АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ  МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ (Өзбекстан Республикасы негізінде) АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ  МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ (Өзбекстан Республикасы негізінде)
  Өткен жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасының Пре-зиденті Қ. К. Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өзбекстан Респуб-ликасының азаматтары болып табылатын... АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ  МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ (Өзбекстан Республикасы негізінде)

 

Өткен жылдың 17 сәуірінде Қазақстан Республикасының Пре-зиденті Қ. К. Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өзбекстан Респуб-ликасының азаматтары болып табылатын еңбекші көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасындағы және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші көшіпқонушылардың Өзбекстан Республикасындағы еңбек қызметі және құқықтарын қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.
Келісімнің мақсаты тараптар мемлекеттерінде көшіқон ағынын реттеу және заңсыз еңбек қызметін болдырмау жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады. Шартты ратификациялау екі ел арасындағы еңбек көші-қоны процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады және екі көрші мемлекеттің адамдардың траффи-кингімен жүйелі күрестегі тағы бір қадам болмақ. Екі елдің көршілес және мәдени ортақтығына қарамастан, халықаралық сарапшылар осы қылмыстың анықталған құрбандары үшін шыққан елі болып табылатын өзбек мемлекетінің адам саудасына қарсы іс-қимылының прогрессивті тәжірибесін атап өтеді. Бұл мақала адам саудасына қарсы күрес саласындағы көрші мемлекеттің оң тәжірибелері мен қазіргі заманауи реформаларын зерделеуге, сондай-ақ зерттеудің салыстырмалықұқықтық әдісін қолдану негізінде жеке үйлестіру-кеңесші құралдардың рөлін ықтимал теориялық жалпылауға бағытталған.
Жалпы, Өзбекстан Респуб-ликасындағы траффикингке қарсы іс-қимылдың қолданыстағы жүйесін қарай отырып, аталған мәселе осы елде мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілгендігін атап өту қажет. 2008 жылғы 17 сәуірде мемлекетте адам саудасына қарсы іс-қимылды ұйым-дастыруды, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын қорғауды және оларға көмек көрсетуді реттейтін «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық ве-домствоаралық комиссия сияқты қаралып отырған қылмыстық құбылысқа қарсы іс-қимыл саласындағы тиімді тетіктің жұмыс істеуі жөніндегі құралды қарастыру ерекше назар аударуға тұрарлық. Адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған ведом-ствоаралық комиссияны Өзбекстан Республикасының Президенті өзі қалыптастырады. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері:
– адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
– адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік орган-дардың, азаматтардың өзін-өзі басқару органдарының және мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдардың қызметінің тиімділігін, тығыз өзара іс-қимылын және жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметін үйлестіру;
– адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалау, мониторингтеу және арттыру; – адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтау, тергеу, алдын алу және жолын кесу тәжірибесін зерделеу;
– құқық қолдану тәжірибесі және заңнаманы жетілдіру жолымен жүйелі кемшіліктердің себептері мен жағдайларын анықтау, талдау және жою;
– адам саудасына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
– адам саудасының ауқымы, жағдайы және үрдістері туралы ақпаратты жинау және талдау;
– адам саудасына қарсы іс-қимылда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын жақсарту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
– адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, талдау, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында оны пайдалану;
– адам саудасының құрбандарына көмек көрсету және қорғау бойынша жұмысты жақсарту, адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
– адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы халықты ақпараттандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
– адам саудасының құрбандарына көмек көрсету және қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемелердің қызметіне басшылық және бақылау жасау;
– аумақтық ведомствоаралық комиссиялардың қызметін үйлестіру. Қазақстан Республикасында мұндай құрал – Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомс-твоаралық комиссия – 2003 жылдан бастап жұмыс істей бастады. 2014 жылы түпкілікті нұсқа қабылданғанға және бекітілгенге дейін ве-домствоаралық комиссия туралы ереже түрлі өзгерістерге ұшырап, 8 рет жаңартылды. Айта кету керек, қазақстандық Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Өзбекстанның Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы арасында айтарлықтай айырмашылықтар анықталды.
Бірінші кезекте, екі көрші мемлекеттердегі ведомствоаралық комиссиялар өз миссиясы мен мақсаты бойынша ерекшеленеді – біздің елде комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады, Өзбекстанда – адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруші орган болып табылады.
Тиісінше, комиссиялар шығаратын негізгі міндеттер мен шешімдердің сипаты әр түрлі. Қазақстан Республикасында комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады, көрші елде – Комиссия қабылдайтын шешімдер барлық министрліктердің, ведомстволардың, қоғамдық бір-лестіктердің және басқа да мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Екіншіден, ведомствоаралық ко-миссиялардың жұмыс органдары әртүрлі. Өзбекстанда жұмыс органының функция ларын Ішкі істер министрлігі атқарады. Біздің елде, бастапқыда, 2003 жылдан бастап жұмыс органының қызметін Әділет министрлігі атқарды, алайда 2014 жылы енгізілген өзгерістерге байланысты Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы ретінде ротациялық негізде екі жыл мерзімділікпен атқарды. Үшіншіден, комиссиялардың кездесулерін өткізу мерзімділігі әр түрлі. Мәселен, біздің мемлекеттегі комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі, Өзбекстан Республикасында комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және өз отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізеді. Сондай-ақ, комиссияның жоспарлы жұмысын ұйымдастыру процесі де бірдей емес:
Өзбекстанда Комиссияның жұмыс жоспарлары Комиссия мүшелерінен келіп түскен ұсыныстар негізінде әрбір жартыжылдыққа жасалады, Қазақстанда комиссияның жұмысы жылдық жоспар негізінде жүзеге асырылады. Қазақстанда және Өзбекстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық ведомствоаралық комиссиялар құрылған және жұмыс істейді. Алайда, Өзбекстан Республикасында аумақтық комиссиялар қызметінің құқықтық негізі қолданылып жүрген заңдарда нақты бекітілген факт маңызды ерекшелік болып табылады.
Мысалы, Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссия туралы Ереженің 9-тармағы аумақтық комиссиялар құрамында төраға (ішкі істер органының басшысы), төрағаның орынбасары және мүшелер кіреді деп белгіленген. Аумақтық комис-сиялардың құрамына, әдетте, құқық қорғау органдарының, сондай-ақ еңбек жөніндегі органдардың, білім беру мемлекеттік басқармасының, мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі басқармасының, өзге де мемлекеттік басқару органдарының басшылары және мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссиялардың құрамын (Әндіжан, Бұхара, Жызақ, Қашқадария, Навои, Наманган, Самарқанд, Сұрхандаря, Сырдаря, Ташкент, Ферғана, Хорезм облыстары) талдау көрсеткендей, комиссия төрағасы ретінде барлық облыстарда – облыс ІІБ бастықтары, төрағалардың орынбасарлары ретінде – облыс прокурорларының бірінші орынбасарлары анықталған. Комиссия мүшелерінің саны 14-16 адамды құрайды, бұл ретте Комиссия құрамына әділет басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, жұмыспен қамту бас басқармасының, кеден басқармасының, аумақ пен экономиканы кешенді дамыту бас басқармасының, кәсіби-қолөнер білім басқармасының, қаржы бас-қармасының, халық білім бас-қармасының бастықтары, облыс Хокимнің орынбасары (әйелдер комитетінің төрағасы), Азаматтардың өзінөзі басқару органдарының қызметін үйлестіру жөніндегі облыстық кеңестің бірінші орынбасары, Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің аймақтық өкілі, облыстық ІІБ ЭжТҚКБ бөлімінің бастығы (жұмыс тобының жетекшісі) кіреді. Әр түрлі облыстарда комиссия құрамына таңдау бойынша Өзбекстан Республикасы МҚҚ «Оңтүстік-батыс» шекара әскерлері өңірлік штабының бастығы, Халық депутаттары кеңесінің құқықтық тәртіп, заңдылық және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету істері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Өзбекстан Республикасы Сыртқы сауда министрлігінің облыс бойынша уәкілетті өкілі, әскери бөлімдердің командирлері, мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы кіреді.
Мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдар ретінде әр облыста «Өзбекстан Жастар Одағы» облыстық кеңесі және екі облыста – «ISTIQBOLLI AVLOD» ҮЕҰ және «Юксалиш» ақпараттық-ресурстық орталығы ұсынылған. Қазақстан Республикасында аумақтық комис-сиялардың қызметі заң жүзінде реттелмеген. Олардың болуы және жұмысты ұйымдастыру Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі Үкіметтің тиісті іс-шаралар жоспарларының мазмұнынан туындайды.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Респуб ликасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау және оларға қарсы күрес бойынша 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шараларының бірі ретінде адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведом-ствоаралық комиссияның, сондай-ақ әкімдіктер жанындағы ұқсас өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйым-дастыруды қамтамасыз ету жоспарланған. Мұндай ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 609 қаулысымен бекітілген Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау және оған қарсы күрес жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 1-тармағында да бекітілген.
Облыс әкімдіктерінің ресми сайттарының мониторингі адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияларды құру туралы ақпараттың тек Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында ғана бар екенін көрсетті. Сондай-ақ, алғашқы екі облыс әкімдіктерінің сайттарында ескірген ақпарат орналастырылған. Тиісті аумақтық комиссиялар «Қазақстан Респуб-ликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және оған қарсы күрес жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 609 қаулысына сәйкес құрылатынын жалпылап айтуға болады. Комиссияның жеке құрамын (кейбір облыстарда – облыстық ҰҚК департаментімен және облыстық ІІД-мен алдын ала келісілген) облыстық мәслихаттар бекітеді. Аумақтық комиссияларды, әдетте, облыс әкімінің орынбасарлары басқарады. Тө-рағаның орынбасары ретінде полиция департаменті бастығының орынбасары, хатшысы – криминалдық полиция қызметкері болады. Комиссия құрамына ҰҚКД, ІІД, әкімдік, білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (9-дан 16 адамға дейін) кіреді. Әр облыстағы аумақтық комиссиялар қызметінің негізгі міндеттері дербес анықталған.
Қарағанды облысында облыстық ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері: заңсыз еңбек мигранттарының мәжбүрлі еңбегін болдырмау және мақта алқаптарында, темекі плантацияларында және құрылыс объектілерінде балалар еңбегін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу; адам саудасының құрбандарына күнделікті көмек көрсететін коммерциялық емес (үкіметтік емес) қоғамдық ұйымдарға мемлекеттік қаржылық және өзге де көмек көрсетуді, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетуді жалғастыруға және осындай көмек көрсету практикасын жетілдіру жөнінде шаралар қолдану; адам саудасының құрбандарына олардың өтініштері кезінде сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған жағдайда Қарағанды облысы комиссиясының алдына қойылған заңсыз еңбек миг-ранттарының мәжбүрлі еңбегін және мақта алқаптары мен темекі плантацияларында балалар еңбегін пайдалануды болдырмау жөніндегі ұсы-ныстарды әзірлеу сияқты міндет түсінбестік туғызады, өйткені аталған салалар Қазақстанның оңтүстік облыстарында (Түркістан, Алматы) дамыған және осындай міндеттер дәл осы өңірлер үшін орынды. Келтірілген әкімдіктердің адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау және оларға қарсы күрес жөніндегі өңірлік жоспарларды әзірлеуге немқұрайлы қарауын көрсетеді.
Аумақтық комиссиялар қызметінің заң жүзінде реттелмеуі комиссияның жұмыс органдарын шашыраңқы анықтауға алып келді. Мысалы, Ақмола облысында жұмыс органы Полиция департаменті болып табылады, Солтүстік Қазақстан облысында – «Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі және сәйкесінше хатшы – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің маманы болып табылады.
Сонымен қатар, адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс органының рөлін жете бағаламауға болмайды. Өйткені, бұл комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар мен материалдар (облыста қалыптасқан жағдайды ескере отырып – автордың ескертуі) дайындайтын орган.
Бұдан әрі Өзбекстан Респуб-ликасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведом-ствоаралық комиссиялардың өзге-руіне және оларды неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге әкеп соққан қазіргі заманауи реформаларды қарастырайық. 2017 жылғы 14 наурызда Өзбекстан Республикасының Президенті «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылдады. Аталған қаулыны қабылдаудың себебі құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жұмысының нысандары мен әдістері ең алдымен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың жеткіліксіз деңгейіне байланысты қазіргі заманауи талаптарға толық көлемде жауап бермегені болып табылады. Қаулының кіріспесінде аталып өткендей: «Мемлекеттік органдар құқық бұзушылықтардың алдын алуды тек құқық қорғау органдарының міндеті ретінде жиі қарайды және соның салдарынан бұл жұмысқа тиісті назар аудармайды. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі шаралардың атаулылығы мен кешенділігінің, сондай-ақ жүйелі құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шараларды әзірлеу тиімділігінің болмауы күтілетін нәтижелер бермейді. Уәкілетті органдардың бастама-шылығының жеткіліксіздігі, тиісті ведомствоаралық өзара іс-қимылдың болмауы, іске асырылатын іс-шаралардың келісілмеуі құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес саласындағы қызметті түбегейлі жетілдіруді талап етеді». Аталған қаулымен алғашында Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияның бірыңғай үйлестіруші органы болып табылатыны анықталды (№ 1 схема). 2019 жылғы 31 шілдеде «Адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Президенттің Жарлығымен адам саудасына және мәжбүрлеп еңбекті пайдалануға тиімді қарсы әрекет етуге кедергі келтіретін бірқатар жағымсыз факторлар жарияланды.
Атап айтқанда: біріншіден, уәкілетті органдардың бастама-шылығының жеткіліксіздігі, бірыңғай бастамамен құзыретті органдардың тиісті ведомствоаралық өзара іс-қимылының болмауы; екіншіден, кең жұртшылыққа және халықаралық қоғамдастыққа осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыс туралы объективті және шынайы ақпаратты жеткізу жөніндегі іске асырылатын іс-шаралардың келіспеуі; үшіншіден, заңнамалық базаның халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі, адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қатысы бар адамдарды тиімді қудалауға және жазалауға кедергі келтіреді.
Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің пәрменді жүйесін құру, елдің халықаралық аренадағы оң имиджін ілгерілету мақсатында Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссия Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық комиссия болып қайта құрылды. 2019 жылғы Президенттің Жарлығымен Ұлттық комиссия Ішкі істер министрі басқаратын адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кіші комиссиядан, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі басқаратын мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кіші комиссиядан тұрады.
Ұлттық комиссияның негізгі міндеттері Республикалық ведом-ствоаралық комиссияның алдында тұрған дәл сондай практикалық міндеттер айқындалған. Бірақ келесі міндеттер қосылмаған:
– Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы халықты ақпараттандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
– Адам саудасының құрбандарына көмек көрсету және қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемелердің қызметіне басшылық жасау және бақылау жасау;
– Аумақтық комиссиялардың қызметін үйлестіру. Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.
Комиссия құрамына сондай-ақ Бас прокурор, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің төрағасы, Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы, Жоғарғы Сот Төрағасы, Сыртқы істер министрі, Әділет министрі, Денсаулық сақтау министрі, сондай-ақ бірқатар басқа да лауазымды тұлғалар мен үкіметтік емес сектордың өкілдері (26 адам) кірді. Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық комиссияларға басшылық ету облыстардың (Қарақалпақстан Республикасында – Республиканың Жоқарғы Кеңес төрағасына) хокимдеріне жүктелген. Аумақтық комиссиялардың негізгі міндеті ұлттық заңнаманың, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис па-латаларының қаулыларының, Өзбекстан Республикасы Прези-дентінің жарлықтарының, қаулылары мен өкімдерінің, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешімдері мен Ұлттық комиссияның адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл саласындағы нұсқамаларының мүлтіксіз, уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету болып айқындалған. Сондай-ақ, адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық баяндамашы институтының құрылуын атап өту қажет, оның функциялары Ұлттық комиссияның төрағасына жүктелген. Ұлттық баяндамашының негізгі міндеттері: – Өзбекстан Республикасының Прези-дентіне елдегі және әлемдегі адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл саласындағы қалыптасқан жағдай, осы қылмыс түріне қатысы бар адамдарды қудалау мен жазалау және адам саудасы құрбандарын қолдау жөнінде қабылданатын шаралар туралы жыл сайын ақпарат беру; – бұқаралық ақпарат құралдары үшін шет мемлекеттердің дипломатиялық корпусын және Өзбекстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін тарта отырып, осы салада республикада қабылданып жатқан шаралар туралы анық ақпаратты қалың жұртшылыққа және халықаралық қоғамдастыққа жеткізу мақсатында тұрақты негізде брифингтер ұйымдастыру; – адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл саласында осы тақырыпқа маманданған халықаралық қоғамдастықпен, ұйымдармен және құқық қорғаушылармен тиімді ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, мемлекетке қатысты құлдырауға жедел жауап қайтару, сондай-ақ осы саладағы халықаралық аренада республиканың ұлттық мүдделерін қорғау.
Қысқа мерзім ішінде қайта құрылған комиссия мақсатты жұмыс жүргізді. Оның қызметін реттейтін ережелер бекітілді, ұлттық комиссияның ресми веб-сайты әзір-ленді және іске қосылды, жергілікті жерлерде аумақтық комиссиялар құрылды, олардың жұмысы үшін барлық құқықтық негіздер құрылды. Ұлттық комиссия мен оның кіші комиссияларының жүйелі жұмысын жолға қоюға, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік және қоғамдық ұйым-дардың ынтымақтастығын күшейтуге бағытталған шаралар қабылданды. Атап айтқанда, адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар жоспары бекітілді.
Әзірленген «жол картасы» Халықаралық еңбек ұйымының, АҚШ Мемлекеттік департаментінің, «Cotton Campaign» және «Human Rights Watch» халықаралық ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, Өзбекстанның адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл саласындағы ұстанымын жақсартуға бағытталған. Ұлттық заңнама мен құқықты қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша белгілі бір жұмыс жүзеге асырылды.
Бала мен мәжбүрлі еңбекке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында «Өзбекстан Республикасының Қылмыстық ко-дексіне толықтырулар енгізу туралы» заң әзірленді.
Бұдан басқа, халықаралық тәжірибені ескере отырып, «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Өзбекстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді. Қолданыстағы заңмен салыстырғанда, жобада 3-ші бап кеңейтілді – негізгі ұғымдар: адамды азғырып-көндіру, шыққан мемлекет, адам саудасының құрбаны, жағдайдың осалдығын теріс пайдалану, адам саудасының құрбандарын идентификациялау, адам саудасының құрбандарын қайта бағыттаудың ұлттық тетігі, адам саудасының құрбаны сияқты ұғымдар қосылған.
Адам саудасына қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарына (заңдылық; адам саудагерлерінің жауапкершілігінің бұлтартпастығы; адам саудасының құрбандарын кемсітуге жол бермеу; әлеуметтік әріптестік) адам саудасы құр-бандарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; құқықтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, медициналық, профилактикалық және ақпараттық шараларды пайдалану жиынтығы сияқты қағидаттар қосылды. «Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары» атты жаңа бап пайда болды. Заң жобасына «Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және қатысатын органдар мен ұйымдар» атты 2-тарауды енгізу маңызды жаңалық болып табылады.
Аталған тараумен Ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратураның, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Сыртқы істер министрлігінің, Дипломатиялық өкілдіктер мен Консулдық мекемелердің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігінің нақты өкілеттіктері жазылды. Заң жобасының 8-бабы Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы өкілеттіктерін бекітеді. Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы өз өкілеттігі шегінде:
– адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
– адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
– адам саудасының құрбандарын идентификациялауды жүзеге асырады;
– адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нақты және біркелкі орындалуын қадағалауды жүзеге асырады;
– жедел-іздестіру қызметін, тергеуге дейінгі тексеруді, анықтауды, алдын ала тергеуді, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыратын органдардың қызметін үйлестіреді;
– адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заң шығару қызметіне, оның ішінде заңнамалық бастама құқығын іске асыруға қатысады;
– қоғамда құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті арттыруға және заңдылықты нығайтуға бағытталған халық арасында құқықтық насихаттау қызметіне қатысады;
– адам саудасына байланысты қылмыстарды статистикалық есепке алуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
– адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және қатысатын басқа да органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Сондай-ақ, заң жобасы адам саудасының құрбандарын идентификациялау, жеке тұлғаны адам саудасының құрбаны деп тану, адам саудасынан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу, адам саудасынан зардап шеккен шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды репатриациялау үдерістерін қамтитын адам саудасының құрбандарын қайта бағыттаудың ұлттық тетігінің болуымен, адам саудасының құрбандарына берілетін қауіпсіздік шаралары мен өзге де кепілдіктердің енгізілуімен ерекшеленді.
Осылайша, Өзбекстан Республикасы бүгінгі күні Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында белгілі бір табыстар жасауда – бала еңбегі түбегейлі жойылды, Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары шеңберінде міндеттемелер орындалды, бұл елдің деңгейін АҚШ Мемлекеттік департаменті рейтингісінің үшінші санатынан екінші санатына дейін көтеруге мүмкіндік берді.
2017 жылдан бастап Өзбекстан Республикасында құқық бұзушылықтың ерте алдын алу және қылмысқа қарсы күрес, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл және мәжбүрлі еңбекті жою сияқты басым бағыт бойынша кешенді шаралар іске асырылуда. 2019 жылдың соңына дейін адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияның бірыңғай үйлестіруші органы Бас прокуратура болды. Қадағалау органының қызметкерлері республикалық және облыстық деңгейдегі комиссиялардың құра-мында ұсынылды. Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері прокуратураның қада-ғалау өкілеттігіне тек келісім бойынша ғана кіреді. Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өзбек республикалық ведомствоаралық комиссиясын Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық комиссияға реформалау мен қайта құруды талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Өтпелі кезең себебі бойынша бұрын қабылданған, сондай-ақ жаңа нормативтік актілер қолданылады, осыған байланысты олардың кейбір сәйкессіздігі байқалады. Мәселен, 2019 жылғы «Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Өзбекстан Республикасы Президентінің Жар-лығында адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық комиссия болып қайта құрылғанына қарамастан, 2008 жылғы қолданыстағы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңында адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар туралы ереже бекітілген. Өзбекстанмен қабылданған алдын алу шаралары, халық арасында түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу соңғы екі жылда адам саудасына байланысты қылмыстар санының 3,2 есеге азаюына алып келді.
Ұлттық комиссияның алдында тұрған басты міндеттердің бірі ашықтық пен жариялылық қағидаттарын сақтау болып табылады. Елдегі адам саудасы мен мәжбүрлеп еңбекке қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстарды кең жұртшылыққа, оның ішінде халықаралық қоғам-дастыққа жеткізу мақсатында медиаплан бекітілді және іске асырылуда, Өзбекстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің міндеттеріне халықаралық қоғамдастықты осы бағытта жүзеге асырылатын қызмет туралы хабардар ету жөніндегі жұмыс жүктелді.
Кез келген мемлекетте адам саудасына қарсы тиімді күрес үшін прогрессивті заңдар, қаржы ресурстары, ең бастысы – мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың күш-жігерін шоғырландыру қажет. Осыған байланысты «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Өзбекстан Республикасы Заңының жобасы жұртшылықтың талқылауына жарияланды. 2020 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша аталған заң жобасына «ISTIQBOLLI AVLOD» республикалық әлеуметтікақпараттық орталығы өкілдерінен 14 ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар, осы ҮЕҰ-ның үлкен жұмыс тәжірибесіне, Өзбекстанда 10 өңірлік бөлімшенің болуына қарамастан, «ISTIQBOLLI AVLOD» Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық комиссияның құрамына енбеген.
Біздің мемлекетке келер болсақ, әрбір екі жылда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына және оларда адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастыру-профилактикалық шараларын не-гізгі орындаушылар ретінде облыс әкімдіктерінің бекітілуіне қарамастан, көптеген облыстық сайттарда осы салада қабылданатын шаралар туралы, көрсетілетін көмек туралы, қиын жағдайға тап болған тұлға алуы мүмкін қызметтер туралы қандай да бір ақпарат жоқ.

 

Жанар Сейтаева,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясы
Нұр-Сұлтан қ.
Рахматулла Балашов,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы
Нұр-Сұлтан қ.,

Әзірше ешқандай пікір жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз.

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *