ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫС
15.05.2020 0 10 334
Жанна ИМАНҚҰЛ
«Жалын» журналының қызметкері,
«Ақпарат саласының үздігі»
Қоғам үшін қауіпті адам, ол – қылмыскер. Қылмысқа жақын кісі, өзінің жеке басының мақсатын іске асыруды көздеп жүреді. Ол сол жолда тіпті ештеңеден тайынбайды. Біреуді жәбірлейді, әлдебіреудің қанын төгеді, тонайды, ұрлық жасайды, бопсалаумен айналысады. Бұл ретте қылмыс табиғатын, мәнін түсіну қиынға соғады. Сондықтан да ол заң тұрғысынан алғанда әрқашанда жеке іс ретінде қаралады. Себебі әр қылмыстың себеп-салдары, нәтижесі, тіпті көздеген мақсаты да бір-біріне ұқсамасы белгілі. Қылмыс табиғатының астында көп себеп бар – кек алу, өшпенділік, есе қайтару, пайда табу, тағысын тағылар. Абайсызда жасалатын қылмыстар да болады. Құлағымыз үйреніп қалған қылмыстық жаңалықтардың ішінде жасы кәмелетке толмағандардың бар болуын қалай түсінуге болады? Жалпы, мұндай балалар бесіктен белі шықпай жатып қылмысқа қалай барады? Әлдебіреулердің ықпалына, азғыруына түсіп қала ма, ол жағын біржақты ұғыну да оңай емес.
Өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда биыл жасөспірімдер жасаған қылмыс 19 пайызға азайған. Оның есесіне аталған уақыт ара-лығында олардың тарапынан жасалатын ауыр қылмыстар санының көбейгені алдыңғы жағымды деректі жуып-шайып кеткендей әсер қалдырады. Ауыр қылмыс дегеніміз – адам өлтіру екенін ескерсек, бұл төбе шашыңды тік тұрғызбай қоймайды. Тағы бір қынжыларлық жайт мұндай деректердің қаймағы бұзылмаған ұлттық салт-дәстүрлер құндылықтарына бай шалғай аудандарда тіркелгендігі. Биылғы жылы да осындай ауыр қылмыстардың саны көбейіп отыр-ғаны алаңдатпай қоймайды. Әрине қылмыс жасаған жасөспірімдер жауапкершілікке тартылған. Осындай тәртіп олардың ата-аналарына да жасалған, тіпті кейбіреулерін ата-аналық құқықтарынан айыру жөніндегі қатаң заң талаптары қолданылған. Қылмысқа бой ұрған жасөспірімдердің бірқатары арнайы мектептерге жіберілген.
Баланың ақ адал көңілі қылмыс атаулыдан жырақ болуы тиіс еді ғой, әлде қоғам, ата-ана, мектеп баланың тәрбиесіне жіті мән бермей отыр ма? Бір қарағанда, әр баланың өмірі әртүрлі жағдайда өтеді. Әлеуметтік қиындығы бар отбасының баласы мен төрт түлігі сай отбасындағы баланың мінезін, өмірге деген көзқарасын салыстыруға мүлде келмейді. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген сөз бекер айтылмаған болар. Отбасылар арасындағы әлеуметтік теңсіздік баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне де әсер етеді. Бала айналаға қарап өседі. Өзінің құрбы- құрдастарына қарап еліктейді. Біреу бай болып, өзі кедей болса жан дүниесі қалай құлазымасын? Баланың не себепті тура жолдан тайып, қылмыс әлеміне еніп кететінін кім біледі? «Ақша», «байлық» дейтін түсініктердің дәуірі жүріп тұрған заманда, жақсы тұрмыс, қалың қалта баланың да ойына кіріп-шықпай ма? Оның үстіне, жұмысбасты болып кеткен ата-ананың да баласының өмірін қадағалайтын мүмкіндіктері жоқ. Балалардың ермегі болатын дұрыс нәрселер азайып кетті. Бала бүгінде ермекті өзі тауып алатын болды. Көшеге шығады, өзі сияқты бос жүргендермен жолығысады. Ақшасы болса, ойын залдарына барып уақыт өткізеді. Ақшалары болмаса, бірігіп не істейтіндерін ойластыра бастайды. Дос-жарандары бір жерге шақырады. Олардан қалмауға тырысып, сол қатарда абыройлы, беделді болуы үшін не істемейді?! Топтың айтқанымен, солардың меңзеуімен жүріп-тұруына тура келеді. Көше заңы басқа заңдарға, түсінік-пайымдарға қарағанда қатал. Ол әлсіздерді кешірмейді. Барлығын бір ортақ ұғымға, түсініктерге ұйыстырады. «Баланы көше тәрбиелейді» деген сөзді жиі естиміз. Бұл дұрыс. Өйткені бүгінгі бала, шын мәнінде, өз өмірімен жеке қалып отыр.
Түске дейін мектепте болса, түстен кейін өз еркі – өзінде. Үйінде қарайтын біреу болса жақсы, болмаса, ол жағы да қиындау. Балалық кезеңде адам баласы қашанда бір нәрсені көргісі келіп, бір нәрсені білгісі келіп тұрмаушы ма еді?! Мұндай шақ кез келген бала үшін сын сағатына айналады. Аяғын шалыс басса, қылмыс жасап қойып, заң алдында жауап беруі де ғажап емес. Жастайынан қылмыскер атанып, темір тордың ар жағында отырғандар аз ба? Олардың тағдыры мен өмірі не себепті солай болды? Ойланатын мәселе. Солардың арасында айналаға қатыгездік көзбен қарайтындары да жоқ емес. Қылмысын жасады, жазасын алды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың туындау себебін қоғамдық жағдайлардан, әлеуметтік себеп-салдардан, тәр-биелік жұмыстардың әлсіздігінен көруге болатын шығар. Дегенмен бұл бағытта көп жұмыстар атқарылады. Тәрбие беріледі, қылмыстың алдын алу шаралары, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Оның бәрі қылмыстың аз болуына ықпал жасайтыны рас.
Бірақ қылмыстың болуын түбегейлі жойып жібере алмайды. Неге? Өйткені жасы кәмелетке толмаған баланың өмірге деген көзқарасы қалыптаспаған. Ол әлі ненің жақсы, ненің жаман екенін де ажыратып үлгермеген. Турасын айтқанда, олардың кейбіреуіне айтылған ақыл бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді. Себебі ол сондай кезеңді басынан өткеруде. Сол сияқты баланың өмірі қоғамның назарынан тыс қалған уақытта, баланың басына не кіріп-шықпайды? Ғаламтор бола ма, әлде басқа да нәрселер бола ма, баланың табиғатына көп әсерін тигізуде.
Осымен бүкіл істі біттіге санауға бола ма? Әрине, жоқ. Мұнымен жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі төмендейтініне кепілдік беру қиын. Бұл ретте кәмелетке толмағандар арасындағы ауыр қылмыстардың көбеюінің басты себебі мен салдары не деген сауалға жауап іздестірілгені жөн. Біріншіден, осы орайда әлеуметтік-физиологиялық және психологиялық тұрғыдан толық өсіп, дамып жетіле қоймаған балалардың бойында осал, кемшін тұстары болуы табиғи үрдіс екенін терең түйсінуге тиіспіз. Басты мәселе барша қоғам мүшелері өзара бірігіп, олардың осал олқы тұстарын жетілдіруге көңіл аударса, мұндай қылмыстар азая түсетіні анық. Яғни, негізгі назар кәмелетке толмағандар арасындағы болуы мүмкін қылмыстың алдын алуға әрі оны болдырмауға бағытталса, мұндай іс-шаралар өз нәтижесін берері белгілі.
Кәмелетке толмағандардың өмірі мектеп өмірімен тығыз байланыста. Мектеп – әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бүгінде мектептерде не болмай жатыр? Оқушылар арасындағы төбелес те, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы дүрдараздық та мектептегі жағдайлардан хабар береді. Оқушылардың бірін-бірі пышақтап кетуі, тапа-талтүсте оқ жаудыруы – ойлантарлық мәселе. «Олардың қолына суық қару қалай түсіп жүр, мұны бақылауда ұстауы тиіс органдар қайда» деген сауалдар туындайды. Қазіргі таңда мектептерге бір-бір инспектордан бөлініп жатады. Дегенмен, инспектордың назарынан тыс қаншама дүниелер жасалуы мүмкін. Бір инспектор бір мектепке жете ме? Мың сан оқушыны ол күндіз-түні жұмыс істесе де, бақылауында ұстай алмасы анық. Әйтеуір инспектордың мектеп өміріне атсалысып жүргенінің өзі біраз қылмыстың болдырмауына сеп болары ақиқат. Баланың тағдыры, баланың психологиясы бір қалыпты емес. Ол азғыруға көп ұшырайды. Бір өзі шешім қабылдап қылмысқа барған баланы аз жолықтырасың. Олар қылмысқа көбінде топ болып барады екен.
Кім топтан бөлінгісі келер дейсің?! Бірен-сараңы болмаса, балалардың біраз бөлігі үшін өз араларындағы абырой беделі бәрінен жоғары болмақ. Сол жолда ол неге болса да баруға дайын тұруы мүмкін. Қылмыстың шеті осы жерден басталады. Бұл күнде көп кездесетін қылмыстардың ішінде мүліктік қылмыс, қарақшылық тәрізді қылмыстар аталады.
Күнделікті көріп жүргеніміз – оқушылардың қолындағы ұялы телефондардың әртүрлі болып келе-тіндігі. Жағдайы жақсы бай баласы қымбат ұялы телефон ұстайды. Ал материалдық жағдайы одан төмен отбасының баласы ұялы телефонның арзанын ұстайды. Осындай тең-сіздіктер қылмыстық себептерді туындатады.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мен төмендетудің басты жолдарының бірі – ювеналды полиция қызметкерлерінің мәртебесін және біліктілігі мен жауапкершілігін көтеру деп білеміз. Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын арнайы ішкі құрылымдар толық қайтарыммен қызмет жасауы керектігі ешқандай талас туғызбайды. Әйтсе де, бүгінгі күні өңірдегі ювеналды полиция инспекторлары арасында алдын алу шараларын үстірт жүргізуге бейім тұратындар кездесіп қалып жүргенін жоққа шығару қиын-ақ. Күрмеуі мол іс-шаралар кешені шеңберінде бірқатар жағдайларда нақтылық пен сындарлылық жетісе бермейтіні байқалып қалып жүр.
Кейбір деректерге назар ау-дарсақ, Қазақстанда жасалатын қылмыстардың 57 пайызын 14-29 жас аралығындағылар жасайды екен. Мысалы, Алматы қаласында жасөс-пірімдер қылмысы өзге аймақтармен салыстырғанда біршама төмен. Бұл жөнінде Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше: жыл басынан бері Алматы қаласында 350 мыңға жуық жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізілген екен. Олардың 180-і жүріс-тұрысы нашар жас ретінде арнайы есепке алынды. 200 ата-ана балаларын түнде қаңғытып жібергені үшін, 35 ата-ана балаларын тәрбиелеуден бас тартқаны үшін жауапқа тартылды. 11 ата-ана соттың үкімімен ата-ана құқықтарынан айырылды. 240 жасөспірім оқшаулау орталықтарына жіберілді. 80 бала қылмыс жасаса, оның тең жартысынан көбі – басқа қалалардан келгендер. Қаладағы 195 мектепте мектеп инспекторлары тағайындалған. Олар мектептің төңірегінде ешбір қылмысты болдыртпайды. Жылдың басынан бері барлық мектептерде бейнекамералар орнатылған. Қылмыстың басым көпшілігі ұрлық жасау, қарақшылық шабуыл, мүліктік қылмыспен байланысты. Аса ауыр қылмыстар ілуде біреу болмаса, кездеспейді екен.
Айтылған деректерге қарағанда, бала тағдырына жауапты ата-ана салғырттығы да балалар қылмысына себеп болып отырғандығын аңғаруға болады. Егер әр балаға өзінің ата-анасы тарапынан тиісті дәрежеде көңіл бөлінсе, балалар тарапынан орын алатын қылмыстық істердің алдын алуға болар еді. Балаға көбіне-көп отбасындағы келеңсіз жағдайлар өз әсерін тигізбей қоймайды.
Маскүнемдікке салынып кеткен әке-шешенің баласы қандай өмірге тап болады? Елестетудің өзі қиын. Әрбір ата-ана өз баласының өмірі, тағдыры үшін жауапты. Осы жағынан алғанда, кемшін тұстар жетерлік. Бала қараусыз қалса, оны қылмысқа итермелейтін себептер де аяқ астынан табыла кетпей ме? Бала қылмысқа неліктен барады? Қылмысқа баруға не итермеледі? Әлдебіреулер қысым жасап, қорқытты ма? Біреудің айт-қанымен барды ма, әлде өзі шешім қабылдады ма? Баланың отбасы қандай? Міне, осы сұрақтардың әрбіріне жан-жақты талдау жасалуы керек.
Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өткен жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін 186 үкім шығарумен қаралған қылмыстық іс болыпты. Барлық қаралған іс – 363. Сотты болған кәмелетке толмағандар саны – 166, 246 сотталғандардың ішінде 111-іне бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған. Ал соның ішінде кәмелетке толмағандардың саны – 30. Өткен жылдарды алатын болсақ, бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмағандар 2016 жылы – 5 адам, 2017 жылы – 25 адам, 2018 жылы – 4 адам, 2019 жылы 6 адамды құрап отыр. Жалпы істердің 90 пайызы – меншікке қарсы қылмыстар, яғни бөтен мүлікті ұрлау, тонау, қарақшылық жасау. Жасы кәмелетке толмағандар өзімен қатарлас балалардың әдемі, бағалы ұялы телефон ұстап жүргенін көреді.
Сөйтіп, «онда неге бар, менде неге жоқ» деген түсінік пайда болады. Ол оны қылмыс деп те есептемейді. Қылмыс жасағаны жөнінде кей-біреулерінен сұрағанда «біз бұны қылмыс деп ойламадық» деп жауап береді.
Тағы бір топқа үлкендердің ықпалы әсер еткен. Әйтпесе өзін қоршаған айналасының ықпалына ұшырайды. «Досымызға жәрдем берейік, соған ақша қажет болып тұр», «бір жерге қарыз болып қалыпты» деген желеумен қылмысқа бой ұрады. Сөйтеді де ең оңай сатылатын – ұялы телефонды ұрлайды немесе біреуден тартып алады. Оны 5-10 мыңға сатып, пайдаланатын кездері болады.
Балалардың мұндай қылмыс жасауына көбінесе өмірлік қағидасының қалыптаспағаны әсер етеді. Ауылда өсті. Тоғызыншы сыныпты бітіреді, қалаға келіп колледжге түседі. Еліктеп, басқалар сияқты ұялы телефон ұстағысы келеді, жақсы киінгісі келеді. Ол үшін ақша қажет. Оны қалай табуды білмейді. Сөйтіп жүргенде жанындағы біреулер «гоп-стоп» жасадық та, мына ұялы телефонды алдық» деп әлгі баланы қызықтырады. Оған «мен солай неге жасамаймын» деген ой келеді. Содан кейін барады да біреуден тартып алады. Ашық тартып алған соң Қылмыстық кодекстің 178-бабына, ал топ болып жасаса, осы баптың 2-бөлімі, яғни топ болып тонауға жатады. Ал егер өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданам деп қорқытса, Қылмыстық кодекстің 179-бабымен қарақшылық қылмысқа өтіп кетеді. Қарақшылыққа өтетін себебі, олардың біреуінің қолында пышақ болады, не болмаса жарақат түсіруге бейімделген заттары болады. Жасы кәмелетке толмай, бас бостандығынан айырылып сотталғандардың бәрі – осы қарақшылықпен сотталғандар, не болмаса, бұрын адам тонап, қайталап қылмыс жасағандар. Қазір мемлекетімізде сот ісін ізгілендіру саясаты жүргізілуде. «Жасы кәмелетке толмағандар орташа ауырлықта қылмыс жасаса, оған бас бостандығы еркінен айыру жазасы берілмейді» деп Заңның өзінде де жазылған. Егер ізгілендіру саясаты бұрынғы жылдары болған болса, ол кездердегі істердің жартысына жеңіл жаза қолдануға болушы еді. Соны біз қазір қынжылып еске аламыз. Ол кезде заң қатал болды.
Сондықтан да көп жағдайда кәмелетке толмағандарды бас бос-тандығынан айыруға тура келді. Қылмыстық кодекстің 481-бабында: «Кәмелетке толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы), кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы, интеллектуалдық, ерік-жігерінің және психикалық даму дәрежесі, мінезі мен тегеурінділік ерекшеліктері, мұқтаждықтары мен мүдделері, кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуы тиіс» деп жазылған. Осыған байланысты біз сот ісін қарағанда барлық жағдайды саралаймыз. Топтың әсері болды ма, үлкендердің ықпалы болды ма, жоқ өзінің қызығушылығы болды ма, балалықпен жасады ма, құрбы-құрдастарының алдында мақтаныш сезіммен өзінің күшінің басым екенін көрсеткісі келді ме, әлде пиғылында мүліктік пайда көру болды ма» деген мән-жайлар тексеріледі. Қылмыстық жазадан босату мәселелері де Заңда көрсетілген. Сондай-ақ оны бас бостандығынан айырмай-ақ басқа жаза беріп, тәрбиелік әсері бар мән-жайларды қолдану да қарастырылады. Ол Қылмыстық кодекстің 82-бабында көрсетілген. Осылайша, барлығын саралағаннан кейін белгілі болып шығады. Сонан кейін ғана «бас бостандығынан айыру жазасы беріле ме, әлде тәрбиелік әсері бар шаралар қолдану керек пе» деген мәселе үкім арқылы шешіледі. Үкім бойынша ата-анасының қарамағына беріледі немесе арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік ұйымдар оның тәрбиесімен айналысады, жүріс-тұрысын қадағалайды.
Баланың өзіне қосымша шаралар жүктеледі. Мысалы, белгілі бір уақыттан кейін үйден шықпау, белгілі бір жерлерге бармау, өзі тұратын аудан көлемінің өзінде тек рұқсатпен ғана шығу сияқты шаралар қолданылады. Жүріп-тұруы қадағалауда болады. Осы шаралардың нәтижелерін біз қазір көріп отырмыз. Кәмелетке толмағандар ойламаған жерден, үлкендердің, болмаса бір топтың ықпалымен қылмысқа барып қалады. Ал өзімен тікелей сөйлессең, өте тәрбиелі, жеке басы қоғамға қауіпті емес, жайлы отбасынан шыққан. Айналасындағыларға одан келетін қауіп жоқ. Осындай мәселенің бәрін қараған кезде қайтадан сот алдына келетіндері жоқ деуге болады. Алайда қылмысқа қайтадан аяқ басатындар болып тұрады.
Бұдан түсінгеніміз, қылмысқа баратын әрбір баланың серіктестері, азғырушылары, қылмыс жасауға итермелейтін сыртқы күштер де болады екен. Сонда баланың сондай топқа түсіп қалмауы үшін біз не істеуіміз керек? Қоғам не жасау керек? Мемлекет қандай шара қолдануы қажет? Иә, қылмыс әлемі жасарып келеді. Үлкендер жасайтын қылмысты кіші де жасай беретін болды. Бала кезден осындайға қылықтарға үйір болған адам, өскеннен кейін түзеліп кетеріне кім кепіл болады?! Есейгенде қылмысқа баруын қояды деп кім айта алады? Істі болып, сотталған баланың ертеңгі тағдыры да қай жағынан алып қарасақ та, өзіне жеңіл болмасы анық. Түрмеден босап шыққанда, күні ертең оның бетіне басып айтатындар да табылады. Әр баланың психикасы әртүрлі. Оған біреу шыдайды, біреу шыдамайды. Әлеуметтік ахуалы, ішкі жан дүниесі дағдарысқа ұшырап, өз-өзіне қол жұмсауы да мүмкін. Қарап тұрсаңыз, сан мың тағдыр, есепсіз көп мәселелер. Қазіргі кезде жас жеткіншектің әлі қалыптасып үлгермеген психикасына зорлық-зомбылық көрініске толы фильмдер, түрлі ақпараттар әсер етіп отырғанын мамандар айтып жүр.
Барлық өңірде ювеналды полиция инспекторы қызмет істейді. Әр өңірдегі кәмелетке толмағандардың басына шаққанда, олардың санын аз деуге де, көп деуге де болмас. Егер осы инспектордың бәрі сапалы нәтиже көрсетсе мүмкін жоғарыда көрсетілгендей, кәмелетке толмағандар арасындағы ауыр қылмыстар дерегі азаяр ма? Әсіресе қазіргі кезде өңірде тұрмыстық жағдайы төмен отбасылармен қылмыстың алдын алу жөніндегі жүргізілетін жұмыстарды жаңа сапалы деңгейге көтеру керектігі анық көрінеді.
Осындай олқылықтың орнын толтыру үшін облыстық білім басқармалары тарапынан 2019-2020 жылдарға арналған ведомстволық жоспар әзірленіп бекітілген. Бұл қадам қылмысқа баратын жеткіншектердің отбасылық жағдайларына жан-жақты талдаулар жасауға мүмкіндік береді. Бұл бағытта биылғы жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылған 43 жасөспірімнің отбасылық жай-күйіне жасалған талдаулар оның 33 пайызы толық отбасынан шыққанын көрсетіпті. Сондай-ақ тексерулер кезінде ата-аналар перзенттеріне өз деңгейінде бақылау жасамайтыны, балаларына саналы тәрбие беру ісіндегі ата-аналық парыздары мен жауапкершілігін сезіне бермейтіні анықталған.
Журналистік зерттеулер жасөс-пірімдер қылмыс жасаған жағдайда өкілетті органдар кінәні сол жас-өспірімдердің ата-аналарына аударуға тырысатынын көрсетеді. Сондықтан әрбір оқушының бос уақытын тиімді әрі мазмұнды түрде ұйымдастыру аса маңызды мәселеге айналды. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың салдарын жою тек осындай бас біріктіре білген жағдайда ғана мүмкін болатынына толық сенім бар.
Кәмелетке толмағандардың қыл-мысқа баруын қалай тежейміз? Көше түсініктері, жастардың арасындағы қылмыстың тыйылмай отырғаны – бірігіп ойласатын жағдай. Бәлкім, біз тәрбиені уыстан шығарып алған шығармыз? Мүмкін балаларға қатысты тәрбие технологияларын өзгерту керек шығар? Қылмысқа барудың себеп-салдары тиісті дәре-жеде сараланбай отырған болар? Бала қылмысқа барды. «Неге барды, не түрткі болды» деген мәселеге мән берілмей отыр. Мектеп, ата-ана, қоғамдық институттар осы мәселемен мықтап айналысуы керек.
Әлеуметтік қиындықтар, баланың басына түсетін психологиялық дағ-дарыстар, түрлі себептер баланы қылмыс жасауға итермелейді. Әрбір баланы оған әсер ететін топтың ықпалынан қалай құтқарамыз? Кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізудің оңтайлы шаралары ойластырылып, мемлекеттік деңгейден көңіл бөлінуі тиіс. Әйтпесе, қылмыс әлеміне бір кірген бала оның есігін қайта ашуы әбден мүмкін. Еліміздің әр баласы – мемлекетіміздің болашағы. Олардың тәрбиесіне, өміріне мән беріп, немен айналысатындығына, кімдермен байланыста екендігіне, бос уақытын қалай өткізетіндігіне назар аударуы керек. Балалардың өміріне қатысты барлық жағдай елеусіз қалмауы керек.
Өйткені баланың өмірі мен тағдыры бәрінен қымбат. Оның қалыптасуына, өмірде дұрыс адам болып өсуіне қоғам болып, мемлекет болып көмектесуіміз қажет. Осыдан келіп барлық жұмыстарға мазмұндық һәм сапалық өзгерістер ауадай қажет. Ең бастысы, кез келген баланы қылмыс әлемінен алшақтатудың, соның құрығынан құтқарудың жолдарын табуымыз керек.
Өркениетті елдің болашағын жасайтын бүгінгі бүлдіршін, бала-бақша мен мектептегі жас буын жасөспірімдер екені белгілі. Келешек өмірдің тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс-әрекеттерінің бастауы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Өкінішке орай, кәмелетке толмаған жасөспірімдер еліміздегі бүкіл қылмыстық әрекеттердің бестен бірін жасайды. Жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі дабыл қағатын, қауіпті де қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес, қоғамға, өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған-туысқандарына үлкен зиян келтіреді. Жасөспірім қылмыскер ең бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып табылады.
Бүгінде қай жерде болсын теледидар экранынан, баспасөз беттерінен жасөспірімдер колониясындағы балалар өмірін суреттейтін материалдар көп беріліп жүр. Жас қылмыскер өмірі жайлы шындықты оқыған, көрген сайын жағаңды ұстайсың, таңданасың, бүгініміз бен болашағымызды ойлап қорқасың. Өмірге келген сәбиді ертең қылмыскер, қанішер болып өседі деп кім ойлар?
Мемлекет кәмелетке толмағандар-дың қылмысының алдын алуда, жасөспірімдерді қадағалаусыз қал-
дырумен қатар ересектердің құ-қық бұзушылық әрекеттерінің жасөс-
пірімдерге кері әсер беруі сияқ-
ты жәйттермен күресуде. Мемлеке-
тіміздің болашағы, тірегі жасөс-пірімдер дейтін болсақ, не алатын сапалы білімі, не тиянақты тәлім-тәрбиесі болмаса, олардан не қайыр, не үміт? Осындай себептермен соңғы кездері жасөспірімдердің қылмысқа ұрынулары күрт көбейіп кетті.
Әсіресе бозбала шақтағы бірнеше рет қайталанып жасалатын ұрлық пен үйден тыс жерлерде жасалатын ұрлықтың немесе тонаудың өзі көп алаңдаушылық туғызады. Негізі баланың бозбала шағы қиындық туғызады. Егер бала үнемі ұрлық жасаса, бұл оған әдетке айналып кетіп жатады. Егер ол жанұясын емес, үйінен тыс жерлерден ұрлық жасаса, бұл өзінің кейбір жетіспеген қалауларын ұрлық арқылы жетістіруі болады. Егер бала ұрлыққа үнемі барса, есейген шағында да, бұл мінез-құлқының бір қалыптасқан дағдыға айналған бөлімі болады. Бірақ кез-келген жағдайда бала сіздің түсінушілігіңіз бен келешегіңізге, аяушылығыңызбен көзқарас, назарыңызға арқа сүйеуге болатынын білу керек. Баланың кейбір қиындықтары, үлкендердің көзқарасы бойынша кей кезде күлкіні, ойдан шығарылған сияқты, ойлауға да тұрмайтындай болып, көрінеді. Бірақ бала үшін олай емес, ең үлкен мәселедей боп көрінеді. Балаға кейбір жағдайлардан шығу жолы жоқ болып көрінеді. Бұл жөнінде тек ата-аналар мен мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар психологта ұмытпағаны маңызды. Ұрлықтың қиындықтарымен жұмыс жасай жүріп, өзіңізді баланың орнына қойып көрген маңызды, бұндай жағдайда сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз, не сезінер едіңіз – осының барлығы баланы толық түсінуге көмектеседі. Ұрлық жасаған балаға негізінде түсінушілікпен қарау жетіспейді. Осы орайда халықтық педагогика танымдарынан да тәлім алуға болады. Мысалы:
•балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла;
•он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса (айтқанды екі етпейтін елгезек болуға, әр ісін «талаппен бастап, талғаммен аяқтауға» әдеттендіру).
• он бес жастан бастап тең құр-быңдай сыйлас. Халқымыз тіпті, «он үште отау иесі» деген сөз қалдырған. Яғни, бала өзіне артылатын жауапкершіліктерді сезіне беруі керек. Ой-санасы мен мінез-құлқы, ар-ожданын дұрыс қалыптастыруға бағыт-бағдар беру ата-ананың басты міндеті.
Күн өткен сайын бүгінгі қоғамда өмір сүру күрделеніп барады. Себебі, қазіргі жаппай жаһандану жағдайы қоғамның қай буын өкілінің болмасын өміріне өз ықпалын тигізуде. Бүгінгі нарықтық экономиканың кең тарамданып, тамыр жаюы жұмыс-сыздықтың етек алуы, мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алу жағдайының шектелуі жастар арасында қылмыстың өршуі мен өсуіне себепкер болып отыр.
Кәмелетке жасы толмаған адам деп қылмыс жасаған кезге қарай он төрт жасқа толған, бірақ он сегізге толмаған адамды айтамыз. Бүгінгі таңда жастар арасында криминалды белсенділік өте жоғары деңгейде. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықтың өсуі алаңдатады, өйткені олар ересектерге қарағанда тәжірибесі мен білімінің жеткіліксіздігінен көптеген проблемаларды шеше алмайды.
Кәмелетке толмаған сотталу-шының ақылойдан кеміс екендігін куәландыратын деректер болса, сот қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес кәмелетке толмаған адамның ақыл-есі қаншалықты толық емес екендігін анықтауға міндетті, оның әрекеттерінің мағынасын сезіне алып, басшылық жасауының шегін белгілеуі керек.
Дереккөздердегі мәліметтерге қара-
ғанда, кәмелетке толмағандар қылмысының деңгейі уақыт өткен сайын өсіп барады. Мәселен, өткен жылы қарақшылық шабуылдардың 64,8% суық қару түрлері қолданылған. Оқты қару-жарақ мұндай шабуылдардың 6%-да пайдаланылған. Қарулы қарақшылық шабуылдардың 34,8%-ы көшеде, 38,3%-ы тұрғын жайға басып кіру арқылы алынады екен. Қорқытып алушылық 2018 жылы 65 рет жасалған болса, сол қылмыс саны 2019 жылы 121-ге, қарақшылық 168-ден 227-ге, адам тонау қылмысы 518-ден 761-ге, ал ұрлық 2330-дан 3562-ге жеткен.
Жасы кәмелетке толмағандардың 80-85%ы – ер балалар. Жасөспірім-дердің қылмыс жасауына не себеп дегенге келсек, бұлардың көпшілігі оқуға, адал еңбекке ынта қоймайды, бос уақыттарын көбінесе қаңғыбастықпен, құмар ойындарға, ішімдікке, нашақорлық және басқа да есеңгіртетін заттарды пайдалануға, ойынханаларда жат музыка тыңдауға, жыныстық немесе нәпсіқұмарлық іс-әрекеттермен айналасуға арнайды.
Қылмыс жасаған жасөспірімдердің бір бөлігі ақыл ойының кемістігі барлар, жүйке ауруымен ауыратындар болып отыр. Бұлардың көпшілігі тәрбиенің, бақылаудың жоқтығынан ерте бастан ішімдікке, есірткілік заттарды тұтынуға үйренген, қаңғыбастықпен, үйден қашып, кездейсоқ қылмыстық элементтермен байланыс жасағандар.
Көптеген жасөспірім қылмыс-керлердің күнделікті іс-әрекеттеріне отбасы, оқу орындары, еңбек ұжымдары ешқандай бақылау болма-ғандықтан, соңы қылмыстық әрекетте ұласатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың арасында пайдакүнемдік және пайдакүнемдік-зорлық пиғылмен жасалатын ауыр қылмыстардың үлесі өте жоғары. Ондай қылмыстарға көбіне аса қатыгездік пен тағылықтың (вандализм) сипаттары тән болып келеді.Жасөспірімдер жасайтын қылмыстың келесі түрі–ұрлық олардың үлесіндегі қылмыстың 63%-ын, тонау 20%-ын, қарақшылық шабуыл 10%-ын құрап отыр. Бұл тұста да бала санасының мейірімінен жұрдай бола бастағанын байқауға болады. Қылмысқа баруы ықтимал балалардың тағы бір тобы кезбелікпен күн кешуде. Кейбір деректерге сүйінсек, мектепке бармай, отбасынан алшақ қалған қараусыз жасөспірімдердің саны жүз мыңнан асады.
Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық біліммен қамтамасыз ету – бүгінгі күннің талабы. Егер баланың ұрлыққа қатысы бар екенін сезген жағдайда, ата-аналар қандай шара қолдануы қажет? Мына мәселелерге назар аударған жөн:
-баланы өз қолыңызбен ұрлық үстінде ұстай алмасаңыз, қанша жерден күдіктенген жағдайда да, бала жазықсыз болады;
-өте сақ болыңыз, сонымен қатар өте ұғымтал болыңыз, есіңізде ұс-таңыз – сіздің алдыңызда әккі ұры емес, бала тұр. Бала қалай, қандай болып өседі, ол сізге байланыс-
ты. Тез шешім қабылдасаңыз, сіз баланың түбегейлі түрде өміріне балта шапқандай боласыз. Осыдан кейін бала өз-өзіне сенімсіздік танытып, ортада да оқшауланып, басқалармен байланысуға, қарым-қатынас жасауға көңілі соқпайды;
-кейбір ата-аналар өз балаларының қолдарынан ұрып, баланы жазалап, қорқытып, балаға үкім шығарып және өте ертеде ұрылардың қолдарын шабатын болған деп, баланы қорқытып, егер тағы келесіде қайталайтын болса, полиция қызметкерлеріне өзінің апарып тапсыратындығын ескертіп, баланы жазаға тартады. Бұндай келеңсіз жағдайлар баланы қатал адамға айналдырады, балаға өзінің жеке басының кемшілігін сездіреді.Сондықтан баламен бірігіп жауапкершілікті бөлісіңіз, жағдайды түзеуге көмектесіңіз, бұндай жағдайлар туралы бала кітаптардан оқып, ата-анасының өзін қиындықта тастап кетпейтіндігіне қуанады;
-жасаған ісінің жаман екенін, өзіңізді қатты қынжылтып ренжіт-кендігін айтып, түсінік беріңіз, бірақ жасаған ісің – қарақшылық, ұрлық, қылмыс деп балаға ұрыспаңыз. Жай әңгімелесу, өз сезімдеріңіз жөнінде талқылау, кез-келген қиын жағдайдан шығу жолдарын баламен бірігіп отырып іздеу, ең жақсы шешім және іс-әрекет болмақ;
-бұл іс–әрекеттің негізгі себептерін жетік түсінуге тырысыңыз, мүмкіндік бұл ұрлық негізі бір қиындықтың салдарынан болып тұрған шығар, соған назар аударыңыз. Мысалы бала сұрамастан ақшаны не себептен алды деп ойлаңыз, мүмкін біреуге қарыз беруге керек шығар, ал бұл жөнінде айтуға ұялып, қысылатындықтан айта алмаған болар немесе ол біреудің затын жоғалтып алып, енді сол заттың қарымтасын қайтаруы керек болған шығар. Осылай туындаған қиындықтан бірге шығуға әрекет етіңіз;
-ұрланған затты міндетті түрде өз иесіне қайтару қажет, бірақ бұны балаға өздігінен жасату міндетті емес, баламен бірге барып қайтарыңыз. Бала кез-келген адамның қолдауға, жақындарының көмектеріне сүйенуге құқылы екендігін сезінуі тиіс;
-егер баланың бөтен затты рұқсатсыз алғанына сенімді болсаңыз, бірақ баланың өзі оны мойындамауға қиналса, бұл жағдайда балаға затты ешкімге білдірмей өз орнына қайтадан апарып қоюын айтыңыз. Мысалы, кішкентай балаға: «Меніңше, үйдің ішінде үй иесі» бар сияқты. Кейбір заттарды сол алып кеткен болуы керек. Мүмкін оны біз сыйлап, ас дайындап берсек, мүмкін мейірленіп, бізге жоғалған затты қайтарып берер — деген сөздерді айтуға болады.
Сенімді әңгіме – ол маңызды әдістің бірі. Баламен сенімді түрде әңгімелесу – ең жақсы профилактика. Балаңызбен бірге отырып, оның қиындықтары туралы әңгімелесіңіз, өз қиындықтарыңыз туралы айтыңыз. Әсіресе ең жақсысы, егер сіз балаңызға өз қиындықтарыңызды және уайымдарыңыз туралы, бала-ңыздың ұрлық жасаған кездегі өз қайғыңызды, сеніміңізді айтып бөлісіңіз. Бала сіздің шын жанашыр-лығыңызды, түсіністік білдіретін көзқарасыңызды, достық тілегіңізді сезінеді. Балаңызға негізгі өмірлік қажеттіліктерді айтыңыз. Мысалы: спортпен айналысу, өнермен шұғылдану, коллекциялар жинау, кітаптар оқу, фотоға түсіру. Бұл қызықтыру әрекеттерін ертерек бастаған жөн.
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыс жасауына әсер ететін факторларды негізгі бес факторға бөліп қарастыруға болады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және ана-томиялық жағымсыз ерекшеліктер.
Психологиялық факторлар.
Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы және т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиет-тері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.
Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұн-
дай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалып-тасуы мынадай сатылардан өтеді:
оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қы-
зығушылығы жойылады, ассо-циалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
криминалдылық – кейбір отбасын-дағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттермен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуын-
дағы ауытқушылықтардың негізгі фак-
торы – ата-ана. Баланың бойын-
дағы асоциалды мінез-құлықты қалып-
тастыратын отбасы қатынасының
бірнеше жағымсыз стильдері бар:
дисгармонды стиль – бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликтті жағдайларға баланы итермелейді;
тұрақсыз, конфликтті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
асоциалды стиль – ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды ісәрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қатыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қатыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты.
Өмірі неше түрлі қызықты әсерлерге толы болса, қызықты істермен айналысса, онда сол адам өзін өте бақытты және керек екенін сезінеді.
Ол балаға, біреулердің назарын өзіне аударып жатпай – ақ, біреуімен болса да онымен дос болуға ниеттенеді. Баланы, өзін басқалардың орнына қойып, басқалардың сезім-дері жөнінде ойлауға міндетті түрде үйрету керек. Ең маңыздысы, баланың өзі үйдегі өзінен кіші бауырларына немесе үйге қажетті затқа үлкен жауапкершілік білдіргені жақсы, сонымен қатар үйдегі гүлге су құю, дүкеннен нан әкелу, 7-8 жасынан бастап өзінің жеке сөмкесін, үстелін, бөлмесін жинап, таза ұстауға үйреніп, дағдыланып, жауапкершілікпен қара-уы керек. Бірте-бірте оған жұмыс тапсырып, жауапкершілікті бөлісіңіз.
Кәмелетке толмағандардың бос
уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында белгілі бір жеңілдіктермен мәдени, спорттық кешендер салу;
Ата-аналардың құқықтық сауат-тылықтарын арттыру мақсатында арнайы құқықтық білім беру орталықтарын ұйымдастыру;
Көше тәртібін қадағалауға сол кәмелетке толмағандардың өзін «Жас сақшылар» деген құқықтық ұйымдар ұйымдастыру арқылы тарту;
Ішкі істер органдары мен мектептердің, ата-аналардың байланысын одан әрі нығайту;
Оқушыларға, жалпы жасөспірім-дерге арналған құқықтық басылымдар шығару;
Еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, осы бастан мемлекеттің болашағы жастарды түзу жолға салып, өркениетке бағыттауымыз қажет.
Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас, әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз – әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы – өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.
Бүгінгі күні нашақорлық бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлықтың қасіретін тек дәрігерлер ғана емес, күнделікті көріп жүрген әр жан сезеді.
Бүгінгі жастардың ой – арманы, мақсат – мүддесі, тілегі, тірішлік – тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет-бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Есірткі қазіргі таңда көп түрі кездеседі мысалы: марихуана, кокаин, морфин, LSD, героин және тағы басқа түрлері адамның миына, психикасына, орталық жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын зиянды заттардың бірі.
Есірткіге құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты өзіңнің таныс топтарыңның арасына оларға еліктеу және абырой алу болады. Нашақорлық тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Адам ағзасына өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресі жас ағза тез қабылдайды. Бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нащақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт және осыған жету үшін дұрыс жолды білмейтін балалар да бар.
Есірткіге басталса егер әуестік,
Ертеңінде қояр оған әуес қылып. Үшінші күні құмарлығың артады,
Келер күнде магниттей тартады.
Бұл сөзімді кімдер қалай ұғады,
Деме қайдан нашақорлар шығады?
Қатысып жасалатын қылмыскерлік мемлекет пен қоғам үшін анағұрлым талқандаушы қылмыс түрі. Ол өзінің басқа құрылымды элементтеріне басқарушы ықпал етеді, қоғамдағы тек экономикалық ғана емес, әлеуметтік, моральдық- психологиялық, әлеу-меттік-мәдени процестерге де ай-тарлықтай әсер етеді. Қатысып жасалатын қылмыскерлікке қоғам-ның түрлі әлеуметтік жіктері араластырылған. Қатысып жасалатын қылмыскерліктің мемлекетпен де, қоғаммен де бақыланбайтын қаржылай және экономикалық зор мүмкіндіктері бар. Оның мемлекет пен қоғамға ірі көлемдегі табыс табу мақсатында түрлі қылмыстар жасау арқылы әсер ететін құрылымы және ішкі басқару жүйесі бар.
Қылмыскерлік қоғамдастықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қазіргі заманға сай материалдық- техникалық құралдармен жабдық-талған жауынгерлік құрылымдары, өзгешіл күш құрылымдары құрылған. Қылмыстық құрылымдар экономикалық және ғылыми қыз-меттің түрлі саласындағы білікті мамандарды, құқықтық және басқа да мәселелер бойынша нақты біліктілігі жоғары кеңесшілерді ұстауға
қабілетті. Қазіргі уақытта Қатысып қылмыс жасайтындардың мемлекет-тік органдарда, оның ішінде құқық қорғау органдарында мықты және ықпалды позициялары, уәкілетті құрылымдарда өз мүдделерін қор-ғайтын қуатты мамандары бар.
Алайда, жалпы алғанда, бұл құбылыс заңсыз тауарлар мен қызметтер нарығын құру және пайдалану жолымен қаржылай табыс және билікке қол жеткізетін, ішкі құрлым ұйымдарымен және басқа да топтармен кең көлемде жүзеге асырылатын күрделі қылмыстық қызмет түрлері ретінде сипатталған.
Бұл қылмыстар көбінесе мемлекеттік шекаралардың шегінен
шыққан, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сыбайлас жем-қорлығымен, пара алумен немесе құпиялы мәмілелерімен және үркітумен, қорқытумен, зорлық-зомбылығымен өте тығыз байланысты. Сонымен бірге қатысып жасалған қылмыс нарықтағы заңды кәсіпкерлік қызметке ұқсас қылмыстық дүниені оңтайлы ұйымдастыру үрдісі ретінде анықталады. Бірақ қылмыстық кәсіпкерлік қызмет өз мақсаттарына қол жеткізу үшін заңсыз тауарлармен және қызметтермен мәмілелер жасау, нарықта монополия орнату, соттық қудалау тәуекелдігін азайту үшін бәсекелестерге және құқық қорғау органдарына қатысты сыбайлас жемқорлықты және қорқытуды пайдалану секілді өзгешіл заңсыз қызмет түрлеріне қатысады.
20 ғасырдың соңғы онжылдықтары іщінде әлемдегі қатысып жасалатын қылмыстылықтың тез өркендеп дамуы байқалуда. Бұл қатерлі үрдіс технолгиялар мен байланыс құралдары дамуындағы жетістіктер мен және халықаралық коммерциялық және экономикалық қызмет, тасымалдаулар, туризм аясы кеңеюіменде тығыз байласныста болып отыр. Трансұлттық қылмыстық ұйымдар қалыптасқан халықаралық жағдайды өз мақсаттарына қол жеткізуде өте тиімді пайдаланып отыр, соның нәтижесінде қатысып жасалатын қылмыстар саны көбейіп, табыстылығы да арта түсуде.
Республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 21,2 мың адамды анықтады (2019 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 17,5% -ға аз), 9,2 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды (5,6% аз). Қылмыс жасаған барлық анықталған адамдардың көпшілігі жұмыссыздар — 83,8% (2019 жылдың 1- тоқсанында 84,2%) құрады.
Орташа алғанда Қазақстанда қылмыс жасаған әрбір сегізінші адам мас күйінде, әр тоғызыншысы дерлік – топ құрамында болған.
Қылмыс жасаған адамдардың жалпы санынан 510 адам немесе 2,4% – кәмелетке толмағандар, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2% -ға аз.
Олардың ішінде төмендегі жас аралығында жасалған қылмыстар:
14-15 жас – 89 (2019 жылдың 1-тоқсанында – 162) адам немесе кәмелетке толмаған құқық бұзушылар санының 17,5% (23,8%);
16-17 жас — 421 (520) адам немесе 82,5% (76,2%).
Қатысып жасалатын қылмыстың бүкіл әлемге таралауы нәтижесінде есірткі дәрілерді, ұрлаған заттарды, қару-жарақты және басқа да заңсыз тауарлар мен қызметтерді сату нарықтарының арнасы кеңейіп, олар бүкіл әлемде қаптаған қылмыстық топтар мен қылмыстық ұйымдар жүйесі арқылы жеткізіліп, жүзеге асырылып отыр. Осы бағытта жасалып отырған мәмілелердің көлемі жүздеген миллиард долларды құрап, ол көптеген елдердің ұлттық бюджетінен де асып түсуде.
Осындай ұйымдардың мүшелері белгілі бір қылмыстық ой жоспарды орындау мақсатында бірігеді. Осындай түрдегі қылмысқа қатысушылық тұрақты емес және олардың құрылымы дәстүрлі түрдегі қылмысқа қатысушылықтай қатаң емес. Кәсіп-
қойлар тобына жалған ақша жасаушылықпен, автокөлік ұрлаумен, қарақшылық пен қиянат жасаумен және т.б. айналысатын жасақтар жатады. Кәсіпқой қылмыстық ұйымның қатысушылары құрамы үнемі өзгеріп тұруы мүмкін және оның мүшелері түрлі бірқилы қылмыстық әрекеттерге қатысуы мүмкін. Оған қоса белгілі бір аймақтарды бақылайтын көптеген ұйымдасқан топтар бар.
Дүниежүзін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын жайып барады. Қазіргі таңда Қазақстанда 55 мың нашақор бар екен. Негізгі мәселе нашақордың санында емес, жасында болса керек. Келешек ұрпаққа ақыл, бағыт – бағдар беретін аға – апаларымыз есірткіні “ табыс көзі ” көріп, қаншама адам өмірін құртып отыр. Олардың тіпті мектеп оқушсына алғашқы мөлшерді тегін беріп, қызықтыруы айуандық деп есептеймін.
Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне ұңіліп, үй айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Бұл індеттің аты – нашақорлық.
Халқымыздың денсаулықты бай-
лық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама!
Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру етек алып барады. Менің ойымша, оған көптеген себептер бар. Біріншіден, бозбалалар мен бойжеткендердің бұл жаста өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке салыну. Екіншіден, бір сәттілік ләззат үшін шоқ басқанын білмей қалған жастардың қателігі. Кейбіреулер Абайдың сөзімен айтқанда: “Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтықтан” азады.
Уа, халқым,
Назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт
деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да
Қатысып жасалатын қылмыс-тардың шынайы күші және тиімділігі оның тұрақтылығымен, беріктілігімен көрінеді. Рәсімделген коорпоративтік құрылымдарға қара-ғанда қатысып жасалатын қылмыс қоғамдағы әлеуметтік байланыстар желісіне ұқсайды. Қатысып жасалатын қылмыстық ұйымдардың құрылымдарын нақтырық білу үшін оларды шағын немесе ірі ұйымдарға, рәсімделген құрылымдарға не бейресми желілерге бөлу емес, шағын құрылымдарды ірі құрылымдарға, ал бір желідегі барлық ұйымдарды бюрократиялық құрылымдарға айналуы тұрғысынан қарастырған жөн. Кейбір қылмыстық топтар бір деңгейдегі қалыптасқан қылмыстық құрылымның элементтерін анағұрлым төмен деңгейлеріндегі қарым-қа-тынастардың икемді жүйесімен алмастыра алады. Жоғарыда көрсетілген халықаралық әдістемелерге қатысып жасалатын қылмыстар әлеуметтік дамудың жоғарғы деңгейін иелен-гендігін көрсетеді.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 119,8%-ға артты. Қылмыстар құрылымында олардың үлес салмағы 20,3% (2019 жылдың 1-тоқсанында – 9,3%), ауырлығы орташа және төмен 33,8% (66,5%) және 12,4% (14.0%) құрады.
2020 жылдың 1-тоқсанының нәти-
желері бойынша тіркелген қыл-мыстардың ішіндегі ең үлкен үлесті меншікке қарсы қылмыстар алады – 72,7% (2019 жылдың 1-тоқ-санында — 76,4%), олардың көпшілігі басқа біреудің мүлкін ұрлау — 23,7 мың оқиға ( 39,4 мың оқиға.) Айта кету керек, қылмыстың осы тобында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алаяқтық жағдайлары 10,2% -ға өскені байқалады.
Есірткіні түнгі клубтарда да би алаңдарында да, арнайы сатылатын орыннан да, тіпті мектепте де сатып алуға боады. Уақыт өткен сайын есірткінің де дамуы жүріп жатыр. Бұрын жас өспірімдер анаша, марихуана шегіп улы химиялық заттар иіскейтін болса, қазір героин, кокаин, синтетикалық есірткілерді қолданады. Ал синтетикалық есірткінің (героин) ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып қалады. Міне, ересектердің нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан отбасындағы ұрыс-керістен, үй-ден тыс өмірін қадағаламауы; жұмыссыздықтан немесе қызме-тіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да «қашып кетуді» ойлап, есіркінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.
Жас өспірімдер арасында наша-қорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
Ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жас өспірімнің
отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі қолдануы;
Әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
Ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем болуы;
Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігінің болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;
Мектепте мұғалімдердің наша-қорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жас өспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі.
Жасөспірімге бала кезінен өміріне қажет, пайдалы ақпарат санасына құйылып, көз алдында жақсы тәрбие берілсе, ол ары қарайғы өмір жолында көп бәледен қашық болады.
Жасөспірімге кей кезде мәселенің мәнін түсіндіру үшін шынайы мысалдар келтірген де жөн. Көрші нашақор болса, оның нашақор емес кезі мен қазіргі кезін салыстыруды ұсынуға болады. Аталмыш жастағы балалардың психикасын сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды.
13-15 жастағы жас өспірімдер есіркі туралы ересек замандастарынан естіп біледі. Олар анаша, марихуана, гашиш, секілді есірткілердің дәмін татып көрген болуы да мүмкін. Тіпті нашақорлармен таныс болса героин сияқты күшті есірткі қолдануы таң қалдырмайды. Олар нашақорлықтың ауыр емділуі қиын індет екенін түсінбейді. Анаша шегуді нашақорлыққа жатқызбайды, оған тәуелді емеспін, кез-келген уақыта шегуді тоқтата аламын деп ойлайды. Оларға барлық нашақор «жеңіл» есірткіден бастағанын, содан бірте-бірте нашақорға айналғанын түсіндіру қажет. Анаша, марихуана, гашиш сияқты есіркі алдымен тәнді, сонан кейін жанды тәуелді ететінін оларға дәлелдеу қажет. 16-18 жасар жастардың арасында нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер көп.
Нашаға әуестенген жасөспірім-дердің бірлесіп, топтасып, қатысып қылмыс жасағандары жиі тіркеледі.
Қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдастырылған қылмыстық құры-лымдар, күрделі әлеуметтік өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі өндіретін құбылыс бола тұра, қылмыстық әдет-ғұрыппен, қылмыстық актілермен қатар өз қызметтеріне құқық бұзу-шылармен де, заңға бағынышты азаматтармен де жасалатын құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті және заңды әлеуметтік әрекеттердің көп деңгейлі және тармақталған жүйесін де кіргізеді;
-қатысып қылмыс жасау үшін ұйым-дастырлыған қылмыстық құрылымдар әлеуметтік институттардың дамуымен, өзгеруімен тікелей байланыста дамып, тарихи кезеңде нақты аймақта заңсыз (қылмыстық немесе басқа да құқыққа қайшы) және заңды жолдармен белгілі бір объективті қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етеді. (халыққа қажетті тауарларды өндіру және бөлуден бастап ұлттық және діни қақтығыстар жағдайындағы қорғаныс функцияларына дейін);
-қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдар қоғамдық қатынастарды реформалау кезеңі қылмыстық немесе қылмыстық болып табылмайтын белгілі бір әлеуметтік топтардың нақты, саяси және экономикалық мақсаттарына қол жеткізу құралы ретінде құрылуы мүмкін.
Қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдар қызметі кеңеюінің өзі қоғам үшін ең қатерлі қауіпті тудырып отыр, өйткені қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдасқан қылмыстық топ қоғамның түбегейлі негізі ретінде қызмет ететін құқықтық және саяси сипаттағы негіз қалаушы құндылықтарды бұзып, ел экономикасына елеулі зиян келтіруде, ол қоғамның осы құндылықтар сүйенетін қағидаларын жоққа шығарып, өзінің «антиқұндылықтарын» құрып, оның пайдалы деген тұстары бар екендігін дәлелдеп отыр.
Қатысып қылмыс жасау үшін ұйымдасқан топтардың жұмыс орындарын және адамдардың ауқат-тылығын қамтамасыз ететін күш ретінде және билік құрылымдардың басқару, заң шығару және құқықтық тәртіпті қолдау бойынша өзіне алуға қабілетті күш ретінде имиджі кез келген қоғамға, оның даму деңгейіне және мәдени негіздеріне қарамастан, әсер етуі мүмкін. сыбайлас жемқорлық немесе заңды билік өкілдерін қорқыту көмегімен ұйымдасқан қылмыскерлік негіз қалаушы институттарды бұзып, оларды әрекеттілігінен айырады, олар тиімділігін жоғалтқандықтан ғана емес, ұзақ мерзімді болашақта олардың қызметі негізделетін құн-дылықтардың беделін түсіру арқылы.
Басқа елдермен тереземізді теңес-тіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек жастарды салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат болып ержетуіміз керек. Баспасөз мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну артып отыр. Егер 2000 жылдың қорытындысы бойынша есепте 38 мыңнан астам адам болса, қазіргі таңда 54 мыңнан артық адам есепте тұрады екен. Олардың ішінде 4500 әйел және 3800-ден астам бала бар. Қазіргі заманда нашақорлықтың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң балалардың өмірге жиі келетіні бәрімізге белгілі.
Бірқатар жағдайларда қылмыстық ұйымдар қатарлас экономикаға немесе айтарлықтай көлемдегі «қара нарық экономикасына негізделген бәсекелесуін билік құрылымдарын құрайды (кейде мемлекет ішіндегі мемлекет ретінде қарастырылатын феномен). Олардың мемлекетке және оның өкілдеріне қарсы күш қолдануға дайындығы күш жұмсауға заңмен қарастырылған мемлекеттік монополияға таласатынын білдіреді және олармен келтірілетін заңның көлемі көптеген ланкестік топтардың қызметінен пайда болатын зиян мөлшерінен айтарлықтай артады. Қатысып қылмыс жасау үшін құрылған қылмыстық ұйымдар азаматтық қоғамды бұзып, ішкі саясаттың қалыптасуына кедергі келтіреді, мемлекеттік басқару мен құқықтық тәртіптің сақталуына қатер төндіреді. Егер үкімет әлсіреген немесе даму жолына жаңа ғана түскен тұрақсыз болса, онда қылмыстық топтардың әрекетінің қауіптілігі өте жоғары деңгейде болып табылады. Мемлекеттік басқарудың әлсіздігі, дәрменсіздігі немесе қылмыстық топтар мен қылмыстық ұйымдармен күрес жүргізу бойынша толықтай күш салу мүмкіндігінің жоқтығы жағдайында қылмыстық ұйымдар өз ықпалының көлемін артып және өз күшін сезінген сайын, осындай топтардың үкіметтік құқық қорғау шараларын бейтараптандыруға ғана бағытталған жігерден үкіметтің орнын басып алуға күш салуға көшуі байқалады.
Қылмыстық ұйымдар мемлекетпен тікелей тайталасуға бара бермейді. Баламалы жолдардың бірі-қоғамда күнделікті жүргізілетін қылмыстың алдын алуға қатысты құқық қорғау органдарының іс-шараларын бейтараптандыру мақсатында мемлекеттік билік органдарына ену немесе оларды сыбайлас жемқорлыққа тарту. Жалпы мақсат-үкімет бетімен жіберуші позицияға тұрып, осындай ұйымға қатысты немесе оның қызметін жою үшін күрделі шаралар қолданбайтындай жағдай жасау
Қатысып қылмыс жасаудан түсетін табыстар үнемі экономиканың басқарылуын қиындатады, себебі олар қоғам шеңберінде түрлі ресурстар анағұрлым кең таратылуын қажет ететін жағдайларда түрлі қысым жасап, оның асқынуына әсер етеді, экономиканың көптеген секторлары өз дамуында заңды тұлғалардың түрлі сәндік заттарды өндіруге қатысты шығындарының көлемін ұлғайтуы мүмкін.
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде жалпы облыс тұрғындары болып келесідей маңызды міндеттерді атқару қажет деп есептейміз:
1. Ең алдымен уәкілетті мемле-кеттік органдармен нашақорлыққа қарсы қоғамдық корғаныс қабі-летін әлеуметтік иммунитетті (нарко-иммунитетті) қалыптастыруды қам-
тамасыз ету қажет. Бұл үшін мемлекеттік әлеуметтік саясат, білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы ең көлемді мәдени-тәрбие жұмыстарын балалардың бос ақыттарын қоғамдық құнды ынталар мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыру арқылы жүзеге отырып, осы салада негізгі бағыт беретін күш – жергілікті атқарушы билік органдары мен азаматтық қоғам институттарының жұмыстарын жетіл-
діру және жандандыру, ең бастысы — нашақорлыққа итермелейтін басты себептер мен жағдайларды зерделеу және оларды қалпына келтіру қажет.
2. Есірткі пайдаланатын адам-ардың өз денсаулығына көзқарасын өзгерту, олардың санасына адам денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы туралы идеяны түсіндіріп, жеткізу – маңызды пси-хологиялық алғышарты болып табылатын салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын Бағдарламаларды әзірлеу және енгізу. Өйткені, адамның өз денсаулығына көзқарасының өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді. Азаматтардың құқықтық сауаттарын арттыру арқылы өз еркімен немесе көндіру арқылы оңалу үшін жағдай туғызу.
Сонымен бірге, баспасөз беттері және электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа есірткінің зияны туралы кең көлемде ақпарат бере отырып, есірткі пайдалануға және нашақорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын күшейту;
есірткі заттары туралы теріс түсінік беретін ақпараттардың берілуі мен орналастырылуына жол бермеу және ол үшін жауапкершіліктерін арттыру;
құқық қорғау және нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік
органдардың басты назарын
халықтың есірткі құралдары мен психотроптық заттарға қол-жетім-ділігін барынша шектеуге бағыттау;
уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алуға және оны емдеуге маман-
дандырылған медициналық мекеме-лердің материалдық-техникалық әле-
уетін нығайту;
нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі ынтымақтастықты дамыту сияқты міндеттерді атқару қажеттілігін ескеруіміз қажет.
Оған қоса «қара» нарық экономикасы салық базасының қысқаруын негіздеген сайын, ол заңды экономикаға залалды әсер тигізіп, экономиканы дамыту саласындағы жігерді әлсірете алады.Қатысып қылмыс жасау нәтижесінде алынған көптеген миллиондық, миллиардтық табыстар заңсыз жолмен алынған ақшаларды жуып-жою жүйесі арқылы заңды кәсіпорындарға кең көлемде салынуда. Осындай әрекеттердің бірнеше мақсаттары бар, олардың ішінде ең көзге көрінетін заңсыз алынған ақшаны заңдастыруға тырысу. Соңғы онжылдықтар ішінде ұйымдастырлыған қылмыстық қыз-меттің нәтижесінде пайда болған ірі көлемдегі табыстар осындай әрекеттер жасауды міндеттеп отыр.
Заңсыз алынған құжаттар заңды түрде экономикаға енуі үшін осы қаражаттардың пайда болуының ашылу тәуекелдігін азайту және осыған ĸатысты түрлі операциялар (әсіресе шетелде жүзеге асырылатын операциялар, құрылған тасымалдау және тарату арналарын ұйымдастырылған қылмыстық құрылымдардың билігіне беру арқылы) жүргізілуін жеңілдету маĸсатын көздейді.
Онымен бірге, заңсыз алынған ĸаражатты заңды түрде экономикаға салу барысында құқық қорғау органдарының араласуымен тұтқын-далуы немесе тауарлар тәркіленуі нәтижесінде жоғалып пайдаға аспай кетуі де мүмкін. Осы орайда ұйымдстырылған сыбайлас жемқорлық әрекеттері қауіпті инвестициялар шеңберінен заңсыз алынған ĸаражаттарды шығарып, оларды заңдастыруға мүмкіндік береді. Заңсыз жолмен алынған ĸаражаттарын заңды экономикаға бағыттау жолымен қылмыскерлер сырттан қарағанда кәдімгі заңға бағынышты азаматтарға арналғандай болады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері бойынша 2020 жылдың 1-тоқсанында 54 990 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,9% -ға аз.
Республикадағы қылмыс деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 118 тіркелген қылмысты құрады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 10 мың тұрғынға шаққандағы ең жоғары қылмыс деңгейі Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында, ең төменгі Түркістан облысында байқалады.
Есірткі қолданудың себептері көп. Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Ал басқа себептерге тоқталатын болсақ, олар төмендегідей.
Жасөспірімдер қоршаған орта-сының кері әсерінен иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортадағы, әр түрлі жағымсыз әрекеттердің жетегінде кетеді. Өз іс- әрекетінің салдарын дұрыс болжамау жеңілтектік, жан дүние мінез-құлық пен дене танымы толық қалыптаспағандығы иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жас өспірімдер өздерінің «Ер жүректігін», «Дербестігін» танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Соның салдарынан Алматы қаласы бойынша жастар арасындағы қылмыс 2020 жылдың өзінде 21,5 пайызды құрап отыр. Олардың жас айырмашылығы 14-30 жас аралығы. Жасөспірімдер арасында 6 кісі өлімін туындату, 2 әйел зорлау, 1 тән жарақатын салу, 57 ұрлық, 1 бопсалау, 28 кісі тонау, 11 қарақшылық оқиғасы, 4 алаяқтық оқиғасы, 4 көлік ұрлау, 11 нашақорлыққа тарту, 18 бас бұзақылық оқиғасы, 2 отты қару сақтау оқиғалары тіркелген.
Жалпы 2020 жылдың алғашқы тоқсанында еліміз бойынша жастар қолымен жасалған 1289 қылмыстық іс тіркелген. Соның 538-і ауыр қылмыс категорияларына кісі өлімін туындату, әйел зорлау, қарақшылық шабуыл жасау, тән жарақатын салу түрлеріне жатады.
Қорыта айтқанда, жастар өздерінің қылмыстық әрекеттерінің себебін жұмыссыздықтан, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдан көреді. Өздерін еш кінәлі санамайды. Қиын-шылықтан шығудың басқа жолын қарастырғылары келмейді.
Сондықтан бұл мәселе мемле-кетіміздің басты назарында болуы тиіс.
Әзірше ешқандай пікір жоқ.
Бірінші болып пікір қалдырыңыз.