысы кітапхана аумағындағы оқу аймақтары, кітап және оқырмандар залы, «Music and Art Community Space» залының жаңа жұмыс жүйесімен, кофехана, сондай–ақ, «Абай» муралының жұмыстарымен танысты.
Абай атындағы қалалық орталық кітапханада 2021 жылдың мамыр айында жаңғырту жұмыстары басталған еді. Жөндеу жұмыстары 19 маусым-қала күні мерекесі қарсаңында аяқталып, пайдалануға берілді.
— Қала күні мерекесіне орай Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының ұжымы 19, 20 маусым күндері Арбатта «Қарагөз» спектаклінен үзінді көрсетті.
— «Shymqala» этноауылында ба-лаларға «Жеті қазына» ұлттық ойындар ойнатылды. Балалар төрт топқа бөлініп, Тәуелсіздік саябағындағы көмбеге жасырылған жеті қазынаны іздеп тапты. Ал, этноауылда балалар «асық», «теппе», «асау мәстек» ұлттық ойындарын ойнаса, «садақ ату», «ат ерттеуден» жарыс ұйымдастырды. Тоғызқұмалақтан есеп айырысып, қыздарымыз көрпе құраудан сайысқа түсті.
— Қалалықтар «Шымқала» тарихи-мәдени кешеніндегі жаңа музейлердің жұмысымен танысты. Ескі қалашық жанынан ашылған «Шымқала» тарихи-мәдени кешен 2021 жылы наурыз айында жұмысын бастаған еді. Ондағы музейлерде ескі жәдігерлер, тарихи маңызы бар түрлі заттар сақталып, қаламыздың тарихын айшықтайтын тарихи орынға айналған.
— Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығында, Қала күні мерекесіне орай Әл-Фараби ауданына қарасты Отырар шағын ауданында және Ш.Қалдаяқов көшесінде екі спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Жеке кәсіпкер Серік Тульбасовтың қоры қолдауымен жалпы саны 4 спорт алаңшасы тұрғындардың игілігіне берілді. Қазіргі таңға, Әл-Фараби ауданында 33 спорт алаңшасы бар. Биыл ауданда қосымша 32 спорт алаңшасы жаңадан салынады, оның 25-і әкімдік тарапынан салынса, 7- і әкімдік пен демеуші арасында жасалған меморандумға сәйкес Серік Тульбасовтың қоры есебінен салынатын болады.
— «Shymqala» этноауылында көп-тен күткен, қазақы салт-дәстүрге негізделген алғашқы қыз ұзату тойы өтті. Бүгінде мазмұнынан айрылып, мағынасынан ажырап бара жатқан той – халықтың қазынасы енді Шымкент қалалық Әдет ғұрып және салт дәстүр орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жаңаша бағыт, ұлттық ұстаныммен қайта жаңғыруда.
— Шымкент қаласында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай дәстүрлі Спартакиада «Аламан» спорт кешенінде басталды. Спорттық шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылуда. Спартакиада ша-ғын футбол, волейбол, арқан тарту, шахмат, боулинг, бильярд және үстел теннисі түрлерінен өтуде.
— А.Асқаров атындағы Дендро-саябағында өнерлі жастар арасында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаң-ғыру» аясында «Домбыра party» ұйымдастырылды.
— Жастар ресурстық орталығының қолдауымен, М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың жастар орталығы және «Қазақстан волонтерлар лигасы» Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен М. Әуезов түлектеріне арналған «Auezov Cup» атты үстел тенисінен турнир өтті. Турнирге іріктеліп шыққан 12 қатысушы бақ сынады, жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер марапатталды.
— Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Birgemiz; Taza Alem” және “Birgemiz; Qamqor” “жұмадағы жақсылық” “волонтер күнделігі” жалпыұлттық жобасы аясында, қарасты жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі қарт кісінің үйінде еріктілер тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізіп, азық-түлік себеттерін жеткізді.
— Тәуелсіз елдің Елордасы. Тәуел-сіздіктің 30 жылдығында Нұр-Сұлтан қаласының туған күні қарсаңында ОҚМПУ-де дөңгелек үстел ұйым-дастырылды.
«Жасампаздықтың жемісі – Елорда» деп аталды. Онда 1994 жылы Парламенттің қос палатасы алдында Елбасы мемлекеттің астанасын ауыстыру жөніндегі ұсыныс жасап, 6 шілденің тарихта алар орны туралы кеңінен айтылды. Сол уақытта Астана болатын ірі қалаларға қойылатын 52 талапқа сай келген қала Ақмола болған. Ақмоланың даму кезеңдері, архитектуралық шешімдер мен батыл қадамдар жайында басқосуға қатысқан ардагер құрылысшы, Еңбек ардагері, ҚР құрметті құрылысшысы Әбдіғани Ташқараев, тарихшылар Гульжан Сугирбаева, Қайрат Анарбаев, Берік Садықов, жастар қоғамдық ұйымдарының белсенділері Рахат Арғынбай және басқа да қоғам белсенділері ой бөлісті.
— «Birgemiz: Qamqor» Жалпыұлттық жобасы “Ел тірегі — елбасы” акциясы асында Жастар ресурстық орталығы «Halyq» қайырымдылық қорының ерікті жастармен бірлесіп аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға азық-түлік қорапшалары таратылды.
— Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ре-сурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлеріне, Шымкент қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» мамандары «Nеет санатындағы жастармен жұмыс істеу» бойынша семинар-тренинг өткізді. Мақсаты қаламыздағы және шалғай аудандардағы жұмыссыз жастарға дұрыс және нақты мәліметтер мен мағлұматтар беру. Шымкент қалалық «Жұмыспен қамту орталығының» бөлім басшысы Әлиханов Бекболат мырза: «Жастар іс-тәжірибелік» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа орналастыру, «Әлеуметтік жұмыс орындары» яғни түрлі кәсіп мекемелеріне сұраныстағы мамандарды жөнелту, сондай-ақ «3 айлық оқу курстары» бойынша мамандық иесі атанып, мемлекеттік гранттарға ие болады, — деп түсіндірді.
— Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында «Жұмадағы жақ-сылық» акциясында «Отбасы» банк, «Авиценна» медицина колледжі, «Парасат» колледждері жанынан құрылған еріктілер тобы қаламыздағы 4 аудан орталықтарына қарасты мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізді.
— Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Birgemiz; Taza Alem” және “Birgemiz; Qamqor” жалпыұлттық жобасы аясында Қаратау ауданына қарасты жалғыз басты,мүмкіндігі шектеулі қарт кісінің үйінде еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізіп, азық-түлік себеттерін жеткізді. Жалпы бұл қайырымдылық шарасы жыл он екі ай жалғасын таппақ. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» 30 мың отбасына азық-түлік тарату жоспарланса, бүгінде 32 мың отбасына Рамазан қоржыны үлестірілген.

 

Дайындаған:
Жанна Иманқұл,
«Жалын» журналының қызметкері

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *